Сүрлемдік дақылдар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Реферат

Тақырыбы: Сүрлемдік дақылдар

Орындаған: Бегислам Д.
Қабылдаған: Құланбай Қ.

2020 ж
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Сүрлемдік дақылдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.1Сүрлемдік жүгері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2Күнбағыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.3Рапс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Пайдалынылған әдебметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 13

Кіріспе

Сүрлемдік дақыл - сүрлемге салынатын дақылдар. Сүрлемдік дақыл құрамында сүтқышқылды бактериялар ашытып, қажетті қышқылдық көрсеткішіне, яғни рН=4-4,2, дейін сүт қышқылының жиналуын қамтамасыз ететін қант мөлшері, азықтандыру терминімен айтқаңда - қант минимумы болуы керек. Кант минимумы бойынша дақылдар үшке бөлінеді: 1. Жеңіл сүрлемделетін дақылдар -құрамындағы қант мөлшері сүрлемдеуге қажетті қант минимумынан артық болады (жүгері, күнбағыс жатады); 2. Қиын сүрлемделетін дақылдар - құрамыңдағы қанты қажетті қант минимумына шамалас болады (бұршақ тұқымдастар көгі жатады); 3. Сүрлемделмейтін дақылдар - құрамындағы қанты қажетті қант минимумына жетпейді (қамыс, сабан секілді азықтар). Оларды сүрлемдеу үшін қантты азықтармен араластыру немесе сірне-мелясса секілді қант көзін қосу қажет.
Мал азықтық өсімдіктердің барлық түрлерінен сүрлем дайындауға болады. Бірақта белгілі өсімдік топтары сүрлемдік дақылдар болып бөлінген. Олар көк балаусасының өнімі жоғары және тұрақты, қоректілігі жақсы, астық дақылдарының жиыны басталғанша сүрлемге салуға дайын болуы шарт. Негізгі сүрлемдік дақылдарға жүгері, күнбағыс, құмай, жер алмұрты, мал азықтық қырыққабат жатады. Бұдан басқа сүрлемнің қоректілігін көтеру үшін құнарлығы жоғары бұршақ тұқымдастарын (шығыстың ешкі шөбі, эспарцет, мүйіз бас шөп т.б.), картоп, мал азықтық сәбізді және де жаңа сүрлемдік өсімдіктерді (аю балдырғаны, құлқайыр, марал шөп тамыры т.б.) пайдалану өте орынды.
Өсіру агротехникасының ғылыми жетістіктерін сақтап өндіріске енгізе отырып аңыздық және шабыннан кейінгі себілген дақылдардан мол көк балауса өнімін алуға болады. Шабыннан кейінгі егістік ретінде көптеген сүрлемдік дақылдарды өсіреді. Оларды алғашқы үсік түскенге дейін жинайды. Біздің республикада, әсіресе оңтүстік аймақтарда, шабыннан кейін сүрлемге жүгеріні, күнбағысты, жер алмұртын, құмайды, мал азықтық қарбызды т.б. себуге қолайлы.

Сүрлемдік жүгері
Шаруашылық маңызы және таралуы. Жүгерінің сүрлемдік дақыл ретінде мал азықтық маңызы зор. Республикада сүрлемге негізінен жүгеріні өсіреді. Малға жүгеріні көк балауса, немесе сүрлем түрінде береді. Оның көк балаусасында 1,5-2,7% шикі протеин, 0,7-0,8% май, 4-5% қант және 5-6% клетчатка бар.
Жүгері дәнінің сүттене қамырланып піскен собығынан салынған сүрле-мнің қоректілігі өте жоғары. Осындай собықтан дайындалған сүрлемнің 100 кг-да шамамен 40 а.ө., сабағы, жапырағы собығы араласқан сүрлем - 21,2 а. ө. тек қана сабағы мен жапырағынан дайындалған сүрлемде - 15,7 а.ө. бар.
Жүгерінің сүттене-қамырланып піскен кезеңіндегі көк балаусасында каротин көп кездеседі. Оны көбінесе белокты мал азығына қосымша ретінде пайдаланып ірі қараға семіртуге қойғанда береді. Осындай әдістермен пайдаланған жүгері өнімін республиканың барлық аймақтарында өсіруге болады. Жүгеріні собығымен сүрлемге өсірудің интенсивті технологиясының үлгісі 9-кестеде келтірілген.
Сүттене-қамырланған собықтарымен салынған жүгері сүрлемі мал организмінде жақсы қорытылуымен ерекшеленеді. Мұндай сүрлеммен қоректенген сиырдың сүттілігі артады және малдың тәуліктік ет қосуы көтеріледі.
Дәні жинап алынғаннан кейінгі жүгері сабағын басқа шырынды дақылдармен бірге салынған сүрлемі өте дәмді келеді. Оның ұсақталған сабанын қызылша сығындысымен және картоп төпімен сүрлемге салған тиімді.Сүрлемге өсіруге жүгерінің суыққа және аязға төзімді сорттарын таңдайды.
Өсіру агротехникасы. Сүрлемге өсіретін жүгерінің көк балаусасынан жоғары өнім жинау үшін көп су керек. Сол себепті жүгері өсіру агротехникасының негізгі міндетіне топырақта судың көп қорын жасап сақтау. Жүгері құнарлы топырақтарда жоғары өнім түзеді. Сондықтан танапқа көң төгу мөлшері дәндік жүгеріден жоғары болуы тиісті (30-40 тга). Сүрлемдік жүгеріні танаптық, малазықтық және ферма маңындағы ауыспалы егістерде өсіреді. Оңтүстік аудандарда сүрлемдік жүгеріні аңыздық дақылдар ретінде өсіріп жылына екі өнім алуға болады. Және де оны шабыннан кейінгі дақыл ретінде, малазықтық дақылдардан кейін өсіру технологиясы кең орын алған.
Кейбір жерлерде сүрлемдік жүгеріні тыс танаптарда өсіреді. Ресейдің мал азықтық ҒЗИ мәліметтерінен белгілі болғандай мұндай танаптарда сүрлемдік жүгеріні 8-10 жыл дара дақыл егісі ретінде өсіріп жүйелі қоректендірген жағдайда өнімін төмендетпеген.
Жүгеріні негізінен нүктелеп себеді, қатараралығын өсіретін топырақ-климат жағдайына байланысты 45-70 см.Жүгеріні сүрлемге және көк азыққа пайдаланғанда әр гектардағы өсімдік тығыздығы дәнге өсіргенге қарағанда жоғары болады. Көк азық, немесе ерте кезеңінде сүрлемге салуға себілетін жүгері тығыздығы гектарына 120-200 мың және одан да көп өсімдік болуы мүмкін. Сүттене-қамырланып піскен кезеңінде сүрлемге салынатын жүгерінің әр гектарына 80-120 мың өсімдік болуы тиісті. Яғни әр гектарға 30 кг-нан 80-90 кг-ға дейін жүгері тұқымы себіледі.
Жүгеріні сүрлемге және көк азыққа бұршақ дақылдарымен, күнбағыспен, құмаймен қосып себу өріс алып келеді. Қоспа үшін бұршақ дақылдарынан оңтүстік аймақтарда май бұршақ, орталық және солтүстік аймақтарда - мал азықтық бұршақ, бөрі бұршақ, сиыр жоңышқа т.б. тиімді.
Күтіп-баптау жұмыстарына жүгері егістігін өскін бергенше және толық өскін алғаннан кейін тырмалау, қатараралықтарын өңдеу және гербицидтер шашып арамшөптерді жою жатады. Кеңқатарлап нүктелеп себілген жүгері егістігінде қатараралығын вегетация кезеңінде 2-3 рет өңдейді: 1ші өңдеу өсімдік үш-бес жапырақ салғанда, 2ші бірінші өңдеуден екі жұма кейін; 3ші өңлеу өсімдік биіктігі 60-70 см болғанда жүргізіледі. Жүгері егістігін негізінен суару арықтары арқылы, немесе жаңбырлатып суарады. Кейбір оңтүстік аудандарда осы екі әдісті бірге қолданады: бір-екі суару жаңбырлатып (суару мөлшері 400-500 м3га) одан кейін қарықтармен суарады (суару мөлшері 700-800 м3га).
Жүгеріні сүрлемге сүттене-қамырланып піскен кезеңінде 8-10 см биіктікте шабады. Собықтары мен сабақтарын бөлек сүрлемге салады. Күзгі суық түсу қаупы бар кездері жүгерінің өсу кезеңіне қарамастан сүрлем жинайтын комбайнмен шабады (СК-2,6 т.б.). Жүгеріні көк азыққа жинау шаруашылыққа тиімді мезгілде және өнімі толықтай қалыптасқасын жүргізеді. Айта кету керек жүгерінің шашақбасы гүлдеген кезінде көк азығының желінуі төмендейді.

Күнбағыс
Шаруашылық маңызы және таралуы. Күнбағыс (Helіenthus annuus L.) біржылдық күрделігүлділер (астра) тұқымдасына жататын өсімдік. Қазақстанда күнбағысты майлы және мал азықтық дақыл ретінде себеді. Оның тұқымында 47-52% дейін май және 16-17% дейін белок бар. \Өсімдік майы бірінші орынды алады, дәмінің сапасы жағынан ең жақсы майлар қатарына жатады.
Күнбағыс - бағалы сүрлемдік дақыл. Оны біржылдық бұршақ дақылдарымен қосып сепкенде көк балаусасының қоректілігі жақсы көтеріледі. Күнбағысты гүлдеген кезеңінде сүрлемге жинағанда көк балаусасында 70% су, 3% ақзат, 1% май, 17% көмірсулары, 50% мг дейін каротин болады. 100 кг сүрлемінде 16-17 а.ө. және 1,5-1,7 кг қорытылатын протеин бар. Күнбағыс сүрлемімен қоректенген малдың өнімділігі артады.
Күнбағыстан май сығып алғаннан кейінгі қалдықтары - күнжарасы бағалы мал азығы болып есептеледі. Оның құрамында 20-35% дейін ақзат бар және ол малдарға, әсіресе сауын сиырларға бағалы құрама жем. Қоректілігі жағынан ол астық дақылдарынан кем түспейді. 100 кг күнжарасында 93-115 а.ө., 35,7-37,3 кг қорытылатын протеин, 360-590 г кальций және 1200-1300 г фосфор бар. Және онда 2,5-7% дейін май, В топтарына жататын витаминдер кездеседі.
Күнбағыс дәнін жинап алғаннан кейінгі кәрзенкелері қосымша мал азығы. Оларды мал азығы ұндарын, түйіршіктерін дайындауға қолданады. Күнбағыс қалдықтарынан дайындалған азықтық ұнда бидай және арпа жемдеріне қарағанда май 10 есе, темір - 7 есе, мыс пен цинк - 3 есе, кобальт пен молибден - 68 есе, метионин, аргинин, валин, т.б. аминқышқылдары 15-20% көп. Мал азығы ұнында клетчатка мөлшерінің (20,7%) жоғары болуына байланысты оны ірі қараға, қойға ірі азық ретінде де пайдаланады.
Күнбағыс - жақсы балжинағыш дақыл. Оның әр гектарынан 100-120 кг-ға дейін бал жинауға болады. Күнбағыс көптеген дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып есептеледі, ал суармалы жерлерде фитомелиорант ретінде пайдаланады.
Қазақстанда күнбағысты барлық аймақтар өсіреді. Оның негізгі өсіру аймақтары республиканың солтүстік және шығыс облыстары. Күнбағыстың көк балаусасының өнімі әр гектар 600-800 ц-ге дейін.
Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Күнбағыс біржылдық жарықсүйгіш, қысқа күннің өсімдігі. Сүрлемге негізінен бойлап өсетін, жақсы жапырақтанған сорттары себіледі. Бүршіктену кезеңіне дейін оны көк балаусаға, бүршіктену - гүлдену кезеңінің басында сүрлем салуға пайдаланады. Тамыр жүйесі кіндікті, күшті дамыған. Орталық тамыры 2,5 м тереңдікке дейін өседі, жанама тамырлары 90 см тереңдікке бойлайды. Тамырының негізгі массасы (70%) топырақ қабатының 0-70 см орналасады. Сабағы тік өседі сүрлемдік сорттары жақсы бұтақтанған. Сабағының пішіні домалақ немесе қырлы, тығыз түктенген. Жапырағы қарапайым, ретті орналасқан, сағақты, пішіні сопақ, жүрек тәрізді, түктенген. Ерте пісетін сорттарының жапырақтануы кеш пісетін сорттарына қарағанда төмендеу. Бір өсімдікте жапырақтар саны 24-32 дана, жапырақ алақаны 3-8 мың шаршы см дейін болады. Гүлшоғыры - дөңгелек пішінді кәрзеңке, сорттарына қарай диаметрі 15-20 см және одан да жоғары. Оның негізін гүл тұғыры құрайды, шеттерінде жыныссыз ұзынша - тілді, ал ортасында - қосжынысты түтік тәрізді гүлдері орналасқан. Кәрзеңкеде гүлдену шетінен ортасына қарай жүреді. Бір кәрзеңкенің гүлденуі 7-10 күнге созылады.
Жемісі - шекілдеуік, ол жеміс қабығынан және тұқымнан құралады. 1000 шекілдеуіктің салмағы сүрлемдік сорттарда 35-55 г, майлы сорттарда 40-80г, қауыздылығы 28-35%. Күнбағыс тұқымы +4-50С жылылықта өне бастайды, ең қолайлы температура +16-180С болып есептеледі және осы жағдайда күнбағыс көгі 6-9 күнде пайда болады. Өркендері - 5-60С көктемгі бозқырауға шыдайды. Күнбағыс жылу сүйгіш өсімдік. Ол жоғары температураға 8-10 сағат бойы шыдайды. Оған керекті температура жиынтығы сорттарына қарай 1600-29000С аралығында. Ал сүрлемге өсіргендегі керекті температура жиынтығы 1200-14000С тең. Күнбағыс құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер қатарына жатады. Оның транспирациялық коэффициенті 470-550 тең. Өсіп-өну кезеңдеріне қарай жалпы пайдаланатын судың шығыны былай бөлінеді: кәрзеңке түзілгенге дейін 20-22%, гүлденуінің соңына дейін 60-62%, піскенге дейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БҚО,Ақжайық ауданы, КӨКТӨБЕ ШҚ ауыспалы егісіне суару жүйесін жобалау
Солтүстік Қазақстан жағдайында жүгері негізгі сүрлемдік дақыл
Жүгері дәндері мен жүгері сабақтары өте қоректік
Мал азықтық бақша дақылдары
Агрономиялық терминдерді пайдалана отырып ауыспалы егістерді жіктеу
Мәдени дақылдар
Мал басына жазғы жайылым кезінде жем-шөп көлемін жоспарлау әдістері
Сүрлем дақылдарды өсыруде қойылатын талаптар
Сүрлемдік жүгері дақылын суғару ерекшелігі
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Мәдімәр» өндірістік-бірлестік жерлерінде мал шаруашылығына берік мал азығы қорын жасау
Пәндер