Химиялық өсімдіктерді қорғауға арналған машиналар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

А. Байтурсынов атындағы Қостанай өнірлік университеті» В. Двуреченский атындағы ауыл-шаруашылық институты

Ветеринарлық медицина кафедрасы

Реферат

Мамандық: 5В120100 - Ветеринариялық медицина

Пән: Ветеринариядағы механизация

Тақырып: Химиялық өсімдіктерді қорғауға арналған машиналар.

Орындаған: 3 курс, 18-700-11 тобы

Талгатова Маржан

Тексерген: Сагимбаева А. Е

Қостанай, 2021 жыл

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Өсімдіктерде химиялық препараттарды қолдану жолы

2. . Машиналардың құрылысы мен жұмыс процесі.

3. Аэрозольды бүріккіштер (генераторлар) . Тозаңдандыру.

ІІІ. Қорытынды

ⅠⅤ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Өсімдіктерді қорғауға арналған машиналардың жіктелуі және оларға қойылатын агротехникалық талаптар. Дақылды өсімдіктердің зиянкестері мен аурулары ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Олармен күрес жүргізу үшін бүріккіштер, тозаңдандырғыштар, аэрозольды генераторлар, дәрілеуіш машиналар, топырақты залалсыздандыру машиналары, еліктіргіштер дайындау және себу машиналары қолданылады.

Комплексті күрес өсімдіктің бүкіл өсіп-жетілу кезеңінде жүргізіледі: қоймалар дезинфекцияланады, себер алдында тұқым дәріленеді, егіндік жерлер бүркіліп, тозаңдандырылады, өсімдік үстеп қоректендіріледі және арамшөп оталады (химиялық отау) .

Ауыл шаруашылығында өсімдікті зиянкестерден, аурулар мен арам-шөптерден қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар арналуына байланысты: инсектицидтер, фунгицидтер және гербицидтер деп үш топқа бөлінеді. Инсектицидтер зиянды насекомдарды жою үшін, фунгицидтер өсімдік ауруларымен қүрес жүргізу үшін, гербицидтер арам-шөпті жою үшін пайдаланылады.

Бүріккіштер өсімдікке улы химикат ерітінділерін бүркеді. Тозаңдандырғыштар улы ұнтақ заттарды тозаңдандырады. Аэрозольды генераторлар улы химикаттарды жылулық және механикалық әдістермен тұманға (диаметрі 0, 002 м-ге дейінгі бөлшектермен) айналдырады. Ол өсімдікті «орап» ауада тұрып алады.

Дәрілеуіш егілетін және отырғызылатын материалды түрлі ауру қоздырғыштарынан залалсыздандырады. Өңделетін алаңның көлеміне қарай қолмен атқарылатын, атқа және тракторға жегілетін (аспалы немесе тіркемелі) бүріккіштер мен тозаңдандырғыштар қолданылады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестеріне
қарсы күрес жүргізу, сондай-ақ үлкен алқаптарда өсімдікті үстеп қоректендіру үшін авиация кеңінен пайдаланылады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларына және арамшөпке қарсы күрес жүргізетін машиналарға мынадай агро-техникалық талаптар қойылады: олар өңделетін алаңның бір өлшеміне керекті улы химикаттармен қамтамасыз етуге және жұмыс процесінде өзгертпей сақтауға тиіс, ал тозаңдандыру құрылғысының сұйықты және ұнтақты өңделетін учаскеге біркелкі бөлуі керек тұқымды улы химикаттармен біркелкі өңдеуге тиіс; тұқымды умен қоса араластырғанда олардың механикалық зақымдануы 0, 5%-тен артпауы керек; жұмыс органдары улы химикаттар әсеріне төзімді болуға тиіс.

1. Өсімдіктерде химиялық препараттарды қолдану жолы. Өсімдік зиянкестері аса көп және алуан түрлі болғандықттан іс жүзінде бәріне әсер ететін әмбебап (универсал) препарат табу мумкін емес.

Сауда орындарында арнайы гүл, көкөніс, овощ, жеміс-жидектер мен ағаштарды қорғауға арналған улы химикаттар түседі.

Бұл препараттарды қолданған кезде олар адамға, қоршаған ортаға әсер етпеуі мүмкін емес. Сондықтан түрлі шаруашылықта, әсіресе үй шаруашылығында қолданылатын химиялық препараттарға қойылатын талап үлкен - олар адамға, малға зиянсыз болуы тиіс. Химиялық жолмен өңделген жерде сақталған ет, сүт, жұмыртқа, овощ, картоп және т. б. өнімдердің құрамында улы препараттардың зиянды қалдығы болмауы керек. Бұл мақсатта мал, өсімдік организмінде немесе қоршаған ортада тез ыдырап, гидролизденіп зиянсыз заттарға айнала алатын препараттар пайдаланған жөн. Және де ол препараттардың қажетті мөлшерін азайтып отыруға тырысу қажет.

Бау-бақша, огородта химикаттармен жұмысты арнаулы киім- халат не комбинезон, резина етік, қолғап киіп жүргізген жөн ауыз, мұрын және көзді бірнеше қабат дәкемен байлап, көзілдіріккию керек. Балалар мен үй жануарларын улы затпен өңделініп жатқан кезде әсте жіберуге болмайды. Химикат ерітіндісі әзірленген ыдысты басқа мақсатта пайдаланбау керек. Егер даярланған улы заттар артылып қосылса, оларды алыс жерге көміп тастау қажет. Улы химикаттар мен жұмыс істеген кезде темекі тартуға, тамақтануға болмайды. Жұмыс біткеннен соң душ қабылдау немесе жақсылап жуыну қажет.

Химиялық препараттарды қолданудың қарапайым, қауіпсіз әдісі - оны бау-бақшалар мен огородарға бүрку. Бүрку үшін суда жақсы еритін не суспензия түзетін препараттар ыңғайлы. өйткені оларды қажет мөлшерде әрқашан әзірлеуге болады. Бау -бақша мен огородтарды өңдеу үшін арэзоль балондарын қолдануда тиімді. Кейде түтін түзетін табақтарды пайдалануға болады. Түтін бір жағынан бау -бақшаны өңдейтін болса, екінші жағынан гүлденген жеміс ағаштарын үсіктен сақтайды. Улы химикаттарды жеміс ағаштарының басынан бастап төмен қарай біркелкі бүркеді. Препаратты жапырақтардың астыңғы жағына тигізуге тырысу қажет. Химиялық өңдеуді тек желсіз, құрғақ кезде, таңертең шық кеткен соң немесе кешқұрым жүргізеді. Ауаның температурасы 5 0 -тан төмен болса бүркуге болмайды.

Өмдіктерді жылына үш рет артық өңдеуге болмайды. өңдеуге ыңғайлы кез -ерте көктем, бүр ашылмаған кез немесе көктемде бүр ашылғаннан кейін, бірақ гүлдемеген кез, қажет болған жағдайда жазда да өңдеуге болады. әрқашан өңдеудің алдында химикат ерітіндісін жаңадан әзірлеген жөн. өңдеу үшін қажетті препараттар ерітіндісінің мөлшері мынадай болады:

  • Жас ағаштар(6 жасқа дейін) -әр ағашқа 2л
  • Жеміс беретін ағаш-әр ағашта 10л
  • Қарақат-әр түбіне 1, 5л
  • Таңқурай-10м2түбіне 2л
  • Бүлдірген-10м21, 5л
  • Жүзім ағашы-10м25л
  • Цитрустар-әр қашанда 5л
  • Овощ, қант қызылшасы-10м21л
  • Қияр-10м21л
  • Гербицид қолдану100м25л
  • Өсуді реттейтін
  • Заттарды қолдану.
  • Гомитты өңдеу100м210л
  • Қиярды өңдеу100м25л

2. Машиналардың құрылысы мен жұмыс процесі. Бүріккіштердің негізгі құрастырылатын бөліктері мен механизмдері - араластырғышы бар резервуар, насос, сорғыш және айдауыш коммуникациялар (магистральдар), басқару пульті, тозаңдандыру құрылғысы (брандспойттар немесе штанга), жұмыс органдарының берілісі және рама. Тракторға агрегаттау әдісі бойынша бүріккіштер аспалы ОН-400, ОН-400-1, ОН-400-2 (ОЧГ-2), ОН-400-3, ОН-400-4, ОН-400-5, ОУМ-4 және тіркемелі ОП-1600, ОП-1600-1, ОП-1600-2, ОВТ-1В етіліп дайындалады. ОН-400 бүріккіші егіс-дақылдарын, жүзімдіктің, бақтың, бұталардың, егістікті қорғау алабының зиянкестері мен ауруларына қарсы химиялық күрес жүргізуге арналған. Бүріккіштер Т-25 А, Т-40М және МТЗ тракторларының барлық өзгертілген түрінің үш нүктелі асу жүйесіне асылады. Машина жұмыс істеп тұрғанда сұйық улы химикат резервуардан сору сүзгісі арқылы айдауыш магистральға беріледі. Улы химикат магистральдан басқару пульті арқылы жұмыс органдарына - брандспойттарға немесе штангаға жетеді. Өте ұсақ бөлшектерге ұнтақ-талып, ыдырап тозаңданған күйінде өсімдікке және топырақ бетіне бүркіледі. Артық сұйық басқару пультінен құйып алу шлангасы арқылы қайтадан бүріккіш резервуарларына құйылады. Айдау магистралындағы сұйықтың жүмысы үшін қажет қысымы редукциялық клапанның тұтқасымен реттеліп, монометрдің көрсеткіші бойынша бақыланады. Айдау магистральдан сұйықтың бір бөлігі гидравликалық араластырғышқа беріледі де, резервуарда улы химикат ерітіндісін араластырады. Бүріккіш резервуарына ерітінді жылжымалы құю құралымен немесе бүріккішке орнатылған эжектормен толтырылады. Эжектормен толтыру кезінде резервуарға бірнеше шелек су құйылады. Эжектордың сору буын қабы улы химикат ерітіндісі бар ыдысқа батырылады да басқару пультінің тұтқасы «құю» қалпына ауыстырылып, трактордың қуат алу білігі іске қосылады. Резервуардың толған-толмағаны деңгей өлшеуіш шкаласы бойынша бақыланады. Толтырылып болған соң тұтқа жұмыс қалпына ауыстырылады да, ал буын қап резервуар үстіне жиналып қойылады. Машинаға ерітінді қосалқы құралдармен резервуардың қылта аузы арқылы құйылады.

3. Аэрозольды бүріккіштер (генераторлар) . АГ-УД-2 аэрольды бүріккіштер трактор тіркемесіне немесе автомобиль кузовына орнатылады. Ол ауа айдауыштан, ауа түтіктерінен, екі ауа сүзгісінен, жанарғылы ыстық камерадан, улы сұйық пен тозаңдандырғышы (жиклері) бар саптамадан, улы сұйық құйылатын бактан, бензинмен жұмыс істейтін двигательден, бензин багынан және рамадан тұрады. Двигательден қозғалысқа келтірілетін ауа айдауыш түтіктермен жанарғыға және ыстық камераға ауа айдайды. Жанарғыға бактан жиклер арқылы жанар май түтігімен бензин келеді. Ауа бензинді тозаңдандырады. Сөйтіп жанғыш қоспа пайда болады. Ол білтелі свечадан тұтанып, толық жанып кетеді. Свеча қызу камерасының басталар тұсына қондырылған. Ол магнетомен жұмыс істейді. Жанғыш газдар саптаманың қылта аузынан өте тез өтеді. Сөйтіп оған жиклер арқылы улы сұйық құйылады. Оның бір жартысы тозаңданады, ал екінші жартысы буланып, тұманданады да өсімдікті залалсыздандырады. Генератордың өнімділігі 15-20 га/сағ, жұмсалатын сұйық мөлшері 5-6 л/га.

Тозаңдандыру. Тозаңдандырғыштың негізгі құрастыру бөліктері - тозаң тәрізді улы химикаттарға арналған бункер, желдеткіш, тозаңдандыратын құрылғы, жұмыс органдарына беріліс, рама. Тозаңдандырғыш тракторларға, автомобильдерге, өздігінен жүретін шассилер мен самолеттерге орнатылады. ОШУ-50 А аспалы әмбебап тозаңдандырғыш Т-25А, МТЗ-80, МТЗ-82, Т-40М, ЮМЗ-6Л, Т-150К тракторларына агрегатталады. Бақтарды, орман алаптарын, жүзімдікті, егістік, техникалық және көкөніс дақылдарын тозаң тәрізді улы химикаттармен жазық жерлер мен деңгейі 20°-қа дейінгі құлама тік тау беткейлерін тозаңдандыруға арналған.

Тозаңдандырғыштың жұмыс органдары бақ-егістік және жүзімдік тозаңдандырғыш құрылғы. Ол - фланецпен желдеткіш қабына бекітілетін саңылау тәрізді ұштық. Жүзімдікті тозаңдандыратын құрылғы үлкен үш тармақтан, екі саңылау тәрізді соплосы бар төменгі тозаңдандырғыш иіннен, тік түтіктен, екеуі кіші үш тармақтан және бағыттауыш күрекшелері бар екі тозаңдандырғыш ұштықтан тұрады. Жүзімдікті тозаңдандырғыш құрылғы жүзімдіктің екі немесе төрт қатарын бірден өңдеуге мүмкіндік береді. Жұмыс органдары қозғалысқа трактордың қуат алу білігінен кардандық беріліс арқылы келтіріледі. Тозаңдандырғыштың жұмыс процесі мынадай. Агрегат жүріп келе жатқанда бункердегі улы химикат айналып тұрған аударыстырғышпен көпсітіледі, содан соң шнек қоректендіргішпен мөлшерлеуіш саңылау арқылы желдеткіш науасына беріледі. Улы химикаттардың жұмсалу нормасын өзгерту үшін саңылауды жапқышпен сәл жабу керек. Ауа улы химикаттарды қағып алып, шығаратын келте түтікке, одан тозаңдандыру соплосы арқылы өңделетін учаскеге бағыттайды. Тозаңдандыратын құрылғының орналасу қалпын реттеуге, сол арқылы өңдеу аймағын өзгертуге болады. ПС-10 әмбебап дәрілеуіш улы химикаттардың тозаңдандырылған сулы суспензиясымен дәнді дақылдардың, бұршақ тұқымдастардың және техникалық дақылдардың тұқымын дәрілеуге арналған. Суспензия дегеніміз улы химикаттардың суда ерімейтін қоспасы түріндегі сұйық. Ол тиеу конвейерінен, дән бункерінен, бөлу құрылғысынан, дәрілеу камерасынан, дәрі түсіру құрылғысынан, резервуардан, сұйық (суспензия) мөлшерлеуішінен, құю насосынан, ауа тазартқыштан электр жабықтарынан және жүріс бөлігі бар рамадан тұрады. Жұмыс процесі мынадай ретпен іс жүзіне асырылады. Тиеу конвейері дәнді бункерге жеткізеді. Оған қажетті деңгейге дейін дән толтыру кезінде датчик электромагнитті, ал электромагнит жартылай муфта арқылы мөлшерлеуіштерді іске қосады. Суспензияны тозаңдандырғыш дискінің айналуы нәтижесінде болып жатқан дән ағынына шашады. Дәріленген тұқым машинадан шнектермен түсіріледі. Улы химикаттармен ластанған ауа тазартқышпен тазартылады. Бункер босаған соң датчик электромагнитті іске қосады. Ол жартылай муфта арқылы тұқым және сұйық мөлшерлеуіштерін ажыратады. Содан кейін өздігінен жүру жетегін іске қосады. ПС-10 эмбебап дәрілеуішінің схемасы: 1-жартылай муфта, 2-шаң қабылдап, жинауыш, 3-дәрі түсіру қылта аузы, 4-сүзгілер бункері, 5-желдеткіш, 6-сұйық (суспенэия) мөлшерлеуіш, 7-шнектер, 8-сұйық мөлшерлеуішінің реттеуіші, 9, 10 , 11, 12-датчиктер, 13-дән бункері, 15-тұқым мөлшерлеуіштерінің жетегі, 16-дискі, 17-тозаңдандырғыш, 19-өздігінен жүру жетегі, 20-май құю насосы, 21-резервуар, 22-тиегіш конвейер. Дәрілегіш дән үйіндісіне ауысып орналасады, тиеу конвейері дәнді бункерге жеткізеді. Ол толғаннан кейін датчик конвейерді ажыратады да дәрілеуіш тоқтайды. Машинаның электр жабдығы дәрілеуіштің қолмен де, автоматты режимде де жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа
Қауіпті және зиянды факторлар ауыл шаруашылығында
Дәрілік өсімдіктерді пайдалану туралы жалпы түсінік
Өсімдік қорғау жүйесін анықтау
Өсімдіктерді химиялық әдіспен қорғау
Өсімдіктерді биологиялық әдіспен қорғау
Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау
Арамшөптер экологиясы
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР, ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЖІКТЕУ
Дәрілік өсімдіктердің тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz