Ағылшын тілі сабағында оқушыларды дамыту мақсатында ойын техналогиясын қолдану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республиасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды Bolashaq жоғарғы колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Педагогика
Тақырыбы: Қазіргі қоғамдағы оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық функциясы

Орындаған: Бекішова А.Қ.
Ғылыми жетекші: Жексенова Б.О.

Тіркеу нөмері:_______________
Баға:_______________________
Қолы:______________________

Қарағанды 2019 ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5
I тарау. Оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық функциясының сипаты.
1.1 Дамыта оқыту технологиясының мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 6-8
1.2 Ағылшын тілі сабағында оқушыларды дамыту мақсатында ойын техналогиясын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-14
1.3 Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзыреттілікті дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15-17
II тарау. Мектеп оқушыларындағы адами құндылықтарды қалыптастырудағы ағылшын тілінің мүмкіндіктері
2.1 Ағылшын тілі сабағында ойын техналогиясын қолдану арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 18- 20
2.2 Тұлғаны дамытудағы ағылшын тілінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..21-24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27-28

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Әлемдік қауымдастықтың заманауи даму кезеңінде адамзат факторын жандандыру әлемдік прогрестің бір шарты ретінде талап етіледі. Қазіргі қоғамдағы білім берудің мақсаты - дүниетанымы кең, интеллектісі дамыған, білім деңгейі жоғары индивид қана емес, сонымен қатар, көп жағдайда қоғамның болашағы зияткерлік, саяси, мәдени деңгейінің дамуымен байланысты рухани, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Білім беру - оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы.
Бүгінгі күні біздің елімізде қоғам мен мемлекеттің заманауи сұранысына байланысты бағдарланған білім берудің тұтас жүйесі құрылған. Өскелең ұрпақ тәрбиесіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстан - 2030 саяси стратегиялық бағдарламасында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жолдауында; Қазақстан Республикасының Білім туралы; Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы; Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы заңдарында көрініс тапқан. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар, білім және ғылым министрлігі қабылдаған Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы басшылыққа алынған. Қазақстандық білім беруді жаңғырту тәрбиені білім берудегі маңызды басымдық ретінде оқыту мен дамыту процесіне кіріктірілген педагогикалық іс-әрекет құрамдасы болуын талап етеді.
Педагогикалық процестегі оқыту теориясын дамытуға үлес қосқан ғалымдар, педагогтар бастауыш сыныпта дамыта оқыту жүйесінде өздерінің жазған көптеген еңбектеріне зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, көптеген тұжырымдамалар жасады. Сонымен қатар жеке адам өмірінде тәрбие мен оқыту процесінің жетіліп, дамуды артына салып отыратындығын дәлелдеді. Олардың идеяларының мәні төмендегідей көрсетіледі:
Таным қабілетінің дамуы - бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту процесіндегі мақсатты іс-әрекеті.
Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жөніндегі оқулықтың рөлі.
Оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.
Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімге
қызығушылығы, оқудағы таным іс-әрекетін дамытудың шешуші, негізгі құрал-
дарының бірі болып саналады.

3
Бұл жағдай мектептерде білім берудің жаңа философиясын, теориялық негізін, тәжрибесін насихаттауды бір сәтте бір бөлек күнтәртібінен түсірмеуді талап етеді. Сондықтан мұғалімдер өз жұмысымызда дамыта оқытудың жаңа технологияларын меңгеріп, оқушыны білімқұмарлыққа, ізденімпаздылыққа, шығармашылық жұмыс істей алу қабілеттілігін арттыру мақсатында дұрыс бағыт - бағдар беруіміз қажет.
Зерттеу мақсаты: Оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық функцияларының сипатымен ерекшеліктерін сипаттау, оқыту барысында оқушылардың өзіндік шығармашылығын, іс-әрекеттін қалыптастыруда дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ашып көрсету.
Зерттеу міндеттері:
1.Оқушылардың өз беттерінше даму іс-әрекетін өалыптастыруда теориялық білімдер мен педагогикалық ғылыми еңбектерге тоқталып ,шолу жасау.
2.Оқытудың білімділік,тәрбиелік және дамытушылық сипаты мен ерекшеліктерін анықтау.
3.Оқушылардың өзіндік аму ерекшеліктерін қалыптастыруда озат педагогикалық тәжірибелерді талдау мәнін ашу,оны практикалық тұрғыдан қолдана білу.
Зерттеу болжамы:
Егер қазақ тілі сабағында балалардың пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған ойындар,дидактикалық материалдарды пайдаланса,онда балалардың танымдық ойлау қабілеті,қызығушылығы артады, білім игеру сапасының деңгейі жоғарылайды.
Зерттеу нысаны: Мектеп оқушылары.
Зерттеу пәні: Ағылшын тілі.
Зерттеу әдістері: Ғылыми - педагогикалық, бақылау, байқау, тәжірибе жүргізу.
Практикалық пайдасы: Оқушылардың қызығушылығын арттыруда, тіл үйренуде, дамытушылық қабілеттерін арттыруда қосымша құрал ретінде қолдануға болады.
Зерттеу базасы: № 81 ЖББ орта мектеп.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: Ағылшын тілінен әр түрлі дидактикалық материалдарды қолдану арқылы оқушылардың дамыту негізінде теориялық тұрғыда сипатама беріледі; оқытудың тәрбиелік және дидактикалық мазмұнына теориялық тұрғыдан анықтама берілді; оқушылардың шетел тіліне деген қызығушылықтарын арттырудың педагогикалық шарттары белгіленді; дидактикалық материалдардың түрлері көрсетілді.

4
Зерттеу мәселесі: Елдің болашағы білім беру ісіне тәуелді. Білім беру үрдісінде міндеттер жүктелгендігін ескеріп, жаңа қоғам мүддесіне сәйкес, жан - жақты дамыған болашақ ұрпақ, ертеңгі қоғам иелерін оқыту мектептің негізгі міндеті. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, танымдық белсенділіктерін қалыптастыру керек. Ол үшін білім беру үрдісінде дидактикалық материалдарды кеңінен қолдану керек.
Зерттеу құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған тізімнен тұрады.

5
I тарау. Оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық функциясының сипаты.
Дамыта оқыту технологиясының мәні мен маңызы.

Оқыту процесін бақылау дегеніміз бір жағынан, мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің ресми - әкімшілік тәртібі, екінші жағынан мұғалімнің оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын жүйелі бақылауы.
Оқыту процесінің жеке компоненттері ретінде білімділік, тәрбиелік және дамытушылық функциялары қызмет атқарады. Білімді, іскерлікті және дағдыны тексерудің білімділік және дамытушылық функцияларының мәні оқушылар басқалардың жауаптарын тыңдай отырып, жаңа деректер алып қана қоймай олардың өздері де сұрақ қоюға қатысады, сол арқылы оқу материалдарын қайталай отырып, белсенді ойлау әрекеттерін іске асырады. Мұғалімнің оқушы жауаптарын толықтыруы, қосымша талдаулары да білімділік бақылаудың функциясын іске асыруға жағдай жасайды.
Бақылаудың тәрбиелік функциясы - оқушыларды жүйелі жұмысқа үйретуі, оларды тәртіптілік және жігерге тәрбиелеу. Бақылаудың жүйелігі оқушыларда өз жұмыстарына деген жауапкершілікті қалыптастырады. Сонымен қатар, бақылау оқушыларға өз білімдерін бағалауға, өзінің қабілетін анықтауға және өзінің оқу іс-әрекетін түзетуіне мүміндік береді. Бақылаудың негізгі функцияларының бірі - ынталандыру функциясы. Оқушылардың жақсы баға алуға ұмтылуы немесе төмен баға алудан қорқуы, мұғалімнен мақтау естуі, бақылаудың аталған функциясын іске асыруға мүмкіндік береді.
Дамыта оқыту - дамытушылық сипаттағы оқыту, себебі оқушы бір ұғымды немесе құбылысты түсіну кезінде ғана ойлана бастайды. Ал дамыта оқыту барысында мұғалімге қойылатын талап - мұндай мұқтаждықты қалай және қашан пайдалануды анықтау. Дамыта оқыту кезінде білім мен іскерліктің бірнеше бөлігін оқыту өздігінен танымдық қиындықтарды жеңе отырып игереді. Дамыта оқыту мен дәстүрлі оқытудың арасындағы айырмашылықты оқу процесін ұйымдастыру мен принциптерінен де байқауға болады.дамыта оқытудың мақсаты - білімді ғылыми тұрғыдан меңгеріп ғана қоймай ,сонымен қатар оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту болып саналады. Оны ұйымдастыру негізінен оқушының ізденімпаздылық және де танымдық оқу қызметін құрайды. Дамыта оқыту арқылы оқушының жан - жақты белсенділігін арттырудың мәні-ғылымның дайын тұжырымдамаларын жай ғана меңгеріп алу ғана емес, жаңа білімдер мен ақыл - ой қызметінің тәсілдерін меңгеріп және оның танымдылығын белсенді ету болып табылады.

6
Яғни дамыта оқыту мұғалімнің белгілі бір әрекеттерін талап етеді. Бұл әрекеттер оқушылардың жаңа ұғымның мәнін ашуды жан - жақты іздестірумен сипатталатын танымдық әрекеттерді тудырып отырады.
Оқу процесінде сабақтың мазмұнынан туындамаған мәселелерді қою сабақта оқып үйрететін материалды саналы меңгеру мақсатымен белгілі бір бағыты бар танымды ізденуге мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, дамыта оқыту оқу процесін жетілдірудегі басты бағаттардың бірі болатыны белгілі , өйткені ол оқушылардың танымдық іс - әрекеттерінің мақсатқа бағытталуын қамтамасыз етеді, олардың оқу жұмыстарына шығармашылық сипат бере отырып,оқушылардың интеллектісін дамытуда сондай - ақ оқытудың нәтижелі болуы үшін жағдай жасайды. Дамыта оқытудың осы мүмкіндіктерін толықтай іске асыру үшін ,оның іс жүзінде жүзеге асыруда кездесетін кемшіліктерін кемшіліктерін жоя білген жөн.
Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин және В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек оқушылардың өз белсенділіктеріне байланысты. Дамыта оқытудың әдіс - тәсілдері де осыған орай оқушылардың оқу белсенділігін ұйымдастыру мен қолдап, көмек беруді көздейді.
Дамыта оқытудың Л.В.Занков жасған жүйесінің негізгі ерекшеліктеріне тоқталып өтсек, бұл жүйенің дәстүрлі оқытудан төмендегідей ерекшеліктерімен айырмашылықтарымен айқындалады:
- оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;
- мақсаттағы айырмашылықтар;
- дидактикалық принціптердегі өзгешеліктер;
- әдіс - тәсілдердегі ерекшеліктер;
- оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
- мұғалімнің еңбегін анықтайтын жаңа көрсеткіштері;
- мұғалім мен оқушы арасындағы жаңашыл қарым- қатынастар.
Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл аударылады. Себебі талданбаған шығарма оқушы жүрегіне жетпейді деп есептейді. Яғни талдау ол бірлескен ізденіс.Ізденіс барысында мұғалім әр оқушының көңіл - күйін, ой - пікірін бақылауға мүмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтай алады. Мысал ретінде алатын болсақ сабақта материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы оқушы жүрегіне жол тауып,талдау жасау арқылы ар-ұят, қайырымдылық, адамгершілік сияқты жағымды қасиеттер мен мінез-құлықтарды бойына сіңіре алады. Л.В.Занковтың жасаған дамыта оқу жүйесінде оқушының біімін бағалауға улкен мән беріледі. Сабақ барысында бағаның көп қойылуы маңызды емес. Оқушылар барлықтапсырмаларды орындауға ынта білдіріп, зейін қойып, нәтижеге жетіп,

7
еңбегінің жемісін көруге дағдыландырады.
Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар өзара ынтымақтастық,өзара сыйластық,түсіністік сияқты қасиеттер.Оқушылар өз ойларын еркін сеніммен жеткізе алатындай негізгі ахуал болуы басты назарда ұсталынады. Ол үшін оқушылардың қателері түзетіліп, айтқан жауаптары мұқият тыңдалып,дұрыс пікірлері мақталып отырылады. Оқушымен қашанда пікірмен санасу көзқарасын құрметтеу оқушыға сенімділік беріп оның дамуына ықпалын тигізеді.
Қорытындылай келгенде, дамыта оқыту өзінің мән - мағынасына сәйкес оқытудың түрі болып саналады. Яғни оқушыларды алдында кездескен мәселелік сұрақтарға жауап іздеп жауабын дұрыс табға, ізденімпаздылыққа үйрету, бейімдеу. Дамыта оқыту оқушылардың ойлау қызметін оның танымдық қызығушылығы мен рухани қажеттіліктерін, оқу себептерінің заңдылықтарын ескеретін теория негізінде құрылады. Мектептердегі оқу процесінде жаң технологияларды пайдалану оқушылардың ойлауы мен шығармашылыққа жету жолында маңызды рөл атқарады.

8
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды дамыту мақсатында ойын технологиясын қолдану.

Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық және тиімді әдістерін тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу,классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғасын табады. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім жолы - қиында қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту ,тәрбие беру ,қазіргі өмір ағымына сәйкес бейімдеу мұғалімнің алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі болып саналады. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог мамандардың тұлғасына, кәсіби құзіреттілігіне жоғары талаптар қоюда.Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігімен қабілеттілігінің бірлігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 29 қаңтар 2011 жылы Қазақстан халқына жолдауында Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білуді әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екенін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін - деді.
Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылғын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздара қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялармен оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту маңызды орын алады. Шет тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлетуді үйрету, байланыста бола алу, ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, ал тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алуға және де өзін - өзі қорғауға үйрету.
Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда интербелсенді оқытуды пайдалана отырып, ойын әдіс - тәсілін қолданамыз. Ойын арқылы мұғалім алдына қойған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын. Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара тығыз қарым - қатынас жасай отырып, әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге мүмкіндік туғызады, сонымен қатар ұйымдас-

9
тыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады. Оқу үрдісінде ең тиімді ойндардың бірі мынындай түрлерге бөлінеді:
Рөлдік ойындар;
Іскерлік ойындар;
Ісерлік оқу ойындары: саяхат ойындары және блиц ойындары;
Өндірістік ойындар.
Рөлдік ойындар дегеніміз - интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі болып табылады. Рөлдік ойындар өз ішінде екі түрге бөлінеді:
Әрбір оқушы рөлде ойнайды.
Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды.
Іскерлік оқу ойындарына келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойлап табу. Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады. Блиц оқу ойындары туралы айтатын болсақ, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктіліктерімен дағдыларын дамытуға бағытталады. Оның мынандай түрлері болады: фотосуреттерді баяндау (отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы(дұрыс,қате),т.б.Өндірісті к ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешеуге болады. Мысалы, Қоршаған орта немесе Қоқысты қайта жіберуге болады деген тақырыптарда. Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөліп қарастыруға болады:
дайындық;
шығармашылық.
Дайындық ойындарына: грамматикалық, лексикалық, фонетикалық,
орфографиялық ойындар кіреді. Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындық тудырады және ол оқушыларды тез жалықтырып жібереді. Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді. Мысалы затты тығып қойып, ағылшын тілінде Менің көзілдірігім қайда?, мынау не? деген сұрақтар қою арқылы және өз орнында есте сақтау қиындық тудырғандықтан ойындар ойнатқанды дұрыс деп санаймын. Мысалы, домино, бинго ойындары және қызықты геометриялық фигураларды сызып қойып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай ретсіз жазып қою содан соң атап беру.
Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға бағытталған. Ал орфографиялық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу. Ойын барысында оқушылар 2 - 3 топқа бөлінеді. Бұл ойындарға дайындық қажет етпейді тек қана оқушыларды ойын шарттарымен таныстырамын. Бұл ойындарды шығармашылық ойындар қатарына қосуға болады. Сонымен қатар әр түрлі викториналар, жағдаяттар

10
барлығы дерлік дамыту ойындарына жатады.
Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі - сөздік жұмысын жүргізу. Бұл оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Оқушының сөздік қорын тексеру әдістеріне мынылар жатады:
Әңгімелесу, әңгіме құрату - өзін қоршаған орта туралы үй іші, мектебі, сыныбы, ата-анасы, оқу құралдары, т.б.
Оқушының күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны атату (киім - кешек, ыдыс - аяқ, үй жиһаздары) т.б.
Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру ( таныс емес заттарды көрсету ) т.б.
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы - оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды меңгеріп, сөйлеуде оларды белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын біліп жүру керек. Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер. Ағылшын тіліндегі сөздерді оқушылар тек лексикалық түрде ғана меңгеріп қана қоймай лекика - грамматикалық бірлікте білу, үйрену жүзеге асырылуы керек. Мысалы, оқушылар оқы, кітап деген сөздерді жеке сөз ретінде меңгермей оларды оңай түсіну мақсатында сөз тіркесі ретінде біліп меңгергені дұрыс. Бұл сөздік жүргізудің бір қағидасы болып саналады. Мұғалім жан - жақты ізденісті қажет етеді. Орта мектептерде ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты - коммуникативтік мақсат болуы қажет, яғни орта мектепті бітіруші түлек өзінің бағдарламада белгілеген көлемде оқыған ағылшын тілін қатынас құралы ретінде еркін меңгеруі тиісті. Яғни сөз әрекетінің негізгі түрлерін: монолог диалог түрінде сөйлеу, ауызша айтылған сөзді тыңдап, түсініп жазбаша мәтіндерді оқып, мәтіндегі ақпараттарды қабылдай білу іскерлігін меңгеруі тиісті.
Ағылшын тілін оқытуда қолданылатын әдістердің ішінде ойын элементтері маңызды рөль атқарады. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда, жаңа сөздерді меңгеруде, ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыруда, білім деңгейін тексеруде ойын элементтерін пайдаланған дұрыс. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне сай келуі керек. Сабақ барысында ойын элементтерін пайдалану үшін мұғалім ең алдымен жоспар құрып алуы керек. Жоспар әдістемелік тұрғыдан қарағанда мынандай шарттарға жауап беруі тиіс:
Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі ;
Ойын түрін анықтау;
Ойынға қажетті заттардың дайын болуы;
Ойында қолданылатын мақал - мәтелдердің, сөз тіркестерінің,

11
тақпақтардың таңдалып алынуы.
Пысықталатын грамматикалық, лексикалық материалдардың анықталып алынуы;
Ойынның өту барысының жоспары жасалынуы.
Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі. Олар оқу ойындары және коммуникативтік ойындар болып екі түрге бөлінеді. Бұл ойын түрлерінің ағылшын тілі сабағында қолдану орны, мақсаты және де атқаратын қызметтері жағынан айырмашылықтары бар. Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқу және де коммуникативтік ойындарды қолдану оқушылардың білім және де білік дағдыларына байланысты шешіледі. Тілді жаңадан үйреніп жүрген оқушылар еркін қарым - қатынас жасап сөйлесе алмайды сол себепті де мұғалім тек қана коммуникативтік ойындарды ғана қолдана алады. Ойынды бастау барысында түсініктеме ана тілінде жүргізіледі.ойын егерде жарыс түрінде өткізілетін болса оқушылардың түгелі дерлік ойынға қатысады.Ойын элементтері оқушыларды жалықтырмай керісінше олардың қызығушылығын оятады.Ойын соңынан оқушылардың пікіріжәне де көзқарасы талданып, баға беріледі.Ойын арқылы оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге және де қорытынды жасауға дағдыландыра аламыз. Бастапқы және де кейінгі этаптарда ағылышын тілін оқытудағы негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді түрде пайдалану болып табылады.Ойын арқылы оқушы қоғамдық тәжірибені меңгереді, сол себепті де әр сабақ барысында қандай ойын түрлерін ойнатуға болатынын сол сабақтың мақсатына және де жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдауымыз тиіс. Ойындардың бес негізгі түрлері бар:
Стол үсті ойындары,
Дидактикалық ойындар;
Қозғалыс ойындары;
Іскерлік ойындар;
Интеллектуалдық ойындар.
Стол үсті ойындары. Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой - өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және де жекше жұмыста қолдануға болады. Бұл ойын түрлеріне ребустар, сөзжұмбақтар жатады. Оларды тақта да, ватман қағазында, қима қағазында және компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды сабақ барысын қорытындылап және білімді тиянақтау кезінде қолдануға болады.
Дидактикалық ойындар. Оқушылардың таным белсенділігін арттыратын, ойлау қабілеттерін дамытатынтәсілдердің біріне жатады. Осы арқылы кез - келген оқу материалдарын қызықты да,

12

тартымды қылып оқушылардың көңіл - күйлерін көтеруге өз жұмыстарына қанағаттануға және де білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмек береді. Мысалы алфавит ойыны, бірінші оқушы: Apple деп А әріпінен басталатын сөзді айтады, келесі оқушы бірінші оқушының сөзін қайталап, В әріпінен басталатын сөзді айтады, т.с.с.
Қозғалыс ойындары. Бұл ойындар оқушылардың іс - әрекеттерінің бір түрінен екінші бір түрге тез ауысуынан көмектеседі,ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұл ойынды жабық немесе ашық алаңдарда өткізуге болады.
Іскерлік ойындар. Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге, пысықтауға ықпалын тигізеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша айтуымен, күйзелуімен білімдерін жетілдіреді. Бұл ойын түрі оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға, дамытуға үйретеді.
Интеллектуалдық ойындар. Бұл ойындар оқушылардың зор белсенділігін оятады. Бұл ойынның элементтеріне ұғынуға және жүйріктікке, зеректікке бейімдейтін тапсырмалар - жұмбақтар және бас қатырғыштар жатады.
Кез - келген ойынды қолданғанда мына мәселелерді естен шығармауымыз керек:
Әр - түрлі ойындарды ойнаған кезде шығармашылыққа дайындау;
Ойын, ойынның түрлері, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
Жарқын көрнекіліктер ойынды талапқа сай өткізуге септігін тигізеді.
Ойынның қызықты материалдары тақырыппен сәйкес келуі керек.
Telephoning ойыны. Бұл ойындар сан есімдерді жаттап, жаттығуға арналған. Бір оқушы телефонмен сыныптағы оқушының номерін телефон номерін теріп, сандарды ауызша айтады. Қоңырау шалған оқушы қоңырауға жауап беріп, қысқаша реплика құрып, диалог жасауы керек. Нәтиже:
Әр оқушының шығармашылығы артады;
Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады;
Оқушының жеке қабілеті анықталады;
Оқушы топ жаруға ұмтылады;
Оқушының ойлау қабілеті дамиды;
Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады.
Оқушыларға берілген Kim`s Game ойынын ұсынамын:оқушының сөмкесіндегі зттарды оқыту үшін бәрін партаның үстіне жинап қойып, оларды

13
қайталау керек, содан соң бір - бірден тығып, өздеріне тапқызу керек. Мысалы: Close your eyes! Open your eyes! What`s missing? Қорыта келе айтатын болсам: бұл ойын арқылы оқшы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, сөздік қоры байып, тілі дамиды, зейіні қалыптасады, байқампаздығы артады, сыйластыққа үйренеді, тәртіптілікке баулиды, бір - біріне деген оқушы сенімділігі артады, сабаққа деген қызығушылығы оянады. Атақты американдық жазушы Е.Градин: You can not effectively learn a foreign language until you make a million mistakes in that language. So hurry up and made your million mistakes. деп пікір айтқандай, кез - келген адам ағылшын тілінде сөйлеу кезінде миллинондаған қателіктер жіберу арқылы үйреніп, шыңдала алады.

14
1.3.Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзіреттілікті дамыту.

Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімділік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу тарихын ғалымдар жылдар бойы зерттеп келеді. Ойын өмірде біз үшін пайдасыз көрінгенімен аса қажетті көрініс - құбылыс болып табылады. Ойын арқылы оқушылардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттыра аламыз.Ойын барысында оқушылардың белсенділігі шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға қызығушылығымен бар ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Ағылшын тілі мұғалімдерінің оқу - тәрбие жұысының негізгі саласы сабақ. Сабақ барысында оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің спасын арттыру, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа оқушылардың барлығын қызығушылықтарын оята отырып қатыстыру. Бес саусақ бірдей емес,
Яғни әрбір оқушының дүниетанымы, даму ерекшеліктері, сабаққа деген қызығушылықтары әртүрлі. Сондықтан оқушылардың деңгейіне байланысты тапсырмалар беруіміз қажет. Ал ойын элементтері кез - келген оқушының қызығушылығын оята алады. Тіпті төмен деңгейдегі нашар оқитын оқушылардың өзіде ойын арқылы берілген тапсырманы қызығушылықпен белсенді түрде орындай алады. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойын түрінің бірі - дидактикалық ойындар.
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың айтылым дағдысын дамыту құралы ретінде ағылшын тілі сабақтарында дебат технологиясын қолдану
Тыңдауға үйрету әдістері, принциптері, қолданылатын құралдары
Компьютерлік технологияны пайдалану тәсілдері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жобалап оқыту технологиясын қолдану арқылы ғылыми жұмысқа бейімдеу
Бастауыш сыныптарда гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту
Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері
Компьютерді шет тілін оқытуда пайдалану
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінде ойын технологиясының мазмұны, міндеттері және ерекшеліктері
Пәндер