Қоректендіру жүйесінің қондырғылары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І-бөлім

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ІІ-бөлім

Қоректендіру жүйесінің құрылысы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... 6

ІІІ-бөлім
Негізгі бөлім

Жанармай багы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

Ауа жіберу мен өтелген газдарды шығару құбырлары ... ... ... ... ... ...17

Қозғалтқыштың бензин отынын бүркіп қоректендіру жүйесі ... ... ... 19

Орталықты бүрку жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

Таралымды бүрку жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Тікелей бүрку жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

IV-бөлім

Еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін психикалық-физиологиялық факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

І-бөлім
КІРІСПЕ

Кез келген автокөлік жанармай(бензин,солярка немесе газ) құюды талап етіп тұрады.Заманауи автокөлік толық бакпен 600-800 км жол жүре алады.Жалпы автокөліктің қоректендіру жүйесін адамның қоректену жүйесімен салыстыруға болады.Ең алдымен жанармайды құйып алу керек,одан кейін автокөлікті қоректендіру керек.Жанармай асқорыту жүйесі арқылы қозғалтқышқа,ал қалдық пайдаланылған газ ретінде сыртқа шығарылады.

Тәжірибелі автокөлік жүргізушілері қозғалтқышқа әр түрлі жұмыс кезеңінде қандай мөлшерде жанармай керек екенін жақсы біледі.Дәл уақыт кезеңінде автокөлікке қажетті жанармай мөлшері тағы қоректендіру жүйесі арқылы анықталады.
Кез келген адам автокөлік тек жанармай құйғанда жүретінін жақсы біледі.Сәйкесінше автокөлікте жанармайды сақтайтын арнайы бак болуы керек.

Ережеге сай бензин багі автокөліктің артқы бөлігінде орналасады.Жағармай багі карбюратормен байланысқан.Жанармай карбюраторға бармастан бұрын тазалаудан өтуі керек.Осы себепті таза жанармаймен ғана жүретін жаңа шетелдік автокөліктер тез істен шығады.Егер сіз жанармайды канистрден құятын болсаңыз,тазалаудан өткізуді ұмытпағаныңыз жөн.

Жалпы автокөлікті пайдаланбастан бұрын оны жөндеуден өткізген жөн.Әсіресе қоректендіру жүйесіне баса назар аударылуы керек.Жалпы қоректендіру жүйесінің істен шығуына алып келетін жағдайларға мыналар жатады:
1)Тым көп немесе тым аз мөлшердегі жанғыш қоспаның түзілуі;
2)Жанар жағармайдың ағып кетуі;
3)Жанар жағармайдың карбюраторға берілуінің тоқтатылуы;
4)Жанғыш және салқын қозғалтқыштың жұмыс істеу қиындығы;
5)Пайдасыз жұмыс кезіндегі қозғалтқыштың нашар жұмыс істеуі;
6)Жұмыстың барлық кезеңінде қозғалтқыштың істен шығуы;
7)Жанар жағармай шығынының артуы.

Жанар жағармайдың карбюраторға берілуінің тоқтауы жанар жағармай құбырының және торлы сүзгіштің ластануынан,жанар жағармай сорғышының бұзылуынан,негізгі тазалаушы сүзгіштің лайлануынан,сонымен қатар екі ретті тазалау қақпағының ақауынан болуы мүмкін.

ІІ- бөлім
ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында қозғалтқыштан шыққан газдағы зиянды заттарды азайту көбіне қоректендіру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты.
Мысалы, Еуропалық стандартқа сай дүние жүзінде карбюраторлы бензинді қозғалтқыштарды пайдалануға тыйым салынған.
Қазіргі автомобиль қозғалтқыштарында орталық, және тікелей бүрку бензинді қоректендіру жүйелері пайдаланылады.

7.1 - сурет - Іштен жанатын моторлардың қоректендіру жүйелері

Карбюраторлы қоректендіру жүйесі
Карбюраторлы қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі жану қоспасын дайындау қызметін атқарады. Ал жану қоспасы деп жанар май мен ауаның араласқан қоспасын айтады. Ондай қоспаның құрамы двигательдің жұмыс істеу жағдайына байланысты әртүрлі болуға тиіс. Қоректендіру жүйесі осындай талаптарға сай келетін жану қоспасын дайындайды.
Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесін шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Олардың бірінші бөлігі жанар маймен, екіншісі ауамен, ал үшіншісі жанған газды сыртқа шығаратын бөліктертерден құрылған. Қоректендіру жүйесінің принципиалдық жұмыс схемасы 7.2 - көрсетілген. Енді сол схема бойынша құрылысы мен жұмысын талдаймыз.

1 - ауа филътрі, 2,3 - енгізу және шығару түтіктері, 4 - карбюратор, 5 - отын өткізгіші, 6 - бак, 7-насос, 8 - өшіргіш (глушитель) тутігі, 9,10 - қосымша және бас өшіргіш (глушитель).
7.2 - сурет - Карбюраторлы ВАЗ қозғауышының қоректендіру жүйесі.

Карбюраторлы моторда отын насос арқылы бактан (6) тұндырғыш сүзгі және отын өткізгіш арқылы насоспен сорылады да карбюраторға жіберіледі. Енгізу тактісінде атмосфера ауасы сүзгіден (ауа тазартқыштан) өтіп басқа қоспалардан тазартылады да карбюраторға (4) келіп түседі.
Мұнда ауа тозаңданған отынмен араласады және енгізу түтігіне (коллектор) бағытталады. Жанғыш қоспаны дайындау енгізу түтігіне жалғасады, онда отын буланады және ауамен араласып кетеді. Бұл процесс мотор цилиндрінде енгізу және сығылу тактісі кезінде аяқталады. Жұмыстық қоспа жанып болғаннан кейін пайдаланылған газ шығаратын түтік жүйесі және өшіргіш (глушитель) арқылы сыртқа шығарылып тасталады.
Ауа мен жанар майды араластыру процесін "карбюрациялық" процесс деп атайды, ал осындай жұмысты іске асыратын құралды карбюратор деп атайды.
Карбюраторлы двигательдердегі қоректендіру жүйесіндегі негізгі құрал осы карбюратор болып табылады. Жоғарыда, қоректендіру жүйесінің принципилдық схемасын қарағанда тек қарапайым карбюратордың жұмысы көрсетілген.
Ал двигательдерге орнатылған карбюраторлардың құрылысы өте күрделі болады. Себебі ол жанар май мен ауаны араластырып қана тұрмайды, осыған қосымша двигательдің жұмыс жағдайына қарай сол араластырып жасалынған жану қоспасының сапасын да әртүрлі етіп өзгертіп отырады. Жану қоспасын сапасына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оның негізгі белгісі ауа мен жанар майдың өзара қатынасы болып табылады.
Карбюраторлы автомобиль моторлары негізінен бензинмен немесе газбен жұмыс істейді. Мотордың сенімді және үнемді жұмысын қамтамасыз ету үшін бензиннің жақсы буланғыштық және жеткілікті детонациялың беріктілік қасиеттері болуы керек.
ГОСТ-қа сәйкес автомобиль бензинінің келесі маркалары шығарылады: А-66, А-76, А-80, АИ-93, А-90, А-95, және АИ-98.
А әрпі - автомобиль бензині екендігін, И әріпі - зерттеу әдісі бойынша (исследовательским методом) ал цифры - бензиннің октан санын керсетеді.
Антидетонациялың беріктігін арттыру үшін кейде бензинге антидетонатор (этил сұйығы) қүйылады. А-72 маркалы бензин этилденбетен. Өнеркәсіп басқа маркалы бензиндердің этилденбеген де түрлерін шығарады. Этилденген бензиндер мынадай түстерге боялған: А-66 - қызғылт сары, А-76 - жасыл, А-93 - көк және АИ-98 - сары.
Жалпы 1 кг жанар май толық жануы үшін 15 кг ауа қажет болады. Егер жану қоспасы осы мөлшерде жаслса, онда оның қалыпты жану қоспасы деп атайды. Ал қажетті ауаның мөлшері аз болса, онда байытылған, керісінше болса кедейлетілген қоспа деп атайды.
Осындай двигательдің жұмыс жасау жағдайына байланысты қажетті жану қоспасының сапасын өзгертіп тұру үшін карбюратор мынандай қондырғылармен жабдықталады: іске қосатын қондырғы; бос айналыс жүйесі; басты мөлшерлегіш қондырғы; экономайзер; эконостат (кейбір ғана карбюраторларда); тездеткіш насос.
Қоректендіру жүйесінің қондырғылары
Бензин насосының құрылысы 7.3 - суретте көрсетілген ГАЗ - 53 автомобильінің мысалында қараймыз. Қорап (2) үстіне қосалқы қорап (7) орналасады және ол қақпақпен (6) жабылады. Негізгі қорап (2) пен қосалқы қорап аралығында мембрана (3) бекітіледі. Ол ортасында оське (10) берік бекітіліп, осьтің екінші ұшы рычагқа (13) киіліп тұрады. Мембрананы жоғары қарай серіппе (9) итереді, ал рычаг (13) арнаулы жетекке бекітілген жұдырықшша тәрізді эксцентрикпен қозғалысқа келгенде, мембрананы төмен итереді.

1 - қол тұтқасы; 2 - қороп; 3 - диафрагма; 4 - сору клапаны; 5 - сору каналы; 6 - қақпақ; 7 - клапандар қоробы; 8-айдау клапаны; 9, 12 серіппе; 10 - шток; 11 - тірек; 13-тірек
7.3 - сурет - Бензин насосының құрылысы

Ауа тазартқыш. Ауа құрамында көптеген газдардың - оттегінің, азоттың, сутегінің, т.б. - болатыны белгілі. Отынның жануы үшін ауа құрамында массасына орай 23% -ке жуық оттегі болады.

1, 22 - корпус; 2,10,11,12,16 - түтіктер; 6,18,24 - резеңке төсемдері; 13 - термореттегіш, 14 - шланг; 15 - термоэлемент; 19 - сүзгіш элементтері; 21 - ілгешек, 25 - қалқағыш
7.4 - сурет - Қарапайым (а) және термореттеуішті (б) ауа сүзгісі

Егер ауаны тазартпаса, онда бір жұмыс сменасында мотордың цилиндріне бірнеше килограмм шаң түсуі мүмкін. Оның қатты бөліктері цилиндрдің, поршеньнің және басқа қажалатын бөлшектердің жылдам тозуын тездетеді. Цилиндрге түсетін ауаны тазартпай автомобиль жұмыс істеуге жарамайды.
Ауа тазартқыштары сұйықты және қүрғақ элементті болып екіге бөлінеді. Автомобиль моторларының көбінде құрғақ ауыстырмалы қағаз немесе картоннан жасалған фильтр элементтерін қолданады.

Дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі
Дизельді двигательдердің қоректендіру жүйесі, осының алдында қаралған карбюраторлы двигательдерден айырмашылығы, мұнда дайын жану қоспасының орнына сырттан цилиндрге таза ауа сорылады, ал жану қоспасы цилиндрдің ішінде жасалады. Ол үшін цилиндр ішіне, дер кезінде жанар май бүркіп шашылады да, ондағы ауамен араласып, жану қоспасын құрайды.
Олай болса, цилиндр ішінде жасалатын жану қоспасының сапасы оған шашылып берілетін жанар май мөлшеріне байланысты болады. Сондықтанда, дизельді двигательдерде жұмыс жағдайларына байланысты жану қоспасының әртүрі жасалады, яғни қалыпты, байытылған немесе кедейлетілген түрлері.
Дизельді қозғауыштардың тағы да бір ерекшелігі, жану қоспасы цилиндр ішінде өздігінен, қосылған ауа температурасының көмегімен тұтанады. Сондықтанда жанар майды цилиндр ішіне қысу процесінің соңында бүркіп береді. Себебі қысу процесінің соңында, цилиндр ішіндегі ауа өте қатты қысылғандықтан, оның температурасы жану қоспасын тұтандыра алатын деңгейге жетеді.
Бұл кезде цилиндр ішіндегі ауаның тек температурасы ғана көтеріліп қоймайды, осыған қосымша оның қысымы да үлкен болады. Ал осындай қысымы үлкен ортада, жанар май мен ауаны араластырып жану қоспасын жасау үшін, бүркіп берілетін жанар май қысымы, сол цилиндр ішіндегі қысымнан едәуір жоғары болуы қажет. Сонда ғана ол ауамен араласып, жану қоспасын түзеді.
Дизельді қозғауыштардың осындай ерекшеліктерінің салдарынан, оның қоректендіру жүйесі өте күрделі құралдарды қажет етеді. Олардың негізгілері жанар майды үлкен қысыммен цилиндр ішіне беретін құралмен қоса (жоғарғы қысымды жанармай насосы), оны сол үлкен қысыммен бүркіп беретін құрал (ФОРСУНКА) болып табылады. Ал ауамен қамтамасыз ететін құралдар, жоғарыда қаралған карбюраторлы двигательдердікінен онша айырмашылығы болмайды. Дизельді қозғауыштардың қоректендіру жүйесінің принципиалдық схемасы келесі суретте көрсетілген.

1-жоғары қысымды жанармай насосы; 2-жанармай багы; 3-қабылдағыш сүзгі; 4,6,7,11,12,13,15-төменгі қысымдағы түтіктер; 5-ірі сүзгі; 8-кіші қысымды насос; 9-қол насосы; 10-майда сүзгі; 14-жоғары қысымдағы түтік; 16-форсунка; 17-ауа тазартқыш; 18-қозғауыш
7.5 - сурет - Дизельді двигательдің қоректендіру жүйесі.

Ондай жүйе негізгі мынандай құралдардан жинастырылады: жанар май ыдысы (2), ірі (5) және майда (10) сүзгілер, кіші қысымды насос (8), жоғары қысымдағы насос (1), жанар май бүркіп шашатын форсунка (16) және ауа тазартқыш (17). Олар мына төмендегідей ретпен жұмыс істейді. Сору процесі кезінде цилиндр (18) ішіне ауа тазартқыш (17) арқылы таза ауа сорылып кіреді. Әрі қарай қысу процесі жүреді. Осы қысу процесінің соңында цилиндр ішіне жанар май форсунка арқылы бүркіліп беріледі.
Цилиндр ішіне жанар май берілу жұмысы мынандай ретпен атқарылады. Жанар май ыдысынан (2) тазалағыш тор (3) арқылы жанар май сорылады. Оны соруды кіші қысымды насос (8) іске асырады. Сол кезде жанар май жол жөнекей ірі сүзгі (5) арқылы өтіп, онда механикалық қоспалардан тазаланады. Жанар май әрі қарай майда сүзгіге (10) аздаған қысыммен беріледі де, онда мұқият тазаланып жоғарғы қысымды насосқа (1) жетеді. Осы насосқа дейін жанар май үнемі үздіксіз ағынмен беріліп тұрады.
Жоғарғы қысымды насос екі түрлі қызмет атқарады.
Біріншісі - жанар майды цилиндр ішіне дер кезінде ғана, яғни қысу процесінің соңында ғана үлкен қысыммен, форсунка арқылы бүркіп береді.
Екінші қызметі, двигательдің жұмыс жағдайына байланысты қажетті жану қоспасының сапасын қамтамасыз ету үшін, жанар майды мөлшерлеп қана береді.
Сонымен жоғарғы қысымды жанар май насосы әрі дер кезінде, әрі қажетті мөлшерде ғана жанар май беруді іске асырады.

7.6 - сурет - КамАЗ автокөлігінің жоғары қысымды отын нососы

Жоғары қысыммен келген жанар майды форсунка ұсақ тамшыларға айналдырып, цилиндр ішіне бүркеді. Сондықтанда оның бүркетін бөлігі цилиндр ішінде орналасқан. Сонымен бүркілген жанар май әрі қарай жоғарғы ауа температурасының әсерінеи буланып, ауамен толық араласады.
Форсунка және отын өткізгіштер. Дизель қозғауыштарда форсункалардың (сурет 7.6) көмегімен отынды майда тозаңдатылған күйде және үлкен қысыммен жану камерасына тозаңдатып бүркеді. Форсунканың негізгі бөлігі корпустан және инеден (9) түратын - тозаңдатқыш (1). Ине корпустың конустік ер-шігіне штанганың (3) көмегімен серіппемен (8) қысылған. Автомобиль форсункаларының көбінде серіппелері реттегішсіз болады.

1 - тозаңдатқыш, 2 - гайка, 3 - штанга, 4 - корпус, 5 - ныгыздаушы сақина (кольцо), 6 -торлы фильтр, 7 - шайбы, 8 - басқыш.
7.7 - сурет - Форсунка.

Реттегіші бар форсункаларда серіппені белгілі бір қысымға винтпен реттейді. Реттеуіш винт форсунканың корпусында болатын стаканның түбіне винтпен бүралған. Реттеуіш винтті өздігінен бүралып кетуден қосалқы гайка сақтандырады. Үстіңгі жағынан винт қалпақпен жабылған, онда серіппе қуысына өтіп кеткен отын шығарылатын ағы-зу түтігін қосу үшін бүрандалы тесік болады.
Форсунка тозаңдатқыш (1) камерасындағы отын қысымы серіппе күшінен асып кеткенде, төменнен инеге әсер ететін күш, оны көтереді де, отын камерадан тозаңдатқыш тесіктерге түсіп олар арқылы жану камерасына тозаңдатылған күйінде бүркіледі.
Отын енгізілгеннен кейін тозаңдатқыш камерасындағы (1) қысым күрт төмендейді де ине серіппенің әсерімен форсунканың шығару тесігін жауып тастайды.

ІІІ-бөлім
Негізгі бөлім
Жанармай багы
Жанармай багы.Автомобильдерде бір немесе бірнеше жанармай багы орнатылып, отынды сақтау орны болып есептелінеді. Отын багының сыйымдылығы автомобильдің 400 - 600 км аралығындағы жүрісіне арналған. Жанармай багының ерекшелігі, оның жанармай құю қылта аузына және автомобильге бекітіп орналастыру орнының конструкциясына байланысты болады.
Ал құрылысы бойынша әртүрлі автомобильдердің жанармай бактары бір - бірне ұқсастығы бар.
Жанармай багы штампыланып және өзара пісірілген екі болат қаңылтырдан тұрады. Бактың ішінде оған қажетті қатаңдық беретін, бірнеше бөлікке бөлінген қабырға пісіріліп орнатылады. Бұл қабырғалар отынның шайқалуы кезінде оның кенересіне гидравликалық соққылардың қатты соғылуын болдырмайды. Қабырғаның төменгі жағында бактың бөлінген бөгеттерінің арасынан отын өту үшін ойықтар жасалған. Бактағы отынның қажетті деңгей мөлшері бактың ішіне орнатылған сезгінің көмегімен аспаптар қалқанында орнатылған өлшеуіш аспап арқылы көрсетіледі. Кейбір автомобильдердің жанармай багын, автомобильдің 50 км жол жүруіне арналған қосымша отынның бастапқы шығынын анықтайтын аспаптар орнатылады. Бактың қылта аузына болат каркастан тұратын тор сүзгі қойылып, бактың ішкі қуысын атмосферамен жалғастыратын екі автоматты клапаны бар қақпақшамен қаттылап жабылады.
Бактың ішіндегі қысымның 1,5 - 4 кПа дейін сейілту аралығында жіберу клапаны ашылып сыртқы атмосферамен жалғастырылады, ал артық қысым (0,01 - 0,02 МПа) болғанда оның шығару клапаны ашылады.
Жанармай сүзгілері.Жанармай отынын механикалық қоспалардан және судан тазарту үшін жанармай сүзгілері қолданылады. Бактан карбюраторға дейінгі жүру жолында жанармай отыны бактың, жанармай сорабының және карбюратордың тор сүзгілері арқылы тазартылады.
Сонымен бірге бак пен жанармай сорабының ортасына саңылау типті сүзгі - тұндырғыш, ал жанармай сорабы мен карбюратордың ортасына отынның майда тазартқыш сүзгісі орнатылады. Отынды мұндай мұқият тазартудың жүргізілу себебі, өте кішкене механикалық қоспалар мен сулар карбюратордың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі болмайды.
Отынның ірі тазарту сүзгісі жұқа тілімшелер жиынтығынан 8 тұратын саңылаулары 7 және штампыланған шығыңқы кертігі 6 бар сүзгі элемент 5 пайдаланылады. Сүзгі элементтер жиналып тұрғанда шығыңқы кертіктің арасынан 0,05 мм биіктікте отын өтуі үшін тесік саңылау болады, соның себебінен 0,05 мм-ден үлкен механикалық қоспалар өтпей тұндырғышта қалып қояды.Отын сүзгінің тұқына 3 жіберу тесігінен 4 түсіп, сүзгі элементтің 5 тілімшелерінің 8 саңылаулары 7 арқылы өтіп, шығару тесігінен 2 тазартылып шығады. Металл стаканның 1 ішінде отыннан су бөлініп тұндырылады да механикалық қоспалармен бірге тығынмен 9 бекітілген төгу тесігі арқылы түсіріледі.
Отынның майда тазарту сүзгісіөте ұсақ механикалық қоспалардан тазартып,карбюратордың қоспаүнемдегіш жүйесінің ақаусыз жұмыс істеуін және оның жиклерлерінің өте кішкене тесіктеріненотынныңкедергісіз берілуін қамтамасыз етеді. Отын жіберілу саңылауы 12 арқылы сүзгі тұрқына 11 бекіткіш 15 қыстырылған шыны стакан-тұндырғышқа 14 беріледі. Стакандағы отын керамикалық сүзгі элементтен 13 майда тазаланып, шығару тесігі 10 арқылы мұқият тазаланған отын карбюраторға беріледі.
Көптеген жеңіл автомобильдердің қозғалтқыштары тек қана латуннен жасалған тор сүзгі 16 немесе престелген қағаздан жасалып алюминий немесе капрон тұрқыда орналастырлған майда тазарту сүзгісі қолданылады. Мұндай сүзгінің жұмыс істеу тәсілі керамикалық элементті сүзгінің жұмыс істеу тәсілімен бірдей болады.
Жанармай отын сорабы.Отын багынан карбюраторға жанармай отынын еріксіз жіберу үшін отын сорабы қолданылады. ЗИЛ-130 және Москвич-2140 автомобильдерінің қозғалтқыштарында отын сорабы таратқыш біліктің эксцентригінен штанга арқылы іске қосылады, ГАЗ-24-10 және ГАЗ-53-12 автомобильдерінің қозғалтқыштарында - таратқыш біліктің эксцентригінің өзінен, ал ВАЗ қозғалтқыштарында - май сорабы мен үзгіш - таратқыш білігінің эксцентригі арқылы іске қосылады. Жақсы жұмыс істеу қабілеттілігне байланысты жарғақ диафрагмалы отын сорабы көптеп қолданылады.
ЗИЛ қозғалтқышының Б-10 сорабы негізгі үш бөліктен тұрады:
тұрқы 2, клапандар бастиегінен 7 және қақпақтан 10. Тұрқының ішіне күйенте 17, сығымдағыш серіппе 4 мен білікше 14 қолмен отын жібергіш тұтқа 1 орнатылған. Клапандар бастиегіне 7 үш шығару клапаны 13 және үш жіберу клапаны 8 бекітілген, клапандардың үстіңгі жағында тор
сүзгі 9 бар. Қақпақта сораптың жіберу мен сығымдаушы қуыстарын екіге бөліп тұратын қабырғасы 11 бар. Клапандар бастиегі 7 мен тұрқының 2 арасына қалың қабатты лакталған материалдан жарғақ диафрагма 6 орнатылып, штокқа 5 бекітілген, төменгі шеті тығырық арқылы күйентенің 17 ішкі аша тәрізді иығына жалғастырылған, ал оның сыртқы иығының ұшы серіппенің 15 көмегімен сораптың жетегінің штангасына 18 тұрақты тіреліп тұрады.

Отын сорабы келесі тәсілмен жұмыс істейді. Эксцентриктің 19 шығыршығы айналып келіп штанганың 18 астынан әсер етіп күйентенің 17 ұшын жоғары көтереді. Күйенте 17 осінде 16 айналып, өзінің аша тәрізді иығына жалғастырылған штокты диафрагмасымен 6 бірге серіппенің 4 күш әсеріне қарсы төмен қарай түсіреді. Бұл кезде диафрагманың 6 үстінде сейілту болып, соның әсерінен жіберу клапандары 8 ашылады, жанармай отыны бактан қақпақтың 10 жіберу қуысына А келіп түседі, тор сүзгі 9 арқылы тазартылып диафрагманың 6 үстіңгі жағын толтырады. Эксцентриктің19 шығыршығы штанганың 18 астынан айналып өткеннен кейін, серіппенің 4 әсерімен шток 5 диафрагмамен бірге жоғары көтеріледі, бұл кезде диафрагманың 6 үстіндегі отын қысымының әсерінен жіберу клапандары 8 жабылады, ал шығару клапандары 13 ашылып, отын сығымдаушы қуысына Б жіберіледі.Содан кейін шығару саңылауына бекітілген штуцерден түтік арқылы отын карбюраторға барады.
Егерде карбюратордың үнемдегіш жүйесінен берілген отынның шығыны аз мөлшерде, ал қалтқы бөлмешегінің бекіткіш клапаны жабық болатын болса, онда отын сорабы бос жүрісте жұмыс істейді. Бұл анықтамада жарғақ диафрагманың 6 үстіндегі отын, оны жоғары қозғалуға мүмкіндік бермейді, бұл кезде серіппе 4 қысылып тұрады да, ал шток 5 төмен түседі, сондықтан қалтқы бөлмешегінің
бекіткіш клапаны ашылғанша күйентенің аша тәрізді иығы өзінің осінде бос тербетіліп тұрады. Жөндеу - реттеу жұмыстары кезінде қалтқы бөлмешегін отынмен толтыру үшін қолмен отын толтыру құрылғысы арқылы атқарылады. Білікше 14 ойығымен, күйентеге 17 жалғастырылған, аша тәрізді иығына әсер етіп, шток 5 пен жарғақ диафрагманы 6 эксцентригтің көмегінсіз қолмен - тұтқаның 1 көмегімен төмен қозғалтады. Диафрагманың істен шыққан кезінде (жыртылғанда, тесілгенде, т.б.) отын тұрқының төменгі бөлігіне түсіп, бақылау саңылауы арқылы сыртқа төгіледі.
Ауа тазартқыш тазатрқышы.Ауада 0,0001 ден 0,1 гм [3] дейін, кейде 2 гм [3] дейін шаң-тозаң болады. Шаң-тозаңның цилиндр ішіне түсіп маймен араласқанда қойырмаға айналып, қажалатын (цилиндр-поршень, поршень-сақина, сақина-цилиндр) бөлшектердің жылдам тозуына әсер етеді.
Сондықтан ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін, қозғалтқыштарда ауа тазартқышы орнатылады. Ауа тазартқыштарды қолдану, қозғалтқыштың цилиндр-поршень топтары бөлшектерінің тозуын, ауа тазартқышсыз жұмыс істуіне қарағанда 2 - 3 есеге азайтады. Сонымен бірге ауа тазартқыш ауа жіберу процссі кезінде жіберу құбырында болатын шуылдың деңгейін де азайтады.

Ауа үш тәсілмен тазартылады:
Сүзілу - ластанған ауа сүзгі элементінен өтіп тазартылады(көбінде арнайы қағаз сүзгі);
Инерциялы - жоғары жылдамдықпен түскен ауа бағытын жылдам өзгертеді. Соның нәтижесінде ортадан тепкіш күш әсерінен ауаның құрамынан тазартқыш тұрқысының керегесіне ауыр механикалық қоспалар ажыратылып қалады;
Түйіспелі - ауа жүрген кезде жабысқыш затпен (маймен) жанасып, оған механикалық қоспалар жабысып қалады;
Өте кеңінен тараған түрлері құрғақ ауыстырмалы сүзгі элементті ауатазартқыш және сұйықты - инерциялы екісатылы ауатазартқыштар.
Құрғақ ауыстырмалы сүзгі(6.11. сурет.) қазіргі жүк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі
Альфа теңіз кен орнының мұнай және газдың сипаттамасы
Конденсатты электр станцияларының ерекшеліктері
ЖЭО - ның цехтары мен негізгі қондырғылары
Электрмен жабдықтау жүйесінің режимдерін, техникалық-экономикалық сәйкестігін, адам өмірінің қауіпсіздігі және тақырыбына сәйкес электр қондырғыларының сенімділігі
ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ ӨРТ ҚАУІПТІЛІГІ
Қоректендіру жүйесі
Жел-энергетикалық станциясы
Қазандық құбыр жүйесінің салмағы
Жылу беру орталығының бөлім қызметкерінің ақпараттық жуйесін құру
Пәндер