Автомобиль және экология



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І-бөлім

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

ІІ-бөлім

Президент жолдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

ІІІ- Негізгі бөлім

Автомобильдің қысқаша тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..7

Автомобильдердің жалпы құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

Ілініс муфтасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

Бір дискілі сығылмалы серіппелі ілініс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...13

Қос дискілі ілініс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

Ілініске техникалық қызмет көрсету және жөндеу ... ... ... ... ... ..21

Техникалық қызмет көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

IV-бөлім

Еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін психикалық-физиологиялық факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Автомобиль және экология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Кіріспе

Жалпы автомобиль тарихы ежелден басталады. Адам баласы өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін көптеген ізденістердің нәтіжесінде автомобиль жасаған
Қазіргі таңда автомобиль көлігінсіз бірде - бір тасымалдау жұмыстары атқарылмайды немесе тракторсыз бірде - бір ауыр жұмыс істелмейді. Сондықтан олардың халық шаруашылығында алатын орны ерекше.
Халық шаруашылығында автомобильдерді төрт түрлі жағдайларда пайдаланады. Олар ауыр жүктерді тасымальдау көптеген жалаушыларды тасымалдау, көлік орнына пайдалану және спорттық мақсаттарда қолдану.
Бүгінгі күні әлемдік өндіріс жылына 50 млн. тасымал құралын шығарып келеді. Олардың айырмашылығы мен ерекшеліктері моторды, тежеуіш жүйесін, трансмиссия жұмыстарын реттеу, басқаруды электрлендіру мен автоматтандыру болып табылады.
Машиналар сапасын, олардың сенімділігін, бұзылмайтындығын және тиімділігін арттыру техникалық прогрестің негізгі бағытына жатады және олардың өзара ауыстырмалылығын қамтамасыз етуді талап етеді.
Автокөлік агрегаттарының құрылысы мен оларды пайдалану ережелерін жақсы білгенде ғана халық шаруашылық өндіріс еңбеккерлері алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай шешуге болады.
Халық шаруашылығында автомобильдерді төрт түрлі жағдайларда пайдаланады. Олар ауыр жүктерді тасымалдау, көптеген жолаушыларды тасымалдау, көлік орнына пайдалану және спорттық мақсаттарда қолдану.
XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т.б. жүктер автомобильдермен тасымалданады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобилъдер шығарумен айналысады. Олар талантты адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда.
Тасымал көлігінің негізгі міндеттері -- ауыл шаруашылығын, халық шаруашылығын және тұрғындарды тасымалдау қажеттілігімен толығымен сапалы қанағаттандыру, жұмыстың барынша экономикалық тиімділігін арттыру. Автокөлік тасымалында автотасымал құралдарының пайдалану тиімділігін арттыру-бірінші кезекте тіркемелерді және жартылай тіркемелерді пайдалану арқылы жүзеге асыру, өнімсіз бос тұруларды болдырмау, автокөліктердің бос жүрістерін қысқарту, тиімсіз тасымалдарды болдырмау, жалпы тасымалдауға автокөліктерді басымырақ өрістету, автокөлік паркі құрамын жақсарту. Оталдыру жуйесі деп бензинді қозғалтқыштарды ціліндріндегі жұмыс қоспасын мәжбүрлі тұтандырүға арналған құралдар мен қондырғылардың жиынтығын айтамыз.
Автомобильдерде электр энергиясының көзі аккумулятор батареясы мен генератор қондырғысы болып саналатын оталдыру жүйесін қолдану кеңінен тараған.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ -
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДА МЫНАДЫЙ МӘСЕЛЕРДІ АЙТЫП ӨТЕДІ.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ел халқына Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі атты алғашқы Жолдауын ұсынды.

Қоғамдық-саяси реформаларға сұраныс бүгінгі күні ерекше жоғары. Сондықтан да Қоғамдық диалог тақырыбы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауының өзегі болып отыр. Елдің саяси жүйесін кезең-кезеңмен жаңаша жаңғыртуға шақыра отырып, Президент оның базалық сипатын атап көрсетеді: ...елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпайынша, табысты экономикалық реформаларға қол жеткізу мүмкін емес.
Президент атынан сөйлеген билік жалпы мемлекеттік сындарлы міндеттерді ашық талқылауды бастауды ұсынады. Осыған байланысты көп партиялықты одан әрі дамыту, қоғамдық келісімді сақтау, халықпен тиімді байланыс орнату, митингілер туралы заңнаманы жетілдіру сияқты мәселелерге баса назар аударылды.
Президент еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі кілті болып табылатын тіл мәселесіне де ерекше тоқталды. Бұл жөнінде ол: Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек, - деп атап көрсетті.
Президент өз Жолдауында сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге, бизнесті дамытуға, қаржы ресурстарын дұрыс бөлуге, халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуге, ел аймақтар арасындағы теңсіздікті жоюға және басқа да халықты толғантып жүрген мәселелерге ерекше көңіл бөледі. Алдағы саяси реформалар сияқты бұл жұмыс Қазақстанның әрбір азаматы мемлекет тарапынан қамқорлықты сезінуіне және өзінің конституциялық құқықтарын қорғауға сенімді болуына бағытталуы тиіс деді.

Білім беруге бұрынғыдай мемлекеттің дамуындағы стратегиялық роль беріледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында республика ауылдарындағы мектептердегі білім беруді жетілдіру, жоғары оқу орындары жұмысының сапасын және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мәселесі де көтерілді.
Президент өз Жолдауында көрсеткендей, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі білім беру сапасын жетілдірумен тығыз байланысты. Сондықтан Президент атап өткендей, маман даярлау ісі еліміздегі және ғаламдағы еңбек нарығынан тыс қалмағаны жөн. Сөйтіп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жоғары оқу орындарының алдына бәсекеге қабілетті, білікті маман дайындау, олардың оқу бітіргеннен кейінгі өмірден өз орнын табу, яғни жұмысқа орналасу мәселесін қатаң қадағалаумен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, оны коммерцияландыру бағытында қарқынды және нақты жұмыстарды жасауға үлкен міндеттер артып отыр.
Президент өз Жолдауында қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының осы түрін неғұрлым сындарлы деп есептей келе, азаматтарды ашық диалогқа шақырады. Президент өзекті, шешімін күтіп тұрған мәселелердің бар екенін ашық айта келе, сонымен бірге оларды шешудің ұтымды жолдарын ұсынады, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді прагматикалық тұрғыдан бағалайды.
"Азаматтарымыз жаңа саяси мүмкіндіктерге байланысты екіжүзділіктің өсуіне жол бермейді деп үміттенемін"
Президенттің айтуынша, демократияның басты жауы - надандық пен популизм. Қоғамға саяси реформалар қажет, деп атап өтті президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Мемлекет басшысы ретінде мен Қазақстанда шын мәнінде көп партиялы жүйені дамытуға ниеттімін. Біз бір орында тұрған жоқпыз. Біз саяси жүйемізді біртіндеп жаңа шындыққа бейімдеп жатырмыз. Біздің қоғамға саяси реформалар қажет. Демократияның басты жауы - надандық пен популизм. Бұл факт ескерілуі керек. Азаматтарымыз реформаларды қолдайды деп сенемін және жаңа саяси мүмкіндіктердің арқасында қоғамда екіжүзділіктің өсуіне жол бермейді деп үміттенемін", - деді мемлекет басшысы.
Елімізде 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болады
Мемлекет басшысының атап өтуінше, ауыл шаруашылығы саласында шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін арзан несиенің болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы орын алуда.
"Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керек. Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болады. Балық шаруашылығына да ерекше мән берілгені жөн. Қосымша құн қалыптастырудың өзегі саналатын ірі жобалар маңызды рөл атқаруға тиіс", - деді мемлекет басшысы,
Президенттің атап өтуінше, вертикалды кооперация аясында жеке қосалқы шаруашылықтың әлеуетін пайдаланған абзал.
"Жеке шаруашылығы миллиондаған ауыл тұрғынына табыс табуға мүмкіндік бере алады. Оларды өңірлік азық-түлік хабын құруға жұмылдыру керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Біз горизонталды кооперацияның да әлеуетін естен шығармауыз қажет. Онсыз агроөнеркәсіп кешенінде қарқынды даму болмайды. Басы бірікпеген жеке қосалқы шаруашылықтар шын мәнінде өлместің күнін көріп отыр. Бұл ретте сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз", - деді мемлекет басшысы.
Президентінің атап өтуінше, бәсекеге қабілетсіздік пен импорттан арыла алмай отыруымыздың себебі де осында жатыр.
"Кооперация кезінде жер және басқа да мүлікке қатысты барлық құқықтар сақталады. Кооперация шаруашылықтарға шикізат сатып алу, өнім өндіру және оны сату барысында күш жұмылдыруға мүмкіндік береді, Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады. Сондықтан субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жердердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Автомобильдің қысқаша тарихы

Автомобиль (гр. αὐτο -- өздігінен және лат. mobilis -- қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі.
XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т.б. жүктер автомобильдермен тасымалданады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналасады. Олар дарынды адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда.
Автомобильдердің республика үшін ерекше маңыздылығы Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының сиректігі алдын ала анықтайды. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден-бір құралы болып табылады.
Қазіргі таңда автомобиль пиасасында атқаратын қызметі, техникалық сипаттамасы, бағасы және басқа да өзгешеліктері бар көп мөлшерде автомобиль модельдері кездеседі. Оның негізгі себебтерінің бірі автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастық болып табылады. Автомобиль өндірушілері әлеуетті сатып алушыларды өзіне тарту мақсатымен жеке тұтынушылар топтарының талаптарын барынша қанағаттандыратын өнім ұсынуға, автомобильдің пайдалы әсер ету коэффициентін көбейте тұра қоршаған ортаға зиянын азайтуға, жүргізуші және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, автомобильді қолдануды жеңілдету және де құрылысына ең озат техникалық шешімдер еңгізілген жаңа модельдер жасап шығару уақытын қысқартуға тырысады. Бұл ретте қазіргі автомобильдер экономикалық, экологиялық және әлеуметтік себептермен анықталатын жалпы заңдарға қарай жетілдіріледі.



Адам баласы ежелгі кезеңдерден бері қысқа мерзімде ұзақ қашықтықтарға жету, өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін ізденістерде болып келеді. Әуелгі кезде жануарлар қолданылып, кейінірек жолаушы және жүк тасымалдау үшін механикалық құрылғылар жасала бастады. Біздің дәуірімізде ең көп тараған көлік түрі автомобиль болып табылады.
Автомобиль сөзінің мағынасы өздігінен қозғалатын, жолаушыларды және жүкті, сондай-ақ өз қозғалтқышын тасымалдауға арналған дөңгелекті көлік түрі болып табылады. Автомобильдің тек бір өнертапқыш тарапынан тек бір күнде ойлап шығарылмағаны бізге белгілі. Автомобиль тарихы бүкіл дүние жүзінде болған эволюцияны қамтиды. Қазіргі автомобильді жүз мыңнан астам патенттер жасап шығарғаны жорамалданады. Дегенмен бірінші болып келгендерді атап өтуге болады. Солардың ішінде алғашқы рет қозғалтқышты көліктің теориялық есептеулерін суреттеген Леонардо да Винчи мен Исаак Ньютоннан бастасақ болады.
Өздігінен қозғалатын көлік түрлерін жасап шығару талаптары XVII ғ. басталғаны белгілі. 1769 ж. Францияда әскери инженер Никола Кюньо тарапынан бумен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар үш дөңгелекті арба жасалды. Осы 2 а.к. қуаты бар бу машинасымен 3 т. жүкті 2-4 кмсағ жылдамдығында тасымалдауға болатын еді. Бірақ керекті бу қысымын қамтамасыз ету үшін жүріс кезінде жиі аялдамалар жасау қажеттігі бұл көліктің негізгі кемшілігі болып кең таралмағанына себеп болды.
Дегенмен алғашқы жасап шығарылған автомобиль құрылысы жағынан қазіргі автомобильдерге ұқсас болғандығынан неміс инженерлері Готлиб Даймлер мен Карл Бенц тарапынан жеке-жеке жасалған автомобильдер болып табылады. Осыны 1876 жылы Алманияда Николаус-Август Отто-ның жасаған іштен жанатын төрт тактілі айналыммен жұмыс істейтін қозғалтқыш құрылысы мүмкін қылған.
XIX ғ. соңы - XX ғ. басында электр және бу қозғалтқышты автомобильдер бензинді автомобильдермен жетістікті түрде бақтас болғанын айтып өтуге болады. Бірақ іштен жанатын қозғалтқыштардың артықшылықтары электр және бу автомобильдерінің шығарылуын минимумға дейін шектеді.
XIX ғ. соңы - XX ғ. басы дүниенің көптеген мемлекеттерінде автомобильдердің өнеркәсіптік өндірісінің басталуымен сипатталады. Осы кезеңде шығарылған автомобильдердің құрылысында ортақ техникалық шешімдер болған. Пневматикалық шиналармен жабдықталған алдыңғы дөңгелектері басқарушы, артқы дөңгелектері жетекші төрт дөңгелекті (екі білікті) көліктің трансмиссиясы фрикционды іліністен, бір немесе бірнеше тісті редуктордан құрылған және рульдік басқару жүйесінде алдыңғы басқарушы дөңгелектермен редуктор арқылы жалғанған рульді дөңгелегі болған. Сол жылдары автомобильдерде қолданылған көптеген техникалық шешімдер қазіргі уақытта да жетісті қолданылып келеді.
Көрсетілген кезеңде автомобильдің қарқынды дамуын шығарылып жатқан автомобильдердің бағасының жоғары және сенімділігі төмен болғаны тежеп отырды. Олар тек ауқатты кісілер тарапынан және әскерді жабдықтандыру мақсатымен сатып алынатын болған.
Автомобильдерді көптеп өндірудің басталуына Америкалық кәсіпкер Генри Форд тарапынан қолайлы құрылысы бар Форд-Т моделінің жасап шығарылуы және 1913 ж. оны жинап шығару үшін қолданылған арнайы конвейердің өндіріс көлемін арттыруға және соның есебінде автомобильдің өзіндік құнын түсіруге себеп болған деуге болады. Тап сол кезде автомобиль бағасы арзандап көпшілікке жетімді көлік түріне айналды.
Автомобиль өнеркәсібінің тарихында елеулі кезең деп жанармай қоспасының қысылуынан тұтанатын іштен жанатын қозғалтқыштардың қолданыла бастауы болып саналады. Осы қозғалтқыштардың үлгісі неміс инженері Рудольф Дизель тарапынан 1892 ж. патенттеліп, бірақ автомобильдерде (көбінесе жүк автомобильдерінде) сериялы түрде XX ғ. 20 ж. қолданыла бастады.
20 ж. басынан екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейінгі кезең автомобильдің жеке жүйелерінің жетілдірілуі, қозғалтқыштардың қуатының және жүріс жылдамдығының көбейтілуімен сипатталады. Өндіруші фирмалар қозғалтқыштың орналасуы, аспа және трансмиссияның құрылғыларымен эксперименттеген. Әскердің тапсырмасымен көп білікті және жоғары өткіштік автомобильдер жасалды. Арнайы автомобильдердің құрылыстары едәуір ерекшелене бастады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін (50-60 жж.) автомобильдердің өндіріс көлемі кенеттен артты. Осы кезеңнің революциялық шешімі болып жеңіл автомобильдер мен автобустардың құрылысында тіректі (қаңқасыз) кузовтардың көптеп қолданылуы болып табылады. Бұл шешім автомобильдерді жеңілдетуге, автомобиль кузовының пішінімен эксперименттеуге, қозғалтқышты автомобильге көлденең орналастыруға, алдыңғы дөңгелектерді жетекші қылуға және т.б. мүмкіндіктер тудырды.
Бірақ автомобильдер санының кенеттен артуы жолдарда қаза тапқандар мен жараланғандардың санының артуы, қоршаған ортаның ластануы, көмірсутек жанармайының жетіспеушілігінің басталуы сияқты негативті салдарға алып келді.
Осы оқиғаларды азайту үшін автомобиль өндіруші фирмалар әлеуметтік қауым және өкіметтің қысымымен автомобильдердің құрылысына едәуір өзгерістер енгізді. Автомобиль құрылысының жетілдірілуінің төрт кезеңін байқауға болады.
1. Құрылысының қауіпсіздігінің арттырылуы (60 ж. басынан) Бұл кезеңде автомобильдерде қауіпсіздік белдіктері және жастықтары, қауіпсіз әйнектер. Соққы жұтушы бамперлер және т.б. қолданыла бастады.

2. Жанармай шығынының азайтылуы (70 ж. мұнай дағдарысынан кейін) Бұл кезеңде автомобильдің өзіндік салмағын азайту және аэродинамикалық пішін беру үшін күрес басталады. Қозғалтқыштардың, шиналардың құрылысы жетілдіріліп, альтернативті (мұнайдан жасалмаған) автомобиль жанармай түрлері зерттеледі.
3. Қоршаған ортаға негативті әсерінің азайтылуы (80 ж. ортасынан) Бұл кезеңде қозғалтқыштардың жұмыс процестері жетілдіріледі, пайдаланылған газдар үшін автомобильдің зиянды шығарындыларын азайтатын түрлі сүзгілер мен бейтараптандырғыштар қолданылады.
4. Автомобильді қолдануды қауіпсіздендіру және қолайлату (90 ж. соңынан) Бұл кезеңде тұтынушыларды барынша қанағаттандыратын өнім ұсыну үшін автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастықтан автомобильдер компьютерлермен басқарылатын күрделі активті қауіпсіздік және автомобильді қолдануды қолайлататын қондырғылармен жабдықтала бастады.

Автомобильдердің жалпы құрылысы
Автомобиль - механизмдер мен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина. Олардың құрылысы әркелкі болуы мүмкін. Дегенмен, көпшілік автомобильдерде негізгі механизмдердің жұмыс әрекеті мен құрылыс принциптері бірыңғай болып келеді.
Автомобиль -- кемдегенде 4 доңғалағы бар, өз энергия көзімен қозғалысқа келтірілетін рельсті қажет етпейтін доңгалақты көліктік құрал. Сонымен қатар троллейбустер, үш доңғалақты 400 кг массалы көлік құралдары да автомобиль болып саналады. Әдетте автомобиль деп жеке автомобильді және автопоезды айтады.
Механизмдердің қызметі мен өзара орналасуына байланысты автомобильдерді құрастыру жағы көбіне ортақ болып келеді.
Негізгі бөліктер және агрегаттар
Әрбір автомобильде негізгі бөліктер үш жұпқа бөлінеді: кузов, қозғалтқыш және шасси.
Кузов - тасымал жүкті орналастыру қызметін атқарады және таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады. Жеңіл автомобиль мен автобуста кузов жолаушыларды және жүргізушіні орналастыру үшін қызмет атқарады. Жүк автомобильдерінің кузовы жүк тиейтін платформадан (жүктік кузов) және жүргізуші кабинасынан тұрады.
Қозғалтқыш - автомобильдің жүруіне және басқа қызметтерді атқаруға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлік. Оның негізгі жұмыс принципі энергияның бір түрін (көбінесе жылу энергиясын) екінші түріне (механикалық энергияға) айналдыру болып табылады. Қозғалтқыштан алынған механикалық энергия механизмдер қатары арқылы автомобильдің жетекші дөңгелектеріне жеткізіледі де автомобильді қозғайтын күш тудырады. Көпшілік автомобильдерде поршеньді бензинді немесе дизельді қозғалтқыштар қолданылады.
Шасси -- трансмиссия, аспалы жүйе, белдік, аспа, дөңгелек, рульдік басқару және тежеуіш жүйелері сияқты, әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын, бірнеше механизмдер мен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады.
Негізгі агрегаттардың орналасуларының жалпы сұлбасы
Автомобильдер жетекші дөңгелектерінің орналасуы мен санына байланысты алдынан жетекті, артынан жетекті және толық жетекті болып бөлінеді.
Жетекші дөңгелектердің санын анықтауға автомобильдің дөңгелек формуласы көмектеседі. Дөңгелек формуласындағы бірінші сандық белгі автомобильдің жалпы дөңгелектер санын, екінші сандық белгі автомобильдің жетекші дөңгелектер санын білдіреді. Алдынан немесе артынан жетекті автомобильдің дөңгелек формуласы 4x2, толық жетекті автомобильдің дөңгелек формуласы 4x4 деп жазылады.
Сонымен жетекші дөңгелектер қозғалтқыштан механизмдер қатары арқылы алған механикалық энергияның күшімен автомобильді тартып немесе итеріп қозғалтады. Қозғалтқыштан алынған айналу моменті алдыңғы дөңгелектерге берілсе алдынан жетекті, артқы дөңгелектерге берілсе артынан жетекті, барлық дөңгелектерге берілсе толық жетекті деп аталады.
Автомобильдер қозғалтқыштың алдында, артында және ортасында орналасуына байланысты үшке бөлінеді.
Кузовтардың негізгі түрлері
Жабық
Седан: Төрт немесе екі есікті болады. Ерекше өзгешелігі - толық көлемді екі қатар орындықтарының болуы және артқы қабырғасында есіктің болмауы.
Универсал:
Хэтчбек:
Купе:
Лимузин:
Минивэн:
Хардтоп:
Таун-кар:
Комби:
Лифтбэк:
Ашық
Кабриолет :
Родстер :
Фаэтон :
Ландо :
Брогам :
Тарга :
Спайдер :
Жүк және жолаушы
Пикап :
Фургон :

ІЛІНІС МУФТАСЫ
Ілініс қозғалтқыштан трансмиссияны аз уақытқа ажыратып, автомобильдің жүру алдында оларды өзара бірқалыпты қосуға және жүргеннен кейін беріліс қорабын берілістерге өзгерту үшін қызмет атқарады.
Сонымен бірге ілініс қозғалтқыш пен трансмиссия бөлшектерін автомобильді шұғыл тежеген кезде, күш түсу әсерінен ақау пайда болудан сақтайды.
Құндақ сермерге қаттылап бекітілген, жетекші дискімен шарнирлі жалғанады. Шарнирлер, жетекші дискіні ось бағытында жылжуына және құндақтан берілген бұрылу моментін қабылдауға мүкіндік береді. Сермер мен жетекші диск араларына жетектегі диск қойылған.
Жетекші мен жетектегі дискілер серіппелер арқылы сермерге сығылып, бұралу моментінің үйкеліс күшінің әсерін, беріліс қорабының жетекші білігінің шлицасына орнатылған жетектегі дискіге береді. Бұл кезде ілініс қосылып, бұралу моменті жетекші білік арқылы трансмиссия агрегаттарына беріледі.
Егер педальді басатын болса, онда жетек арқылы қосқыш ашаны кері итеріп, іліністі сығымдағыш ішпек арқылы ажыратады. Сығымдағыш ішпек жылжып, рычагтың ұшын итерген кезде, оның сыртқы шарнирлі орнатылған жетекші диск оңға қарай қозғалады, құндақ пен жетекші диск арасындағы серіппе сығылады. Жетекші диск ажыратылып, беріліс қорабына бұралу моменті берілмейді. Бұл іліністі ажырату болады.
Егер педальді жіберетін болса, онда сығымдағыш ішпек қайтарғыш серіппенің көмегімен бастапқы орнына қайтарылып, жетекші диск мен құндақтың арасындағы серіппе, жетекші дискіні сермерге сығып қысады,
ілініс қайтадан қосылады.
Сермерден бұралу моментін алатын бөлшектер іліністің - жетекші бөлігіне, бұралу моментін беріліс қорабының жетекші білігіне беретін бөлшектер- жетектегі бөлігіне жатады.
Жетектегі дискілердің санына байланысты фрикционды ілініс бір дискілі және екі дискілі болып бөлінеді.
Бір дискілі ілініс - сығылмалы серіппелі, сығылмалы мембраналы болып екіге бөлінеді.

БІР ДИСКІЛІ СЫҒЫЛМАЛЫ СЕРІІППЕЛІ ІЛІНІС.
Зил, ГАЗ, ГАЗ Волга, ПАЗ, бір дискілі сығылмалы серіппелі ілініс орнатылған. Мұдай іліністің құрылымына жетекші дискі мен құндақтың айналасының арасына бірнеше цилиндрлі серіппелер орнатылған. Мұндай муфталар серіппенің әсерінен өте жоғары іліністе болып, техникалық қызмет көрсету жеңілдеу болады.
ЗиЛ автомобильінің ілінісі цилиндрлер қаңқасына бекітілген шойын картердің ішіне бекітіледі. Жетекші бөлігі сермер және сермерге бұрандалармен бекітілген жетекші диск мен құндақтан тұрады.
Жетекші дискіге ілініс құндағына ашалы тірекке инелі ішпектің көмегімен сомын арқылы рычагтар бекітілген. Құндақты айналдыра бірнеше сығылмалы серіппелер қойылған және жетекші диск жағынан серіппенің серпімділігі жойылмас үшін, жылу өткізбейтін шайба орнатылған.
Жетектегі бөлігіне - жетектегі диск, күпшек, беріліс қорабының жетекші білігі жатады. Жетектегі дискінің екі шетіне фрикционды жапсырма бекітілген. Жапсырма мыс - асбесті немесе металл - асбесті материалдан жасалынған. Күпшек жетекші дискімен серіппе арқылы жалғастырылған, серіппе фрикционды - серіппелі бөліктің негізгі бөлігі болып, бұратылу тербелісінің өшіргіші - демпферлі серіппелер деп аталады.
Бұратылу тербелісін өшіргіш қозғалтқыштың иіндібілігінің бірқалыпты айналыста болмауынан, иіндібіліктің айналу жиілігінің жылдам өзгеруінен, автомобильдің тегіс емес жолдармен жүргенде, іліністі жылдамдатып қосқанда пайда болатын бұралу тербелістерін азайтады. Бұралу тербелістерін азайту, трансмиссия механизмдерінің, айқартопсалы берілістердің және тістегерішті берілістерінің ұзақ уақыт жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Іліністі ажыратқыш - сығымдағыш ішпектен, үш немесе төрт ажыратқыш рычагтардан тұрады. Ішпекпен муфтаны жылжыту, іліністі ажыратқыш аша арқылы жүргізіліп, муфта тартқыш серіппемен жақындайды.
Осы кезде ішпек рычагтан 1,5 - 3 мм-ге қайтарылады, ілініс педалінің бос жүрісінің саңылауы 35 - 50 мм - ге тең болады. Ішпек саңылауының азайуы, қозғалқыштың жұмыс істеу барысында іліністің бос айналуынан фрикцион жапсырмалары мен ішпектің тез тозуына әсер етеді. Саңылаудың көп болуы, іліністің толық ажыратылмай, біріліс қорабының тісті тегеріштері бір берілістен екіншісіне толық қосылуын қиындатады.
Іліністің ажыратқыш механизм жетегі - механикалы, автомобиль рамасының сол жағындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ауаның ластануының экологиялық проблемалары
АВТОКӨЛІКТЕРДЕН ШЫҒАТЫН ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНЫ
Жанармай. Жанармайдың қасиеттері мен қолданылуы. Бензин
Экология және денсаулық
Алматы қаласы атмосфералық ауасының автокөліктер газдарымен ластану деңгейін зерттеу
Автокөліктерге қолданылатын ЕВРО стандарты
Атмосфералық ауаны ластаушы заттар
Экологиялық жауапкершілік
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері
Автомобиль жолдарын пайдалану жағдайындағы қоршаған ортаның ластануы
Пәндер