Жаздық рапс сорттарын таңдау негіздемесі


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Солтүстік Қазақстан облысы «Еңбек» ЖШС-гі жағдайында жаздық рапстың дәстүрлі өсіру технологиясы »
Курстық жұмыстың жобалы мазмұны
КІРІСПЕ
Солтүстік экономикалық аудан бойынша Қазақстандағы ең дамыған агроөнеркәсіптік кешенде орналасқан. Солтүстік Қазақстан - еліміздің ең ауқымды астықты ауданы болып саналады. Қаpa топырақты жерлердің мол болуы жағдайын ескере отырып, егін шаруашылығының дамуына оң әсерін енгізді. Негізгі мамандандырылғанған саласы (егістік жердің 80%-ы жуық ауқымда) - дәнді дақылдарды өсіру болып табылады.
Бұдан басқа, облыста сұлы, арпа, рапс және де қарақұмық өсірілуде. Жалпы астық жинау бойынша Қазақстанда алдыңғы орынға ие (67%), сонымен қатар оның басым бөлігі Ақмола және Қостанай облыстарының үлесіне тиеді. Техникалық дақылдардың үлесі(күнбағыс, зығыр, қыша т. б) шамалы мөлшерде, дегенмен күнбағыстан алынатын өнім республикадағы біршама жоғары деңгейді құрайды.
Сурет -1. Рапс дақылы
Қала сыртындағы шаруашылықтарда көкөніс, картоп және бақша дакылдары өсіру дамып келеді. Дақылдардың жалпы алғандағы жиынтық үлесі 15% болса, бұл көрсеткіш аймақтың бүкіл халқын қамтамасыз етуге жеткілікті екенін білдіреді. Аймақтың ауыл шаруашылық жерлерінің басым бөлігін 25% пайыздай азықтық дақылдар, соның ішінде көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жүгері мен азықтық қызылша алып жатыр. Аймақта сүтті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіруге болатын көптеген жайылымдық және шалғындық жерлер көптеп кездеседі, оған қоса қой, жылқы, құс және шошқа шаруашылықтары кеңінен дамыған. [1]
Облыста тамақ және жеңіл өнеркәсіптертің дамуына ауыл шаруашылық базасының бай әрі ауқымды болуы өз ықпалын тигізеді. Тамақ өнеркәсібі бойынша ет, ұн тарту-жарма, сүт, май шайқау салалары аймақ экономикасында алар орны ерекше.
Негізінен сүт және сары май, ірімшік, құрғақ сүт өндіруге маманданған жүйесі болып табылады. Аймақ бойынша орта есеппен адам басына есептегендегі орташа республикалық көрсеткіштен 2 есе көп мөлшерді құрайды. Барлық қалаларда тіпті кейбір ауылдық елді мекендерде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары да бар. Өндіріс тері, тоқыма және тігін өнімдерін шығарады. [2]
Аймақтағы әрбір тасымалданатын жүктің 20% пайыздан астамы автомобиль көлігінің үлесіне есептеледі. Барлық шараның нәтижесінде Солтүстік Қазақстанда аумақтық өндірістік кешендер мен өндіріс тораптары қалыптасып келеді. Павлодар-Екібастұз агроөнеркәсіптік кешен ретінде экономикалық ауданның негізі болып табылады. Көмір, электр қуаты, ферроқорытпа және алюминий тотығын өндіретін орташа және ірі кәсіпорындардан тұрады. Трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, химия және мұнай өңдеу өнеркәсіптері кең ауқымда дамып келеді. Ақсу феррокорытпа зауытының өнімі қазіргі кезде әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие болып табылады. [3]
Курстық жұмыстың мақсаты: Жаздық рапстың биологиялық ерекшеліктерін, өсіру технологиясын, шаруашылықтағы маңызын зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттер:
-Шаруашылық жағдайында жаздық рапстың қоршаған орта факторларымен қамтамасыз етілуі
- Дақылдың жиынтық талаптары және оның өсіп-даму ерекшеліктері
- Жаздық рапстың өсіру технологиясын жасау алдыңдағы алғы деректер
- Жаздық рапстың өсіру технологиясы және оған сипаттама
- Курстық жұмыс бойынша экономикалық тиімділікті есептеу
- Курстық жұмысқа бастапқы деректер
- Солтүстік Қазақстан облысының топырақ-климат жағдайлары
Облыс аумағы Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігінде орналасқан, негізінен рельефі жазықты және кәдімгі қара топырақты өңір, ылғалдану және жылумен қамтамасыз етілу жағдайлары бойынша облыста екі аймақ ажыратылған: орманды дала солтүстік және оңтүстік орманды дала және орташа құрғақшылықты далалы аймақ. Облыс климаты континенталды, қысы суық, қар қабаты орта есеппен 5 айға дейін жатады, күшті желді, жазы ыстық. Орташа жылдық жауын-шашын 317 ден (Петропавл маңы) 340 мм-ге дейін (Булаев маңы) және барынша көп мөлшері салыстырмалы түрде біркелкі түсе отырып жазғы кезеңге сәйкес келеді. Алайда облыстың оңтүстік аудандарында 300 мм-ден кем ылғал түседі де құрғақшылыққа ұрындырады. Тұрақты қар қабаты қараша айының бірінші жартысында қалыптасады және орташа қалыңдығы 20-30 см-ден аспайды, ауа бозқырауы 15-25 мамырда аяқталады, алайда маусым айында да қайталануы ықтимал. Аязсыз кезең ұзақтығы - 110-130 тәулікке тең. Жауын-шашынның барынша көп мөлшері жазғы кезеңге сәйкес келеді, ең жоғарғы деңгейі шілде айында байқалады. [4]
Айта кету керек, құрғақшылық жылдары жауын-шашын мөлшері күрт азайып кетеді, ал жауынды жылдары - көпжылғы орташа көрсеткіштен үш есеге дейін, тіпті одан да көп мөлшерде түседі. Арасында күзгі бозқыраулар қыркүйектің ортасына қарай, негізінен жекелеген жылдары тіпті тамыз айында түседі. Ерте күзгі бозқыраулар астық дақылдарының толысу кезеңінде дәнді аяз соғып зақымдауы мүмкін, біріншіден сапасын күрт төмендетуі мүмкін, екіншіден клейковина мөлшерінің азаюына әкеледі. Ауыл шаруашылығы дақылдарын ойдағыдай өсіріп, мол әрі сапалы өнім алу жолында климат ерекшеліктерімен қоса, топырақ жағдайларына да көңіл бөлген жөң. Жоғарыда атап өткендей, Солтүстік Қазақстан облысында кәдімгі қара топырақтар кең тараған. Мұнда топырақ түзуші жыныстарға ауыр саздақтар жатады. Кәдімгі топырақтар типшелерінің арасында карбонатты және сортаңды түршелері көптеп ажыратылады. Бұл топырақтар су өткізгіштік қасиетімен, нашар аэрациясымен және жоғары су сыйымдылығымен ерекшеленеді. Бұл көрсеткіштер көктемгі кезеңде жыртынды жерлердің ұзақ уақыт сазды күйде болуына ықпал ете отырып себу алдындағы және себу жұмыстарын уақытында жүргізуге кедергі келтіреді. Топырақты себуге дайындағанда дақылдардың аталған ерекшеліктері мен біршама көрсеткіштерін ескеруге тура келеді.
Солтүстік Қазақстан облысында негізінен жаздық бидай өсіріледі, ал соңғы жылдарды қарастыра келе диверсификация нәтижесінде майлы дақылдар егістігі (оның ішінде майлы рапс, күнбағыс) және басқа дақылдар кеңінен өсірілуде. [5]
Облыстың климаты күрт континенталды, ауаның орташа жылдық температурасы +1 0 С-дан +3 0 С-ға дейін, ең суық қантар айында орташа температура -20, -18 0 С болса, ал ең жылы шілде айында +19, +24 0 С болып есептеледі. Көктем уақытында жылу тез көтеріледі де, аймақтың солтүстігінде сәуірдің соңында, ал оңтүстік бөлігі ортасында тәуліктік орташа температура +5 0 С-дан асады. Жекелеген жылдары кенеттен суытқанда сәуірде орташа тәуліктік температура -10 0 С-ға дейін болса, ал мамырда 0 0 С-ға дейін төмендейді.
Кесте - 1. Солтүстік Қазақстан облысының ауа-райы мәліметтері
Аязсыз яғни үсіксіз, бозқыраусыз кезеңнің ұзақтығы шамамен 3, 5 ай, осы кезеңде белсенді температура 10 0 С-дан жоғары болатын жағдайда жиынтығы 1700-1800 0 С-дан аспайды. Солтүстік Қазақстан аумағында мәдени өсімдіктер жылумен толық әрі жақсы қамтамасыз етілген. Белсенді температура жиынтығы бұл аймақта 2000 - 2550 0 С-ға дейін өзгереді. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері шамамен 200-350 мм аралығында өзгеріп отырады, ал жылы кезеңде жазға дейін орта есеппен 180-230 мм ылғал түседі. Аймаққа күшті желдер әсері жазда шаңды дауылға, қыста қарлы боранға ұласады. Қорыта айтқанда Солтүстік Қазақстанның климаты жиі қайталанатын құрғақшылықпен ерекшеленеді, ал мұның өзі танаптық дақылдарды аудандастырып орналастырғанда біріншіден олардың құрғақшылыққа төзімділігін, ал екіншіден жаздың екінші жартысында түсетін ылғалды, сонымен бірге күзгі, қысқы және көктемгі жауын-шашынды пайдалану мүмкіндігін ескеруді қажетсінеді. [6]
- Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер үшін және халық шаруашылығында жаздық рапстың тартымдылығы
Егіншілік шаруашылығы саласының негізгі міндеттердің бірі - еліміздің тұрғындарын жеткілікті мөлшерде сапалы әрі пайдалы өсімдік майымен қамтамасыз ету болып табылады. Ол үшін майлы дақылдардың егіс көлемін кеңейтіп қана қоймай, олардың жоғары өнімді түрлері мен сорттарын пайдалана отырып, тұқым шаруашылығы саласын жақсарту қажет. Ғылыми негізделген өсіру технологиясын кеңінен қолдана отырып, өнімділікті және оның сапасын жоғарылату керек. Бүгінгі таңда мал басының аз болуы мен мал өнімдерін оның ішінде жануар майын пайдаланудың азаюы, өсімдік майына деген сұранысты арттырып отыр. Елімізде өсімдік майына деген сұраныстың тек 15%-ы өзімізде өндіріліп жатса, 85%-ы сырттан әкелінеді екен. Сондықтан бұл өнім түрін пайдалана отырып мемлекеттік азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. [7]
Сурет - 2. Рапс майын шетелге импорттау жүйесі, %
Қазіргі кезде республика халқының өсуіне байланысты азық-түлікке сұраныс қажеттілігі орасан зор қарқынмен артуда. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласында дақылдардың өнімділігін көтеру, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, жаңа технологияны, жоғары және тұрақты өнім беретін, яғни өнімділік потенциалы жоғары дақылдар сорттарын аудандастырып, өндіріске енгізу өте қажет. Бұл бағытты соңғы жылдары облыс көлемінде бұрын егілмеген немесе жете зерттелмеген дақылдарды егу қолға алына бастады. Сондай дақылдардың бірі- рапс өсімдігі болып табылады. Елімізде рапс өсімдігі негізінен екі бағытта, бірі май алу үшін және екіншіден мал азығы үшін пайдаланылады. Осыған байланысты майлы дақылдардың ғылыми негізделген өсіру технологиясын зерттеу өзекті мәселе болып келеді. Өсірілетін майлы дақылдардың өнімділігі мен май шығымы 24-50% аралығында болса топырақ-климат, агротехника, сорт ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Өндірілетін өсімдік майы химиялық құрамы жағынан да, биологиялық қасиеттеріне және тауарлық сапасына қарай әртүрлі мақсаттарда пайдаланылады.
Қазақстанда жыл сайын ауылшаруашылық дақылдарын ауыстырып өсіруді әртараптандыру (диверсификация) үдерістері кең әрі ауқымды түрде жүзеге асырылуда. Осыған байланысты елімізде көптеген майлы дақылдардың егістік көлемдері қосылып жатыр. Майлы дақылдардың егістік аудандарының күрт өсуі елімізде 2010 жылдан басталды. 2016 жылы Қазақстандағы майлы дақылдар егістік ауданы рекордтық көрсеткішке жетіп, 1млн 981, 5 мың га құрады, яғни соңғы 10 жылдың ішінде майлы дақылдардың жер көлемі 5-есе өскен екен. Мұның себебіне Қазақстанның әртүрлі аймақтарында рапс дақылын өсірудің оптималды технологиясы жүзеге асырылған, сонымен қатар рапс дақылы мен одан алынатын өнімдерді өткізу мәселелері толық шешілген және олардың бағалары бидайдың бағасына қарағанда өте жоғары. Бұл рапс дақылын өсірудің рентабелділігінің жоғары екендігін көрсетеді. [8]
Рапс - өте бағалы майлы әрі мал азықтық дақыл болып табылады, ол жоғары сапалы өсімдік майы мен ақуыз көзіне жатады. Рапс өсімдігін өсіру экологиялық экономикалық және агрономиялық көрсеткіштері жағынан пайдалы:
1. Экологиялық жағынан қарай келе бір гектар жаздық рапс егістігі 10, 6 млн оттегіні бөліп, қант қызылшасынан кейін 2 орынға ие. Бір гектар орман алқабындағы 4 млн л. оттегіні бөледі, яғни бұл рапс егістігінің бір гектары бөлетін оттегінен 2, 5 есе аз болады. Сонымен қатар топыраққа төгілген Рапс майы 7 күн ішінде 95%-ға дейін өздігінен ыдыраса да, қоршаған ортаны ластамайды, бірақ минералдық майлар осы мерзім ішінде бар болғаны 16% ғана ыдырап қоршаған ортаны ластауы мүмкін. Бір литр минералдық май 1 млн литр суды ауылшаруашылық дақылдарын суаруға жарамсыз етілсе, топырақты ластап, одан кейін өсімдік өсіру үшін көп жылдарға пайдалануға болмайтын жағдайға жетеді. Кейбір органикалық заттардан алынған бензин мен дизелдік жанармай тракторлар мен автомашиналардың қозғалтқыштарында жанып, содан қоршаған ортаға көптеген зиянды заттарды бөледі, кейін рапстық жанармай жанғанда экологиялық таза газдарға айналады. Сондықтан рапс майынан алынған жанармайға экологиялық тиімділігі жағынан тең келетін жанармай жоқ болып саналады.
2. Агрономиялық көрсеткіші - потенциалдық өнімділігі жоғары және ауыспалы егістікке жақсы алғы дақыл ретінде өзінен кейінгі егілген бидай мен арпаның өнімділігін 10-20%-ға арттырады, топырақты органикалық заттармен толықтырып, су және ауа өткізгіштік қасиетін жақсартады, яғни шикізат ретінде биожанармай немесе биомоторлық май шығаруда өте бағалы әрі сапалы мал азықтық жем ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
3. Экономикалық тиімділігі - рапсты өсіру рентабельділігі 50%-ден кем емес болуы қажет, сату бағасы да тиімді болғандықтан ішкі және сыртқы нарықта техникалық шикізат ретінде транспорт пен өнеркәсіпте жүйелі түрде қолданылады. Тағамдық және техникалық өсімдік майы ретінде әлемдік нарықта жоғары сұраныста табылып отыр.
Ауыспалы егістерде аралық дақыл ретінде себілген рапс малдарға күз айларында және көктемде жақсы жайылым болары сөзсіз. Аталған қасиеттері жағынан рапс жақсы мал азықтық дақыл болып саналады. Май зауыттарында өңделген рапс күнжарасы малазықтық қасиеті жағынан сұлыға тең келеді, бірақ ондағы қорытылатын протеиін мөлшері сұлыдан үш есе көп болады. Рапс күнжарасын малға таза күйінде дайындамайды, азықтардың қоспасы ретінде берген дұрыс. Егіншілік саласында рапс көптеген өсімдіктерге жақсы әрі тиімді алғы дақыл болып есептелінеді. [9]
- Солтүстік Қазақстан облысында жаздық рапс өндірісінің жағдайы және оның болашағы
Біздің еліміз рапстың жалпы егістік алқабының 12, 5 пайызын құрап, күнбағыс пен мақтадан кейінгі орында тұр. Қазіргі кезде рапс Солтүстік Қазақстан облысында жан жақты өсіріледі. Жаздық рапсты пардан, дәнді, дәнді бұршақ, отамалы дақылдардан кейін арамшөптерден тазартылған құнарлы әрі суармалы жерлерге орналастырған дұрыс шешім болып табылады.
Жаздық рапстың әр гектарынан 10 ц өнім алынады. Оның белгілі сорттары: юбилейный, золотоновский, русич, руян. Осының ішінде ең жоғары сапалы «юбилейный» сорты болып табылады. Жаздық рапс (кольза) бал беруі жағынан күздік рапстан қалыспайды. Яғни жаздық рапстың шырын мен тозаң бөлетін қасиеті де бар. Оны Солтүстік Қазақстанда және Ақмола облыстарында өсіру тиімді болып саналады.
Бүгінгі күнде жаздық рапс майлы дақыл ретінде кеңінен өңделуде, әсіресе атап өтетін мұндай дақылдар көп өнім бере қоймайтын табиғи зоналарда кеңінен таралған. Екпе дақылы ретінде жаздық рапс кездеседі. Біраз мөлшерде май беретін шаршы гүлділер өсімдіктерінің ішінде рапс тұқымы майының көптігімен (45-50%) және сапасы жөнінен бірінші орынға ие. Солтүстік Қазақстанда ерте пісетін жаздық рапс өсіріледі. Аймақта соңғы жылдары оның егістігі 45- 50 мың гектарға дейін жетті, ал Көкшетау аймағы мен Қостанай облысында жыл сайын 20-30 мың га жерге себіледі. [10]
- «Еңбек» ЖШС шаруашылығында жаздық рапсты өсірудің мақсаты
«Еңбек» ЖШС шаруашылығы Солтүстік Қазақстан oблыcы, Ақжар ayдaны, Талшық ayылындa орналасқан. Шаруашылық бидaй, aрпa, cұлы, cyдaн шөбі, рaпc, зығыр, күнбaғыc, кaртoп, т. б. ayылшaрyaшылық дaқылдaрының oтaндық жәнe шeтeлдік coрттaрын cынaп, oлaрды өcірyмeн aйнaлыcaды. Өнімнің барлығы дерлік сапалы, әрі мемлекеттік стандарттарға сәйкес болып келеді. Oртaлық aктивіндe 5000 гeктaрдaн acтaм eгіcтік жeр, жaңa трaктoрлaр, кoмбaйндермен қоса ceпкіштeр жәнe ayылшaрyaшылық тexникaлaр бaр.
Кecтe - 2. «Еңбек» ЖШС шaрyaшылықтың жeр пaйдaлaнy жaғдaйы
кестеде көрсетілгендей, «Еңбек» ЖШС-нің жер көлемі 5000 га құрайды. жалпы жыртылатын жер аумағы 3500 га құрайды, бұл жалпы жер аумағының 70%-ын алады. Сонымен қатар, шаруашылық аймағында ормандық алқаптар, шабындық және жайылымдық жерлер бар.
![]()
Сурет - 3. 2001-2019 жылдар аралығындағы жаздық және күздік рапстың шаруашылықтағы егістік алаңы
Aғымдaғы жылы oблыcтa жaзғы eгiн eгy көлeмi 4, 9 млн. гa құрaйды, oның iшiндe: acтық дaқылдaры - 4, 4 млн. гa, мaйлы дaқылдaр - 254, 0 мың гa, мaл aзығы дaқылдaры - 181, 0 мың гa. 16, 1 мың гa aлқaптa кaртoп, 3, 0 мың гa acтaм aлқaптa көкөнic oтырғызылды. Өңiрдe шaмaмeн 530 мың тoннa тұқым, oл қaжeттiлiктeн - 100, 1%. Aғымдaғы жылы элитaлы тұқым ceбy 23, 3% ұлғaйтылып, 365 мың гa құрaйтын бoлaды. Өңiрдe тoпырaққa минeрaлды тыңaйтқыштaрды eнгiзy ayдaнын ұлғaйтy (1, 0 млн. гeктaрдaн 1, 6 млн. гa дeйiн) жәнe cyaрмaлы жeрлeрдiң ayдaнын кeңeйтy (24, 1 мың гeктaрдaн 28, 6 мың гa дeйiн) жoлымeн өнiм түciмiн aрттырyғa қoл жeткiзді. 2020 жылғы eгiн eгy нayқaнындa 14, 3 мың трaктoр, 16, 1 мың acтық дecтeгiшi жәнe 1, 2 мың жoғaры өнiмдi кeшeн, oлaрмeн 70% acтық cынaмacынaн acтaм aлқaпқa eгiн ceбілді. [11]
- Жаздық рапс сорттарын таңдау негіздемесі
Сорт дегеніміз-ботаникалық таскалар және басқа да сипаттамалар мен ерекшелейтін мәдени дақылдардың тобы. Жопарланған дақылдың сортын таңдау бір қарағанда оңай болып көрінгенмен, соншалықты жеңіл шаруа емес. Таңдап алынған сорт ең алдымен өсірілетін аумақтың климатына, ылғалдылық көрсеткіштеріне, топырақ типіне сәйкес келу керек. Сорт тазалығы жоғары, зиянкестермен зақымдалмаған ең бастысы ГМО-ға қатыссыз сорт болу керек.
Аймақтағы шаруашылықтың жаңартылған тәжірибелік танаптарында екі нолдік (00) сорттары, бір ноль (0) дәндегі эруктік қышқыл мөлшерін және екінші (00) - глюкозинолаттың мөлшерін көрсетеді. Жаздық рапстың осындай екі нөлдік (00) сорттарының дәнінен алынған май сапалы әрі тиімді тағамдық май тобына жатады. Құрамында пайдалы олеиндік және линолевтік қышқыл мөлшері көптеп кездеседі. [12]
Кесте - 3. Қазақстан Республикасында өсіруге рұқсат етілген жаздық рапс сорттары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz