Критикалық ойлау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасның Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Критикалық ойлау.

Орындаған:
Тексерген:

Алматы 2020ж.
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Ойлау дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Ойлау тарихы және онымен байланысты ғылымдар ... ... ... ... .4
Ой тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Критикалық ойлау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Критикалық ойлаудың артықшылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
Критикалық ойлаушының қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 13

КІРІСПЕ
Мен бұл СӨЖ-де ойлау дегеніміз не, ойлау тарихы және онымен байланысты ғылымдар, ой тәсілдері соның ішінде абстракциялық ұғым, жалпылау, нақтылау ұғымдары туралы, критикалық ойлау, критикалық ойлаудың артықшылығы т.б. мәселелер туралы жаздым. Мысалы: Ойлау - объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Критикалық ойлау - неге сеніп, не істеу керектігі жөнінде саналы ойлай білу. Оны жадыңнан шығармай немесе оқып ала салу мүмкін емес. Критикалық ойлауды үйреніп алу мүмкін емес; ол күнделікті тәжірибемен келетін нәрсе. Сонымен қатар бұл СӨЖ-де критикалық ойлаушының қасиеттері туралы да айтылды. Критикалық ойлаушының жеті негізгі қасиеті болуы керек. Бұл туралы СӨЖ-дің соңында айтылды. Бұл СӨЖ жұмысы тек географтар үшін ғана емес, кез-келген адам үшін маңызы зор болып табылады. Себебі сіз бұл СӨЖ жұмысын оқу арқылы рухани дамып жетілесіз. Дүниеге деген көзқарасыңыз өзгереді. Менің ойымша, бұл СӨЖ жұмысының ерекшелігі де осында болып табылады.

Ойлау дегеніміз не?
Ойлау - объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді. Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері ете кең.
Ойлау тарихы және онымен байланысты ғылымдар
Ойлау тарихы адамның пайда болып, дамуының тарихымен байланысты. Ойлау - қоғамдық-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең байланыста, тіл - адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге болады. Ойлау тек табиғи тіл арқылы ғана емес, жасанды тілдер (мысалы, абстрактылы математика тілі немесе нақтылы-бейнелі өнер тілі) арқылы да іске асады. Ойлау күрделі тарихи-әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны зерттеумен көптеген ғылымдар - психология, логика, таным теориясы, лингвистика, кибернетика, физиология, т.б. шұғылданады. Философияда ойлау белсенділігі, логикасы туралы мәселелер қарастырылып, оның ақиқаттылығының өлшемі зерттеледі. Бұл мәселелер философия тарихында әр түрлі тұрғыда (материалистік және идеалистік, рационалистік және эмпирикалық, априорлық және апостериорлық, диалекттік және метафизикалық, т. б.) зерделеніп, ойлау жөнінде әр түрлі ілімдер орын алған. Ойлау тек адамға ғана тән қабілет ретінде оның шынайы адами болмысының қайнар көзі әрі басты құралының бірі, адам еркіндігінің мүмкіндігі мен шындығының кепілі болып табылады.

Ой тәсілдері
Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Ойлау -- түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз ой аркылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез -- бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі -- бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу, анализ бен синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл -- анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен қүрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу т. б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т. б.) әр қилы көрініп отырады. Мәселен, бөбектің қағазды екіге бөлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жер мен көктей. Бөбектің қағазды екіге бөлуінде анализ практикалық амал ретінде көрінсе, Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде көрінеді. Анализ бен синтездің негізівде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады Салыстыруда: заттардың ұқсартық, айырмашылық, қасиеттері айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қабат, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мәселен, заттарды оның түсіне, түріне, құрылысына, атқаратын қызметіне қарай салыстыруға болады. Ойлау операциясынын, күрделі түрі -- абстракция мен жалпылау.
Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген сездерді "төрт бұрыш" деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады. Сондай-ақ, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде "ақшыл" деген сөзді алсақ, бұл да абстракциялық ұғымға жатады.
Астракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау абстракциялық ұғымды соған сөйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен, жылқы деген жалпы ұғымды қүлын, тай, қүнан, дөнен, айғыр, бие деп бөлетін болсақ, мүндағы жылқының жеке түрлері нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді. Жеке мысал, көрнекті құрал -- нақтылаудың түрлі формалары.
Жалпылау дегеніміз бір текті затгардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Мәселен, алма, өрік, мейіз, алмұрт т. б. үқсас белгілері жиналып келіп,. "жеміс" деген жалпы ұғымды береді. Жалпылау тәсілі бізге сыртқы дүние заттарының мәнді белфіерін ажырата алуға жәрдем береді, өйткені " қарапайым, қорытынды жасалуы, ұғымдардың (пікірлердің, қорытындылардың ) бастапқы және ең қарапайым пайда болуы -- дүниенің барған сайын неғүрлым терең объективтік байланысын адамның тануы деген сөз".
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша орналастыруды жүйелеу (систематизация) дейді. Жүйелеудің жоғары түрі -- классификация. Мәселен, жануарлар -- типке, типтен -- класқа, кластан -- отрядқа, отрядтан -- отбасыға, отбасыдан -- текке, тектен -- түрге т. б. жүйеленеді. Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді белгілі классификацияға келтіруге болады.

Критикалық ойлау
Критикалық ойлау деген сөздің өзі гректің kritikos (κριτικός) яғни ойлай білетін деген мағына беретін сөзінен алынған.
Критикалық ойлау деген сөзді естіген кезде ең алдымен, әлдекім туралы жағымсыз ой келуі мүмкін. Өйткені, біреуді критикаға салу сынау дегенді білдіреді. Сіз өзіңізге ұнамайтын нәрселерді сынға алып немесе сізді ата-анаңыз, мұғалімдеріңіз, дос-жарандарыңыз сынауы мүмкін. Алайда, сіз критикалық ойлай тұрып, жағымсыз ойларға берілмегеніңіз жөн. Критикалық ойлау қисынды және дұрыс ойлауды, сонымен қатар, қисынсыз, ақылға қонымсыз ойларды немесе әлдебір нәрселерді талқыға салуды да ілестіре жүреді. Былайша айтқанда, критикалық ойлау дегеніміз - кез-келген нақты ойға аса мән бермеуге, салмақты, толық қорытылмаған ойлар кесе-көлденеңдеп, дәлелсіз небір нәрсені негізге алмауға, жаңаша әдістемелер мен бастамаларға ашық болуды меңзейді. Критикалық ойлау - неге сеніп, не істеу керектігі жөнінде саналы ойлай білу. Оны жадыңнан шығармай немесе оқып ала салу мүмкін емес. Критикалық ойлауды үйреніп алу мүмкін емес; ол күнделікті тәжірибемен келетін нәрсе. Критикалық ойлай білетін адам өзіне мына тақылеттес сауалдар қоя білу керек: - Мен неге сеніп, нені білдім? - Мен қандай жаңа нәрсе үйрендім? - Менің ойлау жүйем өзгерді ме? Қалай, қай жағына өзгерді? - Бұдан маған қандай пайда бар? Осы сауалдарға жауап тауып, критикалық ойлай білетін адам өзінің ойлау жүйесін бағалай біледі. Критикалық ойлау өзгелерді жақсы түсінуге қатысты тиімді ойлай білуге дағдыландырады. Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семинар сабақтарын өткізу ерекшеліктері
Солақайлық мәселесі
Студентер тобындағы қарым-қатынастың тұлғалық-эмоциялық ерекшеліктерін зерттеу
Иммануил Кант туралы ақпарат
Семинар сабақтарын өткізу
Delphi ортасындағы графиканың мүмкіндіктері
Жаңартылған білім бағдарламасының маңызы мен ерекшелігі
ГРАФТАР ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Саяси дискурстың ерекшіліктері (лингвомәдениетаралық талдау)
Көп компонентті қоспалардағы дәрілік заттарды өлшеу әдістемесі және анықтау алгоритімдерін әзірлеу
Пәндер