Адам барлық қоғамдық өндіріс түрлерінің шешуші факторы
Қазақстан Республикасның Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Ноосфералық даму жолы.
Орындаған:
Тексерген:
Алматы 2020ж.
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Ноосфера ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Ноосфераның пайда болуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..6
Адамның ғаламшарға ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
Чернобль апаты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
Адамның ойланбай жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған ортаның орасан зор зиян шегуі Аустралия мысалында ... ... ... ... ... .10
Ормандардың жойылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Қазақстанның ноосфераның қалыптасуына қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... 13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 15
КІРІСПЕ
Бұл СӨЖ жұмысында ноосфера ұғымы туралы, оның пайда болуы мен дамуы туралы айтылды. Ноосфера жердің саналы қабығы болып табылдады. Ол адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістермен тікелей байланысты болып келеді. Әлбетте адам баласы өзінің туылғанынан бастап, жер ғаламшарына өзінің ықпалын тигізуде. Өкінішке орай қазіргі таңда адамның қоршаған ортаға, табиғатқа тигізген әсерлерінің жақсы жақтарынан жаман жақтары басым болып тұр. Орманды жерлердің өртелуі, кәсіптік мәні бар жануарлар санының азаюы (тіпті жойылуы) адамның ойланбай жасалған іс-әрекетінің нәтижесі. Бір кезде "табиғатты таусылмайтын қазына" деп есептеп, "табиғаттың бермесін тартып алу" деген теріс көзқарастардың әсерінен табиғат талан-таражға түсті. Табиғат заңдылықтарын ескермей жүргізген іс-әрекетімізден, табиғат тепе-теңдігі бұзылды. Бұл қазіргі кезде адамның өз тіршілігіне де зор қауіп төндіріп отыр.
Мен осы СӨЖ жұмысы барысында адамның саналы түрде ойланбай жасаған іс әрекеттерінің қоршаған ортаға тигізіп отырған зиянын көрсеткім келді. Әрине адамның қоршаған ортаға тигізіп отырған зияндары өте көп олар, атмосфераның ластануы, мұхиттардың ластануы, климаттың өзгеруі, өсімдіктер жануарлар түрлерінің жойылуы, озон қабатының тесілуі, шөлейттену, ормандардың жойылуы, өрттер, түрлі жарылыстар т.б. Осылардың ішінен, адамның ойланбай жасаған әрекеттерінің қоршаған ортаға тигізген әсерін айқын көрсететін ең ірі үш мысалды Чернобыль апаты, Аусталия табиғатының қояндардың салдарынан құртылуы және ормандардың жойылуы мысалын алдым.
Ноосфера
Ноосфера (гр. νόος - сана және σφαῖρα - орта, шар) -- биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор; ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Ноосфера - ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 - 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 - 1955) енгізген. XX ғасырдың 30 - 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді. Ноосфера - табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.
Теяр де Шарденнің анықтамасы бойынша, ноосфера дегеніміз - планета эволюциясының болашағының бағыттарын бақылап отыратын коллективті саналылық, ол табиғатпен өте жақын үйлесімділік табады.В.И.Вернадский ноосфера атауымен біздің ғаламшарымыз бен оның маңындағы кеңістіктің адамның саналы әрекетінің белгілері орын алған бөлігін түсіндірді. Биосфера тәрізді, ноосфера да Жердің барлық бөліктерін әсер етуші биогеохимиялық күш болып табылады. Адам тарихи дамудың жемісі, барлық қоғамдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам-өндіргіш күштің басты негізі, өндірістің субъективті жеке факторы. Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар. Ол да адам, қоғамды өркендетуші де адам. Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аясыңда болады, соның өрісінде дамиды. Адам барлық қоғамдық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Соңдықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол, үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік, әлеуметтік және т.б. талаптар, әлемде осы заманда ерекше күшейді. Еңбектің сипаты мен мазмұны, ұйымдастыру, басқару тиімділігін арттыру, жұмыс жағдайлары мен жұмыс уақыты, еңбек белсенділігін арттыру және т.б. сан алуан жағдайлар қоғамда да әр түрлі болып келгені белгілі. Сондықтан өндіріс жүйесінде адам дамуының заңдылықтары әр түрлі қоғамдық құрылыстың дамуына сәйкес келеді, сонымен белгіленеді. Өндірісте адам факторларының барлық қоғамға тән ортақ даму заңдылықтары бар. Олардың негізгілері: бірлескен жұмыс күшінің қалыптасуы, еңбекшілердің жалпы және кәсіптік білімнің өсуі, мамандық дәрежесінің көтерілуі, маманданған еңбектің нәтижелілігі мен тиімділігінің артуы, күрделі еңбектің басым болуы, кәсіптік құрамының және ой еңбегі мен дене еңбегінің ара қатынастарының өзгеруі, еңбек мазмұнының және жұмысшылардың өндірістегі атқаратьш қызметінің өзгеруі, адам факторының маңыздылығының арта беруі және т.б. Өндірістегі адам факторының даму заңдылықтарының бірі-жиынтық жұмыс күшінің қалыптасуы. Бірлескен жұмыс күші- тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, тереңдей түскен қоғамдық еңбек бөлінісінің және кооперациясының нәтижесі. Оның материалдық негізін өндіріс-құрал жабдықтарының дәрежесінен іздеген жөн. Қарапайым еңбек құралы, еңбек бөлінісі бұл құбылысты қажет еткен жоқ. Әрбір бөлшек және жекеленген операциялар бойынша еңбек бөлінісі, бірлескен жұмыс күші құрылуының беташары болмаса, машина дәуірі оны біржолата қалыптастырады. арқасында жүзеге асады, маманданған еңбекті қажет етеді. Машина еңбекті кооперациялауға, қоғамдастыруға, топтастыруға, еңбек бөлінісіне тікелей жол ашады. Өйткені машинаның жұмыс жасауы тек қана бірігіп қоғамдастырылған еңбектің Адамның әлем экономикасында, осы дәуірде, өндіріс факторы ретіндегі дамуының негізгі бір заңдылығы оның жалпы және кәсіби білімінің биік деңгейге көтерілгені өмір талабы. Әлем көлемінде, осы тұрғыдан келесі заңдылық, ол маманданған еңбектің салмағы өсті, берер нәтижесі және тиімділігі артты. Бұл қоғамдық өндірістің материалдық базасының жақсаруымен, озық техника мен технологияны пайдаланумен тығыз байланысты. Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ҒТР-ға шешуші ықпал етеді. ҒТР қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр. Еңбек заттары мен еңбек құрал-жабдықтары, технология мен өндірісті ұйымдастыру революциялық өзгерістерге ұшырады. Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементерінің біріне айналып отыр. Қоғамның басты өндіргіш күші адамның өндіріс процесіңдегі ролі мен орны түбегейлі өзгереді. Техника дамуыньщ әр қилы тарихи кезеңдерінің критерийі атқарушы қызметтің адамнан техникаға көшуі, осыған сәйкес адамның машина мен байлықтың технологиялық әдісі түбірлі өзгеріске ұшырады.
Ноосфераның пайда болуы мен дамуы
Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең -- заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең -- тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі -- адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді. Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі -- қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" -- шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера -- адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі. Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Лepya мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы". 1930 -- 1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады. В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера -- табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті. Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді. Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді. Соңғы жылдары экологиялық мәселелер -- бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты.
Адамның ғаламшарға ықпалы
Адам баласы өзі пайда болған алғашқы кезде табиғатқа тәуелді болды. Табиғатқа табыну алғашқы қауымдық қоғамда басты орын алды. Бірте-бірте халық санының артуы, шаруашылық салаларының дамуы, өнеркәсіптің өркендеуі адамның табиғатқа ықпалын арттыра түсті. Орманды жерлердің өртелуі, кәсіптік мәні бар жануарлар санының азаюы (тіпті жойылуы) адамның ойланбай жасалған іс-әрекетінің нәтижесі. Бір кезде "табиғатты таусылмайтын қазына" деп есептеп, "табиғаттың бермесін тартып алу" деген теріс көзқарастардың әсерінен табиғат талан-таражға түсті. Табиғат заңдылықтарын ескермей жүргізген іс-әрекетімізден, табиғат тепе-теңдігі бұзылды. Бұл қазіргі кезде адамның өз тіршілігіне де зор қауіп төндіріп отыр.
Адамның табиғатқа ықпалы бірқатар өзгерістерге алып келді:
Жер беті құрылымы - далалардың жыртылуы, ормандардың кесілуі, жасанды суқоймаларының құрылысы;
Биосфера құрамы, оның айналымы, пайдалы қазбаларды өндіру, атмосфераға түрлі заттардың шығарылуы, ағын сулармен суқоймаларының ластануы;
Жер шарының жеке аймақтарының жылу балансы, бүкіл Жер шары үшін қауіпті құбылыс;
Биоталар (биота - ортақ таралу ауданымен біріккен тарихи қалыптасқан өсімдіктер мен жануалар жиынтығы) - кейбір түрлердің құртылуы, жануарлардың жаңа тұқымы мен өсімдіктер сортының шығарылуы, тіршілік ортасын ауыстыру.
Әрбір халықтың табиғатқа деген қарым-қатынасы, жанашырлық сезімі тарихи дәуірлерде қалыптасады. Қазақ халқы ұлан байтақ даланы ғасырлар бойы мал шаруашылығына дұрыс пайдалана білді. Әрбір түліктің өзіне тән өрісін де тандай біліп, жазда жайлауға, қыста қыстауға, т.б. орын ауыстырып тұруы табиғатқа деген қамқорлығының құнды көрінісі. Халқымыз кең байтақ жайылымдарды жыл мезгілдеріне сай дұрыс әрі тиімді пайдалана білген.
Халқымыздың асыл азаматы Міржақып Дулатұлы 1910 жылы жазған мақаласында төрт түлік малдың халық өміріндегі алатын орнын ерекше атап көрсеткен. "Мал оның күнкөріс көзі. Оның барлық мүддесі мал төңірегінде, игілікті өмірге қолын жеткізетін иен дәулеті де осы мал байлығы... Табиғаттың кейбір заңдылығын бақыламай, білмей отыра алмайды", -- деген ойлары өте орынды айтылған. Бір кезде халқымыздың көзінің карашығындай корғап келген жайылымдарының казіргі тағдыры мүлде сын көтермейді.
1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игеру деген жаңсақ ұранмен миллиондаған гектар жайылымдар босқа жыртылды. Ондай жерлерде алдын ала ғылыми зерттеулер жүргізілмеді және әрбір аймақтың жергілікті табиғи жағдайлары ескерілмеді. Ғалымдардың деректері бойынша Қазақстанда 180 млн га мал жайылымының 30 млн га алқабы мал тұяғынан тозаңы шықты, 50 млн га жер су тапшылығынан жарамсыз күйге ұшырады. Бірнеше жылдың ішінде еліміздің солтүстік аймақтарындағы шұрайлы жерлер эрозияға (желдің әсерінен) ұшырап, не егін егуге, не мал жайылымына жарамай қалды. Мұндай мысалдарды Жер шарының басқа аймақтарынан да келтіруге болады. БҰҰ сарапшыларының мәліметі бойынша, Жер шарындағы құрлықтың 30% алқабы қазіргі кезде техногендік әсерден шөлді аймаққа айналған. Бұл көрсеткіш жыл сайын 6 млн г-ға өсіп отырғаны да белгілі. Өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде жылына 100 млрд т-дан астам тау жыныстары қопарылады. Осы жер қойнауынан алынатын шикізаттың бар болғаны 10%-ы дайын заттар жасауға жұмсалады да, қалған 90%-ы жарамсыз қалдықтарға айналады.
Қоршаған ортаның өнеркәсіп орындарынан, көліктерден, тұрмыстық өажетінен бөлінген улы газдардан ірі қалалардың ауасы ластануы кең өріс алуда. Соңғы кезде ауаның радиоактивті заттармен көптеп ластануы адамзатты көбірек толғандырып отыр. Арал теңізінің көлемі соңғы 40 жыл ішінде 60%-ға азайды. Балқаш көлінің көлемінің кемуі де жылдан-жылға айқын байқалуда. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген өңірі экологиялық апатты аймақ деп аталады. Соның мысалына Семей полигонын атауға болады. Оның аумағы шамамен 18 мың км2 алқапты камтиды. Семей полигонында 1949 -- 1989 жыл аралығында 500-ге жуық жарылыс болып, сынақтар өткізілген. Осындай жойқын жарылыстардан Семей өңірінің табиғаты да, халқы да өте ауыр зардап шегуде. Мұндай әр түрлі деңгейде жүргізілген сынақтар мен арнайы жарылыстар Қазақстанның 34 жерінде жүргізілгені белгілі болып отыр. Қазақстанда атом энергиясын халық игілігі үшін пайдалану мақсатында 1963 жылдан бастап Ақтау қаласында Каспий теңізінің суын тұщыландыру қондырғысы жұмыс істейді. Ол қондырғы "БН -- 350" деп аталады. Онда тәулігіне 120 -- 150 мың м3 теңіз суы тұщыландырылады. Көрнекті ғалым В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша, адам қуатты геологиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz