Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.
Курстық жұмыстың өзектілігі мынада, мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие және білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес. Кез келген мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ортақ мақсаты - балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру. Бала мектепте жақсы оқуы үшін, оған белгілі білік пен дағдылар қажет (алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын дағды деп атайды) [1]. Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу, азайту, оқу, жазу, сурет салу және т.б.) және кез келген сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады, бірақ олардың алғышарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн.
Курстық жұмыстың мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің теориялық негізін тұжырымдау болмақ.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер алға қойылады:
- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің пәні мақсаты мен міндеттерімен танысу;
- балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихына шолу жасау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесіне тоқталу;
- мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік сипаттамаларына қарай қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесін негіздеу;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын дамытуда жаңа технологияны қолдану жолдарын қарастыру.
4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері -- 6 жастан өтіп 7-ге толған балалар екені әркімге де аян.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Е.И.Тихееваның мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға қосқан үлесі. Ф.Н.Блехердін балабақшада қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру туралы бағдарламасы. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі мен теориясына А.МЛеушинаның қосқан үлесі.
1950-1980 жылдардағы мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мәселелері жөніндегі педагогнкалық-психологиялық ізденістер (Н.А.Менчинская, Н.НЛежова, 3.С. Пигулевская, Ф.А. Михайлова)
1932-1984 жылдардағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасындағы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі туралы еңбектер. 1984-1989 жылдардағы оқу мен тәрбиелеудің типтік бағдарламасының мазмұны және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемссінің ерекшеліктері (Н.Г.Бакет, Я.Ф.Чекмарева, A.M. Леушина). 1984-1990 жыллардағы мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсінігін қалыптастыру мазмұңының қалыптасуы.
Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы. Н.Құлжанова, М.Сәтімбекова оқу-әдістемелік кешендері. 1996-2000-2005 жылдардағы "Балбебек" бағдарламасының құрылысы және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің мазмұны. (Балбөбек 1996 ж.) Сорос бағдарламасы - балалардың шығармашылығын дамытудың негізгі кұралы. Математика орталығы және ерекшелігі. 1999 жылғы Астана-Алматы балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектепалды дайындау бағдарламасындағы қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мазмұны.

1 БАЛАНЫҢ ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТАРИХЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің пәні мақсаты мен міндеттері және басқа ғылым салалары

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні - жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға әсер ететін негізгі оқу пәндерінің бірінен саналады. Мектеп жасына дейінгі педагогикадан сала ретінде бөліне отырып, ол жеке дара ғылыми пән және әдістемелік құралға айналды. Пәннің ең басты зерттеу мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық ұғымдарының қалыптасуының негізгі заңдлықтарын зерттеу болып табылады.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінің жалпы міндеті - мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың дидактикалық негіздерін зерттеу. Ал, теориялық базасы - философия, педагогика, психология, математика т.б. ғылымдардың жалпы негізгі ұғымдары болып табылады. Педагогикалық білімдер жүйесі ретінде, оның өзіндік теориясы мен қайнар көздері де бар. Олар [1]:
-- білім беру мәселесі жөніндегі үкімет құжаттары, мемлекеттік қаулылар, заңдар;
-- ғылыми ізденістер нәтижесі болып саналатын ғылыми ізденістер мен басылымдар, ақпарат көздері;
-- бағдарламалық-нұсқау құжаттары;
-- әдістемелік әдебиеттер (арнаулы мерзімдік басылымдар Отбасы және балабақша журналы, ойындар мен жаттығулар жинағы, әдістемелік нұсқаулар т.б.)
Бұл пән үнемі даму, жетілу үстінде, оның мазмұны, ғылыми-зерттеулер және озық педагогикалық тәжірибе есебінен үнемі даму үстінде.
Бүгінгі таңда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға бағытталған, оны дамытуды көздейтін негізгі әдістемелік жүйе бар. Оның басыт қызметі -- әдістемелік жұмыстардың мақсатын, мазмұнын, әдістерін, құралдары мен формаларын анықтау.Бұл ұғымдар өзара тығыз байланысты, әрі бір-бірін толықтырып, тұруы заңдылық болып табылады.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінің негізгі элементтері - оның мақсаты, міндетері, мазсұны, әдістері мен ұйымдастыру түрі және құралдары болып табылады. Олар өзара тығыз байланысты, әрі бір-бірін толықтырып тұрады.Осылардың ішіндегі ең жетекшісі әрі анықтаушысы - мақсат бюолып табылады. Мақсат әлеуметтік сипатқа ие, әрі оның объективті заңдылықтары бар. Мектепке дейінгі ұйым өз кезегінде қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындап, балаларды мектепте үйретілетін ғылым негіздеріне баулиды.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі және басқа ғылым салалары
Қарапайым математикалық түсінікетерді қалыптастыру мәселелерін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан талдау 30-50 жылдары кеңес дәуірі психоллогиясы және педагогика негізінде жүргізілді.
Сан есептеу дағдыларының қалыптасу заңылықтары зерттелді. Балалрды ерте кезден бастап санауға үйрету т.б. талданды. Бұл кезед әсіресе, К.Х.Лебединцевтің Ерте сәбилік шақта баланың сан ұғымын қалыптастыру (Киев, 1923) еңбегі маңызды болды.
Баладағы заттың жиыны, жиыннан санға өту заңдылықтарын психолог И.А.Френкель, әдіскер-математик Л.А.Яблоков зерттеді.
М.А.Менчинская арифметикаға үйрету психологиясын жан-жақты қарастырды. Ол зерттеулер Арифметиканы үйрету психологиясы туралы очерктер (М., 1947, 1960), Арифметиканы үйрету психологиясы (М., 1955) атты еңбектерінде жарияланды.
30-50 жылдардағы зертеулер мен қарапайым маетматикалық ұғымдарды қалыптастыру одан кейінгі математиканы дамытуға алғышарт бола алды.
З.С.Пигулевская, Я.Ф.Чекморевтың т.б. еңбектерінде алдыңғы қатарлы педагогтың тәжірибе, эксперимент жұмыстарының нәтижесі баяндалды.
Бүгінгі психологиялық зерттеулер баланың психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтары қарапайым математикалық ұғымдарды қабылдауға және шешуге мол мүмкіншіліктері барлығын анықталды.
Сонымен қатар, оқыту процесін үнемді құру балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізуге тығыз байланысты.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты, себебі, балаларды оқыту, тәрбиелеу процесі қатар жүретіндіктен мектепке дейінгі педагогикада оларды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері, құралдары, ұйымдастыру т.б. дидактикалық міндеттерді шешу жолдары қарастырылады. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру проблемасын зерттеу өз кезегінде педагогика теоирясы жаңа нақты материалдармен толықтырады.
Бұл әдістеме мектепке дейінгі педагогикамен балалардың тәрбиесі туралы ғылыммен барынша тығыз байланысты. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі оқытудың міндетін мектепке дейінгі педагогика және дидактика міндетіне және жас ұрпақтың ой тәрбиесіне сүйенеді: ұстанымдар, жолдар, мазмұн, құралдар, әдістер, ұйымдастыру түрлері және т.б. Бұл байланыс өзінің сипаты жөнінен өзара байланысты: өз кезегінде балаларды қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру мәселелерін зерттеу және жасау жаңа нақты материалдармен байыту арқылы педагогикалық теоиряны жетілдірді.
Балаларды мектепке математиканы меңгеруге даярлау мектеп жасына дейінгі балаларды және кіші жастағы балларды оқытудың теориялық негізі болып табылатын математикаға алған үйретудің әдістемесімен және математиканың өзінің болмыстарының байланысы болмайынша оның жүзеге асырылуы табысты болмайды.
Мектепте математиканы оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру балаларды мектепке даярлауға тікелей мектептегі оқуға барар алдындағы кезеңде жаңа көзқарастың болуын көздейді. Қазіргі кездің өзінде мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық ұғымдарды дамыту бағдарламасына елеулі өзгерістер енгізілді. (ауызша есеп көлемін көбейту, заттар топтарының есебі, жекелеген көлемдерді өлшеуге үйрету, геометриялық білімдерді кеңейту, т.б.); оқытудың барынша тиімді әдістері мен құралдары табылды (үлгілерін жасау, проблемалық міндететр мен жағдайлар, дамытушылық ойындар және т.б.). Бастауыш мектепте математикаға үйрету әдістемесімен байланыс мектеп жасына дейінгі балаларды қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесін одан әрі жетілдірудің негізгі жолдарын дұрыс айқындауға мүмкіндік береді.
Оқыту танымдық қызметті, баланың жеке басының дамуы заңдылықтарының есебін алумен құрылуы тиіс. Өйткені ол психологиялық ғылымдардың зерттеу пәні болып табылады. Түйсіну, түсіну, ойлау, сөйлеу жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар оқыту үрдісі кезінде қарқынды дамиды.
Баланың көп затты, санды, кеңістікті, уақытты түйсінуінің психологиялық ерекшеліктері ен заңдылықтары қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесін жасауда оның негізі болады.
Психология балалардың білімдер мен дағдыларды игеруде өзгеріп отыратын жас ерекшелік мүмкіндігін айқындайды. Қазіргі психологиялық зерттеулер математикалық ұғымдарды меңгеруде мектеп жасына дейінгілердің қабілеті зор және әлі де ақырына дейін ашылып болмағанымен, толық зерттелмегенін көрсетеді.
Оқыту үрдісінің ұтымды құрылымы кішкене балалардың аннатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері негізінде қолайла жағдайлар жасаумен байланысты. Мектеп жасына дейінгі балаларда физиолоигялық үрдістердің өту заңдылығы балабақшадағы әр жастағы топ үшін қарапайым математикалық түсініктерді қалыптасытру жөніндегі сабақтардың орын мен ұзақтығын айқындау үшін негіз болады, олардың құрылымның өзін, оқытудың түрлі әдістері мен құралдарын ұштастыруға себепкер болады (дене шынықтыру минуттарын қосу, оқу-танымдық міндеттерді шақтау және т.б.)Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі салыстырмалы түрде алғанда әлі жас ғылыми педагогикалық пән, бірақ оның бастау бұлағы терең. Тарихи шолу математикаға алғаш үйрету тұжырымдамасы өмірдің сұраныстарына және математикалық ғылымның өзінің дамуына байланысты біртіндеп өзгеріп отырғанын көрсетеді, бай мұраны сын көзбен бағалауға, көптеген қателіктерден аулақ болуға, өткеннің оңды тәжірибесін, сондай-ақ жаа зерттеулердің нәтижелерін ескеруге мүмкіндік береді.

1.2 Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихы

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі өз дамуына ұзақ шыңдалу жолынан өтті деп айтуға болады. Оның қайнар көзі халық ауыз әдебиеті болып табылады. Көптеген сан алуан санамақ, жаңылтпаш, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер балалардың санау дағдысына, есептеу әрекетіне деген қызығушылықтарын оятты, балада сан туралы алғашқы ұғымдар қалыптаса бастады. Жаттығулар арқылы баланы санауға үйрету туралы алғашқы ой-пікілерді тұңғыш баспагер Иван Федоров айтып, ол өзінің Ресейдің алғашқы баспадан шыққан оқулығы Әліппеде (1574) айтты.
XVII-XIX ғасырларда балаларды арифметикаға үйрету әдістемесінің мазмұны мен барысы туралы мәселелер Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой т.б. ой-пікірлерінде айтыла бастады [4].
Ол дәуір педагогтары балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру тек жүйелі оқыту әрекетінде ғана жүзеге асырылады депой-пікірлерін ортаға салды. Отбасы жағдайында да алғашқы математикалық ұғымдарын қалыптастыру мәселелері қолға алына бастады.
Ол дәуір педагогтары тек жүйелі оқыту негізінде ғана математикалық ұғымдарды меңгерту мүмкіндіктері туралы баса айтты. Чех педагогы Я.А.Коменский (1952-1670) Аналар мектебі (1632) ұйымдастыру барысында арифетика бағдарламасына және геометрия негіздеріне алғашқы екі ондық көлемінде сандарды меңгерту (4-6 жастағылар) үшін, сандарды ажырату, заттардың әркелкі жиындарын салыстыру, геометриялық фигураларды салыстыру, аз және көп ұғымдарын табы, өлшеудің жалпыға ортақ өлшемдерін оқып үйрену (адым, пұт, фент).
И.Г.Песталоцци (1746-1827), ұлы швейуар педагог-демократ және бастауыш мектепте оқытудың негізін салушы, ол өз заманындағы оқыту мазмұны туралы олардың мазмұндарының өте шағын көлемде жеткіліксіз дәрежеде екендігін баса атап көрсетті. Ол ұсынған қарпайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі жеңілден ауырға, қарапайымнан күрделіге қарай ауысу мәселелерін қарастырды. И.Г.Песталоццидің идеяларыкейін орта мектептерде математиканы оқытудың негізгі формаларына бастау бола алды. Ұлы орыс педагог-демократ, Ресейден ғылыми педагогиканың негізін салушы К.Д.Ушинский (1824-1871) де мектепке дейінгі арифметиканы үйрету мәселелері туралы нақты ұсыныстар айтты. Ол балаларға нақты заттар мен жиындарды санату, азайту, қосу амалдарын, он санының бірліктер құрамын түсіндіру туралы айтты [4].
Ұлы орыс ойшылы Л.Н.Толстой 1872 ж. Әліппе атты оқулық жазып, оның бір бөлімін сан және есептер деп атады. Қолданыстағы оқыту әдістерін сынға ала отырып, Л.Н.Толстой балаларға ондық қатарын алға және артқа қарай санату туралы, кейін 100 көлемінде санату туралы, балалардың іс-тәжірибесін қолдану, ойын барысында әдістерін санату туралы айтты.
Балаларда сан, форма туралы ұғымдарын қалыптастыру туралы неміс педагогы Ф.Фребель өзінің сенсорлық тәрбие жүйесі туралы бөлімдерінде (1781-1852) және италья педагогы М.Монтессори (1870-1952) өз ой-пікірлерінде баяндады.
Сенсорлық тәрбиенің қалыптасқан жүйесінде арнаулы түрде балаларды геометриялық пішіндермен, көлем, санаумен таныстыру мәселелері қарастырылған.
Ф.Фребель Дары деп аталатын сан, форма, көлем, кеңістік қатынастарды біріктіре отырып, жүзеге асыруға болатын көрнекілік ойлап тапты. М.Монтессори өзіндік тәрбие және Өзін-өзі тәрбиелеу идеяларын басшылыққа ала отырып сан, пішін, көлем ұғымдарын талдау, сонымен қатар жазбаша және ауызша нөмірлеуге үйрету қажет деп санады. Ол үшін түрлі моншақ тізбесін, теңгелерді т.б. қолданды [5].
Алдыңғы қатарлы өткен дәуірдегі орыс және шетел педагогтары мектепке дейінгі балаларды даярлаудағы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың маңызын айтты. Ол уақытта математиканы үйретудің бірізді әдістемесі әлі болған жоқ. Басты екі бағыт - яғни - санды үйрету әдістемесі монографиялық, әрекетті үйрету әдістемесі, санау арасында қызу тартыс болып жатты.
Ағарту ісі саласындағы белгілі қайраткер, әдіскер-педагаог Е.И.Тихеева сандық түсініктердің балада қалыптасуыны әрине оның зорлықсыз және қысым көрсетуінсіз дамуы барысында жүзеге асырылуы керектігін ұсынады. Осыдан білім көлеміне, материалға жасаған әдістерге қойылатын талаптар келіп шығады. Бұл талаптар білімді жеңіл және зорлықсыз игеруге қажетті жағдайлар жасауға келіп тіреледі. Мұндай игерудің Е.И.Тихеева ұжымдық түрде оқыту жағдайларында емес, ойында және күнделікті балалар өмірінде қамтамасыз етуге болады деп санады. Өзінің Осы заманғы балабақша (1920 ж.), есеп кішкене балалар өмірінде деп аталатын кітаптарында Е.И.Тихеева мектеп жасына дейінгі балалардың жүйелі оқуына қарсы пікір айтады [5].
Ол балалар жеті жасқа дейін күнделікті өмір мен ойын үрдісінде санай білуге өздері үйренуі керек деп санады.
Сонымен қатар ол (өмірдің) оқытудың бүтіндей стихиялы жүргізілуіне де қарсылық білдірді. Балаладың өмірде алған сандық түсініктерін бекітуге ол жасаған дидактикалық материалмен арнаулы ойын-сабақтар ұсынылып отырылды. Санды жеңіл және елеусіз игеру үшін Е.И.Тихеева жұптық карточкалар, лото және басқа үлгідегі құралдар жасаған. Бұдан басқа ол сандық және кеңістік түсініктерін игеруде жүйелілікті қажет ететінін айтумен бірге олардың тақырыптарының қажеттігін түсіндіріп отырған. Есеп материалы ретінде табиғи материалдарды - тастарды, бұтақтарды, жапырақтарды, бүршіктерді, сондай-ақ кішкене ойыншықтарды, түймелерді, ленталарды және т.б. пайдалануды ұсынған.
Е.И.Тихеева балалар меңгеруге тиісті білім көлемін де айқындады. Мұнда мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық дамуының берік іргетасы болып табылатын алғашқы ондықты дұрыс игеруінің маңызы ерекше деп атап көрсетті. Ол балаларды цифрмен таныстыру қажет деп санады. Сол үшін ол бірінде цифрлар, екіншісінде сандық пішіндер жазылған жұптық карточкалармен жүргізілетін ойындарды ендірді. Е.И.Тихеева көрсетілген цифрға немесе сандық пішінге сәйкес ұсақ заттар салынып қойылған есептік жәшіктерді пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ бөлменің әр жеріне жайып қойылған ойыншықтар топтарының астына цифрлар салып қоюды ұсынды. Осы тапсырмалардың барлығының негізінде Е.И:Тихеева балаларды қосу, азайту амалдарымен және цифрлар мен белгілер жазылған дайын карточкалардың көмегімен олардың жазылуымен таныстырды. Мысалдармен қатар мәселе есептер де ендірілді. Ол үшін әрбір қолайлы жағдайды пайдалану ұсынылды. Баланың екі кәмпиті бар еді. Ол біреуін жеп қойды. Есеп көз алдыңда дейді,- Е.И.Тихеева. Қанша кәмпит қалды?. Ол өмір тәжірибесінен суреттер бойынша есептерді құрастыру және шешу негізінде балалар түсінігі бойынша ауызша есептерді шешуге көше алады. Сондай-ақ Е.И.Тихеева кішкене ойыншықтарды пайдаланумен балаларды есепті өздігінен құрастыра білуге үйретуді ұсынды. Е.И.Тихеева балалардытүрлі көлемдегі заттармен таныстыруға, олардың арасындағы қатынастарды игеруге: көп-аз, жуан-жіңішке, ұзынырақ-қысқарақ және басқаларға көп көңіл аударды. Өлшемдерді ажыратуға арналған ойындар арысында 5-6 жастағы балаларды көпшілік қолданатын өлшемдердің көмегімен өлшеумен таныстыру мүмкін деп санады. Осы мақсатпен ол балаларды армен таныстырды және оны қалай пайдалануға болатынын үйретті. Сондай-ақ балалар ыдыстың сыйымдылығын стаканмен өлшеу арқылы көлем туралы түсінік алады. Түрлі заттардың салмағымен және көлемімен таныстыру үшін Е.И.Тихеева таразыны пайдаланды, салмақтың көлемге байланысты қызметін ашып берді. Ол өлшемдердің бұл түрлерінің мақсатсыз тек оқу сипатында болмауы, алған білімін тәжірибелік есептермен байланстыра отырып, мысалы, Дүкен ойыны оларды ойындарға қосу қажет екендігін көрсетіп береді.
Ф.Н.Блехердің Балалар бақшасы мен даярлық топтағы математика атты кітабында ең басты әрекет ретінде мектепке дейінгі жастағы балалардың сан ұғымдары мен санау әрекеттерін дамытуға ерекше мән берді. Санауғ үйретуге арналған бағдарламаның негізін жасады. Балаларды 1-ден 10-ға дейінгі сандар мен сандық фигураларды дәйекті түрде меңгеруге, қосу мен азайту амалдарына құрылған қарпайым есептерді шығаруға ықыластарын көрнекі құралдар көмегін қолдана отырып, арттыруға ден қойды. Ол әсіресе күнделікті оқу-тәрбие процесі барысындағы жағдайлар мен құбылыстарға мән беріп, оларды кеңінен қолданудың, таныс болмыс пішіндері болғандықтан, меңгеруге оңтайлы екені туралы пікірлерін айтты [2].
Математикалық түсініктерді қалыптастыру сабақтарында көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдарды кеңінен қолдануды ұсынады. Әсіресе әрбір балаға жеке дара берілетін үлестірмелі көрнекіліктерге ерекше мән берді.
Ф.Н.Блехер әдістемесінде сан ұғымымен қатар шама, пішін, кеңістік, уақыт туралы ұғымдарын қалыптастыруға да мән берілді.
Ф.Н.Блехер ұсынған есептеуге, санауға үйрету бағдарламасында шетел психологтарының ұсыныстары баса айтылды. 3-4 жастан бастап балаларға көп, аз ұғымдарын ажырата білуге үйрету, оларда 1,2,3 сандары туралы ұғымдарын қалыптастыру айтылды және осы сан есім сөздері анық, ретімен айтуға үйретуге көңіл бөлінді. Ойын барысында балалрдың заттардың пішіндерімен таныстыру, геометриялық пішіндермен таныстыру, кеңістік бағыттарымен таныстыру, уақыт ұзақтығын мөлшерлеуге үйрету ескерілді.
Ф.Н.Блехер мақсаттарын жүзеге асыру үшін 2 сюжет ұсынды: балаларда сандық ұғымдар қалыптастыру. Балалар тәжірибелік өмірлік жағдайларда талдауға белсене қалыптасытрылуы тиіс (мысалы, жаңадан сатып алынған қуыршақтарға қанша керует керек? Мейрамға қанша күн қалғанын санау т.б.) Ойын, сабақ кезінде көрнекіліктерді пайдалана отырып, заттар жиынын түзу, оларды өзара салыстыру, аз сандардан құралған жиын жасау, көрсете отырып жиын санын айту [2].
Ф.Н.Блехер балалардағы сан ұғымын қалыптастыру заттар жиындарын салыстыруға айрықша нәтиже беретіндігін айтты. Ол жасаған оқыту әдістемесінде монографиялық әдіс сарыны да байқалатын: үйретуге заттар жиынын тұтас қабылдауды ескеру, соның фигураларына мән беру т.б.
Ф.Н.Блехер заттар жиынын бір сызық бойымен орналастырып санату әрі қолайлы, әрі жеңіл деп айтты. Бұл сандардың орналасу ретін жаттауға мүмкіндік берді.
А.М.Леушина мектеп жасына дейінгі балалардың сандық ұғымдарын дамыту мәселелерін 40-шы жылдардан бастап қолға ала бастады. Оның әдістемесін басшылыққа ала отырып әдістеме теориялық, ғылыми және психологиялық-педагогикалық негізге ие болды. Балабақшадағы мақсатты оқыту негізінде балалардың сандық ұғымдарын дамыту заңдылықтары жолға қойыла бастады. Автордың әдістемелік тұжырымдамасы көп жылғы тәжірибе және ғылыми-теориялық жұмыстары нәтижесінде қалыптасты.
А.М.Леушина қарапайым математика ұғымдарды қалыптастырудың дидактикалық жүйесінің негіздерін қалап, 3, 4, 5 және 6 жастағы балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерінің, бағдарламасын, мазмұнын, әдісі мен тәсілдерін жолға қойды.
А.М.Леушина тұжырымдамасының басты қағидалары мыналар: заттар жиындарын қабылдауда ондағы жекелеген элементтерді ажыратуға үйрету, оларды салыстыруға дағдыландыру (қанша болса сонша, өзара тең, үлкен кіші, аз, көп т.б. ұғымдарымен таныстыру, 2 жиынды салыстыра отырып санау дағдыларын қалыптастыру. Бала көрнекі құралдар негізінде салыстыра отырып сандардың реттілігін ұғына бастайды. Қарапайым арифметикалық амалдарды қолдана білуге дағдылана бастайды. Балалардың сан туралы ұғымдары бірнеше зат жиындарын өзара салыстыру барысында қалыптасады. Осының нәтижесінде олар реттік және топтау сандарын меңгере бастайды.
А.М.Леушина әдістемесіне бойынша қарапайым есептеу амалдарымен таныстыру барысында сандар, амалдар қолдану, сандық фигуралармен таныстыру, есептеу (топтамаларды үлестіру, сан құрамын зерттеу), сандармен амалдар орындауға үйрету, 1-ге көбейту және 1-ге азайту, сан - санау әрекеті туралы ұғымдарын бекітуге болады.
А.М.Леушина іргетасын қалаған сандық ұғымдардың қалыптастыру тұжырымдамасы 60-70 жылдардан бастап дамудың жаңа сатысына көтерілді. Ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеу мәселелеріне орай әсіресе мектепке дейінгі балалардың кеңістік, уақыт туралы ұғымдарын қалыптастыру мәселелері қолға алына бастады [6].
А.М.Леушинаның ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері оның докторлық ғылыми жұмысында баяндалды. Балаларды мектептегі арифметикалық материалдарды меңгеруге даярлау (1961), тақырыбы бойынша ғылыми мақалалар жариялады. Мәселен, Балабақшада баланы санауға үйрету (М, 1959, 1961) Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру (1974) т.б.
Балабақша тәрбиешілері еңбегін де А.М.Леушина құрастырған. Балабақшадағы санауға үйрету сабақтары (М., 1963, 1965) атты оқу-әдістемелік құралдарды кеңінен қолданды. А.М.Леушина көптеген көрнекі дидактикалық материалдар да жинақтап шығарды.

2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру жұмысын ұйымдастыру нысандары

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру нысандарына жатады: ұйымдастырылған оқу қызметі (ҰОҚ), дидактикалық ойын, жеке жұмыс, демалыс (математикалық ертеңгілік, мереке, викторина және т.б.), өзіндік іс-әрекет.
Ұйымдастырылған оқу қызметі (ҰОҚ) - бұл балабақшадағы қарапайым математикалық ұғымдарды дамытудың негізгі нысаны болып табылады. Оларға баланың жалпы ақыл-ойы мен математикалық даму міндеттерін шешуде және оны мектепке дайындауда жетекші рөлі жүктеледі.
Балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (ҚМҰҚ) бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі (ҰОҚ), жалпы дидактикалық қағидаттарды ескере отырып құрылады: ғылымилық, жүйелілік және бірізділік, көрнекілік, өмірмен байланыс, балалармен жеке тіл табысу және т.б.
Барлық жас топтарында ҰОҚ жаппай, яғни барлық балалармен бір уақытта жүргізіледі. Екінші кіші топта ғана қыркүйек айында оларды біртіндеп бірге оқуға үйрету үшін, барлық балаларды қамти отыра, кіші топтарда (6-8 адам) сабақ өткізу ұсынылады.
ҰОҚ саны: аптасына бір (мектепке дайындық тобында екі) сабақ. Балалардың жасына қарай сабақтардың ұзақтығы артады: екінші кіші топта 15 минуттан бастап мектепке дайындық тобында 25-30 минутқа дейін.
Математика сабақтары ақыл-ой күшін қажет ететіндіктен, оларды аптаның ортасында күннің бірінші жартысында өткізу, неғұрлым қозғалатын дене шынықтыру, музыка сабақтарымен немесе бейнелеу өнері бойынша сабақтармен ұштастыру ұсынылады. Оқу жылының ағымында әрбір жастағы топтың бағдарламасында материалды тоқсан бойынша бөлу жүйелілік пен бірізділік қағидатын толықтай іске асыруға мүмкіндік береді. Сабақтарда таза білім беруден басқа, сөйлеуді, ойлауды дамыту, тұлғалық қасиеттер мен мінез ерекшеліктерін тәрбиелеу бойынша міндеттер, яғни сан алуан әрі дамыту міндеттері қойылады.
Жаз айларында математиканы оқыту бойынша ҰОҚ бірде-бір жас ерекшелік топтарында өткізілмейді. Балалар алған білім мен іскерліктер күнделікті өмірде: ойындарда, ойын жаттығуларында, серуендерде және т.б. бекітіледі.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің бағдарламалық мазмұны оның құрылымына байланысты.
Құрылымы жеке бөліктерге бөлінеді: тапсырмалардың санына, көлеміне, сипатына және балалардың жасына қарай бөліктер саны бірден бастап төрт-беске дейін жетеді.
Жалпы үрдіс мынада: балалардың жасы үлғайған сайын, сабақ бөлімдері соғұрлым көп болады. Білім беру басында (екінші кіші топта) сабақтар бір бөлімнен тұрады. Алайда ересек жаста және бір бағдарламалық тапсырмамен сабақ өткізу мүмкіндігі (жаңа күрделі тақырып және т.б.) жоққа шығарылмайды. Мұндай сабақтардың құрылымы балалардың сан алуан ісәрекет түрлерінің ауысуымен, әдістемелік тәсілдер мен дидактикалық құралдардың өзгеруімен анықталады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барлық бөлімдері (егер олар бірнеше болса) айтарлықтай тәуелсіз, тең мағыналы және сонымен қатар бір-бірімен тығыз байланысты.
Балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (ҚМҰҚ) бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі (ҰОҚ), жалпы дидактикалық қағидаттарды ескере отырып құрылады: ғылымилық, жүйелілік және бірізділік, көрнекілік, өмірмен байланыс, балалармен жеке тіл табысу және т.б.
Барлық жас топтарында ҰОҚ жаппай, яғни барлық балалармен бір уақытта жүргізіледі. Екінші кіші топта ғана қыркүйек айында оларды біртіндеп бірге оқуға үйрету үшін, барлық балаларды қамти отыра, кіші топтарда (6-8 адам) сабақ өткізу ұсынылады.
ҰОҚ саны: аптасына бір (мектепке дайындық тобында екі) сабақ. Балалардың жасына қарай сабақтардың ұзақтығы артады: екінші кіші топта 15 минуттан бастап мектепке дайындық тобында 25-30 минутқа дейін.
Математика сабақтары ақыл-ой күшін қажет ететіндіктен, оларды аптаның ортасында күннің бірінші жартысында өткізу, неғұрлым қозғалатын дене шынықтыру, музыка сабақтарымен немесе бейнелеу өнері бойынша сабақтармен ұштастыру ұсынылады. Оқу жылының ағымында әрбір жастағы топтың бағдарламасында материалды тоқсан бойынша бөлу жүйелілік пен бірізділік қағидатын толықтай іске асыруға мүмкіндік береді. Сабақтарда таза білім беруден басқа, сөйлеуді, ойлауды дамыту, тұлғалық қасиеттер мен мінез ерекшеліктерін тәрбиелеу бойынша міндеттер, яғни сан алуан әрі дамыту міндеттері қойылады.
Жаз айларында математиканы оқыту бойынша ҰОҚ бірде-бір жас ерекшелік топтарында өткізілмейді. Балалар алған білім мен іскерліктер күнделікті өмірде: ойындарда, ойын жаттығуларында, серуендерде және т.б. бекітіледі.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің бағдарламалық мазмұны оның құрылымына байланысты.
Құрылымы жеке бөліктерге бөлінеді: тапсырмалардың санына, көлеміне, сипатына және балалардың жасына қарай бөліктер саны бірден бастап төрт-беске дейін жетеді.
Жалпы үрдіс мынада: балалардың жасы үлғайған сайын, сабақ бөлімдері соғұрлым көп болады. Білім беру басында (екінші кіші топта) сабақтар бір бөлімнен тұрады. Алайда ересек жаста және бір бағдарламалық тапсырмамен сабақ өткізу мүмкіндігі (жаңа күрделі тақырып және т.б.) жоққа шығарылмайды. Мұндай сабақтардың құрылымы балалардың сан алуан ісәрекет түрлерінің ауысуымен, әдістемелік тәсілдер мен дидактикалық құралдардың өзгеруімен анықталады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барлық бөлімдері (егер олар бірнеше болса) айтарлықтай тәуелсіз, тең мағыналы және сонымен қатар бір-бірімен тығыз байланысты.
Құрылымы:
- бағдарламаның түрлі бөлімдерінен алынған тапсырмаларды ұштастыру және сәтті іске асыруды (түрлі тақырыптарды зерделеу),
- жеке балалардың, сондай-ақ жалпы бүкіл топтың белсенділігін,
- сан алуан әдістер мен дидактикалық құралдарды пайдалануды,
- жаңа материалды меңгеру мен бекітуді, өткенді қайталауды қамтамасыз етеді.
Жаңа материал бірінші бөлімде немесе бөлімдерде беріледі, меңгеру деңгейіне қарай ол басқа бөлімдерге ауысады. Соңғы бөлімдер әдетте дидактикалық ойын түрінде өткізіледі, оның функцияларының бірі жаңа жағдайларда балалардың білімін бекіту және қолдану болып табылады.
Әдетте, бірінші немесе екінші бөлімнен кейін сергіту сәті өткізіледі.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда ұйымдастырылған оқу қызметінің келесі түрлері қалыптасқан:
1) ҰОҚ дидактикалық ойын нысанында;
2) ҰОҚ дидактикалық жаттығулар нысанында;
3) ҰОҚ дидактикалық жаттығулар мен ойындар нысанында.
Дидактикалық ойындар түрінде ұйымдастырылған оқу қызметі кіші топтарда кеңінен қолданылады. Бұл жағдайда оқыту бағдарламаланбаған, ойын сипатына ие болады. Дидактикалық ойындар түріндегі оқу қызметі кішкентай балалардың жас ерекшеліктеріне; психикалық процестер мен мінез-құлқының эмоционалдығына, еріксіздігіне, белсенді іс-қимылдар қажеттілігіне жауап береді. Сан алуан математикалық ұғымдарды қалыптастыру - мұндай сабақтардың басты міндеті болып табылады.
Дидактикалық жаттығулар нысанындағы ҰОҚ барлық жастағы топтарда қолданылады. Олар практикалық сипаттамасында болады. Демонстративті және үлестірмелі материал қолданған жаттығулар балалардың белгілі бір іс-қимыл тәсілдерін және соларға сәйкес математикалық ұғымдарды меңгеруіне әкеледі.
Дидактикалық ойындар мен жаттығулар нысанындағы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бойынша ҰОҚ балабақшада ең кең таралған. Бұл сабақ түрі алдыңғы екеуін біріктіреді. Дидактикалық ойын және әр түрлі жаттығулар барлық мүмкін комбинацияларда бір-бірімен үйлесетін сабақтың жеке бөлімдерін құрайды. Олардың реттілігі бағдарлама мазмұнымен анықталады және сабақ құрылымында із қалдырады.
Ұйымдастырылған оқу қызметін жалпыға ортақ жіктеуге сәйкес негізгі дидактикалық мақсат бойынша мыналарды бөледі:
а) балаларға жаңа білімді хабарлау және оны бекіту;
б) практикалық және танымдық тапсырмаларды шешуде алынған ұғымдарды бекіту мен қолдану;
в) есептік-бақылау, тексеру;
г) аралас.
Балаларға жаңа білімді жеткізу және оларды бекіту бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі үлкен жаңа тақырыпты зерттеудің басында жүзеге асырылады. Практикалық және танымдық тапсырмаларды шешу 14 кезінде алынған ұғымдарды бекіту және қолдану бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі жаңа білімді жеткізу сабақтарынан кейін болады.
Мерзімді түрде (тоқсанның, жарты жылдықтың, жылдың соңында) тексеру есептік-бақылау сабақтары өткізіледі, олардың көмегімен балалардың негізгі бағдарлама талаптарын меңгеру сапасы және олардың математикалық даму деңгейі анықталады.
Математикадан аралас сабақтар балабақша жұмысының практикасында кең таралған. Әдетте оларда бірнеше дидактикалық тапсырмалар шешіледі: жаңа тақырыптың материалы хабарланады және жаттығуларда бекітіледі, бұрын оқыған материал қайталанады және оның игеру дәрежесі тексеріледі.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда бала ресурстарын іске асырудың дәстүрлі сабақ түрінде емес тікелей бақылаулар мен пәндік сабақтар, дидактикалық ойындар, практикалық іс-әрекеттің сан алуан түрлері нысанында өткізілгені ең тиімді жолы болып табылады. Тәрбиешінің міндеті - ҚМҰҚ бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін қызықты әрі болжанбайтындай, тапқырлық, қиял, ойын мен шығармашылық әлеміне толы ету. [11].

2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі

Балаларда сан туралы ұғымның қалыптасуы.
Мамандардың психологиялық және педагогикалық зерттеулері мен балаларды үйде, балабақшада және мектепте бақылаулары мектеп жасына дейінгі балаларда және төменгі сынып оқушыларында сан туралы түсінік заттарды қолдану барысында қалыптасады деп көрсетті: Мысалы, таяқшалар жиынтығы, геометриялық пішіндер (дөңгелектер, шаршылар, төртбұрыштар), тұрмыстық заттар (2 орындық), ойыншықтар (үш қуыршақ), тағамдар (2 сәбіз). ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі баланың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің теориялық негізі
Мектеп жасына дейінгі балаларды қарапайым математикамен таныстыру
Ересектер тобындағы балаларға арифметикалық, есептеу туралы түсінік беру
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Мектепке дейінгі баланың жоспары
Мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлы математикалық түсініктерін қалыптастыру негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі
Пәндер