Дене тәрбиесінің әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Өмірдегі ең күрделі де қиын әрі өте жауапты жұмыс бала тәрбиесі. Оның ішінде бала бойында жақсы мінез-құлық, ақыл - парасат, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру басты міндет болғанымен, дені сау, тәні шыныққан шымыр болуы үшыі жүргізілетін тәрбие сәби өмірге келісімен-ақ бастау алуға тиісіті ізгі істер. Олар: сәбиді шомылдыру, сылап-силау, дене жаттығуларын жасау, ыстық, суыққа шыңдау.
Дене тәрбиесінің жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген оратның жемісі ғана емес, сол қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, баларадың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесәмен байланыста қарастыру қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.
Балалардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан-жақты жетіліне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.
Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пе дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Балалардың дене тәрбиесін және жеке тұлғанын дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М.Таникеев, Т.А.Батағариев, А.Б.Нұрлыбекова, Б.А.Тойлыбаев, Ж.К.Оңалбек, А.Қарақов, Қ.Т.Жанабаев, Б.М.Сапарбаев, Е.Мұхитдинов және т.б.
Ж.К.Оңалбектің, О.А.Аяшевтің, Т.Ж.Бекбатчаевтың, С.И.Қасымбекова, Ж.Егізбаевтың еңбектңрі дене тәрбиесіне балаларды баулыға арналған.
Дене тәрбиесі мектепке дейінгі бааларадың білімі мен жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, Отан сүйгіштікке дайындаға қызмет етеді.
Дене тәрбиесін жүзеге асыру - денсаулықты ңығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, мектепке дейінгі балалардың денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайтуң дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қоғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Мектепке дейінгі балалардың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адамның теориялық жеке тәжірибелік дайындығының жәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін жузеге асыруды ескере отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады.
Зерттеу пәні: дене тәрбиесіндегі бәсекелестік мен теориясы әдістемесі.
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі мекемелер.
Зерттеудің мақсаты: дене тәрбиесінің әдіс-тәсілдерің аңықтау.
Зертттеудың мақсаттары:
oo Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі пәнінің қолдану аясын анықтау;
oo Мектепке дейінгі жастағы балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесі пәнінің ерекшелігін айқындауҢ
oo Дене тәрбиесі әдіс-тәсілдерінің мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте дене тәрбиесінің әдіс-тәсілдері теориялық тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды.
Зереттеудің әдістемелік маңызы: Дене тәрбиесі әдіс-тәсілдерін аңықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүгізуге негізінде талданды.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі дене тәрбиесі туралы ғылыми деркетерді кешенді жүйемен салыстармалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау.
Қурстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспіден, екі тараудан, қорытындыдан, пайданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Дене тәрбиесінің әдістері
1.1 Дене тәрбиесіндегі әдіс түрлері мен қолданылуы

Дене тәрбиесінің тәжірибесінде әдістер қаншама көп болғанмен, оның бәрі жан-жақты пайдаланыла бермейді. Сондықтан олардың анықтамаларын білу, біздің дұрыс бағыт алуымызға, әр түрлі міндеттерді орындауға тиімді әдістерді таңдауымызға көмектеседі. Әр түрлі жаттығушылар тобымен әр қилы жағдайда белгілі бір міндеттер орындау үшін дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану, пайдалану жолын дене тәрбиесінің әдістері дейміз. Мысалы, қайталау әдісі, үйрету әдісі. Әрбір әдіс өзінің құрамына кіретін әдістемелік тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылады. Нақтылы үйрету міндетіне сәйкес жаттығуларды орындауды әдістемелік тәсіл дейміз. Мысалы, үйрету әдісінің көрсету тәсілдері: жаттығуларды айла-тәсілмен көрсету, керекті қарқынды түрде немесе баяу қарқында көрсету т.б. Әдістемелік тәсілдер көп. Олардың бірі ескіріп, жоғалып жатса, екіншісі өзгеріп, ал келесі біреулері мұғалімнің ізденісімен өмірге келіп жатады. Сабақ беру деңгейінің әр түрлілігі мұғалімнің осы әдістемелік тәсілдерді көп білуіне, кеңінен қолдануына байланысты.
Әдіс деген түсініктен біз әдістеме түсінігін ажырата білуіміз керек. Әдістеме деп дене тәрбиесі үрдісінде белгілі бір нәтижеге жету жолына бағытталған амалдар мен әдістер жүйесін айтады.
Дене тәрбиесінің барлық әдістері арнайы (тек қана дене тәрбиесі процесіне тән) және жалпы (дидактикалық білім беру және тәрбие бағытында қолданылатын) болып екі топқа бөлінеді.
Дене тәрбиесінің арнайы әдістері: а) қатаң шектелген жаттығулар әдістері; ә) ойын әдісі; б) жарыс әдісі.
Дене тәрбиесінің жалпы әдістері: а) сөзді қолдану әдістері; ә) көрнекілікті қолдану әдістері.
Ойын және жарыс әдісі
Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың элементтерін қолдану - ойын әдісі деп аталады. Ойын әдісінің мынандай өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар:
1. Белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары және тәртібі арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру.
2. Ойын әрекеттері кезінде ойнаушылардың бәсекелестік, жеңіске деген ұмтылысының, көңіл-күйлерінің көтерілуі.
3. Ойын барысында жаттығушылардың өз бетімен қимыл-әрекет жасауға шешім қабылдауы (ойынға қатысушы жүгірудің, секірудің, лақтырудың жолын өзі таңдайды).
4. Қимыл-әрекеттердің алуан түрлілігі, олардың ойын барысында, әр түрлі жаттығуларда кенеттен пайда болуы.
5. Ойын барысындағы ойынға қатысушылардың әр түрлі қарым-қатынастары.
Ойын әдісінің көмегімен дене қасиеттерін (күш, төзімділік, шапшаңдық, ептілік) кешенді дамытуға, бұрын үйренген қимылдарды жетілдіру және оқушылардың өзіндік қасиеттерін тәрбиелеуге (батылдық, тапқырлық, ұйымдастырушылық, өз бетімен шешім қабылдаушылық), бұдан басқа да көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады. Жаттығуларды ойын әдісімен жүргізу оқушыларды қызықтырып, жақсы әсер қалдырады, бірқалыптылықтан құтқарады. Ойын әдісінің бір кемшілігі, жүктеме мөлшерін дәл біле алмайтынымыз.
Жарыс әдісі. Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды жарыс әдісі дейміз. Жарыс әдісінің ең негізгі белгісі - біріншілікте қарсыласыңды, команданы, топты жеңу үшін бәсекелесу, күрес, күш сынасу жағдайында жоғарғы көрсеткіштерге жету. Бұл әдіс әр түрлі мақсаттарды орындауға пайдаланылады. Мысалы, адамгершілік, жігерлілік, дене қасиеттерін тәрбиелеу, күрделі жағдайда қимылдың ептілігі мен дағдысын жетілдіру. Жарыс әдісі адам ағзасының мүмкіншіліктеріне жоғарғы талаптар қояды да, оның ары қарай тез дамуына ықпал етеді. Бұл жарыс әдісінің міндетті түрде орындалуы үшін керекті шарт: жарыс, бәсеке жаттығуларына оқушылар өте жақсы дайындықпен келулері керек, ол болмаса берілетін үлкен қарқынды жүктемелер олардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.
Сонымен қатар бұл әдіс оқушылардан жаттығуды орындау кезінде пайда болатын міндетке өз шешімін тез қабылдауын талап етеді (өйткені, мұғалімнің, жаттықтырушының ақыл-кеңесін жарыс кезінде ести қою мүмкіндігі өте аз).
Қатаң шектелген жаттығу әдістері
Жаттығу кезінде көп қайталанатын жүктеме мен тынығуды алмастыра орындайтын қимыл-әрекетте қатаң шектелген жаттығу әдістерін пайдалану көптеген мүмкіншіліктерге қол жеткізеді:
1. Жүктеме көлемін қатаң мөлшерлеуге. Бұл әдісті қолдану кезінде жүктемені ең төменгі шамаға дейін жоғарылатып, басқаруға болады.
2 Әр түрлі дене қуатының қасиетін дамыту және жаттығу арқылы жеке дене мүшелеріне әсер ету.
3. Дене тәрбиесі үрдісінде жеке үйретуді пайдалану.
4. Кез келген күрделі жаттығуларға үйрету.
5. Дене тәрбиесі жаттығуларын әр түрлі жастағы адамдар арасындағы сабақ, жаттықтыру кездерінде пайдалану мүмкіншілігі. Біз осы әдістің көмегімен жаттығуларды жас балалардан бастап егде жастағы адамдарға дейін қолдана аламыз.
Қатаң шектелген жаттығу әдістері екі топқа бөлінеді: а) қимыл-әрекетке үйрету; ә) дене қасиеттерін жетілдіру.
Қимыл-әрекетке үйрету әдістері
Қимыл-әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге болады.
Тұтас үйрету әдісі жаттығуларды бөлшектемей толық үйрету кезінде мынадай жағдайларда қолданылады.
- қарапайым қимыл-әрекетке үйрету кезінде;
- дене қуаты және техникалық дайындығы жоғары оқушылармен жүргізілетін жаттығу сабақтарында;
- қимыл-әрекетті бөлшектеп үйретуге болмайтын, бөлшектесе техника негізінің сапасы болмайтын жағдайда;
- бұрын үйренген жаттығуларды жетілдіруде.
Жаттығуларды бөлшектеп үйрету әдісі кезінде қимыл-әрекетті бөлшектеп жеке-жеке меңгеріп, сонан соң бәрін қосып толық қайталайды. (Мысалы, гимнастика сабағындағы алға аунап түсу, басқа тұру, жанға айналу жаттығуларының техникасын жеке-жеке үйреніп, меңгергеннен кейін толық қайталау және т.б.).
Күрделі қозғалыс техникасын үйренуді жетілдіруге жақындататын жаттығулар қолданылады. Мұндай жаттығулардың техникасы негізгі, күрделі жаттығудың бөлшектеріне ұқсас болып келеді. Бұл жаттығулар біртұтас түрде, оқушыларға түсінікті және қолайлы болуы керек.

1.2 Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері

Дене тәрбиесі жүйесінің барлық буындарында бір мақсат - ӛмірге, еңбекке, Отан қорғауға даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалық шақ дене тәрбиесінің міндеттері жалпы мақсаттық бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтыланады. Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің сауықтыру, білім беру, тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады.
Сауықтыру міндеттері. Мектепке дейінгілер дене тәрбиесінің міндеттері-ӛмір қорғау және денсаулық нығайту балалардың организмін шынықтыру болып табылады. Жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады. Денсаулық нығайту міндеттері бала организімінің даму ерекшеліктерінен туа отырып, әр жүйе бойынша әлдеқайда нақты түрде анықталады: дұрыс және уақытылы сүйектенуге, омыртқа иілістерінің қалыптасуына, табан үзінділігінің дамуына, байланыс буындық аппараттың нығаюына кӛмектесетін, дене бӛліктерінің дұрыс арақатыста дамуына, сүйектердің өсуі мен салмағын реттеуге себепші болып; бұлшық еттердің барлық топтарын кеуде, арқа, аяқ-қол, алақан, табан, мойын, ішкі органдар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары, бұлшық еттерін дамыту, нашар дамыған иіп жазғыш бұлшық ет топтарына айрықша кӛңіл бӛлу; қанның жүрекке қарай ағуының күшеюіне, оның жиырылу жиілігінің және тұтқиылдан өзгерген жүкке бейімделу қабілетін жақсарта жәрдемдесу; тыныс жолдары еттерін нығайту, кеуде клеткасының қозғалғыштығын дамыту, тыныс алудың тереңдеуіне ауаны үнемді жұмсауға, тыныс ырғағының тұрақталуына, өкпенің ауа сыйымдылығын арттыруға себепші болу, мұрын арқылы дем алуды үйрету; ішкі органдардың дұрыс қызмет етуіне көмектесу, теріні зақымданудан сақтау және оның дұрыс қызмет етуіне жәрдемдесу; қозу және тежелу процестерінің тең қалыптылығына, олардың қозғалмалығына, белсенді тежелістің дамуына, сондай-ақ қимыл-қозғалыстық анализатордың, сезім мүшелерінің жетілуіне себепші болу.
Білім беру міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде білім беру міндеттерін шешудің де маңызы аз емес. Қимылқозғалыс дағдыларын қалыптастыру, денені түзеу ұстау, гигиена дағдыларын 41 бойға сіңіру, дене тәрбиесі туралы білімді игеру. Жүйке (нерв) жүйесінің икемділігі арқасында балаларда қимыл-қозғалыс дағдылары басқалармен салыстырғанда оңай қалыптасады. Олардың кӛпшілігін балалар күнделікті ӛмірде пайдаланады. Қимыл-қозғалыс дағдылары қоршаған ортамен байланыс жасауды жеңілдетеді және оны танып білуге кӛмектеседі: мәселен, еңбектеуді үйренген бала оны қызықтыратын заттарға ӛзі жақындайды да олармен танысады, шаңғы, велосипед тебе білетін балалар қардың, желдің қасиеттерін оңай танып біледі, жүзу кезінде балалар судың қасиеттерімен танысады. Дене жаттығуларын дұрыс орындау бұлшық еттердің, буындардың, бунақтардың, сүйек жүйесінің жетілуіне тиімді әсер етеді. Мысалы қолды артқа сілтей құлаштап лақтыру әдісін дұрыс үйренген бала құлаш сілтеу мен лақтыруды кеуде, аяқ, қол қозғалысының үлкен амплитудасымен орындайды, бұл бұлшық еттер, буындар, бунақтардың тиісті топтарының жақсы жетілуіне жағдай жасайды. Қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдылары баланың күш үнемдеуіне мүмкіндік береді. Осының арқасында жаттығуды кӛп рет қайталауға және жүрек қан тамырлары, тыныс жүйелеріне әлдеқайда тиімді әсер жасауға, сондай-ақ дене қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туады. Нық қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдыларын пайдалану қимыл-қозғалыс және ойын ісәрекетінің күтпеген жерден туатын міндеттерін ойластыруға мүмкіндік береді. Мәселен, жүгірген бетте ұзындықтан дұрыс секіруді үйренген бала, мысалы, Жар астында қасқыр бар ойынын ойнап жүргенде қалай секіру керек екендігін жайын ойламай, қасқырдан қалай құтылу жағдайын ойластырады. Жеті жасқа дейінгі қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдылары мектепте оларды одан әрі жетілдірудің іргетасын қалайды және алдағы уақытта спортта жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Кӛптеген атақты спортшылар (И.ТерОвенесян, В.Брумль т.б) дене жаттықтырумен үзбей айналысуды балалық шақтан бастаған. Мектеп жасына дейінгі балаларда негізгі гимнастика жаттығуларын (сапта тұрып жаттығу, жалпы жетілу жаттығулары, негізгі қозғалыстар-жүру жүгіру, теңдік сақтау, ӛрмелеу, жер бауырлап қозғалу, асып түсу, лақтыру, секіру), спорт жаттығуларын (шаңғы тебу, коньки, велосипед тебу, жүзу) орындауды қалыптастыру қажет. Мұнымен бірге балаларды спорттық элементтері бар ойындарды ойнай білуге үйрету керек (теннис, бадминтон, городки, волейбол, баскетбол, хоккей, футбол т.б.). Жас мӛлшеріне қарай бӛлінген топтар бойынша қалыптастырылатын қимыл-қозғалыс дағдыларының кӛлемі Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасында берілген. Балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен қатар алғашқы күндерден бастап, дене қасиеттерін (ептілік, шапшаңдық, күш, тӛзімділік, тепе-теңдік сақтау т. б.) дамыту қажет. Мұндай қасиеттерді дамытуға мүмкіндік бар екенін сандық кӛрсеткіштер дәлелдейді. Мысалы, күштің, шашаңдық пен ептіліктің дамуымен бірге секіру биіктігі, ұзындыққа лақтыру алыстығы артады. Тӛзімділікті дамыту балаларға дене жаттығуларын шаршамай жасауға, ұзақ жол жүруге мүмкіндік туғызады. Лақтырғанда кӛздеген жерге тигізу, секіргенде діттеген жерге дәл түсу, жүргенде, жүгіргенде бағдар сақтау -- балалардың кӛзбен шамалау қабілетінің жақсы екендігін дәлелдейді. Дене қасиеттерін дамытпайынша бала аса 42 қарапайым жаттығуларды да орындау, қимыл-қозғалысты тілейтін іс-әрекетің алуан түрлерін жетілдіре алмас еді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тұлғаны дұрыс ұстау дағдысына, яғни бала отырғанда, тік тұрғанда, жүргенде денені дұрыс қалыпта сақтай білуге тәрбиелеудің маңызы зор. Тұлға дұрыстығының барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай қызмет етуі үшін үлкен мәні бар. Бірақ тұлғаның дұрыстығы дер кезінде қалыптастырылуы тиіс дағды. Бұл жаста жеке және қоғамдық гигиенаның бастапқы дағдыларын бойға сіңірудің (дене жаттықтырудың алдында қол жуу, мұрын тазалау, дәрет сындыру, костюмді, аяқ киімді күту, ойыншықтарды, дене шынықтыру құралдарын, бӛлмені таза ұстау т. б.) үлкен маңызы бар. Балалардың денсаулығы кӛбіне, осы дағдыларға, әдеттерге байланысты. Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесіне байланысты қарапайым білімді хабарлаудың маңызы бар. Алған білім балаларға неғұрлым саналы түрде айналысуға және балабақша мен отбасында дене тәрбиесі құралдарын неғұрлым толық ӛз бетімен пайдалануға тұлғаның дұрыстығын, қозғалыс техникасы, қимылқозғалыстық ойындардың ережелері туралы мағұлматты, сондай-ақ жеке және қоғамдық гигиена туралы қарапайым білімі болуға мүмкіндік береді. Балалар дене мүшелерінің аттарын, қозғалыс бағыттарын, дене тәрбиесі жабдықтарының аттары мен атқаратын қызметін, оларды сақтау мен күту, киімді, аяқ киімді күту ережелерін білулері тиіс. Дене тәрбиесіне қатысты білімдер балалар ӛскен сайын кеңейе түседі.
Тәрбиелік міндеттер. Дене тәрбиесі процесінде кең ауқымды тәрбиелік міндеттерді шешудің маңызы үлкен. Балаларда күн сайын дене жаттықтырумен айналысуға деген қажеттілікті, әдетті қалыптастыру, балалар мекемелерінде, үйде осы жаттығулармен ӛз бетінше айналыса білуді дамыту, неғұрлым қарапайым жаттығуларды құрдастарымен және біршама кіші жастағы балалармен бірге ӛткізу қажет. Балаларда спортқа деген сүйіспеншілікті, оның нәтижелеріне, спортшылардың жетістіктеріне деген қызығушылықты тәрбиелеу керек. Дене тәрбиесі процесінде адамгершілік, ақыл-ой, эстетика, еңбек т.б. тәрбиелерді жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер болады. Дене жаттығуларын орындаған кезде мінездің жақсы жақтарын және адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу үшін, сондай-ақ ерік-жігер қасиеттерінің кӛрініс беруі үшін жақсы жағдайлар жасалады. Ақыл-ой және дене тәрбиесі ӛзара тығыз байланысты. Дұрыс дене тәрбиесі жүйке жүйесінің, барлық органдар мен жүйелердің қалыпты қызметі үшін мейілінше қолайлы жағдай туғызады, мұның ӛзі жақсы қабылдауға және есте сақтауға кӛмектеседі. Сонымен бірге балаларда тек дене тәрбиесіне ғана қатысты емес, іс-әрекеттің басқа түрлерінен мінез-құлықтары, табиғат және қоғам ӛмірі құбылыстары жайлы алған білімдері де бекемдене түседі. Балалардың барлық психикалық процестері, сондай-ақ ойлау процестері дамиды. Балаларда алған білімдері мен дағдыларын белсенділік, дербестік, зейінділік, ептілік, тапқырлық кӛрсете отырып, қимылқозғалыс іс-әрекеттерінде шығармашылықпен пайдалана білуді тәрбиелеу қажет. Мектеп жасына дейінгі балаларда сергек, жайдарлы кӛңілді қамтамасыз ете отырып, жағымды эмоцияларды тәрбиелеу, сондай-ақ жағымсыз психикалық кӛңіл күйді тез жеңе білуді дамыту ӛте маңызды. Бұл жағымды 43 эмоциялардың барлық органдармен организм жүйелері жұмысына жақсы әсер ететіндігімен, қимыл-қозғалыс дағдылары қалыптасуының шапшаңдығымен беріктігін қамтамасыз ететіндігімен де қажет. Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруға жақсы жағдай жасайды. Дене жаттығуларын орындау процесінде қимыл-қозғалыстың, дене тұлғасының сұлулығын, әсемдігін, мәнерлігін, костюмдердің, дене шынықтыру жабдықтарының, айнала қоршаған бүкіл ортаның әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну және дұрыс бағалау қабілетін дамытуды қолдап отыру, эстетикалық жағынан лайықты мінез-құлыққа ұмтылысты, әрекеттердегі, сӛздердегі, қылықтардағы дӛрекілікке тӛзбеушілікті тәрбиелеу орынды. Дене тәрбиесі процесінде еңбек тәрбиесі жүзеге асырылады. Еңбекке даярлаудың мәні мынада, балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын шапшаң меңгеру қабілеті дамиды және еңбекке қажетті дене қасиеттері тәрбиеленеді. Сонымен бірге балалар бӛлмені, балабақша үлескісін жабдықтаумен, дене тәрбиесі құралдарын сабақтар кезінде орын-орнына қоюға және жинауға байланысты еңбек дағдыларын меңгереді. Балалар дене тәрбиесі жабдықтарын күтіп ұстау жӛніндегі еңбек дағдыларын бойға сіңіреді: қабырғадағы сатылардың, орындықтардың, тақтайлардың, доптардың, таяқшалардың, шеңберлердің шаңын сүртеді, шаңғылардың қарын тазалайды, оларды май жағып, ысқылайды, орындарына қояды, конькилерді сүртіп жинастырады, шаналардың қарын сілкіп түсіреді, велосипедтің шаңын сүртеді. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің процесі осы айтылған міндеттердің бәрі бірдей шешілетіндей болып құрылуы тиіс.

1.3 Дене қасиеттерін дамыту әдістері

Дене қасиеттерін дамытуға бағытталған қатаң шектелген жаттығулар әдістері әр түрлі формадағы жүктеме мен тынығудың түрлерін ұштастыру мүмкіндігіне байланысты қолданылады. Жүктеме дегеніміз - дене тәрбиесі жаттығуларымен адам ағзасына әр түрлі көлемде әсер ету. Жүктеменің шамасы оның қарқындылығы мен көлеміне байланысты. Жүктеменің көлемі - орындалған дене қуаты жұмысының саны (мысалы, 10 минөттық жүгіру, жаттығуды қайталау саны т.б.).
Жүктеме қарқындылығы - ол белгілі бір уақытта дене тәрбиесі жаттығуларын қарқынды, тездете орындау. Жүктеменің ішкі және сыртқы қарқынды көрсеткіштері болады. Сыртқы көрсеткіш - қозғалыс жылдамдығы (жүгіру, шаңғы жарысы, суда жүзу т.с.с.), спорт ойындарындағы ойын қарқыны т.б. Қарқындылықтың ішкі көрсеткіштері - жүректің соғу жиілігі, белгілі бір уақытта күш жұмсау өлшемі. Адам ағзасына әсер ету көлеміне байланысты жүктеме:
- кіші (жүректің минутына 130 ретке дейін соғуы);
- орта (жүректің минуына 131-155 рет соғуы);
- үлкен (жүректің минутына 156-175 рет соғуы);
- жоғары (жүректің минутына 176-190 рет соғуы);
- өте жоғары (жүректің минутына 190-нан көп рет соғуы) болып бөлінеді.
Спортшының жаттығуларды орындау, жұмыс істеу қарқынына байланысты жүктеме бірқалыпты және ауыспалы болып келеді. Бірқалыпты жүктеме - ол спортшының белгілі бір уақытта жаттығуды орындаудағы қарқындылығының өзгеруі (ол жоғары немесе төмен болып өзгеруі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Дене шынықтыру және спорт оқу-әдістемелік кешені
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Дене тәрбиесі әдістемесінің пайда болуы мен қалыптасуы
Сабақты дене жаттығулармен құру негіздері
ЖОО-да оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Дәрігерлік бақылаудың сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
Дене тәрбиесінен дәрістер жинағы
Пәндер