Саясаттану әдістері мен әдістемелері туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

«Рымбек Байсеитов» атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі

Семейский финансово-экономический колледж им. Рымбека Байсеитова | Выпускник.Kz

Управления образования Восточно- Казахстанской области

Семейский финансово-экономический колледж имени «Рымбека Байсеитова».

САЯСАТТАНУ

Дәрістер жинағы

Автор: Ахметова Д. М

(сырттай оқу бөлімі студенттеріне арналған оқулық)

Мазмұны

Кіріспе
Кіріспе: 1 Саясаттану пәні
Кіріспе: 2 Билік
Кіріспе: 3 Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
Кіріспе: 4 Демократия. Қазіргі заманєы тұжырымдамалар және саяси тәжірибе
Кіріспе: 5 Тұлға және саясат
Кіріспе: 6 Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
Кіріспе: 7 Саяси партия және партиялық жүйелер, Қазақстанда көппартиялық дамуы
Кіріспе: 8 ҚР-ның ұлттық саясаты. Қазақстан - халықаралық байланыс субъектісі
Кіріспе:

Кіріспе

Кеңестік дәуірдің ыдырауымен ХХ ғасырдың соңында еліміздің саяси кеңістігінде біршама өзгерістер болды. Ондаған жылдар бойына қоғамдағы таптық бағдарға сүйенген саяси санамыз енді тәуелсіз, дербес дамуға бет алды. Бұл заңдылық. Бүгінгі Қазақстандағы саясаттанулық үрдіс өзінің әдіснамалық-методологиялық және дүниентанымдық қызметтері барысында гуманистік бағдарлар, адамгершілік принциптер, әлеуметтік әділеттілік сияқты мәселелерді маңызды деп санап, оны кеңейту шараларымен айналысып жатыр.

Тәуелсіз мемлекетіміздің әлеуметтік-саяси өмірінің барлық саласы өзгеріске ұшырап, жаһандану жағдайында әлемдік өркениет үлгісіне бейімделіп, қайта құру бағытында белсенділік көрсетіп отыр. Сондықтан қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән-мағынасын жете меңгеруімізде, ондағы адам құқықтары мен бостандықтарын қажетті деңгейде ұғынуымызда саясаттану пәнінің рөлі зор.

Саясаттану - міндетті пәндер қатарына қосылған қоғамдық-гуманитарлық білімнің маңызды пәні болып саналады. Саясаттану - бұл саясат туралы ілім, ол жеке тұлға мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты анықтайды. Саясаттанудың мазмұны өкімет проблемалары, мемлекет және мемлекетаралық қатынастарды қамтиды.

Саяси ғылым ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, ХХ ғасырдың ортасына қарай тұрақтандырылған, бірақ саясаттың теориясы көне заманнан бастап өркениет дамуының тарихы барысында дамыды.

Бүгінгі тәуелсіз еліміздің бағдарламасының негізгі нысанының - адамның саяси құқықтары мен мәдениетін көтеруге бағытталып отырған сәтінде әлеуметтік, шығармашылық, бостандық, сонымен бірге адамды өзгеше жаратылыс ретінде сипаттайтын белгілерін анықтауда, дербес ойы бар күрделі саяси мәселелерді шешуде саясаттанудың рөлі зор.

1 Дәріс. Саясаттану пәні

1. 1 Саясаттану пәні және оның құрылымы

1. 2 Саясаттану әдістері мен әдістемелері туралы

Дәріс мақсаты: студенттерге саясаттанудың ғылым ретінде, дәріс ретінде, заманауи қоғам туралы жүйелі зерттеу ретіндегі ерекшелігі мен маңызы жайында мәліметтер беру; саясаттану пәнінің қалыптасуы, мақсаты мен құрылымын айқындау.

Мазмұны: дәрісте «саясат» категориясы қарастырылады, саяси ойлаудың дамуы барысындағы өзгерісі айқындалады; саясаттанудың өкімет туралы көзқарасы сипатталады; адамның саяси өмірдегі рөлі пайымдалады; әлеуметтану, философия, экономикалық теория, құқық сияқты қоғамдық ғылымдардан ерекшелігі қарастырылады; қазіргі саяси білім құрылымы туралы, саясаттану зерттеулеріндегі әдістер мен әдістемелер туралы ой қорытылады.

1. 1 Саясаттану сөзі екі сөзден құралған: саясат + логос, саясат туралы ілім дегенді білдіреді. Оның 20 ғасырлық тарихы бар; Плотон академиясында саясат проблемалары зерттелген және Плотонның шәкірті Аристотельден «саясат» атты көне грек қала мемлекеттерінің саяси жүйелерін зерттеуге арналған күрделі еңбегі қалды. Ал саясаттану тарихына келсек бұл еңбек оқу пәні ретінде 100 жылдай бұрын, ХІХ ғасырда әртүрлі елдердің жоғарғы оқу орындарында оқытыла басталды.

Саясат мағынасында трактовкалардың бірнеше негізгі ұстанымдары бар. Біріншіден Аристотельдің түсіндіруінше, саясатқа қоғамдағы проблемалардың барлығы жатады. Аристотельше саясат бұл - «мемлекетті басқару өнері». Дегенмен ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргідей терең түсіндіріп ашып бере алмады. Ол келесі ойларды негіздейді: адам табиғаты бойынша қоғамдық және саяси тіршілік иесі; адам қарым-қатынасының ең жоғарғы формасы - жалпы игілікке жету; барлық қоғам мүшелерінің жақсы өмір сүру мақсатын қойған мемлект үлкен жетістікке жетеді; саясат - «ілім мен мәдениеттің ең маңыздысы», себебі ол алдына «мемлекеттік құрылымның ең үздік түрін» зерттеп және табуды мақсат етеді; Аристотельде саясат моральмен тығыз байланысты.

Саясатты моральдан бөліп қарау және жеке пән ретінде (саясатты) зерттеу Н. Макиавелли (ХҮІ ғасыр) есімімен байланысты. Макиавелли бойынша, саясат - бұл «өкімет басына келу, билікті ұстап тұру және тиімді пайдалану» үшін қажетті құралдар жиынтығы. Яғни, саясаткердің негізгі проблемасы ол - мемлекетті басқару және басқару үшін күресу жолдарын айқындау. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленесуі, пролетраиаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды. Марксизм теориясы философия мен саяси экономия саласында екі жаңалық жасады. Біріншісі - тарихты материалистік тұрғыда түсіну, екіншісі - капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құн туралы ілім болды. Марксистік-ленинистік көзқарас бойынша саясат саяси топтық көзқарастың бейнесі ретінде көрінеді. Ал, мемлекеттік саясат белгілі бір топтың үстемдігін қолдайтын құрал ретінде қарастырылады. Саясат пен саяси қарым-қатынастарды түсіндіруде, әсіресе саяси құбылыстардың таптық сипатын ашу мәселесінде айқын із қалдырды. Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш - жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат - буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең ұйымдасқан саналы қабаты деп санаған. Маркс пен Энгельстің ізбасары Ленин буржуазиялық-демокартиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын негіздеді. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты, социализм орнатуда пролетарлық мемлекеттің рөлін айқындап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшелігін көрсетті.

Қазақ халқының саяси ұғымдарға бай рухани мұрасы да әлемдік саяси ой-пікірдің құрамдас бөлігі екені сөзсіз. Қазақтың бірінші фәлсафашысы, саясаттанушысы деп біз - Әбу Наср әл-Фарабиді (870-950) айтамыз. Екінші Ұстаз туындылары Шығыс елдерінде кеңінен таралды, арабтық Испанияның арқасында Еуропда да мәшһүр болып иврит және латын тілдеріне аударылған. Кейбір деректердің айтуынша ойшыл еңбектерінің саны 160-тан асады. Өзіміздің қазақ топырағында дүниеге келіп, мұсылман араб қоғамында кәсіби тұрғыда жетілген Әбу Наср әл-Фараби бүгінгі уақытта барынша өзектілікке ие болып отырған саясаттанудың түп-тамырын қалады. Ұлы ойшыл «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» туралы еңбегінде мемлектті адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен жақсылап қанағаттандыру үшін жасаған ұйым деп білді. Оның пайда болуына тіршілік үшін күрес айтарлықтай ықпал етті. Сондықтан адамдардың ұжымда өмір сүріп, бақытқа қол жеткізудің тұжырымдамасын белгіледі. Қайырлы және қайырсыз басқарудың ара жігін айқындады. Ол бірінші болып адам проблемасын көтерді. Бақытқа қол жеткізудегі білімнің көмегін насихаттады. Кемеңгер ойшыл шығыс қоғамындағы гуманисзиді дәріптеген нағыз саясаткер ретінде танылды. Оның ілімін Орта Азия топырағында танымал болған басқа да ойшылдар ары қарай жалғастырды.

Түркі топырағының асыл перзенті Жүсіп Хас Қажы Баласағұн (1021-1075) аты әлемге әйгілі қоғам қайраткері, ол Баласағұн қаласында туып, әйгілі түрік қағанаты құлаған соң құрылған Қарахан империясының мәдени орталығының бірі болған Қашқарда тұрған. «Құтты білік» атты атақты еңбегі нағыз саяси туынды. Поэма 85 тараудан тұрады. Өзінің мәшһүр еңбегін ойшыл Қараханид әулетінен шыққан Табғаш Боғра-хақан - Абу Хасанға арнап жазып, осы еңбегі үшін хасс-қажыб (сарай министрі) дәрежесін алған. Жүсіп дәуірінде қарахандықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке таласып бастары қосылмады. Сондықтан туындыда мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол - тек саяси трактат қана емес, онда өмірдің мән-мағынасына, адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың мінез-құлқы, салт-санасы, әдет-ғұрпы және т. с. с көзқарастар жинақталған. Ол шындыққа, бақытқа жетудің жолын іздеді. Әділет, ақыл, қанағатты насихаттады. Әділ заң мен еркіндікті көкседі.

Қазақ халқының ірі ойшылдарының біріне Қожа Ахмет Йассауи (1093-1157) жатады. Ол «Диуани хахметте» әділдікті, имандылықты, шыншылдықты, мейірімділікті дәріптейді. Адал билеушіні нақтылайды. Парақор әкімдерді әшкерелейді. Бұл ойшылдың ілімі бүгінгі таңдағы қоғамды қобалжытып отырған мәселелермен төркіндес деуге болады.

Қазақ халқының саяси тарихында өшпес із қалдырған танымал хандар да бар. Оларға Қасым, Есім хандар жатады. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп халық олар жасаған заң тәртіптерін көпке дейін ұмытпаған, алайда олар бізге дейін жетпеді. Ал, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» негізінен сақталған. Бұл заңда құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі принциптері айқындалады. Тәуке хан «Халық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақтандырып, маңызын арттырған. Сайып келгенде қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізген нағыз реформатор болған.

ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырда саясат түсінігіне байланысты жаңа көзқарастар пайда болды. Осыған байланысты, саясат - басқару туралы ғылым және барлық адамдар қауымдастықтары мен топтарындағы бедел мен басқаруды нығайтты. Саясаттың осындай түсінік ретінде бастамасы неміс социологі Макс Вебердің (1864-1920 жж) алдыңғы қатарлы шығармаларында бастау алды. Ол «Саясат - атақ пен мамандық» деген еңбегінде: «саясат ол мемлекеттер арасында немесе мемлекет ішінде, не жеке адамдар арасында басқаруға ұмтылу немесе басқаруды бөлісуге әсер ету деп жазған (М. Вебер Таңд. Шығарм. - М., 1990, 644, 646 бб) . Ол өзінің зерттеу қызметінің принципі ретінде плюрализм идеясын негіздеді. Оның іздеген басты мәселелері - қоғамның шаруашылық өмірінің, әртүрлі әлеуметтік топтардың материалдық және идеологиялық мүдделері мен діни сананың араларында қандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Ол әлеуметтік құрылым мен таптық жанжалдарға ерекше мән берген. Осы тұста оның Маркстің көзқарастарына қарсы шығатын тұстары жиі болған. Нақтылайтын болсақ оның ойынша болашақ қоғам жұмысшы табының диктатурасы емес, шенеуніктердің диктатурасына негізделеді деген.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында саяси идеология ретінде ағартушылық кең өріс алды. Бұл бағыттың белді өкілі деп біз Абылай ханның шөбересі Шоқан Уәлихановты (1835-1865) айта аламыз. Шоқан Азия мен Қазақстан жағдайында халықты аяусыз қанап, соның нәтижесінде билеп-төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нәрсе - олардың қолындағы шексіз билік деп ұқты. Сондықтан халықты қанаудан құтқару үшін бай-манаптардың билігін жою немесе тым болмаса олардың саяси үстемдігін шетеп, бұқара халықтың демократиялық құқығы мен бостандығын кеңейтпек болды. Жалпы, ол билікті халықтың еркімен шектеуді дұрыс деп санады. Ойшыл адамгершілгі мол адамның еркіндігін насихаттаған. Ал адамилыққа қол жеткізудің негізгі нысаны білімде деген ой тастаған. Бұл уақытта Шоқанның замандасы Ыбырай Алтынсарин де (1841-1889) қоғамда белсенділік көрсетіп, халықты дүниеге «дұрыс көзқараспен» қарауға тәрбиелеуді өзінің мақсаты етіп қойды. «Қазақ даласындағы жұт жөнінде» деген еңбегінде халықтың болашағы отырықшылыққа көшу және егін шаруашылығымен айналысуда деген пікір білдірген. Білім мен жеке бас мәдениетін көтеруге үндеді. Қазақ қыздарын оқытуға ерекше көңіл бөлді. Көптеген мектептер ашты. Білімнің мансабы мен мәніне терең үңілу қазақ топырағының кемеңгер хәкімі Абай Құнабаевтан да (1845-1904) жақсы байқалады. Абай патша өкіметінің сойылын соғып, байлардың мүддесін қорғайтын қарапайым халықты езуші старшина, би, болыс және т. б. атқамінерлер сияқты әлеуметтік топтың қоғам дамуына кедергі келтіріп отырғандығын жақсы түсіне білді. Сондықтан ол ел басқару жүйесінде жаңа заң, ережелер енгізуді армандап, сол жолда жүзден аса бабы бар ереже жазған (М. Әуезов. Шығармалар. Алматы, 1969, 12-том, 295-б) .

Қазақ халқының саяси санасының дамуына ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында пайда болған алғашқы зиялылар тобы да зор ықпал етті. Оларға Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаев, Мағжан Жұмабаев, Бақытжан Қаратаев, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар және басқалар жатады. Олар Ресейдің отрашыл саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын басқарып, қазақ халқының ұлттық бірлесуін мұрат етті. Олар қазақ елінің өзін-өзі басқару, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, адам құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, демократиялық прнинциптерді қазақ жеріне кіргізуді мақсат етті. Алаштың білімді дебілікті асыл азаматтары қызыл империяның құрбаны болып кетті. Бірақ олардың саяси мұраты өз өміршеңдігін ешқашан жоймақ емес.

Осындай саясаткерлердің сан түрлі дәлелдеулеріне сүйене отырып, айтатынымыз, саясаттанудың зерттейтін нысаны - саясат, қоғамның саяси өмірі, бүтіндей алғанда, қоғамды қоршаған саяси шындық. Саясаттану пәні дегеніміз бұл - саясаттың ортаңғы звеносы болып саналатын өкіметтің қалыптасуы, қызметі мен дамуы, объективті және субъективті факторларының заңдары және әсер етуші механизмдер мен осы заңдардың орындалу заңдылықтары туралы ғылым. Сондықтан, саясаттану - қоғамдағы саясат пен саяси қарым қатынас туралы, саяси өкіметтің дамуы мен қалыптасу заңдылықтары туралы және адамның қоғамдық өмірдегі орны туралы ғылым.

Қарастыратын мәселесіне байланысты саясаттануды келесі бөлімдерге бөлуге болады:

1) саяси теория - саяси процестерді, яғни саяси институттар мен қоғамдық- саяси күштердің жұмыс жасауын зерттейді. Алға қойған мақсаты саяси процесс дамуының ағымдары мен заңдылықтарын анықтау және түсіну болып табылады;

2) саяси философия - саяси процестердің идеялық мазмұнын зерттейді;

3) саяси социология - саяси ақуалдың әлеуметтік жағдайымен байланысын, біржағынан саяси процестердің әлеуметтік мазмұны мен саяси қызметтің әлеуметке әсерін анықтайды;

4) саяси психология - жеке адам мен бұқараның санасы деңгейінде саяси қызметтің психологиялық факторларын қарастырады.

Айтылған бөлімдер саясаттануды кең мәнінде қарастырады. Ал, тар мәнде саяси ғылым деп саясат теориясының өзі айтылады. Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі бұл ғылымды сяасат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қатып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүние жүзі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрады деп белгіледі:

1) Саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы мен қызметі) ;

2) Саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару, көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу) ;

3) Партиялар мен қоғамдық ұйымдар;

4) Қоғамдық пікір;

5) Халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық) .

Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерсітің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Саясаттану дегеніміз қоғамдағы саясаттың мән жайын түсіндіретін яки ондағы адам мен қоғамның ара-қатынасын айқындайтын тұжырымдамалардың жиынтығын дәйектейтін ғылым.

1. 2 Әрбір ғылым белгілі бір әдістерге сүйенеді. Методология-танымдық әрекеттің жалпы теориясы, онда не тану мен нені тануға концептуальды көзқарас туралы айтылады, бұл проблеманы зерттеудің әдістері мен тәсілдері бар. Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп білу үшін түрлі әдістерді қолданады. Мысалы, Марксистік методологияда, қоғамдық құбылысты зерттеуде маңызды нәрсе таптық көзқарас болып табылады. Ол кез келген саяси идеологиялық және өнегелік т. б. құбылыстар таптық қызығушылық пен таптық күрес тұрғысынан қарастырылады. Сонымен әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтамыз. Саясаттанудың мұндай тәсілдеріне - салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік, аксиологиялық және т. б. жатады.

Салыстырмалы әдіс дегеніміз әртүрлі елдердегі саяси жағдайларды зерттеп, соғын салыстырма жасау дегенді білдіреді. Олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін жіктеуге септігін тигізеді. Ондағы саяси тұрақтылық пен оның шешімдерін бағалауға, қажетті тұстарын қабылдауға мүмкіндік жасайды. Саясаттанудың салыстырмалы әдісі туралы ерекше айта кету қажет. Оны саясаттануға тән әдіс деп қарауға болмайды, бірақ ол жалпығылымдық әдіс, өйткені салыстыру барлық ілімдерді тануға апаратын жол. Салыстыру әдісі, әлемді тану сияқты өте көне. Бұл әдіспен 158 грек қалаларын зерттеуге, ондағы басқару формаларын салыстырган Аристотельдің «Саясат» кітабында кеңінен қолданған. Қазргі заманғы батыс саясаттану ғылымында да салыстыру әдісі ең жақсы дамыған бағыт болып есептеледі. Әңгіме саяси жүйелер мен институттардың және т. б. салыстыра отырып зерттелуі туралы. Бұл әдістің өзіміздің Қазақстан Республикасында алатын маңызы зор. Себебі еліміздегі жүріп жатқан саяси реформалардың нәтижелі болуына басқа елдердің озық тәжірибесін пайдаланып, тиімді тұстарына салыстырма жасау арқылы қоғамға енгізу жеңісті шешім болмақ.

Жүйелеу әдісі дегеніміз қоғамдағы саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымдардың құрамдас бөлшегі ретінде қарастырып, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік ортадағы орны мен қызметін және басқа құбылыстармен байлынысын зерттеуді білдіреді.

Социологиялық әдіс саяси құбылыстардың қоғам өміріндегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени және т. б. жағдайлармен байланысын анықтайды.

Тарихи тәсіл уақытына байланысты болып жатқан саяси құбылыстардың өткенін, қазіргісін және болашақтағы жай-күйін айқындайды. Ол әртүрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.

Бихевиористік әдістің мәні адамдардың, жеке тұлғалардың және топтардың белгілі бір саяси жағдайда өздерін ұстауы, көпжақты әрекеттерінің нәтижелерін нақтылы зерттеу деп түсіндіріледі. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді. Бихевиоризмге психоаналитикалық әдіс жақын. Бұл жерде саяси қызметтің субъективті себептерін зерттеуге арналған саяси зерттеулерде психоанализ әдісін қолдану айтылады. Батыста бұл әдіс қоғам мен саяси өкіл арасындағы сенімді зерттеу проблемасына арналады.

Нормативтік әдіс ХІХ ғасырға дейін жиі пайдаланылған. Қоғамның игілікке жетуін қамтамасыз ететін немесе адамның әуел бастан тиесілі табиғи құқықтарын іске асыруға алғышарттылықтар туғызатын саяси құбылыстың түрі.

Диалектикалық-материалистік әдіс қазір көп айтылмағанымен, бұрынғы Кеңес Одағы кезінде кеңінен пайдаланылған. Ол табиғатты, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Бұл әдісті ешкім жоққа шығармайды. Бірақ коммунистік көзқарас сияқты бір ғана бұл әдістің шеңберінде қалуға болмайды.

Саясаттануда жеке әдістердің үлкен жиынтығы қолданылады. Жоғарыда аталған әдістерден басқа да әдіс-тәсілдер бар. Оларды терең меңгере отырып саяси процестер мен олардың жүру деңгейін шынайы бағдарлауға жолдама аласыз. Бүгінгі демократиялық қоғамда сан түрлі әдістер кеңінен қолданыста болады. Әңгіме ең алдымен орта деңгей теориясы, яғни концептуалдық сызбаның жиынтығы мен парадигма ұстанымы болып отыр. Аз ғана методологиялық (әдістемелік) әдістерге қарағанда орта деңгейдегі теориялар өте көп. Мысалы, американдық саясаттанушылар бұрынғы социалистік елдердегі тоталитаризм мектебін (З. Бжезинский, Х. А. Арендт т. б. ) кең түрде зерттеді. Үшіншіні әлем елдері теориялық модернизация теориясы көмегімен сараптады. Капиталистік елдер жалпыға бірдей береке, плюралистикалық демократия теориясы және т. б. тұрғысынан қарастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Саяси халықаралық құрылым мәселелері
Саясат тарихы туралы ақпарат
Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары және кәсіби анықталуының психологиялық ерекшеліктері
Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
ХХ ғасырдағы әлеуметтану
Психодраманың әдістемелері
Оқыту процесіндегі жаңа технологиялар
Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында оқытудың белсенді әдістерін қолдану тиімділігі жайлы
Зерттеудің міндеттері жоғары сынып оқушыларының лидерлікке даярлығын тәрбиелеудің теориялық негіздерін айқындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz