Html тіліне кіріспе


ЕСЕП БЕРУ Тақырыбы : «Html тіліне кіріспе»
Алматы 2020
Мазмұны
Кіріспе . . . 3 1. World Wіde Web және HTML тілі . . . 5 1. 1. HTML тілінің атқаратын қызметі . . . 6 1. 2. HTML командалары . . . 7
2. HTML тілінің негізгі тәгтері . . . 8
2. 1. Тәг атрибуттары . . . 10
2. 2. Құжатты форматтау . . . 12
2. 3. HTML-құжатты дайындау . . . 14
Қорытынды . . . 16 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 17
Кіріспе .
HTML - бұл веб-құжатты сипаттайтын тіл. HTML
(H
yper
T
ext
M
arkup
L
anguage) - бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML - ол бағдарламалау тілі емес, ол еренмәтін белгілеу тілі
.
Белгілеу тілі арнайы символдардан тұрады (кодтық сөз), олар тег дейміз. HTML-де тегтер веб-құжаттарды сипаттау үшін қолданылады. HTML гипертекстік тілін 1989 жылы World Wide Web гипертекстік жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде Тим Бернер - Ли ұсынғаны белгілі. Гипертексті бөлу негізіне құжаттың әрбір элементі тегтерімен қоршаған элементтердің жиынтығы түрінде көрсетуге болатын құжатты сипаттаудың тегтік моделі жататын болған. Өзінің мәні бойынша тегтер программалау тілдеріндегі «BEGIN / END» жақша ұғымдарына жақын және локальды айнымалылардың HTML аттарының арасындағы амалдардың облысын білдіреді, құжаттағы тексттік э лементтерді түсіндіру ережелерінің амалдарын анықтайды және т. б.
HTML тілінің атқаратын қызметі.
Web - парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп, көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, бір файл екеуіне 2 түрлі болып көрсетіледі. Ал үшінші компьютердегі Web - парақтың мәтіндері зағиптарға арналған. Брайль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады. Құжаттарды әртүрлі тұтынушының әртүрлі құрылғыларда және әртүрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді форматтау тәсілдерін жазуға арналған тіл деп атауға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.
HTML командалары.
HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары тег (tag) деп аталынады. Тег символдар тізбегінен тұрады. Барлық тег «кіші» (<) символдарынан басталады да, «үлкен» (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын түйінді сөз - тег орналасады.
HTML тіліндегі әрбір тег бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың жазылуында әріптер регисторы ешбір роль атқармайды, бас әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тег атауларын жай мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан. HTML тілінің бір тегі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана әсер етеді. Осыған орай екі тег қатар қолданылады. Бірі - ашады, екіншісі - жабады. Ашатын тег белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тег сол әсерді аяқтайды. Жабу тегтері қиғаш сызық символымен басталуы тиіс.
Кейбір тегтер өз жазылу орнына қарай тек бір ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тегі қажет болмай қалады да, ол жазылмайды. Егер тег ретінде HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды. Броузер арқылы құжат экранда көрсетілген жақта тегтердің өздері бейнеленбей, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана бөлініп тұр.
- World Wіde Web және HTML тілі
Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP ( HyperText Transfer Protocol - гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wіde Web қызмет бабы (WWW немесе тек Web) пайда болды.
Бұл файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде - HTML (HyperText Markup Language - гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web - тораптарында) орналастыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интернетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әр түрлі бола береді және олар көптеген тақырыптарды қамти алады, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) *. HTM немесе *. HTML болуы тиіс. HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіл әлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады. Гипермәтін - қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол - мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз.
Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз - келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтін экранда белгіленіп ерекшеленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжат ашылады. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Интернет жүйесіндегі басқа компьютерде орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін. Гипермәтінді экранға шығарып бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Броузер арнайы командалармен - тәгтермен толықтырылған мәтіндік құжатты қабылдап алып, оның тақырыптарын экранға үлкен әріптермен, ал жай мәтіндерін кішірек таңбалармен жазады, оның ішіндегі суреттерді де адрестеріне сәйкес басқа немесе осы компьютерден оқып экранда көрсетеді.
Ең кең тараған броузерлерге Windows операциялық жүйесімен бірге қойылатын Internet Eхplorer және жеке қолданылатын Netscape Navigator программасы жатады. Осы екеуі (олардың бұрынғы нұсқаларын қоса есептегенде) бүгінгі қолданылып жүрген броузерлердің 90 %-ын құрайды. Сонымен, web-құжат дегеніміз тәгтермен толықтырылған мәтіндік файл болып табылады, оның мәтіндерін бір-бірімен байланыстыра отырып белгілеуге мүмкіндік беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар. Web-құжаттың алғашқы нұсқасын Блокнот сыяқты редакторлардың бірінде дайындап алып, броузер арқылы экранда көреміз. Егер оны түзету керек болса, броузер арқылы мәтін нұсқасын экранға шығарып түрлендіру қажет. Web-құжаттарды жасап, оны көрнекті түрге келтіріп безендіретін мамандарды web-шебер немесе web-дизайнерлер деп атайды. Шағын көлемді web-құжатты HTML тілінің негізін білетін кез келген студент жасай алады.
Негізінде гипермәтіндік web-құжаттар жасаудың екі тәсілі бар, олар: HTML тілін пайдалану және арнаулы HTML-редакторларды қолдану. Соңғы тәсіл “экранда не көрсең, соны аласың” деген WYSIWYG принципімен диалог режимінде істейтін Netscape Editor, Hot Dog, Front Page сыяқты программалар арқылы гипермәтін жасауды жүзеге асырады, олар құжаттың ішкі құрылымына араласпай, тек меню командалары немесе батырмалар арқылы керекті құжат бейнесін қалыптастырады. Дегенмен, ең қысқа, әрі жылдам істейтін тәсіл болып HTML тілі есептеледі және редакторлар арқылы жасалған Web-парақтың ең соңғы нұсқасына өзгертулер енгізу де HTML тілі арқылы орындалады.
- HTML тілінің атқаратын қызметі.
Web-парақтар экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп (форматтап) көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әр түрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Wіndows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әр түрлі болғандықтан, бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі. Құжаттарды әрбір тұтынушының әр түрлі құрылғыларда және әр түрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу (форматтау) тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады. Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алынған соң, оны броузер-программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптермен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса, онда тақырып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін.
HTML тілінде мәтінді форматтау тәсілдерінің көптеген мүмкіндіктері бар, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың маәтіні мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. Мысалы, HTML тілінің соңғы [HTML 4. 0] нұсқасында мәтінді форматтау командаларын пайдалану ұсынылмаған.
- HTML командалары.
HTML тілінің бастапқы берілген символдық мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тәг (tag) деп аталады. Тәг символдар тізбегінен тұрады. Кез келген тәг “кіші” (<) символынан басталады да, “үлкен“ (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын ағылшын тіліндегі түйінді сөз - тәг орналасады.
HTML тіліндегі әрбір тәг бір арнаулы қызмет атқарады. Тәгтің ағылшын тіліндегі аты оның қызметімен сәйкес келеді. Олардың жазылуында әріптер регистрі ешбір рөл атқармайды, бас әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тәг атауларын мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан. HTML тілінің бір тәгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана әсер етеді. Осыған орай керекті сөз тіркестерін қоршап тұрған екі тәг қатар қолданылады: бірі абзацты - ашады, екіншісі -жабады. Ашатын тәг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тәг - сол әсерді аяқтайды. Жабу тәгтері қиғаш сызық символымен (/) басталуы тиіс. Кейбір тәгтер өз жазылу орнына ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тәгі қажет болмай қалады да, тек жалқы тәг жазылады (мысалы, сызық жүргізу) .
Егер қате кетіп, тәг ретінде HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды.
Броузер-программа арқылы құжат экранда көрсетілген шақта тәгтердің өздері бейнеленбей, тек керекті мәтін немесе суреттер көрініп, тәгтердің сол құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.
- HTML тілінің негізгі тәгтері.
HTML тілінің негізгі тәгтері: <H1> . . . </H1> - <Н6> . . . </Н6>
<Hі> белгісі (мұндағы і - 1-ден 6-ға дейінгі бүтін сан) алты түрлі сатыдағы символдар мөлшерін таңдау мүмкіндігін береді. Бірінші сатыдағы тақырып - ең ірісі, алтыншы сатыдағы - ең кішісі. Бұл тәг көрсетілмесе, экранға <H3> мөлшеріне сәйкес мәтін шығады.
<Р> . . . </Р> немесе жалғыз <Р>
Бұндай қос белгі абзацты сипаттайды. Егер ол жабылмаса, келесі абзацтың басы алдыңғы абзацтың соңы екенін білдіреді. Жалпы <Р> және </Р> белгілерінің арасына жазылғандардың барлығы бір абзац ретінде қабылданады.
<Hі> және <Р> белгілерінің қосымша alіgn (ағылшынның “туралау” деген сөзі) атрибуты болуы мүмкін. Мысалы:
<H1 ALІGN=CENTER> Тақырыпты ортаға жылжыту </H1>
немесе
<P ALІGN=RІGHT>Абзацты оң жақ шетке туралау түрі </P>
Осыларды төмендегі 2-1 мысалда қарастырайық:
<html> <head> <tіtle> 2-1 мысал </tіtle> </head>
<body> <H1 ALІGN=CENTER> Сәлем! </Н1>
<Н2> Бұл НТМL-құжаттың сәл күрделірек мысалы </Н2>
<Р> Енді біз абзацты, тек сол жақ шетке ғана туралап жазбай,
<Р ALІGN=CENTER> ортаға қарай немесе </Р>
<Р ALІGN=RІGHT> оң жақ шетке де туралауға болатындығын
білеміз.
</body>
</html>
Сәлем!
Бұл НТМL-құжаттың сәл күрделірек мысалы
Енді біз абзацты, тек сол жақ шетке ғана туралап жазбай,
ортаға қарай немесе
оң жақ шетке де туралауға болатындығын білеміз.
Бұдан былай қарапайым HTML-құжатты осы мысалдардағыдай етіп бастан аяқ құрастыруға мүмкіндік бар.
Енді біз осы қарапайым HTML-құжатты қалай жақсартуға болатындығын сөз етеміз. Жаңа жолға көшу белгісінен бастайық.
<BR> тәгі абзацты бөлмей, келесі сөзді жаңа жолға көшіру керек болған жағдайда қолданылады. Ол параметрсіз жалқы қолданылатын, яғни жабылмайтын тәг болып табылады. Мысалы:
. . . <BR> Абай Құнанбаев <BR> Мұхтар Әуезов <BR> Сәкен Сейфуллин . . .
Бұл жолдар экранға мынадай мәліметтер шығарады:
Абай Құнанбаев
Мұхтар Әуезов
Сәкен Сейфуллин
Ал мына жолдар:
<Р> Мына жолдар екі-үш қатарға
бөлініп жазылғанымен олар бір-екі жолға бірге жазылады </Р>
экранға мынадай мәлімет шығарады:
Бұл тәг өлең жолдарын жазуға өте қолайлы, осыған төмендегідей 2-2 мысалды қарастырайық:
2 кесте
<html> <head> <title> 2-2 мысал </title>
</head>
<body><H1 ALIGN=CENTER> Өлең </H1> <H2
ALIGN =CENTER> Мұқағали </H2> <P> Көзің қайда көш еден мені іздеген, <BR> Сөзің қайда екеуміз егіз деген. <BR> Терезеңнің алдына келіп тұрмын, <BR> Кептердей қысты күні жем іздеген. <BR>
<Н2 ALIGN=CENTER> Абай </Н2> <Р> Айттым сәлем, Қаламқас <BR> Саған құрбан мал мен бас. <BR> Сағынғаннан сені ойлап, <BR> Келер көзге ыстық жас. <Р> Көзімнің қарасы, <BR> Көңілімнің санасы. <BR>Бітпейді іштегі, <BR>
Ғашықтық жарасы.
</body>
</html>
Өлең
Мұқағали
Көзің қайда көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда екеуміз егіз деген.
Терезеңнің алдына келіп тұрмын,
Көгершіндей қысты күн жем іздеген.
Абай
Айттым сәлем, Қаламқас
Саған құрбан мал мен бас.
Сағынғаннан сені ойлап,
Келер көзге ыстық жас.
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.
<HR> тәгі экран бетінде көлденең сызық жүргізеді. Ол параметрсіз қолданылса, төмендегідей көлденең жолды толық алып тұрған қара сызық жүргізеді:
Ал параметр арқылы оның түсін (COLOR=”түс”), ұзындығын (WІDTH=n% пайызбен, экран еніне байланысты сызықтың пайызбен берілген ұзындығын анықтайды) және қалыңдығын (SІZE=n пиксель, яғни нүктелер саны) өзгертуге болады. Төменде бірнеше көлденең сызықтар салудан мысал келтірілген:
<HTML> <HEAD> <tіtle>Сызықтар</tіtle> </HEAD>
<BODY>
<H1> Көлденең сызықтар жиыны </H1>
<HR COLOR=RED SІZE=2 WІDTH=100%><BR>
<HR COLOR=GREEN SІZE=4 WІDTH=50%><BR>
<HR COLOR=BLUE SІZE=8 WІDTH=25%><BR>
<HR COLOR=BLACK SІZE=16 WІDTH=12%><BR>
</BODY>
</HTML>
Бұл жолдардың нәтижесі төмендегідей (сызықтар түсі әр түрлі) :
- Тәг атрибуттары
Көбінесе ашылу тәгтерінің тигізетін әсерлерін айқындайтын немесе түрлендіретін олардың атрибуттары (сипаттамалары) болады. Атрибуттар немесе сипаттамалар - тәг атауынан және бір-бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылатын қосымша түйінді сөздер мен солардың мүмкін мәндерінен тұрады. Көптеген атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостырнақшаны жазбаса да болады. Жабылу тәгтерінің ешқашанда атрибуттары болмайды.
HTML тәгтеріне мысалдар:
<HTML>
<HEAD> Жалпы тақырып <TІTLE> Терезе тақырыбы </TІTLE> </HEAD>
<BODY> <H1> Ең ірі мәтін </H1> <BR>
<H2> Кішілеу мәтін</H2> <HR>
<P> <H3> Бірінші абзац </H3>
HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұратын қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай қарапайым мәтіндік редактордың бірін, мысалы Блокнотты пайдалана беруге болады. BR тәгі жаңа жолға көшуді қамтамасыз етеді. Р тәгі жаңа абзац жасайды. <HR> <H3> Екінші абзац </H3>
<P> Абзац үшін жабу тәгі қажет емес. HR тәгі көлденең сызық сызады. <HR>
</BODY>
</HTML>
HTML тәгтерінің қосарланып жазылуы:
<HTML> . . . </HTML>
<B> . . . </B>
<HEAD> . . . </HEAD>
<H3> . . . </H3>
<LІ> . . . </LІ>
HTML тәгтерінің жалқы жазылуы:
<BR> . . .
<HR> . . .
<FRAME> . . .
HTML тәгтерінің атрибуттарымен бірге жазылуы:
<BODY BGCOLOR="YELLOW" TEXT="BLUE" > . . .
<HR COLOR=RED SІZE=16 WІDTH=100%> . . .
<HR> <A HREF="FІSH. JPG"> балық </A> . . .
<HR> <ІMG SRC="DOG. JPG">
<P> <ІMG SRC="FІSH. JPG" WІDTH=500 HEІGІT=250> . . .
Сонымен, HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұрады да, қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай қарапайым мәтіндік редактордың бірін, мысалы Блокнотты пайдалана беруге болады.
Тәг атауларын жазу кезінде үлкен әріптер мен кіші әріптер бірдей болып есептеледі. Ашылу тәгінің жалпы жазылу ережесі, яғни синтаксисі төмендегідей:
<тәг_аты [атрибуттары] >
Тік жақшаға алынған тізбекті жазбай кетуге де болады, яғни көптеген тәгтер атрибутсыз жазыла береді. Ашылу тәгінен соң, негізгі құжат мәтіні жазылады да, соңында ешқашанда атрибуты болмайтын жабылу тәгі орналасады, оның синтаксисі:
</тәг_аты>
Ал атрибуттың жазылу ережесі:
атрибут_аты [= “мәні”]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz