HTML тілінің редакторы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ЕСЕП БЕРУ

Тақырыбы: «HTML тілінің мультимедиалық мүмкіндіктері»

Алматы 2020

Мазмұны

  1. Кіріспе . . . 3
  2. Мультимедиа . . . 5
  3. HTML мультимедиалық мүмкіндіктері . . . 5

3. 1. <EMBED> тәгін пайдалану . . . 5

3. 2. Фондық дыбыс . . . 7

3. 3. Бейнекадрды пайдалану . . . 7

4. Құжаттардағы түстер жіне өлшем бірліктері . . . 8

5. HTML құжаттағы мультимедиялық обьектілер . . . 10

5. 1. Web- түйін жасау . . . 11

5. 2. Web-бетті көркемдеу . . . 12

5. 3. Web-бетке сурет орналастыру . . . 12

5. 4. Гиперсілтеме. (Гиперссылка) . . . 12

5. 5. Кесте салу . . . 13

5. 6. Web-бетке анимация орнату . . . 13

5. 7. Жүгіртпе жол . . . 13

Қорытынды . . . 14

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 15


Кіріспе

HTML () - бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML - мәтінді белгілеу тілі.
HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera. HTML тiлiнде колданылатын командаларды "тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi:жұпты, жұпсыз. Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы, тегтiң жұмысын ашады да келесi тегi оны жабады.

Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз. Құжаттың структурасы HTML құжаттың негізгі структурасы төмендегідей:
HTML-тег атрибуттар тізімінен тұрады. Тег тексті үшбұрышты жақша ішінде жазылады. Мысалы:Менің бірінші бетім - бұл жерде - тег, face - атрибут, arial-атрибуттың мәні. Кез келген HTML құжат тегімен басталып, тегімен аяқталу керек. Бұл тегтер браузерға HTML құжатын көрсетеді. Құжат болса қарапайым ASCII кодындағы мәтіндік файл. , тегтер болмаса браузер программалары құжатты танымай қалуы мүмкін., тегтерінің ортасына құжат денесі келеді. Құжат екі бөлімнен тұрады: тақырып бөлімі тегімен басталынатын және тегімен басталынатын негізгі бөлімнен. Тақырып бөлімі міндетті емес, бірақ ол жерде браузерге қажетті көп ақпарат болуы мүмкін. Тегтерінің арасында құжаттың аты жазылады, сол сөз терезенің тақырып жолына шығады.

Қазіргі кезде Web - парақты құру үшін HTML ( Hypertext Markup language - гипертексті бөлу тілі) тілі қолданылады, яғни құжатқа қойылатын тегтердің көмегімен құжаттың логикалық құрылысын сипаттайды, құжатты форматтауды және обьектілерді қоюды басқарады. WWW айырмашылығынан ерекшеліктері тақырыбы бойынша байланысты, адресі анық түрде көрсетілмеген бір құжаттан басқа құжатқа ауысу жабдығының бар болуы болып табылады .

HTML (ағылш. H yper t ext M arkup L anguage -«еренмәтін белгілеу тілі») - вебшолғышта көрсетілуге арналған еренмәтін мен басқа ақпараттардан тұратын веб-парақшаларды жасауға арналған белгілеу тілі.

HTML () - бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипермәтіндік белгілеу тілі. HTML беттер ғаламторда браузерден серверге, жай мәтін немесе жасырын символдар(шифрлар) арқылы HTTP және HTTPS хаттамаларымен жіберіледі. HTML тілін британ ғалымы Тим Бернерс-Ли 1986-1991 жылдары Женева (Швейцария) Еуропалық ядролық зерттеу орталығында жасап шығарған болатын. HTML алғашында ғылыми және техникалық құжаттарды халық арасында алмастыруға арналған тіл ретінде жасалған. HTML көмегімен әдемі жасалған құжатты оңай және тез жасауға болады. Құрамының өзгеруінен басқа HTML-ға гипермәтіндерді оқу қасиеті қосылған. Бейнематериалдық қасиеттер кейіннен қосылған. Бағдарламалар құжаттарды құрылымдау және пішімдеу, оларды байланыстыру құралдарына қайта шығару (бейнелеу) құралы ретінде құрылды. HTML тіліндегі белгісі бар (бұндай құжаттар әдетте . html немесе . htm форматында болады ) мәтіндік құжаттар форматталған түрде көрсететін арнайы бағдарламаларымен өңделеді. Бұндай бағдарламаларды веб-шолғыштар немесе браузерлер дейді, әдетте олар пайдаланушының талаптарын ыңғайлы интерфейспен және оларды көрумен қамтамасыз етеді. Қазіргі кездегі ең атақты веб-браузерлер: Google Chrome, Яндекс, Mozilla Firefox, Opera, Internet Explorer және Safari. Интернеттегі мәліметерді бейнелеу HTML тілінде жазылады. Бірақ программалауға ұқсас болғанмен программалау тілі емес, гипермәтінді белгілеу тілі деп аталады.

Web - парақтарының жазылу тілі HTML тілі болып табылады.

HTML /Hyper Text Maker Language/ ағылшын тілінен аударғанда мына мағынаны білдіреді : гипермәтінді белгілеу тілі. Web бетті HTML файл деп атаймыз.

HTML - компьютерлер арасындағы мәліметтер алмасудың жаңа хаттамасы. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін белгілеп, оларды әрбір тұтынушыға жеткізе алатын құжатты түрде белгілейтін тіл болып табылады.

2. Мультимедиа

Мультимедиа деп - компьютер экранындағы жоғары сапалы кескінді дыбыстық сүйемелдеумен біріктіруді айтады. Мультимедиа құралдары оқу-ағарту саласында, электронды ақпарат құралдарында және т. б. мақсатта қолданылады. Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.

3. HTML ТІЛІНІҢ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

Броузерлердің (Netscape Navigator, Internet Explorer) мульти­медия­лық файлдарды іске қосатын қосымша программалық модуль­дері бар. Олар LiveAudio (WAV, AU, AIFF және MIDI форматтарын­дағы дыбыстық файлдар), Live3D (VRML), LiveVideo (АVI бейнелік файлдары) және QuickTime (дыбыс пен мәтін қосылатын MIDI түріндегі MOV форматындағы файлдар) тәрізді технология­ларды сүйемелдей алады.

3. 1 <EMBED> тәгін пайдалану

Жоғарыдағы айтылған мультимедиалық мүмкіндіктердің бәрін web-құжатқа <EMBED> тәгі арқылы енгізуге болады. Оны жабу мін­дет­ті емес. Бұл тәгті пайдалану кезінде дыбыс ойнайтын құралдың басқару элементтерін сурет тәрізді көрсету мүмкіндігі бар. <EMBED> тәгінің бірсыпыра параметрлерін келтіре кетейік:

8 кесте

Атрибут
Атқаратын қызметі
Атрибут: 1
Атқаратын қызметі: 2
Атрибут: SRC
Атқаратын қызметі: Іске қосылатын объектінің толық маршруты көрсетілген файлының аты. Бұл параметр міндетті түрде жазылуы тиіс.
Атрибут: PALETTE
Атқаратын қызметі: Іске қосылатын объектінің палитралары типтері (түстер палитрасы), мәндері: foreground, background
Атрибут: TYPE
Атқаратын қызметі: Объект файлының типі
Атрибут: HIDDEN = false  true
Атқаратын қызметі: Объектінің экранда көрсетілу типі, мәндері: false - объект көрсетілмейді (келісім бойынша), true - объект көрсетіледі
Атрибут: CONTROLS= console  smallconsole
Атқаратын қызметі:

console - терезеге дыбысты басқару тақтасы шығарылады, оның ойнату, тоқтату, дыбысты реттеу тәрізді батырмалары көрсетіледі;

smallconsole - терезеге шағын басқару тақтасы шығарылады, оның да ойнату, тоқтату, дыбысты реттеу тәрізді батырмалары көрсетіледі;

Атрибут: HEIGHT=n
Атқаратын қызметі: дыбысты басқару тақтасының немесе бейнефи­льм кадрының пиксельмен берілген биіктігі;
Атрибут: WIDTH=n
Атқаратын қызметі: дыбысты басқару тақтасының немесе бейнефи­льм кадрының пиксельмен берілген ені;
Атрибут: LOOP= true  false  n
Атқаратын қызметі:

true - аудио не бейнефайл тұрақты ойналады;

false - аудио не бейнефайл бір рет ойналады;

n - аудио не бейнефайл n рет ойналады.

Бұл тәгтің басқа атрибуттары <IMG> тәгінің атрибуттарына ұқсас (жалпы HTML құжаты ортасына объект енгізу тәсілі бірдей десе болады), сондықтан NAME, ALT, BORDER, ALIGN, HSPACE, VSPACE сияқты атрибуттарды қарастырмаймыз.

Мультимедиялық мүмкіндіктерді сүйемелдей алмайтын басқа броузерлер үшін <NOEMBED> элементі көрсетіледі де, оның ашылу және жабылу тәгтері арасында түсініктеме мәтін жазылады.

Мысалдар:

<EMBED SRC=nature. wav>

тәгі nature. wav музыкалық файлын фон ретінде тыңдауға мүмкіндік береді. Құжатқа PDF (Adobe Portable Document Format) форматындағы JS. PDF файлын енгізу үшін мынадай жолды жазу керек:

<EMBED SRC=js. pdf width=500 border=0 align=left>

3. 2 Фондық дыбыс

Web-құжатты жүктеген соң, оны көру барысында өзіңіз ұнататын әнді тыңдап отырғыңыз келсе, <BGSOUND> тәгін төмендегідей түрде жазып пайдалануға болады:

<BGSOUND SRC=”ән аты” LOOP= “қайталану саны”>

Мысалы, “Ақбақай. mp3” әуендік файлын 3 рет қайталап тыңдау үшін, мынадай жол енгізілуі тиіс:

<BGSOUND SRC=”Ақбақай. mp3” LOOP=3>

Егер бір әуен шексіз түрде қайталанып айтылғанын қаласаңыз, соңғы атрибут LOOP=INFINITE деп жазылуы қажет. Әрине, әуен орнына жасалған web-сайт жайлы түсініктеме мәтін немесе оны қалай түрлендіруге болатыны жайлы кеңестерді де тыңдауға болатыны түсінікті шығар.

Әуенді web-құжат ашылғанда, бірден тыңдамай, өзіңіз қалаған сәтте ғана іске қосу үшін, дыбыстық файлға суреттік файлдарды шығару кезіндегі сияқты төмендегідей түрде гиперсілтеме жасау керек.

<A HREF=”Ақбақай. mp3”> өлең </A>

Мұнда экранға “өлең” атты гиперсілтеме шығып тұрады, соны тышқанмен шерткен кезде ғана ән ойнала бастайды.

3. 3. Бейнекадрды пайдалану

Web-парақ ішіне бейнекадрды қою жай сурет орналастыру тәрізді орындалады. Мұны жүзеге асыру тәгінен мысал келтірейік:

<IMG DYNSRC=”FILE1. AVI” START=OPENFILE LOOP=2>

Мұнда DYNSRC атрибуты бейнефайлдың атын береді, ал START параметрі бейнероликті іске қосу тәсілін тағайындайды. Егер оның мәні OPENFILE болса - бейнефайл бірден жүктеледі, ал MOUSEOVER болса - онда тышқан курсорын сол роликтің бірінші кадрын іске қосатын суретте шерткенде барып жүктеледі. LOOP параметрі бейнефайлды қайталау санын береді.

Бейнефайлдарды гиперсілтеме арқылы да көрсетуге болады:

<A HREF=”VIDEO. MOV”> Бейнефильм көру (1, 3МВ) </A>

Гиперсілтемені шерткенде, броузер файл типін оқып, бейне­филь­мді көрсететін плейерге қосымша құрылғы іске қосылады. Қандай плейер қолданылатыны тұтынушы броузерінің құрамы мен құрылымына (конфигурациясына) байланысты болады. Көбінесе бейнефильм басқару тақтасы бар жеке терезеде көрсетіледі.

<EMBED> тәгі арқылы бейнефайлды көру кезінде web-парақ­тағы плейерге қатысты құрылғы ізделеді де, іске қосылады. Мысалы:

<EMBED SRC=”cool. mov” AUTOPLAY=false WIDTH=160 HEIGHT=120> </EMBED>

Мұндағы AUTOPLAY=false атрибуты бейнефильм PLAY батырма­сын шерткен соң, іске қосылатынын көрсетеді. Ол бірден іске қосы­луы үшін AUTOPLAY=true болуы тиіс. WIDTH=160 HEIGHT=120 атрибуттары бейнекадрдың ені мен биіктігін береді.

  1. ҚҰЖАТТАРДАҒЫ ТҮСТЕР ЖӘНЕ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ

Web-құжаттарын безендіру кезінде атрибуттар мәндері ретінде әр түрлі объектілердің көлемдері мөлшерлерін көрсету керек және де объектілер элементтерінің түстерін анықтау қажет болады. HTML ортасында түстер мен өлшем бірліктерін анықтаудың стандартты ережелері бар. Түстерден бастайық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернет, web-бет және оны қалыптастыратын HTML
Қазіргі WEB технологиялар
World Wide Web
HTML құжатында графиканы қолдану
HTML құжатының құрылымы
HTML-тілінің көмегімен Web-бетті қалыптастыру
Бүкіләлемдік тор. интернет технологиялары. Visual Basic ортасында Интернет браузер құру
Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері
Web - парағын құруға арналған программалар
Web парақтарды жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz