Жеке қаржылық операция тәуекелі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Қаржы кафедрасы

Практикалық ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қаржылық тәуекелділік, оларды есептеу мен төмендетутің әдістері (ҚазТрансОйл АҚ негізінде)

Орындаған фин-17-5 оқу тобының студенті: Дағаров. Т

Қабылдаған: Жүнісова. Э

Қызылорда, 2020 ж
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3

1 Қаржылық тәуекелділік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5

1.1 Қаржылық тәуекелділік және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5

1.2 Компанияның қаржылық тәуекелдігін бағалау және төмендету әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

9

2 ҚазТрансОйл АҚ ҚАРЖЫЛЫҚ Жай - күйін ТАЛДАУ ... ... ... ... ..
14

2.1 ҚазТрансОйл АҚ - ның негізгі экономикалық қызметіне қысқаша шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

14

2.2 ҚазТрансОйл АҚ бухгалтерлік балансын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ...

16

2.3 ҚазТрансОйл АҚ табыстар мен шығыстар туралы есебін талдау ...

19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
25

қосымша 1 - ҚазТрансОйлАҚ - ның 2019 - ыншы жыл бойынша шоғырланған қаржылық есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

қосымша 2 - ҚазТрансОйл АҚ - ның 2019 - ыншы жыл бойынша қаржылық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

қосымша 3 - ҚазТрансОйл АҚ - ның 2019 - ыншы жыл бойынша түсім құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
қосымша 4 - ҚазТрансОйл АҚ - ның 2019 - ыншы жыл бойынша
Шығыстар құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: қазіргі таңда әлемдік экономикалық дағдарысты қозғамайтын шаруашылық қызмет субьектілерін табу оңай емес.
Кез келген кәсіпорын үшін әрдайым оның қызметінің перспективасын бағалау ең маңызды мәселе, өйткені кәсіпорынның қаржылық жағдайына теріс әсер ететін көптеген сыртқы факторлар бар. Олардың арасында саяси, жалпы экономикалық және тіпті әлеуметтік факторлар болуы мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпорынның қаржылық жай - күйін және оның тұрақтылығын анықтау, олардың маңызды белгілері төлем қабілеттілігі мен даму үшін ресурстардың болуы болып табылады, тек қаржы ғана емес, жалпы экономикалық проблемалардың да аса маңызды қатарына жатады.
ҚазТрансОйл АҚ - Қазақстанның мұнай құбыры инфрақұрылымындағы ірі кәсіпорын. Қазақстанның құбыр желісі инфрақұрылымының көп бөлігін пайдалануға береді. ҚазТрансОйл Компанияның қарамағында 6500 км мұнай құбыры, 25 000 км су құбыры бар. ҚазТрансОйл тиесілі құбыр желілері оқшауландырылған үш тармақты: Батыс, Ақтөбе және Шығыс тармақтарын біріктіреді. Батыс тармағы 2000 жылы жиынтық табыстың 70% - ын берді. Елде 2000 жылы өндірілген 33 млн. т мұнайдың 75% - ға жуығы осы Батыс тармағымен айдалды. Шығыс тармағының жиынтық табыстағы үлесі 20%. Бұл тармақ Құмкөл мұнай кенішін елдің солтүстік - шығысындағы Павлодар мұнай өңдеу зауытытымен және оңтүстігіндегі Шымкент мұнай өңдеу зауытымен жалғастырады. Ең кіші Ақтөбе тармағы қазіргі кезде тек солтүстікте, Ақтөбеде өндірілген мұнайды Ресейдің Орскідегі мұнай өңдеу зауытына тасымалдайды. ҚазТрансОйл өз табысының 95% - дан астамын мұнай тасымалдаудан алады, ҚТО барлығы 29 ұлттық және халықар. тұтынушыға қызмет көрсетеді. Олардың негізгілері Маңғыстаумұнайгаз (29%), Қазақойл (2002 жылдан ҚазМұнайГаз) ұлттық мұнай - газ компаниясы (25%), Теңізшевройл халықаралық компаниясы.
Практикалық жұмыстың негізгі мақсаты:
- ҚазТрансОйл акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау негізінде кәсіпорындардың қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер және оларды анықтау әдістерін талдау.
oo Оқу процесінде алған білімімді қолдану
Жұмыстың теориялық бөлімі. Бұл бөлім қаржылық тәуекелділік, оларды есептеу мен төмендетутің әдістері, негізгі мәселелер мен талдау барысында қолданылатын кейбір формулалар мен коэфициенттерден тұрады. Бөлім қаржылық есептіліктің жалпы түрлері, бағыттары және бағалау формулаларды қамтиды.
Жұмыстың негізгі бөлімі ҚазТрансОйл акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығыстарды талдауға арналған.
1 Қаржылық тәуекелділік
1.1 Қаржылық тәуекелділік және оның түрлері

Кез келген кәсіпорынның қаржылық әрекеттерінің барлық түрлері көптеген тәуекелмен тығыз байланысты болады. Оның ықпал ету дәрежесі нарықтық экономикаға байланысты біршама артуда.
Тәуекел шаруашылық қызметті жүзеге асырумен байланысты категориялардың ішінде ең күрделілерінің бірі болып табылады. Тәуекел - бұл бір жағынан, барынша мүмкінді қауіптілік, ресурстардан айырылу мүмкіндігі немесе ресурстарды ұтымды пайдаланудан алынатын табысты толық алмау, басқа жағынан, тәуекелдің арқасында қосымша пайда табу мүмкіндігі. Шынында да тәуекелдің салдарын біз алдын-ала нақты айта алмаймыз. Тәуекелге бару арқылы кәсіпорын табыс табуы да мүмкін, сонымен қатар оның шығынға ұшырамайтынына да ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан да қаржы менеджменті табыс алу мүмкіндігін ылғи да тәуекелмен байланыстырады. Тәуекел және табыс - өзара байланысты қаржылық категориялар.
Қаржылық тәуекел деп - мекемененің жүзеге асыратын, операциясының ерекшелігімен туындайтын шығын қатері,яғни мекеме өз ресурстарының, табысының бір бөлігіненайырылып қалу қаупін немесе қаржылық операцияларды жүзеге асыру барысында қосымша шығын шығару қаупін айтамыз.
Кәсіпорындардың тәуекелдерінің ішінде ең көп кездесетіні және ең негізгісі болып қаржылық тәуекелдер табылады. Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдері көп түрімен сипатталады және оларды тиімді басқару мақсатында келесідей негізгі белгілер бойынша сыныпталады. Қаржылық тәуекелдердің жіктелуі:
1.Түрлері бойынша:
1. Қаржылық тұрақтылықтың төмендеу тәуекелі. Бұл тәуекел капитал құрылымының жетілдірілмеуімен (қолданылатын қарыз қаражаттарының жоғары үлесімен) түсіндіріледі. Капитал құрылымының жетілдірілмеуі кәсіпорынның көлемдері бойынша ақша ағындарының теріс немесе оң тепе - теңсіздігін тудырады. Бұл тәуекел қаржылық тәуекелдердің қауіптілік дәрежесі бойынша құрамында маңызды орын алады.
2. Төлем қабілетсіздігі тәуекелі. Бұл тәуекел айналым активтерінің өтімділік деңгейінің төмендеуінен туындайды, бұл кәсіпорынның уақыт бойынша ақша ағындарының теріс немесе оң тепе - теңсіздігін тудырады. Өзінің қаржылық салдарлары бойынша тәуекелдің бұл түрі аса қауіпті тәуекелдердің қатарына жатады.
3. Инвестициялық тәуекел. Ол кәсіпорынның инвестициялық қызметін жүзеге асыру процесінде қаржылық залалдардың пайда болу мүмкіндігін сипаттайды. Осы қызметтің түрлеріне қарай инвестициялық тәуекелдің де түрлері бөлінеді - нақтылы инвестициялау тәуекелі және қаржылық инвестициялау тәуекелі. Инвестициялық қызметті жүзеге асырумен байланысты барлық қаржылық тәуекелдер "күрделі тәуекелдерге" жатады. Осылайша, мысалға, нақтылы инвестициялау тәуекелінің құрамында инвестициялық жобаны уақытында дайындамау тәуекелін; жоба-конструкторлық жұмыстарды уақытында аяқтамау тәуекелін; құрылыс-монтаждық жұмыстарды дер кезінде аяқтамау тәуекелін; инвестициялық жоба бойынша қаржыландыруды уақытында бастамау тәуекелін; жобаның тиімділігінің төмендеуімен байланысты инвестицияның тартымдылығын жоғалту тәуекелін және тағы басқа да тәуекелдерді бөліп көрсетуге болады. Инвестициялық тәуекелдердің барлық түрлері кәсіпорынның капиталын жоғалту мүмкіндігімен байланысты болғандықтан, олар да аса қауіпті қаржылық тәуекелдер тобына жатады.
4. Инфляциялық тәуекел. Инфляциялық экономика жағдайында бұл тәуекел қаржылық тәуекелдердің жеке түрі болып бөлінеді. Тәуекелдің бұл түрі инфляция жағдайында капиталдың нақты құнының, сондай - ақ қаржылық операцияларды жүзеге асырудан күтілетін табыстардың құнсыздану мүмкіндігімен сипатталады.
5. Пайыздық тәуекел. Ол қаржы нарығында пайыздық ставкалардың (депозиттік те, несиелік те ставкалардың) күтілмеген өзгерісін сипаттайды. Бұл қаржылық тәуекелдің пайда болуының негізгі себептері: мемлекеттік реттеу ықпалынан қаржы нарығының конъюнктурасының өзгеруі, бос ақша ресурстарын ұсынудың төмендеуі немесе өсуі және басқа да факторлар. Бұл тәуекелдің теріс қаржылық салдарлары кәсіпорынның эмиссиялық қызметінде, оның дивидендтік саясатында, қысқа мерзімді қаржылық салымдарда және басқа да кейбір қаржылық операцияларда көрініс табуы мүмкін.
6. Валюталық тәуекел. Тәуекелдің бұл түрі сыртқы экономикалық қызмет жүргізетін (шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар импорттайтын немесе дайын өнімді экспорттайтын) кәсіпорындарға тән. Ол кәсіпорынның сыртқы экономикалық операцияларында қолданатын шетел валютасы курсының өзгеруінің операциялардан күтілетін ақша ағындарына тікелей әсер етуі нәтижесінде алдын-ала көзделген табыстарды толығымен ала алмауын түсіндіреді. Осылайша, шикізат пен материалдарды импорттай отырып, кәсіпорын сәйкес шетел валютасының ұлттық валютаға қатысты айырбас курсының жоғарылауынан ұтылады. Сондай - ақ, бұл курстың төмендеуі кәсіпорынның дайын өнімді экспорттау кезіндегі қаржылық залалын анықтайды.
7. Депозиттік тәуекел. Бұл тәуекел депозиттік салымдардың қайтпау (депозиттік сертификаттардың өтелмеу) мүмкіндігін сипаттайды. Бұл тәуекел сирек кездеседі және кәсіпорынның депозиттік операцияларын жүзеге асыру үшін коммерциялық банкті дұрыс бағаламау немесе дұрыс таңдамауымен байланысты болады.
8. Несиелік тәуекел. Бұл тәуекел кәсіпорынның өз қаржылық қызметі барысында сатып алушыларына тауарлай (коммерциялық) немесе тұтыну несиесін ұсыну кезінде орын алады. Оның көрініс табу формасы болып кәсіпорынның несиеге берген дайын өнімі үшін төлемдерді өтемеу немесе уақытында есеп айырыспау табылады.
9. Салықтық тәуекел. Қаржылық тәуекелдің бұл түрі бірнеше түрде көрініс табады: шаруашылық қызметтің жеке аспектілерін жүзеге асыруға жаңа салықтар мен алымдардың түрлерін енгізу ықтималдылығы; салықтар мен алымдардың ставкаларының деңгейінің жоғарылау мүмкіндігі; жеке салықтық төлемдерді жүзеге асырудың шарттары мен мерзімдерінің өзгеруі; кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сферасындағы салықтық жеңілдіктерді алып тастау ықтималдылығы. Кәсіпорын үшін алдын-ала болжанылмайтын бұл тәуекел оның қаржылық қызметінің нәтижелеріне айтарлықтай ықпалын тигізеді.
10. Құрылымдық тәуекел. Тәуекелдің бұл түрі кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімді қаржыландырылмауымен байланыстырылады. Тауар нарығы конъюнктурасының жағымсыз өзгеруі кезіндегі операциялық леверидждің жоғары коэффициенті және операциялық қызмет бойынша оң мәнді ақша ағындарының жиынтық көлемінің төмендеуі қызметтің осы түрі бойынша таза ақша ағындары сомасының төмендеуінің одан да жоғары қарқынымен ұштасады.
11. Криминогендік тәуекел. Кәсіпорынның қаржылық қызметі сферасында бұл тәуекел оның серіктестерінің өзін жалған банкрот деп тану формасында, басқа бір үшінші тұлғаның осы кәсіпорынның ақшалай және басқа да активтерін заңсыз иемденуді қамтамасыз ететін құжаттарды жалған рәсімдеу; кәсіпорынның жеке персоналының активтердің жекелеген түрлерін ұрлауы және тағы да басқа формаларда көрініс табады.
12. Тәуекелдердің басқа түрлері. Басқа да қаржылық тәуекелдердің тобы айтарлықтай үлкен, бірақ пайда болу ықтималдылығына қарай немесе қаржылық залалдар деңгейі бойынша бұл тәуекелдер жоғарыда атап өтілген тәуекел түрлерімен салыстырғанда, кәсіпорын үшін аса маңызды емес. Мұндай тәуекелдерге тек ғана күтілген табыстардың ғана емес, сондай - ақ кәсіпорынның активтерінің бір бөлігінің (негізгі қорлардың, тауарлы -материалдық құндылықтар қорларының) жоғалуына әкелуі мүмкін стихиялық апаттар тәуекелі және басқа да "форс - мажорлық тәуекелдер"; есептік - кассалық операциялардың уақытында орындалмау тәуекелі; эмиссиялық тәуекел жатады.
2.Сипатталатын объекті бойынша:
1. Жеке қаржылық операция тәуекелі;
2. Әртүрлі қаржылық қызмет түрлері тәуекелі;
3. Кәсіпорынның жалпы қаржылық қызметі тәуекелі.
3.Зерттелетін объектілердің жиынтығы бойынша:
1. Жеке қаржылық тәуекел;
2. Портфелді қаржылық тәуекел.
4.Зерттеу кешенділігі бойынша:
1. Қарапайым қаржылық тәуекел;
2. Күрделі қаржылық тәуекел.

5.Пайда болу көздері бойынша:
1. Сыртқы немесе жүйелік тәуекел;
2. Ішкі немесе жүйелік емес тәуекел.
6.Қаржылық салдарлары бойынша:
1. Тек экономикалық залалдарға әкелетін тәуекел;
2. Пайданы жіберіп алу тәуекелі;
3. Экономикалық залалдар да, қосымша табыстар да әкелетін тәуекел.
7.Әсер ету уақыты бойынша:
1. Тұрақты қаржылық тәуекел;
2. Уақытша қаржылық тәуекел.
8.Қаржылық залалдар деңгейі бойынша:
1. Мүмкінді қаржылық тәуекел;
2. Сыни қаржылық тәуекел;
3. Апатты қаржылық тәуекел.
9.Болжай алу мүмкіндігі бойынша:
1. Болжанатын қаржылық тәуекел;
2. Болжанбайтын қаржылық тәуекел.
10.Сақтандыру мүмкіндігі бойынша:
1. Сақтандырылатын қаржылық тәуекел;
2. Сақтандырылмайтын қаржылық тәуекел.

1.2 Компанияның қаржылық тәуекелдігін бағалау және төмендету әдістері

Қаржылық тәуекелдерді бағалау дәйекті жүргізіледі, бағалау іс-шараларының алгоритмі мынадай кезеңдерді қамтиды.
1. Компания үшін маңызды тәуекелдерді анықтау, жіктеу және іріктеу. Тәуекелдерді анықтау, оларды топтастыру Осы кезең уақытының салмақты үлесін алады.
2. Сандық формализация және қатерді азайту мақсаттары үшін тәуекелді есептеу әдісін таңдау.
3. Кәсіпорын әрекетінің әртүрлі сценарийлері үшін шығын мөлшерінің динамикасын вариативті болжау, қолайсыз салдардың ықтималдығын азайту үшін басқарушылық шешімдерді әзірлеу.
Тәуекелдерді бағалау форматы елеулі мәнге ие. Басқару үшін алдымен өлшеу керек. Сондықтан біз осы мақалада басты назар аударатын қаржылық тәуекелдерді бағалаудың сандық әдістері негіз болып табылады. Осы топтың типтік тәуекелдерінің арасында кредиттік тәуекел бөлінеді. Ол өзінің қарыздары мен міндеттемелерін уақтылы және толық өтеумен байланысты ықтимал қиындықтардың ықтималдығына байланысты. Кредиттік тәуекелді бағалау әдістеріне:
oo Э. Альтман үлгісі;
oo Р. Таффлердің үлгісі;
oo Р. Листің моделі.
Мысал ретінде бұдан әрі Р.Таффлер критерийінің формуласы келтіріледі, оның құрамында қаржылық тәуекел коэффициентіне назар аудару ұсынылады.
Кәсіпорынның кредиттік тәуекелін бағалау үшін

ZTaffler=0.53xK1 + 0.13xK2 + 0.18xK3+0.16xK4

K1 - Кәсіпорынның рентабельділігі көрсеткіші (салық төлегенге дейінгі пайдаағымдағы міндеттемелер)
K2 - Айналым капиталының жай - күйі көрсеткіші (ағымдағы активтерміндеттемелердің жалпы сомасы)
K3 - Кәсіпорынның қаржылық тәуекелі (ұзақ мерзімді міндеттемелерактивтердің жалпы сомасы)
K4 - Өтімділік коэффиценті (сатудан түскен түсімактивтердің сомасы)

Таффлер критерийі
Кредиттік тәуекел
0,3
Төмен тәуекел деңгейі
0,3 - 0,2
Орташа тәуекел
0,2
Жоғары тәуекел

Р.Таффлер критерийінің формуласы, оның құрамында қаржылық тәуекел коэффициентіне назар аудару ұсынылады. Қаржылық тәуекел коэффициенті ұзақ мерзімді негізде тартылған қаражаттың меншікті капиталға арақатынасын көрсетеді. Тартылатын қаражаттың арасында көбінесе негізгі үлесті қарыз қаражаты алады. Менеджменттегі көрсеткіштің нормативтік мәні, әдетте, 0,5 деңгейінде белгіленеді. Жалпы Коэффициент талдаушыларға компанияның орнықтылығының ең жалпы көрінісін көрсетеді және кәсіпорынның кредиторларға тәуелділік дәрежесін көрсетеді. Өтімділік тәуекелін бағалау Қаржы менеджментінің үлгілік әдістері бойынша жүргізіледі және ағымдағы, абсолюттік және тез өтімділік көрсеткіштерін қамтиды. Әрбір өтімділік түріне өз есептеу формуласы сәйкес келеді. Көрсеткіштер кестеде төменде көрсетілген үлгілік нормативтік мәндерге бағдарланады.

Коэффиценттер
Есептеу формуласы
Норматив
Ағымдағы айналым коэффиценті
Айналым активтеріөтімділіктің ағымдағы міндеттемелері
2
Абсолютті өтімділік коэффиценті
Ақша қаражаты + қысқа мерзімді қаржылық салымқысқа мерзімді міндеттемелер
0,2
Жылдам ағымдағы активтер
Ағымдағы активтер - резервқысқа мерзімді
0,7 - 1

Нарықтық тәуекелдерді сандық бағалауға VaR (Value at risk), Shortfall (Shortfall at risk) әдістері жатады. Қор нарығындағы кәсіпорын құнының төмендеуі ықтималдығын бағалау үшін ең танымал VaR әдісі белсенді қолданылады. Ол кемшіліктерден айырылмайды және өте үлкен ықтимал шығындардың төмен ықтималдығын ескермеуі мүмкін. Сонымен қатар, жергілікті оқиғалар сценарийлері апатты болуы мүмкін.

VaR=V x ⋋ x σ

VaR - Нарық тәуекелінің деңгейі
V - Кәсіпорын акцияларының ағымдағы құны
⋋ - Кәсіпорын акцияларының кірістілігін қалыпты бөлу квантилі
σ - Тәуекел факторын кәсіпорын акцияларының кірістілігінің өзгерісі

VaR әдісінің көптеген кемшіліктері Shortfall формуласы жоқ. Бұл әдіс өзінің консервативтілігіне байланысты ықтималдығы төмен болған жағдайда да ықтимал шығындарды ескеруге мүмкіндік береді. Әдістің моделі тәуекелді бағалаудың келесі формуласында жүзеге асырылады.

Shortfallα = E(X∕XVaRαX)

Shortfallα - Shortfall бойынша нарықтық тәуекел өлшемі
α - Тәуекелдің таңдалған деңгейі

Тәуекел - менеджментті қабылдау - бұл тәуекелді басқару болып келеді. Олар тәуекелді шешу құралдарынан және тәуекелді төмендету әдістерінен тұрады. Тәуекелді шешу құралдарына: бас тарту, ұстап тұру, беру.
Тәуекелден бас тарту - тәуекелмен байланысты жобадан бас тарту. Бірақ жобадан бас тартқанда мүмкін болатын табысты жоғалтуға болады.
Тәуекелді ұстап тұру - бар тәуекелді инвесторға қалдыру. Яғни капитал салымын жүргізген кезде мүмкін болатын шығындарды меншікті қаражаттармен жаба алу.
Тәуекелді беру - инвестор өз тәуекелін басқа біреуге беруі, мысалы сақтандыру компаниясына. Бұл тәуекелді сақтандыру арқылы жүзеге асырылады.
Тәуекел деңгейін төмендету - шығындар көлемі мен ықтималдылығын азайту. Оны жүзеге асыратын шаралар: диверсификация, таңдау және нәтижелер бойынша қосымша ақпаратты алу, шектеу(лимиттеу), өзін-өзі сақтандыру, сақтандыру, қаржылық жобалар бойынша тәуекелді есепке алу, хеджирлеу, аумақтағы қызметтер бойынша тексеруді қолға алу, жалпы қордағы компанияның арнайы қорларын қолдану көлемін бағалау, есеп жүргізу, және тағы басқа әдістер.
Диверсификация - бір - бірімен байланыспаған әртүрлі объектілерге капитал салымын бөлу процесі. Мысалы, егер инвестор бір акционерлік қоғамның орнына әртүрлі бес акционерлік қоғамның акцияларын сатып алса, онда ол тәуекел деңгейін төмендетеді және орташа табысты алу мүмкіндігін ұлғайтады. Диверсификация - бұл инвестициялық тәуекелді төмендетуші болып табылады. Бірақ оған сыртқы факторлар әсер етеді, оларға: экономикалық жағдайлар, әскери іс-әрекеттер, азаматтық толқулар, инфляция, дефляция, Ұлттық Банктің есептік ставканың өзгеруі, депозиттер мен несиелер бойынша проценттік ставканың өзгеруі, бұл процестер бойынша тәуекелді диверсификация арқылы төмендетуге болмайды. Соған сәйкес, тәуекел 2 бөліктен тұрады: диверсификацияланатын және диверсификацияланбайтын тәуекел. Диверсификацияланатын тәуекел - ол диверсификация арқылы тәуекелді өзгерту мүмкіндігі. Диверсификацияланбайтын тәуекел, оны тағы жүйелік деп атайды, ол диверсификация арқылы төмендетіле алмайтын тәуекел.
Шектеу - бұл шектеуді орнату, яғни несиелер, сатулар және тағы басқалар бойынша шығындар сомасының шекті нормасын белгілеу. Көбінесе бұл банктермен қарыз беру жағдайында және овердрафт бойынша келісімге отырған кезде тәуекел деңгейін төмендетумен байланысты қолданылады. Шаруашылық субъектілер тауарды несиеге сатқан кезде, қарыздарды бергенде және капитал салымның сомасын анықтаған кезде қолданады.
Өзін - өзі сақтандыру - сақтандыру компаниясында сақтандырылмай, яғни сақтандыруға кететін капитал шығындарын үнемдеу арқылы өзін-өзі сақтандыру болып табылады. Бұл орталықтандырылмаған натуралды түрде сақтандыру (резервтік) қорларды құру формасы болып келеді. Бұл қорлар натуралды немесе ақшалай түрде құрылуы мүмкін.
Кәсіпкерлік тәуекелдің сақтандыру бағасы - бұл сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтанушы өзінің кәсіпкерлік қызметінен мүмкін болатын шығынға ұшырау сомасы.
Хеджирлеу - (ағыл. heaging - қорғау) банктік, биржалық және коммерциялық практикада қолданылып, валюталық тәуекелді сақтандырудың әртүрлі әдістерін анықтайды.
Хеджирлеу - бұл болашақтағы валюталық бағамның өзгеруінен мүмкін болатын жағымсыз нәтижелерге тап болмау үшін тез арада келісімге отыру жүйесі. Яғни әртүрлі тауарлы материалдық құндылықтардың коммерциялық операциялармен келісім бойынша бағаларының жағымсыз өзгеруінен, болашақ кезендегі тауарларды (сату) жеткізуді қарастыру бойынша тәуекелден сақтандыру. Хеджирлеудің 2 операциясы бар: өсу бойынша хеджирлеу және төмендету бойынша хеджирлеу.
Өсу бойынша хеджирлеу - немесе сатып алу бойынша хеджирлеу, шұ -ғыл келісімдер мен опциондарды сатып алудағы биржалық операция болып келеді. Келешектегі бағамның көтерілуін сақтандыру үшін хедж қолданы -лады. Нақты тауарды сатып алуға дейінгі сатып алу бағасын анықтауға мүм-кіндік береді. Мысалы, 3 айдан кейін керек тауардың бағасы нақты кезендегі бағасынан өсуі мүмкін. Соған сәйкес бүгінгі бағамен осы тауарға қатысты шұғыл келісімді сатып алып, ал 3 айдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы тәуекелдерін басқару
Қаржылық тәуекелдердің сыныпталуы
Банк тәуекелдерінің түрлері
ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі банктік тәуекелдерді басқару (тәуекелдің бір түрі мысалында)
Қаржы тәуекелінің нарықтық экономикадағы мәні және оны басқарудың теориялық негіздері
Тәуекел деңгейін төмендету әдістері
Банктік тәуекелдерді басқару туралы ақпарат
Банктердің ішкі тәуекелі
Қаржылық тәуекел
Банктердегі тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру және тәукелді бағалау әдістері
Пәндер