Қанипа Бітібаева - жаңашыл ұстаз



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Есік гуманитарлық - экономикалық колледжі

Реферат
Тақырыбы: Қанипа Бітібаева - жаңашыл ұстаз

Орындаған: Нурболат Ақбота
Тексерген: Рашева Жанар

2019 - 2020 оқу жылы
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім
Қанипа Бітібаеваның педагогикалық еңбек өтілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Хан апаның өмірі мен жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ұстаздардың ұстазы болған Қанипа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Ұрпақтардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қазақ сөз өнерін оқытатын ұстаздардың қызметі айрықша бағалылығымен ерекшеленеді. Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық сөз өнерін оқыту мен жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарын тұтастыра жүргізудің үздігі атанған Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның ұлағаты қазіргі республика ұстаздарына өнеге-үлгі мектебі болып отыр. Қанипа - өткір ойы, батыл пікірі, оқу тәрбие процесін жетілдіруде тың серпіні бар, шығармашылық зертханасы қалыптасқан өте іскер жаңашыл мұғалім.
Қанипа Бітібаева - оқыту процесінде баланың рухани жан-дүниесін, ой еңбегінің күрделі процесінің заңдылықтарын, жеке адамның қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуші ұстаз. Жаңашыл ұстаз, есімі аңызға айналған Қ.Бітібаеваның пайымдауынша : Технология бір диагностиканы басшылыққа алған, жеке тұлғаға қарай бағытталған мақсатты, сапалы оқу әрекетін ұйымдастыру.
Қанипа Бітібаева - Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың жаңа жүйесін қалыптастырған ұстаздардың бірі. 1991 жылы 19 мамырда Қанипа Бітібаеваның ғылыми әдістемелік атаулы мектебі ашылып, оның жетекшілігімен ұстаздар "Әдебиетті тереңдетіп оқыту әдістемесін" жетілдіруге ат салысуда. Қ.Омарғалиқызы 70-тен аса мақала мен 23 кітаптың және оқулықтардың авторы. Оның "Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы" атты оқулығында лириканы, эпикалық шығармаларды, драмалық шығармаларды жаңа технологиялармен оқыту жолдары баяндалған. Абай, Мұқағали лирикаларын меңгерудің жолдары тақырыпқа қатысты сабақ еткізудің технологиялық картасы, поэтикалық талдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстар берілген. Мысалы, жыраулар поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрінің берілуі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Эпикалық жанрды меңгертуге қатысты әңгіме, хикаят, роман, жанрларын оқытудың ғылыми-теориялық негізі және сабақ үлгілері бірге ұсынылған. Сонымен қатар, "Абай жолы" эпопеясын оқыту технологиясы мен әдістемесі де жан-жақты сөз болады. Батырлар жырын публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту әдістері берілген. Әсіресе, дамыта оқыту технологиясына сүйене отырып, оқушыларды ғылыми еңбекке баулу мәселелері, дарынды балалардың қабілетін жетілдіру, әдіс-тәсілдері де осы оқулықта көп жазылған. Ұстаздың Абай туындыларын оқытуға негізделген екі кітабы, Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытуға бағытталған үш кітабы іргелі еңбектер қатарын молайтты.
Мұғалімдер көп болғанымен, нағыз ұстаз деген атауға ие боларлық адамдар санаулы ғана. Ал, нағыз ұстаз есіміне лайық жандардың бірі - Шығыс Қазақстан облысының орталығында орналасқан Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Қанипа Бітібаева.
Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын мұғалімдердікі деген сөзді Мағжан Жұмабаев тегін айтпаған. Өз ісіне жан-тәнімен берілген, бүкіл ғұмырын қасиетті қазақ тілін дамытуға арнаған, әдебиеттің арын қорғап, намысын жыртуға жұмсаған қайталанбас тұлға Қазақтың Хан-апасы атанған ардақты да аяулы ұстаз, жаңашыл тәлімгер, қайтпас, қайсар, қажырлы қайратты Қанипа Бітібаеваға арналады.

Негізгі бөлім
Хан апаның өмірі мен жетістіктері
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Құрмет орденінің кавалері -- Битибаева Канипа 1945 жылдың 1 мамырында Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында дүниеге келген.
Қазақстан жеріндегі көптеген ғылым ошақтарының құрметті профессоры атанған. Қазақстан Республикасы Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі болған.
Білім және ғылым саласындағы еңбек жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Ы. Алтынсарин төсбелгілерімен марапатталған. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы атанған.
Қанипа Омарғалиқызы ғылыми өмірі барысында 150-ден астам ғылыми-әдістемелік мамақаларды, 41 кітапты, 10 естелікті жарыққа шығарып үлгерген. 2013 жыл -- Шығыс Қазақстан облысындағы Битибаева Канипа жылы болып аталып өткізілген.
Қазақ педагогикасының аңызына айналған тұлға -- Канипа Омарғалиқызы 2014 жылы дүние салған. Болашақ ұрпақты даярлау мақсатында сапалы білім беру ісіне бүкіл өмірін арнаған Қазақстанның еңбегі сіңген ұстаз қыздарының бірі.
Мемлекеттік марапаттары
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасы
* Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі
* КСРО халық ағарту ісінің үздігі
* Бүкілодақтық Крупская медалі
* Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері (құрметті атағы);
* ҚР Білім беру ісінің үздігі
* 1990 жылы Мәскеуде КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды.
* 1993 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мұғалімі (құрметті атағы).
* 2004 жылы Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат Құрмет орденімен марапатталды.
* 2011 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медалінің иегері.
* 2013 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
* АҚШ-тағы Аризона штаты, Тусон қаласының Құрметті азаматы.
* Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.
* Тарбағатай ауданының құрметті азаматы.
* Маңғол Халықтық Республикасының "Даңқты ұстаз" алтын Орденінің иегері.
* Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері.
* Еңбек ардагері медалінің иегері.
* Бейбітшілік әлемі Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің Лидер образования медалінің иегері.

Шығарылымдар: 150 ғылыми -- әдістемелік мақалалардың, 41 кітаптың, 10 естеліктің авторы.

Қанипа Бітібаеваның педагогикалық еңбек өтілі
Қанипа Омарғалиқызының педаго - гикалық еңбек өтілі - ХХ ғасырдың 1968-90 жылдары мен қазіргі ХХІ ғасырдың осы өзіміз өмір сүріп отырған кезеңді қамтиды. 1968 жылы Семей қаласындағы Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институттың Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бөлімін үздік дипломмен бітіріп, өмір бойы ұлтымыздың тілі мен әдебиетін оқытумен айналысты. Қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның әлем өркениеті дең - гейіндегі үздік ұстазы боп танылған оның еңбек көрсеткіштері педаго - гикалық мамандық иелері үшін озық инновациялық-технологиялық үздік бағдарлы сипатымен маңызды болып отыр. Ол - республикалық ғылыми-әдістемелік Бітібаеваның атаулы мектебінің және зертханасының жетекшісі.
Қанипа ұстаз ұлттық сөз өнері ұлағатын орта мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудағы оқу-әдістемелік шеберлігімен жүзеге асырды. Оның пәндері бойынша тек ғана озық үлгірім көрсеткіштерімен білім алған шәкірттері фольклор мұралары мен әдебиет туындыларының көр - кемдік-эстетикалық дүниетанымды тереңдететін тағылымын меңгерді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда - өзіндік жаңашыл ізде - ністерімен, шәкірттердің қабылдау психологиясына айрықша ықпал жасаған инновациялық-әдістемелік жаңашылдығымен оқыту мен тәрбиелеуде үздік нәтижелерге қол жеткізді. 1968-1980 жылдары туған өңірі Тарбағатайдағы ауылында мектепте мұғалім, директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болып еңбек жолын бастаған ол қазіргі уақытқа дейін мұғалім мамандығының шығармашылық ізденіспен ғана жемісті болатынын дәлелдеді. Педагогикалық еңбек жолының 1980 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мектеп-интернатына ұстаздық қызметке шақырылуына жалғасқанына дейін де, одан қазіргі уақытқа ұласқан жылдар белестерінде де - бәрінде де ол сапалы еңбегімен жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің алдыңғы сапында келеді. Сонау алғашқы еңбек жолын бастаған ауылындағы мектепте ұйымдастырған Жас қалам әдеби-драмалық үйірмесі негізінде кіші театр ашқан еді, осылайша пән сабақтары мен сыныптан тыс эстетикалық тәлім-тәрбие ұштасуының озық үлгісін әлі күнге дейін жалғастыруда.
Сол алғашқы еңбек жылдарында туған ауданында тұңғыш рет өзі жабдықтаған Орта мектептер үшін әдістемелік кабинеті бүкіл аудан мұғалімдеріне зертханалық ғылыми-зерттеу орталығы болған-ды. Аудандық, облыстық, республикалық педагогикалық оқуларда оқу-әдістемелік жұмыстарымен танымал болған Қанипа Омарғалиқызы Кеңес Одағына және шетелдерге танымал көрнекті ғалымдар, академик Ю.К.Бабанскиймен, КСРО Халық мұғалімі Қ.Нұрғалиевпен ғылыми-әдістемелік іс-тәжірибелер бойынша тығыз байланысты болды. Озат ұстаздың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту мен оны адамгершілік-имандылық тәлім-тәрбиесімен ұштастырған іс-тәжірибесі лайықты бағаланды. Педагогикалық үздік еңбек нәтижелері үшін КСРО оқу ісінің үздігі, Шығыс Қазақстан атырабындағы тұңғыш бүкілодақтық Н.К.Крупская медалінің иегері, ал 1990 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. Мұғалімдер арасынан Кеңес Одағы бойынша 5-інші, ал Қазақстандағы 1-інші лауреат атанды... Осындай атақтарды иеленген үздік ұстаз туралы Халықтық білім (Народное образование) журналының тілшісі Л.Красновский, Мұғалім газетінің (Учительская газета) тілшісі С.Синицкая Қанипа Омарғалиқызының сабақ - тарына қатысып, ол дайындаған дидактикалық, көрнекті және оқу-әдістемелік құралдардың мәтіндерді меңгерудегі ықпалын, мұғалімнің теориялық білімінің тереңдігін, шәкірттер білімінің нәтижелерін өздерінің мақалаларында кеңінен қамтып жазып жариялады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіз - дігінің өткен 20 жылы ішінде де қазақ сөз өнерін оқытудың, сол арқылы жас ұрпақты тәрбиелеудің үздігі Қанипа Омарғалиқызының іс-тәжірибесімен республикамыздың аймақтарынан орта мектептің, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары тәжірибе алмасу үшін арнайы келіп дидарласады. Алыс-жақын шетелдерден (Ресей, Қытай, Түркия, т.б.), Астанадан, Алматыдан келген қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың, ғалымдардың - бәрінің де ғалым-ұстаз еңбек ететін Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы арнайы облыстық мектеп-гимназия интернатындағы Қанипа Омарғалиқызының зертханасына келуі дәстүр боп қалыптасқан.
Әдіскер ғалым-ұстаздың 100-ге тарта ғылыми-әдістемелік мақалалары, 32 кітабы жарық көрген. Солардың ішінде қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірінен қазіргі кезеңге дейінгі пәндік тақырыптарды оқытудың ғылыми-әдістемелік жүйесіне арналған оқу бағдарламасы, Әдебиетті тереңдетіп оқыту атты үш кітаптан тұратын оқу құралдары да уақыт зәрулігіне жауап бере білді. Жоғары оқу орындарындағы педагог мамандарды оқыту үдерісіне арналған Әдебиетті оқыту әдістемесі, технологиясы атты екі оқулығы да жоғары және орта білім беру жүйесі сабақтастығын дамытуда аса маңызды қызмет атқаруда. Озат ұстаздың Қазақ әдебиетін әлем әдебиетімен байланыстыра оқыту атты бағдарламасы бойынша ашылған авторлық сыныптары да Тәуелсіз Қазақстандағы білім беру жүйесінің әлемдік деңгейге көтерілуінде елеулі орын алуда. Авторлық сыныптарын бітірген шәкірттерінің қатарында 17 филология ғылымының кандидаты, 5-еуі - филология, педагогика ғылымдарының докторы, 70-тейі - облыстық пән олимпиадаларының бас жүлдегерлері, 18-і - республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері. Қанипа апайдың ақын шәкірттері - республикалық, халықаралық мүшәйралардың,Шабыт.фестивальде рінің,жеңімпаздары.
Қанипа Омарғалиқызының мекте - біндегі ұстаздар Қазақстан мектептері үшін оқу құралдарын, оқулықтар, әдістеме - лік нұсқаулар жазып, пайдалануға ұсы - нып келеді. Алматы, Ақтөбе, Жезқазған, Өскемен қалаларында хакім Абай, Мұхтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
Педагогикалық ізденіс
Қ.Бітібаева техгологиясы бойынша көркем шығармаларды талдау
Озат педагогика ғалымдары
Қазақтың жаңашыл педагогтары
Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық әрекет
Қазақстандық жаңашыл ұстаздардың іс-тәжірибесін насихаттаудың маңызы
Озат педагогикалық тәжірибе. Инновация туралы ұғым, шығармашылық іс-әрекет
Мектепте Абай шығармашылығын оқыту
Педагогикалық озат тәжірибе
Пәндер