Əлеуметтік болмыс



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Алматы университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: М. Хайдеггердің онтологиясының басты категориялары

Орындаған: Нурсыдыков Е.
Тексерген: Бакирова Ж.
2021ж.
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.1 Онтология ұғымы
2.1 М.Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары.
III.Қорытынды
IV.Қолданылған əдебиеттер

Мартин Хайдеггер 1889 жылы 26 қыркүйекте Баден - Вюртембергтегі Месскирхта (Штутгарт қаласының оңтүстігінде 80 км қашықтықта) қарапайым католик отбасында дүниеге келген. Əкесі Фридрих Хайдеггер Месскирх қыстағындағы католик шіркеуінде төмен діни қызметкер болған. 1892 жылы қарындасы Мария, 1894 жылы бауыры туылды. Мартин Хайдеггер бала кезінде шіркеу мектебінде оқиды. 17 жасында ол шіркеу əкейінен Брентано жазған Аристотель бойынша болмыстың түрлі мəн-мағынасы атты кітапты алып оқып, болмыс мəні мəселесіне айырықша назары ауады. 1990 жылы Фрайбург университетінде алғашында теология мамандығы бойынша екі жыл оқып, кейін философия мамандығына ауысады, гуманитарлық жəне жаратылыстану пəндеріне ден қояды.
II.Негізгі бөлім
1.1 Онтология ұғымы
Онтология (гр. ontos - болмыс, logos - ілім) - философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын айкындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі.
Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады.
Философиялық онтологиялық теорияның мысалдары - Платонның түрлер теориясы немесе ғылыми теориялармен жалпы негіздердін қандай түрлері белгіленеді деген сұраққа жауап іздейтін жақында пайда болған ғылыми реализм теориясы. Онтологиялық дәйектер сондай-ақ, социологиялық теорияның анық (немесе анық емес) ерекшелігі, мысалы, Дюркгеймнің әлеуметтік фактілер концепциясы, Вебердің (немесе символдық интеракционизмнің) индивидуалды факторларға көңіл бөлуі, Маркстың материализмі және оның өндіріс тәсілдері мен өндірістік қатынастарға басты назар аударуы.
2.1 М.Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары.
Оның идеялары өмірдің түрлі салаларына терең əсер етті. Оның онтологиялық талдаулары оны экзистенциялизмнің аса маңызды жаратушыларының біріне айналдырды. Оның Осы болмыс (Dasein) ұғымын Сартрдың алғашқы шығармаларында айтылатын адам еркіндігінің субъективті өздігімен тең қарауға болмайды. Оның ой-толғаныстары көптеген философтарға ықпал етті. Мысалы Сартрдың өзі оның көптеген идеяларын тіке қабылдаған болатын. Оның кітаптары Германияда, Францияда, Жапонияда кең талқыланды. Тіпті 70 жылдардың өзінде Солтүстік Америка құрлығында оның ілесушілері көп болды. Ол заманауи мода болған ұғымдардан - шындық, құндылық секілді ұғымдардан ашық бас тартты. Ол өз идеялар жүйесін этикалық тұрғыдан тануға қарсы болды. Осы секілді жағдайлар ол туралы көптеген қате түсініктер туғызды. Əсіресе оның саяси ұстанымы мен жеке əрекеттері қоғамның, оқымыстылардың сын садағына көп ілікті. Хайдеггердің ойынша, философияның ең басты мəселесі болмысты түсіну. Егер грек антикасы заманында философтар болмысқа жақындау болса, кейінгі замандарда одан ауытқып, мүлде басқа жаққа, жасанды философиялық жүйелер жасау жағына кетіп қалған. Ал философтың бір-ақ қана міндеті бар, ол болмысқа құлақ түру. Болмыс деген сөз болу етістігінен шыққан. Грек философиясына зер сала үңілген Хайдеггер Дүние неге жоқ емес, бар? деген сауалдан бастайды. Сөйтіп ол шынайы дүниенің қасиеті жоқ болу емес, бар болу деген түйінге келеді. Алайда бар болудың да түрлі түрлері бар ғой, мақұлық түрі, адамдық түрі, данышпандық үлгілері. Осыған қарап неміс философы бар болу аз дейді, əрбір бар нəрсенің өзінің болмысы болуға тиіс, ол адамның бар тірлігіне мəн беретін нəрсе, сөйтіп ол тірлікті бар болу жəне мəнісі, болмысы бар бар болуға бөледі. Орысша айтқанда, бытие и сущее. Бұлар бір біріне қосылмайды дейді Хайдеггер. Тек хайуанның болмысы ғана жəй барболушылықпен шектеледі, ал адам мəн іздеуші, болмысқа көтерілуші тұлға. Өйткені оның өмірі өлімге аяқ басқан өмір, немесе оның өмірі өлімге дайындық. Ал бұл адамды қамсыздықты қойып, қамдануға жетелейді. Орысша бұл термин забота деп айдарылады. Сөйтіп Хайдеггер философияны аспаннан жерге түсіріп, ол тек адамның өмір сүруіне, сол сүрген өмірін өзінің жеке санасымен сезінуіне байланысты дейді. Демек, Гегельдің пайымындағыдай ешқандай Абсолютті Рух жоқ, тек қана болмыстың мəнін түрлі түсінуші жеке адамның жеке санасы бар. Міне, осы жеке адамды Хайдеггер мындағы болмыс дейді. Осылай айтқанда ол бір жағынан болмысты жекелесе, екінші жағынан, жеке адамды жалпы болмысқа, космологияға сіңіріп жібергендей. Бұл тұрғыдан да ол біздің дала ойшылдарымызға жақын. Мысалы, Қорқыт туралы аңызды алсақ, ол Хайдеггердің ойларына тура иллюстрация сияқты. Аңыз бойынша, Қорқыт біраз жыл қамсыз жүреді, тек 40-қа толғасын ғана оған Əзірейлі келіп, оның жақында өлетінін айтады. Содан Қорқыт қамдана бастайды. Дүниенің төрт бұрышына қашады. Бірақ қайда барса да оны Қорқыттың көрі күтіп тұрады. Бұл Хайдеггердің адамның өмірі өлімге дайындық деген қағидасына келеді. Осындай қамсыздануы арқасында Қорқыт, адамның тек рухы ғана мəңгі екенін түсініп, қобызды ойлап табады. Ал қобыз деген өнер ғой, поэзия ғой. Бұл тұрғыда да екі ойшыл бірінің сөзін бірі сөйлегендей. Өйткені Хайдеггер кей тұрғыда поэзияны философиядан биік санаған. Себебі, ақынға болмысқа құлақ түру үшін, философиялық система жасаудың қажеті жоқ, не сезсе, соны жаза салады. Сосын философтар тіл жəй ғана инструмент, мен оны пайдаланам деп ойлайды, ал ақын өз-өзін тіл құралы ретінде сезінуге тиіс Хайдеггердің ойынша. Неміс ойшылының тіл туралы ілімі мүлде бөлек. Хайдеггер тілді лингвистикалық немесе тарихи құрылым деп ұғынбайды; оның ойынша тіл онтологиялық статусқа ие, демек, ол өзі жатқан бір болмыс, өйткені тіл болмыспен тығыз байланыста, сөз о бастан болмысқа тəн нəрсе. Болмыс тек тілдің ғана тұзағына түседі, болмаса оны ұстау, немесе елестету мүлде мүмкін емес, ол тек тіл арқылы ғана көрініс береді. Міне, сондықтан ғана Хайдеггер тілді болмыстың үйі дейді. Тіл болмыс өзін қауіпсіздікте сезінетін кеңістік, тіл ең жақын арадағы нəрсе. Ол өз-өзін басқаратын нəрсе. Тіл субъект - объектке бөлінген адам орнатқан заңдылық емес. Тіл өзіндік əлемі бар дербес күш, адам тілде сөйлемейді, тілдің өзі сөйлейді. Философия өз негізінде үш мəселені қамтиды. Олар: Онтология (өмір сүру, тұрмыстық жағдай), Гносеология (таным туралы ілім), Логика (ойлау жүйесі туралы ілім). Онтология дегеніміз - болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер мен ойлар, анықтамалар бар. Болмыс - тарихи қалыптасқан терең мағыналы, кең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста болмыс термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық жəне рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - өмір сүру сөзінің синонимі. Жай күнделікті əңгімедегi болу, терминіне сəйкес келеді. Философияда болмыс терминіне ерекше мəн беріліп, ол онтология категориясы болып қалыптасады. Бұл философияның адамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болмыс - дүниеге көзқарастық және методологиялық проблема ретінде
Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы
Онтология: ұғымдары мен принциптері
Болмыстың субстанциялық концепциясын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау
Дүниенің болмысы және материя туралы түсінік
Хайдеггер философиясының жалпы сипаты
Болмыс
Шәкәрім рух туралы
Болмыс және тіршілік. Болмыс және тіршілік
Болмыстың негізгі түрлер
Пәндер