Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін арттырудағы ұлттық қолданбалы өнер



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі - олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас - тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай [1, б.16].
Қазақстанның білім беру жүйесінің мақсаты - әлемдік білім беру кеңістігінде ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру болып отыр. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістердің жүзеге асып дамуы - бұл білім беру жүйесінің дамуы, оны жаңарту мен тиімділігін арттырудың шарттары. Сондықтан, қазіргі таңда балаға деген көзқарас пен қарым-қатынаста баланы объект деп қарамай, оны дамушы тұлға ретінде қабылдап, балалармен жүргізілетін оқу- тәрбие жұмысы да осыған лайық өзгерістерге ұшырап, қазіргі педагогикадағы тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық технологиялар да уақыт талабына сай қолға алынға іргелі құбылыстардың бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ұлттық қолданбалы өнер арқылы қалыптастыруда мүмкіндігіне қарай педагогикалық технологияларды қолдану қоғам дамуының қазіргі сатысында жеткіншектерге жалпы білім берудің маңызды бір буынына айналып отыр.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында балабақшаның негізгі міндеті - Баланың жеке басын бастапқы дамытуды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту, - деп көрсетілген. Осы міндетті шешудің жолы балаларды шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Белгілі ғалым А.Байтұрсынов: Бала білімді тәрбие арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі - балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру, - деген [2, б. 2-3 ].
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін педагогикалық және психологиялық тұрғысынан жан-жақты зерттеулер көптеп жүргізілген. Өйткені, қоғамның тәжірибесі шығармашылық жетістік тұлғалық емес, әлеуметтік мағынаға ие болғандығын мойындап, психологиялық-педагогикалық ойлардың осы мәселеге назар аударуына мәжбүр етті.
Оқыта отырып, баланың шығармашылығын, қабілеттерін дамыту мәселесі Ш.А.Амонашвили, Б.М.Теплов, К.К.Платонов, А.Н.Лук, Б.Т.Ананьев, Н.С.Лейтес, Г.А.Давыдова және т.б. еңбектерінде қарастырылады. Қазақстанда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар М.Ә.Құдайқұлов, Г.К.Нұрғалиева, Б.А.Тұрғынбаева, А.Б.Мырзабаев, Л.Г.Дирксен, К.К.Жумадирова және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Осы тұрғыдан алғанда еліміздегі қазіргі жалпы білім беретін мекемелердің мақсаты - бәсекеге қабілетті жеке тұлғаның өзіндік қабілетін дамытуға мүмкіндік жасау, білімді ізгілендіру. Әр тәрбиешінің сәулелі мұраты балаларға білім беріп қана қоймай, әр баланың менін ашу, сол менді шығармашылық тұлғаға жетелеу болып табылады [3, б. 49-58].
Қазақ қолданбалы өнерінің тамаша туындыларын жасаудың қарапайым технологиясын осы күнде тұрмысқа қайта ендіріп, өсіп келе жатқан балаларға қазақ халқының қолөнеріне қызығушылығын арттырып, шеберлігін дамытуға осы дипломдық жұмыстың әсері болар деген сенімдемін.
Қазіргі таңда жалпы балабақшаларда Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағытында сабақ жүргізіліп келеді. Онда балаларды қазақ халқының төл өнерінің тарихымен таныстырып, олардың өзіндік өнеге үлгісін, бейнелеу ісін орындаудың технологиясын, бұйымдарды көркем өңдеу тәсілдері арқылы орындау мәселелері қарастырылады. Осы мұраларды қоғамдық өмірде тиімді пайдалана білу үшін оны тереңірек оқып үйреніп, толық дәрежеде игеру қажет.
Қазіргі кезде біздің елімізде жаппай ұлттық қолданбалы өнерді балаларға үйретуге көп көңіл бөлініп отыр. Ата-бабамыздан сыр шертіп келе жатқан бейнелеу өнерінің шығармаларын, қолөнер туындыларын, олардың тарихтарын жас ұрпақтың бойына сіңдіру, қазақ халқының өнерімен шет елдерді таныстыру менің де басты міндетім деп білемін. Ерте заманнан келе жатқан ұлттық қолөнерін осы күнде балабақша жұмыстарында үйретудің жүйелі жоспарын құру арқылы жасап шығару, сонымен бірге осындай жұмыстар арқылы балаларға эстетикалық тәрбие бере отырып, балалардың ой-өрісін дамыту және патриоттық сезімін ояту болып табылады.
Жоғарыда аталған еңбектерді талдай келе, мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдарына олардың арнайы тоқталмағанын байқадық. Осыдан келіп балабақшада баланың тұлғасын объект ретінде емес, субъект деп қарау, оның шығармашылығын дамыту, мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, яғни өзіндік іс-әрекет оқу процесін шығармашылық іс-әрекетке енгізу негізінде ұйымдастырудың нәтижесінде балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды ролін ғылыми негіздеу тақырыбымыздың өзектілігін арттыра түсті [4, б. 102-109].
Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымның оқу үрдісінде ұлттық қолданбалы өнер арқылы кеңінен қолданылып жүргені белгілі. Бірақ, ұлттық қолданбалы өнер арқылы мектепке дейінгі балаларының шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері жайында жазылған әдістемелік құралдар жеткіліксіз. Міне, осы тұрғыдан келіп зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі шығады.
Зерттеудің тақырыбы: Мектепке дейінгі балаларды ұлттық қолданбалы өнер арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.
Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың ұлттық қолданбалы өнер арқылы шығармашылық қабілетін арттыруды теориялық тұрғыдан негіздеу, тәжірибелік сынақтан өткізу.
Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі балалардың ұлттық қолданбалы өнер арқылы шығармашылық қабілетінің арттыру үрдісі .
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін арттырудағы ұлттық қолданбалы өнер.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ұлттық қолданбалы өнер арқылы арттырудың теориялық негіздері айқындалып, мектепке дейінгі ұйымның оқу үрдісінде оңтайлы жүзеге асырылса, онда мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеті дамиды.
Зерттеудің міндеттері:
- мектепке дейінгі балаларды ұлттық қолданбалы өнер арқылы шығармашылық қабілетін арттыру жайында жазылған педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, талдау жасау;
- мектепке дейінгі балаларды ұлттық қолданбалы өнер арқылы шығармашылық қабілетін арттыруға қажетті әдіс-тәсілдерді анықтау;
- мектепке дейінгі балаларды ұлттық қолданбалы өнер арқылы шығармашылық қабілеттін арттыруға бағытталған педагогикалық эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау;
- қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау, қорытындылау, салыстыру.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; озат тәжірибелерді меңгеру, эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, салыстыру, сараптап қорытындылау.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
1. Балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалып, оларға берілген сипаттамалар бір жүйеге келтірілді және негізгі ұғымдардың анықтамасы нақтыланды.
2. Ұсынылған әдістемелік жүйенің нәтижесі тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, дәлелденді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы:
- мектепке дейінгі балаларды ұлттық қолданбалы өнер арқылы шығармашылық қабілетін арттырудың теориялық негізі айқындалды;
- мектепке дейінгі балаларда ұлттық қолданбалы өнер арқылы шығармашылық қабілетін дамыту жолы нақтыланды;
- мектепке дейінгі балаларда ұлттық қолданбалы өнер арқылы шығармашылық қабілетін арттыру тәжірибе жүзінде тексерілді.
Зерттеуді ұйымдастыру және зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік базасы: Шымкент қаласы №69 Еркебұлан бөбекжай-бақшасы
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.

1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық қолданбалы өнер арқылы шығармашылық қабілетін арттырудың теориялық негізі

1.1 Балабақшадағы ересек топтағы балалардың шығармашылық қабілетінің дамыту туралы педагог-ғалымдардың зерттеулері

Өркениеттік қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім беру мен тәрбиелеу, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеттілігі мен шығармашылығын дамытуды, кәсіби біліктілігі мен іскерлігін талап етеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына көтерілуі ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев білім және қызметкерлерінің ІІ съезінде: Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі балабақша тәрбиеленушілері, тәрбиеші оларды тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да тәрбиешіге жүктелген міндет өте ауыр, -деген болатын [5, б. 37-43].
Осыдан келіп, қазіргі заманғы мектеп алдындағы өте күрделі мақсатты бәрімізде де мойындаймыз. Ол - шығармашылыққа бейім тұлғаны дамыту, яғни балабақша ортасындағы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара үйлесімді шығармашылық іс-әрекеті.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйеленіп дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, балалардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы мектепке дейінгі балалардың шығармашылық әрекеті ғылыми-педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген. Балалар бойында "шығармашылық әрекет тәжірибесін" қалыптастыру қажеттігі туралы 80-жылдары-ақ И.Я.Лернер жазған болатын. Қазіргі нарық заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі [6, б. 96-107].
Әрине мәселе тек басты ұғымның мәнін түсінумен шектелмей, оның мүмкіндіктері де зерттелген. Айталық балалардың шығармашылық мүмкіндіктері В.В.Давыдов пен В.В.Репкин еңбектерінде қарастырылған. Бір нәрсені жасауға тудыруға деген қабілеттілік балаларда ортаңғы топта қалыптаса бастайды. Бұл кезде шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі "киял, елес" болып есептеледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді. Даму өнімі - "оқуға құштарлық, ынталылық". Мектепке дейінгі кезеңде бала оқу іс-әрекетінің жеке дара субъектісі ретінде дами бастайды. В.В.Давыдов шығармашылық тұлғаның сипаттамасы деп осыны есептейді. Оқушының шығармашылық тұлға болып қалыптасуын В.В.Давыдов өзінің "Дамыта оқыту теориясы" еңбегінде көрсеткен. Бұл еңбекте В.В.Давыдов тұлғаны "еркін шығармашылық әрекеттің субъектісі, ал адамның дамуының өзі - оның еркіндікке деген қозғалысы" деп есептейді. Бұл жағдайда баланың әрекет үстінде жеке тұлға болып қалыптасуы оның шығармашылықты, жасампаздықты қажет етуіне байланысты екендігі түсінікті [7, б. 272-273].
Шығармашылық - адам ісі, әрекеттерінің бір түрі. Мұндай әрекеттің ерекшелігі, даму деңгейі тек әлеуметтік факторларға да байланысты. Тек шығармашылық қана адамға мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік береді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын балабақшаның алар орны ерекше. Өйткені білім беру мекемелері:
1) балалардың парасаттылық, рухани, табиғи нанымдарын дамытуға, өзінің қызығушылықтарымен бейімділіктерін іске қосу;
2) баланың сенімдерін дамытуға үйрету;
3) баланың еркін шығармашылық ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға, өз күшіне деген сенімнің болуына жағдай жасауы тиіс.
Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет [8, б. 76-90].
Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Адам туынды ғана емес, жаратушы да. Ол өзіне-өзі, өзінің шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Ол өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзімен-өзі жойылуға қабілетті. Адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілеген, қабілеттерін дамыту, сол арқылы толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру - білімнің басты мақсаты болып табылады, − деп Қазақстан Республикасы Мектеп жасына дейінгі білімді дамыту Тұжырымдамасы жобасында айтылған.
Шығармашылық сөзінің төркіні (этимологиясы) шығару, ойлап табу, іздену дегенге келіп саяды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз.
Көрнекті психолог Л.Выготский: Шығармашылық деп − жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал, Я.Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе парасаттылық тұрғыдағы, баланы жаңа психикалық сапаға көтереді .
Шығармашылықтың мәні, шығармашылық іс-әрекет туралы әр кезде, әр түрлі пікірлер болған. Мысалы, ХХ ғасырдың басында философиялық сөздікте шығармашылық деп жаңа нәрсе ойлап табу, жаңалық ашу, - дей келе - ол әр адамға тән нәрсе емес, құдайдың құдыретімен болады. Ал, адам шығармашылығы тек салыстырмалы түрдегі әрекет - деген [9, б. 53-57].
В.В.Давыдов тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр; тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттілігіне байланысты деп есептеген. Б.Д.Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді: Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады [10, б. 72-73].
Шығармашылықты әрекет ретінде қарастыру адам дамуының мүмкіндігінің шексіздігінің танытады. Білім алушының үздіксіз білім алу жолындағы белсенділігі туралы Ю.Н.Кулиткин, А.В.Даринский, тағы басқа атап өткен. Шығармашылық сөзсіз мұғалімнің өзінің даралығын, жасампаздығын қалыптастырады.
Педагогикалық шығармашылыққа байланысты зерттеулер аз емес, бірақ жаңа субъект - субъектілік парадигма жағдайында шығармашылық адамның өзін-өзі өзгерте алуы ретінде қарастырылады. Себебі - шығармашылық жағдайында жұмыс жасайтын мұғалімнің әрекеті ең алдымен өзіне бағытталады. Ол өзінің кәсіби дамуының жақын аймағын ұйымдастыру арқылы ең алдымен өзін дамытады, соның нәтижесінде педагогикалық еңбекті жаңа деңгейге көтереді [11, б. 202-203].
Ғалымдар шығармашылықты әлемді жаңартудың формасы ретінде қарастырады (А.Бергсон, В.И.Вернадский, т.б.). Оны жасаушы адам өзіне табиғаттан берілген қабілеттері мен қажеттіліктеріне орай жасампаздықсыз өмір сүре алмайтындығына, ал кейбір адамдарда шығармашылыққа деген қажеттілік болмай жатса, ол оның деграцияға ұшырауы деп түсіндіреді. Ғылыми-теориялық еңбектерге талдау жасауға тек шығармашылықта, шығармашылық арқылы ғана адам өз табиғи қалпының шыңына шығады, шығармашылыққа қабілетті адам - қайталанбас, біртуар адам. (В.А.Караковский), жеке тұлға деңгейіндегі шығармашылық ішкі өзін-өзі жасау және сыртқы қоршаған әлемді өзгерту жағдайындағы диалектикалық бірлікте жүреді деген қорытынды жасауға негіз болды [12, б. 372-373].
Соңғы жылдары қарастырылып отырылған мәселенің зерттелуі жаңа қырынан көрінуде. В.И.Слободчиков баланы өміріндегі басты оқиға өзіндік Менін ашу, адамдар қарым-қатынасы жүйесінде өз орнын іздеу, өзін өз өмірбаянының жасаушысы ретінде сезіну деп есептейді. Бұл мағынада баланың шығармашылық әрекеті өзінің жеке қарым-қатынасын дамытуға және өзін осы қатынастың өнімі ретінде қарастыруға бағытталған. Бұл мәселе дұрыс шешімін табуы үшін В.И.Слободчиков келесі психология-педагогикалық талапты ескертеді: Сәйкес ортаның, ересек адамның болуы, бала мен ересек адамның ынтымақтастығының нәтижесінде өзара әрекеттің жаңа әдістерінің пайда болуы. Шығармашылық әрекет бұл жерде ересек адам мен баланың кездесуі, бірлескен іс-амал нәтижесінде олардың қатынастарының дамуы, қорытындысында баланың ересек адамдармен өзара әрекеттерінің белгілі бір әдістерін иемденетін әрекет түрі болып табылады. Яғни, ересек адаммен бірлесе отырып, қоршаған ортаны өзгерту, өзін жасай, сомдай білу негізгі мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әрекетінің моделінің бір бөлігі болып табылады [13, б. 39-45].

Бүгінгі білім берудегі мектептің негізгі мақсаты - балада өз жеке білім траекториясын таңдау қабілеттілігін дамытуға жағдай жасау. Яғни, педагогикалық әрекет оқушылардың белгілі бір нәтижеге әкеп тірейтін әрекетіне бағытталу қажет. Шығармашылық әрекет - баланың өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет. Мұндай әрекет баланың жеке білім траекториясын дамытуға бағытталған [14, б. 112-121].
Баланың шығармашылық әрекетінің негізгі сипаттамаларын және оларға сәйкес дамитын қабілеттіліктерін Ю.Г.Юдина мына түрде қарастырады:
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетінің міндетті түрде талап етілуі: оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы жыл соңындағы шығармашылық емтихан, жылдық мектептік көрмеге қорытынды жұмыс тапсыру;
2.Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әрекетінің пайда болуының жан-жақтылығы: жаңа жағдаятқа байланысты білім, икемділіктерін қолдана білу, таныс объектілердің жаңа функцияларын көре білу, шешімдердің баламасын таба білу, мәселенің белгілі шешіміне қоса шешімнің жаңа, тың әдістерін таба білу;
3.Топтағы ерекше эмоционалдық шығармашылық атмосфера және баланың қызығушылығы, белгілі эмоция, сезімдердің барлығы балалардың шығармашылық әрекетінің шарты ретінде эмоциялық шығармашылық атмосферасы болып есептеледі. Кейбір балалар үшін эмоциялық қызығушылық белгілі бір пәнді меңгеруге деген негіз болып табылады. Ал кейбір балалар үшін эмоциялық көңіл-күй олардың болашақ шығармашылық жұмыстарына бағыт береді;
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың жаңа бір нәрсені ашуы: баланың өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет оқушыны өзіне тарта, баули түседі [15, б. 83-84].
Бұл аталған шығармашылық әрекет сипаттамаларына басқа қосымшаларда болуы мүмкін. Мысалы, ғалымдардың шығармашылық қабілеттердің белгілері. Осыған байланысты А.Н.Лук өз еңбегінде адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты деген өз пікірін айтады. Ол шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
- нерв жүйесін (ақпаратты) код арқылы жіберу;
- тасымалдай білу;
- ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі;
- әрекетті бағалауды айтады.
Соңдай-ақ ғалым шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту үшін қажетті жағдайдың болуы керекгігін және қорқыныш, жалқаулык, өзін-өзі бағаламау сияқты психикалық кедергілерден тұратын қарама-қайшылықтармен күресу қажет екендігін айтады [16, б. 87 ].

Мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығының ғылыми-педагогикалық проблема ретіндегі өзекті мәселенің бірі - оның дамуының кезеңдері. Өйткені оқыту барысында баланың шығармашылығын дамыту мәселесі шығармашылық процестің неше кезеңдерден тұратындығын білуді талап етеді. Шығармашылық процесті А.Н.Лук бес кезеңге бөледі:
1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат;
2. Қосымша мәліметтер іздеу, күш салу;
3. Инкубация. Уақытша мәселені қозғамау;
4. Интуиция оянуы;
5. Нәтижені жан-жақты тексеру.
Ал, француз математигі Ш.Адамар шығармашылық процесті төрт кезеңге бөледі:
1. Дайындық кезеңі;
2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі;
3. Интуицияның жарқ етуі. Эврика;
4. Тексеру кезеңі.
Осы зерттеулерге сүйене отырып, Б.А.Тұрғанбаева өз диссертациясында шығармашылық процестің кезеңдерін төмендегіше топтастырады:
1. Жаңалықпен бетпе-бет келу;
2. Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық;
3. Шешімнің жарқ етуі;
4. Шығармашылық акт;
5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу [17, б. 51-56].
Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық қасиеттер дамиды. Мысалы, алғашқы қезеңдерде жаңалықты сезіну, қарама-қайшылықтарға деген ілтипат, келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Егер де белгісіздік кезеңінде табандылық, танымдық ой-қиялды дамытса, еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл-күйге бөлеп, жаңа істерге қанаттандырады. Баланың эмоционалдық қызығушылығы іс-әрекет барысында көрінеді.
Ә.Ә.Сағымбаев ғалым-психологтардың еңбектеріне сүйене отырып, өзінің диссертациясында балалардың шығармашылығын дамытуға кері әсер ететін кедергілерді төмендегідей топтастырады:
Әлеуметтік:
- әлеуметтік жағдайдың болмауы;
- отбасында шығармашылық жағдайдың болмауы.
Педагогикалық:
- тәрбиешінің баланың белсенділігін қолдамауы;
- баға қоюдағы әділетсіздік;
- әдістемелік көмекші құралдардың болмауы.
Психологиялық:
- ойлау, қиялдың төмендігі;
- өз күшіне сенбеуі;
- жалқаулығы.
Физиологиялық
- денсаулығының нашарлығы [18, б. 8-15].
Сондықтан, оқыту әрекетінде тәрбиеші мен баланың тығыз байланыста болуы, тәрбиеші бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін бала бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, баланың өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылықты дамытуға болады. Біздің ойымызша, балалардың шығармашылық әрекетінің пайда болуының шарттарын мына түрде көрсетуге болады:
а) оқыту әрекетінде үйретудің ашықтығы, бұл шарт балаларға өз әрекетін таңдауға және еркін жоспарлауға мүмкіндік береді;
ә) топтатағы білім кеңістігінің әр бағытта болуы, бұл әр бағыттылық, көп мазмұндылық шығармашылық әрекетінде жан-жақты болуына әсер етеді;
б) баланның тәрбиешімен бірлесе отырып өз шығармашылық әрекетінің жеке бағдарын құруы; ыңғайлы жоспардың жасалуы және шығармашылық жұмыстардың белгілі кезеңдерінің орындалу жүрісі баланың жеке бағдарын құру құралдары болып саналады [19, б. 83].
Шығармашылық жайлы еңбектерді талдай келе біз төмендегідей қорытындыға келдік. Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процес. Ол іс-әрекет түрлі болғандықтан, тек адамға ғана тән. Шығармашылықты төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталған адам әрекеті деуге болады:
- шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;
- әлеуметтік және жеке адамға деген мәнінің болуы;
- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
- шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
- нәтиженің жаңалығы, соңы.
Шығармашылық психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, шығармашылық дегеніміз - адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары формасы және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзіндің ерекшелігімен бағаланады [20, б. 19].
Американдық психолог Фромм анықтамасы бойынша шағармашылық дегеніміз - бұл, тани білу, жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті.
И.П Волков мектеп жасына дейінгі баласы үшін шығармашылық деп бала игерген білімін, білігін әдістерін тиісті жерде қолдана отырып, баланың өзі үшін пайдалы және жаңалық болып есептелетін іс-әрекеттің нәтижесін атауды ұсынады. Бізде осы анықтамаларды басшылыққа ала отырып оқыту процесіндегі шығармашылық деп, баланың қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың себеп салдарын өз көзқарасынша қабылдап, түсіне отырып, қиялы мен белсенді ой еңбегі арқасында бала үшін бұрын болмаған, жаңалық болып табылатын пайдалы іс-әрекетті орындау нәтижесін айтамыз.
А.И.Кочетов: Творческая деятельность - это процесс создания новой информации или продукции с высокими показателями их количества и качества с наименьшей затратой времени и сил - деп, шығармашылық іс - әрекетке түсінік береді. Ғалымның пікіріне жүгіне отырып, шығармашылық іс - әрекеттің басты белгілерін төмендегідей тұжырымдауға болады:
- уақыт үнемдей отырып, артық күш түсірмей, жоғары нәтижеге қол жеткізу;
- ойлап табу, дайындау, жаңа өнім жасау.
Ғалым тұлғаның басты белгілері ретінде оның шығармашылық қабілетіне тоқталады. Шығармашылық қабілеті жоқ жеке бастың тұлғаға жете алмайтынын сөз етеді. Ғалымдар ізденісі теориялық тұжырымдармен шектеледі, ал оны істе, тәжірибеде қалай жүзеге асыруға болатынына, нақты жолдарына тоқталмайды [21, б. 22].
А.Ш. Орақова: шығармашылық деп - проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижесінде жаңа материалдық және идеялық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекетін айтады.
Шығармашылыққа ниеттену - адамның белсенділігінің жоғары көрінуі, жаңа нәрсе жасауға қабілеттілігі, ол адам әрекетінің кез-келген аумағында көрінеді. Я.А.Пономарев бойынша шығармашылық кең мағынада дамуға жетелейтін өзара әрекеттестік.
И.Ф.Харламов мектепке дейінгі балалардың педагогикалық шығармашылығын оқу-тәрбие әрекетіне әр түрлі әдістемелік түрлендірулерді енгізіп, оқу және тәрбие тәсілдері мен әдістерін тиімді қолдану арқылы жүзеге асырады. Кәсіби әрекеттің жоғары деңгейі ретінде ғалым педагогикалық жаңашылдықты атап көрсетеді. И.Ф.Харламовтың пікірінше, жаңашыл балалар педагогикалық процестің жаңартушысы болып табылады. Сонымен қатар жаңа бағдарламалар құрады, оқу-тәрбие мәселелерін шешуде жаңа идеялар ұсынады, жаңа технологиялар құрастырады.
Үлкен энциклопедиялық сөздікте шығармашылық қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет деп тұжырымдалған.
Энциклопедиялық сөздікте: шығармашылық ешқашан бұрындары болмаған жаңа сапалы нәрсені тудырушы қызмет ретінде қарастырылған. Шығармашылық ұғымының бұл анықтамасының дәл осы қалпында қабылдануы мектепке дейінгі балалары үшін келіңкіремейді. Өйткені мектепке дейінгі балалардың қоғамдық құны бар өнім жасай алмайды және мұның өзі балабақшаның міндетіне кірмейді.
Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады. Шығармашылық әрекетке - оқушының проблеманы көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар тудыра алуы жатады.
Сонымен, шығармашылық - адамның алдағы міндеттерді (тапсырмаларды) шешу кезіндегі, қандай-да бір бар нәрсені жетілдірудегі, оң нәтиже беретін табиғатта кездеспеген қандай-да бір жаңа нысан, құбылыс, т.б. пайда ететін (жасап шығаратын) мақсатты еңбек іс-әрекетінің түрі.
ХІХ ғасырда ғалымдардың жіктелуіне байланысты: соның ішінде психология мен педагогикада адамның психикасы мен қабілеті туралы арнайы зерттеу жұмыстары шыға бастады. Солардың бірін ағылшын психологы Фрэнсис Гальтон тұжырымдап берді. Ол адамдардың даралық айырмашылықтарын оқып, зерттеген. Өзінің еңбегі Таланттың тұқымқуалаушылығы: оның заңдылықтары мен шығу тегінде қабілеттің шығу тегінің методологиялық базасын негіздеген [22, б. 5-6].
Гальтонның соңынан неміс педагог - психологы Э. Мейман дарындылықты теориялық тұрғыдан зерттеп, дарындылықтың туа біткен аспектісін айқындап, табиғи және жинақталған жақтарын біріктеруге ұмтылыс жасайды. Сөйтіп, есте сақтау дарындылығын ажыратып алып, дарындылық - даралық ерекшеліктерін зерттейді және адамдағы дарындылықтың қаншалықты дәрежеде екенін қарастырған.
Э. Мейман әсіресе дарындылықтың педагогикалық аспектісін, тәрбие мен оқытудың дарындылықтың дамуына тигізетін әсерін зерттеген.
ХХ ғасырдың І - ші жартысында ерекше атауға тұрарлық неміс психологы В.Штерн алғашқылардың бірі болып жеке тұлғаның тұтастық принципінен келе дарындылық пен қабілетті барлық психологиялық процесс пен даралық сапаларды өзара тығыз қарастырады.
Қабілет - осы және басқа өндірістік іс-әрекетті табысты орындау жағдайы болып табылатын тұлғаның индивидуалды - психологиялық ерекшелігі. Қабілетті анықтаудағы ең басты үш кезең бар: біріншіден, қабілет адамды екіншісінен ажыратады, екіншіден, дефектіге қарағанда, олар жетістікті қамтамасыз етеді, үшіншіден, қабілет тек білім, дағды, шеберлікті меңгеруді жеңілдетеді .
Қабілетті индивидуалдылықтың бір деңгейінде орналастыруға болмайды; басқа сапалармен әсерлесе олар барлық деңгейлер арқылы дамиды.
Қабілеттердің бірнеше концепциялары бар:
1.Тұқымқуалаушылық теориясында қабілеттің дамуы мен көрінуі тұтастай және толығымен тұқымқуалаушылық факторларға тәуелді биологиялық детерминантталған құбылыс ретінде түсіндіріледі. Бұл ұстанымды белгілі адамның генеологиясы және энциклопедиялық сөздіктерге сүйене таланттың тұқымқуалаушылығын зерттеген Ф. Гальтон ұстанған.
2. Жүре пайда болған қабілеттер теориясы ХУІІІ ғасырдағы Гельвецийдің тұжырымдауынша, тәрбие арқылы данышпандылықтың кез-келген деңгейін қалыптастыруға болады. Эшби бұл тұжырымды былай жеңілдетті, қабілет бұл тума бағдарламалар және жұмысқа деген қабілеттілік арқылы қалыптасады.
3. Негізінен кеңестік психологияда дамыған қабілеттегі тума және жүре пайда болған диалектиканы нақтылаған үшінші концепция болды. Анатомо - физиологиялық ерекшеліктер ғана тума бола алады, ал қабілеттің өзі - қалыптасу нәтижесі. Қабілеттер іс-әрекетте қалыптасатындықтан оның мазмұнына және балаға іс-әрекеттер мен жетістіктер этолонын беретін ересектермен қарым-қатынасқа тәуелді. Осыны негізге ала отырып П.Я. Гальперин қабілет интериоризация нәтижесі болып табылатындығын анықтаған [23, б. 234].
Б.М. Теплов музыкалық қабілеттілікті өте жоғары деңгейде тәрбиелеуге болады деген, бірақ, қабілеттілікті бүтіндей алғанда әлеуметтік, ал нышандар тұқымқуалаушылық арқылы ғана берілетіндіктен индивидтік сипаттамалар болады деген өз қарсыластарымен де келісті.
Қабілеттілік - бұл динамикалық құбылыс, олардың қатынасы туралы қабілеттер көрініс бергенге дейін айтуға болмайды және оларды толығымен дамыды деп санауға болмайды. Олар тарихи және мәдени тәжірибе сұранысына жауап береді: баланың абсолютті естуі оған биіктік бойынша дыбыстарды тану тапсырмасы қойылғанға дейін білінбейді. Кәсіби іс-әрекеттердің жаңа түрлерінің көрінуі, қабілеттіліктің экономикалық, бағдарламалау және т.б сияқты жаңа түрлерін табады.
Сөйтіп, қабілеттерде табиғи және әлеуметтік мінездің синтетикалық болмысы бар, орнын толтыру мүмкіндігі сияқты сапаны игеретін жүйелі, құрылымға ие болады. Қандай да бір жеке қабілеттердің әлсіздігі іс-әрекетті толығымен игеруді болдырады және, керісінше оқшауланған қабілеттердің бары бірегей сәттілікті болдырмайды. Жеке қабілеттер бір-бірімен өмір сүреді, өзара әсер етеді және дарындылықтың феноменінің пайда болуын әкеледі.
Балалардың осындай шығармашылығын ұйымдастыра отырып өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігі пайдаланатын шығармашыл, құзіретті тұлғаны тәрбиелеуге жұмыстанудың маңызы зор болмақ [24, б. 27].
Қорыта айтқанда, ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізіне қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез-келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Адамның шығармашылыққа ынтасы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады.

1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын арттырудағы ұлттық қолданбалы өнердің мaңызы

Бүгінгі таңда қоғамның негізгі мәселелерінің бірі - прогресшіл дәстүр болып саналса, ол әр халықтың алдыңғы қатарлы салт-санасы, ғылыми көз қарасы, демократиялық ой пікірлері, әдет-ғұрпы, байлықтары болып табылады. Халықтың әдет-ғұрпы дәстүрлі қоғамдық өмірдің материалдық жағдайының өзгеруімен сипатталады. Осы орайда мектепте рухани байлықты дамытуда және көркемдік білім берудің құмарлығын арттыруда халықтық қолданбалы өнерін пайдаланудың теориялық және практикалық қажеттілігі өзекті мәселе ретінде туындап отыр. Қойылған мәселенің бірі - балабақшаның оқу үрдісінде қолданбалы өнерді қолдану, пайдалану. Қазақстанда ұлағатты мұра қалдырып кеткен орта ғасырдағы бірқатар философ ғұламалары, оның ішінде(Әл-Фараби): адамдардың танып білетін мөр таңбасы табиғат - деп, табиғатты танып білуді игеруді ұсынған. Ж.Баласағұн жеке тұлғаның қоғаммен қарым қатынасын ескере отырып, адамның табиғат ерекшелігін, оның әлеуметтік этикалық, адамгершілік-психологиялық деңгейін анықтауды көздеген. Ұлттық қолданбалы өнерінің даму тарихы, мәні, жасалу технологиясы туралы тарихшы-этнограф ғалымдар Қ.Ақышева, Т.Басенов, Ә.Марғұлан, М.Мұқанов, Ә.Тәжімұратов т.б еңбектерінде қарастырылған [25, б. 69-72].
Ұлттық қолданбалы өнердің Қазақстан территориясында ертеден кең дамығандығын мол деректерге сүйене отырып сөз ете аламыз. Оның өркен жаюы, біріншіден, қазақ халқының күнделікті тұрмысына пайдалану қажеттігінен туса, екіншіден, халықтың өнерді құрмет тұтуы, жоғары бағалауынан туған жағдай екендегі нақты мысалдармен баяндалады.
Халқымыздың ұлттық қолданбалы өнер - кең даланы мекендеген көшпелі талай тайпалар өнерінің әсерімен замандар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген үлгілері. Алғашқы қолданбалы өнер үлгілері андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық, көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ретінде көрінеді. Олар негізінен мал шаруашылығы, аңшылық, әдет- ғұрып, үй-жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлар қару-жарағын қолданылған. Ұнамды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары біздің заманымыздан бұрынғы ғасырларда қолданбалы өнердің ерекше дамығанын көрсетеді.
Қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақтан-ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, тізгіннің ұшында, өзіндік тарихымен, әдет-ғұрпымен, сәндік, көркемдік жолымен, көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен таныта білген - ұлттық қолданбалы өнері.
Ал, сол халық өнері шығармаларын жинап, зерттеуде, оларды насихаттауда Қазақстан музей қызметкерлернің, ғалымдарының, археологтарының да еңбегі аз емес. Солардың тырнақтап жинаған асыл бұйымдары қазір республикамыздың тарихи-өлкетану және өнер зерттеу музейлерінде жинақталған. Осы музейлердің бәріненде қазақ халқының тарихы, энтографиясы, ою-өрнектері жөнінде бағалы дүниелері бар. Бұл еңбекті жазуымызға Алматыдағы мемлекеттік Орталық музей мен Республикалық халықтық қолөнер музейінің, археология және этнография институтының өте бай этнографиялық материалдары, сондай-ақ соңғы он жыл бойғы экспедицияда жинаған материалдарымыз себеп болды. Онда қазақ халқының ерте заманнан бастап, осы кезге дейінгі ұлттық мәдениетімен өнерінің негізгі қоры жинақталған, музейдің археологиялық жинағында мыңдаған көркем заттар бар, бұлар ерте заманда Қазақстан жерінде мекендеген тайпалардың мәдениетін, тұрмыс-салтын сипаттайды, ал ол тайпалар қазақ халқының қалыптасуына негіз болғаны белгілі [26, б. 139-142].
Халық шеберлері ұлттық қолданбалы өнер мұраларын ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасындадүниеге әкелген. Қазіргі таңдағалымдардыңғылыми еңбектері (К.Әмірғазин, Е.Асылханов, Қ.Болатбаев, М.Мырзақанов, Ж.Балкенов, С.Жолдасбекова, Ұ.Әбдіғапбарова және т.б.) арқылы ұлттық қолданбалы өнер түрлерін бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.
Кесте 1

Ұлттық қолданбалы қолөнер

Сәндік өнер
Тұрмыстық қолданбалы
Шаруашы-лық өнер
Сыйлық өнері

Тоқыма кесте-тігін, киіз, ши, тері
Зергерлік өнер ою-өрнек өнері
Сүйекпен, ағаш ою, тері илеу
Тас өңдеу, темір ұқсату өнерлері

Киіз бұйымдары
Жеке әшекейлер
Шақшалар
Еңбек құралдары

Ұлттық сырт киімдер
Әшекей бұйымдар
Тұрмыстық сыйлықтар
Құрал-саймандар

Төсек жабдықтары
Киім әшекейлері
Естелік бұйымдaры
Құрал- жабдықтар
Бас киімдер

Бұйым сәндіктер
Ыдыстар, құмыралар
Жабдықтар

Ши бұйымдары
Диірмен-дер

Тоқымдар, қайыстар


Ұлттық қолданбалы өнердің халықтың әлеуметтік, салт-тұрмысында алатын орнының қаншалықты биік, жоғары екеніне сене алсаң - оның ішінде қолөнердің нақышына келтіріп әдемілік, әсемдік дүниенің ауқымын кеңейткен ол - ою-өрнек. Олай болса бұл бөлімде айтайық деп отырғанымыз, өткен өмірімізбен бірге, өшпей мұра болып, материалдық мүліктерімізбен қатарласып, сабақтасып келе жатқан қолданбалы өнер туралы болмақ.
Ұлттық қолданбалы өнердің шығып тарауы тұрмыс заттарының өсіп өркендеуімен тығыз байланысты және солардың ішінен орын ала білді. Олардың даму процестеріне халықтың әлеуметтік сана-сезімінің, болмыс тіршілігінің жанданып, мәдениетінің өсіп, тұрмыс жағдайларының жақсаруының да әсері болды.
Сонымен қатар қолданбалы өнердің өркендеуіне ата-бабаларымыздың сезімдік-талғампаздық дүниесі, қоршаған табиғат аясы, өскен ұясы, туған жердің қасиетті топырағы мен тоғай-тауларының құлпырған реңк-түрлері, шикізат байлықтары да қатты ықпал етті. Әр халыққа, ұлтқа тән өзіндік ою-өрнек негіздері қалыптасып дәстүр алды. Пішу, үлгі алу және басқа материалдарға көшіріп әсемдеу жолдары дамыды. Кілемге, киімге, сырмаққа, ыдысқа, қару-жараққа, үй жиһаздарына арналған ою түрлері қалыптасты. Олай болса, ою-өрнек, бүгінгі тіршілік өмірімізге бірден дайын күйінде келмеген. Ою-өрнек - адам баласының ақыл-ойларының толып-толқуымен, жүрегінің үлпілінен, өзін айнала қоршаған ортадан туған образдар. Гүлдің, жапырақтың, жан-жануардың бейнелері нақты сол шын қалпында берілмей, көшірілмей, образдар арқылы ою-өрнекке айналып, қолдану аясына ерекше мәнерімен, үндестікпен, әуенмен жеткен. Бұл - халықтың білімінің, шеберлігінің өсі, ою-өрнек өнеріне қосқан үлесі, тапқырлығы, данышпандығы [27, б. 196 ].
Ою-өрнекті зерттеген, қолдарынан сан-қилы өрнектің үлгі-түрлерін жасап көрермендерді паш етіп қуантқан зергер, ұста, шеберлерімізді әнмен жырға қосқан әнші, ақындарымызды айтпаған күнде, оларға талдау жасап тарихқа жазып, сызып кеткен қазақ қолөнерінің, оюдың не екенін басқа елдерге жеткізген, көптеген шет елдердің саяхатшыларын, тарихшыларын, этнографтарын, археолог-ғалымдарын айтуға болады. Олардың ішінде В.В.Стасов, Г.Н.Потанин, П.С.Паласс, И.Георгий, А.К.Гейнес, С.М.Дудин, В.Н.Чепелев және т.б. қосып айтуға болады [28, б. 23-24].
Қазақ елінің топырағынан таралып, суын ішіп, жоғарғы дәрежелі білім алып, сол білімдерін басқа ел мамандарына таныта білген және қазақ ұлттық қолданбалы өнерін жоғары бағалап, талдау жасап, оның ішінде ою-өрнекті топтастырып бір жүйеге келтірген этнограф, тарихшы, әдебиетші, өнертанушы ғалымдарымыз да бар. Олар Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, М.Мұқанов, Ө.Жәнібеков, Т.К.Басенов және т.б.
Қазақ халқының ұлттық қолданбалы өнерін дамытып, оны әлемдік дәрежеге шығарған еліміздің мақтанышына айналған, арттарынан өшпестей мұра қалдырған көптеген шеберлерге тоқталуға болады. Олар, ер-тұрман шеберлері Зайсан жағасының, Шығыс елінің мақтанышы болған Нәби Кәрібаев, Баянаула, Қарқаралы Ертіс өңіріне зергерлік өнерімен аты шыққан Құлмағамбет Байпақұлы, зергерлер Әбдікәрім Есалин, ағайынды Мақат, Қадыр Байжановтар, Жезқазған, Ұлытау аймағына аты танымал, зергер Д.Садықов, Байман Алтаяқов, Торғай, Жетіқара ауылына атағы мен ұсталығы дарыған Ж.Жұмабаев, Ғ.Аманов, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе аймағына тас қалаушылары мен бірге, күмбез, сәулет өнерлерін дамытқан, солардың майталман шеберлері атанған Мұқаш, Елеш, Бейімбет, Сахи Байтаниязов, Назархан Екпенбетовті, Семей, Аякөз, Шұбартау өңіріне әйгілі күйші, ерші атанған Әмірғазы Жақыпұлын, ұста Оразбай Мақайұлын атауға болады [29, б. 8-14].
Тек ғалымдар ғана емес ұлттық қолданбалы өнерді 1970 жылдардың аяғынан, Кеңес өкіметінің ықпалына қарамай, өнерді сүйген жүрегінің күшімен, қолының іскерлігімен дәріптеп, топ ортаны жарып шығып келе жатқан қолөнердің шебері - бүгінгі жастардың ұстазы Дәркенбай Шоқпарұлы.
Ол қазақ мұражайын жөндеуден бастаған еңбегін өнердің өшіп-сөніп, жоғалып бара жатқан түрлеріне арнап, соларға зерттеуші-суретші ретінде баға беріп талдап қалпына келтіріп жандандырды.
Ал, бүгін таңда аталардың сабақтастығының тізгінін алған Асан қайғы бабамыздың қобызының үнін жалғап жаңа дәстүрге жол бастаған Қазақтың мемлекеттік көркем-сурет академиясы оның ішінде қолданбалы қолөнерді үйретіп, оқытатын кафедрасы, ұстаздар ұжымы, кафедра меңгерушісі Данияр Қаметханов, зерген Рым Қанафин, кілемші-тоқымашы Сәуле Бапанова, қыш шеберлері Әсет Досетов, Гүлшира Тастаева, Құрман Мұратев.
Жаңа мемлекетте, жас елде көне өнер түріне сүйіспеншілдік, оны үйрету процестері көптеген елді мекендерде, ауыл-қалаларда тез дами бастады. Балабақшаларда үйірмелер, арнаулы сабақтар жүргізіліп, көрмелер ашылды.
Көптеген шағын кәсіпорындар кооперативтер киім, кілем, ағаш бұйымдарын, теріні ұқсату, киізден жаңа тұрғыдағы, үлгідегі заттар шығарып сата бастады.
Алматы қаласында Алатаудың көк жасыл бөктерінде Көкшоқыда шеберлер ауылы құрылып қоныс тепті. Бұған республиканың түкпір-түкпіріндегі ұсталар, зергерлер, кілемші-тоқымашылар, тігіншілер шақырылып, пәтер беріліп, жұмыс істеліп шеберліктерін арттыруына мүмкіндіктер жасалды. Міне, осындай шеберлердің арасында Семей облысының Таскескен ауылынан келген Нұрғалиевтар әулетін ерекше атап кетуге болады. Жұмағазы ақсақал өзінің зейнеткерлігіне қарамастан бар баласын жиып, ұлттық қолданбалы өнерді дамытып, соны жандандыру үшін, жастарға ақылшы-ұстаз, ауыл атасы болып көш бастап отыр. Балалары Сәкен, Айнұр, Айғазы бәрі қолдарынан өнер тамған шеберлер [30, б. 15].
Қазақ халқының ұлттық қолданбалы өнерінің ішінде ағашты, киізді, темірді ұқсату оларды өңдеп тұрмыс қажетіне қосып іске асыру, үй жиһаздарын, бұйымдарын жасау тек нағыз шебер-үйшілердің ғана қолынан келген.
Үйші-ұсталар киіз үйдің сүйегін арнайы дайындаған ағаштардан кептіріп, морға салып иіп, сырлап жасаған. Әрбір киіз үйдің ағаштан құралатын бөлігіне шаңырақ, кереге, уық, есік жатады. Әрбір киіз үйдің іші жиһазсыз болмаған, оған жүкаяқ, ағаш төсек, жастық ағаш, кебеже, күбі, әбдіре жасалып, киіз үйдің төрінен бастап босағасына дейін сәніменен орын алған.
Үйшілермен қатар, көшпенділер өмірін, салт-дәстүрін көрсететін, айрықша бейнелейтін қолөнердің бір көне көзі ершілер өнері. Жылқы малы, оның ішінде небір шабандоз сәйкүгіліктер, Құлагердей тұлпарлар қазақ баласының жаны десек, ер жігіттің ұшар қанаты, басра тауы, алатын қамалы болып келген. Қауырсынын ұшар алдында қамдап баптаған сұңқардай, көңіл бөліп аттың жауырынын соқпастай, өкпесін қақпастай арнайы ер-тоқымдар, жүген, ноқта, құйысқан дайындатқан. Сәйгүліктердің көздің нұрынан өткен сұлулығын, толықтырып, толтырып, тұратындай күмістелген, алтынданған ер-тұрмандар, қызғылт қайыстан өрнектеліп, өрілген жүген, құйысқан, өмілдірік, бедерленіп таңба басылған тебінгі, тоқымдарды ерекше атаған жөн.
Қолданбалы өнерде киіз басу өнері ең көне, ата-бабаларымыздың көшпенді өнерімен, мал шаруашылығының өркендеп өсуімен бірге дамып, келе жатқан кәсіби өнердің бір түрі [31, б. 811].
Ұлттық қолданбалы өнер - халықтың мәдениет пен өнердің айқын көрінісі. Л.И. Брежневтің Нағыз талант иесі сирек кездеседі. Әдебиеттің немесе өнердің талантты шығармасы - бұл ұлттық игілік деуі жалпы өнер адамдарына, оның ішінде ұлттық қолданбалы өнер шеберлеріне деген әкелік қамқорлықтың жарқын айғағы іспетті. Олай дейтініміз, осынау көне де келешегі зор өнеріміздің өркендеуіне мемлекеттік маңыз беріліп, тиісті жергілікті партия, совет органдарына бұрынғыдан бетер ықпал жасалуы нәтижесінде жер-жерде игілікті қозғалыс байқалуда. Астанамыздағы Тұскиіз, Керамика завод-фабрика өнімдерінің көркемдік сапасының артуы, әсіресе жастардың ұлттық қолданбалы өнерге көп көңіл бөлуі - осының бірден-бір көрінісі деуге болады. Алматы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖАЙЛЫ
Бейнелеу өнерінің оқушылардың білім сапасын және танымдық белсенділігін арттыруда ықпалы
Тeрiдeн көркeм бұйым жacaу тeхнoлoгияcын үйрeту әдicтeрi
Ынтымақтастық технологиясын оқыту негізінде жеке тұлғаны ізгілендіру
Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізіндегі көркем қол өнер технологиясы
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың көркемөнер шығармашылығына қызығуын қалыптастырудың негіздері
Ұлттық өнердің өзіндік ерекшеліктері. Қазақ өнеріндегі оюлардың негізгі атаулары мен түрлері
Отбасы - рухани тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану
Пәндер