Тіл дамыту сабағында балалардың сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамыту


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Психология және педагогика факультеті
Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
кафедра меңгерушісі
Ли. Е. Д.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Мектепалды даярлық топ балаларының сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамыту»
5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша
Орындаған: Тұрғанбай Б. Б.
Ғылыми жетекші: Султанбекова Ж. Х.
Мектепке дейінгі, бастауыш
және арнайы білім беру
кафедрасының педагогика магистрі,
аға оқытушысы
Қостанай 2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Мектепалды даярлық топ балаларының сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамытудың теориялық негізі
- Проблемалық оқыту туралы педагог-ғалымдардың зерттеулері 7
1. 2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөздік қоры туралы жалпы түсінік 17
1. 3 Тіл дамыту сабағында балалардың сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамыту 27
2 Мектепалды даярлық топ балаларының сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамытуға бағытталған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар
2. 1 Мектепалды даярлық топ балаларының сөздік қорын дамытуда жүргізілген диагностикалық жұмыстар 36
2. 2 Қалыптастыру кезеңінде мектепалды даярлық тобында жүргізілген сабақтардың үлгісі 46
2. 3 Қорытынды эксперименттің барысы, нәтижесі 53
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Әлем кеңістігінде болып жатқан өзгермелі жағдайлар Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне де өзіндік әсерін тигізуде. Сондықтан қоғамдағы жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдайлар білім беру жүйесі мен оның түпкі нәтижесін қайта қарауды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасының көшін болашаққа сүйреп апаратын, бәсекеге түсіретін негізгі күштің бірі - білім.
Елбасының Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды шарт - бұл әлемдік бәсекелестік үдерісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім» деген сөзі әрқайсысымызды да ойландыратыны сөзсіз [1, б. 7] .
«Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» экономиканың және азаматтардың әл-ауқатының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту үшін оны түбегейлі жаңғыртуды көздейді. Сондықтан қазіргі таңда қоғам алдында қойылып отырған басты міндеттердің ең бастысы - бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, әлемдік деңгейге сәйкес келетін, болашақ ұрпағымызға сапалы білім беруге мүмкіндік жасау. Қоғамда жүріп жатқан демократиялық өзгерістер болашағымыздың білімінің сапасымен, саяси санасымен, жоғары белсенділігінің дәрежесімен өлшенеді [2, б. 5] .
Мектепалды даярлық тобының балалары тіл дамыту оқу іс-әрекетінде өздеріне жоғары талаптар қоя бастайды. Олар: сюжет желісін бұзбай жеткізу, ол әртүрлі тілдік құралдарды орнымен қолдана білу, таным үрдісінде сөздік қордың мазмұнының тереңдігі, т. б. Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамытуда жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру керек. Олай болса, баланың сөздік қорын байытып, нақтылау үшін, күнделікті өмірде орынды пайдалана білуде сол сөздің мәнін, мағынасын жете түсіндіріп, белсенді сөздік қорын арттыруда проблемалық оқыту технологиясының орны ерекше [3, б. 36] .
Проблемалық оқыту технологиясы - бұл проблемалы жағдайларды, балалардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға негізделген технология. Проблемалық оқыту технологиясы кезінде тәрбиешінің жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып, балалар оны шешуге белсенді түрде қатысады, өз пікірлерін ашық, еркін жеткізеді. Балаларға білім даяр күйінде бермей, олардың алдына проблемалы міндет қойып, оны өздеріне шеше білуге бағыттау - күрделі мәселе. Бұл кезде ақыл-ой операциялары, белсенді ойлау қызметі іске қосылады, танымдық қызығушылық оянады. Осы тұста «қалай?», «неге?», «не себепті?» деген сұрақтар туындайды. Сондықтан
оқытуды белсендіру идеясын ғалымдар әртүрлі аспектіде қарастырды. Мысалы, М. А. Данилов, М. Н. Скаткин, И. Т. Огородников оқыту үрдісін белсендірудің теориясын жасаса, балаларды қиындатыла түскен дәрежеде оқыту теориясын Л. В. Занков, мазмұндық қорыту теориясын В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, проблемалық оқыту теориясын М. И. Махмутов, И. Я. Лернер, А. М. Матюшкин, В. Оконь, В. И. Загвязинский, Вилькеев Д. В. т. б. эксперимент түрінде және теориялық жақтан зерттеді. Проблемалық оқыту технологиясы балаларды дербес ізденіске, зерттеу жұмыстарына баулуда, бейтаныс, белгілі емес проблемаларды өз беттерінше шешуде өте ұтымды болып келеді. Жүйелі түрде ұзақ жылдар бойы оны зерттеген көрнекті ғалым М. И Махмутов проблемалық оқыту негізінде оқу проблемасы жататындығын, ал ол проблема бұрын меңгерген білім мен берілетін жаңа білім арасынан туындайтынын сөз етеді.
Ал поляк ғалымы В. Оконь: «Под проблемным обучением, мы понимаем совокупность таких действий, как организация проблемных ситуаций, формулирование проблемы (постепенно к этому привлекаются сами ученики), оказание учеником необходимой помощи в решении проблем, проверка этих
решений, руководство процессом систематизации и закрепления приобретенных знании», -дейді.
Проблемалық оқыту технологиясы проблемалық жағдаятты шешуге баланы жұмылдыру, көмек беру мәселесіне тоқталып, ең бастысы проблеманы таба білу, оны ұсынудың маңызын айқындайды. Ғалымдар пікірін талдап, саралағанда ортақ бір тұжырым шығады. Проблемалық оқыту технологиясы негізінде балаларға бейтаныс проблеманың жататыны, балалардың оны салыстыру, дәлелдеу шешу үшін болжамдар жасай отырып еңбектенуі керектігін тұжырымдайды. Проблемалық жағдаятты, проблеманы шешу-зерттеу, іздену еңбегін шығармашылық еңбекті талап етеді. Ал шығармашылық сөзінің мәні - жеке тұлғаның бір нәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. Проблемалық сұрақ-тапсырмалардың өзі балаларды ғылыми-ізденіс, зерттеушілік іс-әрекеттерге баулиды [4, б. 17] .
Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымның оқу үрдісінде проблемалық оқыту технологиясының кеңінен қолданылып жүргені белгілі. Бірақ проблемалық оқыту технологиясы арқылы мектепалды даярлық топ балаларының сөздік қорын дамыту мүмкіндіктері жайында жазылған әдістемелік құралдар жеткіліксіз. Міне, осы тұрғыдан келіп зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі шығады.
Зерттеудің тақырыбы: Мектепалды даярлық топ балаларының сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамыту.
Зерттеу мақсаты: Мектепалды даярлық топ балаларының сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу, тәжірибелік сынақтан өткізу.
Зерттеу нысаны: Мектепалды даярлық топ балаларының оқу үрдісі
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі даярлық тобындағы тіл дамыту іс-әрекеті
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеу тақырыбы жайында жазылған педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, талдау жасау;
- зерттеу тақырыбына қажетті әдіс-тәсілдерді анықтау;
- мектепалды даярлық топ балаларының сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамытуға бағытталған педагогикалық эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау;
- қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау,
қорытындылау, салыстыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепалды даярлық топ балаларының тіл дамыту сабағында проблемалық сұрақтар қойылып, проблемалық жағдаят туғызып, эвристикалық әдісті қолданып, сонымен қатар проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамытудың теориялық негіздері айқындалып, мектепке дейінгі ұйымның оқу үрдісінде оңтайлы жүзеге асырылса, онда мектепалды даярлық топ балаларының сөздік қоры дамиды.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; озат тәжірибелерді меңгеру, эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, салыстыру, сараптап қорытындылау.
Зерттеуді ұйымдастыру және зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік базасы: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылының №11 «Балауса» балабақшасы.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
1. Балалардың сөздік қорын тіл дамыту сабақтарында қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалып, оларға берілген сипаттамалар бір жүйеге келтірілді және негізгі ұғымдардың анықтамасы нақтыланды.
2. Ұсынылған әдістемелік жүйенің нәтижесі тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, дәлелденді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы:
- мектепалды даярлық топ балаларының сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамытудың теориялық негіздері айқындалды;
- проблемалық оқыту технологиясы арқылы балалардың сөздік қорын дамыту нақтыланды;
- мектепалды даярлық топ балаларының сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамыту тәжірибе жүзінде тексерілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.
1 Мектепалды даярлық топ балаларының сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамытудың теориялық негізі
1. 1 Проблемалық оқыту туралы педагог-ғалымдардың зерттеулері
Проблемалық оқыту идеясы ХХ ғасырдан бастап тарады. Американ ғалымы Д. Дьюи жаттанды оқуға қарсы шығып, тұлғаның танымдық белсенділігін дамытатын, проблеманы өз бетінше шешуге үйрететін оқуды ұйымдастыру идеясын ұсынды.
1960-1970 жылдардың басында жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үдерісін белсендіру күн тәртібіндегі басты мәселе болды. Сондықтан оқытуды белсендіру идеясын ғалымдар әртүрлі аспектіде қарастырды. Мысалы, М. А. Данилов, М. Н. Скаткин, И. Т. Огородников оқыту үрдісін активтендірудің теориясын жасаса, бастауыш сынып оқушыларын қиындатыла түскен дәрежеде оқыту теориясын Л. В. Занков, мазмұндық қорыту теориясын В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, проблемалық оқыту теориясын М. И. Махмутов, И. Я. Лернер, А. М. Матюшкин, В. Оконь, В. И. Загвязинский, Вилькеев Д. В. т. б. эксперимент түрінде және теориялық жақтан зерттеді.
Проблемалық оқыту - ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау, т. б. ) мен балалардың ізденіс әрекеттерінің заңдылықтарын ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тәсілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.
М. И. Махмутов проблемалық және дәстүрлі оқыту арасындағы негізгі айырмашылық педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың мақсаты мен қағидасы жағынан деп көрсетеді. Яғни, проблемалық оқыту проблемалық қағидасын ескере отырып жасалған оқытудың қазіргі үдерісі.
В. И. Загвязинскийдің пікірінше, проблемалық - адамның таным әрекетінің мазмұны мен формасын анықтайтын қағида.
Проблемалық оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығын В. Оконь төмендегідей түрде береді [5, б. 21] .
Проблемалық оқытудың айырмашылығы Кесте 1
1 - кестенің жалғасы
Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1. Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.
2. Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.
3. Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.
4. Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.
5. Проблемалық мәселелердің дұрыс шешілгендігін тексеру, тиісті қорытындылар жасау.
Дәстүрлі оқыту әдісі бойынша педагог сабақ тақырыбын хабарлайды, мазмұнын түсіндіреді, есептер шығартады, талдау жүргізеді, қорытынды жасайды. Ал, балалар педагогтың әңгімесін тыңдайды, тапсырмаларды орындайды. Мұнда игеруге тиісті оқу мазмұны күні бұрын дайындалған күнінде балалардың қабылдауын талап етеді. Мұндай оқыту жүйесі репродуктивтік немесе дайын білім беру әдісі деп аталады.
Проблемалап оқыту әдісінің екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі, оқыту мақсатына байланысты, мұнда оқу материалының мазмұны зерттеледі, ол белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып, оқу программаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады. Екіншісі, педагогикалық үрдісті ұйымдастыру қағидасы тұрғысынан қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді. Проблемалап оқыту әдісінде мұғалім кейбір теориялық материалды баяндай отырып, тақырыпқа байланысты мәселелерді балалардың өздерінің шешуіне жағдай жасайды, яғни проблемалық ахуал туғызады. Демек, дәстүрлі оқыту жүйесінде балаларға ғылымның дайын қорытындылары берілсе, ал проблемалық оқытуда бала жаңа білімді оқу-танымдық ізденіс әрекеті арқылы игереді [6, б. 42] .
А. В. Хуторской «проблемалық оқытудың мақсаты - педагогтың арнайы танымдық проблемді тапсырмаларды ұсынуы арқылы берілген пәндік материалды игеруі», - деп түсіндіреді.
М. И. Махмутовтың пікірінше: «проблемалық оқытудың мақсаты - балалардың ұғымдарды меңгеру дәрежесін көтеріп, кездейсоқ, стихиялы түрде қалыптасқан тәртіптегі жекелеген ойлау операцияларына емес, қайта стереотипті емес міндеттерді шешуге арналған ақыл-ой әрекеттерінің жүйесіне үйрету». Осы берілген анықтамалардан шығатын қорытынды: проблемалық оқытудың мақсаты - балаларға білімді дайын күйінде бермей, олардың алдына проблема қойып, оны өздеріне шеше білуге бағыттау, нәтижесінде жаңа білімді өз бетінше игерту.
М. И. Махмутов проблемалық оқытудың міндеттерін жалпы және арнайы деп екіге бөледі және осы міндеттерді проблемалық оқытудың жалпы қызметіне жатқызады.
Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:
- балалардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет тәсілдерін меңгеруі;
- балалардың танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту
[7, б. 28] .
Проблемалық оқытудың арнайы міндеттері:
- білімді шығармашылық меңгеру дағдыларына тәрбиелеу;
- білімді шығармашылық қолдану дағдыларына (меңгерген білімдерді жаңа жағдаяттарға қолдану) ;
- шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру және жинақтау.
М. И. Махмутов проблемалық оқытудың өзіне тән ерекшеліктері мен белгілерін былайша көрсетеді:
- проблемалық оқытудың маңызды ерекшелігі - бұл балалардың жаңа ұғымды өз бетінше оқу проблемасын шешу арқылы меңгеруі;
- проблемалық оқытуда теориялық және практикалық проблемалардың өзара байланыстылығы туындайды және өмірмен байланысты оқытудың дидактикалық қағидасы анықталады;
- проблемалық оқытуда балалардың өз бетінше жұмысының типі мен түрін үйлестіріп, оны педагогтың жүйелі түрде пайдалануы;
- проблемалық оқыту оның динамикасынан тұрады;
- балалардың жоғары эмоционалдық белсенділігі, яғни проблемалық жағдаят - қозғаушы күштің көзі болып табылады. Демек, проблемалық оқыту оқытудың басқа түрлерінен мақсаты, міндеті, ерекшелігі мен белгісі, т. б. арқылы дараланады [8, б. 33] .
Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
- балалардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
- оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
- оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
- берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
- проблемалық оқытудың кемшіліктері:
- балалардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
- мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
Оқыту үрдісі екіжақты үрдіс болғандықтан, проблемалық оқыту кезінде педагог пен баланың қызметі қандай болады? Осыған тоқталайық.
Проблемалық оқытуда балаларға білім дайын күйінде берілмейді. Педагог қажет жағдайда ғана балаға қиындық тудырған күрделі ұғымдардың мазмұнын түсіндіреді, проблемалық жағдаят тудырады, ізденіс жұмыстарын ұйымдастырады. Балалар шағын зерттеу жұмыстарымен айналысып, ізденіс барысында жаңа білімдерді игереді.
М. И. Махмутов проблемалық сабақты әзірлеуде педагог үшін жиі кездесетін төрт қиындықты атайды. Олар:
Бірінші қиындық тек қана оқу материалын меңгеруді ғана емес, сонымен қатар балалардың дербес танымдық қызметін, олардың ақыл-ойының даму үдерісін басқаруды қамтамасыз ете алатындай сабақты және оқыту әдісін ұйымдастыруды іздестірумен байланысты.
Екінші қиындық проблемалық жағдаяттың типтерін айқындау мен оларды сынып үшін және балалардың жекелеген топтары үшін арнап жасаудың тәсілдері мен әдістерін табудан тұрады. Ол педагогта проблемалық сұрақтарды, есептерді және тапсырмаларды тұжырымдау шеберлігі мен дағдыларының жоқтығымен байланысты.
Үшінші қиындық педагогтың қайсыбір баланың жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін өздігінен меңгеру үдерісін сөзсіз дараландыруға тап болуымен де байланысты, өйткені әркім проблеманы және оны шешу тәсілін өзінше түсінеді, танымдық есептерді тұжырымдаудың нұсқалары болуы керек.
Төртінші қиындық педагог балалардың сабаққа деген ынтасын қоздырудың жаңа әдістерін үнемі іздестіруі мен олардың эмоциялық көңіл күйін жасаумен байланысты пайда болады [9, б. 29] .
Проблемалық оқыту кезінде ақыл-ой операциялары, белсенді ойлау қызметі іске қосылады, балалардың танымдық қызығушылығы оянады. Проблеманың болуы - адамның дұрыс тану әрекетінің негізгі бір сипаты.
Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі үдерісі.
Проблема - зерттеуді, шешуді керек ететін күрделі мәселе, міндет.
Проблемалық жағдаят, проблемалық сұрақ, проблемалық тапсырма, оқу проблемасы - проблемалық оқытудың ұғымдары.
Проблемалық жағдаят - күнделікті өмірде және арнайы тәжірибелік зерттеулер белгілі бір түйінді мәселені шешуде адамның ақыл-ой белсенділігі талап етілетін жағдай.
Проблемалық жағдаят - адам пайда болған құбылысты, фактіні, шындық үдерісін қалай түсіндіруді білмеген, мақсатқа өзіне мәлім әрекет тәсілімен жете алмайтын жағдайда туған оның интеллектуалдық қиналуы.
Кез-келген сұрақ, тапсырма проблемалық сұрақ бола бермейді. Сұрақ дегеніміз не? Сұрақ қандай жағдайда проблемалы болады?
Сұрақ - таным процесінде талапты оятатын, бала ойын жауап іздеуге бағыттайтын проблеманы жеткізу формасы.
Сұрақ - мазмұнында жауап ретінде анықтай немесе толықтыра түсуді қажет ететін хабары бар ойлаудың ерекше түрі. Егер сұрақ балаларда интеллектуалдық қиналыс тудырып, оларға жауап іздеуге өзінің білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылық туатын болса, онда ол проблемалық сұрақ болғаны. Сұрақ тек төмендегі жағдайларда ғана проблемалық сұраққа айналады:
- оның бұрын меңгерілген ұғымдармен де, сондай-ақ белгілі оқу жағдаятында меңгерілуге тиісті ұғымдармен де логикалық байланысы болуы қажет; онда танымдық қиыншылық және белгілі мен белгісіздің көзге түсетін шекаралары болуы керек;
- жаңаны бұрыннан белгілімен салыстыру таң қалу сезімін, өзінде бар білім, шеберлік және дағды қорымен қанағаттанбаушылық тудыруы тиіс.
Проблемалық сұрақтар фактілерді зерттеп шешуге мүмкіндік беріп, қарама-қайшылық тудырады. Қарама-қайшылық - дамудың көзі [10, б. 53] .
Проблемалық жағдаяттардың төрт типі бар. Олар:
Бірінші типті неғұрлым жалпы және көп тараған тип деп санаған жөн: проблемалық жағдаят балалар қойылған міндетті шешудің тәсілін білмеген, проблемалық сұраққа - жауап, оқу немесе өмірлік жағдаяттағы жаңа фактіге - түсінік бере алмаған жағдайда, яғни балалар бұрынғы білімдерінін жаңа фактіні түсіндіруге жеткіліксіздігін сезген жағдайда пайда болады.
Екінші типі - проблемалық жағдаят балалар бұрын меңгерген білімдерін жаңа практикалық жағдайда пайдалану қажеттілігіне тап болған кезде пайда болады.
Үшінші тип - міндетті шешудің теориялық тұрғыдан мүмкін болатын жолы мен таңдап алған тәсілдің практикада жүзеге аспайтындығы арасында қайшылық болғанда проблемалық жағдаят оңай пайда болады.
Төртінші тип - проблемалық жағдаят оқу тапсырмасын орындаудың практикалық жақтан қол жеткен нәтижесі мен балаларды оны теориялық негіздеуге керекті білімдердің жоқтығы арасында қайшылық болған кезде пайда болады [11, б. 25] .
Проблемалық жағдаятты құрастыруда А. М. Матюшкин төмендегідей алты ережені ұсынады:
Бірінші ереже: Проблемалық жағдаят туғызу үшін балалардың алдына жаңа білім мен әрекеттерді ашуға мүмкіндік беретін практикалық не теориялық тапсырмалар берілді. Ол үшін мынадай шарттар орындалуы тиіс:
1. Тапсырмалар балалардың бұрын игерген білімдері мен біліктеріне негізделеді. Себебі ол тапсырманың шартын түсінуге және қойылған мақсатқа жету үшін қажет. Тапсырмаға тек бір ғана белгісіз элемент қосылады.
2. Орындалған проблемалық тапсырма балалардың игерген біліміне қажеттілігін оятуы керек.
Екінші ереже: Балаларға ұсынылатын проблемалық тапсырма олардың интеллектуалдық мүмкіндіктеріне сәйкес болуы керек.
Үшінші ереже: Проблемалық тапсырма оқу материалын игеруге негіз болуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz