Саяси элита және саяси көшбасшылық



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Саяси элита және саяси көшбасшылық

Орындаған: Әлі Сымбат
Тобы: 1504-10
Тексерген: Қуандық Н.Ж

Шымкент 2021
Саяси элита және саяси көшбасшылық.
Жоспары:
1. Саяси элита ұғымы, негізгі теориялар.
2. Элита таңдау жүйесі.
3. Саяси көсбасшылықтың типологиясы мен функциялары.
4. Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуының құқықтық механизмі.
1. Элита термині француз тілінен elite - іріктелген, таңдалған деп аударылады. 17 ғасырдан бастап, бұл термин таңдалған, атақты, жоғары мәртебелі адамдарды атауға қолданған.
Элита теориялары - әр әлеуметтік структураның қажетті бөлігі деп жоғарғы, ерекше құқықтары бар қатарды мойындаған әлеметтік-саяси концепцияларының жиынтығы.
Саясаттың сан алуан субьектілерінің оған ықпалы, әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады.
20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Бұл аталымның этимологиялық маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді , айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды. Екінші аспектісі , осы белгілерді кң жоғарғы өлшеммен бағалайды . Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы , дәннің тұқымы, спорт саласындағы элита т.б түсініктер пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында да адамдар арасында табиғи және әлеуметтік айырмашылықтар орын алып, бұл жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әр түрлілігінен, саяси және қоғамдық процестерге әр түрлі ықпалынан көрінеді. Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде сипттауға негіз болады.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20ғ басында итальян ғалымдары Г. Моска, В.Парето, неміс Р. Михельсжәне т.б қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын "Cаяси ғылым негіздері" деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет , оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге жол ашады.
Элита терминін ғылымға алғаш енгізген Вильфредо Парето (1848-1923). Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуның арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып оытрады.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен бағынушыларға бөлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызады.. Осы үш қасиет адамға басқарушылар қатарына енуге жол ашады.
Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және бағынушыларға немесе элита мен бұқараға бөлінуі табиғи нәрсе, оған әсер еткен бірнеше факторларды айта кетуге болады. Олар:
Еңбектік бөлінуі;
Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы;
Басқарушы қызметтің жақсы сипатты иеленуі;
Көпшіліктің билікке, саясатқа қызықпауы.
Саяси элита бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
Жоғарғы элита;
Ортаңғы элита;
Әкімшілік элита.
2. Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан: Гильдия және антрепренерлік.
Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды.
Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси элита және оның қоғамдағы рөлі
Саясаттанудың әдістері
Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита
Саяси элиталар және саяси көшбасшылық
Саяси психология саясаттану мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы
Саяси элита және саяси көшбасшылық жайлы
Саяси элитаның түсінігі мен қызметі туралы
Саяси элита және саяси көшбасшы
Басқарушы элита мен саяси көшбасшылық биліктің әлеуметтік субъектілері ретінде
«Саяси психология» пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Пәндер