Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарын жоспарлау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
04 мам 2019, Сенбі
Категориясы: Мектепалды дайындық
aiboll
Тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Жоспар:
1. Кіріспе
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
II. Негізгі бөлім
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарын жоспарлау.
2. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру іс - әрекетіндегі педагогтың құзыреттілігі.
III. Қорытынды

1. Кіріспе
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - балабақша тәрбиешілері. Өйткені білім мен тәрбие негізі баланың жеке басын қалыптастыру негізі балабақшада қаланады.

Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарында балалардың ой - өрісін, логикасын, тілін дамытуда, белгілі бір затты қабылдауын, есте сақтауын, оны қайта жаңғыртып көзге елестетуін, дүниетанымын дамытуда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың маңызы ерекше. Балаларда бар түсініктер өздігінен ұғымдарға айнала алмайды. Ұғымдарды және оларды қолдануға негізделген ойлаудың логикалық формаларын балалар ғылыми білімдерге негіздеу барысында меңгереді. Демек, мектепке дейінгі балалардың ақыл - ой қызметінің дамуы, логикалық ойлаудың дамуы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында жүзеге асырылады.

Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (анализ, синтез, индукция, дедукция) ықпал етеді. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде баланың танымдық қызығушылығымен бірге жалпы даму қамтамасыз етіледі, яғни оқытудың дамытушылық қызметі жүзеге асырылып, баланың тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік ашылады.
Балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында оқытудың дамытушылық қызметіндегі бірқатар талаптар мен шарттар орындалуы қажет.

Біріншіден, дамытушы орта қажет, ол үшін мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтай отырып, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталуы шарт. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісі болып саналады. Ойлауға үйрететін сабақтар дамыта оқыту сабақтары деп есептеледі. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасайды. Педагог бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
«Қарапайым математикалық ұғымдары қалыптастыру әдістемесі»
Баланың шығармашылық зияткерлігін дамыту
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Уақытты сағатпен анықтауға үйрету әдістемесі
Кіші топтағы балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлы математикалық түсініктерін қалыптастыру негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдалану
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларға үйретілетін арифметикалық амалдардың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру
Пәндер