Ежелгі Греция тарихы бойынша деректер
Керімбаев Е.Ә.
Тарихнама пәнінен
ДӘРІС ЖИНАҒЫ
5В011400 - Тарих мамандығы үшін
Шымкент,2020
№1 Лекция
Сабақтың тақырыбы: Тарихнама пәніне кіріспе.
Сабақтың жоспары:
1. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Басқа тарихи және қоғамдық пәндермен байланысы.
2. Тарихнамалық зерттеулердің негізгі принциптері.
3. тарихнама кезеңдеріне жалпы шолу.
4. Тарихи кезеңдер мәселесі.
Тарихнама студенттерді оқыту барысындағы негізгі пән
болып табылады. Тарихи зерттеу әдістерінің дамуымен байланысты тарихшылардың
алдында жалпы тарихи үрдісте өз халқының орнын анықтау мәселесі тұратынын ұмытпау
керек.Бұл пәнді оқыту барысында студент Европа мен Американың, Қазақстанның тарихи
ғылымының даму эволюциясын зерделейді.Түрлі тарихи дамуда үлкен рөл атқарғған
мемлекеттермен және ғылыми бағыттармен танысады.Тарихнама пәні ғылыми-тарихи
білімдердің пайда болуы және жинақталуы, тарихи ойдың дамуы, әр кезеңдегі тарихи таным мен ойлаудың заңдылықтарын ашады.
-жаңа заманда тарих ғылымының дамуына әсер еткен қоғамдық жағдайды көрсету
-XVIIғ. Француз ағартушыларының тарихи көзқарастарын түсіну үшін табиғи құқық
теориясы туралы түсініктің болуына назар аудару
-тарихи мектептердің қалыптасуын, жағдайларын айқындау, позитивизм принциптерін
анықтау
-методологияның қалыптасуына жаратылыстану ғылымдарының әсерін көрсетіп,
тарихитанымның теориялық методологиялық принциптерін талдау
-XIXғ. Тарихшылар мен философтардың еңбектеріне талдау жасап, романтикалық
тарихнаманың бағыттарын көрсету
-XIXғ. екінші жартысындағы философиялық жүйедегі тарихи үрдісті сипаттау
-XIXғ. екінші жартысы-XXғ. басындағы кәсіби тарихнаманы талдау.
-Қазақстан тарихшыларының жаңа замандағы шетел тарихы ттуралы еңбектеріне сипаттама жасау.
Тарихнама деген термин гректің екі сөзінен құрастырылған. Тарих-өткен заман
туралы, графо-жазамын. Алғашқы уақыттарда бұл термин тарих терминмен мәні бірдей
қолданылған. Қазіргі күні бұл терминнің екі мағынасы кең таралған.
1. Тарихнама дегеніміз-тарих ғылымының тарихын зерттейтін ғылыми пән.
2. Тарихнама дегеніміз-белгілі бір мәселе бойынша тарихи еңбегінің жиынтығын талдау
болып табылады.
Тарихнамалық зерттеулердің негізгі аспектілері.
1 Әр-түрлі кезеңдерде тарих ғылымының дамуын қоғамдық жағынан анықтау. Өткен
кезеңдердің әр-түрлі проблемаларын зерттеу. Тарихи дамудың белгілі тұжырымдарын
жасау, әр түрлі қоғамдық топтардың позицияларын айқындау.
2 Әр түрлі кезеңдерде өмір сүрген ғылыми мекемелермен ғылыми білім беру тарихи
материалдарды қолдану жағдайы оны басып шығару мүмкіншілігін де зерттеу қажет.
3 Тарихнамалық зерттеулердің негізгі мәселелерінің бірі теориялық дамуын және өзгеруін
зерттеу. Тарих танымының теориялық методологиялық принциптерін талдау. Әсіресе
философия, саяси экономика, әлеуметтану және жалпы қоғамның мәдени даму дәрежесімен байланысты. Сондықтан ХVІІІ ғасырдың француз ағартушысы тарихи көзқарастарын түсінігі
үшін жаратылыстану құқықтары теориясын білу керек. Методологияның қалыптасуына
үлкен ықпал ететін жаратылыстану ғылымы болып табылады.
4 Тарихнаманың негізгі мәселелері қайнар көздері немесе дерек сипаттамасы. Мұнда
тарихи мектептердің тарихи қайнар көздер жиынтығы қарастырылды.
5 Тарихнаманың тағы бір маңызды мәселелерінің бірі тарихи зерттеулердің
проблематикасын қалыптастырыуын зерттеу.
Бақылау сұрақтары:
1.Қоғамдық ой-пікірдің тарихы және тарихнамасы.
2. Философиялық эканомикалық, әлеуметтік, саяси идеялардың тарихнамаға әсері., Діни
көзқарастар
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. СӨЖ тақырыбына сәйкес
* Сұрақ-жауап
* Реферат
Әдебиеттер тізімі:
1.Историография истории нового времени стран Европы и Америки. Учебное пособие для
студентов ВУЗов обучающихся по специальности История . Под ред.И.П. Дементьева.-М.,1990
2.Историография истории нового времени стран Европы и Америки.- М., 1967__
№2 Лекция
Сабақтың тақырыбы: Антика тарихнамасы.
Сабақтың жоспары:
1. Антика тарихнамасы

3. Тарихнама кезеңдеріне жалпы шолу
Европа мен Американың, Қазақстанның тарихи ғылымының даму эволюциясын
зерделейді.Түрлі тарихи дамуда үлкен рөл атқарғған мемлекеттермен және ғылыми
бағыттармен танысады.Тарихнама пәні ғылыми-тарихи білімдердің пайда болуы және
жинақталуы, тарихи ойдың дамуы, әр кезеңдегі тарихи таным мен ойлаудың заңдылықтарын
ашады.
Пәнді оқыту мақсаты. Нақты тарихи жағдайларда тарихи ойдың негізгі бағыттары мен
ұстанымдарын анықтайтын тарихи танымның әлеуметтік негіздерін көрсету.Тарихнамалық
мәдениетті қалыптастыруда студенттерді тарихнамалық зерттеуде историзм принципін
үйрену.Тарихнамашылардың басты обьектісіне тарихшылар еңбектері жатады.Тарихи
ғылыми мекемелер, мерзімді баспасәз ұйымдары, тарихи ғылым саласында кадрлар
дайындау тарихнамашылардың зерттеу жүйесіне кіреді.
Пәнді оқыту міндеттері.

-Қазақстан тарихшыларының жаңа замандағы шетел тарихы ттуралы еңбектеріне сипаттама
жасау.

болып табылады. Тарихнамалық зерттеулердің негізгі аспектілері.

философия, саяси экономика, әлеуметтану және жалпы қоғамның мәдени даму дәрежесімен
байланысты. Сондықтан ХVІІІ ғасырдың француз ағартушысы тарихи көзқарастарын түсінігі

студентов ВУЗов обучающихся по специальности История . Под ред.И.П. Дементьева.-М.,
1990

Лекция №3
Сабақтың тақырыбы: Орта ғасыр тарихнамасы.
Сабақтың жоспары:
1. Ежелгі Греция тарихы бойынша деректер.
2. Грек прозасының туылуы.
Қайта Өркендеу дәуірінде ежелгі Грецияның тарихын білуге құштарлана
бастады. Тарих - идеологиямен және қоғамдық дамумен байланысты қоғамдық ғылым. Ежелгі
дәуірден бастап тарихшылар тарихи процесті, оның себептерін, ерекшеліктерін, өздері
болжаған нәтижелерін нақты сипаттауға және ой елегінен өткізуге тырысты. Қайта Өркендеу
дәуірінде алдыңғы қатарлы ойшылдар ежелгі Греция тарихының материалдарын орта
ғасырлық схоластикаға және феодалдық идеологияға қарсы күресте пайдаланып отырған. Ең
алдымен Италияда табылған ежелгі грек өнері мен тілі зерттеле бастайды. Соның өзінде
ежелгі Греция қоғамы дәріптеліп келген. Бұл қоғамның жетістіктері орта ғасырлық
кемшіліктерге қарсы қойылып отырған.
ХVІІ ғасырдың басында біздің Отанымыздың территориясында, Киевте, Киев-
Могилян коллегиясы негізделді. Онда латын тілінен басқа ежелгі грек тілі, ежелгі Грецияның
әдебиеті, тарихты және философиясы оқытылды.
ХVІІ ғасырдың аяғында Москвада Славян-грек-латын академиясы құрылды.
ХVІІІ ғасырдың - ағарту ғасырының - басынан бастап ежелгі Греция тарихын оқып
үйрену ісіндегі жаңа кезеңді байқауға болады. өткен уақыт жайлы едәуір тарихи материал
жинақталып жүйеге келтірілді. Мұның өзі тұңғыш ғылыми жинақтаулар жасап, ежелгі грек
хорнологиясын анықтауға мүмкіндік берді.
ХVІІІ ғасырдың басында Италия ғалымы Джанбаттсто Вико ежелгі Греция мен Рим
тарихын келер заман халықтарының тарихымен салыстырды. Ол Гомер дүниеде болған жоқ.
Илиада мен Одиссия эпикалық поэмалары халық творчествосы нәтижесінде жасалды.
Деген болжам айтты.
ХVІІІ ғасырдың орта шенінде аса көрнекті француз ағартушыларының бірі
Ш.Монтескье ежелгі Грецияның мекемелерін сол кездегі Францияның абсалютизміне
қарама-қарсы қойды.
Антик заман тарихын зерттеу ісіндегі маңызды кезең- ХVІІІ ғасырдың екінші
жартысында Германияда И. Винкельманның Көне заман өнерінің тарихы атты кітабының
шығарылуы болды, онда автор знердің қоғамдық дамумен тығыз байланысын көрсетіп берді.
Кітаптың едәуір бөлігі ежелгі Грецияға, ежелгі грек мүсіндеу өнеріне арналды.
ХVІІІ ғасырдың аяғында Ф.А. Вольф кең таралған Гомерге кіріспе деген зерттеуін
бастырып шығарды, онда ол, Дж. Викоға қарағанда, неғұрлым елеулі материал негізінде,
гомер эпосы халықтан шыққан деген қорытындыға келді, оның үстіне Гомерді Илиада мен
Одиссияны жасаған өз тыңдаушыларына ерекше кең танылған, кезіп жүрген көп
жыраулардың бірі деп санады. Гомерді Илиада мен Одиссияның авторы деп санаған,
поэмалардың тұтастығын жақтағандар бұл пікірге қарсы шықты. Поэмалардың шығуы
жөніндегі айтыс күні бүгінге дейін аяқталған жоқ. Ғылыми әдебиетте ол - Гомер мәселесі
деген атпен мәлім. Гомердің авторлығы жөніндегі мәселені түбегейлі шешпегенімен, айтыс
тым ежелгі Грецияны зерттеу жөніндегі ғылымға пайда келтірді, өйткені мұның өзі
ғалымдардың назарын осы дәуірге ерекше аударды.
Бақылау сұрақтары:
1. Гесиод Теогония поэмасы.
2. Солонның шығармалары
3. Грек прозасының тууы.
4. Тарихи білімдердің пайда болуы.

1.История древней Греции. М., 1958
2.Методологические и историографические вопросы исторической науки- Томск., 1982
3.Репина Л.П. Зверева В.В. Парамонова М.Ю. История исторического знания - М., 2004__
Лекция №4
Сабақтың тақырыбы: Жаңа заман тарихнамасы
Сабақтың жоспары:
1. Тарихнамадағы эллинизм түсінігі
2. Қайта өрлеу дәуірінің тарихнамасы
Тарих - идеологиямен және қоғамдық дамумен байланысты қоғамдық ғылым. Ежелгі

№5 Лекция
Сабақтың тақырыбы. ХVІІІ - ХІХ ғғ. Қазақстан тарихнамасы
Сабақтың жоспары:
1. Компиляциялық жаңа метод және оның тарихи зерттеулердегі орны
мен дамуы.
2. Александ Македонскийді суреттеудегі екі әдіс.
3. Римдік тарихнама
ХІХ ғасырдың аяғында - ХХ ғасырдың басында Египеттегі грек
папирустарының орасан көп материалы жарияланды, оны шетел және орыс
эллин тарихшыдлары мұқият зерттеді. Ғылымның жаңа саласы-грек
папирологиясының аса көрнекті өкілдері арасынан Батыс Европадағы неміс
зерттеушісі У. Вилькенді (1862-1944) атау керек.
Орыс буржуазиялық тарихнамасы ХІХ ғасырдың соңғы үштен бірінде -
ХХ ғасырдың басында негізінен орыс буржуазиясының таптық мүдделерін
білдіре отырып, орыстың буржуазияшыл антик тарихшысы, бірқатар батыс
европалық антик тарихшыларының позицияларынан айырмашылығы бар,
кейбір жеке сипаттарға ие болды. Россиядағы самодержавие жағдайлары
буржуазияның антик тарихнамасына мына ретте ықпал етті: өйткені орыс
либерал тарихшылары Афиныға және ежелгі Грециядағы өзге де
демократиялық режимдерге Батыс Европадағыдан гөрі үлкен дәрежеде іш
тартты. Мұның өзі феодалдық қалдықтары бар патша режиміндегі кейбір
оппозицияның бір түрі болды.
Орыс буржуазиялық тарихнамасы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың
басындағы орыстың антик тарихшылары арасынан бірқатар кабинеттік аса
көрнекті ғалымдары - Куторганың шәкірттерін атап өтуге болады. Орыстың
антик эпиграфиялық мектебінің іс жүзіндегі негізін қалаушылар Ф.Ф. Соколов
(1841-1909) көрнекті эпиграфист, кейіннен папиролог те болды. Ол негізгі
назарды эллинизм дәуіріне аударды. Ф.Ф. Соколов - грек жазбаларының,
мұқият жүзеге асырылған шағын зерттеулердің авторы. Ол неоканттықтың
ықпалында болды. Документтерді ерінбей- жалықпай зерттеп, жоғалып кеткен
тексті көз жеткізердіктей етіп қалпына келтіре отырып, Ф.Ф. Соколов өткен
және келесі оқиғалар арасындағы байланыстың болғанын мойындаса да,
қорытындылар жасаудан аулақ тұрды. Ол ежелгі гректердің бостандықты
тұңғыш сезген, бірақ құлдықтың болуы салдарынан жалпыға бірдей теңдік
дегенді түсінбегендер есебінде сипаттады.
Ф.Ф. Соколовтың шәкірттері арасынан аса көрнекті эпиграфист В.В.
Латышевті (1855-1921) атап өту керек. Ол Қара теңіздің солтүстік
жағалауындағы ежелгі грек отарларын зерттеді. В.В. Латышевтың неғұрлым
маңызды ғылыми еңбектері Евксин-Понтының солтүстік жағалауындағы
ежелгі грек және латын жазбалары және Скифия мен Кавказ туралы грек
және латын ежелгі жазушыларының хабары деген жинақтары болды.
Орыстың археологтар қоғамы мен басқа да археологиялық ұйымдардың
жүзеге асырған қазба жұмыстары европалық археология ғылымында орыстың
антик археологиясын алдыңғы қатарлы орындардың біріне алып шықты.
Қырымдағы - Севастопольге жақын жердегі Херсонесте, Керчь ауданындағы
Пантикапейде көп жыл жүргізілген қазба жұмыстары, тамань түбегіндегі қазба
жұмыстары бай археологиялық материалдар берді. Днепро - Буг су
жайылымының жағасындағы ежелгі Ольвияны көп жылдық қазу жұмыстары
Б.В. Фармаковскийдің (1870-1928) басшылығымен 1901 жылы басталды. Бұл
жұмыстар өзінің алдын ала ойланғанымен, жүйелілігімен, процестің егжей-
тегжейлі суреттелуімен, отандық антик археологиясының дамуында тұтас кезең
болып ерекше көзге түсті.
ХІХ ғасырдың басы мен ортасында да және оның аяғында - ХХ ғасырдың
басында антик тарихшыларының бүтіндей ұрпағы Петербург пен Москвада
ғана емес, сонымен бірге Казанда, Киевте, Харьковте және басқа да ғылыми
орталықтарда жұмыс істеді. Олардың арасынан Киевте де, Казанда да жұмыс
істеген либерал ғалым Ф.Г. Мищенконы (1848-1906) атап өту керек болады. Ол
ежелгі грек қоғамының қоғамдық және саяси өмірін позитивизм тұрғысынан
егжей-тегжейлі зерттеді және ежелгі грек авторларының тамаша аудармашысы
болды.
Қызметінің кемелденуі ХІХ ғасырдың аяғында және ХХ ғасырдың
алғашқы екі он жылдарына тұстас келетін антик тарихшылар арасынан Харьков
зерттеушісі В.П. Бузескулды (1858-1931) атап өту керек. Оның ынтасы
классикалық және арханкалық Грецияға - Афины тарихына ауды. Сол кезде
Египетте грек папирустары ішінде жаңа ғана ашылған. Аристотельдің Афины
политиясын ол алғашқылардың бірі болып егжей-тегжейлі зерттеп шықты
және Аристотельдің Афины политиясы деген үлкен монография жазды.
Оның неғұрлым әйгілі өзге зерттеулері Афины демократиясының тарихы ,
Греция тарихына кіріспе (ежелгі заманнан бірінші дүние жүзілік соғысқа
дейінгі түп деректер мен тарихнамаға егжей-тегжейлі шолу) болды.
Революцияға дейінгі біздің тарихнамамызда эллинизм дәуірінің де аз
өкілдері бар. Олардың арасында көрнекті модернизациялаушы Петербург
университетінің профессоры М.И. Ростовцев (1870-1952) болды. Германияда
неміс тілінде шығарылған үлкен монографияның Рим колоноатының тарихы
жөніндегі зерттеулер деген бірінші бөлімі эллинизм дәуіріне арналған. Грек
папирус материалдары негізінде М.И. Ростовцев эллиндік Египетте жерге жеке
меншік болмағандығын көз жеткізе дәлелдеп, маңызды жаңалық ашты. Бірақ
модернизациялаушы болғандықтан ол жерге жеке меншіктің болмағандығын
ежелгі египет феодализмінің ерекшеліктерінен деп қате түсіндірді.
Революциядан кейін М.И. Ростовцев АҚШ-қа эмиграцияланды.
Енді аса көрнекті эллиндік папиролог Қазан университетінің профессоры
М.М. Хвостов (1872-1920) болды. Оның басты еңбектері модернизация
бағытымен жазылған, бірақ түп деректердің мол материалы жинақталған Грек-
Рим Египетінің шығыс сауда тарихы және Грек-Рим Египетіндегі тоқыма
өнеркәсібі деген екі монографиясы болды.
Өз еңбектерін ежелгі Греция тарихына арнаған орыстың көне мектебінің
аса көрнекті антик тарихшыларының тізімін академик С.А. Жебелев (1867-
1941) есімімен аяқтау орынды-ақ. Аса білімді тарихшы, көрнекті эпиграфшы ол
алғашында позитивистік бағытта жазылған екі монографиясымен көзге түсті.
Бұлар эллиндік және римдік заманның Афины тарихы мен Грецияның Рим
провинциясы ретіндегі тарихына арналған болатын. С.А. Жебелев
Аристотельдің Саясат деген тарихифилософиялық еңбегінің аудармашысы
ретінде көрінді және Ф.Г.Мищенко жасаған Фукидидтің Тарих аудармасын
жөндеді. Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін С.А. жебелев совет
ғылымында антик тарихшылар қатарында белсенді жұмыс істей берді. Оның
совет заманындағы басты еңбектері Солтүстік Қара Теңіз жағалауына арналды.
Өзінің зерттеу әдістерін жетілдіре отырып, ол бірте-бірте маркстік бағытқа
көшті, жоғары оқу орындарына арналған ежелгі Греция тарихы жөніндегі
совет оқулықтары авторларының бірі және редакторы болды. С.А. Жебелев
эллиндік Боспор патшалығында Савмактың басшылығымен болған құлдар
көтерілісі туралы маркстік тұрғыдағы белгілі зерттеудің авторы болып
табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Повсоний Описание Эллады
2. Диоген Лаэтский және оның еңбектері
3. Ерте жазба ескерткіштері
4. Әдеби ескерткіштер
5. Анналдар- тарихи шығарманың бірінші түрі
6. Үлкен анналистер еңбектері

1.История древнего Рима. Учебник для студнтов вузов обучающихся по
специальности История. М., 1994
2.Древнеримские мыслители. Свидетельства, тексты, фрагменты. Сост. А.
Аветисьян. Киев, 1958
3. Хрестоматия по истории древнего Рима. Под ред. В. И. Кузищина. М., 1987__
№6 Лекция
Сабақтың тақырыбы: Қазақ-қытай қатынасының тарихнамасы
Сабақтың жоспары:
1. Ғылыми революция және XVII ғ. тарихи білім
2. Ағарту дәуіріндегі "философиялық тарих"
3. Т. Гоббстың тарихи монархиялық тұжырымдары
4.ХVІІІ ғасырдың ағартушыларының тарихи көзқарастары (Д. Дидро, Даламбер, Ш.
Монтескье, Вольтер)
5.Ұсақ радикалды буржуазия идеологтарының тарихи көзқарастары
ХVІ-ХVІІ ғғ. Европалық мәдениетте ортағасырлық дәстүрлер мен ренессанстық
ғылымнан айырмашылығы бар таным принциптері қалыптасты. Интеллектуалды
қөзғалыстың нәтижесінде әлем және адам туралы түсінік жүйесі трансформацияланып,
жаратылыстану пәндері, тарихи, саяси, қоғамдық, философиялық жүйе негіздері қайтадан
анықталып, ғылыми революция деген атқа ие болды. Бұл кезеңнің шекарасын шартты түрде
1543 жылдан бастайды. Дәл осы жылы Николай Коперниктің Аспан денелерінің айналуы
туралы еңбегі шығып, И. Ньютонның жаңалығы ашылған еді. 1687 ж. И. Ньютонның
Натуралды философияның математикалық бастамалары жарық көрді. Коперник, Галилей,
Кеплер, Декарт, Ньютон сияқты ғалымдардың ерте жаңа замандағы интеллектуалды
мәдениеттегі еңбектері нәтижесінде әлемнің тұтас жаратылыстану ғылыми картасы жасалды.
Ерте жаңа заман дәуіріндегі философтар білім құрылымының принциптеріне, физика,
математика, медицина, әлеуметтік ғылымдар зерттеулеріндегі жаңа әдістерді негіздеуге
ерекше назар аударды. Тарих білім ретінде мораль және саясатпен байланысты болды, бұл
пәндердің аумағына онша кіре қойған жоқ. Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон (1561 - 1626)
Жаңа органон (1620) атты басты шығармасында таным әдісін ұсынды, өзінен бұрынғы
білім жүйесін қайта қарап, баға берді. Зерттеудің басты мақсаты табиғат құпиясын игеру
болды. Ғылыми білім адамға пайда мен қуат әкелу керек, күнделікті өмірді өзгертіп, жаңа
христиандық алтын ғасырға жылжуы қажет деп есептеді. Зерттеудің эмпирикалық әдісі
бақылау мен тәжірибенің маңызын арттырды.
Бэкон өз еңбектерінде тарих пен жаратылыстану ғылымдарының бірлігі туралы
жазды, өйткені екеуі де адамның еске сақтау қабілетіне сәйкес болды. Азаматтық тарих та,
тарихи тарих та жеке оқиғаларды зерттеумен, олардың уақыттан тыс қасиетін сипаттаумен
айналысты. Сөйтіп, табиғи құбылысын және өткен оқиғаны зерттеу арасында айырмашылық
бола қойған жоқ. Бақылаудың нәтижелері болды. Жеке құжаттар бойынша дәлелденген
фактілер тәжірибе үшін құнды еді.
Англияда Бэконның еңбектері жаңа ғылымның сипатына үлкен әсер етті. Көптеген
ғалымдар оның еңбегін жалғастырғысы келгенімен, тарихнамада аналитикалық және
тәжірибелік әдісті қолданатын ғалымдар аз болды.
РЕНЕ ДЕКАРТ (1696 - І650), иезуиттер жетекшілік еткен Ля Флеш коллегиясында
білім алған. 1637 ж. Әдіс туралы ойлар атты еңбегі геометрия, оптика, астрономия
бойынша зерттеулерімен қатар бір томға енді. Философияның бастамасы (1644) еңбегінде
өзінің философиялық жүйесін ағашқа теңеді, оның тамыры метафизика, ағашы физика. өнім
беретін қанаттары - механика, медицина, этика. Мұндай өнім әкелуге қабілетті
философиялық түсінудің қажетті шынайы көрінісі ретінде қарастырды. Декарттың осы
бағыттағы еңбектері әлемнің рационалды механикалық картинасын жасауға әсерін тигізді.
Субъект-зерттеушінің және оның алдында турған зерттеу объектісін бөлу туралы
Декарттың негізгі идеясы XVIII ғ. аяғы XIX ғ. ғылым мен кәсіби тарихи білімге негізделген
белгілі әдістің қалыптасуына әсер етті. Бұл кезде философияда әр түрлі екі ақиқат - Галилей
негіздеген жаңалықтар мен білім-туралы ой бекіген болатын, сондықтан мұндай ой
тұжырымның болуы әбден мүмкін еді. Бұл логикаға сәйкес ғылым мен сенім бір-біріне сай,
бірақ олардың пәні. ойы, тілі, әдістері автономды болып келеді.
Физика, математика, анатомия, механика. т.б. жаратылыстану мен философиядағы
жаңалықтар XVII ғ. интеллектуалды мәдениетке едәуір ықпал етті. Табиғатты зерттеудің
көптеген принциптері қоғам мен оның тарихын түсіну үшін әмбебап түрде қарастырыла
бастады. Жаратылыстану ғылымдары, олардың эмпирикалық, нақты білімге талпыныстары
басқа пәндерді қайта қарастыруға мүмкіндік берді. XVII ғасырда әлеуметтанушы
философтар жаратылыстану заңдары туралы бірқатар идеяларды алға тартты. Бұл заңдарды
табиғат заңдары сияқты танып, оны адамдар қолдану керек. Табиғат пен адам материалдық
бірлікте деген идеядан бойын аулақ ұстаған философтар математика мен физикаға бағыт
алған қоғам туралы ғылымды ә л е у м е т т і к ф и з и к а н ы жасауға тырысты. Мұндай
теориялардың негізі тарихи аумақтан тыс жеке адам туралы түсінік болды; қоғамның өзі
адам табиғатынан шығатын құбылыстарға үміттенген индивидтердің жиынтығы деп түсінді.
Мысалы, голландиялық философ және заңгер ГУГО ГРОЦИЯНЫҢ (1583-1645) ойынша,
адамдар ең әуелі бір-бірімен араласуға талпынды, соның нәтижесінде олардың бірігуіне
мүмкіндік туды. Ағылшын философы ТОМАС ГОББСТЫҢ (1588-1679) пікірі, керісінше,
адамдар өзара бір-бірінен алшақ болды, сондықтан мемлекетке дейінгі "табиғи" жағдайда
олар үздіксіз "бәріне қарсы соғыс" жүргізді. Индивидтің қасиетінен мемлекеттік құрылыс
пен оның тарихын түсіндіруге ықпал еткен ә л е у м е т т і к м е х а н и к а н ы ң
салдарлары мен заңдары шықты. XVII ғасырдың философтары қоғамды адамдар арасында
жасалатын қоғамдық келісім-шарттың нәтижесі деп есептеді. Мемлекет заңдары адам
табиғатынан шығатын табиғи құқық негізінде құрылуы керек деп есептеді. Бұл теориялар
әлеуметтік және философиялық еңбектерде үстем болғанымен, XVII ғ. тарихи еңбектерге
мұндай идеялардың енуі өте баяу болды. Тек XVIII ғ. бұл теориялар өткен тарих туралы
білімге айтарлықтай ықпал етті.

№ 7 Лекция
Сабаќтың тақырыбы: Консервативтік британ тарихнамасы.
Сабақтың жоспары:
1.Тарихи зерттеулердің жағдайы және ұйымдастырылуы.
2.Либералды және консервативті тарихнама
Тарихи деректердің саны өсті, жаңа басылымдар жарық көрді, және олардың сапасы өсті. Классикалық және орта ғасырлық археология қосымша тарихи пәндер табысты дамыды.
ХХ ғасыр басында Англияда дәстүрлі зерттеу орталықтарынан (Оксфорд және
Кембридж) үшінші Манчестр орталығы пайда болды. Мангиттер тарихи мектебінің негізін
қалаушы Т.Ф.Таут ол өзі Англияда ортағасырлар дәуірінің әкімшілік тарихи бойынша
зерттеумен байланысты.
Бұл мектептің тарихшылары ең алдымен экономикалық тарихқа назар аударады.
Экономикалық тарих маманы Дж.Энвин болды осы өзінің еңбектерін өнеркәсіптік
орындарға арнады, өнеркәсіптік орындарға арналды. Өнеркәсіптік бірігудегі ортағасырлық
Исидалар ролін зерттеді. Бұл мектептің тарихшыларына тән сипат қорытындылардан бас тартып ұсақ детальдарға көп көңіл бөлу. Левсонның тауттың 6-томдық субегінде мұраттық
материалдарға сүйене отырып ХІІ-ХҮ ағылшын корольдарының жеке мөрлері, үй шаруасы,
гардеробы зерттелген. ХІХ ғ соңы мен ХХ ғасыр басында тарих академиялық пән ретінде ірі жаңа универститеттердің бірі ретінде Лондон университетінде жағдай нығайды. Белгілі рольді
мұнда Англияның саяси тарих маманы. А.Поллард атқарды. (Тюдерлар дәуірінің). Оның
ұсынысы бойынша 1910 жылы университетте тарих бөлімі ашылды.
1893-1898 жж Лондаон университетінде экономика және саясат мектеп ашылды. Ол
өнеркәсіптік кейбір мәселелерін әлеуметтік тарихты т.т. жүйелі зерттеулердің пионері
болды.
Мектеп оқытушылары арасында белгілі тарихшылар, экономистер, философтар Б.Расел,
С.Кебб, У.Кеннинген т.б. болды.
Сонымен қатар бұл уақытта Англияда жергілікті трих жеке қалалар графтықтар
тарихын зерттеу ұйымдасқан түрде ие берді. Көптеген жергілікті тарих қоғамкен жұмысын
жандандырды. Олар тарихи ескерткіштерді табумен мұрағаттарды құрумен қазба
жұмыстарымен айналысыптарихқа деген қызығушылықты арттырып, тарихи білімді
таратумен айналысты.
Жергілікті тарихқа деген қызығушылықтың өсуінің (қорытындысы) нәтижесі көп
томдық Графтардың Викториан тарихы атты еңбектің жарық көруі. Онда деректерге
негіздесіп, әр бір графтықтың экономикалық - әлеуметтік, саяси, мәдени т.б. тарихы
зерттеледі. Әр бір графтікке бір немесе бірнеше томдар арналып, бұл зерттеу бүгінгі күнде де
жалғасуда.
Осы жылдары жалпылама колективті еңбектер жазу әрекеті жоланды. Мысалы көп
томды Жаңа заманның Кембридж тарихы Оны ұйымдастыруда жазуларды Дж.Э.Актон
көп рол атқарды. Әсіресе оның ықпалын жалпы кіріспесінің жаңа заман мәселелерін көруге
болады.
Бұл көріспеуде еңбектің негізгі сипаты - ұлттық сана сезімнің жеке еркіндіктің өсуі
европалықтық мәдениеттің континенттен тыс таратылуы екендігі көрсетілген.
Сонымен қатар экономикалық дамумен мәдениетке де белгілі орын бөлінген.
Бірақ бұл зерттеудің жалпы тұжырымдамасы жоқ. Тарау авторлары белгілі
проблемалары оған баға беруде әр түрлі көзқараста.
Оның әр бір тарау білік кітап өкілді.
Оксфорд университетінде шыққан коллективтік еңбек басқаша болды. Оның құру
идеясы және жайлы редакциясы У.Кант және Р.Пун болды. Англияның саяси тарихы атта
12-томдық коллективтік еңбек. Кембридж трихынан айырмашылығы мұнда әр бір томды бір
автор жазды. Бірақ мұнда да тұжырымдама жоқ, әр бір автор өз көзқарасын білдірді.
ХХ ғ басында таихи ассоциауий құрылды - бүкіл елдің тарихшыларының басы
біріктіріледі. Оны құруда көптеген ірі университет трихшылары қатысты Ч.Ферс, А.Поллард
Т.Ф.Гаум т.б. Олардың ұсынысы бойынша 1906 ж мамырда Лондонда алғашқы трихшылар
конференция өтті және осы уақытта тарихи ассосация құрылды. Сол уақыттан бастап
конференция жыл сайын өтеді. 1912 ж бастап ассоция ттарих деген өз журналын шығарды.
1912 жылы ассоциация қатарында 1200 адам болды.
Превельман тұжырымдамасының белгілі саяси мағынасы да болды. Халқымыздың
қарама - қайшылықтар шиеленіскен уақытта Англия мен Германия арасында әскери жанжал
пайда болып келе жатқаннан АҚШ пен жақындасу қажет болды. АҚШ президенті Т.Рузвельт
және оның жақындары Тревельянға күміс тастан сыйға тартып онда былай деп жазылған
американ революциясының тарихшыларына - достарынан делінген.
Консервативті тарихнама еңбегі либералдардан айырмашылығы консерваторларға
либералдары саясатына дұрыс баға беруге либералдық берді.
Бақылау сұрақтары:
1. Г. Зибель және оның еңбектері
2. Г. Трейчке және оның еңбектері
3. В.Дильтей көзқарастары
4. А.Сорель көзқарастары

a. Сұрақ-жауап
b. Реферат
Әдебиеттер тізімі:
1. Историография нового времени отран Европа и америки М, 1967
2. Историография нового и новейшей истории стран Европа и Америки М, 1977
3. Виноградов К.Б. Очерки антической историографий новую и новейшего времени Л, 1975
4. Зверева Г.И. Организаций исторической науки в Великобританий в новое и новейшие
орена. М, 1986
5. Методологические и историографические вопросы исторической науки. Томск., 1982__
№ 8 лекция
Сабақтың тақырыбы: Қайта өрлеу мен реформация дәуірінің тарихи тұжырымдамасы.
Сабақтың жоспары:
1. Италиядағы гуманистік тарих намасынан ірі мектептері.
2. Қайта өрлеу дәуірі сипаты. Гуманистік көзқарастың қалыптасуы.
3. Франческо Петрарка (1304-1374) мен Джованни Бокаччоның (1313-1375) көзқарасын қарастыру.
Ағартушы философтар, тарихшылар, әдебиетшілер, ғалымдардың көзқарастары әр
түрлі болғанмен, олардың шығармаларында ұқсас мәселелер көтеріліп, бір-біріне жақын
пікірлер айтылды. Бұл кезеңнің интеллектуалды мәдениетінде "адам" және "қоғам" деген
негізгі ұғымдарды қайта қарауға талпыныс жасалды. Адам табиғаты деген не? Қоғамдық
құрылым ненің нәтижесінде пайда болады? Дүние жүзінің көптеген халықтарын не
біріктіреді және қандай айырмашылығы бар? Ғылымның жетістігі мен адамгершілік
нормаларының жетілуіне қарамастан адамдар неге бақытсыз? Мемлекет те, халық та
үйлесімді өмір сүру үшін қазіргі тәртіпті өзгертуге бола ма? Осы сауалдарға рационалды
философия және тәжірибелі ғылымдардың негізінде жауап беру ұсынылды.
Ағарту қайраткерлерінің көзқарастары билік пен дәстүрге сыни қатынасты сипаттады.
Ұсынылған құндылықтардың жаңа жүйесінің жоғары критерийі сословиелік теңсіздікке,
шіркеудің билігіне қарсы ақыл мен салауатты ой болды. Өнеркәсіп төңкерісінің әсерімен
экономикадағы, әлеуметтік саладағы, күнделікті өмірдегі терең өзгерістер прогресс идеясына
философиялық жүйеде орын алуға мүмкіндік берді. Ақылдың күшіне сену адамзаттың
жылдам мәдени үрдісіне үміт туғызды, яғни жеке қателіктерінен, надандықтан, наным-
сенімнен, қанаудан құтылу керек болды.
Ағартушылардың идеялары бойынша табиғаттағының бәрі біртұтас танымдық
тәртіпке бағынды. Адам табиғаты әмбебап және дүние жүзінде өмір сүріп жатқан адамдар
езгермейді, әуелден-ақ олар тең және бостандықта болып жаратылды деп түсіндірілді.
Қоғамды ақылдың заңдарымен, адамның табиғи құқына сай құру керек. Қазіргі және
таяудағы болашақтың міндеті қоғамды рационалды түрде қайта құру және өткенді қайтадан
ой елегінен өткізу керек деп пайымдалды. Философтар үшін үлкен құндылық көптеген
адамдарға пайда әкелетін білім болып есептелді.
Француз ағартушыларының ірі еңбектері қатарына ЖАН Д'АЛАМБЕР (1717-1783)
және ДЕНИ ДИДРО (1713-1784) жетекшілігімен шыққан мәтіні 17 томнан, гравюрасы 11
томнан тұратын "Ғылым, өнер және қолөнер энциклопедиясы немесе Түсіндірме сөздігі"
(1751-1772) болды. Бұл "Энциклопедияда" философияның, түрлі ғылымдардың маңызды
принциптерін, жаңалықтар мен өнеркәсіпте қолданылатын пайдалы зерттеулердің
нәтижелерін сипаттаған мақалалар жазылды. Дегенмен де бұл жинақтағы маңызды орын
тарихқа берілген. Д'Аламбердің айтуынша, адам тарихының пәні не оның білімі, сондықтан
ол азаматтық және ғылыми тарих болып бөлінеді.
Ағартушылар жазған тарихта философияның ықпалы күшті болды. Алайда ХVIІI ғ.
Ағартушылық "философиялық тарих" тарихи сипаттаудың барлық әдістерін қолданды деп
айтуға болмайды. Бұл кезде европалық қауым тарихқа қанық болды, өйткені
соғыстарды, корольдардың, қолбасшылар мен епископтардың қызметін сипаттаған, қателері
көп, кешіріліп құрастырылған дүниелер баршылық еді. XVIII ғасырда тарих ғылыми білімнің
саласы деп саналмаған көсем сөздің ерекше жанры деп есептелді. Университеттерде тарихты
филологтар, ежелгі тілді білетін адамдар, құқықтанушылар берді.
Сонымен бірге өткенге, қазіргіге, болашаққа дегеп біртұтас христиандық көзқарас
болды. Оған мынадай бірқатар факторлар әсер етті: мәтіндерге гуманистік сынның
ықпалы, ежелгі пұтқа табынушы авторлардың көптеген еңбектерімен танысу, географиялық
ашуларға байланысты әлем бейнесіне деген радикалды өзгеріс, Реформация дәуірінде шіркеу
абыройының шайқалуы, жаңа философиялық және ғылыми теориялар.
XVIІI ғ. авторлары өткен дәуір құжаттарына сыни тұрғыда қарауға үлкен мән берді.
Зерттеушілер тарих тек қана саясаттан, дипломатиядан, әскери мііндеттерден тұрмайды деп
санаса, ал тарихнама одан да кең, ол жай ғана фактілерді жинақтап қоймайды деп
пайымдады. Мәдени және әлеуметтік өмірдің оқиғалары саяси сипаттамалармен қоса
тарихи баяндауларға да қосылады.
Бақылау сұрақтары:
1..Анналдар- тарихи шығарманың бірінші түрі
2..Үлкен анналистер еңбектері
3. Италян гуманизмі. Оның бағыттары.Н.Махиавелли. Л.Валла көзқарастары.
4.ХҮІІғ - ХҮІІІғ бас. Европалық тарихнамада феодалдық-абсалюттік тұжырымдамалар
үстемдігі.
5.Ұлы инциклопедиядағытарих проблемасы.Монтесхы және Вольтер

1.Афанасьев Ю. Н. Ведущее направление французской историографии Современная
зарубежная историография .с 136-159
2.Брагина Л.М. Социально-этические взгляды итальянских гуманистов. М., 1983
3.Бурлацкий Ф.М. Загадка и урок Никколо Макиавелли. М., 1977
4.Рутенбург В.И. Титаны Возрождения. Л.,1976
5.Хрестоматия по новой истории.В 3-х тт. М., 1965
6.Руссо Ж. Трактаты. М., 1969
7.Дидро Д. Избранные произведения М., 1951
8.Документы истории Великой французской революции Сост. А.В. Адо идр. М., 1990__
№ 9 лекция
Сабақтың тақырыбы: Ағарту дәуіріндегі тарихи ойлар.
Сабақтың жоспары:
1. Ағартушылық дәуіріндегі философия және тарихи ой.
2. Философияда- тарихнама және Ағару дәуірі ойлары.

(1751-1772) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz