Кіші кәсіпорын жүйелерінің дамуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

Ермеков Дастан Амангельдинович

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B090200 - «ТУРИЗМ»

Көкшетау, 2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

Туризм, бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

«»

күні қолы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ»

5В090200- «ТУРИЗМ» білім беру бағдарламасы бойынша

Орындады Ермеков Д. А.

Ғылыми жетекшісі

ғылыми дәрежесі, лауазымы Абишева Г. О.

Көкшетау, 2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

4
: 1
КІРІСПЕ:
  1. ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫДAҒЫ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ БЕТ АЛЫСТАРЫ
4: 6
: 1. 1
КІРІСПЕ: Қонақ үй бизнесін басқару құрылымын қалыптастыру кезендері
4: 6
: 1. 2
КІРІСПЕ: Қазақстанда қонақ үй бизнесінің қалыптасу және даму ерекшеліктері
4: 11
: 1. 3
КІРІСПЕ: Қазақстанда қонақ үй бизнесі қызметін басқарудың сапалық көрсеткіштері
4: 21
: 2
КІРІСПЕ: «PLAZA HOTEL» ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ БРОНДАУ ЖҮЙЕЛЕРІН ТАЛДАУ
4: 27
: 2. 1
КІРІСПЕ: «Plaza hotel» қонақ үйі туралы жалпы мәлімет және негізгі көрсеткіштері
4: 27
: 2. 2
КІРІСПЕ: «Plaza hotel» қонақ үйінің экономикалық - қаржылық көрсеткіштерін талдау
4: 30
: 2. 3
КІРІСПЕ: Әлемдік қонақ үй индустриясындағы негізгі брондау жүйелері (Amadeus, Galileo, Worldspan, Sabre)
4: 35
: 3
КІРІСПЕ: «PLAZA HOTEL» ҚОНАҚ ҮЙІ БИЗНЕСІН ДАМЫТУДАҒЫ НЕГІЗГІ ҰСЫНЫСТАР
4: 47
: 3. 1
КІРІСПЕ: Қазақстан аумағындағы ақпараттық-брондау жүйелерінің түрлері
4: 47
: 3. 2
КІРІСПЕ: «Plaza Hotel» қонақ үйіндегі ақпараттық технологияларға жалпы сипаттама. «Вooking. com» жүйесі.
4: 51
: 3. 3
КІРІСПЕ: Қазақстан аумағында қонақ үй қызмет өтілімін арттырудағы ұсынымдар («Plaza Hotel» мысалында)
4: 54
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 63
:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 65

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі заманда компьютерлік технологиялар әлеуметтік - мәдени қызмет саласында және туристік бизнес саласында белсенді қолданылып, табысқа жетудің негізгі бөлігі яғни табыс көзі болып саналады. Н. М. Ротшильд айтқандай «Кім ақпаратқа ие болса, сол әлемге ие болады» дәл осыған мысал бола алады. Бұл сөз әсіресе туристік бизнесте танымал болып саналады, өйткені бұл салада жеделділік, дәлдік, ақпаратты өндеу және тарату жылдамдығы, жетекшілердің шешімінің тиімділігі осыған дәлел. Осы жағдайлардың іске асуы тек ақпараттық және компьютерлік жүйелерді қолдану шеңберлігіне байланысты.

Ақпаратттық технологияны туристік бизнеске енгізуі көптеген қыйншылықтарға кездеседі. Мысалға, ақшалай қаржыландырудың жетіспеуі, халықтың компьютерлік білімінің төмендігі және қолданушылардың аз болуы, қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар саласына сай туризм индустриясындағы қызметкерлерінің дайындығы жеткіліксіздігі, қарапайым қомпьютерлермен жаңа технологияларды қолдану мүмкіндігі аздығы және де тағы басқалар. Дегенмен, жалпы үрдіс туризм саласына ақпараттық технологияларды енгізу болып табылады, осы саладағы маманданған компьютерлік компаниялардың бірқатары белсенді жұмыс жасап, осы бағытта жақсы перспективаларын көрсетуде.

Кез келген ақпаратты басқару жүйесі өзінде тіркеу рәсімдерін, жинау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және басқарушылық шешімдерді қабылдау сияқты бөлімдерді қамтиды. Ақпараттық технологиялар өзімен бірге, осы ақпарат жүйесінде қолданылатын әдістер мен тәсілдер жүйесін ұсынады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қонақ үйге және туризм саласына жаңа форматтағы технологияны енгізу.

Дипломдық жұмыс міндеттері: Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

  • Қазіргі заманғы тенденцияларды зерттеу;
  • Қонақ үй индустриясында және туризм саласына қатысты жаңа

технология ұйымдастыру;

  • «Plaza Hotel» қонақ үйінің қаржылық - экономикалық және

технологиялық жағдайына талдау жүргізу, жаңа технологияны сынап көру.

Зерттеу нысаны - Көкшетау қаласындағы «Plaza Hotel» қонақ үйі.

Зерттеу әдістері: Берілген тақырыпты толықтай ашу, тиімді талдау және зерттеу үшін, сондай-ақ, алға қойған мақсатқа жету және міндеттерді орындау үшін келесі әдісдер қолданылды;

  • Теориялық, әдіснамалық негіздерді сараптау әдісі;
  • Шетелдік және Қазақстандық қонақ үй саласын алға жылжытудың статистикалық көрсеткіштерін талдау әдістері;
  • Экономикалық, әлеуметтік және маркеттингтік әдістері;
  • IT-технологиялырды іске асыру, жылжыту маркетингі әдістері қолданылды.

Дипломдық жұмыстың әдіснамалық және теориялық негіздері: Диплом жұмысына Агеев Д., Головченков В., Калашников И., Биржаков М. Б., Биржаков К. М., Ушаков М. В., Кинкоф Ш., А. С. Манап, К. И. Ахметова, Ә. Сәрсенбаев, Ю. Ф. Волков, Ж. С. Рахимбекова, Л. П. Шматько, А. Т. Бейжанов, Сидоров В. А., Чудновский, А. А. Романов, В. Г. Гуляев, О. Л. Волкова, Е. А. Соболева, О. В. Ефимова тәрізді зерттеуші ғалымдардың ғылыми еңбектері мен жекелеген мақалаларының негізгі теориялық тұжырымдары тірек болды.

Диплодық жұмыстың жаңалығы: Қазақстан Республикасы туризм саласында, сонымен қатар, қонақ үй бизнесінде ақпараттық және брондау жүйелері тапшы, осы орайда қала тарихымен танысу, қонақжай орындарымен туристерді ақпараттандыру, қонақүй нөмерлерін брондау үшін тиімді және толық ақпаратты қамтитын жаңа мобильдік «ыңғайлы» қосымша ұсыну болып табылады.

Жұмыс құрылымы мен көлемі: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс көлемі - 66 бет.

1 ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫДAҒЫ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ БЕТ АЛЫСТАРЫ

  1. Қонақ үй бизнесін басқару құрылымын қалыптастыру кезендері

Адам баласының негізгі мекені - өз үйі. Осыған сай, халқымыздың басым бөлігінің саналы ғұмыры өз жеке үйінде өтеді. Біз жұмысқа, дүкенге, сондай-ақ бос уақытымызды ойдағыдай өткізу үшін дос - жарандарымызға, туысқандарымызға барып, кешкісін өз үйімізге қайта ораламыз. Алайда, кейбір азаматтар еңбек демалысында, іссапарларға және басқа да себептерге байланысты жыл бойы жиі-жиі үйде тұрақтамауы мүмкін. Мұндайда олар тұрақтайтын бірден - бір орын - қонақ үй.

Қала ішінде жүргенде дүкендер, кеңселер, шеберханалар, мейрамханалар және басқа да көңіл көтеретін, демалатын орындар көзге бірден түседі немесе қала сыртына қарай бет алсақ, фабрика, ферма және автозаправкаларды кездестіреміз. Бірақ осы ретте қала ішінде де, қала сыртында да алдымен байқалатын бір ғимарат - қонақ үйлер. Кімнің болса да әлеуметтік-тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын орындар аз емес. Қонақ үйлер де осындай нысандар қатарында.

Тұтынушылардың көзқарасынша қонақ үй - коммерциялық негізде тұру үшін арнайы бөлме бөлетін әрі қызметін сатуға ұсынатын мекеме.

Қонақ үй - кең мағынасында қысқа мерзімдік уақытта тұруға арналған жиһаздандырылған бөлмелер жиынтығы. Қонақ үй - бұл қызметтерді өндіру және қызметтер көрсету бойынша қалыптасқан күрделі шаруашылық кешені. ЮНВТО - ның анықтамасы бойынша қонақ үй дегеніміз - белгілі бір нөмерлер санынан тұратын бірегей басшылығы бар және бір қатар қызметтер түрін көрсететін (кем дегенде төсек орнын ауыстыру және нөмерді жинау тағы басқа) сондай - ақ классқа, категорияға бөлінетін ұжымдық орналастыру құралы [29] .

Қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындар эволюциясын қарастыра отырып, тарихи жоспарға сай келетін адам қоғамының дамуын келесі кезеңдерге бөлуге болады:

  • Көне;
  • Жаңа кезең;
  • Қазіргі кезең.

Тарихшылардың көпшілігі көне кезеңдегі қоғамның дамуында алғашқы қонақ үйлердің пайда болуын айтады - қазіргі замаңғы қонақ үйлер мен мейрамханалардың жаңа үлгілері. Кәсіпорындар туралы айту - таверналар - біздің заманымызға дейін 1700 жылы жазылған Хаммурапи Вавилония патшасының кодекс болып табылатын көне манускриптілерде жазылған.

Көне Грецияда біздің эрамызға дейіңгі І-ші мың жылдықта таверна әлеуметтік және діндік өмірінің негізгі нысаны болып табылады. Бірақ таверналарда саяхатшыларды орналастыру орны болғанымен, көбінесе олар тамақтану қызметін ұсынуға арналған. Сауданың дамуымен және оған байланысты ұзақ мерзімді жол жүру тамақтандыру қызметін ғана емес, сонымен қатар, түнеуді ұйымдастыруды талап етті. Осы жағдай керуен сарай салынуына тіпті кәсіпорындардың пайда болуына алып келді.

Керуен сарай жүйесінің кең таралуы Рим империясының аумағында жасалды. Көне Римдік керуен сарайлары қала мен ауылдың негізгі жол маңында бір-бірінен 25 миль (40, 225 км. ) шамада орналасты.

Рим империясындағы қатаң таптық құрылым қонақжайлық кәсіпорын қызметіне үлкен ықпал етті. Саяхатшыларды таптық көрсеткіштеріне қарай орналастырды. Еш уақытта жай халықтың көпестері, саудагерлері мен басқа саяхатшыларды империя шенеуліктерімен мен үкімет қызметкерлері жанына орналастырылмаған. Бұл жағдай әрине керуен сарайдың сапасына әсер етті. Аристократ өкілдері мен мемлкеттік төрелерінің тоқтаған жерлері сәулет өнерінің тәртібімен құрылған және сол уақыттағы кең тараған қызметтерді ұсынған. Осыған орай Марко Поло «Бұндай керуен сарайларда патша да тоқтай алады» деген пікірді өз қол жазбаларында жазып қалдырған.

Таверна мен керуен сарайларда төмеңгі сословиялы азаматтарға арналған түнеу мен демалу қызметтері қарапайым болған. Мысалы, өте көп жол жүретін саяхатшылар шөп үстінде ұйықтаған, ал тоңбау үшін атының жылы бүйіріне қысылып жатқан. Басқа қосымша комфорт туралы әңгіме болмаған.

Қонақжайлық кәсіпорындардың пайда болуына өте үлкен роль ойнаған, ол Жақын Шығыстағы, Азия мен Кавказ сыртындағы саудалар байланыстарының қарқынды дамуы болды. Осы аймақтардан ұзын керуендер өтетін ірі сауда жолдары орналасқан. Сол жолдардың бойында керуенге қатысушылардың түнейтін жерін ұйымдастыру арнайы тоқтап түнейтін орындар құрылған. Бұл орындарда адамдарға және аттар мен түйелерге арналған арнайы орындары болған. Бұндай қонақ үй түрлерін табиғи апаттардан (жауын, дауыл, жел, боран), ұры мен қарақшылардан қорғайтын арнайы дуалдармен қоршалды.

Қонақжайлық кәсіпорындардың одан әрі дамуына зор үлесін қосқан орта ғасырдағы діндік дәстүрлер болды. Осы кезеңде киелі жерлерге қажылыққа баратын адамдардың саны бірден көбейді. Шіркеулер қажылық жасаушыларға түнейтін жерлер мен тамақтануды ұйымдастыруды монастырға міндеттеді. Осы уақытта да осыған ұқсас қызмет көрсететін жерлер пайда болды. Мысалы, Франкийстік патша, кейіннен Ұлы Карл императоры (742-814) шіркеулердің қорғаушысы VIII ғасырда қажылық жасаушының демалысына арналған арнайы орындар ұйымдастырды.

Осындай орындардың бірі, Ронсельваль шатқалында монастырлер өз қақпаларының алдында кең пейілмен күтіп алып, тегін нан, жеміс-жидек таратты, етікшілер қызметтерін ұсынды.

Саяхатшылардың тегін қызметін алуының кең таралуы жеке кәсіпорындарының дамуына алып келді. Англиядағы керуен сарайлар және таверналар орта ғасыр кезінде қарқынмен дамыды, әсіресе Реформация кезінде ағылшын патшасы Генрих VIII монастырлердің секуляризациясын өткізгенде дамыды. Енді саяхатшылар монастырдың тегін тұрағын алуға мүмкіндігі болмай, жеке керуен сарайларында тоқтауға мәжбүр болды [30] .

ХІІ-ХІІІ ғасырларда керуен сарайлар яғни қонақ үйлер Ресейде пайда бола бастады. Ол кезде олар, «Ям» деп аталды. XV ғасырда ям үкімінде болған, пошта станцияларында құрылды. XV ғасырда орыстың ірі қалаларында керуен сарайлардың құрылысы жүрілді, олардың басқа керуен сарайлардан ерекшілігі орналастыруы мен тамақтанудан басқа коммерциялық операциялар жүргізу мүмкінді болды. Сонымен қатар, қонақ үйде сауда қатарлары, қоймалары, бөлмелері жиһаздармен толтырылды. Керуен сарайларда шетелдіктерді ұлттық белгілеріне қарай орналастырылды. XV - XVІІ ғасырларда Новгород қаласында «неміс» және «голландиялық» қонақ үйлер салынса, ал Мәскеуде - «аглицкий», «грек», «армян» және т. б. қонақ үй сарайлары қызмет көрсетті.

ХІІІ ғасырда қонақ үй сарайлары Витебскте, Гродно, Брест, Слониме және басқада белорус қалаларында қарқынмен құрылды. Белорус көпестеріне арнап XV- XVІ ғасырларда арнайы қонақ үй сарайлары Брянск, Везьмя, Мәскеуде қалаларында болды.

Орта ғасыр кезеңінде қонақжайлық кәсіпорындар қызметінің дамуы, алғашқы мамандандыру ассоцияциясын құруына септігін тигізді. Солай, 1282 жылы Флоренция мен Италия қалаларының трактирлері өзінің гильдиясын негіздеді.

Қонақжайлық кәсіпорындарының дамуына ерекше қоңіл бөлген АҚШ болды. Тарихшылардың айтуынша, 1607 жылы Еуропадан Америкаға келген еуропалық көшкіндер өзімен бірге керуен сарайлардың яғни қонақ үйлердің құрылысы мен басқару жүйесін алап келген.

Сәулетшілердің айтуынша, американдық қонақ үйлердің еуропалық қонақ үйлерге ұқсас болғандықтан, бір бірінен ерекшіліктері көп емес. Мысалы, адамдарды орналастыруға, таптық белгілеріне қарай дискриминация болған жоқ. Әлеуметтік қызметті атқаратын еуропалық кәсіпорындарға қарағанда американдық қонақ үй сарайлары пойда табу мақсатында салынған коммерциялық бағытта болды [27] .

Ең алғашқы АҚШ-тағы қонақ үй 1794 жылы Нью-Йорк Бродвейіндегі қаласында салынған 70 бөлмелі «Сити-отель» қонақ үйі болды. Ал 1829 жылы болса Бостон қаласында «Тремонт» отелі ашылды. Бұл отель АҚШ-тағы алғашқы классты отель болды. Бұнда коридор, тіркелетін орын, әр нөмірде құлпы бар және қонақтарға арналған тегін сабын болды. Бұндай отельдің ашылуы қонақжайлықтың бастамасы болып, ең алғашқы АҚШ-тың Шығысың жаулап, кейіннен Оңтүстік жағалауларындағы қалаларында қарқынмен құрыла басталды.

ХІХ - ғасырдың соңында бұл жерде орналасқан қонақ үйлер екі типті болды. Біреулері үлкен және сән-салтанатты, кейбіреулері кең вестибюльді, балға арналған зал, лифт, сантехника, электрожарығы және де бір қатар басқа ыңғайлығы бар архитектуралық сәні болды. Басқалары болса төмен бағамен ұсынушы кішігірім және ескірген қонақ үйлер болды яғни қарапайым халыққа арналған қонақ үйлер деуге болады.

1898 жылы Лондонда «Савай» отелі ашылды. Оның басқарушысы атақты Цезарь Ритц болды. Қазіргі уақытта Соның ұрпағына тиісілі отельдер Ритц-Карлтон атымен аталған және де әлемде соның атымен яғни франчайзингінің сатып алған отельдер өте көп.

Шетелде ХІХ-ХХ ғасырларды қонақжайлық индустриясы қажетті саланың біріне айналды. Қонақ үйдің құрылысымен, кадрды дайындаумен, баға қою мәселелерімен қонақ үй бірлестіктері, синдикаттар, акционерлік қоғам, корпорациялар айналысты. 1906 жылы әлемнің әр бір елінен жиналған 4700 қонақ үй иелерінен құралған бірлескен халықаралық қонақ үй иелерінің ұйымы құрылды.

Ресейде мемлекетінде 1910 жылы кішігірім қонақ үй мен нөмірлі трактирлерді санамағанда, жеке иелікте болған 4685 қонақ үйлер тіркелген. Сол уақытта ең атақты қонақ үй «Метрополь» қонақ үйі болды. Ал Мәскеуде 1897-1907 жылдары аралығында Петербургтік акционерлік қоғамымен «Люкс» қонақ үйі (Филиппов мәскеулік науайшы - негізшісі), Шевальдышев қонақ үйлері «Еуропа», «Париж» және тағы басқа қонақ үйлер құрылды.

Соңғы он жылдықта дамыған қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындар тенденциясын келесілерді айтуға болады:

  1. Қонақ үй ұсынысының мамандандырылуының тереңдеуі;
  2. Халықаралық қонақ үй шынжырларының пайда болуы;
  3. Кіші кәсіпорын жүйелерінің дамуы;
  4. Жаңа компьютерлік технологияның қонақжайлық индустриясына енуі.

Қонақ үй бизнесі әлемде пайдалы бизнестің біріне айналды. Ол өзімен қоса туризмді дамытады. Ал туризм болса, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 1/10 бөлігін қамтамасыз етеді. Сондықтан да алдағы кезеңде оның ең маңызды факторына айналмақ.

Халықаралық туризм халықтың жұмысбастылығына қатты әсер етеді. Қазіргі кезде әрбір 15-ші қызметкер әлемде қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен 7%-ы, салық түсімдерінің 5%-ы, тұтынушы шығындарының 11%-ы келеді. Бұл көрсеткіштер, әрине туризм индустриясының, оның ішінде, әсіресе қонақ үй саласының жұмыс істеуіне тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталынады [1] .

Қонақ үйдің басты көзі - турист болғандықтан, қонақ үйде көрсетілетін қызметтердің сапасы әлемдік деңгейде әр түрлі болуы қажет. Тек сонда ғана қонақ үй саласы өркендеп, өз дамуын одан әрі жалғастырады.

Туризм - экономика салаларының ішіндегі қарқынды дамып келе жатқан ірі қызмет көрсету салаларының бірі. Оның дамуының жоғары қарқындары мен валюталық түсімдердің үлкен көлемдері жеке туристік индустрияның қалыптасуына септігін тигізетін түрлі экономика секторларына белсенді ықпалын тигізеді.

Бұл жерде айта кету керек, қонақ үйлердің түрлі үлгілерімен берілген қонақжайлық индустриясы орналастыру орындары секторынан бастау алып, тарихи қалыптасқан. Классикалық түсінік тұрғысынан, қонақ үй деп жиһаздармен жабдықталған бөлмелері бар келушілерге арналған үйді атайды. Қазіргі жағдайда қонақ үй дегеніміз - азаматтарға, жеке туристерге және ұйымдасқан топтарға қонақ үйлік қызмет көрсету мекемесі.

Қазіргі қонақ үйлік мекеме тұтынушыларға тек жатар орын мен тамақтандыру қызметтерін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар көлік, байланыс, ойын-сауық, экскурсиялық қызмет, медициналық, спорттық, сұлулық салондары қызметі мен т. б. қызмет түрлерін көрсете алады. Шындығында, қонақ үй мекемелері туризм мен қонақжайлық индустриясы құрылымының басты функцияларын орындауда, себебі, олар тұтынушыларға дайындалған құрама қонақ үйлік өнімді ұсынады, бұл өнімді дайындап, алға жылжытуда туризм мен қонақжайлық индустриясының барлық элементтері мен бөлімшелері қатысады. Осыған байланысты, қонақ үй индустриясын немесе қонақ үй бизнесін туризм мен қонақжайлық индустриясының ең ірі құрама бөлігі ретінде қарастырған жөн [30] .

Қонақжайлық - бұл келушілерді кішіпейілділікпен күтіп алу мен сыйлау, кезбелерді ақысыз қабылдау мен тамақтандыру немесе бір сөзбен айтқанда, кезбеқабылдау. Қонақжай болу дегеніміз - келушілерге жылы қабылдау ұсынып, олар үшін тыныш, қолайлы және жылы шырайлы жағдай ұсына білу.

Қонақжайлық - адам өркениетіндегі негізгі ұғымдардың бірі, ол қазіргі кезде ғылыми-техникалық үрдістің ықпал етуімен адам атаулыға жайлы жағдай мен комфорт жасаумен айналысатын миллиондаған кәсіпқойлар еңбек етіп жүрген әлуетті индустрияға айналды.

Қонақжайлық индустриясы адамдар қызметінің түрлі кәсіпқой аяларын біріктіреді, атап айтқанда: туризм, қонақ үй және мейрамхана бизнесі, көпшілік тамақтануы, демалыс пен ойын-сауық, конференция, семинар мен түрлі көрмелерді ұйымдастыру, спорттық, мұражайлық-көрмелік, экскурсиялық қызмет, сонымен қатар қонақжайлық саласына қатысты кәсіпқой білім беру аясы. Қонақжайлық индустриясы - күш-жігері қонақтардың, олардың ішінде туристер де, жергілікті тұрғындар да бар, түрлі қажеттіліктерін орындауға бағытталған адамдардың кәсіби қызметінің күрделі, құрама аясы.

Соңғы жылдары қонақ үй нарығы орналастыру қызметіне ұсыныстың өсуі мен сұраныстың азаюымен сипатталады. Мұндай жағдай ХХ ғасырдың соңғы ширегінен бастап қонақ үй басшыларының онсыз да мазасын алып жүрген бәсекелестіктің күшейуіне әкелетіні мәлім. Қонақ үй бизнесіндегі стратегиялық бәсекелестіктегі артықшылықтарды қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі болып өзінің бәсекелестеріне қарағанда неғұрлым жоғары сапалы қызмет көрсету болып табылады. Бұл жерде мақсатты клиенттерге, олардың күткенінен әлдеқайда асып түсетін, қызмет көрсету басты бағыт болып тұр. Осыған сүйеніп, тұтынушы әуелі қызмет көрсетушіні таңдайды, сонан соң олардың ұсынған қызметін өздерінің күткендерімен салыстырады. Егер де көрсетілген қызмет олардың күткенімен сәйкес келмесе, клиент қызмет көрсету фирмасына бар ынтасын жояды, ал егер де сәйкес келсе немесе олардың күткендерінен асып түссе, олар бұл қызмет көрсетушіге болашақта тағы келуі мүмкін. Сол себепті, қызмет көрсетуші өзінің мақсатты клиенттерінің талаптары мен ойларын мүмкіндігінше дәл айқындай алуы қажет [31] .

  1. Қазақстанда қонақ үй бизнесінің қалыптасу және даму ерекшеліктері
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматтандырылған жүйелердің жіктелуі
Кәсіпорынның қаржылық менеджменттінің-басқарудың мәні, мазмұны мен құрылымы
Коммуналдық қызметтер мен аумақтық ұйымдар
Компанияның негізіг логистикалық бағыттары
Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Қонақ үйдегі компьютерлік брондау жүйесімен таныстыру
Персоналды басқару жүйесі
Персоналды басқару ұғымы, мақсаттары, басқару жүйесінің құрылымы
Персоналды басқару концепциясы
Құжаттардың электрондық архиві
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz