Спорт жабдықтарында орындалатын гимнастика жаттығулары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ

I.тарау. ЫРҒАҚТЫ ГИМНАСТИКАНЫ МУЗЫКАНЫҢ СҮЙЕМЕЛДЕУІМЕН ОРЫНДАУ

1.2 Ырғақты гимнастика дене тәрбиесі жүйесінің негізі және олардың түрлері
1.2 Ырғақты гимнастика сабағын өткізудегі әдістемелік нұсқаулар
1.3 Гимнастика сабағының қауіпсіздік ережесі

II.тарау. ГИМНАСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР
2.1 Саппен жүргенде орындалатын жаттығулар
2.2 Спорт жабдықтарында орындалатын гимнастика жаттығулары
2.3 Өнер мен спорт

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы - гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады. Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы. Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы. Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондайақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады. Екіншісі - спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.

1.2 Ырғақты гимнастика дене тәрбиесі жүйесінің негізі және олардың түрлері

Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілік қағидаты - денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясатындағы ең басты мәселесі болуы тиіс.(Н.Ә. Назарбаев )
Еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Саламатты Қазақстан бағдарламасы қабылданды. 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асатын бұл жаңа бағдарлама отандық денсаулық сақтау жүйесінде ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде дегенді ұстанатын болады. Бұл жаңа бағдарлама Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында, сондай-ақ Президент Жолдауында көрсетілген міндеттерді іске асыруға негізделген.
Елбасымыз айтқандай, халық денсаулығы-баға жетпес байлық, мемлекеттің қымбат қазынасы.Денсаулығы мықты адам ғана қоғамға лайықты қызмет етеді, оның дамуына, экономикасын жақсартуға үлес қосады.Сондықтан да біз күнделікті өмірімізде де денсаулық туралы ұмытпауымыз керек .
"Дені сау ұлт" үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары. Балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек. Барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, өздерінің бой - ларын сергек ұстауына, сөйтіп, өмір жастарын ұзартуына жағдай жасауы қажет.
Өйткені қазіргі кезде адам баласында көп қозғалыс жоқ. Қозғалыс болмаса қан айналыс болмайтынын біле тұра мән бермейміз. Қан айналым жоқ болса көптеген ауруларға бой алдырамыз.
Қазіргі заманда, яғни технологияның дамыған заманында орнымызда қозғалмай жұмыс жасау мүмкіндігі мол. Бірақ оның да пайдасыз жақтары бар екені бәрімізге мәлім. Себебі мектеп жасындағы балалардың арасында омыртқаның қисаюы, жалпақтабандылық, балалардың қозғалысқа ынтасының жоғалуы,артық салмақтылық т.б. сияқты аурулар көптеп кездесуде. Сондықтанда мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту мақсатында мектеп,мектептен тыс мекемелердегі би бөлімдерінде ырғақты би сабақтары өскелең ағзаның толық дұрыс дамуына көп ықпал тигізетіні анық.
Яғни, музыкалық ырғақты сабақтар әсемдік пен қатар балалың бұлшық еттерінің дамуы мен дене сымбатының дұрыс өсуіне тигізер әсері мол.
Дені сау баланың көңіл-күйі де жақсы болатыны анық яғни, баланың өз-өзіне сенімділігі мен ерекшелігін сезіну жеке тұлға ретінде қалыптасуына маңызды рөл атқарады. Дәлірек айтар болсақ, бала өсіп дамиды сонымен қатар әуенге сай ырғақты би қозғалыстарына деген қажеттіліктері ұлғаяды.
Ырғақты гимнастика жаттығуларының жалпы адам ағзасына ,бұлшық еттермен функционалды жүйесіне оң әсерін тигізуі.Ептілікті ,шапшаңдылықты, ұқыптылықты икемділікпен иілгіштікті арттыратын әртүрлі қарқындағы жаттығулардың ағзаға оң әсерін бақылау және зерттеу. Ырғақты гимнастикамен айналысу жүрек қан тамырлары және тыныс алу жүйесінің жұмысын жақсартады,бұлшық еттерді қалыптастырады,қимыл қозғалысты координациясын орнына келтіреді.
Ал, музыка әуеніне қозғалу бұл би.
Ырғақты би- бала үшін қозғалыс арқылы өз-өздерін көрсетудің тәсілі болып табылады. Ал, қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен көңілді динамикасымен балаларға жақын.
Ырғақты би қимылы тек ептілік әдемілік , шығармашылық мүсін ғана емес, баланы жігерлендіреді. Хореография сабағында тек қана би үйретіліп қана қоймай денсаулықтары нығайып, ой-өрістері дамиды. Бұлшық ет күштері жақсарып, икемділік, төзімділік қабілеттері дамиды және дене бітімдері түзеліп, сымбаттылыққа тәрбиеленеді, әдемілікке деген құштарлықтары артады, яғни ырғақты би қимылы баланың ішкі барлық ағзаларына әсер етеді. Мысалы ішкі рухани жағдайы өзгеріп, мазасыздықты басып, қандағы кортизоль деңгейін жақсартып, жалпақтабандылық, омыртқа қисаю ауруларының алдын алады сонымен қоса балалардың зияткерлік деңгейінің артуына, оның ойлау жылдамдығына ықпалын тигізе отыра есте сақтау қабілеттерін жақсартады. Ырғақты би балаларды эстетикалық құндылыққа тәрбиелейді, эмоцияналдық көңіл-күйін жақсартады.
Би - мен айналысу арқа, іш және аяқ бұл - шық еттерін нығай - тады әрі бүкіл ағзадағы және буындар мен омыртқадағы қан айна - лымын, сондай-ақ зат алмасу процесін жақ - сар - тады. Со - нымен қатар қимыл-қозғалыс - тың үйлесім - ділігін арттырып, дене бітімін жетіл - діруге, ты - ныс алу жүйесін жаттықтыруға кө - мек - теседі.
Музыкалық-ырғақтық іс-әрекет ырғақ сабақ жұмысының мазмұны
болады да, оның нәтижесінде оқушылар музыкаға қосылып, қозғалыс
арқылы өзін, яғни мен дегенді көрсетеді. Күрделі емес музыкалық
формаларды меңгеруі, музыкамен әртүрлі қозғалыстарды - жүгіру, секіру,
би және гимнастикалық жаттығуларды орындау, оқушылардың қозғалыс
дағдыларын, кеңістік бағдарын және қозғалыс тепе-тендігін жақсартуға
көмектеседі.
Ырғақ - оқушының эмоционалдық қалпын және тәртібін қалпына
келтірудің жақсы құралы болып келеді.
Күрделі емес музыкалық формаларды меңгеруі, музыкамен әр түрлі қозғалыстарды - жүгіру, секіру, би және гимнастикалық жаттығуларды орындау, оқушылардың қозғалыс дағдыларын, кеңістік бағдарын және қозғалыс тепе-тендігін жақсартуға көмектеседі.
Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар баланың қозғалыс коорди-
нациясының дамуына көмектеседі. Оқушылар қолдың, бастың, дененің
және аяқтың қозғалыстарының үндесуін үйренуін және оларды
синхронды орындауға тырысуына сабағымда басты назарға аламын. Музыка ырғағымен істелінетін жаттығулар физикалық дамуындағы ауытқуларды ғана түзете қоймай, сонымен қатар барлық психикалық процестердің жетілуіне көмектеседі.
Би ағзадағы зиянды қалдық заттардың сырқа шығуына және артық салмақты жоюда май жасушаларының еруіне септігін тигізетіні белгілі. Бойымызды тазалап, қан айналымымызды жақсарту, біздің ойлау қабілетімізбен санамызға оң әсер береді. Сонымен қатар саулықты, салауатты өмір сүруді іске асыратын тәсілдің бірі. Енді бидің денеге тигізетін пайдасын медициналық тұрғыдан алғандағы бірнеше түрін атап өтейік:
1.Бидің қимыл-қозғалысы жүректі қажытпай, адамның көңіл-күйін көтеріңкі ұстауға ықпал жасайды.
2.Би қимылындағы еңкейіп, шалқайғандағы жаттығуларыда адамның ми тамырлары кеңіп, арнасынан аққан қанның көлемі көбейеді. Сол арқылы миға қоректік заттар мен оттегі көптеп келеді. Мұндай адамның көкірегі ояу, ақыл-ойы таза, күш қуаты мол болады.
3.Үнемі иіліп, көтеріліп тұрудан көздің ішіндегі қан айналымы жақсарып, оны ұстап тұрған бұлшық еттер шыңдалады. Адамның аз қимылдауы-бұлшық еттердің дәрменсіз қалуы, қан айналысының нашарлауы, ішкі ағзалар қызметі төмендеп, зат алмасуы бұзылды деген сөз. Осындай зардап тартпас үшін, адамдар жаттығулар жиынтығын кеңінен қолдануы керек. Қимыл-қозғалыстың денсаулыққа пайдасы ықылым заманынан белгілі
4. Би - жақсы ұйқының көзі.
5. Бидің жаттығулары адам баласының тәнін ғана дамытып қоймай, рухани жақтан да тәрбиелейді.
Би өзіңді нәзік, сұлу да сүйкімді, жеңіл әрі қуанышты сезінуге көмектеседі. Ең бастысы, бимен кез келген жастан бастап, кез келген жас мөлшерінде айналысуға бола береді, тіпті үй жағдайында да билей беріңіз. Би өмірді ұзартады, жұмысқа, өмір сүруге деген құштарлықты арттырады.
Дәрігер мамандардың пікіріне жүгін - сек, бимен айналысу организм - дегі зат алмасу процесіне, жүрек-қан тамырлары және тыныс жолдары жұмысына оң ық - пал етеді, иммуни - тетті көтеріп, көңіл күй - ді жақсартуға, шаршағанды басуға көп көмектеседі. Сондай-ақ зерттеушілер жү - ректің ишемиялық ауруының азаюы мен қан қысымының төмендеуіне және дене салмағын қалыпты деңгейде ұстап тұруға да бидің пайдасы тиетіндігін анық - таған. Мұның сыртында би сүйекті нығайта - тындықтан, онымен айналысқан адам қартайғанда остеопароз, сүйек жарақа - тын алу сияқты ауруларға көп бой алды - ра қоймайды. Сонымен қатар бишілер суық тию, демікпе, тіпті астма тәрізді сырқаттармен де жиі ауыра бермейді. Би адамды тоқырау жағдайынан сақтайды және қимыл-қозғалысының үйлесімді - лігін қалыптастырып, жалпы көңіл күйін көтереді. Қысқасы, бимен айналысудың денсаулыққа тигізер пайдасы зор.
Адам денесінің жетілуі -- оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек-деп Әл-Фараби бабамыз айтып кеткендей балалардың денсаулығы мықты болу үшін бимен айналысу керек. Сондықтан мектеп жасындағы балаларға ырғақ биін үйрету мен баулу маңызды.
Ырғақ биін оқушыларға үйретерде де ақпаратты технологияны қолдану керек. Себебі: оқушыларды жалықтырып алмас үшін жаңа қимыл мен қозғалыстарды үйрету керек. Ол үшін интернет желілерінен ырғақ би қимылдарын қарап , немесе видеосын түсіріп алып соны көрсету арқылы оқушыларды қызықтырып отыру керек. Интернет материалдарына қарап отырсақ баланың , жалпы адамның денсаулығын нығайтатын және әр түрлі аурулардың алдын алуға көмектесетін жаттығу түрлері көп кездеседі.
Би терапиясының адам өміріндегі алатын орны ерекше. Биді алғашында науқас адамды емдеуге қолданған. Би арқылы емдеу идеясы Италияда, кейінірек Қытайда, Индияда пайда болып, дәстүрлі ем ретінде қолданыла басталған. Ем барысында адам денесіндегі нүктелерді басу арқылы емдеген.
Емдік мақсатта алғашқылардың бірі Италияндық тез және көңілді темпте орындалатын - Тарантелла биі қолданылды. Тарантеллла биінің тарихымен көптеген аңыздар байланысты. ХV ғасырдың II жартысынан бастап, тарантелла тарантизм ауруының бірден - бір емі ретінде қолданысқа енді. Осыған байланысты XVI ғасырда Италияда арнайы оркестр ұйымдастырылып, тарантизм ойын биі арқылы көрсетілді. Тарантелла биінің басқалардан ерекшелігі сазды әуенмен бірнеше сағаттар бойына билеуге болады. Тарантелла биі флейтамен, ұрғыш барабандармен, кейде дауыс үнінің сүйемелдеулерімен орындалады.
Бидің адамның денсаулығына, ағзасына, жүрек қан тамырына, қозғалысының ширақтығына, тыныс алуына және орталық жүйке жүйесіне тигізер әсері мол. Мысалы, Армин Старк би қимыл қозғалыс терапия шығармасында бимен айналысу, бұлшықеттердің қалыпты жұмыс жасауына, психологиялық және физиологиялық күйзелістерден арылуына, жеке тұлғаның сезімдерін жеткізуіне, сонымен қатар өмірге деген адамның ынтасын жетілдіруге, еркін ойын жеткізуге көп көмектеседі деген. Би қимылының сан түрлі айшықтары кездесетін әр ұлттың билеріне қазіргі уақытта халықтың қызығушылығы артып келеді. Себебі, бимен айналысу, биге деген қызығушылық адамдардың дене бітімін қалыпқа келтіруге, майысқақтыққа, иілгіштікке, жеңілдікке, жалпы айтқанда денсаулық кепілі болып саналады

1.2 Ырғақты гимнастика сабағын өткізудегі әдістемелік нұсқаулар

Ырғақ сабағының бағдарламасы 4-ке бөлінеді:
Бимен айналысу арқа,іш және аяқ бұлшық еттін нығайтады әрі бүкіл ағзада және буындар мен омыртқадағы қан айналымын, сондай-ақ зат алмасу процесін жақсартады. Сонымен қатар қимыл - қозғалыстың үйлесімдігін арттырып, дене бітімін жетілдіруге,тыныс алу жүйесін жаттықтыруға көмектеседі. . Бұл орайда, би салмай - ақ, буындағы қозғалыс көлемінің артуына ықпал етеді. Сондай-ақ бимен шұғылдану адамның бойын жеңілдетіп,жүйкесін тыныштандырады. Сол себепті де ол гипертониялық аурулардың бастапқы сатысында жақсы көмектеседі.Өйткені мамандардың болжамынша,гипертонияның пайда болуына күйзелісті жағдайлар себепкер болады, Бір адам ақылгөйге келіп: Ей, данышпан,маған шындықты өтіріктен,әдемілікті суйкімсіздіктен ажыратуды уйретші. Мені өмірдің қуанышына үйретші,- депті.Ойланып отырып ақылгөй оған билеуді үйреткен екен...
Сондықтан би-өмірдің қажетті бөлшегі.Ол деніңіздің сау әрі сымбатты болуын қамтамасыз етіп, жақсы көңіл-күй мен сергектік сыйлайды. Біздің мектепте ,яғни хореография бөлімінде қыз балалар оқитындықтан Ырғақ би сабақтарында қыз балаларға арналған би турлері мен жаттығуларды меңгертуге тырысамын. Мысалы:
Пилатес-барлық бұлшық еттерді жаттықтыратын арнайы кешен.
Пилатесте адам жаны мен тәнінің үндесуі негізге алынады.Әсіресе жаттығуларды жасап жатқан кезде ойды жинақтап, дүрыс дем алу маңызды.
Егер пилатеспен тұрақты түрде айналысып тұратын болсаңыз, арқа, қол, аяқ бұлшық еттеріңіз қатайып, артық салмақтан арыласыз. Мұнымен қатар,күйзелістен арылудың бірден-бір жолы екені анықталды. Би басқалары секілді бұлшық еттерді қатайтады, сымбатыңыздың мінсіздігін қамтамасыз
етеді, икемділігіңізді арттырады.
Осы күндері ғалымдарымыз музыканың көңіл-күйді көтеріп, өмірге жарқындылық сыйлайтындығын айтып жүр.Ал бұлшық еттерін жылдам қатайтқысы келетіндер үшін аэробика әбден лайық. Аэробика - бұл ағзаның оттекке деген қажеттілігін арттыратын бұлшықеттердің көп мөлшеріне бағытталған ырғақты жаттығулар.
Осы бағытта мен өз сабақтарымда бұлшықеттерімізді жетілдіруге арналған жаттығулармен қатар оқушылардың дене - бітімінің сымбатты болып қалыптасуына арналған жаттығуларға көп мән беремін.Ырғақ сабағымда басымыздан бастап аяғымызға дейінгі дене мушелерімізге арналған жаттығулар топтамасын жасатамын.
Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған :
Қол, иық бұлшықеттеріне жаттығулар

Қолды айналдыру

Шынтақты бүгіп жіберу

Қолды арқада біріктіру

Сегіздік жасау

Қолды бұру
Бұл жаттығуларды жасағанда оқушылардың қол буындарының жұмыс жасау қабілеттері артады.
Ал, басымызбен омыртқаға арналған жаттығуларға:
1.Қандай жұмыс болмасын мезгіл-мезгіл тұрып, аяқты нық басып, басты артқа шал-қайтады, оңға, кейін солға әртүрлі бағытта айналдырады.
2. Басты шалқайта ұстай отырып, кеуде тұсына шынтаққа бүгілген қолдарды қойып, кеудені артқа қарай шалқайтады, 3-5 рет қайталайды. Бұл жоғары кеуделік омыртқаларға арналған жаттығу.
3. Дәл екінші жаттығудағыдай шалқаяды, тек бүгілген аяқтарды кезекпенен артқа қалтырады, 3-5 рет қайталайды. Бұл жаттығуда омыртқа жотасының орталық кеуделік бөлігі қамтылады.
4. Аяқты иықтың енімен сәйкес қойып, шынтақта бүгілген қолдарды кеуде тұсына көтереді. Бас пен жамбасты тік ұстайды. Иықпен оңға бұрылып, тыныс шығарады, бастапқы қалыпқа келіп, тыныс алады.
Кезекпен оңға, солға бұрылып, мұрынмен дем алады, 5-7 реттен қайталайды. Бұл жаттығуда омыртқа жотасының төменгі кеуделік бел бөліктері қамтылады.
5. Бастапқы жағдай 4-жаттығудағыдай, тек жамбасты қозғалыссыз қалдырып, денені оңға бұрғанда, басты солға және керісінше, денені солға, басты оңға бұрады. Осылай он рет қайталайды. Омыртқа жотасының барлық бөліктері қамтылады.Бұл жаттығуларды жасау барысында оқушылар арасында кездесетін омыртқа қисаюының алдын алуға кішкене болса да септігін тигізеді.
Осы жаттығулардан кейін бел мен аяққа арналған жаттығуларға көшеміз.
1.Аяқтың ұшымен көтеріліп, қайтадан біртіндеп өкшемен төмен түседі;
2.Аяқтың ұшымен көтеріліп, содан кейін төмен түсерде жартылай иіледі;
3.Бастықтырғышқа қолмен таянып тұрып, екі аяқпен алма-кезек доп тепкенге ұқсас қимыл жасайды;
4.Бастапқы қалыптағыдай қолды белге таяныш, одан кейін оны екі жанға қарай созып бір тұрып, бір отырады;
5.Секірулер . Осы жаттығулар жөніне келетін болсақ ; Қазір техниканың дамыған заманында оқушылар компьютер алдынан кетпейді. Компютер алдында көп отырып артық салмақты қалай жамап алғанын да білмей қалады. Сол себепті бұл жаттығуларды күнделікті үйде де пайдалануға болады.
Осы жаттығулар кешенін жасата отырып оқушылардың дене қозғалысын арттыруға үлкен мән беруге тырысамын. Сонымен бірге бұл сабақта тепе-теңдік ұстау жаттығуларын жасатамын. Бұл жаттығулар оқушылардың би билеген кезде өз денелерін қалыпты ұстауына көмектеседі.Ырғақ сабағымда тепе-теңдік ұстауға арналған бірнеше жаттығу түрлерімен қамтамасыз етемін.
Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар баланың қозғалыс коорди-
нациясының дамуына көмектесетіндіктен артық салмақтан арылтатын бірнеше жаттағулар жасатамын. Себебі қазір компютерленген, техниканың дамыған заманында оқушылар арасында артық салмақтылар көптеп кездеседі. Осы артық салмақтан арылуға ниет білдіріп ырғақ биімен айналысатындар қатары көбейіп жатса нұр үстіне нұр болар еді.
Артық салмақтан арылтатын жаттығулар түрлеріне:
Аэробика - бұл ағзаның оттекке деген қажеттілігін арттыратын бұлшықеттердің көп мөлшеріне бағытталған ырғақты жаттығулар.
Аква аэробика спортпен тұрақты шұғылданбайтын тұлғаларға, сонымен қатар, үлкен жастағы тұлғаларға да ұнайды.
Калланетик бұл үйде тиімді шұғылдануға болатын тынығатын жаттығудың түрі.
Пилатес дене мен сезімді ширататын қайталанбалы қозғалыстардың сериясынан тұрады, дене үйлесімділігіне мүмкіндік туғызады және әр түрлі жастағы және дайындықтың әр түрлі деңгейі бар адамдарға тура келеді.
Фитнесс - бұл аэробиканың жаттығуларымен және батпандармен бірге жаттығуларды, сонымен қатар, сәйкес емдәмді біріктіретін жаттығу.
Йога - онымен өмір сүру мәнері болатын, өз тәні мен жанын жетілдірудің әдісі ретінде шұғылдануға болар еді.
Степ - бұл аэробиканың түрі, артық калорияларды жандыруға, майдан айырылуға және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектесетін қозғалыстардың қарқынды түрі.
Стретчинг бұлшықеттердің ауруға деген сезімталдылығын төмендетеді, жарақаттардың алдын алады және үлкен жүктемеден кейін қайта қалпына келуге көмектеседі.
Ішпен билеу - бұлшықеттерді тиімді нығайтады және денені сергітеді.
Бұл жаттығулар ішінен мен өз сабақтарымда аэробика, степ, ішпен билеу жаттығуларын үнемі пайдаланып отырамын. Және де аэробикалық қимылдарды біріктіре отырып спорттық би қойып, оны оқушыларға меңгертудемін.
Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы арттады. Әр мұғалімнің оқытуға, үйретудегі өз тұғырнамасы болу қажет.
Оқушылардың қызығушылығы белсенділігі артқасын сабақта білім сапасының арттатыны сөзсіз. Ұлы неміс педагогы А. Дейстербергтің Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді - дегенді. Содықтан да оқушы белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол жаңа инновациялық әдіс тәсілдері болып табылады.Мен сабақты жақсы оқитын, музыканы тыңдап, ритм ұстап, биге деген қабілеті бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар, туғызып қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластырып отырамын. Барлық оқушы өз қызыметін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көшіріп отырамын.
Басты міндет-оқыту мен тәрбиелеу. Өз пікірінде көрнекті педагог В. Сухомлинский Өнер- өнегілі , ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал деп тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті. Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді. Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді де музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару - ұстаздардың басты мақсаты. Сол себепті интернет желісінен ырғақ биіне материалдар қарап оқушыларға қимыл түрлерін немесе видеосын жазып әкеліп көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырамын. Интернет желісінен оқушының қол-аяқ бұлшықеттерін, дене сымбатын қалыптастыратын және тепе-теңдік сақтау жаттығуларын алып оны оқушыларға үйрету арқылы күнделікті сабақты қызықты өткізуге тырысамын.

1.3 Гимнастика сабағының қауіпсіздік ережесі

Ең әуелі гимнастика сабағы басталмас бұрын, сабақтың қауіпсіздік ережесін үйрену керек. Мұғалімнің тұжырымдамасымен орындалады. Гимнастикамен арнаулы шұғылданушы өзі сақтана жүріп, спортпен шұғылданудың жалпы ережесін білуі керек. Содан кейін, әріптесін сақтандыра білуі керек. Мұны орындау әр спортшының міндеті.
1. Гимнастикалық жабдықта белгілі бір уақытта бірнеше адамның жаттығу орындауына болмайды.
2. Тіреліп секіру кезінде спортшының жүгіретін жолында және секіріп түсетін жерінде тұруға болмайды.
3. Спорт жабдықтарында жаттығуды орындайтын жерге секіріп түскенде міндетті түрде екі аяқты бүгіп түсу керек.
4. Арқан бойымен төмен түскенде екі аяқпен демеп, екі қолмен кезек ұстап асықпай түсу керек.
5. Қандай да болсын құрал-жабдықта орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатынсыз бастауға болмайды.
6. Гимнастикалық таяқшасы немесе секіртпемен жаттығу орындағанда жақын тұрған әріптесіне тигізіп алмауды мұқият қадағалауы керек.
7. Спорт құралдарында мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз күрделі жаттығулар орындауға болмайды.
8. Спорт құралдарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың жарамдығы тексеріледі. Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды.
9. Сабақ үстінде және басқа да орындарда мұғалімнің ақыл-кеңесін мұқият тыңдап алмай күрделі жаттығулар орындауға болмайды.
10. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы спорттық киім киеді.
11. Спорт құралдарында жаттығу орындаған кезде әріптесіне көмек көрсету және сақтандыруды әр жаттығушы білуі керек.

II.тарау. ГИМНАСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР
2.1 Саппен жүргенде орындалатын жаттығулар

Кім де кім спорттың қай түрі болсын, қандай жаттығумен шұғылданса да, сабақ сапта, қатарда тұрып және жүретін жаттығулардан басталады. Сапта және қатарда тұрғанда оңға, солға айнала, т.б. бұрылу міндетті түрде орындалады. Одан ары бұл жаттығулар саппен жүріп бара жатып орындалады. Бұл сапта жүріп, қатарда тұрып орындалатын жаттығулар, қай кезде болсын, тіпті жеке адам өз бетінше жүріп жаттығу орындағанда да осы жаттығулар қайталанады. Себебі, бұл жаттығулар адам баласының қозғалысының бастамасы болып табылады.
Мұғалім Сапқа тұрыңдар! деп бұйыру бергеннен кейін студенттер бір қатарлы сапқа тұрады. Орында тұрып бір қатарлы, екі қатарлы, үш қатарлы тұруы қайталаудан басталады.
Сапта орындалатын жаттығулар атаулары: сапқа тұру, қатарға тұру, түзел, түзу тұр, еркін тұр, оңға, солға, айнала бұрыл және артқа, алға, адымдап жүр, жүгір, жай жүр, жоғары жылдамдықпен жүру, оң жақ бүйірмен алдыға қарап жүгіру, сол бүйірмен алдыға қарай жүгіру, артпен алдыға қарап жүгіру, бір қатарлы саптан бірнеше қатарлы (1, 2, 3, 4) сап түзеп жүру.

2.2 Спорт жабдықтарында орындалатын гимнастика жаттығулары

Бөрене
Бөрененің үстіне секіріп шығып, ауыспалы адыммен бөрененің екі басына жүгіріп барып қайту. Бір аяқты алдыға созып тұрып, екінші аяқпен отырып тұру. Бір аяқты асыра сермей, 90 ° бұрышпен аяқты ашып отыру, одан алдыға ұмтылып қолға тұру, қайтадан бөренеге аяқты қойып, бір аяқты сермеп екінші аяқтың жамбасына отыру. Екі аяқтап секіріп түсу. Бұл негізгі жаттығуды орындамас бұрын қарлығаш бейнесін жасап 2-3 рет айналу, төрт тағанға тұрып жүгіру, тіркеме адымдарымен ары-бері жүруді бірнеше рет қайталау. Бөрененің үстінде теріс қарай жүру. Тіркеме адыммен ары-бері жүгіру. Осындай жүгіру барысында жерге секіріп түсу.
Бұл жаттығулардың барлығы негізгі жаттығулардың алдында қайталанады.

Әр түрлі биіктіктегі сырық
Төменгі сырықта аяқты алдыға созып асылып тұру. Аяқты көтеріп, ұшын сырыққа тигізу (тізені кеудеге қарай бүгу), аяқты алдыға созып тербелу. Одан бір аяқты іліп, одан екінші аяқты шығарып жамбасқа отыру. Осыдан соң жоғары сырықтан ұстап, осы отырыстан төменгі сырыққа аяқтың ұшымен тіреліп тұрып, жоғары сырықтан айналып түсіп қолға тіреліп тұру. Бұл жаттығуды орындағанда аяқты, қолды түзу ұстау және басты көтеріп ұстау талабы қойылады. Одан арқамен төменгі сырыққа түсіп жамбасқа отыру. Кейін төменгі сырықтан ұстап, артқа қарай құлап, денені қолдың арасынан өткізіп, алдыға тербеліп жерге түсу.

Таянып секіру
Кіші ағаш ат. Жүгіріп келіп қолға тіреліп, аяқты ашып кіші ағаш аттан секіріп өту. Бұл жағдайда кіші ағаш атты көлденең және ұзынынан да қоюға болады. Бұл студенттердің дене жағынан қаншалықты дайын-дығы барын көрсетеді. Көлденең қойылған үлкен ағаш аттан бір қолға тіреніп жанымен секіріп түсу. Одан басқа кедергілерден өту тәсілін білу (бөренеден, шарбақтан, қабырғадан, асып түсуді үйрену).

Еркін жаттығулар
Екі қолдың толқын іспеттес қимылдары. Шалқадан жатып қолға таяну; айнала бұрылып етбеттеп жатып қолға таяну; еңкейе аяқты жартылай бүгіп, қолды төмен түсіре доға сызығымен жоғары көтеру, денемен толқын іспеттес қимыл жасау. Қолды сермеу, артқа-алдыға қарай айналдыру. Секіріп бұрылуды қарапайым би адымдарымен үйлестіру (Әркім өзінің дене жағынан дамуына байланысты тағы да қосымша жаттығулар орындайды).
Ырғақты гимнастика жаттығуларында студенттер оқытушының басшылығымен жаттығулар жиынтығын құрастырады. Ырғақты гимнастика мүмкіндік болғанша сабақтың кіріспе бөлімінде өткізіледі. Негізінде бұл жаттығудың құрамы тірек-қозғалысын қалыптастыратын, әрі жеңіл қозғалатын жаттығулардан құрастырылады; еңкею, жүреден отыру, қолды әр жаққа созу, би қозғалысының құрылымдары, жүріс және жүгіру түрлері. Шамамен 15-20 минут уақыт алады. Бұл жаттығулардың мақсаты - әр түрлі бұлшық еттер тобын және қозғалыс әрекетін дамытуға бағытталады. Сондай-ақ, қозғалыс үйлесімділігі мен сымбаттылықты дамытатын жаттығулар пайдаланылады.
Керме
Кермеде орындалатын жаттығулар үш бағыттан тұрады. Статистикалық жаттығулар - қозғалмайтын жағдай. Бұлар - асылу және таяну. Күшпен ауысу -- статистикалық жаттығудан күш-қуат арқылы екінші бір жағдайға ауысу. Мысалы, асылып тұрып күшпен тартылып, керменің үстінде қолға таянып тұру.
Динамикалық жаттығулар - тербелу арқылы орындалатын жаттығулар. Мысалы, асылудан тербелу арқылы серпіліп қолға таянып тұру. Болмаса, артқа тербелгенде тартылып барып қолға таянып түру.
Асылу. Алдыға, артқа тербелу. Алдыға тербеліп аяқты серпіп, кермеде қолға таянып тұру. Артқа құлай айналып тұру. Қайтадан артқа құлап, алдыға тербеліп, артқа тербелгенде тартылып қолға таяну. Асылып тұрғанда күшпен тартылып шығып, қолға таянып тұру. Асылып тұрғанда тартылып барып, кермеге аударылып түсіп қолға таянып тұру. Артқа құлай алдыға тербеліп, жерге түсу.
Сырық
Сырықта қолтықпен асылып тұру. Алдыға тербеліп, аяқты серпи көтеріліп қолға тұру. Аяқты ашып санға отыру; Қолды аяқтың алдынан ұстап иыққа тұру; Аяқты сырыққа түсіріп, алдыға домалап асып түсу. Қайтадан қолтыққа асылып, артқа тербеліп, қолға таянып тұрып, алдыға тербеліп жерге секіріп түсу.
Ағаш аттан секіру
Жүгіріп келіп тұтқадан ұстап, аяқты екі қолдың арасынан өткізіп секіріп түсу. Үлкен ағаш атты ұзынынан қойып, қолды бір-ақ рет тіреп аяқты ашып секіріп өту. Үлкен ағаш атты көлденең қойып, аяқты бір жанынан алып бір қолға таянып секіріп түсу.
Арқанмен тартылу
Ұзындығы 4 м арқанға аяқтың көмегінсіз (уақытқа) өрмелеп шығу. Ең әуелі аяқтың көмегімен өрмелеп шығу жаттығуын орындауға дағдылануды талап етеді.
Шығыршық
Асылу, күшпен тартылып шығып қолға тұру. Бұрыш жасау. Артқа құлап түсіп бүктеліп асылып тұрып, аяқты жоғары сермеп қайтадан қолға таяну. Алдыға қарай аунап екі бүктеліп асылу, аяқты алдыға сермеп секіріп түсу.
Акробатикалық жаттығулар
Акробатикалық жаттығулар - белгілі бір осьтің айналымы арқылы орындалатын жаттығулар. Тоңқалаң асу - жүреден отырған бетте алдыға, артқа қарай тоңқалаң асып түсу. Тоңқалаң асып түсіп барып, қайтадан жүреден отыру. Аунау - алдыға, артқа қарай қолды тіреп аунап түсу. Алдыға тоңқалаң асу - жартылай отырып және жүгіріп келген бетте тоңқалаң асады. Жүгіріп келіп секіріп қолға тұрып, содан кейін басты ішке қарай алып арқамен аунап түсу. Арқамен аунап түспес бұрын жауырынға тұру. Аунап түскеннен кейін екі қолға тіреліп жауырынға тұру. Қайтадан аяққа түсіп, аяқты алма-кезек жоғары сілтеп қолға тұру. Осы жағдайдан артқа қарай құлап түсіп, көпір бейнесін жасау. Осы жағдайдан аяқпен итеріліп, қайтадан айналып аяққа тұру.
Жалпы дамыту жаттығулары
Жоғарыда да ескертілді, жалпы дамыту жаттығулары - дене шынықтыру жүйесінің негізін қалайды дедік. Осыған орай, жалпы дамыту жаттығуларының қалай орындалатындығын тағы да естеріңе саламыз.
1. БҚ (бастапқы қалып) - НТ (негізгі тұрыс) 1 дегенде екі қолды жоғары көтеру; 2 дегенде қолды желкеге қою; 3 дегенде қолды екі жанға созу; 4 дегенде БҚ келу;
2. БҚ - аяқ иық кеңдігіне, қол мықынға қойылады. 1 дегенде қанат жайып шалқая сол аяқтың ұшына еңкею; 2 дегенде БҚ келу; 3 дегенде оң аяқтың ұшына еңкею; 4 дегенде БҚ келу;
3. БҚ - екі аяқты иық кеңдігіне ашып ңою. 1 деген-де секіріп алдыға сол аяқпен адым жасау; 2 дегенде БҚ келу; 3 дегенде оң аяқпен адым жасау; 4 дегенде БҚ
келу;
4. БҚ - қолды жоғары көтеріп малдас қүрып отыру. 1 дегенде қолды алдыға соза сол тізеге еңкейіп басты тигізу; 2 дегенде БҚ келу; 3 дегенде қолды алдыға соза оң тізеге еңкейіп басты тигізу; 4 дегенде БҚ келу;
5. БҚ - аяқты алдыға созып отыру. 1 дегенде қолды екі жаңқа созып, денені алдыға еңкейтіп, басты тізеге тигізу; 2 дегенде шалқадан жату; 3 дегенде денені көте-ріп алдыға еңкейіп басты тізеге тигізу; 4 дегенде шал-
қадан жату;
6. БҚ - торт тағанға түру. 1 дегенде қолды бүгіп, сол аяқты жазып жоғары сілтеу; 2 дегенде бастапқы ңалыпқа келу; 3 дегенде жаттығу оң аяқпен орындалады; 4 де-генде бастапқы қалыпқа келу;
7. БҚ - НТ алақанды томен ңаратып алдыға созу. 1 цегенде сол аяқты сілтеп сол қолдың үшына тигізу; 2 дегенде оң аяқты сілтеп оң қолдың ұшына тигізу (жат-тығуды ңанша рет жалғастыратындығы әркімнің өз еркінде).
Жалпы дамыту жаттығулар жиынтығы таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының негізін қалайды. Онымен қоса, жүгіру, жүру, сайып келгенде, адамның бойын-дағы барлық қабілеттілігін жетілдіруге арналады. Бүл жаттығулар жиынтығы спортпен шүғылданып жүрген студенттер, сол спорттың мазмүнын қүрайды. Айталық, жеңіл атлет болса, мүмкіндік болғанша өзінің жылдам-дық қабілетін дамыту үшін және жүгіргендегі жетісті-гін мақсат етеді. Ал батпан көтерушілер болса, олар көбірек жүгіргеннен гөрі эспандер, ңосшоқпарлы бат-панды көбірек көтеруге кіріседі, салмақ лақтырады.
Міне, жалпы дамыту жаттығуларының мән-мағына-сы, мазмүны тек әр адамның өзінің қабілетіне ңарай, кәсібіне қарай орындалады.
Жалпы дамыту жаттығуларының тағы бір мақсаты -- бүл жаттығуды орындағанда дененің барлық мүшесіне қозғау салып, аздап та болса жүктеме түсіру. Тіпті, спорттың түрімен арнаулы шүғылданған күнде де, жал-пы дамыту жаттығуларының маңсаты орындалуы ңа-жет.

2.3 Өнер мен спорт

Спорт пен өнер - заманауи мәдениеттің байланыстырушы элементтерінің негізгі компоненттері. Спорт пен өнердің арақатынасын түсінудегі негізгі проблема олардың жақындық немесе ажырастық дәрежесін анықтауға қатысты.
Адамдардың өмірі мен қарым-қатынастарының барлығына дерлік ену арқылы спорт әлемнің әртүрлілігімен сөзсіз байытылады. Сондықтан спорттың арқасында қоғамдағы басымдықтар мен оның даму жолдарын түсінуге болады. Халықаралық спорт әлеуметтік-мәдени жүйенің күйін, жалпы ұлттың денсаулығын бағалауға көмектеседі. Әрине, спорт қоғамдық өмір мен мәдениетке әсер етеді.
Өнер сонымен қатар көп қырлы және нақты градация беру қиын. Өнер дегеніміз - үлкен шеберлік пен талғамды қажет ететін шеберлік. Дат физигі, Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Нильс Бор өнердің талдауға жатпайтын есте сақтау үйлесімділігін тудыру қабілеті туралы әңгімелеп, бұл ғажайыпты тұлғаның дамуына ықпал ететін ойын мен қиял еркіндігімен түсіндірді. Сонымен қатар, желкенді және шаңғы спорты өткен ғасырдың осы ұлы ойшылының физикалық және интеллектуалдық әлеуетін қолдады. Ежелгі фэн шуй өнері денсаулықты жақсартуға және өмірді ұзартуға да үйретеді. Осы білімдерге ие жүйе Үлкен шекті гимнастика деп аталады. Қазіргі уақытта, статистикаға сәйкес, әлемде 300 миллионнан астам адам айналысады. Қытай өркениетінің бір түрі және табиғи мұрасы, Ұлы шекті гимнастика бүгінде өзінің жоғары мақсатына қызмет етеді. Яғни, өнер адамның қоршаған кеңістікте бағдарлануына ықпал етеді, оған эмоциялар арқылы әсер етеді.
Сондай-ақ, өнер - бұл өзіне тән әдістемелер мен әдістер жүйесімен практикалық қызметтің бір саласы, оған пән бойынша нәзік білім де кіреді. Егер біз өнерді көркем шығармашылық деп түсінуге тереңірек үңілсек, онда бұл анықтаманың бір бөлігі - адамның қоршаған әлемді және өзін сұлулық заңдарына сәйкес шығармашылықпен өзгерте алуы. Театрдағы, кинодағы, балеттегі өнер байқаулары да көркем образ ұсынуға баса назар аударады. Бәсекеге қабілеттіліктің бұл түрі ойын түрлерінен алынған. Соңғысы спорттық жарыстарға қатысты болғанымен, спорт комментаторлары спортты қоғамдық бағалауды қалыптастыруда, көркем гимнастика, көркем спорт сияқты өрнектерді қолдана отырып, спортты өнерге жақындастыруда үлкен рөл атқарады.
Көркем образ өзімен бірге эстетикалық ләззат алады. Эстетикалық аяқталған объектіде мазмұны айқын көрінеді, оның сапасында, қызметінде көрінеді. Сонымен, зат немесе құбылыс оның координаттар жүйесінің жан-жақтылығымен ғана емес, сонымен қатар адаммен үйлесімді болу үшін сәйкес келуі керек. Өнерді қабылдау жас ерекшелігіне, кәсібіне және адамды сәйкестендірудің кез-келген факторларына бағынбайды. Әркім өзінің жан дүниесінде жаңғырық тапқан нұсқаға бейім.
Демек, өнердің жеке тұлғаға этикалық және эстетикалық әсері үнемі болады.
Жак-Ив Кусто бәріне өнер әлемінің адамы және спортшы ретінде жақсы таныс. Шын мәнінде, мансабының басында ол автономды су астындағы тыныс алу аппаратын ойлап табуды аяқтау үшін қастандық жасау үшін киностудия құрды. Шындығында, Кусто мен инженер Гагнан адам ағзасына егу керек жаңа мүше өсірді. Кюсто мұхитқа деген сүйіспеншілігін Оскармен марапатталған Тыныштық тыныштығы және 1959 жылы екінші Оскармен марапатталған Қызыл балық туралы әңгіме фильмдерінде көрсетті. Кейде өнердің арасын сызу өте қиын , сауда және қызығушылықсыз ынта. Кустоның деректі фильмдері сүңгуді эстетикалық тұрғыдан насихаттады, бірақ жабдықты ол құрған компаниялар жасады. Аквалангтардан басқа, Calypso экипажы алдымен су костюмдерін, электр скутерлерін және басқа көптеген жаңалықтарды сол кезде сынап көрді.
Сонымен, спорт пен өнер бір-бірінен ерекшеленіп қана қоймай, көптеген аспектілерде өзара тығыз байланысты. Олардың табиғатына байланысты айырмашылық трансформацияға жатпайды, бірақ осы мәдени элементтердің жақындасуына ықпал ететін басқа аспектілер де бар. Кез-келген күрделі даудағы сияқты, спорт пен өнердің байланысы туралы екі диаметральды қарама-қарсы көзқарастардан басқа, аралықтар да назар аударылады, олар жалпы нүктелердің де, әр түрлі ерекшеліктердің де бар екендігін мойындайды. Соған қарамастан, кейбір техниканы өнерден ала отырып, сарапшылар арасында спорттың бәрібір өнер бола алмайды деген тұрақты және басым сенімі бар. Шындықты көркем образдарда бейнелеуге өнерді жауапкершілік жүктей отырып, спорт бұл санатқа сыймайды.
Өнердің табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, біз оның спортпен өзара әрекеттесу мәселесіне неғұрлым ұтымды жолмен келе аламыз. Біріншіден, қарастырылып отырған спорт түрі немесе жалпы спорт ұғымы эстетикалық мәдениетке қаншалықты жақын екендігін және оның шеберліктің жоғарғы деңгейіне жететіндігін түсінуіңіз керек. Содан кейін шындықтың көркемдік-бейнелік бейнеленуіне жақындығын талдау қажет. Осы талаптарға сай келетін спорт түрлері жеке тұлғаға өнермен бірдей дәрежеде әсер ете алады.
Спортшы мен адамды өнерден салыстырған кезде, яғни дауда іс жүзінде бірінші орынға қоятын адамдарды мәдениеттің осы екі элементінің жақындасуында және ажырауында айқын контурлар ашылады.
Егер біз спорт пен өнердің дерлік бірлігі туралы айтатын болсақ, онда біз интеграция терминін қолданамыз. Бұл құбылыстың өзектілігі бүгінгі күннің шындығымен байланысты. Спортшылардың рухани және интеллектуалдық деңгейі және өнер әлемі өкілдерінің физикалық формасы интеграцияны сәтті ілгерілетуге байланысты. Сонда қоғам, сәйкесінше, дамуды жаңа жағдайда жалғастырады. Егер біз спорттағы көптеген сәттерден абстракт жасасақ, онда белгілі бір спорт түрлерінде эротикамен жақындасу тенденциясы байқалады, өнер емес, эротика өнер бола алады, бірақ бұл нұсқада оның әдейі төмен дәрежелі сипаты мұндай анықтамадан алыс. Сондықтан интеграцияның практикалық қадамдарының жетістігі, әрине, қоғам үшін маңызды, ал интеграция оның физикалық және интеллектуалды тұрғыдан біріктіріп, дамыта отырып, оның ғаламдық идеясының өзіндік түріне айналуы мүмкін.
Енді басқа ірі суретшілердің қатарында ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры, испан ғалымы, қоғам қайраткері, ақын және жазушы Федерико Майор Сарагоса спорт пен өнерді интеграциялау идеясын белсенді қолдайды. 1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол Бейбітшілік мәдениеті қорын басқарады.
Спорт өнер ме?
Спорттың эстетикалық мүмкіндіктері
Біз форма мен мазмұн бір-бірімен үйлескен кезде сұлулық туралы айта бастаймыз. Спортшы мысалында әсемдіктің құрамдас бөліктерінің бірі шеберлік, ал екіншісі шеберліктің бағытына тікелей байланысты. Сонымен, спорттағы сұлулық спорт түріне байланысты, сондықтан оған әр түрлі талаптар қойылады.
Кейде дене параметрлерін жақсарту үшін адамдар бодибилдингтің пайдасына күтпеген таңдау жасайды ... Олар шынымен армандаған сыртқы деректерге қол жеткізді, тіпті кәсіпқой болды, бірақ сонымен бірге олар дененің қалыпты жұмысынан айырылды. Бұлшықеттердің нақты контурын алу үшін бодибилдер денедегі майдың деңгейін 15-тен 5-6% -ға дейін төмендетеді. Ол сонымен қатар суды қуаттылыққа шығарады. Бәсекелестікке шаршау мен дегидратацияны сезінетін, сонымен қатар дененің минералдануын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гимнастика спорттың бір түрі
Мектеп жасына дейінгі балаларға гимнастиканың тигізетін ықпалы
Гимнастика. Жартылай 90 градусқа отырып тұру
Мектепте дене шынықтыру сабағында гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастыру әдістемесі
Педагогикалық тәсілдер және оқу үдерісін ұйымдастыру әдістері
Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді
Дене тәрбиесінің жалпы әдістері
Дене тәрбиесі жүйесінде гимнастиканың алатын орны және маңызы
Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар
Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған
Пәндер