Автомобиль қозғалтқышының дамуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І-бөлім
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ІІ-бөлім
Автомобильдің қысқаша тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Автомобиль қозғалтқышының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .6

ІІІ-бөлім
Негізгі бөлім
Тежеуіш түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
Тежеуіш механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

Тежеуіш жетектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Гидравликалық тежеуіш жетек ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
Пневматикалық тежеу жетегі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Тұру тежеуіші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

Автомобиль доңғалақтарының тежеуіш механизмдері ... ... ... ... ... ... ..20
Тежеуіш жүйелерінің ақаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

ІV-бөлім
Автомобиль және экология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

І-бөлім
КІРІСПЕ

XXI ғасырда Қазақстанда автомобиль жинайтын және автомобиль бөлшектерін шығаратын зауыттар жұмысқа қосылды.
Қазіргі кезде жаңа автомобильдердің қоректендіру жүйесіне бүрку жүйелері орнатылуда. Оның мысалы ретінде ВАЗ және басқа шетел автомобилін келтіруге болады.
Қазіргі кезде біз техникалық прогресс қалай өз дегеніне жетіп отырғанын байқай аламыз. Әлемдегі автотракторлық өнеркәсіп бензинді жене дизельді қозғалтңыштарда отын беру жүйелерінің жаңа типтерін қолдана бастады.
Автомобиль қозғалткыштарын күрделі де қымбатты отындық жүйелермен жабдықтау қажеттігі көбінесе қатаңырақ талаптардың, мысалы, өтелген газдардағы зиянды заттар құрамына Еуропалық стандарттардың енгізілуімен түсіндіріледі. Бұл жерде отынның едәуір үнемделуі туралы айтуға болмайды. Бензинді қозгалтқыштардың орталық, таралымды және тікелей бүрку жүйелерін, сол сияқты дизельді қозғалтқыштардың сорғы форсункаларын бүркуін электронды басқару енгізілді. Қазақ тілінде осы жүйелер жайында оқулықта алғаш жазылып отыр.
Іштен жану қозғалтңышы мен электрлік қозғалтңыштарды автомобильдерде бірге қолдану, бензинді және дизельді қозғалтқыштарының Еуропа стандартына сай жаңа қоректендіру жүйелері, оларда ңолданыла бастаған навигациялық, маршруттың компьютерлер, ав - томобиль қауіпсіздігін жақсартужолындагы ABS жүйесі, сығу көрсеткіші мен газ тарату фазаларын жүмыс істеп тұрған қозғалтқышта реттеу, оптимальды автомобиль техникасын пайдалануда автоматты бақылау мен басқару мағлұматтары оқулықта жарық көрген.
Автомобильдер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай жүк машинасы, автобустар, жеңіл машиналар және спорттық автомобильдер болып бөлінеді.Осыған байланысты олардың әрқайсысы жеке - жеке түр - түрге бөлінеді. Себебі жүк машинасының бір түрін жеңіл машинаның сондай бір түрімен мүлде болмайды. Олай болса төменде сондай түрлендірудің мағынасы келтірілген.

ІІ- бөлім
Автомобильдің қысқаша тарихы
Автомобиль (гр. αὐτο -- өздігінен және лат. mobilis -- қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі.
XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т.б. жүктер автомобильдермен тасымалданады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналасады. Олар дарынды адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда.
Автомобильдердің республика үшін ерекше маңыздылығы Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының сиректігі алдын ала анықтайды. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден-бір құралы болып табылады.
Қазіргі таңда автомобиль пиасасында атқаратын қызметі, техникалық сипаттамасы, бағасы және басқа да өзгешеліктері бар көп мөлшерде автомобиль модельдері кездеседі. Оның негізгі себебтерінің бірі автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастық болып табылады. Автомобиль өндірушілері әлеуетті сатып алушыларды өзіне тарту мақсатымен жеке тұтынушылар топтарының талаптарын барынша қанағаттандыратын өнім ұсынуға, автомобильдің пайдалы әсер ету коэффициентін көбейте тұра қоршаған ортаға зиянын азайтуға, жүргізуші және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, автомобильді қолдануды жеңілдету және де құрылысына ең озат техникалық шешімдер еңгізілген жаңа модельдер жасап шығару уақытын қысқартуға тырысады. Бұл ретте қазіргі автомобильдер экономикалық, экологиялық және әлеуметтік себептермен анықталатын жалпы заңдарға қарай жетілдіріледі.
Адам баласы ежелгі кезеңдерден бері қысқа мерзімде ұзақ қашықтықтарға жету, өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін ізденістерде болып келеді. Әуелгі кезде жануарлар қолданылып, кейінірек жолаушы және жүк тасымалдау үшін механикалық құрылғылар жасала бастады. Біздің дәуірімізде ең көп тараған көлік түрі автомобиль болып табылады.
Автомобиль сөзінің мағынасы өздігінен қозғалатын, жолаушыларды және жүкті, сондай-ақ өз қозғалтқышын тасымалдауға арналған дөңгелекті көлік түрі болып табылады. Автомобильдің тек бір өнертапқыш тарапынан тек бір күнде ойлап шығарылмағаны бізге белгілі. Автомобиль тарихы бүкіл дүние жүзінде болған эволюцияны қамтиды. Қазіргі автомобильді жүз мыңнан астам патенттер жасап шығарғаны жорамалданады. Дегенмен бірінші болып келгендерді атап өтуге болады. Солардың ішінде алғашқы рет қозғалтқышты көліктің теориялық есептеулерін суреттеген Леонардо да Винчи мен Исаак Ньютоннан бастасақ болады.
Өздігінен қозғалатын көлік түрлерін жасап шығару талаптары XVII ғ. басталғаны белгілі. 1769 ж. Францияда әскери инженер Никола Кюньо тарапынан бумен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар үш дөңгелекті арба жасалды. Осы 2 а.к. қуаты бар бу машинасымен 3 т. жүкті 2-4 кмсағ жылдамдығында тасымалдауға болатын еді. Бірақ керекті бу қысымын қамтамасыз ету үшін жүріс кезінде жиі аялдамалар жасау қажеттігі бұл көліктің негізгі кемшілігі болып кең таралмағанына себеп болды.
Дегенмен алғашқы жасап шығарылған автомобиль құрылысы жағынан қазіргі автомобильдерге ұқсас болғандығынан неміс инженерлері Готлиб Даймлер мен Карл Бенц тарапынан жеке-жеке жасалған автомобильдер болып табылады. Осыны 1876 жылы Алманияда Николаус-Август Отто-ның жасаған іштен жанатын төрт тактілі айналыммен жұмыс істейтін қозғалтқыш құрылысы мүмкін қылған.
XIX ғ. соңы - XX ғ. басында электр және бу қозғалтқышты автомобильдер бензинді автомобильдермен жетістікті түрде бақтас болғанын айтып өтуге болады. Бірақ іштен жанатын қозғалтқыштардың артықшылықтары электр және бу автомобильдерінің шығарылуын минимумға дейін шектеді.
XIX ғ. соңы - XX ғ. басы дүниенің көптеген мемлекеттерінде автомобильдердің өнеркәсіптік өндірісінің басталуымен сипатталады. Осы кезеңде шығарылған автомобильдердің құрылысында ортақ техникалық шешімдер болған. Пневматикалық шиналармен жабдықталған алдыңғы дөңгелектері басқарушы, артқы дөңгелектері жетекші төрт дөңгелекті (екі білікті) көліктің трансмиссиясы фрикционды іліністен, бір немесе бірнеше тісті редуктордан құрылған және рульдік басқару жүйесінде алдыңғы басқарушы дөңгелектермен редуктор арқылы жалғанған рульді дөңгелегі болған. Сол жылдары автомобильдерде қолданылған көптеген техникалық шешімдер қазіргі уақытта да жетісті қолданылып келеді.
Көрсетілген кезеңде автомобильдің қарқынды дамуын шығарылып жатқан автомобильдердің бағасының жоғары және сенімділігі төмен болғаны тежеп отырды. Олар тек ауқатты кісілер тарапынан және әскерді жабдықтандыру мақсатымен сатып алынатын болған.
Автомобильдерді көптеп өндірудің басталуына Америкалық кәсіпкер Генри Форд тарапынан қолайлы құрылысы бар Форд-Т моделінің жасап шығарылуы және 1913 ж. оны жинап шығару үшін қолданылған арнайы конвейердің өндіріс көлемін арттыруға және соның есебінде автомобильдің өзіндік құнын түсіруге себеп болған деуге болады. Тап сол кезде автомобиль бағасы арзандап көпшілікке жетімді көлік түріне айналды.
Автомобиль өнеркәсібінің тарихында елеулі кезең деп жанармай қоспасының қысылуынан тұтанатын іштен жанатын қозғалтқыштардың қолданыла бастауы болып саналады. Осы қозғалтқыштардың үлгісі неміс инженері Рудольф Дизель тарапынан 1892 ж. патенттеліп, бірақ автомобильдерде (көбінесе жүк автомобильдерінде) сериялы түрде XX ғ. 20 ж. қолданыла бастады.
20 ж. басынан екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейінгі кезең автомобильдің жеке жүйелерінің жетілдірілуі, қозғалтқыштардың қуатының және жүріс жылдамдығының көбейтілуімен сипатталады. Өндіруші фирмалар қозғалтқыштың орналасуы, аспа және трансмиссияның құрылғыларымен эксперименттеген. Әскердің тапсырмасымен көп білікті және жоғары өткіштік автомобильдер жасалды. Арнайы автомобильдердің құрылыстары едәуір ерекшелене бастады.
Бірақ автомобильдер санының кенеттен артуы жолдарда қаза тапқандар мен жараланғандардың санының артуы, қоршаған ортаның ластануы, көмірсутек жанармайының жетіспеушілігінің басталуы сияқты негативті салдарға алып келді.
Осы оқиғаларды азайту үшін автомобиль өндіруші фирмалар әлеуметтік қауым және өкіметтің қысымымен автомобильдердің құрылысына едәуір өзгерістер енгізді. Автомобиль құрылысының жетілдірілуінің төрт кезеңін байқауға болады.
1. Құрылысының қауіпсіздігінің арттырылуы (60 ж. басынан) Бұл кезеңде автомобильдерде қауіпсіздік белдіктері және жастықтары, қауіпсіз әйнектер. Соққы жұтушы бамперлер және т.б. қолданыла бастады.
2. Жанармай шығынының азайтылуы (70 ж. мұнай дағдарысынан кейін) Бұл кезеңде автомобильдің өзіндік салмағын азайту және аэродинамикалық пішін беру үшін күрес басталады. Қозғалтқыштардың, шиналардың құрылысы жетілдіріліп, альтернативті (мұнайдан жасалмаған) автомобиль жанармай түрлері зерттеледі.
3. Қоршаған ортаға негативті әсерінің азайтылуы (80 ж. ортасынан) Бұл кезеңде қозғалтқыштардың жұмыс процестері жетілдіріледі, пайдаланылған газдар үшін автомобильдің зиянды шығарындыларын азайтатын түрлі сүзгілер мен бейтараптандырғыштар қолданылады.
4. Автомобильді қолдануды қауіпсіздендіру және қолайлату (90 ж. соңынан) Бұл кезеңде тұтынушыларды барынша қанағаттандыратын өнім ұсыну үшін автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастықтан автомобильдер компьютерлермен басқарылатын күрделі активті қауіпсіздік және автомобильді қолдануды қолайлататын қондырғылармен жабдықтала бастады.
Автомобиль қозғалтқышының дамуы
Іштен жанатын қозғалтқыштар өзінің жүз жылдан астам тарихында ізашарларымен салыстырғанда қуаттылығы артып, салмағы жеңілдеп және шығыны мен қоршаған ортаға зияны азайып едәуір дамыды. Осы өткен уақыт ішінде көптеген альтернативті автомобиль қошғалтқыш түрлері ұсынылсы да, бүгінгі күнде қолданылып жатқан қозғалтқыштардың орнын алар экономикалық жағынан жөнді түрі табылмады. Осы қозғалтқыштардың қолданатын жанармай түрінің жинақы түрде сақтау мүмкіншілігі мен оның қорының жеткілікті ұзақ қашықтыққа жетуді қамтамасыз ететіндігі мұның басты себептерінің бірі болып табылады.
Алғашқы автомобильдер XVIII ғ. жасалған және сырттан жанатын қозғалтқыш түрі болып табылатын бу қозғалтқыштарымен қозғалатын болған. Бұл қозғалтқыштарда отын қозғалтқыш цилиндрінен тыс бу қазанының пешінде жағылады. Қазандағы су қайнап, буға айналады. Поршеньді қозғалтатын жоғары қысымдағы бу құбыр арқылы қозғалтқыштың цилиндріне беріліп механикалық жұмыс істейді. Ең алғашқы жұмыс істей алатын бу қозғалтқышын ағылшын Джеймс Уатт жасап шығарып 1784 ж. патенттеген. Сол заманның бу қозғалтқыштары ауыр және үлкен, ал ең бастысы өте төмен пайдалы әсер ету коэффициентіне ие болған.
Жанармай қозғалтқыш цилиндрінің ішінде жанып, ұлғайған газдар поршеньді қозғалтатын тиімділеу қозғалтқыш түрін жасап шығару талаптары тек 1860 ж. француз механигі Жан-Этьен Ленуар тарапынан жұмыс істей алатын іштен жанатын қозғалтқыш жасалып патенттелгенде жетістікке жетті. Бұл қозғалтқышта қозғалатын поршеннің сорып алған газ және ауадан тұратын жанармай қоспасы жүріс жолының ортасында электр ұшқынынан тұтанады. Іштен жанатын қозғалтқыштарды практикалық түрде қолдану мүмкіншілігі тек газдың цилиндр ішінде қысылуы қолданылғанда ғана пайда болды. 1866 ж. неміс өнертапқышы Николаус Август Отто тұтандыру алдында жанармай қоспасын қысу принципі қолданылған төрт тактілі іштен жанатын қозғалтқыштың патентін алды. Осы қозғалтқыш түрінде болатын процесс "Отто айналымы" деп атанды. Осы принциппен жұмыс істейтін іштен жанатын қозғалтқыштардың бу қозғалтқыштарына қарағанда пайдалы әсер ету коэффициентінің аса жоғары болғандығынан бүгінгі күнге дейін ең көп тараған қозғалтқыш түрі болып келеді. Кейінірек ағылшын Дуглас Кларк екі тактілі айналыммен жұмыс істейтін қозғалтқышты шығарды, бірақ бұл қозғалтқыштар автомобильдерде кең қолданыс таппады.1892 ж. Рудольф Дизель төрт тактілі Отто айналымымен жұмыс істейтін қозғалтқышқа патент алды. Бұл қозғалтқыштың ерекшелігі цилиндрге ауа мен жанармай қоспасын емес, электр ұшқынын қолдануды керек етпейтін, цилиндрге, кейінірек енгізілген жанармайды тұтандыру үшін жеткілікті жоғары температураға дейін қатты қысылып қыздырылған, тек ауаның енгізілуі болып табылады. Бүгінгі күнде өнертапқышы атымен "дизель" аталатын осы қозғалтқыштар автомобильдердің күш қондырғысы ретінде кең қолданылады.
Құрылысы жағынан автомобильдің іштен жанатын қозғалтқыштарын поршеньді және роторды деп екіге бөлуге болады. Поршеньді қозғалтқыштарда жанармай жануынан ұлғайған газдардың әсерінен поршень қозғалып иінді біліктің айналуына алып келеді. Осындай қозғалтқыштарды тұтану әдісіне қарай ұшқыннан (бензинді) және қысылудан (дизель) тұтанатын деп екі топқа бөлуге болады. Роторды қозғалтқыштарда ұлғайған газдар айналатын бөлшек болып табылатын роторға әсер етеді. Роторды қозғалтқыштар газотурбиналы және ротор-поршеньді болып жіктеледі. Автомобильдерде ең кең қолданыс іштен жанатын қозғалтқыштар тапты.
ІІІ-БӨЛІМ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ТЕЖЕУІШ ТҮРЛЕРІ
Тежеуіштер автомобильдің жылдамдығын баяулатуға және тегіс емес жерде бір орнында ұстап тұруға арналған. Олардың түрлері:
Жұмыстық тежеу жүйесі. Бұл автомобильдің басты тежеу жүйесі, барлық доңғалақты тежегі, жүріс жылдамдығын баяулатуға және шұғыл тоқтатуға арналған. Көбінде бұл тежеу жүйені аяқ тежеуіші деп атайды;
Тұру тежеуі. Көбінде түру тежеуішін автомобиль тоқтағаннан кейін қосады, сондықтан ол автомобильдің бір ор - нындақалуын қамтамасыз етеді. Бүл жүйе автомобильдің жетекші доңғалақтарына трансмиссияның білігін тежеу арқылы әсер етеді. Бұл жүйе қолмен басқарылады, сондықтан оны қол тежеу жүйесі деп те атайды;

Қосымша тежеу жүйесі. Басты тежеу жүйе істен шыққанда автомобильді тоқтатуға арналған. Мұндай жүйесі жоқ автомобильдерде істен шықпаған жұмыстық тежеу жүйесінің бөлігін (бірінші немесе екінші контур) немесе тұру тежеу жүйесін пайдаланады;
Көмекші тежеу жүйесі. Автомобиль жолдың ұзақ ылди бөлігімен жүргенде жылдамдықты шектеуге арналған. Шектегіш-тежеуіш трансмиссия білігіне әсер етеді, басты тежеу жүйесін қызудан және таулы жерде тез істен шығудан сақтайды. Жүк автомобилі қала сыртында әр 100 км жолда жүргізуші 125 рет тежеу жүйесін іске қосады, таудағы жолда осы жүйені іске қосу 1000-ға жетеді;

Тіркемелік тежеу жүйесі. Тіркеме доңғалақтарына жүріс кезінде, тоқтағанда және тіркеменің жүріп келе жат-дан автомобильден ажырап кеткенінде тежеуге арналған.

Барабанды тежеуіш:1 -- ось, 2,6 -- колодкалар, 3 -- диск, 4 -- жцдырыкша, 5 -- барабан
Жұмыстық, түру және косымша тежеу жүйелері барлық автомобильдерде қолданылады, ал кемекші - толық салмағы 12 тоннадан асатын ауыр жүк автомобильдерінде және толық салмағы 5 тоннадан асатын автобустарда, тіркемелік тежеу жүйесі автопойыз тіркемелерінде пайдаланылады.
Әр тежеу жүйесі бір немесе бірнеше тежеу механизмдерінен (тормоздардан) және тежеу жетектерінен тұрады.
Тежеуіш механизмдері
Автомобильді тежеуге тежеу механизмдерімен қатар қозғалтқышпен тежеуді, аэродинамикалық тежеуді пайдаланады.
Қозғалткышпен тежеуді автомобиль ылдимен төмен түсіп келе жатқанда қолданады. Мұны қозғалтқыштың айналу жылдамдығын азайту арқылы жүзеге асырады.
Аэродинамикалық тежеуді (парашют, арнайы қалаңша, т.б.) спорттық автомобильдерде жарыс кезінде өте жоғары жылдамдықты азайту үшін қолданады. Бұл құрылғыларды іске қосқанда автомобильдің ауа кедергісі ұлғайып, жылдамдығы азаяды.
Автомобильдерде өте көп тараған тежеуіш түрі -- механикалық тежеуіштер. Оларды фрикционды тежеуіш механизмдер деп атайды. Фрикционды тежеуіш механизмдер дискілі және барабанды болып бөлінеді.
Барабанды тежеу механизмінде тежеу барабаны білікпен (доңғалакпен) жалғасқан, айналып тұрады, тежеуіш педальмен (рычагпен) жалғасқан жүдырықша бұрылған кезде айналмайтын колодкалар барабанмен үйкеліске түсіп, оны тежейді. Барабанды те - жеу механизмдері жүк автомобильдерінің доңғалақтары мен трансмиссияларында, ал кіші және орта класты жеңіл автомобильдердің артқы доңғалактарында қолданылады.
шх&я -- 9
шх&я -- 9

Дискілі тежеуіш: 1 -- диск, 2,3 -- колодкалар

Дискілі тежеуіште диск доңғалакпен бірге айналады, колодкалар айналмайды. Тежеу кезінде колодкалар дискіні екі жағынан қысып тежейді. Дискілі тежеу механизмдері жоғарғы класты жеңіл автомобильдердің алдыңғы және артқы доңғалақтарында, ал кіші және орта класты жеңіл автомобильдердің алдыңғы доңғалактарында қолданылады.

Тежеуіш жетектері
Тежеуіш жетектері баскарушы педаль немесе рычагты тежеуіш механизмімен жалғастырады. Автомобиль - дерде атқаратын кызметтеріне және қолданатын типтеріне байланысты әр түрлі тежеуіш жетектерін қолданады, механикалық, гидравликальщ, пневматикалық және аралас (механикалы-гидравликалық, пневмо-гидравликалық, пневмо- механикалық) типті жетектер.
Механикалық тежеуіш жетектері рычагтар, тростар, тартқыштар арқылы педальдан немесе рычагтан жүргізушінің басқарушы күшін тежеуіш механизмге жеткізеді. Ав - томобильдерде механикалық тежеуіш жетектерін түру тежеуіштерінде қолданады. Оның құрылысы карапайым. Кемшілігі -- пайдалы әсер коэффициента темен, шамасы 0,4 және жиі реттеуді кажет етеді.
Гидравликалық тежеуіш жетек
Гидравликалық тежеуіш жетектерінде сығылмайтын сұйық пайдаланылады. Бұл жетектер жеңіл, кіші және орта салмақты жүк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету
Автомобильдің қысқаша тарихы
Автомобильді газ турбиналы қозғалтқыштар
Іштен жану қозғалтқышы
Іштен жану қозғалтқышының жұмыс принципі
Қозғалтқышты салқындату жүйесін тазарту
Салқындату жүйесін сұйықтықтармен толтыру
Автокөліктін қоршаған ортаға әсері
Дизель қозғалтқышының отын айдаушы сорғысы
Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі
Пәндер