Жұмыстың практикалық қажеттілігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. О. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ОӘЖ 636. 933. 2:611. 018. 54. Қолжазба құқында
ҚАППАРОВА АЛТЫНАЙ ҒАБИТҚЫЗЫ
Аталық қошқардың шәуетін саулықтарды экстракорпаралды ұрықтандыруға дайындау технологиясын жетілдіру
Диссертация 6М070100 - Биотехнология мамандағы бойынша
магистр академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
Ғылыми жетекші: а/ш. ғ. к., доцент
Аханов У. К.
Шымкент, 2020ж
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Бұл диссертациялық жұмыста келесідей сілтемелер қолданылған:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары білім. Жалпы ережелер.
Анықтамалар
Бұл диссертациялық жұмыста келесідей анықтамаларға сәйкес терминдер қолданылған:
Эякулят - жыныстық қатынас барысында бөлінетін шәует мөлшері.
Эмбриоинженерия - бұл мал шаруашылығының биотехнологиялық әдісі,
мал организміндегі генетикалық қорлардың алыну мүмкіндіктері мен жолдарын іздеуге бағытталып, клеткалық және биотехнологиялық әдістерді қолдану арқылы генетикалық конструктивтелген және экономиканың рентабльді организмдерін алу мақсатына негізделген.
Эмбриокультура - бұл мал шаруашылығының биотехнологиялық әдісі, малдардың эмбриондары мен гаметаларының физиологиялық қорлардың алыну мүмкіндіктері мен жолдарын іздеуге бағытталып, олардың өмір сүру процесінің сақталуына және мен дамуына қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге негізделген.
Эмбриотрансплантация - бұл мал шаруашылығының биотехнологиялық әдісі, малдардың репродуктивті жүйесінен физиологиялық қорлардың алыну мүмкіндіктерімен жолдарын іздеуге бағытталып, бағалы генотиптерді жылдам өсіп-өндіру мақсатында эмбриондардың трансплантациясы әдісін қолануға негізделген.
Криоконсервация - бұл жыныс клеткалары мен ұрықтың мерзімі төменгі температура жолымен әсер еткенде ұзақ мерзімде сақталуы.
Экстракорпоральдық ұрықтандыру - in vitro жағдайына байланысты жыныс клеткасының жануар организмімінен тыс өтетін ұрықтандыруды қамтамасыз ететін шарасы.
Өсіру дегеніміз бұл - жыныс клеткалары мен ұрықтардың табиғи және қолдан шығару ортасына қарай, олардың тіршілікке қабилеттілігінің қызметі мен өсуін қамтамасыз ету әдісі.
Гаметогенез - бұл жыныс клеткаларының дамуы, алғашқы диплоидты жыныс клеткаларынык, дифференцияланған ұрғашы немесе аталық гаплоидты жыныс клеткаларына айналу процессі.
Аналық жыныс клеткасы - гаплоидты, қозғалмайтын ұрғашы малдың клеткасы.
Сперматозоид - аталық малдардың қозғалыш, гаплоидты, ұсақ клеткасы.
Овуляция - ооциттің дамыған фолликуланың ішінен бөлініп шығуы.
Донор - ол генетикалық бағалы ооциттер мен эмбриондарды алатын, аналық; аталық - аналықты жабатын донор.
Шағылыстыру - белгілері бойынша айырмашылығы бар бір түрдің өкілдерін жұптау.
Эволюция - тірі табиғаттың тұқым қуу, өзгергіштік және сұрыптау арқылы дамуы.
Белгілер мен қысқартулар
Бұл диссертациялық жұмыста келесі қысқартулар мен олардың анықтамалары қолданылған:
ОҚМУ- Оңтүстік Қазақстан Мемілекеттік Университеті
МДА - малонды диальдегид
ДК- диенді конъюгаттардың концентрациясы
КД- кетодиенді конъюгаттардың концентрациясы
ОТ- оптикалық тығыздылығы
ЛПҚ- липидтердің пероксидті қышқылдану
ГХЦС- глюкозо-хелато-цитратты- сульфатты қоректі орта
ГЦС- глюкозо- цитратты- сарыуызды қоректі орта
ЛПҚ (ПОЛ) - липидтердің пероксидті қышқылдануы
ТБК -тиобарбитур қышқылы
- Казақы қылшық жүнді құйрықты қой
ЭХИНОХРОМ - шәуетті мұздатып - қатыруда қолданылатын синтездік жолмен алынған хиноидты қосылыс
ДТБК- антиоксидант (2, 6-дитрет-бутил-1, 4 крезол)
мг/л - литрде миллиграмм
МС-Мурасиге-Скуга
г- грамм
га- гектар
кг- килограмм
л-литр
м-метр
мин-минут
мг-миллиграмм
мм-миллиметр
мл-миллилитр
см-сантиметр
ц-центнер
сағ- сағат
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ауылшаруашылығының фундаментальды пробле маларының ішінде ең өзектілерінің бірі қымбат бағалы асыл тұқымды малдарды максималды пайдалана отырып мал табынын өз төлінен өсіп жетілуін жоғарылату болып саналады, ал мұның мал шаруашлығының ары қарай өрлеуін қамтамасыз етудегі маңызы зор. Репродукцияны жақсартудағы маңызды бағыт - қолдан ұрықтандыру әдісін қолдану. Қолдан ұрықтандырудың нәтижелілігін анықтайтын факторлардың бірі - малдардың шәуеттерін мұздатып немесе терең тоңазытып сақтау әдістерін жетілдіру болып табылады [1] .
Асыл тұқымды қошқарларды пайдалану тиімділігін арттыру тәсілінің бірі қошқарларды күзгі күйек маусымынан тыс уақытта мұздатылған шәуеттерді дайындау есебінен оларды эксплуатациялау мерзімін ұзарту болып табылады. Осы себепті, жыл мезгілі мен әртүрлі тұқымды қошқарларды пайдалану режимінің олардың жыныстық белсенділігіне, шәуеттің сапасы мен мөлшеріне және терең мұздатуға төзімділігіне әсерін зерттеу үлкен ғылыми және тәжірибелік қызығушылық тудыруда [2] .
Соңғы жылдары қошқарлардың шәуеттерін криоконсервациялау әдістерін жасауда да айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді, соның арқасында аталған әдіс қой шаруашылығының тәжірибесінде кеңінен таралуда және асыл тұқымды жануарлардың генетикалық потенциалын тиімді пайдалану есебінен, селекциялық жұмыстарды жақсартуға, тасымалдауға және шәуеттермен алмасуға мүмкіндік береді. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей қой шаруа шылығында бұл прогрессивті әдістің әлеуетті мүмкіндіктері толығымен іске асырылмайды, оның басты себебі мұздатылған шәуетпен ұрықтандырылған қойлардың нашар ұрықтануы болып табылады. Осы себепті шәуеттерді сұйылтуға арналған қорғау орталары мен мұздатылған шәуеттерді еріту технологиясын ойлап табу және жетілдіру бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігі туындады
Асыл тұқымды қошқар шәуеттін ұзақ уақыт сақтау мәселесінің тездетіліп шешілуі оларды жыл бойы барынша тиімді пайдалануға, шәуеттерді жылдар бойы сақтауға және генетикалық материалдың қажетті қорын жинақтауға, сондай-ақ оларды іріктеу, тұқым аралық будандастыру мен жаңа тұқымдарды алу мақсатында қошқарлардың мұздатылған шәуеттерін шектеусіз мөлшерде тасымалдауға мүмкіндік береді [3] .
Бұл саланың тиімділігі мал басын көбейтуді ұйымдастыру деңгейіне, әсіресе қазіргі жаңа экономикалық жағдайлар мен шаруашылықты жүргізу түрлеріне байланысты. Сонымен қатар, қолдан жасанды ұрықтандырудың потенциалды мүмкіндігі толығымен іске асырылмайды. Мұндай жағдайдың басты себептерінің бірі - бір қатар технологиялық операциялардың көп еңбекті қажет ететіндігі: күйлеген саулықтарды іріктеу және оларды ұрықтандыру үшін арнайы станокқа жіберу; іріктеуден соң күйек-қошқарларды отардан бөліп алу және т. б. Қойларды ұрықтандырудың қолданыстағы технологиясы пунктың стационарлы жағдайларына қатаң бекітілген, яғни оны таулы-шалғайлық қойларды бағатын жерлерде жүргізуге болмайды. Осы себепті, қойларды көбейтудің биотехнологиялық әдістерін жетілдірумен қатар, жаңа технологиялық тәсілдерді және қойларды қолдан жасанды ұрықтандыру техникасын ойлап табу өзекті мәселе болып отыр [4] .
Диссертациялық жұмыстың мақсаты. Аталық қошқардың шәуетін саулықтарды экстракорпаралды ұрықтандыруға дайындау технологиясын жетілдіру.
Жұмыстың міндеттері. Алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер бойынша зерттеулер жүргізілді:
- саулықтарды әр түрлі тәсілдермен мұздатып қатырылған шәуетпен ұрықтандыру нәтижелерін салыстырмалы зерттеу;
- мұздатып қатырылған шәуетпен ұрықтандыру нәтижесін зигота, эмбриондар мен қоздауды салыстырмалы есепке алу бойынша саулықтардағы эмбриондық өлім-жітімді зерттеу;
- саулықтардың жыныс жолдарында аталық ұрықтардың тірі қалғандарының жылжуы мен өміршеңдігінің күйге келудің түрлі сатысына тәуелділігін салыстырмалы зерттеу;
- мұздатып қатыру алдында қошқарлардың шәуеттерін сұйылтуға арналған синтетикалық қорғаныс ортасын жетілдіру және оның мұздатылып-ерітілген шәуеттің биологиялық құндылығы мен сапасына әсерін зерттеу.
Жұмыстың нысандары. Зерттеу нысандары ретінде - Түркістан облысының Арыс ауданы Жаңа - құдық елді мекенінде орналасқан «Пернебек» шаруа қожалығына тиесілі етті - майлы ордабасы қой тұқымының 3-5 жастағы саулық қойлары мен өндіруші қошқарлардың шәуеттері алынды, сондай-ақ Арыс ауданы ауыл шаруашылығы басқармасына тиесілі малдарын қолдан ұрықтандыратын орталық станциясы пайдаланылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Алғаш рет ж үргізілген зерттеулердің нәтижесінде аталық қошқар шәуетін мұздатып - қатырар алдында 0, 5-4 сағат ішінде 0-2ºС температурада аталық қошқар шәуетінің эквилибрлеу мерзімі, сондай - ақ түйіршіктердің әртүрлі көлемі-0, 02-0, 2 мл 38º-де ағзадан тыс жерде олардың қозғалғыштығы мен өміршеңдігін қалпына келтіруге елеулі әсер етпейтіндігі анықталды.
Глицериннің криоқорғаныш әсері аталық қошқар шәуетін мұздатып - қатырда оның ішне тікелей енбестен ортаның физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруіне әсер ететіндігі анықталды.
Мұздатып - қатырылып қайта ерітілген шәуеттегі аталық ұрықтардың саулықтардың жыныстық жолдарында аналық жасушаға қарай жылжу жылдамдығы саулықтардың күйге келу кезеңіне байланысты екені анықталды.
Саулықтардың қынап алды шырышты қабығының электрлік кедергісін өлшеуге арналған эстрометр - аспапқа арнайы электрод жасалған. Осы аспаптың көмегімен қынап алдындағы шырышты қабықтың электрлік талдануының аналық бездің функционалдық жағдайына тәуелділігі анықталды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- саулықтарды әр түрлі тәсілдермен мұздатып қатырылған шәуетпен ұрықтандыру нәтижелерін салыстырмалы зерттеу нәтижелері;
- мұздатып қатырылған шәуетпен ұрықтандыру нәтижесін зигота, эмбриондар мен қоздауды салыстырмалы есепке алу бойынша саулықтардағы эмбриондық өлім-жітімді зерттеу нәтижелері;
- саулықтардың жыныстық жолында аталық ұрықтардың тірі қалғандарының жылжуы мен өміршеңдігінің күйге келудің түрлі сатысына тәуелділігін салыстырмалы зерттеу нәтижелері;
- мұздатып қатыру алдында қошқарлардың шәуеттерін сұйылтуға арналған синтетикалық қорғаныс ортасын жетілдіру және оның мұздатылып-ерітілген шәуеттің биологиялық құндылығы мен сапасына әсерін зерттеу нәтижелері.
Жұмыстың практикалық қажеттілігі. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде өндіріске қошқардың шәуетін мүздатып - қатыру технологиясына, мүздатып - қатыру алдында шәуетті сұйылтуға арналған жетілдірілген орта мен шәуетті ерітудің жетілдірілген әдісі ұсынылды.
Саулықтардың қынап алды шырышты қабығының электрлік кедергісін өлшеуге арналған эстрометр - аспапқа арнайы электрод жасалған. Осы аспаптың көмегімен қынап алдындағы шырышты қабықтың электрлік талдануының аналық бездің функционалдық жағдайына тәуелділігі анықталды.
Эстрометриялық әдіс саулықтарды күйге келу кезінде ұрықтандырудың оңтайлы мерзімдерін анықтауға және бұл ретте ұрықтануды 84% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Қолданыстағы синтетикалық (жасанды) ортаның жетілдірілген түрі, онда антиоксидант ретінде алғаш рет терең мұздатуға шәуеттердің төзімділігін жоғарылататын, олардың биологиялық құндылығының сақталуына және саулықтарды ұрықтандыру көрсеткішін жоғарылатуға оң әсерін тигізетін - синтездік жолмен алынған хиноидты қосылыс - ЭХИНОХРОМ ұсынылды.
Теориялық және методологиялық негізі. Диссертациялық жұмыстың әдістемелік базасы ретінде Х. А. Аубакиров, А. Т. Даулетбекова, М. А. Ескара (2010), А. М. Айбазов (2006), С. М. Асланян (2001), К. Т. Касымов (2015), М. Б. Керимбаев (2000) К. М. Лаханова, А. Буралхиева (2010), З. З. Магомедовтың (2013) және басқа ғалымдардың зерттеулері қарастырылады.
Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс Microsoft Word 7. 0 for Windows жүйесінде компьютермен теріліп, 62 бет көлемінде ұсынылған. Диссертациялық жоба кіріспе, әдебиетке шолу, негізгі бөлім, зерттеу өткізу жағдайы және әдістемесі, қорытынды мен түйіннен тұрады. Диссертациялық жобада 11 кесте, 3 сурет берілген. Пайдаланылған әдебиеттердің жалпы саны - 53.
Негізгі бөлім
1 Әдебиетке шолу
1. 1 Ауылшаруашылық жануарларының гендік қорын биотехнологиялық әдіспен сақтау
Жаңа планета аумағында адам мен жануарлар өмір сүретін орта бір. Адамзат өзінің шаруашылық (азық, транспорт және т. б) эстетикалық (киім дайындауға арналған шикізат) қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, табиғат байлықтарын - жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғап, сақтап қана қоймай, оларды көбейтуге тырысып баққан. Жануарлар әлемінің сан алуан түрлерінің тек 30 түрі ғана адамға үйренген және экономикалық маңызы бар. Қолға үйретілген жануарлардың арасында тоғыз түрі, құстардан: тауық, күрке тауық, үйрек, қаз, аққу, мысыр тауық, павлин және түйеқұстар, аралар және тұт жібек құрттар насекомдарға, сондай-ақ үшеуі ит, мысық, қоян шектеулі маңызы бар майда сүтқоректілерге жатады. Сүтқоректілердің басқа он алты түрі ауыл шаруашылығы малдарының топтарына жылқы, есек, бір өркешті және екі өркешті түйелер, лама, ірі қара мал, бүкір қара мал, буйвол, бантенг қой мен ешкі, солтүстік маралы және шошқа жатады [5] .
Қолға үйретілген ауыл шаруашылығы малдарының адамның өмір сүру ортасына және қабілетіне қарай, климатқа үйренуіне, арнайы функционалды өсу қабілетіне қарай географиялық таралу ареалы әртүрлі континентте әрқалай. Ауыл шаруашылығы малдарының арасында әртүрлі климаттық аймақтарда таралу саны жағынан қойлар ерекше бөлінеді. Белгілі бір климаттық аймақтарда орналастырылған қой тұқымдары өз араларында тек экологиялық айырмашылықтарымен бірге, өнімділігі жағынан да айырмасы болады. Әртүрлі табиғатты климаттық жағдайда жануарларды қолға үйрету, оларды сұрыптау, іріктеу, жұптау айырмашылығы эволюцияның табиғи жомен сәйкес келіп, адамдардың әлеуметтік-экономикалық қажеттілігіне қарай, үй жануарларының көптеген тұқымдарының пайда болуына әсер еткен [6] . .
Қазіргі уақытта жер шарында ірі қара малының 1000 тұқымы өсіріледі, қойдың 600-ден аса тұқымы және тауықтың 560-тан астам тұқымы өсіріледі.
Ауыл шаруашылығы малдарының жаңа тұқымдарын осындай өркендеу тәсілімен өсіру, жоғары генетикалық өнімділік потенциалдағы тұқымды аборигенді тұқымдармен шағылыстыру және гибриттеу жолымен көбейту, малдың бастапқы санының тез азаюына және кейбір тұқымдардың түгелдей құрып кетуіне әкеліп соғады. Ірі қара мал шаруашылығында жоғалған жергілікті тұқымдары тіркелген, жоғалған топқа 7 тұқым, ал шет ел тобына 20 тұқымы жатады. Қой шаруашылығында 19 жоғалған аборигенді қылшық жүнді тұқым тіркелген, шағылыстыру жолымен биязы жүнді және жартылай биязы жүнді етті-жүнді қойлардың зауыттық тұқымдары өсірілді. Жоғалған топқа 7 тұқым, тез азайып бара жатқан топқа қойлардың 8тұқымы жатады. Шошқа шаруашылығында жоғалғандар тобына 3 тұқым және 7 тұқым тез азаю тобына жатады, ал жылқы шаруашылығында 2 тұқым жоғалған, ал 9 тұқымдық тобы және 6 тұқым жоғалу барысында. Жергілікті тұқымның шеттеуі болып, олардың өнімділігінің селекцияланған тұқымдарымен таласа алмайтындығын басты себеп деп есептейді. Екінші фактор болып әр тұқымның санының аздығынан оларды асылтұқымды етіп көбейтуге мүмкіншілік жоқ [7] .
Сондықтан, сирек және жоғалып бара жатқан малдардың гендері, қандай жақсы болса да, келесі ұрпаққа жүргізілмейді. Үлкен популяция үшін, бұның көп маңызы болмайды, бірақ көп емес популяцияда мұндай кездейсоқ жатқан геннің жиілігіне көп әсерін тигізеді, бұл жиілік тұқымның аздау санымен анықталады. Мұндай жағдайда популяция үйренген шыңынан жайлап түседі және бұл үрдіс генетикалық дрейф деп аталады. Сондықтан адамзат қоғамының тарихи өсуі әртүрлі кезеңде жануарлар әлеміне әсері бірдей болмаған, олар әртүрлі өзгеріп отырған. Бұл өз кезегінде ауылшаруашылығы малдарының жергілікті тұқымдарының жоғалып кетуіне әкеліп соғады. Соның салдарынан аборигенді тұқымдардың - бастапқы популяциясының гендерін резервте сақтау проблемасы туды. Соңғы он жылдықта туған экономикалық жағдай мал шаруашылығын, әсіресе қой шаруашылығын екінші рет жоғалуға әкеліп соқты. Көптеген асылдандыру шаруашылықтары шығынға ұшырыды. Көптеген шаруашылықтар базар нарығына дайын емес болып шықты. Ауылшаруашылығы малдарының жаңа тұқымдарының генетикалық ресурстары бірден азайды, тек асылдандыру шаруашылығының кішкене бөлімі оларды жетілдірумен және жаңартумен аздаған мөлшерде айналысады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі мәліметтері бойынша, соңғы он жылдықта Республикада құстардың саны - 2, 8 есеге, ірі қара мал - 2, 3 есеге, шошқа - 2, 9 есеге азайған. Ал, қой мен ешкі Республика шаруашылықтарының барлық категориясында 3, 4 есеге, соның ішінде ауыл шаруашылығы ұйымдарында 32, 6 есеге азайған [8] . .
Мал арасында бірдей генотипті тұқымды таңдаудың маңызы жоқ, өйткені малдың ұрығының түрін өзгертуді шаруашылықта қолдануға және бағу жағдайына биімділігі жағынан сапасы оң болуы керек. Қаракөл қойларының қатал табиғат жағдайларына бейімделу қабілеті, оның әлемінің көптеген елдеріне таралуына басты себеп болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz