Сыртқы экономикалық қызметтің түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Ақпараттық технологиялар және энергетика
жоғары мектебі

Пәні: " Экономика және өндірісті ұйымдастыру "

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі

Қабылдаған: Айдарова А.Б.
Тобы: ИП-17-5к1
Орындаған: Ыбрай Қадыржан

Шымкент 2020 жыл
Жоспар:
1.Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы экономикалық қызмет.
2.Сыртқы экономикалық қызметтің түрлері.
3.Сыртқы экономикалық қызметті реттеу.
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі
1.Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы экономикалық қызмет

Сыртқы экономикалық қызмет - мемлекеттік түрлі меншіктегі субъектілердің және жалпы ұлттық шаруашылықтың неғұрлым жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану мақсатымен әлемдік нарықта жүргізетін сауда-экономикалық және қаржылық-өндірістік өзара іс-қимылының түрлі нысандары мен әдістерінің жиынтығы.
Сыртқы экономикалық қызмет - кәсіпорынның шаруашылық қызметінің аясы болып табылады және ол кәсіпорынын өнім немесе қызметтер экспорты және немесе импорты арқылы халықаралық кооперацияға енуіне байланысты. Қазіргі әлемдік нарықтың дамуы барысында ғылыми-технологиялық алмасудын түрлі нысандары, зияткерлік қызметтің нәтижелеріне айрықша күкыктарымен сауда жасау кеңінен таралуда, тұрақты өндірістік-технологиялық секторға, ең алдымен жоғары технологиялар секторына қызмет көрсететін тауар айналымының үлесі арта түсуде. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу мақсатымен мемлекет экспорттық бажды енгізеді, экспорттық тауарларға лицензия береді, шекара арқылы жеткізілетін тауарлардың кедендік бақылауын қамтамасыз етеді
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі -- бұл зкспорт және импорт тауарлары мен қызметін халықаралық өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациялармен байланысты өндірістік шаруашылық салаларының қызметтері.
Кәсіпорынның халықаралық рынокқа шығуы кәсіпорынның өзі үшін қалай болса, жалпы елдің экономикасы үшін солай толып жатқан жағымды мезеттерге әкеледі. Біріншіден, сыртқы экономикалық қызмет ұлттың экономиканы тұрақтандыруда қосымша ынталандырудың елеулі факторы болып табылады. Нарыққа өту кезеңінде дағдарыс құбылыстарын жеңудің бірден-бір бағыты - сыртқы экономикалық байланыстарды іске асыру. Бұл жөнінде соңғы кездерде республикамызда атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Екіншіден, кәсіпорын сыртқы экономикалық факторларға икемді және жедел сезіну, дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын ұтымды пай-далану мақсатында белгілі өндірістік ресурстарды оңтайлы жұмылдыруы мүмкін. Үшіншіден, және де кері байланысы да болады: түрлі елдердің серіктестері шаруашылылық ыңтымақтастың шеңберінде Қазақстанмен кәсіпкерлікті нақтылы дамытуға елеулі ықпал етеді, оның техникалық және технологиялық деңгейінің артуы, ең ақырында экономиканың өсуіне әкеледі. Соңында, төртінші, тек ұлттық шаруашылық кешенінде тұйық оңашаланған, сыртқы пайдалы бәсекеден айырылған кәсіпкерлік, белгілі тиімділік дәрежеге жете алмайды.
Солай болғандықтан, сыртқы экономикалық қызмет ел экономикасында үлкен маңызы болғандықтан, оған мемлекет тарапынан барынша ыңталы қамқорлық жасау қажет-ақ. Мемлекет дүниежүзілік рынокқа шығатын ұлттық кәсіпорындарды реттестіреді және қолдайды. Сондықтан да, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі -- активтік төлем балансын алу және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатындағы дүниежүзілік рынокте тауарлар мен қызметті оған әрі дамытуды қамтамасыз ететін нысаналы саясат.
Сыртқы экономикалық қызметте экспорттық, импорттық, реэкспорттық және ыңғайласпа мәмілемелер болып ажыратылады.
Экспорт -- бұл елдің кеден аумағының шекарасынан кері әкелуге міндеттемесіз шығаратын тауарлар және шетел азаматтарының қызметі мен зиялылық меншіктің нәтижесіне мүмкіндік беретін құқық
Импорт -- шетел сатушыларынан сатып алынатын, сөйтіп, елдің кеден аумағына сатып алушылардың алып келетін тауарлары.
Реэкспорт -- шетел сатушыларынан сатып алынатын тауарлар, елдің аумағына оларды әкелу, осы тауарларды өзінің бастапқы түрінде шетелдің сатып алушыларына қайта сату.
Ыңғайлас сауда (ыңғайласпа мәмілеме) -- экспортты, импортты операцияларды ұйымдық-ұштастыру болып табылады. Экспортшы өзінің Тауар құнының барлығын немесе сатып алушының ыңғайласпа тауар құнының бір бөлігінің төлемін қабылдауға міндеттенеді. Бұган ыңғайласпа мәмілесі тауар айырбасы негізінде баспа-бас ыңтымақтастық мысал бола алады.
Сыртқы экономикалық мәміле контрактімен рәсімделеді, онда олардың құқы, міндеттемесі және тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі. Сондықтан дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралық сауда палатасының әзірленген халықаралық сауда терминін (Инкотермс) пайдалануды ұсынады.
Инкотермстің барлық термині төрт базалық ктегорияға топтастрылған. Ол №1 кестеде көрсетілген.

Кесте №1
Топ
Жабдықтаудың
шартты белгілері
Франкировка жағдайы
(тасымалдау шарттары)
Е
EXW
Завод франкосы
F
FCA
FAS
FOB
Еркін тасымалдаушы
Еркін кеме бортының жағасына дейін әкелу
Еркін бортқа әкелу
C
CFR
CIF
CPT
CIP
Құны және фрахтысы
Құны,сақтандыру және фрахтысы
Тасымалдауға дейін төленген...
Тасымалдау мен сақтандыру төлемі жүкті тасымалдауға дейін төленген
D
DAF
DES
DEO

DDU
DDP
Шекараға дейін жеткізілген
Кемеден жеткізілген
Кеме тоқтайтын жерге дейін, яғни айлаққа дейін өткізілген (баж салығы қосылған)
Баж салығын төлемей жеткізілген
Баж салығын төлеп жеткізген
Е тобының шарты бойынша сатып алушы сатушының қоймасынан жөнелтуге дайын тұрған тауарды алады. Ғ тобының шарты бойынша, сатып алушы көрсеткен транспорттық құралына дейін тауарды сатушының өзі жеткізіп беруге міндеттенген.
С тобының шарты бойынша сатушы тасымалдаушылармен шартқа отырады, бірақ жүкті жөнелткеннен кейін пайда болатын шығыстарға және тауардың бұзылуына (жоғалуына) жауап бермейді. Д тобының шарты бойынша сатушы барлық тәуекелділіктерді және жүкті белгіленген жеріне дейін жеткізіп берумен байланысты шығындарды өзіне алады.
СІҒ тауарды жеткізіп беру кезіндегі жағдайында сатушы жүктің әрбір тоннасын сақтандырады, фрахтысын анықтайды, жүкті жөнелтетін портқа жеткізіп, оны өз есебінен мерзіміне сәйес порт кемесіне тиейді және сатып алушыға құжаттарын қоса береді. Сатушының міндетіне тауардың транспорттық тәуекелділігі де кіреді.
Сөйтіп, CIF шарты кезінде сатып алушының жабдықтаушыға төлейтін бағасының ішіне тауардың құны, фрахтысы және сақтандырулар кіреді.
DAF жағдайында экспорт үшін рұқсат етілген белгіленген орнына дейін тауарды жеткізіп беру бойынша жауапкершілікті сатушы алады, ал сатып алушы көрсетілген орында және көрсетілген уақытында тауарды қабылдап алуға міндетті.
FAS - жабдықтау шартына сәйкес сатушы кеме бортына дейін тауарды өз есебінен жеткізіп беруді мойнына алады, ал содан кейінгі шығыстарды (арту, фрахт) сатып алушы алады. Транспорт құралына дейінгі тауардың бұзылуын және басқа да шығыстарын сатушы өз мойнына алады.
ҒОВ -- сату жағдайына сәйкес жабдықтаушының бағасына тауардың құнын, кеме бортына арту және оған дейін жеткізу шығыстар, т.б. кіреді
Инкотермс ұсыныстық сипатта болады және оның белгілі бір бөлігін немесе толық көлемін пайдаланылуы тараптардың келісіміне байланысты болып келеді.
Қазақстан Республикасы аймағына әкелінетін және оның шекарасынан шығарылатын барлық тауралардың кедендік бақылаудан өтетіндігін көрсетеді. Бұл кезде заңда қаралған кедендік төлемдер экспорттауға да, импорттауға да салынады, оның құрамына мыналар кіреді:
-- кедендік баж салығы;
-- кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар;
-- таурады сақтауға алынатын кедендік алымдар;
-- шығарып салғаны үшін кедендік алымдар;
-- Қазақстан Республикасының кедендік органына лицензия брегені үшін алынатын алым;
-- кеден ісін рәсімдеу бойынша машықтанған мамандық аттестатын бергені үшін алым;
-- алдын ала қабыладанатын шешімдер үшін төлем.
Бұл төлемдердің көбісінің мөлшерін кедендік тауар құнына тәуелді болып келеді, олардың құрамына шет елдік валютамен есептелген тауардың нақты құны және шетелдік төленеген үстеме шығысы кіреді. Егер де үстеме шығысын жабдықтаушының өзі төлесе, онда ол тауардың нақты құнына бағаның бір элементі ретінде болады және сатып алушы өтейді.
Кедендік төлемді есептеудің негізін тауардың кедендік құны құрайды, тек кейбір арнайы кедендік төлемдерін, яғни, тауар бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелетіндерін қоспағанда.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге шығарылатын тауарлардың кедендік құны; шот-фактурада көретілген тауар бағасына, сондай-ақ егер шот-фактураға енгізілмеген болса, онда мынадай нақты шығындар: тауарды әуе айлағына, айлаққа немесе басқадай жерге дейін жеткізіп беруге жұмсалған шығындар; тауарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан сыртқары жерлерге шығару шығындары; сатушының шығарған шығындары; сақтандыру сомасы; комиссиялық және брокерлік сыйақылары; сондай-ақ Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бағаланатын тауарлармен біртұтас нәрсе ретінде қаралмаса, контейнерлердің немесе бірнеше рет қайталанып айналымда болатын ыдыс құндары негізінде анықталады.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына сырттан әкелетін тауардың кедендік құны мынадай әдістерді қолдану арқылы анықталады: сырттан әкелелінетін тауарларға жасалған мәміле бойынша; ұқсас тауарларға жасалған мәміле бағасы бойынша; бірыңғай тауарларға жасалған мәміле бағасы бойынша; құннан шегеру әдісімен; құнға қосу әдісімен; резервтік әдісімен жасалады.
Кедендік төлем мөлшерлері мынадай түрлерге бөлінеді:
Адволарлық - салық мөлшері салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен есептеледі;
Ерекше -- салық мөлшері салынатын тауарлар бірлігінің белгіленген мөлшерімен есептелінеді;
Аралас - салық мөлшері жоғарыда аталған кедендік салық түрлерінің екеуіне де үйлестіріледі.
Сыртқы экономикалық қызметте қолданатын негізгі құжаттар болып:
-- Техникалық құжаттаулар - техникалық төлқұжаты (паспорты), сызбасы, жинау бойынша нұсқауы, монтаждау, басқару және жөндеуі, техниалық жағдайын сипаттайтын құжат (спецификациясы) және т.б.
-- Тауарлы-ілеспе құжаттаулары- тауар сапасының сертификаты, буып-түю парағы; құрастырушы тізімдемесі (ведомосы) т.б.;
-- Транспорттық, экспедиорлық және сақтандыру құжаттаулары - теміржол наклоднойы және оның көшірмесі (жүк түбіршегі, коносамент, автотранспорттық наклоднойы т.б.), сақтандыру полисі немесе сертификаты;
-- Қойма құжаттары - экспорттау тауарына портта берілген қабылдау актісі, тауардың сақтауға алынғаны туралы қойманың қолхаты, басқа да кепілдік куәлігі т.б;
-- Есеп айырысу құжаттаулары - шот-фактурасы, аударм векселі (тратты);
-- Банкі құжаттаулары - валютаны аудару өтініші, инкассо тапсырмалары, акредетив ашу туралы тапсырмалар, чектер, Қазақстан Республикасының кеден депозитіне қаражатты аудару туралы тапсырмалары, есеп айырысу және валюталық шоттар бойынша жасалған операциялардың көшірмесі;
-- Кедендік құжаттаулар - кедендік жүк декларациясы (КЖД), тауардың шығуы (немесе шығарылған жері) туралы сертификаты, баж салығын төлегені туралы анықтама, акциздер, алымдар;
-- Талап (шағым) құжаттаулары - шағымдық хат, сотқа немесе арбитражға қойған талап арыз;
-- Бұзылған немесе кем шыққан жөнінде жасалған құжаттар - кем шыққанға жасалған коммерциялық актілер, авария сертификаты.
Кәсіпорынның халықаралық рынокқа шығуы кәсіпорынның өзі үшін қалай болса, жалпы елдің экономикасы үшін солай толып жатқан жағымды мезеттерге әкеледі. Біріншіден, сыртқы экономикалық қызмет ұлттық экономиканы тұрақтандыруда қосымшы ынталандырудың елеулі факторы болып табылады. Нарыққа өту кезеңінде дағдарыс құбылыстарын жеңудің бірден-бір бағыты - сыртқы экономикалық байланыстарды іске асыру. Бұл жөнінде срңғы кездерде республикамызда атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Екіншіден , кәсіпорын сыртқы экономикалық факторларға икемді және жедел сезінуі дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын ұтымды пайдалану мақсатында белгілі өндірістік ресурстарды оңтайлы жұмылдыруы мүмкін. Үшіншіден, және де кері байланысты да болады: түрлі елдердің серіктестері шаруашылық ынтымақтыстық шеңберінде Қазақстанмен кәсіпкерлікті нақтылы дамытуға елеулі ықпал етеді, оның техникалық және технологиялық деңгейінің артуы, ең ақырында экономиканың өсуіне әкеледі. Соңында, төртінші, тек ұлттық шаруашылық кешенінде тұйық оңашаланған, сыртқы пайдалы бәсекеден айырылған кәсіпкерлік, белгілі тиімділік дәрежеге жете алмайды.
Солай болғандықтан, сыртқы экономикаылқ қызмет ел экономикасындаүлкен маңызды болғандықтан, оған мемлекет тарапынан барынша ынталы қамқорлық жасау қажет-ақ. Мемлекет дүниежүжілік рыноққа шығатын ұлттық кәсіпорындарды реттестіреді және қолдайды. Сондықтан да, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі -- активтік төлем балансын алу және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатындағы дүниежүзілік рынокте тауарлар мен қызметті одан әрі дамытуды амтамасыз ететін нысаналы саясат.

2.Сыртқы экономикалық қызметтің түрлері

Сыртқы экономикалық саясат (СЭС) - бұл сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралык еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына жататындар:
:: сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді);
:: шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат;
:: валюталық саясат.
Сонымен бірге, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен, аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.
Сыртқы экономикалық саясат - сыртқы экономикалық қызметті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:
:: тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы;
:: материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.
Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы - өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымы мен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатын да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық-саяси механизм ретінде қарастыруға болады.
Тиімді сыртқы экономикалық саясатты кұру үшін оның негізгі принциптерін нақты түрде анықтап алу керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын - сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін экономикалық-құқықтық реттеуге берілген, оның себебі - бұл реттеу жалпы ұлттық мүдделерге жауап беруі тиіс.
Енді сол төрт принципті жеке-жеке атап өтейік:
1) мемлекеттік қайта өзгерту (жаңарту) қызметі. Бұл қызмет салалар мен аймақтардың даму саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа сәйкес елдің сыртқы экономикалық саясаты да кедендік құралдары және шетел инвестициялары үшін арнайы тәртіп бар) қалыптасады;
2) ұлттық фирмаларының сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік сыртқы экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту мақсатында, жалпы шаруашылық қызметі тұрақты бөлігі ретіндегі, сыртқы экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;
1) үкімет тармақтары, ведомстволары сонымен бірге федерация және оның субъектілері арасында сыртқы экономикалық саясатты да жүзеге асыру қызметтерін айқын түрде бөлу;
4) сыртқы экономикалық саясат - кез келген мемлекеттің сыртқы саясатының құрамдас бөлігі.
Егер дипломатия соғысқа қызмет етпесе, онда саудаға қызмет етеді, сондықтан әлемдік нарықта ресейлік экспортерлар үшін қолайлы жағдайлар жасау - ресейдің сыртқы саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болуға тиіс.
Сыртқы экономикалық саясат - сыртқы экономикалық қызметтің бүкіл жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдык, еңбек, ақшалай және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысын реттейді.
Ал сыртқы экономикалық саясаттың құрамдас бөліктеріне: сыртқы сауда саясаты, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы саясат, несиелік саясат, шетел швестициялары саласындағы саясат, технологиялармен айырбас жасау саласындағы саясат, жұмысшы күші миграциясы саласындағы саясат және тағы басқалар жатады.
Сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыруі құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары, саудалық эмбарго, кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласына: валюталарды сатып алу-сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық
операцияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастармен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен процентерінің деңгейлері реттеледі.
Шетел инвестициялары саласындағы саясатты жүзеге асыру формаларына жататындар: шетелдік капиталдарды енгізуге рұқсат беру шарасы, экономиканың бір салаларына шетелдік инвестициялардың енгізілуіне тыйым салу және шектеу, ал кейбір салаларына қолайлы жағдай жасау, жергілікті компаниялардағы шетелдік қатысудың үлесін шектеу және т.б.
Технологияларды айырбастау және жұмысшы күші миграциясы саласындағы құралдар: белгілі бір елдерге технологиялардың белгілі бір түрін экспорттауға тыйым салу немесе шектеу, шетелдік жұмысшы үшін импорттауға шек қою. Бұл шарттардың барлығы дерлік халықаралық келісім-шарттар мен келісімдерде бекітіледі.
Сыртқы экономикалық саясат құралдарының қазіргі кезде кең арналы мемлекеттерге өзінің сыртқы экономикалық байланыстарының құрылымы мен бағыттарының қалыптасуына, сонымен бірге басқа елдердің сыртқы саясаты мен экономикасын белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.
Өзіміз білетіндей, кез келген мемлекеттің қызмет ету ұлттық және мемлекеттік мүдде категорияларына сүйенеді. Бірақ та, кез келген қоғамда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі
Кедендік төлемдер: түрлері, есептеу, төлеу тәртібі
Көліктік тарифті анықтау
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтері
Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің ерекшеліктерін зерттеу
Сыртқы экономикалық қызметтің мәні негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдары
Бірлескен кәсіпорындар халықаралық ынтымақтастықтың формасы ретінде
Ішкі аудитті бағалау
Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын және сыртқы саясатын дамытудың жолдары
Сыртқыэкономикалық қызметті реттеу әдістері
Пәндер