Графиктиік адаптерлер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Ақпараттық технологиялар және энергетика
жоғары мектебі

Пәні: "Автоматтандырудағы жүйелер мен компьютерлік желілер"

СӨЖ

Тақырыбы: ЭЕМ мен компьютер туралы жалпы мәліметтер. Роутердің түрлері және Wi-Fi қажетті роутерді таңдау

Қабылдаған: Тапалов Т.Т.
Тобы: ИП-17-5к1
Орындаған: Ыбрай Қадыржан және
Сіргебай Нұрқасым

Шымкент 2020 жылЭЕМ мен компьютер туралы жалпы мәліметтер. Роутердің түрлері және Wi-Fi қажетті роутерді таңдау

Кіріспе

Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы болатын электрондық компоненттері информация өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемалар деп аталады.Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады.Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшалармен жалғастырады.
Интегралдық схемаларды жасау, тексеру, олардың сапаларын бақылау-барлығы да автоматтандырылған, оның үстіне оларды сериялық түрде шығару да меңгерілген. Интегралдық схемаларды шығаруды баспаханалардағы кітапты көбейтіп шығарумен салыстыруға болады. Олар өздерінің атқаратын функцияларына қарай ЭЕМ-нің әртүрлі тетіктерінің- шифраторлардың, сумматорлардың, күшейткіштердің түрлеріне байланысты бөлек-бөлек топтарға жіктеліп, серияларға бөлініп шығарылады.
Бұл схемалардың интегралдық деп аталу себебі олардың бір кристалы күрделі логикалық функциялардың белгілі біреуін орындай алады, сосын олардан транзисторлар мен диодтардан құрастырылатын сияқты машина қондырғылары оңай жасалады.
ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады.ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.
* Жүйелік блок мыналардан тұрады:
1. микропроцессор;
2. оперативті есте сақтаушы құрылғы немесе жедел жады;
3. тұрақты есте сақтаушы құрылғы;
4. қоректену блогы мен мәлімет енгізу-щығару порттары.
* Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:
1. информация енгізу құрылғылары;
2. информация шығару құрылғылары;
3. информация жинақтауыштар.
ДЭЕМ-нің құрамында ең аз дегенде жүйелік блок, бір-бірден енгізу, шығару құрылғылары және ең аз дегенде бір информация жинақтауыш құрылғы кіреді.ДЭЕМ-де шешілетін мәселеге байланысты пайдаланушы адам мен оның минималды конфигурациясына қосымша шеткері құрылғыларды қосу арқылы кеңейтуіне болады.
Информация мен басқару командаларын енгізетін негізгі құрылғыларға пернетақта (клавиатура), "тышқан" тәрізді тетік және сканер (із кескіш) жатады. Осындай функцияларды бұлардан өзге жарық қаламұштары, жарық сезгіш планшеттер, джойстиктер (ұршық тәріздес тетік) және басқа да мәселелерді шешуге қолданылатын құралдар орындайды. Мысалы, осылардың кейбіреуін жобалау жұмыстарын автоматтандыруда қолдануға болады.

Жүйелік блок

Мәтіндік және графикалық информацияны кескіндеуге арналған монитор немесе дисплей;
Әртүрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған перне тақты немесе пернелік;
Компьютердегі ең негізгі құрылғы- жүйелік блок, оның ішіне ДЭЕМ- нің басты құрылғылары орналасқан. Жүйелік блогы құрамында микропроцессор, жедел жад, тұрақты есте сақтаушы құрылғы, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары және мәлімет жинақтауыштар бар.
Бұлардан басқа компьютердің жүйелік блогына мынадай құрылғыларды қосуға болады:
* мәтіндік және графикалық информацияларды басып шығаруға арналған принтер;
* графикалық курсормен басқарылатын құрылғы- "тышқан" графикалық қолтетігі;
* джойстик- компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік;
* графиксызғыш немесе плоттер - сызбаларды (графиктерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы;
* сканер (ізкескіш) - графикалық немесе мәтінді информацияларды оқуға арналған оптикалық құрылғы;
* CD-ROM - компакт-дискілерді оқуға арналған құрылғы, ол қозғалатын бейнелерді, мәтіндерді және дыбыстарды шығару үшін кеңінен пайдаланылады;
* модем - телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен информация алмасуға арналған құрылғы;
* стример - мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы;
* желілік адаптер компьютерді жергілікті (торапта) қолдануға мүмкіндік береді.
Сонымен, ДЭЕМ-нің негізгі құрылғыларына процессор, жад (жедел және сыртқы), сыртқы құрылғыларды қосу және мәліметтерді жеткізу құрылғылары жатады. Енді компьютерге кіретін немесе оған қосылатын әртүрлі құрылғылардың сипаттамаларын қарастырайық.
Микропроцессор. Микропроцессор бір криталда дайындалған (үлкен) интегралдық темелар - БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ жасауға керекті элемент болып табылады. Оны әртүрлі логикалық функцияны орындайтын етіп программалауға болады, сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды арифметикалық құрылғы немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы ролінде қолдануға болады. Микропроцессерге жедел және тұрақты жад, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады.
IBM тәрізді компьютерлерде INTEL фирмасының және басқа да фирмалардың бір-біріне үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады.

Графиктиік адаптерлер.

Монитор немесе дисплей - ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды (ақ-қара) және түрлі-түсті болып, ал экранға шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық (тек символдық информация) және графиктік (символдық және оған қоса графиктік информация) болып бөлінеді.
ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптердан тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Серверге негізделген желі
Кабельдік жүйенің рөлі
Желілік операциялық жүйе түрлерінің жұмыс жасау принциптері
Оқиғаларды өңдеу
Графиктік режимге көшу адаптері
Турбо паскальдағы графикалық процедура
Компьютердің негізгі блоктарын архитектуралық ұйымдастыру
Оптикалық-талшықты желілер
Ethernet кадрлар форматтары
Дербес компьютерлер
Пәндер