Заттар болмысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау министрлігі

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «М. Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары»

Дайындаған : Абай Ж. М.

Тобы : В-МІҚ-01-19

Қабылдаған : Кемельбеков К. Б

Шымкент 2020 ж

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. 1 Онтология - болмыс туралы ілім.

1. 2 Болмыстың түрлері.

2. 1 М. Хайдеггердің «фундаменталды онтологиясы» (Dasein) .

3. 1 «Материя» ұғымы.

3. 2 Қозғалыс, кеңістік және уақыт.

4. 1 Философияның негізгі ұғымдары.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мартин Хайдеггер 1889 жылы 26 қыркүйекте Баден-Вюртембергтегі Месскирхта қарапайым католик отбасында дүниеге келген. Әкесі Фридрих Хайдеггер Месскирх қыстағындағы католик шіркеуінде төмен діни қызметкер болған. Мартин Хайдеггер бала кезінде шіркеу мектебінде оқиды. 17 жасында ол шіркеу әкейінен Брентано жазған «Аристотель бойынша болмыстың түрлі мән-мағынасы» атты кітапты алып оқып, болмыс мәні мәселесіне айырықша назары ауады. Сөйтіп 1990 жылы Фрайбург университетінде алғашында теология мамандығы бойынша екі жыл оқып, кейін философия мамандығына ауысады, гуманитарлық және жаратылыстану пәндеріне ден қояды. 1913 жылы Генрих Риккерт және Шнайдер секілді ғалымдардың ғылыми жетекшілігінде «Психологизмнің тұжырым ілімі» атты докторлық диссертация қорғады. Ал, оның оқытушылық біліктілігін айқындаған жұмысы «Дунс Скоттың категория және мәнділік ілімі» деп аталды. 1914 жылы ол докторлық атаққа ие болып, "Антикалық және схоластикалық философия мектептері желісі" тақырыбында Фрайбург университетінде сабақ бере бастады. І дүниежүзілік соғыс басталғанда, 1914 жылы тамызда Мартин Хайдеггер әскерге қатысты. Бірақ, екі ай өткенде денсаулығы сыр беріп, бармайтын болады. 1917 жылы І дүниежүзілік соғыстың соңғы жылы Хайдеггер Эльфридеге үйленді және тағы да әскерге алынды. Кейін 1919 жылы оның ұлы Йорг туылды. 1918 жылы соғыстан оралған соң, Хайдеггер феноменологияның негізін салған әйгілі философ Эдмунд Гуссерльдің ассистенті болды. Хайдеггер қасында жүріп өз білімін шыңдайды, әрі сабақ өтеді. Бұл кезде оның сабақ тақырыбы Аристотель төңірегінде өрбіді. Ол Гуссерль феноменологиясының ықпалына ұшырағанымен, бірақ сабақ мазмұны соншылық Гуссерльшіл емес болатын.

Кейіннен 1923 жылы Хайдеггер Марбург университетінің философия профессоры болады. Бұл кезде ол Тодтнаубергте өзінің Тау Лашығын салдырып, «Болмыс және уақытты» жаза бастады. Сол жылы ол Марбург университетінде атағы асқақтап шығып тұрған жаңа профессор болып таныған еді. 1925 жылы жазда «Уақыт ұғымының тарихы» атты дәріс қолжазбасын дайындады. Бұл «Болмыс және уақыттың» алғашқы нұсқасы еді. 1925 жылы қыста Хайдеггер ресми профессор болуға ұсыныс жасады. Ол кездегі талап бойынша, ресми профессордың міндетті түрде монографиясы болуы керек еді. Сөйтіп 1926 жылы қаңтардан сәуірге дейін ол тау лашығында бөлек жатып «Уақыт ұғымының тарихы» қолжазбасын «Болмыс және уақыт» кітабы етіп, алғашқы 240 бетін реттеп шықты. Бұл мезгілде Гуссерль де Тодтнаубергке келіп, оның "дүниедегілік" ұғымын талқылаған екен. Келесі жылы ақпанда «Болмыс және уақыт» «Феноменология жылнамасының» 8 томына енді және жеке кітап болып та басылып шықты.

1928 жылы Гуссерль зейнетке шықты. Хайдеггер Марбург университетіндегі жұмыс орнынан бас тартып, Фрайбург университетіне барып Гуссерльдің орнына философия сабағын берді. 1931 жылдан бастап Хайдеггердің Германия партиясымен байланысы жақсара бастады. 1933 жылы Гитлер құрған Неміс ұлттық-социалисттік жұмысшы партиясына мүше болды және Фрайбург университетінің ректоры болып тағайындалды. Оның ректорлық баяндамасында нацистік үгіт-нәсихат сөздері де мол болды.

II. Негізгі бөлім

  1. Онтология - философия ғылымының саласы. Әлемдегі заттардың фундаменталды мәні табиғатын айкындаумен айналысатын философияның ғылымы. Ол болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады. Онтология терминін алғаш енгізген неміс философтары Р. Гоклениус пен Х. Вольф. Бұл философтардың пікірінше Онтология адамның шынайы дүниемен байланысын түйсікпен емес ақыл-парасат арқылы таниды. Олар Онтология бүкіл дүниенің негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі құбылыстардың себебін, дамуын түсіндіретін ғылым деп санады.
  2. Болмыс- тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық ойларлың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай орын алатынын түсіну қажет. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiнде болу, бар болу деген мағынаның жатқанын аңғаруға болады.

Болмыстың негізгі түрлері:

  1. Заттар, процестер болмысы:А) бірінші табиғат; Б) екінші табиғат.
  2. Адам болмысы:А) заттар дүниесіндегі адам болмысы; Б) адамның өзіндік болмысы.
  3. Рухани болмыс:А) жеке адамның рухани болмысы; Б) қоғамның рухани болмысы.
  4. Әлеуметтік болмыс:А) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекеленген адам болмысы; Б) қоғам болмысы.

Заттар болмысы . Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі - табиғат заттары. Бірінші табиғат ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т. б. Кейін адам Жер табиғатына қуатты әрекет етуші болып табылады. Бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп атады. «Екінші табиғатқа» жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған өсімдіктер және тірі организмдер. Ол жасанды табиғат.

Адам болмысы . Адам болмысы екіге бөлінеді: адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам ең алдымен «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі - табиғат бөлшегі. Ерте замандағы адамдар өз өмірлерінің ұзақтығының ұлғаюын іздестірген. Ағылшын биологтарының айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым қуалаушылық заңдарына бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз. Төртіншіден, философия адамның денесі және оның ынтызарлығы, қуаныш - реніші, психикалық жай - күйі, ойы, мінез - құлқы, ерік жігері, іс - әрекеті, бір сөзбен айтқанда, арасындағы байланысты үнемі іздестіреді.

Рухани болмыс . Рухани болмыс сана мен санасыздықты қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік тіршілігінен бөліп алуға келмейтін және адамнан тысқары өмір сүретін басқаша айтқанда, объективтендірілген руханилыққа бөлуге болады. Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады. Екінші жағдайға жататындар - кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка т. б.

Әлеуметтік болмыс. Ол да екіге бөлінеді: тарих процесінде жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстығын байқаймыз.

2. 1 Мартин Хайдеггердің мақаласында фундаментальды онтологиясына, оның мазмұнында диалектикалық логика элементтерінің болуына талдау жүргізіледі. Егер диалектикалық логиканы түпкі және шексіз өзара қарым-қатынас туралы ілім ретінде анықтаса онда іргелі онтологияда түпкі орнына мән қоюға болады, ал шексіз орынға − Хайдеггер болмыс деп атайды. Болмыс оған қатысты трансцендентті болса да, мәнсіз болып келеді.

3. 1 Болмыстың түрлерi материалды да, рухани да бола алады. Материя терминының қалыптасуы бiрнеше этаптаң өттi. Материя - әлемдегі алуан түрлі нысандар мен олардың жүйелерін, дүниедегі сан алуан құбылыстардың, қандай да болсын қатынастар мен байланыстардың негізін, себебін білдіретін философиялық ұғым. Айналадағы бүкіл дүние - мәңгі қозғалыстағы М-ның алуан түрге түсіп, құбылып өзгеруінің және шексіз байланыстарының көрінісі. Ежелгі қытай, үнді, грек философиясында М. дүниедегі барлық заттардың негізі, дүниенің алғашқы тегі деп түсіндірілді. Антик. философтар М-ны жеке заттарға яғни, Фалес - суға, Анаксимен - ауаға балады. М. анықтамасын оған қарама-қарсы тұрған материалды дүниемен емес, идеалды дүниемен қатысы арқылы да ашуға болады. М-дан өзге мұндай бейматериалдылыққа тек сана ғана жатады. Зат өзінің санада бейнеленуіне байланысты, біріншіден, ойдың нысаны болса, екіншіден, сол зат жөніндегі ойдың нәтижесі, ұғым. Сөйтіп, ол қосмәнділікке ие болады. Бұл екі ұғым - М. мен сана диалектиканың бір-біріне қарама-қарсы жалпы категориялары.

Кеңістік пен уақыт , философияда - философиялық категориялар. Кеңістік пен уақыт категориялары бір-бірімен тығыз байланысты, олардың бірлігі кез келген жүйенің қозғалысы мен дамуынан көрініс табады. Материяның басты қасиет - қозғалыс. Материясыз қозғалыс, қозғалыссыз материя жоқ. Болу деген қозғалысты болу дегенді білдіреді. Қозғалысты кез-келген өзгеріс деп түсіндіруге болады, ол материяның сыртқы емес, ішкі, ажырамас қасиеті, ол обьективті, мәңгілік және абсолютті. Сонымен қатар, қозғалыс салыстырмалы, себебі ол өзгеріп отырады. Кейбіреуі өзіндік маңызға ие формалар арқылы көрініс табады. Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Уақыт дегеніміз заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзындығын, олардың әр түрлі жағдайының ауысуын білдіреді. Ол оқиғалардың ағымы. Платонның сөзімен айтсақ “Мәңгіліктің қозғалу бейнесі”. Әр түрлі материалдық обьектінің өз уақыты бар. Сондықтанда физикалық, әлеуметтік уақыт болады. Уақыттың үш өлшемі бар: қазіргі, кешегі және болашақ. Уақыт ұдайы алға ұмтылады, ешнәрсе, ешкім оның обьективті бағытын өзгерте алмайды. Оны тоқтатуға болмайды. Қоғамда уақыт ағысы жылдам және күрделі. Ол адамның іс әрекетімен тығыз байланысты. Уақыт - тіршіліктің мықты да аяусыз өшірушісі. Адам өмірі биологиялық тұрғыдан өткінші. Сондықтан да ойлы адам өзінің өмірінің жүгіртпе секундтарына жоғарыдан қарай алмайды. Ол өзінің бұл дүниедегі өткінші жағдайын жақсы түсініп, өз өмірінің мән мағынасы, мақсаты туралы ойланып, толғанады. Философияда әлеуметтік уақыт адамдардың өз іс - әрекеті нәтижесінде пайда болып отыратын қоғамдық процестер мен қатынастарының белгілі бір тарихи дәуірдегі тынысын білдіреді. Әлеуметтік кеңістік пен әлеуметтік уақыт бұл адамның іс - әрекетінің бүкіл дүние жүзілік тарихы. Философия мен мәдениет тарихында, ауыз әдебиетінде уақыт үлкен құндылық ретінде бағаланады. Адам уақыттың есебін жүргізбей өмір сүре алмайды. Мұндай есеп жүргізудің әдістері тым ерте ойлап табылды. Кеңістік - заттар мен құбылыстардың бір - бірімен қатар орналасу, өзара әрекеттесу ретін білдіретін философиялық ұғым. Дүниедегі заттардың барлығы да, кеңістікте орналасқан. Кеңістіктің негізгі бірліктері - нүкте, көлем, ұзындық, қашықтық. Кеңістік объективті, өйткені ол материяның ажырамас қасиеті. Кеңістіктің үш өлшемі бар , ол ұзындығы, ені және биіктігі. Бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, әр түрлі процестерге де тән. Уақыт пен кеңістік бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, уақыт оның төртінші өлшемі болып табылады. Кеңістік пен уақыт туралы ұғым мифтік дәуірдегі дүниетанымдық жүйесінің негізгі түпқазығы болып табылады. Дәстүрлі мәдениет үлгілерінен уақытты игеру әрекетінің көптеген мысалын табуға болады. Уақытты тоқтату талпынысы дәстүрлі салтты қайталау арқылы іске асады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болмыстың субстанциялық концепциясын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау
Адам болмысы
Болмыстың негізгі түрлер
Табиғат болмысы
Дүниенің болмысы, оның философиялық мәні
Болмыс және тіршілік
Болмыс онтологияның орталық категориясы. Философиядағы болмыс және сана ұғымдары. Кеңістік пен уақыт. Заңдылық пен кездейсоқтық. Материя мен форма
Болмыстың ішкі табиғаты - қозғалыс
Болмыстың негізгі түсінігі. Болмыс философиясы
Болмыстың негізгі формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz