Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл
Жоспар:
Кіріспе
І- бөлім. Қ.А.Яссауидің өмірі өмірі мен ілімі
1.1.Қ. А. Иассауидің жазба мұрасы
1.2. Қ. А. Иассауидің мәдени мұрасы
1.3. Қазақ жерінің Меккесі. Иассауи кесенесі
ІІ-бөлім. Қ.А.Яссауидің Сопылық ағымы
2.1. Диуани хихмет
2.2. Сопылық ілімін қазіргі көзқарас бойынша бағалау
ІІІ. Қорытынды
І V.. Пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалар
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Түркі халықтарының орта ғасыр кезінде біржола
араб жазуына көшуі өмірге көптеген ғылыми дүниелерді алып келді. Сонымен
қатар бұл кез шығыс әлемінде суфизм ағымының әсері күшейіп, бірте-бірте
қанатын кең жайып, дами бастаған кезі еді. Мұсылмандар үшін де аса жауапты
уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халықтың татулығын, адамгершілік
пен имандылықты, Алла Тағалаға адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз
шығармаларына арқау еткен ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шыкты, соның
бірін айтсақ Қожа Ахмет Йассауи.
Қожа Ахмет Йассауи ислам дінін дәріптеуші. Еліміздің сан ғасырлық
өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік
мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи
тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті
парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар
қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық
педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр
данышпандарының бірі – Қожа Ахмет Йассауи болып табылады.
Қазақ жеріне ислам діні сопылық ілімді уағыздаған дәруіштер сұхбаты
арқылы енді. Олар халық дүниетанымындағы құндылығын арттыра түсетін сопылық
ілімді дамытқаны үшін әулиеге баланды. Сондықтан олардың қабірінің басына
тұрғызылған кесенелер тәубе ететін киелі орын ретінде танылды. Түбі бір
түркі халықтарының барлығы қазіргі күннің өзінде зиярат жасайтын қасиетті
орын ретінде санайды. Соның ішінде даналық хикметтері арқылы халық сеніміне
иман ұялатқан Ахмет Йасауи ілімнің орны ерекше. Ахмет Йасауи ілімінің
маңызы мен негізгі мақсатын, даму ерекшелігін танып білу үшін ең алдымен
түркі халықтарының ежелгі салт дәстүрлері мен діни сеніміне назар
аударғанымыз жөн.
Теологтардың пайымдауынша, сопылық - не нәрсені де әділдік, ұят
және сұлулық өлшемімен бағалайтын ойлау жүйесі, Исламның қайнарынан
бастау алатын рухани құндылық, Ислам дінінің дүниетанымдық, ахлақтық –
этикалық, эзотерикалық қырлары көрініс беретін, адамның өзін-өзі тануы мен
рухани адамгершіліктің кемелденуіне мүмкіндік беретін ілім, діни қозғалыс.
Құран-хадисті ең жоғары дәрежеде тәпсірлеу. Сопылықты уағыздайтын тәлім -
тасаууф. Ол тәңіртануды, адамзаттың этика – эстетикалық құндылықтарын терең
түсіндіретін, рухани, ішкі дүниенің талаптарына жауап беретін білім ретінде
қалыптасып, танылған.[1].
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қожа Ахмет Йасауи ислам дінінің
әлсіреп, мұсылман қауымының рухани саяси дағдарысқа түскен кезеңінде
тарих сахнасына шықты. Бұл кезеңде Ислам әлеміндегі жағдай күрделеніп,
билік үшін талас өршіп тұрды. Бұрынғы исламға тіреу болған
ірі мемлекеттер іштей іріп, бөлшектеніп майда иеліктерге айналды. Ислам
әлемінің әлсірегенін сезген Европа мұсылмандарға қарсы крест жорығын
бастады. Жерорта теңізі жағалауындағы көптеген жерлер крестішілердің
қоластына түсті. Шығыста қаратқытайлар Қарахандық билеушілерді тізе
бүктіріп, өздеріне жартылай тәуелді етті. Ислам әлеміне тіреу болады
деген Хорезмшахтар мемлекеті Меккені басып алуға, өзіне тәуелді етуге
ұмтылды. Мұның бәрі ислам қоғамындағы етек алған рухани дағдарыспен
тікелей байланысты болды. Қожа Ахмет Йасауи сол кезеңнің басты мәселесі -
мұсылман дініндегі халықтардан иманның көтерілуі, халықтың көбі имансыз
тобырға айналуында екенін көре білді. Ол өзінің басты қызметі Иманды
Исламға қайтару деп түсінді және өзінің бар күш-қуатын осыған арнады. Ол
діннің негізгі тірегі иман екендігін анық түсінді және өзгелерді де иманның
құдіретін өзіндей түсінуге, сезінуге шақырды. Қожа Ахмет Йасауи иманды
діндегі бар амалдың алдына шығарды. Иман жоқ жерде дін де жоқ. Ол өзінің
осы талабын өзінің соңынан ергендерге аманат етіп қалдырды.
Тақырыптың мақсаттары мен міндеттері. Қожа Ахмет Йасауи бабамыздың
кейінгі ұрпаққа қалдырған жазба мұрасын, мәдени мұрасын зерттеп, сопылық
ағымын терең түсіну.
Тақырыптың құрылымы. Кіріспе, 2 бөлім, 5 тарауша, қорытынды,
пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Қожа Ахмет ибн Ибрагим әл Иассауи (басқа нұсқаларда Қожа Ахмет
Иассауи Хазірет Сұлтан, Иассауи, Иассеви) дәуіріш, әулие сопы ілімін
насихаттаушы, ақын - мұсылман әлеміне танымал тұлға. Асқан шеберлігімен,
елге сыйлылығымен, қайырымдылық пен мейірімділікті өмірге арқау етіп, бүкіл
түркі жұртын татулыққа, тазалыққа үндеген, қасиетті әулие атанған Қожа
Ахмет Иассауи туралы ел арасында тараған аңыз-әңгімелер көп. Оның ырғақты
өлеңдеріне жалынды ойларына табынушылар әр дәуірде, әр кезеңде де айрықша
болып отыр.
Өкінішке орай, Иассауи туралы бізге жеткен мәліметтер аз. Оның аты
аңыз бен ақиқатқа толы. Оның ең басты еңбегі "Диуани хикмет" ("Даналық
кітабы") және Қожа Ахмет Иассауидің әкесі жазған, 1991 жылы табылған,
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында сақталған "Насабнамадан"
сіз оның ерте жетім қалғанын, софының: елкезу және дінге табыну, рух пен
денені шыңдау, ірі медреседе оқу, рухани ұстаз іздеу, қажылыққа бару және
өз Отанына оралу сияқты дәстүрлі жолынан өткенін білеміз.
Егер де тарихи деректерге жүгінсек, Ахмет Иассауи XI ғасырдың аяғында
Испиджаб (қазіргі Сайрам) қаласында Ифтихад ұлы Иахмед, Махмудтің ұлы
Ибраһим пірдің семьясында туған. Әкесі диқаншылықпен айналысқан. Әйтсе де,
Ахметтің әкесі өте діндар, құдай жолын ұстанған атақты шайқылардың бірі
болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан
тегі туралы төмендегіше сыр шертеді:
...Исхақ баба жұрыны, шейх Ибраһим құлыны,
Машайықтар ұлығы – шейхым Ахмед Иассауи.
* * *
Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
Машайықтар сарасы – шейхым Ахмед Иассауи.
Демек, Ахметтің тегін Бибіфатимадан тарататын халық аңызы шындық,
олай болса, Әзірет сұлтанның он бірінші атасы Ысқақ баб әулие болмақ. Ол
шамамен 1093 жылы дүниеге келіп, 1166 жылы дүние салған.
Түрік ғалымы, доктор М. Кепрулу өзінің Түрк әдебиятында илк
Мутасаввифлар атты кітабында Ахметтің әкесі Сайрамдағы Хазрет Әлидің
әулеті Ибраһим атты шейх екенін айтады. Осы пікірге орыс зерттеушісі М.Е.
Массонда ден қойғанмен, ол Қожа Ахметті түрік нәсілінен дейді. Сопылық
мистикалық ағымның түркі тілдес тармағының негізін қалаушы Қожа Ахмет
Иассауидің өмірбаяны толық белгілі емес. Өмірінің кейбір деректері ғана
жетіп отыр. Ол әлі көптеген ғылыми зерттеулерді, ізденістерді қажет етеді.
Бала өте қабілетті боп өскен, сондықтан ата - анасы оны жергілікті
түрік хазіреті сопылардың ұстазы Арыслан - Бабаға шәкірттікке берген (басқа
нұсқалар бойынша, Арыслан-Баба, Арыстан-Баба). Ахмет өмірінің осы кезеңі
туралы халық мынадай әдемі аңыз қалдырған: "Мұхаммед пайғамбар дүниеден
озар алдында бүкіл халықты жинап, былай дейді: "Мен өлемін, менің
аманатымды исламның белгісін (ол-құрманың сүйегінде) кім қабылдап алады
және менің ойымды кім жалғастырмақ?!". Топтың ішінен Арыслан-Баба деген 300
жастағы бір адам "мен" деп жауап береді, ол - бұл кезге дейін отыз үш дінді
білетін, бірақ, исламды енді мойындаған еді. Арыслан - Бабаның келісімін
алған Мұхаммед Алланың рұқсатынан соң, аманатын Арыслан - Бабаға тапсырды.
500 жыл өткен соң Арыслан - Баба даладан бір баланы кездестіреді, ол
"Ақсақал, рахым етіңіз, менің аманатымды маған тапсырыңыз," - дейді". Осы
бала Ахмет болатын. Ашографиялық түпнұсқаларға қарағанда, Иассауидің бала
кезінен құдіреті күшті қасиеттері болған, олар жыл өткен сайын нығайып,
оның құдайы ілімге жақындап, тариқатты меңгеруіне, әулие атануына
көмектескен. Арсылан - Бабаның ұстаздығы да едәуір ықпал еткен. Соның
кеңесімен Иассауи Халифаттың діни-рухани Орталығы - Бұхараға барған. Мұнда
ол шейх Қожа Жүсіп әл Хамадинидің басшылығымен діни-адамгершіліктің,
жетілудің, сопылықтың толық діни ұстазынан ақиқатты танудың сопылық жолы -
тариқатты оқыту үшін рұқсат алады. Жүсіп Хамадинамен бірге жас Иассауи
Меккеге алғаш рет қажылыққа барады, мұнда өз уақытының танымал сопыларымен
кездесіп, өзінің рухани өмірін байытады. Қысқа мерзім ішінде ол сопылық
діни ағымның дінбасына айналады.
Жүсіп Хамадини ұстазы дүниеден озған соң, Қожа Ахмет Иассауи өз
Отанына оралып, атақты дінбасы, пір әулие бола отырып, өзінің сопылық
қауымдастығын құрады, ол "иассауи " деген атақ алады, бұл кейін Орта
Азиядағы ең танымал және ең ықпалды күшке айналады.
"Иассауианың" жазылмаған өсиеттерінің бірі - еңбек болады. Ахмет
Иассауи пірдің өзі отбасымен қарапайым ғұмыр кешіп, халықпен бірдей еңбек
етеді. Иассауи қауымдастығындағы дінге табыну мен құдайға құлшылық ету
үнемі шығармашылықпен жаңару түрінде болды.
Қожа Ахмет Яссауи жеке өмірінің үлгісімен және қарапайым тілімен
адамдарды мейірімділік жасауға, арамдықтан, қатігездіктен алыс болуға
үйретті. Өзінің атақты еңбегі "Диуани хикметте" ("Даналық кітабы") ол
сопылық ілімнің негіздерін насихаттайды, әртүрлі тұрмыстық кеңестер береді,
байлықтың баянсыз екендігін талқылап, әділдікті қорғауға шақырады.
Ахмет Иассуи халық жадында тек белгілі дінбасы ғана емес, сондай-ақ,
халықтың түркітілдес ақыны ретінде де танымал. Оның өлеңдері әлемдік
поэзияның қазынасына қосылған және әлі күнге дейін ықыласпен оқылады. Ахмет
Иассауидің ең басты еңбегі - әдебиетте де, қоғам өмірінде де араб және
парсы тілінің өктемдігі кезінде оғыз-қыпшақ диалектісімен туған түрік
тілінде жазып, оны әдеби қолданысқа ендірді.
63 жасында дүниеден озған Мұхаммед пайғамбар жасына жеткеннен соң,
Қожа Ахмет Иассауи мешіт жанынан жерастылық үңгір қаздырып, қалған өмірін
сол жерде өткізеді. Үңгір жанында оның бүкіл әулетімен қоса, пірден дәріс
алған көптеген шәкірттері де сол жерге орналасады.
Ахмет Иассауи дүниеден озған соң, оның мәйітіне мыңдаған мінажат
етушілер ағылады. Пірдің зиратына соғылған әдемі белгі басында мүлде
қарапайым болады және уақыт өте келе тозады.
Ахмет Иассауидің жаңа мешіті Әмір Темірдің басшылығымен
Түркістан қаласында пір өлгеннен кейін 233 жыл өткен соң салынған. Қожа
Ахмет Иассауидің мешіті 600 жыл бойына бірегейлігі және салыну құпиясымен
ғалымдарды әлі күнге дейін таңдандырып келеді.
1.1.Қ. А. Иассауидің жазба мұрасы
Әрбір уақытта адамдардың әрқилы кезеңге өз көзқарастары болды. Біз
үшін Ахмет Иассауи – ең алдымен ақын, оның өлеңдері адамзат мәдениетінің
алтын қазынасына енген.
Халық жадында ол далаға Ислам сәулесін әкелген адам ретінде жатталып
қалды. Иассауи еңбектері жалпы адамдық өркениетке ірі философиялық көзқарас
ретінде танылған. Өз еңбектерінде ол адамдарды адалдыққа, әділдікке,
шыдамдылыққа, достыққа, бір-біріне деген адамгершілік қарым-қатынасқа
шақырады. Иассауи түркітілдес халықтар арасында, мұсылман әлеміндегі әулие
тұлға, исламды насихаттаушы дінбасы болып есептеледі. Даналық хикметтері
біздің ұлттық әлемтануымыздың негізі болып табылатын Иассауи сияқты ұлы
баба туралы әңгімелеу үшін, ең алдымен, қазіргі замандық иассауитанушылар
алдында тұрған бірнеше маңызды мәселені түсініп алу керек.
Иассауи өмірі мен шығармашылығы кеңес кезінде зерттелген жоқ. Ал,
"Дін – халық миын улаған апиын" нақылы оны мистикалық және діни ақын
ретінде танытып, шығармалары зиянкес деп түсіндірілді, ұлы өлеңдері туралы
ауыз ашылмай, ұмыттырылуға күш салынды.
Дегенмен, айды алақанмен жабу мүмкін емес қой.
Кез – келген тұлғаның таланты мен құдіреті туған орта, дәстүрлі
мәдениет, тәрбие және алынған білім әсерінен біртіндеп қалыптасады және
дамиды.
X ғ. көшпелі халық ортасында мұсылман діні көпшілікке таратылған жоқ.
Уақыт өте келе Қазақстан көшпенділері сопы түсіндірмелі ислам дінін
қабылдады. Оны қазақтар "екінші әулие " деп таныған ұлы ғұлама, сопы Ахмет
Иассауи әкелді. Иассауи қарапайым, сонымен қатар данышпандық қадам жасады.
Ол табиғат құдайларын жоққа шығарған жоқ, бірақ, олардың барлығы әртүрлі
бейнедегі бір Алла екендігіне көшпенділерді сендірді. Адам мен табиғат
арасындағы үндестік қарым-қатынас сақталды, бұл – исламның табысты тарауына
ықпал етті, сөйтіп көшпенділер құранды қабылдады. Ол Құранды жетік білді
және түсіндірді. Иассауи құранды түрік тілінде поэзиямен сөйлетті, ол Құран
мен Шариғаттың ережелерін білуге, жергілікті дәстүр мен әдетке сай діни
ыңғайлануға үйретті.
Оның дүниетанымы дәстүрлі түріктік дүниетаным шегінде болды, ал
данышпандық ойға толы өлеңдері өз халқы мен Отанына деген шынайы сезімге
толы еді. Ол түрік мәдениеті тудырған тарихи тұлға, сонымен бірге өткен
ойшылдардың асыл қазыналарын бойына сіңірді және келесі ұрпақтардың
дүниетанымының қалыптасуына да аса зор ықпал жасады.
Иассауи шығармашылығы XII ғ. ежелгі түріктердің рухани мәдениетінің
дамуына үлкен әсерін тигізді. Иассауи түріктік мәдениет пен әдебиетті
рухани байыта отырып, өз хикметтері арқылы Ұлы Даланы мекендеушілер –
түріктер, ғұндар, сақтардың ұрпақтарын мұсылмандыққа бұрды.
Түріктік тайпалар мәдениетін дамытуда да Ахмет Иассауи ролі айрықша,
оның "Диуани Хикмет" өлеңдер кітабы сол кездегі араб және парсы тіліндегі
жазу дәстүріне қарамастан түрік тілінде жазылған (оғыз-қыпшақ диалектісі).
"Диуани Хикмет" араб тілінен "өсиеттер жинағы" деп аударылады. Бізге XII
ғасырдан жеткен ортағасырлық осы әдебиет ескерткіші бүкіл түркітілдес
халықтардың ортақ мұрасы болып табылады. Иассауи мұрасы оғыз-қыпшақтық және
басқа түркітілдес халықтар арасында ауызша белгілі болған: XV - XVI ғасырда
ол қолжазба күйінде таратылса, ал XIV ғасырда Қазан, Стамбул, Ташкент
қалаларында кітап болып басылып шығарылған. ҚР ҰК қолжазбаның бірегей
данасы сақталған. Бұл философиялық шығармада сопылық негіздері баяндалған,
оқырманға түсінікті тілде жазылған.
1992 жылы ҰК қорында Қожа Ахмет Иассауидің "Диуани Хикмет" қолжазба
кітабы табылды. Көшіріп жазылған уақыты X. 1250 ж. (Милади 1834). Бұл
қолжазбаға Хазірет Нығметұлы Құл Шәріп, Хазірет Багаутдин, Хазірет
Нығметулла, Шәмсі Үзгенді, Хазірет Құл Сүлеймен сияқты оның шәкірттерінің
де хикметтері енген. Кітап аяқталмаған, 112 хикметтен тұрады. Бұл – бұрын –
соңды иассауитанудағы белгілі аса бағалы қолжазба. Аңыз негізінде жазылған.
Кітаптың бірінші бетінде араб қарпімен иесінің аты-жөні көрсетілген:
Ибрагим, Оразматтың ұлы, 1924 ж. (қор № 3999-үз).
Хикметтер халыққа түсінікті болу үшін, олар Құранның негізгі
сөздеріне сүйенген, тарихи фактілермен аңыздарды пайдаланған. Олар – көркем
шығармаға айналған. Хикметтер ағартушылық мақсатқа қызмет еткен және түрік
тілінде жазылған. Е. Бертельс осы жайға байланысты "Ақын әндерінің"
фольклорлық лирикамен тұтасатындығын және Кіші Азия халықтары арасында кең
таралғанын атап көрсеткен. Сондықтан да, Қожа Ахмет Иассауиді – түрік тілі
мен әдебиетінің негізін қалаушы деп атауға әбден болады.
Хикметтегі маңызды орын дінге сенушілерге берілген, сопылық құпиясын,
пірлік құпиясын білуге дайындаған. Мүрид (тыңдаушы) бұл ретте, кедей болып,
ораза мен намаздарға берілуі керек, өзінің жан-дүниесі арқылы Құдайға
ұмтылуы керек. Құдаймен "кірігу" үшін дәруіштіктің 40 ережесін қатаң
сақтауы керек - оның әрбір баспасы оннан – шариат, тариқат, мағрифат,
хақиқат. Шариғат – исламның заңдары мен тәртібінің жинағы, тариқат – сопы
идеясы (шыдам, аскетизм, Құдайға деген сүйіспеншілік және т.б.), мағрифат -
сенім жолын зерттеу, хақиқат – Құдаймен "тұтасу". Ахмет Иассауи бойынша
шариғат, тариқат, мағрифатты сезіну мен қабылдаусыз ақиқат болмайды. Осы
кезге дейін иассауи еңбектері өлең түрінде болды, 1990 жылы ҰК қолжазбалар
қорынан прозамен жазылған философиялық еңбегі табылды. Бұл – "Рисала"
(трактат) "Миратул кулуб". "Ақыл айнасы" – "Диуани Хикмет" – поэтикалық
шығарма, ескі түркі тілінде жазылған (оғыз-қыпшақ). "Рисала" ислам
қағидаларын түсіндіретін прозалық шығарма. Қағаздың көнелілігі мен жазылу
мәнеріне қарағанда "Рисала" "Диуаниден" ерте жазылған деп ойлауға болады.
Онда Мағрипат, Шариғат, Тарихат, Хакиқат ретіндегі ислам ілімінің негіздері
жеке қаралады және Құран аяттарына түсініктеме беріледі. Қолжазба XVI –
XVII ғасырларда көшіріп жазылған деп айтуға болады. Сөз жоқ, қолжазба аса
бағалы. Қолжазба көлемі кішкентай, барлығы 88 бет.
Ахмет Иассауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қоқан басылымы болып
табылады. Мұнда 149 хикмет берілген. Оның 109 хикметі Иассауидің өзінікі
екені даусыз. Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп кеткен
жыр жолдары болса керек. Көптеген түркі халықтары хикметті аудармасыз-ақ
қиналмай оқи алады. Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл.
Оны беріліп оқып, тереңірек үңілген адам Ахмет жырларының қыпшақ тілдеріне
өте жақын екенін байқар еді.
Бұл ескі қолжазбаның Қазақстанның философиялық ойын дамытуға үлес
болып қосыларына күмән жоқ.
1996 жылы Сүлеймен Бақырғанидың "Хикмет Хазірет Сұлтан әл Гарифин"
қолжазбасы табылды, ол Қожа Ахмет Иассауидің шәкірті, халықта Бақырған,
Бақырғани, Бақырған-ата, Құл-Сүлеймен атымен, белгілі ақын, ойшыл, ғалым
ретінде танымал.
Қолжазбаның негізгі бөлігі С. Бақырғани хикметтерінен тұрады (112-489
бет).
Алғашқы 111 бет "Диуани Хикметтегі", "Мінәжат" тарауынан тұрады; 489-
652 беттер Хазірет Ғазиз, Қызыр Шайық Ғалым, Ғазал Хазірет Шайқұл Ғалами,
Марсия Хазірет Шахадат Фана сияқты әртүрлі авторлардың хикметтеріне
берілген және Мұхаммед пайғамбар туралы Нағыт Ан Хазіреттің "Самалаху
галахи уа салам" поэмасымен аяқталады. XIX ғасырдың аяғында С. Бақырғанидың
хикметтері типографиялық тәсілмен шыққан, осы қолжазба түпнұсқа болып
табылады. Қолжазбаның 397 хикметі Бақырғанидікі, ал Иассауидің хикметтері
бұрын бізге белгілісінен мүлдем айрықшаланады. Бұл қолжазба ортағасырдан
(XVI-XVII ғғ.) бізге жеткен аса бағалы қолжазба болып табылады.
Сопы саяхат жасағанда бүкіл мұсылмандық Шығысты аралап өткен, негізгі
өмірін Түркістанда сүрген, бұл жер - әулие деп есептелген. Халық арасында
тіпті, мынадай нақыл бар: "Меккеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет".
Түркістан түсінігі Иассауи атымен тығыз байланысты. Қожа Ахмет Мұхамедтен
кейінгі әулие, ал Түркістан қаласы кіші Мекке болып есептеледі. Ол 63 жасқа
толғанда, Алланың елшісі – Мұхаммедтен аспау үшін жер астындағы тұраққа
көшеді. Қожа Ахмет Иассауи жер астынан он жыл бойына шықпай құдайға
құлшылық етеді. Сопылыққа уағыздаушылар мұны құдаймен рухани қарым-қатынас
жасау деп түсіндіреді. Ол жер бетілік рахаттан бас тарту, ішкі күшке
сүйену, аллаға деген үлкен сүйіспеншілік арқылы іске асады.
1.2. Қ. А. Иассауидің мәдени мұрасы
Иассауидің шығармашылығы ежелгі түріктердің рухани мәдениетін
дамытуға айрықша әсер етті. Иассауи өз шығармаларын араб және парсы
тілдерінде жазу дәстүріне қарамастан, түрік тілінде жазған. XII ғ. Иассауи
өз хикметтері арқылы Ұлы Даланы мекендеушілер - сақтар, ғұндар, түріктің
ұрпақтарын мұсылмандыққа шақырды, түріктік әдебиет пен мәдениетті дамытты,
түрік - исламдық әдебиеттің негізін қалады. Ол - поэзия тілінде әрбір
түрікке мұсылмандықтың мәнін түсіндірді.
Иассауи іліміндегі хикметтер үшінші мыңжылдықта да өз көкейтестілігін
жойған жоқ: Діннің мақсаты - Алланы тану. Аллаға деген сүйіспеншілік арқылы
күнәдан арылуға болады. Құдайдың алдында барлық адамзат бірдей. Құдайды сүю
- адамды сүю деген сөз және сол Тәңірдің қайырымдылығымен марапатталу. Өз
діндестеріңе және өзгелерге де төзімді бол. Мейірімділікке мейіріммен жауап
бер, қатігездікке төз. Әйелдер мен ерлер арасындағы теңдікті бағала.
Жалқаулықтан арылта отырып, әрбір адамды адал еңбекке үйрет. Адамның
дамуында білімнің айрықша маңызы бар. "Хикметтер" мыңдаған жылдар бойына
халықтың рухани бұлағы болып келеді. Соңғы жылдары (Тәуелсіздік жылдарында)
Қазақстанда "Диуани Хикмет" (334 сурет) 25 рет қайта шығарылды.
ҚР Ұлттық кітапханасы 1994 жылы шығарған Иассауидің жазба мұрасының
библиографиялық көрсеткішінде қазақ және орыс тілдеріндегі 600 жазба бар.
Көрсеткіштің екінші бөлігін шығару да жоспарлануда, оған 1994 жылдан
қазіргі кезге дейінгі материалдар енеді. Иассауи мұрасы - оның
кітаптарында, ол туралы материалдарда, поэзияда, музыкада, театрда, кинода
көрсетілуде. "Түркістан тарихының беттері" құжатты фильмін Қожа Ахмет
Иассауидің мешіті - ортағасырлық сәулетті - тарихи кешен жанындағы
киностудия шығарған. Фильмнің үлкен бөлігі - Иассауи мұрасына арналған.
Алматы қаласындағы Ғ. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театры "Хазірет
Сұлтан" тарихи драмасын қойды. Спектакль режиссері Ә. Мәмбетов, сценарий
авторы О. Дастанов. Қазақстанның белгілі ақындары Иассауи тақырыбына қалам
тартты: Марфуға Айтхожина, Алексей Брагин, Кәкімбек Салықов, Шәміл Әбілтаев
"Пайғамбар берген аманат" өлеңіне ән жазды. Түгелбаев Абылай Жұманұлының
орындауындағы Иассауи хикметтеріне әуен де бар және ол домбырамен
орындалады...

Әмір Темірдің "Зафар-нама" туралы ресми тарихы дәруіштердің жиналатын
орны - қанақтың негізгі хижраның 789 ж. аяғында салынғанын, яғни 1397 ж.
күзінде қаланғанын ескертеді. Бұл кезде Самарқандта моғолстан билеушісі
Қызыр Қожа ханның қызы, Әмірдің қалыңдығы - Түгел ханымды қабылдау үшін
дайындалған "Ділкүш" ("Жүрекке нұр сыйлайтын") ғажайып бақтың құрылыс
жұмыстары аяқталып қалған болатын. Темірдің өзі оны қарсылауға шығады. Атты
көш (эскорт) Ақангерен қыстағына тоқтайды. Әмір қыркүйек айында өзінің
болашақ жарын күту барысында Йасы қаласына барып, Қожа Ахмет зиратына
арнайы мінәжат етеді. Әмір кесенеде тұрушыларға арнайы сыйлықтар, қайыр-
садақа және зират үстінен кешен тұрғызу туралы жарлық береді. Осы кезде
кесененің құрылысы, оған кететін материалдар, негізгі мекен-жай анықталады.
Әртүрлі жазба көздер бойынша Темірдің өзі болашақ құрылысқа дербес
қатысқан, күмбездің негізгі көлемі анықталған диаметрі - 41 кез, айналасы
-130 кез. (1кез-0,44 м), Әмір өз құрылысшыларына жеке нақты нұсқаулар
берген. Тарих мұнан басқа үш есімді жадында сақтап қалған. Олар: Ұбайдулла
Садр, Қожа Хасан және Шемс Әбді-әл-Вахаб. Бұл шеберлердің әлеммен тілдескен
күмбез соққан еңбектерінің мәні қазір де құнын жойған жоқ.
Арнайы сыйланған мақтау - қағазда ескерткіш үшін тегін берілген
арықтар мен жерлер көрсетілген. Осы иеліктерден түскен кірістер мен
табынушылар садақасынан мекен-жайға жөндеу жүргізу және қызмет көрсетушілер
штатын ұстау көзделген.
Мавзолейдің мекен-жайы -өзінің алғашқы келбетін алты жүз жыл бойына
сақтап қалған құрылыстық ескерткіш.
Қожа Ахмет Иассауи кесенесі - аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс.
Оның ені - 46,5 см, ұзындығы - 65 м. Қабырғаларының қалыңдығы 3; 1,8; 2
метр. Іргетасы - үшметрлік тереңдікте қаланған. Құрылыстың ең басты бөлшегі
- диаметрі 18,2 метр күмбез. Осы күмбез арқылы басқа құрылымдарға сипаттама
беруге болады.
Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері - ассиметриялы болып келетін
бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады. Сейсмотұрақтылығының
бір құпиясы осы. Ғимараттың биіктігі де осал емес - 37,5 метр.
Кесене қабырғасының құрылыс материалы-құйма кірпіш. Оны дайындаудың
технологиялық тәсілі айрықша жетілдірілген. Кірпіштерді не өсімдік, не
уатылмай қалған түйіршік жоқ. Саздық қоспа қайта-қайта сүзу нәтижесінде
сульфат және магний тұздарынан тазартылған. Тастың тегістігі де шеберлікпен
орындалған - қол тигізгенде тап - таза, тау суындай үн шығарады. Ежелгі
құрылысшылар кесененің осылай ұзақ тұруы үшін қажетті балшықты қайдан
алған? Ғалымдар тарихи құжаттарды, аңызды, саздық материалдардың көпшілігін
талқыласа келе, бұл саз Түркістаннан 35 км. жердегі Саураннан алынған деген
шешімге келді. Аңыздарда көбіне осы жер айтылған. Е.М. Массон деген белгілі
тарихшы былай деп жазды: "Аңыз бойынша, көрханаға арналған кірпіштер мен
кесінділер Сауранда дайындалып, құрылыс орны Йасыға тұрған адамдар тізбесі
арқылы жеткізілген".
Кесененің бас порталының екі жағы биік мұнарамен жиектелген зәулім
аркасы бар. Оның ені - 50 м-ге, ішінің ұзындығы - 18,2 м-ге, биіктігі -
37,5 м-ге тең. Пештақ -Таяу және Орта Шығыстың мекен-жайларын
Еуропалықтардан ерекшелендіретін белгі. Пештақ әдетте, мекен-жайдың басқа
бөлшектерінен биік болып тұрады. Кесененің орталық залының төңірегіне түрлі
мақсатпен 35 бөлме салынған. Ахмет Иассауидің жамағатқанасы әртүрлі
қызметті мына бөлмелерді жалғастыратын күрделі құрылыс:
- Жамағатхана немесе қазандық - дәруіштер жиналатын және топтасып зікір
беретін орын;
-Көрхана-мола;
- Үлкен және кіші ақсарай, азаматтық мақсатқа арналған мекен-жай -
жиналыстар, пікірталастар, оқулар өткізуге арналған;
- Мешіт - мұсылмандардың сыйынатын үйі;
- Кітапхана - бұл дәрісхана - сабақ өткізуге арналған бөлме;
- Асхана - тамақ ішетін орын;
- Құдықхана - су алатын орын;
Кесенеде құдықхананың орналасуының логикалық негізі бар.
Арнайы су үшін мекен-жай бөлінуінің өзі тегін емес. Қожа Ахмет Иассуаи
"Диуани Хикмет" атты өз шығармасында мифологиялық пайғамбар Қызырдың өз
бабасы екенін атаған. Сопы теологиясында Қызыр суға және жерге билік
жүргізуші тұлға. Орта Азия халықтарының исламға дейінгі сенім-нанымында су
және жер киесі бар деп есептеледі және ол тамырын тереңге жайған.
Орталық зал - қазандық төбесі жалаң қабат күмбезбен көмкерілген төрт
бұрышты бөлме. Қазандық күмбезі сегіз қырлы, діңгек үстіндегі желкенге
табан тірейді. Қазандық күмбезінің ішкі жағы - 18,2 м-ге, сырты - 20,5 м-ге
тең. Оның ортасында қазан тұр. Түріктер үшін қазан бірігу мен
қонақжайлылықтың символы болатын. Сондықтан, оның сыртқы безендірілуі мен
көлеміне айрықша көңіл бөлінген. Түркістан қазанының бұл ретте теңдесі жоқ.
Ортағасырлық дәуірде осылай аса шеберлікпен жасалған дүние жоқ. Екі
тонналық салмағы бар қола ыдысқа үш мың литр су сияды. Диаметрі 243,4 см.
қазанның тұғыры ауыр кірпіш еденге орналтылған. (жалпы биіктігі 156,3 см).
Қазанды Әбу-әл-Әзиз (Тебризден) шебер соққан.
Қазан көлемі мен оның бөлшектерінің безендірілуі де айрықша көңіл
аударады. Қазанның жоғарғы жағы ойылған жазулы лентамен көмкерілген, ол ірі
сырға сияқты 10 декоративті ұстама ("қалқа") үшін негізгі фонды береді.
Насхпен жазылған көп жазба бар, Темірдің қазанды 801 ж. Х (1399) дайындау
туралы жарлығы бар. Мұнан соң құранмен өлең берілген.
Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі - әулиенің көрханасы болып
табылады. Бұл жерде Қожа Ахметтің мүрдесі бар. Көрхананың қабырғаларында
сталактиттермен әшекейленген тайыздау ойықтары бар. Төбесі қос қабатты
күмбезбен көмкерілген. Көлемі: 3,25 XI, 2 х2,2 метр жан-жағына қазақ
хандары Әбілхайырдың, Абылайдың, Жолбарыстың, Есімханның және т.б.
мәйіттері орналасқан. Көрхананың ішкі күмбезі - көркемдік міндет атқарады.
Көрхананың солтүстік-батыста Мұхаммед-Ханафи деп аталатын әдемі айшықталған
кіріс порталы бар.
Бөлмелер мен ғимарат ішін дәліздер және сатылар арқылы аралауға
болады. Қазандықты 8 екі қабатты дәліздер көрханадан басқа барлық бөлмеге
алып барады. Бұл дәліздер ғимаратты сегіз дара блокқа бөледі. Әр блокта
архитектурасы да, пайдаланатын мақсаты да әрқилы бөлмелелер бар. Түрлі
мақсаттағы бөлмелердің басын осылайша біріктіру өз заманының тамаша үлгісі
болып табылады.
Солтүстік, шығыс, батыс фасадтарға кілем төселген сияқты. Бұл жіптен
өрілген кілем емес, геометриялық оюлы керамикалық тас. Кілем суреттері
Құран сөздерінен тұрады.
Эпиграфтық фриздің жазушылары терракоталық фонда құйма кірпіштерінен
өрнектелген. Жазулар көгілдір қышпен өрнектеліп, қара көк түсті
кірпіштермен көлеңке түсірілген. Күмбез бен фасад ғана емес, фриздің,
нишаның әрбір фрагменті бір-біріне ұқсамайды, сондықтан да бірегей болып
табылады.
Пеш тақтаспен қапталмаған.
Қолөнердің айрықша белгісіндей қоладан жасалған есік тұтқалары
(қалқалар), күміс және алтынмен әріптелген алты шырақ та аса шеберлікпен
орындалған және оны жасаған шебер: Изз-ед-Диннің аты-жөні жазылған.
Қазіргі кезде Ахмед Иассауидің кесенесі алғашқы қалпында сақталуда,
және мемлекет арқылы қорғалады. Әрбір адам ортағасырлық Шығыс маржанымен
таныса алады. Түркістан қаласы отандық және шетелдік туризмнің ірі
орталығына айналуда. Әр түрлі елдерден келген туристер тек кесенеге ғана
емес, қаланың өткеніне де қызығушылық білдіреді. Сондықтан, ежелгі
Түркістанды қалыпқа келтіру бағдарламасы жасалды. Өңдеу жұмыстары аяқталған
соң туристік сапарламаға Йасы қаласының орны, жерастылық мешітті сопылық
орталық, белгілі адамдар зираттары, шығыстық монша және т.б. ендірілетін
болады.
ІІ-бөлім. Қ.А.Яссауидің Сопылық ағымы
2.1. Диуани хихмет
Сопылар грекшеден тікелей аударғанда (софистэс) білгір,
шебер, суретші, дана дегенді білдіреді. Б.д.д. V ғасырда Көне Грецияда
пайда болған ақылы философия мұғалімдерін, риториктерін (шешендер) және
эристиктерді (дауласу өнері) осылай деп атады. Платон мен Аристотельдің
арқасында бұл сөздер бүгінгі күнге дейін тұрақты мәнін сақтады: бос сөзге
әуес, оның мәнінен гөрі сөзуарлыққа көбірек салынатын адамдарды осылай
атайды. Платон сопыларға ақиқатқа жетудің қажеті жоқ, тек көз жетсе болды
деп уағыз айтты.
Сопылар бірыңғай мектепте болған жоқ, олар өзара
бәсекелесті, алайда оларды тек кәсіби білім беру ғана емес, сондай-ақ
философияның пәні мен әдісі біріктірді. Бұл туралы негізгі мәселе - әлем
мен білімнің қарым-қатынасы туралы мәселе болды. Құйтырқы өсек сөздің
көмегімен ненің ақ, ненің қара екендігін оңай дәлелдеуге немесе жоққа
шығаруға болатындығына көз жеткізген сопылар объективті ақиқаттың жоқтығын,
олардың орнын, уақыттың, шарттың және адамның өзіне байланысты екендігін,
субъективті екендігін тиісінше әлемді танып болмайтындығын уағыздады
(Агностицизм - әлемнің толық немесе ішінара танылмайтындығы туралы ілім).
Ақиқаттың салыстырмалылығы туралы ілім ізгілік нормаларының қатыстылығы
туралы пайымдаумен ұштасты – кімге не тиімді болса, сол жақсы. Мұндай
көзқарас көп жағдайда, аморализмге (бейақлихаттыққа) апарып соқтырды.
Сопылар табиғатта ненің өмір сүретіндігін және де, қағида
бойынша, ненің өмір сүретіндігін нақты ажырата отыра физикамен шұғылданған
жоқ, олар ежелгі философия тарихында алғаш рет адамды көзқарастық
ізденістер астарына зер салуға жетеледі. Көне Грециядағы философиялық, діни
және қоғамдық өмірге сопышылдықтың ең прогрессивтік ықпалын оның өз мәнінде
қатып-сіңбеге қарсы екендігінен, тиісінше адамды беделге деген соқыр
сезімге қарсы өзіндік ізденіске итермелеуге қабілеттілігінен көруге болады.
Сопыларды шартты түрде жолы үлкендер – Протагор, Ксениад,
Горгий, Продик, Гиппий; және жолы кішілер – Алкидам, Пол, Калликл, Фразимах
және басқалар деп бөледі.
Протагор (б.д.д. 480-410 жж) Демокрит сияқты Абдерахта туды,
көп саяхат жасады, философияны оқытқандығы үшін алғашқылардың бірі болып
ақы ала бастады. Ол Фурий қаласы үшін заң жазды, Периклдің тапсырмасы
бойынша Афиныға арналған Конституцияны әзірледі, осы қалада құдайларға
сенбегендігі үшін ұсталып, сотталды, ал оның Құдайлар туралы кітабы жария
түрде өртелді. Протагор қаламынан Жаратылыс туралы, Ғылым туралы,
Мемлекет туралы, Құдайлар туралы, Пікір-сайыс немесе дауласу өнері
сияқты ондаған шығармалар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz