Алаш зиялылары және ұлт тілі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
riskk
23-29 минут

• Жоспар
• Кіріспе
• Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
1 Тарау. Алаш зиялыларының оқу.тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
1.1 Алаш зиялылары және ұлт тілі
2 тарау. Қазақтың бес арысы атанған зиялыларының ілімдері
2.1 Әлихан Бөкейханов . көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама
ғалым
2.2 Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары . тәлім . тәрбие мектебі
2.3 Мағжан Жұмабаевтың тәрбиелік идеялары . тәуелсіз ел мектебінің негізі
2.4 Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикалық мұраларындағы тәлім.тәрбиелік
идеялары
2.5 Міржақып Дулатов . зерделі сөз зергері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
Тақырыптың өзектілігі. Алаш қайраткерлерінің тіл саласындағы тағылымын биік
бір асқарға теңесе болғандай. Сол асудың төңірегінде Алаш зиялыларының
қазақ тілін дамытудағы еңбектерін ерекше бөле-жара айтуға болады. Алаш
зиялыларының дербес мемлекеттілікке ұмтылыстарында қазақ тілінің мәртебесі
туралы да ойлар менмұндалап тұрды. Оны олардың сол тұста жазған
мақалаларынан және А.Байтұрсынұлының, С.Сәдуақасұлының Оқу комиссариатында
басшылық еткен кезіндегі іс-қимылдарынан аңғаруға болады. Тіл – ұлт
руханиятының негізгі өзегі екендігі де Алаш зиялыларының қоғамдық ойларынан
және көркем шығармашылығынан көрініп жатты. Тілдің қоғамдағы орны мен рөлі
жөніндегі қисынды пікірлер Ахаң бастаған алашшылдардың мақалаларынан
көрініп жатты. Сондай-ақ, туған тіл тақырыбы ұлтты ұйыстырушы, халықтың төл
болмысын айқындаушы фактор ретінде қазақ поэзиясында, әсіресе, М.Жұмабаев,
С.Торайғыров өлеңдерінде ерекше леппен жырлана бастады.
Ең данышпан қазақ бастауында тұрған ұлы гуманистік аңсарды дамытқан, нағыз
ренессанстық деңгейге жеткізген – Алаш қайраткерлері. Қазақ баласына Абайды
ең алғаш таныстырған да Алаш зиялылары, Алаштың Әлиханы, Ахметі, Міржақыбы.
Елі мен жерінің тәуелсіздігі жолында іздене отырып, сол күрес жолында Алаш
зиялылары өздерін де, өз замандастарын да, өзінен кейінгілерді де
қайраткерлік жағынан да, қаламгерлік жағынан да дайындады, жетілдірді деуге
болады.
Жұмыстың мақсаты:
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесін ұсыну.
Жұмыстың міндеттері:
( Алаш зиялыларына тоқталып өту.
( Қазақтың бес арысы атанған зиялыларының ілімдерін ашып көрсету
Жұмыстың құрылымы:
Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Алаш Орда: Сборник документов Сост. Н. Мартыненко. – Алматы: Айқап,
1992. – 192 с.
2.Әбуев К. Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерінен. – Алматы: Қазақстан,
1994. – 144 б.
3.Бес Арыс. (Құраст, Д. Әшімханов). –Алматы: Жалын, 1992. – 544 б.
4.Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және
қазіргі кезең халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының
материалдары, Семей 2008ж
5. Қ.Әбуов. Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерінен. –Алматы: Атамұра-
Қазақстан, 1994.
6. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық.
І-том. - Алматы: Атамұра, 1996. 544 б. (9 б.).
7. "Қос төңкеріс және Алаш қозғалысы". Сұхбат материалдары. Сұхбатты
хаттаған Т.Омарбеков "Ақиқат", 1991, N11 (45-46 б.б.).
8. Т. Жұрбай. Ұраным – Алаш!. -Алматы, 2008.
9. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы, 1993.

Қандай қате таптыңыз?
тақырыпта грамматикалық қате бар
тақырып жұмысқа сәйкес емес
жұмыста өте көп граматикалық қателер бар
жұмыстың сапасы нашар
Рақмет!

Тақырыбы: Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
Мазмұны
Кіріспе
1 Тарау. Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
1.1 Алаш зиялылары және ұлт тілі
2 тарау. Қазақтың бес арысы атанған зиялыларының ілімдері
2.1 Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,
ғұлама ғалым
2.2 Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары - тәлім - тәрбие мектебі
2.3 Мағжан Жұмабаевтың тәрбиелік идеялары – тәуелсіз ел мектебінің негізі
2.4 Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикалық мұраларындағы тәлім-тәрбиелік
идеялары
2.5 Міржақып Дулатов - зерделі сөз зергері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Алаш қайраткерлерінің тіл саласындағы тағылымын
биік бір асқарға теңесе болғандай. Сол асудың төңірегінде Алаш зиялыларының
қазақ тілін дамытудағы еңбектерін ерекше бөле-жара айтуға болады. Алаш
зиялыларының дербес мемлекеттілікке ұмтылыстарында қазақ тілінің мәртебесі
туралы да ойлар менмұндалап тұрды. Оны олардың сол тұста жазған
мақалаларынан және А.Байтұрсынұлының, С.Сәдуақасұлының Оқу комиссариатында
басшылық еткен кезіндегі іс-қимылдарынан аңғаруға болады. Тіл – ұлт
руханиятының негізгі өзегі екендігі де Алаш зиялыларының қоғамдық ойларынан
және көркем шығармашылығынан көрініп жатты. Тілдің қоғамдағы орны мен рөлі
жөніндегі қисынды пікірлер Ахаң бастаған алашшылдардың мақалаларынан
көрініп жатты. Сондай-ақ, туған тіл тақырыбы ұлтты ұйыстырушы, халықтың төл
болмысын айқындаушы фактор ретінде қазақ поэзиясында, әсіресе, М.Жұмабаев,
С.Торайғыров өлеңдерінде ерекше леппен жырлана бастады.
Ең данышпан қазақ бастауында тұрған ұлы гуманистік аңсарды дамытқан,
нағыз ренессанстық деңгейге жеткізген – Алаш қайраткерлері. Қазақ баласына
Абайды ең алғаш таныстырған да Алаш зиялылары, Алаштың Әлиханы, Ахметі,
Міржақыбы. Елі мен жерінің тәуелсіздігі жолында іздене отырып, сол күрес
жолында Алаш зиялылары өздерін де, өз замандастарын да, өзінен кейінгілерді
де қайраткерлік жағынан да, қаламгерлік жағынан да дайындады, жетілдірді
деуге болады.
Жұмыстың мақсаты:
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесін ұсыну.
Жұмыстың міндеттері:
➢ Алаш зиялыларына тоқталып өту.
➢ Қазақтың бес арысы атанған зиялыларының ілімдерін ашып көрсету
Жұмыстың құрылымы:
Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
1 Тарау. Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
1.1 Алаш зиялылары және ұлт тілі
Ұлттың бойында сан ғасырлар жинақталған рух пен мұраттың ұлы бұлқынысы
болған Алаш қозғалысы ел тағдырына қатысты барша идеяны өзіне өзек еткені
бүгінде көбімізге белгілі. Құдайға тәуба, Алаш қайраткерлері күресінің
тағылымы да, Алаш қаламгерлерінің мұрасы да жылдан жылға қазақтың рухани-
мәдени өміріне еніп, Алаш сөзі аяулы ұғым, қасиетті түсінік ретінде
қоғамымызда асқақтатыла айтылып келеді. Күнделікті теледидардан, радиодан,
газеттерден Алаш сөзінің айрықша мән беріліп айтылғанына, жазылғанына куә
болудамыз. Яғни, Алланың алқауымен қазақ баласының жаны мен жүрегіне, ойы
мен пікіріне, санасы мен сезіміне Алаш ұғымы уақыт өткен сайын бойлай
түсуде. Партия ұраны десек, бабамыздың Алаш ұранынан артық ұранды
іздесек те таба алмаймыз.
Сонау ХХ ғасырдың басында елдің еркіндігі үшін күрескен ерлер қалаған
осы қасиетті сөз тәуелсіздігіне жеткен қазақ баласына да соншалықты қымбат,
аяулы ұғымға айналуда. Бұл – санамыздың жаңғыруы, тарихи тамырларымызды
қастерлеуіміз, елдіктің белгісі, өсер жұрттың өнегесі.  
Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан
міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда
осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі
тұрды. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани
үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді.
Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі
мәселесі ерекше орынға ие болды. Ұлт-азаттық күрес заманы қалыптастырған
зиялылардың ана тілімізге арналған еңбектері, тіл жолындағы алуан күрестері
– бүгінгі өзі де азат, тілі де азат күнге жеткен қазақ баласына тағылымды
мұра, өміршең өсиет. Алаш зиялыларының тіл төңірегіндегі еңбектерінің
алуандығы – олардың ұлт тағдырындағы тілдің төтенше маңызын әрі терең, әрі
жан-жақты түсінгендігін аңғартады. Соған орай, Алаштың тілдік мұрасын сан
тарапты құбылыс деп бағалай келе, оны бірнеше аспектіде сипаттаудың
бірқатар мүмкіндіктерін аңғартпақпыз.
Біріншіден, Алаш азаматтары қазақ ғылымының төлбасы әрі арналы саласы
ретінде ең алғаш болып тілтану ғылымының іргетасын қалады. Оның себебіне
үңілсек, онда Алаш қайраткерлерінің барлық ұлттық ерекшеліктердің ішінен
халықтың болмысын, өткені мен бүгінін танытарлық тіл сияқты ең көрнекті
құбылысты таңдауы аса қисынды еді. Қандай ғылым болса да, әлбетте, белгілі
бір қолданбалы, жүзелік сипаттан өрістейді. Осы тұрғыдан келгенде, Ахаңның
тіл саласындағы еңбектері, кейінірек жазылған Халел Досмұхамедұлының,
Телжан Шонанұлының, Елдес Омарұлының еңбектері алдымен оқытуға, білім
беруге арналған дүниелер болатын. Әсіресе, тіліміздің жазу үлгісінің,
емлесінің қалыптасуындағы Алаш зиялыларының орны алабөтен. Алаш
оқымыстыларының қазақ тіл білімі тарихындағы орнын 1924 жылы Орынбор
қаласында өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі де байқатты. Алаш
оқымыстылары қалыптастырған қазақ тіл білімі Ахаңның, Ахмет Байтұрсынұлының
ғылыми-тілдік мектебін қалыптастырды. Тәуелсіздік алған заманда тағы да
Ахаң өзінің ұстаздық мінберіне барша тұлғасымен көтерілді.
Екіншіден, Алаш қаламгерлері ХІХ ғасырдың ортасында алғашқы белгілері
байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан
да қалыптастырды, анағұрлым байытты. Қазіргі кезде ғалымдар тарапынан Алаш
әдебиеті, Алаш ұранды әдебиет делініп жүрген әдебиет идеялық жағынан да,
тақырыптық жағынан да, тілдік-стильдік жағынан да, жанрлық жағынан да,
бейнелілік жағынан да ауызша дамыған сөз өнеріміздің жазба әдебиетке тән
деңгейге көтерілуіне өлшеусіз үлес қосты. Бұл тіліміздің бойындағы
мүмкіндіктерді барынша көрсетуге, көркем әдебиет стилінің дамуына жағдай
жасады. Алаш әдебиеті арқылы ұлттық сөз өнеріміз жаңа деңгейге жетіп,
тіліміздің байлығы мен оралымдылығының, мағыналылығының, әлеуетінің
мүмкіндіктері мол екендігін паш етті. Жазба әдебиетіміздің тарихындағы
алаштық кезеңді зерттеуде қазақ лексикасының зор мүмкіндіктерін айқындайтын
мысалдар жеткілікті. Сөз қолдану, ұғымды беру, тың сөз тіркестерін жасау,
бейнелілік тудыру, тілдің стильдік мүмкіндіктерін ашу, құбылысты суреттеу –
олардың ұлттық ойлаудың биігіне жеткендігін, сондай-ақ Шығыс пен Батыстың
рухани игіліктерін ізденгіштікпен зерделегенін байқатады. Алаш
қайраткерлері мен қаламгерлерінің бұл жоралы жолы із-түссіз кеткен жоқ.
Оның тамаша дәстүрлері өзінен соңғы советшіл әдебиеттен көрініс тауып
жатты.
Үшіншіден, Алаш зиялылары ХХ ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі
мәселесін көтере отырып, ұлттың рухани-мәдени өрлеуіндегі, саяси
ұйысуындағы асыл қазынаның бірегейі тіл екендігін байыптады. Сөйтіп, олар
тілді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе, қазақ
тілінің саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. Бұл
алаштықтар тарапынан тілдің саяси, әлеуметтік маңызын, ұлттың тұтасуы мен
өркендеуіндегі орнын сезініп, оған тұңғыш рет берілген толымды баға
болатын. Бұл да тәлімі тарихи деуге татитын Алаштың орасан өнегесі болатын.
А.Байтұрсынұлы Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш
уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп
болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл - деп ұлттық рухтың, болмыстың негізі
де, арқауы да тіл екендігін алғаш аңғартты. А.Байтұрсынұлының Туған
тілім, М.Жұмабаевтың Қазақ тілі, С.Торайғыровтың Туған тіліме өлеңдері
– жалпы қазақ әдебиетіндегі тіл тақырыбында жазылған тұңғыш көркем
туындылар еді. Алаш қайраткерлерінің тіл турасындағы осы көкейкесті ойлары,
рухани күресі азаттық алған бүгінгі қазаққа да жолбасшылық етуде. 
Төртіншіден, Алаш қозғалысы тұсында шын мәніндегі ұлттық мазмұндағы
қазақ баспасөзі қалыптасты. Алаштың рухани көсемі Ахаңның еңбегімен,
жігерімен дүниеге келген Қазақ газетімен бірге, Түркістан көсемі Мұстафа
Шоқай шығарған Бірлік туы және Алаштың астанасы Семей қаласында Райымжан
Мәрсеков, Халел Ғаббасовтар шығарушылары болған Сарыарқа газеттері
публицистикалық тіліміздің айрықша дамуына іргелі үлестерін қосты. Сөйтіп,
қазақ публицистикалық тілі мен стилі Алаш қозғалысы тұсында аяқтанды деп
айта аламыз. 
Бесіншіден, Алаш оқымыстыларының ғылыми және ғылыми-танымдық
еңбектері, әр салаларға арналған оқулықтары арқылы тіліміздің ғылыми және
ғылыми-көпшілік стильдерін қалыптастырды. Айталық, Ә.Бөкейханның тарих,
фольклортану, әлеуметтану саласындағы ғылыми шығармалары, А.Байтұрсынұлының
1912 жылдан бастап 1928-1929 жылдарға дейін жазылып, жарияланған
оқулықтары, оқу құралдары, ғылыми мақалалары, Х.Досмұхамедұлының медицина,
биология, тілтану саласындағы ғылыми еңбектері, М.Тынышпаевтың тарихи
зерттеулері, М.Дулатовтың тілтану, әдебиеттану, математика саласындағы
ғылыми шығармашылығы, Ж.Аймауытовтың психология, әдебиеттану саласындағы
ғылыми ізденістері, М.Жұмабаевтың педагогика, әдебиетану саласындағы
еңбектері, Т.Шонанұлының тілтану, әдістемеге арналған оқу құралдары мен
зерттеулері, сондай-ақ Ә.Ермековтің, М.Тұрғанбаевтың, Е.Омарұлының,
С.Асфендияровтың, М.Бұралқиевтың, Қ.Кемеңгерұлының, С.Сәдуақасовтың ғылыми
еңбектері ғылым тілінің, қазақтың ғылыми терминологиясының қалыптасуында
айрықша белес болды. Қазақ тілінің әліпбиін, емлесін жасаумен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаштың аруағы
Қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлі
Ұлттық терминқор қалыптастырудың алаш кезеңі және қазіргі қазақ терминологиясы
Алаш зиялыларының ұлт тарихы мен руханиятқа қосқан үлесі
Кадет партиясының мүшесі
Алаш тағылымы және қазіргі қазақ руханияты
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
Алаш қозғалысының негізін қалаушысы
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
Қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі
Пәндер