ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ - ҒАЛЫМ, ЖАЗУШЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
Журналистика кафедрасы

Қорғауға жіберілді.
__________________________
_____кафедраның меңгерушісі
_________ф.ғ.к. Мукашева М.
___________________20__ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ
5В050400 - Журналистика мамандығы бойынша

Орындаған: Бахтиярова А.

Ғылыми жетекшісі:
ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор: Қыдырбаева А.

Норма бақылау: Балтурганова С.К.

Атырау 2018

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ -ҒАЛЫМ, ЖАЗУШЫ
1.1 Тұрсын Жұртбайдың шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 Т.Жұртбайдың Абай, Мұхтар Әуезовтің өмірі
мен шы - - ғар - машылық тағдыры туралы зерттеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2 ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙДЫҢ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ
2.1 Т. Журтбай очерктеріндегі өмір шындығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2.2 Тұрсын Жұртбай публицистикасының стиль ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... .42
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..66

КІРІСПЕ
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяғында қоғамдағы көзқарастармен қоса аға толқын мен кейінгі толқынның арасындағы алмасу жүріп жатқан еді. Академиялық ғылыммен айналысқан ғалымдардың ойлау жүйесі біржақты келеді әрі асықпай шабандау қимылдайды. Оған кеңестік ғылыми ой қорыту жүйесіне қойылған қатаң әрі қасаң талаптар да ықпал етпей койған жоқ. Бұрынғы жабық тақырыптарды игеру үшін де тың ғылыми күш қажет болды. Сондықтан да әдебиет институтына ғылыми зерттеуге қабілеті мен дайындығы бар, әдебиет теориясы мен тарихына сыни көзқарастары қалыптасқан қаламгерлерге, соның ішінде жастарға ерекше ынтамен қарап, ғылыми қызметке батыл тарту қажет болды. Алдымен Ақселеу мен Қойшығара келді, оған Шөмішбай мен Батырхан Дәрімбетов, Нұрдәулет Ақышев, Бекен Ыбырайымов қосылды. Солардың ара - сында елге танылып қалған, он жылдан астам уақыт Жұлдыздың сын бөлімінде істеп, журналтстика, әдебиеттану саласында тәжірибе жинақтаған Тұрсын Жұртбай да бар еді.
Тұрсын Жұртбай қазіргі қоғамдық-саяси, рухани-мәдени өмірде болып жатқан түрлі құбылыстарға белсене араласып ХХ ғасырдың басында қалыптасқан демократиялық идеяларды қолдаушы, ұлттық ояну мен жаңғыру идеяларына бой ұрған, ұлт мүддесін ойлап, өзінің еңбектері арқылы халқын ағартушылыққа шақырған ұлт зиялысы, қайраткер тұлға.
Т.Жұртбайдың публицистік шығармашылық жолы қазақ журналистикасы арқылы қалыптасып, сол арқылы оқырманға танылған. Қырық жылдан астам уақыт қаламын қолынан түсірмеген майталман жазушы - ел өмірі, ұлт тағдыры, тұрмыс-тіршілігі, жақсысы мен жасығы туралы кестелі ойларын ортаға салып, қазақ әдебиетіндегі публицистика жанрының қанат жаюына сүбелі үлес қосқан бірегейлердің бірі.
Ғалым жазушының Бесқарагер, Дара тұлға, Жер бесікроман-новеллалары, Бейуақ, Бесігінді түзе, Талқы, роман-эсселері, Күйесін жүрек... сүйесін!, Бесігінді аяла!.. кітаптары оқырман жүрегіне жол тауып, халқымыздың рухани әлеміне зор үлес болып қосылды.
Ғалым-жазушының Ұраным - Алаш!.. атты үш кітаптан тұратын ғылыми туындысы қазақтың жалпыұлттық Мәңгілік ел идеясының арнасында еліміздің келелі де қасіретті тарихи кезеңіне арналған іргелі детолымды зерттеу еңбегі болып табылады.
Алаш идеясы - бүгінгі мәңгілік ел идеясының тамыры. Онда қазақ халқының кешегі, бүгінгі, ертеңгі даму бағдары қамтылған. Өйткені, алаш қайраткерлері қазақ ұлтының тартқан тауқыметін өздері басынан кеше отырып, азабы мен қинауына төзе отырып, қилы-қилы рухани, саяси-экономикалық, территориялық қысымдар мен жазалаудың тұсында елін аман сақтап қалудың амалы ретінде екшей таңдаған ұстаным болатын.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі кезде ұлттық рухты оятатын, оның астарын түсіндіріп, себептерін саралайтын тарихи туындылар мен зерттеу еңбектер аса қажет. Ондай еңбектер ұлттың жаңғыруына жаңа екпін береді. Осындай туындылардың көркем шығарма, тарихи зерттеу, саяси пайымдау болсын, бәрібір, дәл осындай кезеңде ерекше назар аударылып, олардың маңызы жаңаша мағына алуда. Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел деп ұлы Абай айтқандай, Абайдың өзінен бастап рух бостандығы туралы тәлімді сөздерді санамызда жаңғыртып, бүгінгі күннің өзекті ойымен ұштастыра білу - әр зиялының парызы.
Жазушылық пен журналистік тізгінді қатар алып келе жатқан тұлғаларды жан-жақты зерттеп, қаламынан туған дүниелерді жанрларға бөліп талдау, оның ішіндегі публицистік, очеркистік қырын арнайы саралау - үлкен парыз.
Ұлттық публицистикамыздың майталманы Тұрсын Жұртбайдың көркемдік әлеміне жаңаша көзқарас, ғылыми-теориялық талдау тұрғысынан қарастырып, зерттеу бүгінгі журналистиканың алдында тұрған міндет болып табылады.
Қазіргі қазақ публицистикасының ішіндегі өзіндік стиль қалыптастырған Т. Жұртбайдың туындыларын жаңаша көзқараспен қарастыру осындай өзектіліктен туып отыр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Т. Жұртбай отандық білім және ғылым жолында қажырлы еңбек етіп, қазақ әдебиеті мен журналистикасын дамыту жолында үлкен табыстарға жетті.
Жүрегімде жұмыр жер, Бесқарагер, Дара тұлға, Жер - бесік роман-новелласы, Бейуақ роман-эссесі, Бесігіңді түзе, Талқы роман-эсселері, Мухтар Омарханович Ауэзов, Күйесің жүрек... сүйесің!, Бесігіңді аяла!... кітаптарыңыз, Алаш қайраткерлерінің шығармалары мен өмір деректері туралы көптеген ізденістер жүргізіп, солардың негізінде жазған ғылыми еңбектеріңіз атыңызды жеке даралап тұрады. Сіз Алаш ақиықтары жинағын құрастырып, қайраткерлерінің беймәлім шығармаларын жалпы жұртшылыққа таныстырдыңыз. Осы еңбегі бағаланып Халықаралық Алаш, І.Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты болды.
Дипломдық жұмыстың нысаны:
Тұрсын Жұртбайдың публицистикалық шығармалары.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Жұмыстың басты мақсаты - Т. Жұртбайдың публицистикалық шығармаларындағы ерекшеліктерді зерттеу.
Осы мақсат - мұраттарды жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына төмендегідей нақты міндеттер қойдық:
- Т. Жұртбайдың өміріне, қызметіне жалпы шолу жасау;
-Т. Жұртбайдың публицистикасына жалпы шолу жасау;
- Т.Жұртбайдың публицистикасының өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
Т.Жұртбайдың публицистикасында қозғалған ойлар желісін маңыздылығы бүгінгі күнде тәуелсіз еліміздің ұстанған бағытының бастауы іспетті. Торераннтылық, адамгершілік, этика-эстетикалық нормалардың арақатынасын публицист туындыларынан анықтау - жұмыстың негізгі жаналығы болып саналады.

Дипломдық жұмысының теориялық және практикалық маңызы:
Жұмыстың негізгі тұжырымдары мен нәтижелері әдебиет теориясы мен тарихындағы әдеби бағыт, ағым, көркемдік әдіс мәселелерін талдап, түсінуде үлес қосады.
Келешек ұрпаққа талай құнды дүниелер қалдырды.
Сол себепті де жазушының туындылары арқылы кешеге, ал тарих үшін ХХ ғасыр аталатын заманның небір оқиғалы, небір тағдырлы сәттерін жас ұрпаққа сабақ, тәрбие құралы ретінде пайдалануымыз қажет.
Дипломдық жұмысының материалдарын орта және жоғарғы оқу орындарында Журналистикаға кіріспе, Публицистикалық шеберлік, Қазіргі қазақ әдебиеті пәндерін оқып үйрену барысында және арнаулы курстарға, мектеп мұғалімдеріне көмекші ретінде пайдалануға болады.
Дипломдық жұмысқа ұсынылған тұжырым:
Дипломдық жұмыста Т. Жұртбайдың жазушылық табиғаты мен өзіндік ерекшеліктері анықталып, публицистикалық бағыты зерделенді. Публицисттің ой-тұжырымдары қорытылды.
Дипломдық жұмыстың әдісі:
Жұмыста талдау, жинақтау, салыстыру, қорытындылау әдістер басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиет тізімдерінен тұрады.

1ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ -ҒАЛЫМ, ЖАЗУШЫ
1.1 Тұрсын Жұртбайдың шығармашылығы
Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай 1951 жылы 15 тамызда Семей (қазiргi Шығыс Қазақстан) облысы Абай ауданының Шаған ауылында дүниеге келген. 1969 - 1974 жылдары қазiргi әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнде оқыды. Жазушы, филология ғылымының докторы, Халықаралық Алаш, Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтарының лауреаты.
Алғашқы еңбек жолын Жетісу газетінен бастап, Білім және еңбек, Жұлдыз журналдарында шыңдаған. 1990-1992 жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, 1992-1996 жылдары бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. 1996-1998 жылдары ҚР ҰҒА Әуезов үйі ғылыми-мәдени орталығының директоры, 1998-2001 жылдары М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, докторанты ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен дендей айналысты. Ел астанасы Алматыдан Ақмолаға ауысуына орай, жаңа елорданың рухани-мәдени дамуына өзіндік үлесін қосып, 2001 жылдың наурызынан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Отырар кітапханасы ғылыми орталығының директоры қызметін атқарып келеді.
Тұрсын Құдакелдіұлы 30 аса кітап пен 700 аса ғылыми мақаланың, оның жетекшілігімен шыққан басылымдардың авторы. Оның алғаш жарық көрген Қоңыр қаз, Жүрегімде-жұмыр жер атты өлең кітаптары, Замандасым, сырласым (1976), Бесқарагер (1982), Дара тұлға (1984), Жер бесік (1985), Болашақтың бәйтерегі (2007), Бейуақ (1997, 2007), Дулыға (1994), Кетбұға (1994, Пекин, 2007), Талқы (1997), М.Әуезов (1997), Күйесің, жүрек... сүйесің (2001, 2007), Құнанбай (2004), Сүре сөз (2008), Ұраным-Алаш!.. (2008), Қар астындағы көбелек (2008), Бір уыс жусан (2009), Бұзылған бесікке!.., тағы басқа да кітаптарға жалғасты. Жансар (2008) мен Мәңгілік аңсар (2009) басылымын күтіп жатыр)
Жазушының зерттеу нысанына айналған үлкен тақырып абайтану, әуезовтану және алаштану. Ол абайтану мен әуезовтану саласынан Бесігіңді түзе!.., Бесігіңді ая!, Бесігіңді аяла!.., Бесігіңді ұмытпа!.., Абай және рухани тәуелсіздік мәселесі атты монографияларын жазды, Т.Жұртбайдың ғылыми жетекшілігімен М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі, М.Әуезов туралы естеліктер, М.Әуезов әлемі, Абай жолы роман-эпопеясының ғылыми текстологиялық салыстырудан өткен басылымы, М.Әуезов шығармаларының елу томдық жинағының 1-7 томы (1997-1998), М.Әуезовтің Ескермедім, қабылдамадым... (1998) атты ашық хаттар жинағы, Мұхтар Әуезов энциклопедиясы дайындалды.
Жазушылық жолын ақын ретінде бастап, бір-екі өлендер жинағын шығарғанын, кейіннен прозаға қалам тартып, бірнеше peт республикалық конкурстын бәйгесін алғанын, Бесқарагер атты повесінің Ғабит Мүсіреповтің назарына іліккті. Оның сын мақалалары үнемі жарияланып баспасөз бетінде тұрды. Сонын ішінде, Абайдың өмірі мен текстологиясы және М.Әуезовтің туындыларындағы тарихи және көркем шындық туралы салыстырмалы зерттеулері әдебиет қорын толықтырды. Бесігіңді түзе!.. атты толғау әссесі әдеби ортада ерекше ықыласқа бөленіп, көркем және сыни талдаулар Т. Жұтбайдың ғалым ретінде танытатын.
Бұл көркем әдебиет пен публицистика бар жанрына қалам тартқан Т. Жұртбайдың шығармашылык жолынын алғашкы кезеңі болды.
Ұлтымыздың рухани тарихында мұндай ұлағатты үлгілер көп-ақ. Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел деп ұлы Абай айтқандай, Абайдың өзінен бастап рух бостандығы туралы тәлімді сөздерді санамызда жаңғыртып, бүгінгі күннің өзекті ойымен ұштастыра білу - әр зиялылының парызы.
Бұл орайдан алғанда Т. Жұртбайдың Ұраным - Алаш!.. атты үш кітаптан тұратын тарихи деректі монографиясы жатады. Бұл еңбекте Алаш қозғалысы - тарихи пайымдау тұрғысынан жазылған, біртұтас алаш идеясы тұжырымдалған, алаш қайраткерлерінің тағдыр талайы құжаттар арқылы тиянақталған, мол мағлұматтарға толы зерттеу әрі терең ойға құрылған көркем талдау. Сол идея бүгін де ерекше маңызға ие болып, рухани жаңғыру ұранымен үндесіп отыр. Т.Жұртбайдың Ұраным - Алаш!.. трилогиясындағы біртұтас алаш идеясын зерттеулер мен талдаулар арқылы тұжырымдап беруі соның бір айғағы.
Жалпы, бұл еңбек туралы оқырмандар тарапынан жүздеген көптеген пікірлер білдіріліп, баспасөздер мен ақпарат құралдарында үзбей айтылып келеді. Талқылау барысында да белсенді пікірлер де жарияланып жатыр. Оған қазақ жазушылары тарапынан да жоғары бағаланды, сөйтіп, бүгінгі зиялы қауымның назарын аударатын басты кітаптың біріне айналды.
Трилогияның табысты орындалуының басты себептерінің бірін, кітаптың жазылуы тарихы мен көтерген мәселесі туралы анықтамаға жүгінсек, оның анық-қанығын білеміз. Сілтеме-түсініктеменің өзінде: жазушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбайдың Ұраным - Алаш!.. атты үш томдық еңбегі ғылыми-тарихи және әдеби-шығармашылық зерттеу болып табылатыны көрсетілген. Деректерге дәйектелген бұл зерттеу Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің үстінен 1927-1932 және 1937-1938 жылдары ОГПУ, НКВД, КГБ тарапынан жүргізілген тергеу істерінің негізінде жазылған.
Т. Жұртбайдың жеке ғылыми-шығармашылық табыстарына келетін болсақ, ол өзінің үздіксіз ізденіс үстінде өткен осы үшінші кезеңінде әдебиет пен тарихтың тамырын жалғап, жан жақтыланып, марқаланып кеткен сияқты. Түпкі танымдық тамыры бір болғандықтан да бұл табиғи көрініс сияқты. Қазір жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдардың өзі бір-бірімен өзара тығыз байланысып бара жатқаны анық байқалады. Оның үстіне ғылыми орталықтың ұйымдастыру жұмысы әдебиет, тарих, жазу тарихы сияқты салаға тікелей қатысты болғандықтан да, осындай жан-жақтылықты талап етеді. Он жылдың ішінде әр ілім саласын камтитын 30-дан астам сирек қолжазбалар мен көне кітаптарды ғылыми айналымға түсіруінің өзі соның дәлелі.
Оның ақын, жазушы, жур - налист, сыншы, әдебиет тарихшысы ретіндегі еңбектерімен қоса тарихи әфсаналары да бір зерттеушінің жүгін көтеретіндей салмақты екен. Дулыға атты екі томдығы үш рет басылып, Құнанбай атты монографиясы, прозалық шығармаларының төрт томдығы шықты. Тұрсын Жұртбайдың ізденіс аясы мен еңбегі : 2001 - 2010 жылдар аралығында профессор Т.Жұртбайдың жетекшілігімен 40 мыңға тарта сирек колжазбалар мен кітаптар жинақталып, 31 басылым, соның ішінде Жетінші қазына (2004); Нарманбеттің Кер заман (2004); Х.Болғамбаевтың Шығармалары. Тағы лымдары (2005); Т.Қоңыровтың Теңеулер табиғаты (2005); Х.Тәкежановтың Қазақтың салт-дәстүрлері (2005); Ә.Марғұланның Саят кұстары (2005); Ноғайбайдың Елім үшін кектімін (2007); Б.Бафиннің Тарихи шежіре (2007); И.Нұрахметтің Ұлыстық әдебиеттен ұлттық әдебиетке (2005); С.Кенжеахметұлының Қазақтың салт-дәстүрлері (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде); Қазақтың салт-дәстүрі (Энциклопедия, 2009); Қ.Сартқожаұлының Түркі жазуының генезисі (2007); Н.Ахметбековтің Өлеңдері мен дастандары (2007); К.Таңатарұлының Арман да, арман, шын арман тарихи жырлары (2011); Қ.Мұхамедхановтың 9 томдық (2004 - 2011); С.Бегалиннің 6 томдық шығармалар жинағы (2007 - 2011); Қазақ ұлт азаттық көтерілісінің тарихы атты 30 томдықтың 7, 11-15, 17 томдарын (2007, 2008, 2009, 2010) құрастырып, ғылыми түсініктемелер жазылып, баспадан шығарылды. Білім және ғылым министрлігінің аясында ұйымдастырылған Көне түркі жазба ескерткіштері мен шығыс қолжазбалары Қазақстанның Тәуелсіздігінің рухани негізі (2003 - 2005) және Көне түркі жазба ескерткіштері мен шығыс қолжазбалары Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық идеясының рухани негізі (2007 - 2009) атты жобасына ғылыми жетекшілік етіп, түбірлі зерттеулер жүргізіпті. Сонымен бірге, қазір Қазақ қолжазбалары (біздің дәуірімізге дейінгі X ғ. бастап XXI ғ. дейін) атты 10 томдық ғылыми жобаны ғылыми айналымға түсіру бағытында жұмыс істеп жатыр екен. Оның: Қазақ қолжазбалары: Ежелгі грек, көне қытай жазбаларындағы түркілік әдеби үлгілер, Батыс өңіріндегі аз ұлт ақындарының таңдамалы өлеңдері (51 ақын, Т. Жұртбайдың өзі аудармалары.), Түркі және қазақ жазба әдеби мұралары, Маитри смид, VIII ғасырдағы 20 көріністі пьеса. Транскрипция, аударма, түсінік, Жеті қаған, Мұз бұршақ эпосы (ІХ - ХІ ғ.) атты алғашқы IV томы Ел шежіре баспасынан жарық көрді. Бірақ қазақ әдебиеттануына да, тарихшыларға да ой салатын құнды басылым екені даусыз. Ал оның Ұраным - Алаш!.. атты, 1922 - 1957 жылдары аралығындағы кеңестік идеологиялык қысым мен саяси жазалау, ұлт зиялыларын қудалау мен қуғын-сүргінге ұшырату, ұлттық санамен құндылықтарды жою, тұқымүзу (геноцидтік), халықтың жадын өшіру, әдебиеті мен мәдениетін рухсыздандыру саясатын әшкерелейтін Жегі, Тез, Талқы деген үш кітаптан тұратын түрме әфсанасы біртұтас алаш идеясының тұжырымдамасы жасалған іргелі еңбек болып табылады. Сонымен қатар, баспасөз бетінде жарияланып жатқан мерзімдік мақалалары қаншама
Сонымен бірге, ол әдебиеттану іліміндегі ұлттық идеяның қалыптасуын зерттей жүріп, қазіргі таңдағы ұлттық идеямыздың калыптасуына аянбай еңбек сіңірген адал да, шыншыл, мінезді тұлғаға айналды.
Т.Жұртбайдың жазушы, публицист, тарихшы, әдебиет зерттеушілігіне қоса, мәдениеттанушы, мұражайтанушы қырлары да айқындала түсті. Барған жерінің бәрінде жылт етіп көзге түскенді Отырар кітапханасы ғылыми орталығы үшін өтініп сұрап алады, салмақ салып алады, беделін салады, әйтеуір алып келеді. Нәтижесінде Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөліміндегі аса құнды сирек кітаптар саны екі жүзден асты. Мұнда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қазанда, Ташкентте, Орынборда, Стамбұлда, Мысырда, Кабулда, Үндістанда, Санк-Петербургте басылған ислам шарттарына, тарихына, мәдениетіне, араб тілінің грамматикасына қатысты қазақ халқы пайдаланған кітаптар, төте жазумен жазылған қазақ жырлары, араб, парсы, шағатай, қазақ, түрік, татар, өзбек т.б. тілдердегі, Пекиндегі, Үрімжідегі, Күйтіндегі баспалардан шыққан Қытайда тұратын қазақтардың қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, тарихына қатысты құнды еңбектер жинақталды.
Кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде сонымен қатар жеке адамдардың қолынан алынған көпеген еңбектер сақтаулы. Мысалы, осы орталықтың қорына Ақселеу Сейдімбек, Олжас Сүлейменов, Клара Әмірқызы, Сейіт Кенжеахмет, Сара Көлбайқызы, Хамит Бегалин, Қойшығара Салғара, Қаржаубай Сартқожаұлы т.б. тапсырған қазақтың әдебиетіне, мәдениетіне, дәстүріне, тарихына қатысты Ташкентте, Қытайда, Санкт-Петербургте, Қазанда, Самарқандта, Мысырда, Стамбұлда, Лондонда, Орынборда, Прагада, Мәскеуде жарық көрген кітаптар, қолжазбалар, альбомдар жинақталды. Жалпы саны - 108. Мыңнан асса да мақтаныш бола алмайтын дүниелер болуы мүмкін, алайда қорға келіп қосылған бұл материалдардың әрқайсының арқалаған жүгі салмақты. Берері мол. Бұлар, мақтануға ғана емес, сырларын аша білсек өткеніміздің белгісі, болашағымыздың негізі деуге тұратын құндылықтар.
Осы жинақталған қорды жүйелеп, ұрпақ кәдесіне жарату мақсатында да біршама ізденістер жүріп жатыр. Ілгеріде атап өткеніміздей, түрлі тілердегі кітаптардың мазмұнына қазақша түсініктер беріліп, оқырмандардың жалпы мәлімет алуына мүмкіндіктер жасалған. Мамандар тапшысына қарамастан, мысалы шағатай тілін білетін маман кітапханада өте сирек, алға қойылған міндеттердің алғашқы кезеңі сәтті шешімін тапты деп айтуға әбден болады. Атқарылған істен алда тұрған міндеттер жетіп артылады. Бұл жүріп жатқан жұмыстың баяулығын емес, ауқымдылығын көрсетеді. Осы орайда Адамның адамшылығын істі қалай аяқтағанынан емес, бастағанынан біл, - деген ұлы Абайдың даналығы ойға оралады. Осынша мол аса құнды еңбектердің әрқайсысы жеке зерттеу нысанына арқау етуге тұрарлық.
Қазіргі таңда түркі халықтары арасында шағатай тілі атауын өзіне бейімдеп, ескі өзбек тілі деген секілді ғылыми термин қалыптастыруға бейіл танытып жүрген ғалымдар бар. Бұл тұрғыдан алғанда, біздің де жазба ескерткіштерден өзімізді іздеуге құқымыз бар. Бүгінге дейінгі зерттеушілердің еңбектеріне сүйенсек, шағатай деген термин бірінші - Шағатай ханның есімі, екінші - оның қол астына қараған ұлыстың атауы, үшінші - осы ұлыс халқының жазба әдеби тілі болып табылады. Шағатай қол астына қараған Әмудария, Сырдария, Мауреннахр, Жетісу, Іле, Шығыс Түркістан аймақтары секілді алып өлкені атам заманнан бері қазақ халқының мекендеп келе жатқанын ескерсек, бұл өлкеде қолданылған жазба әдеби тілді қазақ әдеби тілінің тарихи негізі ретінде ескі қазақ әдеби тілі деп атауға міндеттіміз.
Ғылыми орталықтағы жеке қорлар туралы да өте ұзақ айтуға болады. Солардың бір-екеуіне тоқталсақ, академик Ә.Х.Марғұланның жеке мұражай-бөлмесінде қазақ, орыс, ағылшын, қытай, жапон, тілдеріндегі 700-ге тарта археология, этнография, шығыстану, тарих, өнертану кітаптары, ғылыми зерттеу экспедицияларының қолжазбалары, Қазақстанның археологиялық картасы және жеке пайдаланған бұйымдары компас, көзәйнек, үлкейткіш әйнек (лупа), фотоаппарат, әмияны, фото-суреттер сияқты жеке заттары да қойылған.
Қазақ археология ғылымының негізін салушылардың бірі, Ә.Марғұланның шәкірті Кемал Ақышевтың мұражай-кәбинеті өз алдына бір әлем. Ғалымның жеке кітапханасында 615 кітап пен ғылыми-зерттеу еңбектерінің қолжазбалары қойылған. Сызбалар, археологиялық карталар, суреттер, диафильмдер ғалымның барша рухани әлемімен танысуға мүкіндік береді. Осы еңбектерді жинау, сақтау, мұражайда орнын тауып орналастыру ісін ұйымдастыруға келгенде Т.Жұртбайдың еңбегі ерен. Мәдениеттанушы, мұражайтанушы қырлары да айқындала түсті - деп отырған себебіміздің бірі де сол.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің қорының көлемі 5600 дана, оның ішінде жалпы 21 тілде жазылған сирек кітаптар мен қолжазбалар, мерзімді басылымдар бар.
Ерлі-зайыпты академиктер С.Қирабаев пен жаратылыстану ғылымдарының докторы Ә.Бейсенова өздерінің кітапханасын сыйға берді. Мұнда жаратылыстану, тарих, тіл білімі, ауыз әдебиеті үлгілері, қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, түрік тілдеріндегі көркем әдебиеттер мен газет-журналдар, ғалымның қолжазбалары, қазақ және орыс тілдеріндегі авторефераттар бар.
Қазақтың біртуар перзенті қаламгер-ғалым Ақселеу Сейдімбектің жеке кітап қорында қазақ, орыс және басқа да тілдердегі көптеген кітаптар, баспасөз материалдары, жекелеген қолжазбалар, грампластинка мен фотопленкалар, мақалар мен қолжазбалар сақалған, олардың жалпы саны 1744 аталым. Бұл қордағы еңбектердің, соның ішінде әсіресе шежірелер жинағының өзі жеке зерттеуді қажет етеді.
Үшіншіден, айналасына білікті мамандарды топтастыра білу бағытында да білікті маман, тәжірибелі басшы ретінде ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жүргізе алды. Өмір бойы кітапханада істеп, таңнан кешке дейін бір таусылмайтын ішкі жұмыстардың қыр-сырын терең меңгерген жоғары білікті кітапханашыларды айналасына топтастырды, жауапты орындарға қойып, жұмыстың өнімділігін артырып отырды. Он жыл өмірін арнаған Отырар кітапханасы ғылыми орталығының шаңырағы астында қызметкерлердің ризалығына бөленуі Т.Жұртбайдың қол жеткізген тамаша қасиеті ретінде бағалануға тиіс.

1.2 Т. Жұртбайдың Абай, Мұхтар Әуезовтің өмірі мен
шы - - ғармашылық тағдыры туралы зерттеулері
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ жазушылары елдiң тәуелсiздiгi мен бостандық идеясын тарихи материалдарға сүйене отырып, көтеруге мүмкiндiк алды. Әл-Фараби - Ә.Әлімжановтың Ұстаздың оралуында, Бауыржан Момышұлы -Ә.Нұршайықовтың Ақиқат пен аңызында, Тұрар Рысқұлов -Ш.Мұртазаевтің Қызыл жебесінде, Ақан Қорамсаұлы - С.Жүнісовтың Ақан серісінде шығармаларында ұлы тұлғалардың бейнелері сомдалды. Бұл шығармалардағы тарихи шындық сабақтастығы, жеке тұлғаның ғана емес, ел шежіресінің де суреттеуі тілі, мазмұны, көркемдік әдісі жағынан түрлі сипатымен ерекше.
Еліміздің тәуелсіздігі бәрі - міз - ге құт болды. Көп жылдар бойы тарихпен ауырып, оның емін таба алмаған қазақ, отарлау жүгені алынған соң, жаппай тарих айналысты. Тарихшы ғалымдармен қатар, жазушыларда ұлт тарихының ақтаңдақтарын ашуға белсенекірісті..
Міне, осы кезде ғалым-жазушы Тұрсын Жұртбай да шынайы тарихты өмірдің өзіндей көркем де келісті құбылта баяндап, тә - уел - сіздіктің самал желімен шабыттана тыныстап, өзінің Дулыға, Кетбұқа, Бесігіңді түзе!.., Бесігіңді ая!.., Бұзыл - ған бесік!.., Күйесің, жүрек... сүйесің!, Бейуақ атты тарих - - тың тереңін қозғаған еңбек - терін бірінен соң бірін тізбектете, алапат құштарлық - пен жазды.
Т.Жұртбайдың Ұраным - Алаш!.. атты зерттеулер жүйесін құраған (түрме әфсанасы), екі кітаптан тұратын еңбегінің алғашқы томы ұзақ жылдар ізденісінің жемісі, зейінді зерделеулер жиынтығы, ойлар мен толғаныстар топтамасы, білім мен біліктің тағылымы екені айқын аңғарылады.
Бірінші кітаптың бастапқы бөліктерінен-ақ - Алаш идеясының азаттық пен бостандықты, тәуелсіздік пен тұтастықты ту еткен асыл мұрат-мүдделері терең танылады. Бұл кітап авторының мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мұрағатында аса құпия құжаттармен танысу негізінде Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің үстінен 1927-1932 және 1937-1938 жылдары жүргізілген тергеу ісі материалдарын тиісінше пайдаланғаны, жан - жақты қарастыруға мол мүмкіндіктер алғаны, негізгі нәтижелер мен тың тұжырымдарға қол жеткізгені, келелі ойлар өрбітуге де кең өріс ашылғаны терең танылады. Іргелі ізденіс пен мол материалдар жиынтығы-тақырыпты еркін меңгеруге, уақыт пен кеңістік сырларын ашуға, өмір-уақыт шындығын танып-таразылауға жаңа өріс,соны сипаттар бергені айқын аңғарылады.
Автор Алаш мұраты мен мирасына қаламгерлік қызығушылықпен қатар, ұлт мұратына адалдық танытқан, елдік мүдде жолында жеке бастарын қауіп-қатерге тіккен аға буын-ұлағатты ұрпақтың женкешті һәм жауапкершілік жүгі мол өмір-тағдырларына, шығармашылық мұраларына жіті ден қояды. Әрбір дәйек пен дерек көздеріне, материалдар жиынтығына мұқият қарайды. Ең бастысы Алаштың қайраткер-қаламгерлерінің өмірі мен қызметін, көзқарас мұраттарын арғы-бергі кезеңдерде ғұмыр кешкен ұлт мақтаныштарының тағдыр-талайымен сабақтастықта сөз етеді. Тарих пен таным таразысына мән беру, өткен кезеңдер шындығынан сыр тарту, танымал тұлғалардың талайлы сәттері де зерттеу мен зерделеу жүйелерінен оңды сипат алған. Автор ұлт мұраты жолындағы қазақ оқығандарының өмірі мен тәжірибесін, қилы кезеңдердегі ауыр хал, сәттерін де ел тарихымен байланыс, бірлікте қарайды. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі төңірегіндегі алуан көзқарас, түрлі әрекет, қауесеттер шындығын да тергеу ісі нәтижелерімен сабақтастықта сөз етеді. Осының негізінде өткен күндер шындығын, тарих сабағын, ұлт тәуелсіздігі жолындағы әрекет, қимылдарды барынша әділ, талап деңгейінде қарастырады. Бұл тұста, сөз жоқ кеше-бүгін байланыстарына, тарих пен таным арналарына, кеңестік жүйенің әміршіл-әкімшіл әрекеттеріне, жекелеген қайраткерлердің қырағылық қимылдарына, ұрда-жық, сиықсыз сипаттарына назар аударылады. Саясат пен парасат иірімдеріне енеді.Парасат әлемінің басым бағыттары, ақиқаттың бар асылдан да биік, үстем екендігі кеңінен көрсетіледі.
Кітап авторы алғашқы тұста Түрме әфсанасының тарихы туралы келесі ойлар қозғап, ұлттық ақыл-ой алыптарының талайлы тағдырларына қатысты жазалау науқаны 1927 жылы басталып, үкім алпыс жылдан соң күшін жойғанына назар аударады. Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті жүргізген тергеу құжаттарының маңыз-мәні айқындалады. Саяси қудалау кезеңі, авторлық құқықтар мен тиым салынған шығармалар тағдыры сөз етіледі. Сол тұстағы: Кеңес өкіметін қарулы көтеріліс арқылы құлату мақсатында ұйымдасқан-Алашорда қайраткерлерінің контрреволюциялық, террористік астырын құпия ұйымын әшкерелеу ісіне ден қойылып, зардапты-зиянды астары ашылады. Жиыны - 14 томдық тергеу ісінің қалтарысты-қатпарлы қырлары көрсетіліп, тергеу барысында орын алған өрескел бұрмалаушылық пен заңсыздықтардың көлеңкелі беттері ашылады. Нәтижесінде, Жоғарғы сот: СССР Халық Комиссарлар Советінің жанындағы ОГПУ-дің ІҮ коллегиясының 1930 жылғы 4 сәуірдегі және 1931 жылғы 13 қаңтардағы Байтұрсынов Ахмет, Дулатов Міржақып, Аймауытов Жүсіпбек, Есполов Мирза-Ғазы, Ғаббасов Халел, Әділев Дінмұхамед, Бірімжанов Ғазымбек, Юсупов Ахмед-Сафа, Жұмабаев Мағжан, Омаров Елдес, Битілеуов Дамолла, Болғанбаев Хайретдин, Байтасов Абдолла, Жәленов Кәрім т.б. жөніндегі қаулысының күші жойылсын, олардың іс-қимылдарынан қылмыстық әрекеттер табылмағандықтан да тергеу барысы тоқтатылсын деген шешім шығарылады. Бұдан кейін қалың көпшілікке таныс - Алаш қайраткерлерін ақтау туралы қорытынды жарияланады.
Ғалымның Қоғамдық саяси, ұлттық-тарихи, әдеби-мәдени бағыттардағы шығармашылық мұрасы, адамдық-азаматтық көзқарастары айқындалады. Ұлттымыздың Алаш қайраткер-қаламгерлеріне қатысты тергеу барысы, айыпкер актісі, сұрақ-жауап үлгілері тиісінше орын алады. Қысқасы, жазалау жылдарының шежіресі-адам мұраты мен еңбегі, тағдырлар талқысы төңірегінде кең өріс алады. Маңыздысы, әрине қайсібір қайраткер һәм қаламгерге қатысты тергеу барысы мен хаттама қорытындысынан ұлт мұраты мен оған қалтқысыз қызмет етудің өнегелі үлгілері, өмірге құштарлық пен руханият ісіне сүйіспеншілік сипаттары айқын көрініс береді. Осы себепті, Алашорда үкіметі мүшелері эмиграцияға кетуге емес, ұлтқа қызмет етуді басты мұрат, абыройлы іс деп таниды: Қазақтың - Қазақстаннан басқа отаны жоқ. Сондықтан да қазақ үкіметінің мүшелері қазақ ішінде қалуы тиіс деген қорытындыға келеді. Осы бағыт, көзқарасқа мықтап табан тірейді. Олардың өмір сапарлары қысқа болғанымен, еңбек-мұраларының ғұмыры ұзақ, рухани әсер-ықпалы зор болды. Асылы, Алаш мұраты мен мирасынан - ұлттық мемлекет құру, тәуелсіздік идеясы айқын көрініп, оның өзі арғы тарихымыздағы - елбасылар мен қолбасылардың, ақын- жыраулардың арман-аңсарын сабақтастықта өрістетудің, жүзеге асырудың жарқын үлгісіне айналды. Бұл жолы да кедергілер кездесті. Зорлық - зобалаң, қуғын-сүргін көп болды. Биліктің құрығы ұзын, айла-амалдары да шектен тыс еді. Тергеу амалдары да бар-жоқты тізіп, кінәлілердің санын да, қарасын да көбейтті. Жолсыз жаза жалған дақпыртқа кең өріс ашылды. Қазақ оқығандары, арлы азаматтар, әділеттілік жолындағылардың бәрі-баршасы сын садағына ілінді. Қара тізімге енді. Жазалау, қаралау, тергеу ісі тоқтаусыз жүргізілді.
Зерттелу арқасында, Алашшыл қайраткерлер ұлт тәуелсіздігі жолында өмірін қиып, тағдыр талқысына түскенімен, елдік мұрат - мүддеге қатысты айқын көзқарас, ерен еңбектері араға ұзақ уақыттар салып халқына қайта оралды. Өмірі мен қызметі, шығармашылық мұралары бұлттан шыққан күндей жарқырап, бар жылу-жарығымен, нұрлы-сәулелі сәттерімен жетті. Қайта оралған қымбат қазынамен қалын көпшілік мәңгілікке қауышты. Бірінші тұста-БАҚ жүйесінде жарияланды. Олардың жеке еңбектері басылып, көптомдықтары жарық көрді. Зерттеу жүйесіне енді. Қазақ ұлт тәуелсіздігінің басты байлықтарының бірі осы.
Өткен күндерден бүгінге жеткен өмір шындығының бір үлгісі осы еді. Мұның мазмұны - ұлт азаттығы мен тәуелсіздігіне келіп саяды. Қазақ зиялылары ұлттық мұрат-мүддені жоғары қойды. Елдік мәселелерге маңыз берді.Дербес ел, ұлттық мемлекет құру идеясы төңірегінде топтасты. Осы бағытта еңбек етті.
Бұл ретке келгенде: 1905-1920 жылдардағы қазақ қайраткерлерінің мемлекеттік саясаты мен ішкі күресі - ұлт-азаттық қозғалыстың, тәуелсіз мемлекет құруға ұмтылған ұлттық күрестің алғашқы сатысы еді. Қоянды жәрмеңкесіндегі бүкілқазақтық мойынсұнбау (петиция) қозғалысы дербес қазақ мемлекетін құрумен тиянақталды. Мұның өзі - Алаш идеясының бес түрлі тұжырымынан да кеңінен көрініс тапты:
Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз - Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді.
Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек.
Үшінші ұстаным: толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.
Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттық тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек.
Бесінші, түпкі мақсат: ғылымға, ұлттық салт, дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық - демократиялық мемлекет құру еді.
Осы - ұлттық мемлекет құрудың,оған қатысты басты алғышарттар еді.
Осы - тәуелсіз ұлттың дербес даму,өмір сүру факторын айқындаған еді.
Сайып келгенде, Алаш идеясы, оны мұрат тұтқан қайраткер- қаламгерлердің көзқарас, бағыттары- Жегілер жүйесі, Жегі атты кітап бөлімдерінде кең орын алады. Алғашқы бөлімнің өзі - Ел жегісі, Ер жегісі, Жер жегісі, Жан жегісі, Жүйке жегісі атты маңызды бөліктерден тұрады. Ел тарихы мен тағдырына қатысты көзқарастар, тағдырлар талқысы, құжат-материалдар топтамасы да жария үлгіде қалың көпшілік назарына ұсынылады. Тиісті тұста, әсіресе автор Ресей мұсылмандарының алғашқы құрылтайына (1914 жыл, 15-25 маусым), ондағы отар ұлттардың азаттық жолындағы іс әрекеттеріне мән береді (15 бет). Алаш партиясы мен Алашорда Халықтық кеңесінің құрылу тарихы мен тағдырлы тұстарына назар аударылады (20-бет). Ұлт мұраты алдыға шығады. Дербес мемлекет құру идеясы ақиқатқа айналады. Еңбек,әрекет,қимыл осы бағытқа бұрылады.
Азат һәм ұлттық мемлекет құру жолындағы жанкешті әрекет пен ерен еңбектер атқарған - Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, Х.Ғаббасов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, т.б. есімі мен игілікті істері көпке үлгі етіледі. Алашорда үкіметі мен қазақ автономиясы мәселесі, осы жолдардағы әр алуан бағыт, әрекеттердің сыр-сипаттары да тарих пен таным тұрғысынан таразыланады. Жазушының ұстанымға мән берсек, кезең-уақыт шындықтарынан, тәуелсіздікті тұғыр еткен тұлғалар табиғаты мен болмысынан - азаттыққа құштарлық, ел-жерге сүйіспеншілік, Ел алдындағы парыз-қарызға адалдық мұраттары жан-жақты сезіледі. Алаш жұртының азаттық жолды аңсап, бостандыққа ұмтылыстары ғасырдан-ғасырға созылғанын назарда ұстасақ, ХХ ғ.б. ұлтын сүйген қайраткер-қаламгерлердің тәуелсіздікті ту етуі, нақты әрекеттерге баруы - қазіргі кезеңнің шындығы ғана емес, тарих тағылымы да, әрі бүгінгі буынның құрмет көрсетіп, тағзым етер басты нысаны, басым бағыттарының бірі.
Бүгінгі кезеңнің шындықтары тұрғысынан қарасақ: Тәуелсіздік-тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы: Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Бұл бағытта іргелі істер, ізгілікті қадамдар, алар асулар әлі алда. Осының бәрі-баршасы - арғы арналардан: ата - бабалар аманатынан, әрекет-қимылдарынан бастау алғаны аңғарылар еді. Оның жарқын көрінісі - ХХ ғ.б. Алашшыл азаматтардың елдік мұрат-мүддеге адалдығынан, тәуелсіз мемлекет құру жолындағы жанкешті әрекеттерінен көрінер еді. Өкініштісі: өктем өкімет, тегеруінді билік-ұлт мақтаныштарының асыл армандарын, батыл қадамдарын теріске шығарды. Басып-жаншу, күштеп көндіру сынды аярлық, қатыгездік айла-амалдарымен тосқауыл қойды. Түрме есігін айқара ашты. Тергеу ісімен тұзақ құрды. Ату, асу, жазалау, жер аудару т.с.с. кедергісіз жүзеге асты. Өмір, уақыт осыған қызмет етті. Тарих доңғалағы кері айналды. Қысқасы, адам өмірі тәрк етілді. Ақиқат аяқасты болды.
Трилогияның басты бағыттары мен маңызды тұстарын еске алған кезде- Алаш идеясы мен оның баяндылығына қызмет еткен қайраткер-қаламгерлердін берік ұстанымын, батыл қадамдарын айрықша айтуға болады. Мысалы, Ер жегісі тарауында - Алашорда үкіметі мен кеңес өкіметінің арасындағы әр қилы көзқарас, түрлі қақтығыстар сыры ашылады. Кеңес өкіметі - Алашорданың автономиялық құрылымын мойындап, А.Байтұрсынов пен Ә.Жангелдинге қазақ өлкесін тең дәрежеде билейтін революциялық комитеттің өкілі етіп тағайындайды. Бұдан басқа, 1919-1921 жылдары Ресейдегі ұлттық федерация мен жер мәселесі, отарлау саясатының түпкі сыр-сипаттары, кеңес өкіметі мен ұлт қайраткерлерінің арасындағы көзқарас алшақтықтары сын тезіне түседі. Т.Рысқұлов пен З.Валидовтың өз халықтарына қилы кезең тұстарында қол созып, еркін елге айналдыру жолындағы ерен еңбектері нанымды баяндалады. Демек, ұлтқа қызмет ету - басты борыш қана емес, оны өмірін сарп етіп, берік көзқарас, табанды әрекетпен қолдап-қорғау міндеттің негізгілерінің қатарына жатады. Бұл бағытта - Алаш идеясына қызмет еткен, сол жолда кедергі-кемшіліктерге кезіккен, сөйте тұра елдік мұрат-мүддені бар асылдан да биік қойып, даңқ тұғырына көтерген қайраткер-қаламгерлер шоғыры тым көп еді. Өмірдің маңызды һәм ғибратты тұстары, ұлт тәуелсіздігі жолына арнаған есіл ерлердің даңқы мен тұғырлы орындары ел есінде мәңгілік сақталады. Ұлтымыздың тарихының қилы кезеңдерінде де, белесті тұстарында да ұлты үшін басын қауіп-қатерге тіккен, есімі мен еңбегі елеулі тұғырлы тұлғалардың қатарында - ХХ ғ. алғашқы жартысында өмір сүрген әр түрлі мамандық иелері-елдік мүддеге қызмет етті. Осы кітапта ел есіндегі аяулы адамдар мен олардың даңқты өмірі елеулі еңбектерімен өзара байланыста беріледі.
Алашшыл азамат- қайраткерлер елдік мұратты бар асылдан да биік қойды. Ұлттық мемлекет құру жолына арман-аңсарларын да, мұратты, кәделі істерін де арнады. Ұраным - Алаш!.. деп бастарын қатерге тікті. Өмірін, өнегесін сарп етті. Қилы кезеңде, істі болған сәттерде, түрменің түпсіз терең, қапасты бөліктерінде болған тұстарда - ұлттық мұратты, елдік аманатты, азаматтық қарыз-парызды ұмытпады.
Алаш мұраты да осы еді.
Трилогияның Жер жегісі, Жан жегісі, Жүйке жегісі тарауларында Алашорданың қайраткер-қаламгерлерінің кеңес өкіметіне әр бағыттағы қарсылығы мен көзқарастары ұлттық сана, тарихи таным тұрғысынан зерделеді. А.Байтұрсынов пен З.Валидов төңірегіндегілердің ұлттық мемлекет құру, оның мақсаты мен құрылымы хақындағы нақты іс-әрекеттері, ортақ мұраттар мен қилы көзқарастарға кең орын беріледі. Түркістан мемлекетін құру идеясы, Семей губревкомы төңірегіндегі М.Әуезов пен С.Сәдуақасовтың әрекеттері, 1921 жылғы алапат аштық, Ақ жол, Қазақ газеттеріндегі ол туралы хабар - ошарлар, осы тұстағы Ж.Аймауытұлы мен И.Байменов т.б. үстінен қозғалған сот мәселесі, Орынбордағы, Ташкенттегі контрреволюциялық астыртын ұйымға қатысты тергеу қорытындылары т.т. кеңес өкіметінің билік тізгінін оңды-солды қозғап, империялық саясатын шектен тыс қолданғанын кеңінен көрсетеді.
Алашшыл қайраткерлердің ел алдындағы азаматтық борыш-қарыздары, ұлт тәуелсіздігі жолындағы жанкешті әрекеттері - билік тарапынан контрреволюциялық-ұлтшыл астыртын ұйым ретінде бағаланады. Аштарға көмек комиссиясының жұмысы да кеңес өкіметін құлатуға қатысты түсіндірілді. Сайып келгенде, Алашшыл қайраткер - қаламгерлердің ұлттық мұрат жолында, ел тәуелсіздігіне қатысты, кемел келешек турасындағы әрекет-қимылдары ХХ ғ. алғашқы ширегінде империялық билік тарапынан басып-жаншылып, қуғын-сүргінге ұшыраумен жалғасса, ал оның ақиқатқа айналуы - ХХ ғ. 80-жылдарының еншісіне тиді. Ұлт тәуелсіздігіне сол ғасырдың соңғы он жылында қол жеткізу мүмкін болды.
Кітаптың алғашқы бөлімінде - Алаш ісі төңірегіндегі құжаттар мен жауаптардан, көзқарастар мен қолтаңбалардан ұлттық мұрат жолындағы: Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, Ж.Мыңбаев, О.Жандосов, М.Тынышбаев т.б. азаттық пен тәуелсіздік, ел-жер жөніндегі берік ұстанымдары, батылдығы мен табандылығы терең танылады. Тергеу ісі барысындағы сұрақ-жауап үлгілері, қорытындылар мен көзқарастар, билік басындағылардың астыртын, жымысқы, зымиян һәм көпе-көрнеу әрекет-қимылдары ұлт зиялылары мен жанашырларының жолсыз жаза тартуларына, суық камераның кеміргіштері мен сұғанақ сұр түсті тергеушілерге тап болуына, сот залынан жауап беруге, елі үшін мерт болуға алып келеді. Қазақ халық мақтаныштары мен жазықсыз жандар - ұлы құрбандықтың құрығына, шеңберлі қамытына мықтап маталған еді. Оның соңы белгілі: жат жерге айдалу, қуғын-сүргінге ұшырау, зорлық-зобалаңдарға тап болу, ату, асу еді.
Бұдан өмір жолының бұралаң екенін, тарихта ақтаңдақ беттердің мол екенін айқын аңғаруға болады. Тарих доңғалағын оң бағытқа бұру, кеше-бүгін байланысына ден қою, ақиқат жолына адалдық таныту - Алаш мұраты. Басты бағыттарының өзекті қайнары болып табылады.
Алашшыл асыл ерлердің ел-жер азаттығы мен бүтіндігі, ұлттық мемлекетті қалыптастыру мен қорғау жолындағы жанкешті һәм жауапкершілік жүгі мол батыл қадам, тегеурінді әрекеттері - түрме әфсанасы, тергеу нәтижелері мен қорытындылары арқылы сабақтастықта беріліп, нанымды жеткізіледі.
Ал, кітаптың екінші бөлімінің алғашқы тарауы - кәрі көсем - Әлихан Бөкейхановтың ел-жер төңірегіндегі ұстанымдарын, қазақ даласына қатысты таным-білігін, ұлт дамуы мен өзекті мәселелері турасындағы көзқарастарын саралауға арналады. Ұлт тәуелсіздігі жолындағы жанкешті әрекеттері, күндіз отырмай, түнде ұйықтамай ел мүддесімен айналысуы, өмірге құштарлығы кеңінен көрінеді.
Алаш ісіндегі жер мен қоныстану мәселесі - Ә.Бөкейхан төңірегінде өріс алса, оның өзі А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Ермеков, Е.Омаров т.б. берік байланыс, ортақ мүдде арқылы дамып отырады. Елдік мүддеге қызмет ету-ортақ мақсаттарға бағыттайды. Осы жолға өмірін, еңбектерін арнайды.
Енді, Бәйбіше - тоқал трагедиясының құрбаны - Халел Ғаббасовтың өмірі-тағдыры: Алаш партиясының ұлттық бағдарламасын дайындау ісінен, байлардың малын тәркілеу науқанына, ауылды жерлерді кеңестендіруге кедергі жасағаны жайлы, аудандық - ауылдық одақтардың өкілдерінің құрылтай сайлауын басқарғаны т.т. қиын да қисынсыз айыптау-жалалардың ақиқаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ ЖАЗУШЫ - ҒАЛЫМ
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны
Қ.Мұхамедханов Абай дәстүрін жалғастырушы
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
І. Есенберлиннің шығармасы тілінің көркемдік жүйесі мен көріктеу құралдарының тілдік табиғатын анықтау
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ
Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Абай шығармашылығы - адамзат даналығының таусылмас қазынасы
Әуезов шығармалары
Пәндер