Жаһандану жағдайына болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны, әдістемесі


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
ӘОЖ: 378(574) (091) Қолжазба құқығында
ОРАЗБАЕВА КУЛЬДАРХАН ОНАЛБЕКҚЫЗЫЖаhандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру
6D010300 - Педагогика және психология Философия докторы (PhD)
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми кеңесші:
Халитова И. Р. п. ғ. д., профессор Шет елдік кеңесші
PhD доктор, профессор
Сервет Өздемир
(Түркия)
МАЗМҰНЫҚазақстан Республикасы Алматы, 2016
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ 7
1 ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕР- ДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1
1. 2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру - педагогикалық проблема
1. 3 Болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби
құзыреттіліктерінің, мәні мен мазмұны
1. 4 Жаhандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық
моделі
1 бөлім бойынша тұжырым
2 ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАРЫ
84
2. 1 Жаһандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби
құзыреттілігін қалыптастырға арналған айқындаушы эксперимент нәтижелері
2. 2 Жаһандану жағдайына болашақ мұғалімдердің кәсіби
құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны, әдістемесі
2. 3 Зерттеу жұмысы бойынша жүргізілген қалыптастырушы
эксперимент жұмыстарының қорытындылары
2 бөлім бойынша тұжырым
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер көрсетілген:
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 07. 12. 2010, ҚР Президентінің №1118 Жарлығы, Астана (2014. 12. 08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан, №828-831 (желтоқсан, 2012) .
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы (17 қаңтар, 2014ж)
ҚР Президенті - Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қараша Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Ұздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» бағдарламасы (20 мамыр, 2015ж)
ҚР Президенті - Н. Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қараша «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахлауда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауы.
«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық саясатын және Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қaзaқcтaн Pecпубликacының «Бiлiм туpaлы» 2007 жылғы 27 шiлдeдeгi № 319-III Қaзaқcтaн Pecпубликacының Зaңы (2015. 21. 07. бepiлгeн өзгepicтep мeн тoлықтыpулapымeн)
«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016
- 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы
“Aқпapaтты Қaзaқcтaн - 2020” мeмлeкeттiк бaғдapлaмacы, 2013 жылғы 8 қaңтapдaғы № 464 Жapлығы
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 130 бұйрығы (2012 жыл 24 тамыздағы толықтыруымен)
АНЫҚТАМАЛАРБұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:
Жаһандану - жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үдерісі.
Құзырет - дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім, білік, дағды, іскерлік, әрекет тәсілі) жиынтығы.
Құзыреттілік - алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.
Кәсіби құзыреттілік - педагогикалық қызметін атқару дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік кәсіби сипаттама.
Интеграция - экономика, әлеуметтік және саяси салада халықаралық байланыстар жүйесінің жаңа даму кезеңін сипаттайды.
Пәнаралық интеграция - болашақ педагог даярлығының барлық кезеңіндегі білімдер мен практикалық іс-әрекеттер бірлігі.
Білім берудің жаһандануы - білім берудің қашықтығына бағытталған, яғни білім алудың жалпыға қол жетімділігі, оны игерудің мол мүмкіндіктерінің болуы.
Жаһандық ойлау - жеке тұлғаның өзін қоршаған дүниені бірегей қабылдауы, дүниеде болып жатқан үдерістердің бір-бірімен өзара байланыста және өзара бір-біріне әсер ететіндігін сезіну, көп ұлтты, көп мәдениетті әлемде табысты өмір сүру қабілетінің болуы және өзін-өзі жетілдіріп отыруға ұмтылу.
Жеке тұлға - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс - әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
Aқпapaт - дeгeнiмiз aқпapaтты aлушы кiciгe дeйiн қaбылдaу мexaнизмiнiң қaбылдaнды - түciнiктi - бaғaлaнды дeгeн үш cүзгiciнeн өткeн нәpce.
Ақпараттандыру - ғылымның дамуына байланысты пайда болатын, ақпараттық технологиялар мен жаңа телекоммуникация құралдарын педагогиканы оқыту үдерісі кезінде қолдану, педагогикалық білім беру мазмұнын жаңа ақпараттармен толықтыру.
Әдіс (грек. «methodos» - шындыққа жетудің жолы) ретке келтірілген іс- әрекеттің белгілі бір тұрғыда мақсатқа жету жолын білдіреді.
Модельдендіру - педагогикалық үдеріс туралы теориялық түсінік. Модель педагогикалық үдерістің қызметінің шарттарын, байланысын, элементтер жүйесін бейнелейді.
Педагогикалық жүйе - жеке тұлға білім беру, дамыту мақсатында бір- бірімен біріккен көптеген құрылымдар мен компоненттен тұратын педагогикалық үдеріс.
Әлем мәдениеті - салт-дәстүрлік құндылықтарды алмастыра алмайды, олар тек өздерінің әр түрлілігін сақтай отырып, мәдениеттер арасындағы сұхбаттың негізі бола алады.
Мәдениет - халықтың туған топырағында жинақталған өмірлік тәжірибесінің, тәлімі мен тәрбиесінің, өмір сүру бейнесінің жиынтығы.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАРҚР - Қазақстан Республикасы
ЮНЕСКО - Біріккен ҰлттарҰйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.
БҰҰ - Біріккен ұлттар ұйымы АҚШ - Америка Құрама Штаттары
БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары АҚ - Ақпараттық құралдар
ЖОО - Жоғары оқу орны
ҚР МЖМББС - Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
ХҒПК - Халықаралық ғылыми- практикалық конференция PhD - философия докторы
ҚазҰПУ - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті СОӨЖ - Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстары
ЭТ - Эксперименттік топ БТ - Бақылау топ
КІРІСПЕЗерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлеуметтік экономикалық құрылымында болып жатқан өзгерістер жоғары мектептің білімдік үдерісін ұйымдастыруға жаңа талаптар қоюда.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» халқына Жолдауында еліміздің болашағын қазақстандықтардың әлеуетін ашу үшін жаңа мүмкіндіктер құрумен байланыстыра келе, «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» екендігіне тоқталды [1] . Бұл өз кезегінде бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін ұлттың идеясы, жарияланған ұлт жоспары, «100 нақты қадам» бағдарламасында әлемнің отыз дамыған елінің қатарына кіруі негізінде адам капиталының сапасын көтеру, он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру үшін еліміздің оқу мекемелерінде білім беруді дамытудың басым бағыттарын алға қойды [2] .
Білім саласында қазіргі кездегі жаңғырту үдерістері ең алдымен XXI ғасыр тұлғасы мен оларды тәрбиелейтін педагогтардың ұлттық және трансұлттық білімдік кеңістіктердегі орны мен роліне, жаһандану жағдайында халықаралық өзара әрекеттестікке дайын болу тұрғысынан жүргізілуде.
Өйткені жаңа жағдайда педагог алдында жалпыадамзаттық демократиялық және гуманистік құндылықтар негізінде бір адамнан өз елінің білімді, саналы азаматын және әлем азаматын тәрбиелеу міндеті тұр. Мұндай тұлға интеллектуалды, дүниетанымы кең, жаңаша ойлау қабілеті жоғары, білімге құштар, отансүйгіштік қасиеті қалыптасқан, бәсекеге қабілетті болуымен қатар, ел экономикасын, мәдениетін алға тартатын, ұтқыр күш, әлеует ретінде қалыптасуы тиіс.
Біздің тілімізде: ғаламдану, жаһандасу, ғаламшарлану түрінде қолданылып жүрген «жаhандану» дегеніміз қандай да болсын үдерістің, іс-әрекет барысының немесе мәдени-әлеуметтік феноменнің, құбылыстың бір ғана ұлт, халық, мәдениет, өркениет немесе құрлық шеңберімен шектелмей, бүкіл планеталық, жұмыр жерлік, бүкіл әлемдік деңгейде көрініс тауып, маңызға ие болуын танытатын ұғым. Жаһандану - үдеріс, орын алып отырған, әлі өз мәресіне жетпеген, аяқталмаған іс. «Жаһандану» бүкіл жер жүзінде жайылу, таралу деген мағынаны да, әлемдік елдердің біртұтас адамзаттық мәдениет қалыптастыру екпініне ілесу дегенді де білдіреді.
Қазақ қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп жатқан жаһандану үдерісінің ықпалынан, өзі қаламаса да, оқшау бола алмайтындығы белгілі. Жаһандануды әрбір ұлт, әрбір этнос, әрбір мемлекет өзінің болмысына бейімдеп сіңіре алғанда ғана осынау қауіптілеу болып көрінетін құбылыстың игілігін көреді.
Еліміз енген Болонья жүйесі бойынша педагогтарды кәсіби дайындау үдерісі де осы мәселенің бізде таралуының көрінісі. Бұл ретте оқытудың барлық деңгейінде білім мазмұнының қайта қаралып, технологияларының жаңғыртылуы сапаға бағытталу мен нәтижеге қол жеткізудің бірден - бір
жолы. Осыған орай жоғары білімнің нәтижесі болып табылатын болашақ маман бойында жаһандық білімге қатысты құзыреттіліктер қалыптастыру өзекті мәселе қатарына жатады.
Білім беру саласы алдында тұрған бұл мәселені тиімді шешудің нормативтік - құқықтық негіздерін Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы [3], Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы [4], Қазақстан Республикасы жоғарғы педагогикалық білім беру тұжырымдамасы [5], Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары [6], және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайын Қазақстан халқына ұсынатын Жолдауының стратегиялық бағдарламалары құрайды.
Жаһандану және жаһандық білім беруді ұйымдастыру қажеттілігі мәселесі еуропалық ғалымдар (А. Габезудо, Ф. Гальбартшлагер, X. Христидис [7] ), американдық (Дж. Коэн, М. Мелин, Е. Морри [8], Д. Девлин-Фолтс [9] ), канадалық (Д. Браун, Д. Прайсверк, М. Сэнд, И. Стокко и А. Янг [10] ), ресейлік (И. Ю. Алексашина [11], В. С. Кукушин [12], Е. С. Устинова [13], Г. Ф. Шайдуллина [14], және т. б. ) еңбектерінде қарастырылған.
Құзыреттілік амал «Еуропалық білім беру жобасында» (1996 ж. ) негізі қаланып, еліміздегі білім беруді ұйымдастыруға қатысты барлық құжаттардың басты парадигмалық идеясы ретінде басшылыққа алынады.
Болашақ педагогтарды дайындау мәселесі психология мен педагогикада кең түрде қарастырылған деуге болады. Зерттеу барысында зерделенген еңбектер төмендегідей топтастырылды:
- студенттердің кәciби ic-әpeкeткe дaяpлығын қaлыптacтыpу жәнe өзiн-өзi әpi қapaй үздiкciз бiлiм aлу apқылы дaмытуының мoдeлiн құpылымдaу (C. И. Apxaнгeльcкий [15], A. A. Вepбицкий [16], В. A. Cлacтeнин [17], және т. б. ) ;
- маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздері, мамандықтың мәні, өзіндік ерекшеліктері мен қызметтері және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсыну (Ю. К. Бабанский [18], Н. В. Кузьмина [19], В. В. Сериков [20], Н. Д. Хмель [21], С. М. Кеңесбаев[22], К. М. Беркімбаев [23], Ұ. М. Әбдіғапарова [24], және т. б. ) ;
- білім алушылардың танымдық, коммуникативтік әрекеттерінің түрлері мен оларды белсендіру мәселелері (Қ. Б. Жарықбаев [25], С. М. Жақыпов [26], М. Ә. Перленбетов [27], Н. Б. Жиенбаева [28], А. Р. Ерментаева [29], және т. б. ) ;
- болашақ мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру (Ж. Ы. Намазбаева [30], Б. А. Тұрғынбаева [31], М. А. Абсатова [32], және т. б. ) ;
- студенттерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін (Ш. Х. Құрманалина [33], К. С. Кудайбергенева [34], Б. Т. Кенжебеков [35], Г. Ж. Меңлібекова [36], Б. Р. Қасқатаева [37], М. В. Семёнова [38], С. И. Ферхо [39], және т. б. ) .
Дегенмен зерттеу барысында жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби әрекетке дайындау үдерісін жаһандық талаптарға сай
қайта қарау, оның теориясы мен ғылыми-әдістемелік негіздерін жаңарту мәселесі арнайы зерттелмегендігі анықталды. Мамандар дайындаудың практикалық пәндер бойынша жоғары оқу орынында беріліп жатқан педагогикалық білімнің ғаламдық үдерістермен байланысының аздығын, олардың әлемнің кез-келген жерінде білім алып, еңбек етуге дайын азаматтарын қалыптастырудағы әлеуетінің жеткіліксіз екендігін байқатты.
Бұл жағдай:
- ЖОО болашақ педагог мамандарды жаһандық талаптарға сай дайындауға деген қоғамдық сұраныс пен оған негіз болатын теориялық тұғырлардың айқындалмауы арасындағы;
- болашақ мамандарда жаһандану жағдайына байланысты құзыреттіліктерін қалыптастырудың объективті қажеттілігі мен оның жүзеге асуын қамтамасыз ететін ғылыми негізделген тиімді әдістері мен жолдарының айқындалмауы арасындағы қарама-қайшылықтардың бар екендігін көрсетеді.
Осы аталған қарама-қайшылықтардан жаһандану жағдайындағы мұғалімдердің өз педагогикалық іс-әрекетін тиімді атқаруларына қажетті құзыреттіліктердің құрылымы қандай, оны кәсіби білім алу барысында қалыптастыру қандай жолдар мен әдістер арқылы іске асырылуы тиіс деген зерттеу мәселесі туындайды.
Мәселенің көкейкестілігі мен аталған қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу тақырыбын «Жаһандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» - деп таңдауға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: жаһандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орындағы біртұтас педагогикалық үдеріс.
Зерттеу пәні: болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайында еңбек етуге қажетті кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Зерттеу болжамы: егер, болашақ мұғалімдерді дайындау үдерісінде мотивациялық, танымдық, іс-әрекеттік компоненттерден тұратын, әдіс, құралдары, көрсеткіштері айқындалған модель жүзеге асырылып, студент жаһандану жайлы білімдер мен кәсіби білік, дағдыларды өзіндік белсенді әрекет нәтижесінде меңгерсе, онда олардың жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттіліктерін кіріктірілген тұлғалық сапа ретінде қалыптастырудың тиімділігі артады, өйткені бұл жағдайда жоғары оқу орынының педагогикалық үдерісінің жаһандық білім беру талаптарына сәйкестенуі мүмкін болады.
Зерттеу міндеттері- жаһандану үдерісі дамуының тарихи кезеңдері мен олардың білім беру саласына әсеріне сипаттама беру;
- жаһандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымын, мәнін, мазмұнын айқындау;
- жаһандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық - мазмұндық моделін жасау;
- жаһандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруың әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік- эксперименттік жұмыста сынақтан өткізу.
Зерттеудің жетекші идеясы: ЖОО білім мазмұны мен әдістерінің ғаламдық жаңарулар талаптарына сай жаңғыртылуы болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайына қажетті құзыреттіліктерін қалыптастыруға негіз болады.
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері болып құзыреттілік амал (А. К. Маркова, А. А. Вербицкий, Б. Т. Кенжебеков, Г. Ж. Меңлібекова және т. б. ) ; жүйелік амал. (В. В. Краевский, Н. В. Кузьмина т. б. ) ; тұлғалық, (В. В. Сериков, В. А. Сластенин, И. С. Якиманская және т. б. ) ; іс-әрекеттік (Т. Г. Браже, Л. С. Рубинштейн, Л. Ф. Спирин және т. б. ) ; мәдениеттанулық (Е. В. Бондаревская, Б. С. Гершунский, И. Ф. Исаев және т. б. ) ; синергетикалық (П. Анохин, З. Ж. Жаңабаев т. б. ) ; рефлексиялық (В. В. Давыдов, А. И. Зимняя, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин және т. б. ) тұлға құзыреттілігінің мәні философиялық қағидалармен, құбылыстардың өзара байланыстары мен сабақтастығының логикалық қағидаларымен, зерттеу мәселесі бойынша жазылған ғылыми педагогикалық - психологиялық еңбектермен, кәсіби педагогикалық сапаларды, құзыреттілік, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, болашақ мұғалімдерді оқытудың психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, технологиялық негіздері туралы тұжырымдамалар және идеялармен анықталады.
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың және әлеуметтану бойынша мамандардың ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңдары; Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім және жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттары; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ғылыми педагогикалық мерзімді басылымдар және автордың педагогикалық тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері: диссертациялық жұмысты жүргізу барысында қолданылған теориялық (зерттеу мәселесі бойынша философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге теориялық әдіснамалық талдау жасау, салыстыру, озық іс-тәжірибелерді жинақтау; зерттеудің нәтижесін жобалау, үлгілеу, тұжырымдау) ; эмпирикалық (сауалнама, тест, педагогикалық бақылау, тәжірибелік- эксперименттік жұмыстар жүргізу) ; статистикалық (зерттеу бойынша алынған нәтижелерді математикалық-статистикалық тұрғыдан өңдеу) .
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі- жаһандану үдерісі дамуының тарихи кезеңдері мен олардың білім беру саласына әсеріне сипаттама берілді;
- жаһандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымы, мәні, мазмұны айқындалды;
- жаһандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін
қалыптастырудың құрылымдық - мазмұндық моделі жасалды;
- жаһандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесі жасалып және оның тиімділігі тәжірибелік- эксперименттік жұмыста сынақтан өткізілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы зерттеу барысында қол жеткізген теориялық қағидалар мен тұжырымдар білім беру мазмұнын жаңартуға арналған практикалық оқу материалдарын жасауға мүмкіндік берді.
«Жаһандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру негіздері» тақырыбында дайындалған элективті курсының бағдарламасын жоғары оқу орындарында, педагогикалық колледждерде қолдану арқылы мұғалімдерді дайындау ісін модернизациялау, сапасын арттыруға ықпал етеді.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар- Жаһандану - жалпы саяси экономикалық, басқа да әлемдік даму кезеңі, өндірістік дамудың жоғары сатысы, ұлттардың, мемлекеттердің, технологиялардың, нарықтың бірігуі, әр текті әлемнің біртұтастыққа айналуына байланысты өзгерістердің жиынтығы. Жаһандану дегеніміз обьективті, бірақ өте қарама-қайшы үдеріс, адам қызметінің барлық: экономика, саясат, білім беру, әлеуметтік-мәдени т. б. саласына жағымды не жағымсыз әсер ететін құбылыс Ол - түбегейлі жаңа нәрсе ретінде жаһандық мәселелерді Фшешуге бағытталады. Білім беру саласындағы жаһандану үдерісінің мақсаты
- бірегей әлемдік білім беру кеңістігін құру болып табылады. Бұл үдеріс адамзаттың бірігуін жаһандық ауқымды мойындау үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар жүйесі арқылы үлкен нәтижелерге жету мүмкіндігін береді. Жаһандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі өзгеріп жатқан әлемнің білім беру кеңістігінде өзара қарым-қатынастар мен іс-әрекет тәжірибесіне қажетті бойында білімділіктің, іскерліктің жиынтығы, әлем азаматын қалыптастыруға дайындығын көрсететін педагогтың кіріктірілген күрделі тұлғалық cапасы. Бұл сапа жалпы адамзаттық, демократиялық, гуманистік құндылықтар негізінде жаһандық ауқымда ойлап, жергілікті ауқымда жұмыс істейтін тұлғаны тәрбиелеуге негіз болады. Болашақ мұғалімдердің аталмыш кәсіби құзыреттілігі әлемдік мәселелер, өмірдің жаңа бейнесі, ондағы мәдениеттер әртүрлілігі жайындағы білімдер, ғаламдық ортамен тиімді әрекеттесе алу біліктері, ақпараттық сауаттылық, қоғам алдындағы азаматтық борышын атқарудағы және өзіне жүктелген жауапкершілікті сезіну сияқты сапаны өзгеріп жатқан әлемнің білім беру кеңістігіндегі педагогикалық әрекетте жүзеге асыруда көрінетін мұғалімнің кәсіби даярлығының көрсеткіші. Жаһандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың моделі, тұғырлары, мазмұнының әдістемелік жолдарының қалыптасу деңгейлерінің мотивациялық, танымдық және іс-әрекеттік компоненттер мен көрсеткіштердің бірлігін құрайды. Ұсынылып отырған модель болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайында бәсекелестікке
қабілеттілігін, олардың әмбебап және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды көздейді.
- «Жаһандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру негіздері» атты элективті курс мазмұны студенттердің өз пәні аясында ғаламдық мәселелерге бағыттала алуға қатысты білімдерін, мәдениаралық, ақпараттық біліктерін, жергілікті және ғаламдық жауапкершілікке қатысты дағдыларын қалыптастыруға негіз болады.
Зерттеу базасы: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті және Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің (217) студенттері.
Зерттеу кезеңдері: Болашақ мұғалімдердің жаhандану жағдайында кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға арналған тәжірибелік - педагогикалық жұмысқа қойылған мақсатқа сай үш кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезең (2012-2013жж. ) зерттеу мәселесі анықталып, оның мақсаты мен міндеттері айқындалды, зерттеудің ғылыми аппараты дайындалды. Отандық, шетелдік іргелі ғылыми зерттеулерге талдау жасау барысында қарастырылып отырған мәселенің теориялық - әдіснамалық негіздері анықталды. Тақырып бойынша материалдар сұрыпталып, жинақталды. Ғылыми мақалалар дайындалып, басылымдарда жарық көрді. Тәжірибелік алаңдар анықталып, эксперименттік жұмыстың жоспары, таңдау курсының оқу бағдарламасы дайындалды.
Екінші кезең (2013-2014жж. ) теориялық материалдарды жүйелеу жалғасын тапты, анықтау эксперименті барысында болашақ мұғалімдердің тест, сауалнама арқылы алғашқы білім деңгейлері тексерілді, нәтижелері қорытындыланды, қалыптастыру эксперименті жүргізіліді. Студенттерге арналған элективті курсы үшін жұмыстар (семинар, тренинг) байқаудан өткізіліп, тәжірибеге енгізілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz