Егемен мемлекеттің құрылуы


Жоспар:
- Кіріспе
- Егемен мемлекеттің құрылуы
- Қазақстан дамудың жаңаша кезеңіндегі әлеуметтік -экономикалық дамуы
- Қазақстан және әлем ынтымақтастығы
- Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның мәдениеті
- Егемен Қазақстанның мәдениеті (1991-2006 жж. )
- Білім жүйесі, Ғылым
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Егемен мемлекеттің құрылуы
1980 ж. аяғы ССРО құлауының басы ретінде белгілі. Халық депутаттарының съездерінде және партия форумдарында егемендік идеялары, экономикалық, жаңа одақ келісімін құру туралы талқыланды. Елдің экономикасы мен мемлекеттік билік жүйесінің үдемелі түрде құлауы шартында Қазақстанда президенттік басқаруды енгізу заңдылық болды. 1990 ж. 24 сәуірде республикада Жоғарғы Кеңес сессиясында Қазақ ССР Президент посты берілді, 1990 ж. 25 қазанда Н. Ә. Назарбаев сайланды. Қазақстан Жоғарғы Кеңесті «Қазақ ССР егемендігі туралы Деклорация» қабылданды.
Егемендіктің пайда болуы Қазақстанда демократияландыру үдірістері тездетті. Берілген құжат жаңа Конституцияны жасау мен басқа заң актілерінің негізі ретінде егеменді мемлекет ретінде Республика статусын іске асырушы ретінде роль атқарды.
Республикада белгілі бір өзгертулер енгізілді: прокуратура органдарынын департизациясы, КНБ, Ішкі істер, юстиция, сот. Президенттің мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың одақтық бағынудың Қазақ ССР билігіне енгізілуі, республиканың сыртқы экономикадағы дербестікті қамтамасыз ету, республиканың алтын қорын және Қазақстанда Алмаз фондын құру туралы жарлықтар шықты. 1986 ж. 17-18 желтоқсанда Алматыдағы оқиғаны бағалау бойынша арнайы комиссия құрылды. Республика Президентінің Семей полигонын жабу туралы Жарлығына қол қойды. Қазақстан үшін өте ауыр мәселе шешілді, ол ядросыз зонаға айналды. Бұл туралы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Әлемнің эпицентрі» деген еңбегінде толығымен жазды.
1991 жылы 2 қазанда алғаш рет 40 жыл бойы қазақ жерінде болған Байқоңыр космодромынан алғашғы ұшқыш қазақ Т. О. Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1991 жылы 1 желтоқсан Қазақстан Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлануы өтті. Демократиялық сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев сайланды.
1991 жылы 16 желтоқсан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Бұл құжат республиканың саяси-конституциялық дамудың жаңа кезеңі болды. Ұлттық өзін-өзі билеу құқығы, құқық приоритеті, тұлғалардың тәуелсіздігі, саяси тұрақтылық, билікті бөлу, ұлтаралық келісім сияқты демократияның негізі болатын принциптерді атап көрсетті.
1991 жылы желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құрудың күрделі үрдісі жүрді. Беловежскийдің келісімін сараптаудан өткізіп, Қазақстан мен Орта Азия республикаларының лидерлері жаңа одақтың құрылуына толық құқықты қатысуға дайын екендігін мәлім етті. 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрыңғы ССРО құрамына енген 11 тәуелсіз мемлекеттерінің басшыларының жиналысында ТМД-ны құру туралы Хаттамаға қол қойды.
Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттің дамуының динамикалық үдірісі басталды. 1992 жылы 2 мамырда Н. А. Назарбаевтың «Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуы және дамуы» атты кітабы шықты, мұнда жаңа тарихи жағдайда біздің тәуелсіз мемлекеттің негізгі мақсаттары анықталған және даму бағыты берілген.
Республикада мемлекеттік символдар мен атрибуттарды қалыптастырудың заңды базаларын құру туралы жұмыс басталды. 1992 ж. 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы Ш. Ниязбеков, мемлекеттік елтаңба авторлары Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов, мемлекеттік әнұран әннің авторлары М. Түлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди; сөздері М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева.
2005 жылы ҚР жаңа гимн қабылдады. Жаңа гимннің негізінде атақты ақын, композитор Ш. Қалдаяқовтың мәтіні мен әні жазылды. Бұл өлеңнің ішіне ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың түзетулері де енді.
Заң шығарушы және атқарушы биліктерін бөлу бойынша шаралар қабылданды, парламенттік реформа және жергілікті билік органдарының түрленуі бойынша жұмыстар басталған.
1993 жылдың қаңтарында ҚР алғашқы конституциясы қабылданған. Оның оң жақтары келесіде көрінеді: дүние жүзі тарихында алғашқы рет Қазақстан халқы сияқты әлеуметтік - этникалық құбылыс туды, алғашқы рет отандық тарихында адам құқықтарының және билікті бөлу жайлы концепциясы жасалып жүзеге асырылды, бірақ 1993 жылғы конституция сол уақытта туындалған. Қазақстандағы конституциялық реформа мәселелерін шеше алмады.
1995 жылдың наурыз айында ортақ саяси өмірінің өсуінде Қазақстанда жаңа кезең басталды. 30 тамызда бүкіл халық референдумында ҚР жаңа конституциясы қабылданды. 1995 жылғы жаңа конституция басқаруды ұйымдастырудың сұрақтарын шешуде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын анықтады. Жаңа конституция Президенттің статусын жоғарылатты.
Екі палаталы парламент туралы шешім қабылдау пәні болып 1995 жылы Конституциядан өз орнын тапты. 1995 жылдың 9 қаңтарында екі палаталы парламентте және де ҚР тарихында сайлау өткізілді. Жоғарғы палата - Сенат, төменгі - Мәжіліс деген атқа ие болды. Көп партиялы жүйенің жаңа қалыптасу үдірісі пайда болды. 90 жылдары және де әрі қарай көптеген саясаттық партиялар қалыптасты - «Отан» партиясы, жаңаша аты «Нұр Отан», «Ақ жол» партиясы, 2004 жылы жаңа партия «Нағыз Ақ-жол» жаңаша атауы «Азат», «Қазақстанның коммунистік партиясы», «Қазақстанның демократиялық партиясы» және т. б., орталық политикалық қозғалыс - «Лад», Либералді, жұмыс қозғалысы, ұлттық - мәдениет орталығы, профсоюздар. Қазақстан Ассамблея қауымы алғашқы рет 24 наурызда Алматыда өткізілді.
1997 жылы 10 желтоқсанда біздің мемлекеттің астанасы болып Астана қаласы бекітілді. 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола Астана деген есім алды, оның 10 жылдық мерейтойы 2008 жылы мемлекетімізде атап өтілді.
Қазақстанның даму ерекшеліктерін белгілей отырып, Н. Ә. Назарбаев «Тарихтар тоғысы» (1994ж. ) кітабында мәдениет пен тарихи естеліктерге, ұлттық ерекшеліктерге бай барлық 130 ұлт өкілдеріне тең құқылы мен мүмкіндігі бар полиэтникалық мемлекет құрамыз деп жазған.
1990 жылы өткізілген санақ нәтижелері бойынша Қазақстан халқы 14 млн 953131 адам құрады. Олардың ішінде қазақтардың меншікті салмағы жалпы алғанда 40, 1%-53, 4% дейін өскен.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың қолдауымен 2002 ж. қараша айында Түркістанда екінші дүние жүзілік қазақтар құрылтайы өткізілді, оған әлемнің 40-қа жуық мемлекеттен делегаттар жиналды. Құрылтай жұмысына дүние жүзілік қазақтар ассоцияцияның Президиумының төрағасы болып сайланған Президентте қатысты.
Бұл оқиғалар Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрінің қайта жаңғыруы жайлы, қоғамның барлық, қоғам жайлы, Қазақстан қоғамының демократизация және бейбітшілік жолымен дамуы туралы куәландырады.
Қазақстан дамудың жаңаша кезеңіндегі әлеуметтік -экономикалық дамуы
ҚР-ның экономикалық саясатының шартты егеменділік басты мақсатының дамуы экономиканың қайта құрылуының өзіндік моделін жүзеге асыру және ашық саудаға өту. Бастапқы экономикалық мақсаттың хронологиялық шеткі жетістігі анықталған Қазақстанның социалды-экономикалық стратегиялық бағыты Н. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменділік мемлекет болып қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінде 1992 ж. енгізілді.
Экономикалық реформаның басты бағыттары экономикалық қатынастың либерализациясы, мемлекеттендіру және приватизация негізіндегі меншік ауысуы, экономика демополизациясы, кәсіпорын дамуы, ашық сауда инфрақұрылымының құрылуы, шетелдік капиталдың кең таралуымен ашық экономикалық жүйенің құрылуы, қаржылы-несиелі ортаның реформалануы.
1995 жылы тереңдетілген реформа және экономикалық дағдарыстан шығу жөнінде өкімет әрекетінің бағдарламасы аяқталды. Бұл бағдарламаның бастапқы шарты инфляцияның қатысуы, либералдық құн және ішік экономикалық әрекет, жекешелендіру екінші этапының жабылуы (массалық және аз жекешелендіру) .
Шарттар мен ұлттық валюта, өтетін валюталық ашық сауданың нормалы жұмыс жасауларын тұрақтандыруға және сенімді жөнге салу үшін арналған механизмдер жасалған. ҚР-ның ұлттық банкінің алтын валюталары резервы 1995 жылдың аяғына қарай 2 млрд АҚШ долларын құрды.
Соңғы 5 жылда алғашқы рет 1996 жылы ішкі өнім шегі қамсыздандырылды, 1996 жылға қарсы 1997 жылы 2%-ке өсті. Өнеркәсіп өнім көлемі 4%, жүк тасу 3, 4%, инвестициялар - 20% жоғары өсті.
Н. Ә. Назарбаев «ХХ ғасыр табалдырығында» атты жұмысында мақсатқа бағытталған экономика жаңартулары, қаражаттық тұрақтанулар, еңбек ақы төлемінің өсуін, зейнетақы төлеулердің, жаңа ғылымсыйымды өндірістер құру, қаражаттық салаларын қаржыландыру, халық кедей қабаттарын, мүгедектерді, зейнеткерлерді қолдауын үндейді.
1997 ж. Қазақстан халқына Президент жолдауында «Қазақстан-2030» мемлекет дамуының стратегиялық бағдарламасы анықталды. Соның ішінде республиканың бүгінгі жайының толық талдауы беріліп, ел дамуының ұзақ мерзімді жеті приоритеті баяндалған.
• Ұлттық қауіпсіздік;
• Ішкі политикалық тұрақтылық және қоғам бірігуі;
• Шетел инвестицияларының жоғарғы дәрежесімен ашық сауда экономика базасында экономикалық өсу;
• Қазақстан азаматтарының амандығы, денсаулығы және білім;
• Энергетикалық ресурстар;
• Кәсіптік өкімет;
«Қазақстан-2030» стратегиясын орындау елеулі нәтижелер әкелді. Осы аралықта өндірістік құрылысты жылжулар болды. Солай 2000-2007 жж. 45% құрды. 2000 ж. республика қаражатының табысы 598, 7 млрд теңгені құрды. ҚР-сы қуатты жағармайлық - шикізатты базаға ие болды. Шикізат қорының потенциалдық құны 9 триллион доллармен бағаланады.
Сыртқы экономикалық салада шетелдік капитал, техника және технология кең қолданылды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан өз экономикасына 10 млрд доллар инвестиция тартты (ең алдымен АҚШ, Оңтүстік Корея, Түркия) . 2001 жылдың басында мемлекетте 1500 шетелдік компания жұмыс істеді.
«Қазақстанның - 2030» стратегиясы республиканың 10 жыл ішінде даму үшін мақсатталған. 10 жыл ішінде әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін негізгі мақсат құрастырылды: ішкі және сыртқы саясатты дамыту, ұлттық капитал қорының болуы, халықтың жақсы тұрмыс халі, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қарулы күштің нығайтуы.
Экономикалық реформаның өткізілуінің басты нәтижесі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің Тәуелсіздіктің 15 жылдығына арналған «Қазақстанның қалыптылықтан модернизация арқылы гүлденуге дейінгі жолы» атты жиында айтылды. Бүгінгі күні экономикалық дамуы дәрежесі жағынан дамып келе жатқан әлем елдерінің ондығына кіреді, оның дәлелі ретінде жылына экономикалық өрлеу сыртқы және ішкі саясаттың жылына 9-10 пайызға артуы. Қазіргі кезде 2000 жылы ашылған ұлттық фондтың қаражаты 12 млд долларға дейін өскен. Қазақстанның реформа мүшесі ретінде танылды және бұрынғы СССР мемлекеттерінің ішіндегі инвестициондық кластың жоғарғы рейтингтік бағасы және нарық экономика жағынан жоғары статусқа ие болды.
Қорытындылай келсек, Президенттің айтуы бойынша бәсекелестікті құраудағы басты шарттары нарықтың тиімділігі, инновация, бизнестік даму дәрежесі, технополюстері құру болып табылады.
Қазақстан және әлем ынтымақтастығы
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін халықаралық аренаға егемен мемлекет ретінде қалыптасты. Көптеген әлем мемлекет қауымдастықтың нәтижесінде Қазақстан Республикасы әлем қауымдастығының толықтай мүшесі болды. Қазіргі таңда Қазақстанды әлемнің 113 елі мойындап, соның 105-мен Қазақстан дипломатиялық қатынаста Қазақстанда 55 елшілік және халықаралық ұйымдардың өкілі жұмыс жасауда. Қазақстанның шетелдер үшін маңызы артып Түркия, Иран, Италия, Германия және басқа Таяу және Қиыр Шығыс елдерінде өкілдіктермен елшілік орындары ашылды.
Өзара байланысы нығайып, бедерді халықтардың құрылымдарымен қарым - қатынас ұлғайды. Оның құрылымында БҰҰ, Еуропалық қауымдастық халықаралық Еурополық банктің реконструкциясы және дамуы, халықаралық валюталық қор, МАГАТЭ, Қызыл крест, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, ЭСКАТО (БҰҰ Азия үшін және тынық мұхитының экономикалық және қоғамдық комиссиясы, ПРООН) БҰҰ-ның мемлекет мүшелері үшін дамуы программалық, ЮНЕП қоршаған ортаны қорғау, ВОЗ (денсаулық сақтау), ОЭСР (экономикалық серіктестік және даму ұйымы) , ОНН (Исламдық конференция ұйымы) және т. б. Республика 40 -тан астам халықаралық конвенцияға қосылды және 400 шақты әржақтылық және 700 -дей екі жақты келісімге қол қойды.
Орталық Азия одағын құру мақсатында 1994 жылы көршілес жатқан Өзбек және Қырғызстанмен ортақ экономиканы кеңейту келісім шартқа қол қояды. Осындай тағы да Ресей Федерациясымен келісім шартқа отырған. 1994 жылы Н. Ә. Назарбаевтың маңызды Еуразиялық Одақ құру ынтасы ұсынылды. Осының қорытындысы ретінде Еуразиялық Экономикалық Одақ - Еуразия елімен экономикалық бірлестік ұйымы құрылды.
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатты шешу барысында, ең алда тұрған мақсат - Шаңхай ұйымының ыңтымақтастығы, оның құрамына Еуразияның бес мемлекет кірді - Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан.
Қазақстанның әлемдік қауымдастықты мойындауы және құрметтеуі ядроландырусыздандыру келісім - шартына біз жақтан қол қойылды. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім. (ДНЯО), ядроны сынауға тиым салу келісім - шартқа қол қойылды (ДВЗЯИ) . Қазақстанның ынтық болған және құрған (СВМДА) - Азияның сенім шаралары әрекеттестік кеңесі.
Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның мәдениеті
1980-ші жылдардың аяғында Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігі мен өз алдына мемлекет болуы бірінші орынға қойылды. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен 1920-1950 жылдары репрессияның құрбаны болған халқымыздың даңқты ұлдары: Ш. Құдайбердиевтің, Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың, М. Дулатовтың және басқаларының есімдері ақтала бастады. 1989 жылғы 22 қыркүйекте «Тіл туралы Заңның» қабылдануы елеулі оқиға болды. Мұнда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып жарияланды.
2000 жыл «мәдениетті қолдау жылы» болып жарияланды. ЮНЕСКО-ның қолдауы аясында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығы, Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығы, сондай-ақ, Қ. Сәтбаевтың, С. Мұқановтың, М. Өтемісовтің мерейтойлары тәрізді атаулы оқиғалар атап өтілді. ЮНЕСКО-ның шешімімен бұл мерекелер халықаралық іс-шаралар деңгейіне көтеріліп, әлемнің барлық елдерінде атап өтілді.
Қазақстанның алыс және жақын шетелдермен халықаралық мәдени байланысы да табысты дамып келеді. Республикада атақты қырғыз эпосы «Манастың» 1000 жылдығы, славян жазуының негізін қалаған Кирилл мен Мефодийге арналған славян мәдениетінің күндері атап өтілді.
Қазақстанның өнерін шетелдерде театрлар, шығармашылық ұжымдар, жекелеген әншілер, композиторлар, режиссерлар, актерлар паш етуде. Біздің жерлесіміз Марат Бисенғалиев - Ұлыбритания корольдігінің оркестріндегі жетекші скрипкашылардың бірегейі. Өмірден ерте кеткен Ерік Құрманғалиев өзінің таза, әсем дауысымен әлемді тамсандырды. Қазақстанға белгілі музыканттар Айман Мұсаходжаева, Жәния Әубәкірова, Гаухар Мырзабекова ең ірі халықаралық фестивальдарға қадірлі қонақтар ретінде шақырылады. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ұлттардың тілін, мәдениетін, салты мен дәстүрін жаңғыртудың басты тетігі ретінде республикалық және өңірлік ұлттық мәдени орталықтармен бірлесіп, үлкен жұмыстар атқаруда. Оның негізгі қызметі съездер, фестивальдар өткізуге, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын ұйымдастыруға, Қазақстан халықтарының тілдеріндегі әдебиеттерді шығаруға бағытталған. Оның басшылығымен ұлттық-мәдени орталықтар жанданды.
Қазақстанның мәдениеті әр алуан. Ол елімізде тұрақтаған барлық халықтардың ғасырлар бойы жинақтаған рухани тәжірибесін тоғыстырады. Осы халықтардың ұлттық салтына негізделген әр саладағы жанрлармен ерекшеленіп, әлемдік классиканың жауһазындарын игеруде.
Елімізде бес тілдегі қойылымдарды көрсететін әртүрлі жанрлардағы 40 театр, отызға жуық ойын-сауық индустриясының ұйымдары, 17 мың қалың бұқараға арналған кітапханалар, алты мыңдай клубтар, 92 тарихи, шығармашылық және әдеби мұражайлар жұмыс істейді.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті, айтыстары мен әншілік өнері әуендік-ақындық жетістіктердің тамаша үлгісі болып табылады.
Қазақстандағы 27 мың тарихи ескерткіштер әр елдің көптеген туристерін өзіне тартуда. Әсіресе орта ғасырлардағы суфизм ақыны Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен бірге «Әзірет - Сұлтан» ұлттық мұражайына қызығушылар көп келеді.
Шынында да, біздің тарихи тамырымыздың тереңіне кеткен және патриоттық рухымызды көтеретін атаулы оқиғалар аттары аңызға айналған бабаларымызға, ақындарымызға, жазушыларымызға, қоғам қайраткерлеріне, ұлы қолбасшыларымызға мемориалды тақталар, ескерткіштер орнатуға мұрындық болды. 2000 жылды Президентіміз Н. Ә. Назарбаев мәдениетті қолдау жылы деп жариялағаннан кейін республиканың облыстарында отыздан астам ескерткіштер ашылып, орнатылды. Осылардың ішінде әрқайсысының айрықша орындары бар, сонымен қатар олардың ішінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай ашылған ескерткіш өзінің мағынасымен ерекше, Қарағанды облысында дайындалған «Отан қорғаушылар» монументі де идея мен ауқымы жағынан көз тартады. Ол Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығын мерекелеуге байланысты Астана қаласына сыйға тартылды.
Қазақстанның білім беру жүйесі кең ауқымдылығымен, әрқилы үлгісімен және оқыту әдістерімен, оқытушылардың жоғары мәдениетімен және кәсіби шеберлігімен ерекшеленеді.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтарына арнаған Жолдауында жаңа технологияларды пайдаланып, «Ақылды экономика» негізін қалыптастыру арқылы білім беру деңгейін көтеру бірінші кезектегі міндеттерге қойылды. Сондықтан да, халықаралық стандарттарға сай келетін ұлттық білім беру жүйесін құру осы құжаттағы маңызды проблема болуы заңдылық.
Осы мақсатқа республикада жүргізіліп отырған жоғары мектептегі білім беру реформасы арналды.
Жалпы білім беру реформасының басты ерекшеліктері: білім беру стандартының батысқа қарай бағыт алуы, білім беру қызметінің нарығын қалыптастыру, бұл жоғары оқу орындарын жеке меншік және мемлекеттік етіп бөлуге, қаржыландыру объектісіне емес, білім беру үдірісінің субъектісіне көшуге негіз болды.
Осы айтылғанға Президенттің халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындауы үлгі бола алады. Білікті басқарушылар легін даярламай, мемлекет пен қоғамды жаңарту, тәуелсіз мемлекет құру мүмкін емес.
Әрі қарай реформаның жүйе құрудағы басты қағидасы «бәріне де білім беру» моделінен «білім алуды таңдау» моделіне көшу болып жарияланды. Қазақстанның білім беру жүйесін әлемнің білім беру кеңістігімен үйлестіру реформаның идеологиясы ретінде қалыптасты.
Республикада білім беру моделін жетілдірудің келесі кезеңі кредиттік оқыту жүйесіне көшу болып табылды. Оның негізгі сипаттарының бірі студенттің дербес жұмыс істеуіне, маманның «өмір бойы» оқуына машықтау болып табылады.
Мемлекет басшысы ғылымды дамытудың жаңа бағыттарын атап өтті: биотехнология, нанотехнология, ғарыштық қызмет, ақпараттық, коммуникациялық технология, өйткені осы салаға мыңдаған білікті мамандар мен дипломды ғалымдар қажет. Республиканың білім беру жүйесін алға жылжыту үшін мемлекет тарапынан едәуір көлемде қосымша ақша бөлінбей жүзеге асыру мүмкін емес. Қайтарымының толыққанды болуы ғылымды үйлестіру дәрежесіне байланысты. Ғылымға арналған инвестиция көлемін 350 млрд теңгеге ұлғайту жоспарлануда.
Қазақстанның қазіргі кезеңдегі мәдениетін дамытуды айтар болсақ, «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі мәселеге көңіл бөлген жөн. Бұл тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтірудің, археологиялық зерттеулерді, ғылыми жұмыстарды жүргізудің, ұлттық ғылыми ойларды, көркем әдебиеттерді, мәдениет жөніндегі кітаптарды басып шығарудың жалғасы.
Жалпы Қазақстанның қазіргі кезеңдегі мәдениетін дамыту бойынша негізгі міндеттер деп мыналарды атауға болады:
1. Жас буын бойында Қазақстан халқының бірегей әдеп-ғұрыптарына, ұлттық идеалдарына негізделген рухта тәрбиелеу және әлем мәдениетіне қол жеткізу қажет.
2. Кітапхана жұмысын оларды кітап қорымен тұрақты түрде толықтыра отырып, әрі электрондық жүйелерді енгізумен айналыса отырып жақсарту керек.
3. Ел беделі қалыптастыру үшін оны аймақтық және халықаралық деңгейде жаңа ролін бекіту арқылы мәдениет пен ақпарат әлеуетін көп пайдалану қажет.
4. Мемлекеттік БАҚ жұмылдыру мен отандық медиа-нарықтың бәсекеге қабілеттігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру.
5. Бүгінгі таңда Тілдерді қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Оны жүзеге асыру бойынша жоспар әзірленді. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізуге кезең-кезеңмен көшуінің кестесі нақтыланды. Мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізуді оқыту және енгізу бойынша 2006 жылы 5, 2007 жылы - 12 компьютерлік бағдарламалар жасалды.
6. Мәдениеттің дамуы үшін мемлекеттік-жеке серіктестіктің барлық басымдылықтарын пайдалану керек. Көптеген жобалар меценаттардың көмегімен табысты іске асуы мүмкін. Бұл жерде мәдениет саласын бюджет аралық және бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен «күш салуды бөлу» тәсілдері туралы айтылып отыр.
Егемен Қазақстанның мәдениеті (1991-2006 жж. )
Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халқының рухани өмірінде мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының кең жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz