Дене тәрбиесінің әлеуметтік - педагогикалық әсерлері


КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылық біршама артты. Адамгершілік тұрғысынан алғанда таза, рухани бай және денелік жетілген адамның қалыптасуына көп көңіл бөлінуде. «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң және 2007-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамыту мемлекеттік қағидасы орта спорттық білім беру орындарында спорттық педагогтарды дайындауға сәйкес өзгерістер енгізуді талап етеді. Ол білім беру стандартының мазмұнын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларында, болашақ спорттық педагогтарды кәсіби-педагогикалық дайындығын жетілдіру жолдарының қарастырылуында айқындалады .
Мамандандырылған спорт колледжі жағдайында бапкер-оқытушыларды кәсіби-педагогикалық дайындау олардың болашақ кәсіби қызметі тиімділігінің алғы шарты, оның жеке басының қалыптасуына, жалпы және кәсіби педагогикалық даму үдерісіне негіз болады. Бапкер-оқытушылардың кәсіби-педагогикалық дайындығы оның бағыты, санасының кәсіби-педагогикалық ұстанымы , кәсіби-педагогикалық іс-шаралар мен операцияларды меңгеру деңгейінің сапалы қасиеттерін айқындайтын жеке басының біртұтас қасиеті. Спорт колледжі студенттерінің кәсіби білім алуының негізін кәсіби-педагогикалық дайындық түзеді. Ол біріншіден, болашақ спорттық педагогты оқыту мен тәрбиелеу үдерісі болса, екінші жағынан, кәсіби-педагогикалық мәдениетті дамыту деңгейімен, кәсіби маңызды сапалар қалыптасуымен, жеке тұлғаның педагогикалық бағыттылығымен және оның спорттық-педагогикалық қызметінің қажетті жақтарын меңгеруімен анықталатын осы үдерістің нәтижесі.
Дайындықтың педагогикалық салалары, олардың дидактикалық негіздері, әдістері, ұйымдастырылу түрлері, арнайылық ерекшеліктері О. А. Абдуллин [1990], Ю. К. Бабинский [1982], А. А. Вербицкий [1991], Н. В. Кузьмин [1970], Ю. Н. Кулюткин [1990], В. И. Никитенко [1991], Л. Ф. Спирин [1989], Т. А. Стефановская [1998] және т. б. еңбектерінде зерттелді.
Болашақ педагогтың қалыптасу үдерісі кәсіби дайындық барысы Г. И. Аксенованың [1999], Е. И. Артамонованың [2000], Р. М. Асадулиннің [2000], Е. П. Белозерцевтың [1990], Ю. В. Варданянның [1999], М. Я. Виленскидің [1990], Л. К. Гребенкинаның [2000], И. Ф. Исаевтың [1993], А. И. Мищенконың [1992], В. А. Сластенинаның [1990], Е. Н. Шияновтың [1991] және т. б. еңбектерінде қарастырылған.
Спорт педагогтарын жоғары дене шынықтыру білім беру жүйесінде кәсіби дайындау мәселелері А. И. Мищенко [1992], В. А. Сластенин [1990], Е. Н. Шиянов [1991], И. П. Андриади [1997], А. Г. Барабанов [1996], Ю. А. Гагин [1996], А. М. Кузьмин [1999], Ж. М. Есіркепов [2008], Е. Л. Караваева [2008], Ж. А. Юмашева [2009], А. М. Мамытов [1998], Л. П. Матвеев [1996], А. А. Понаморев [1992], Ж. К. Холодов [1996], В. Т. Чичикин [1995], О. Л. Шабалина [2003] еңбектерінде кешенді зерттелген.
Спорт педагогтарын спорт колледжі (техникум) жағдайында дайындау мәселелері Е. Л. Караваева [2008], М. Г. Иванова [1999], И. Ю. Сазонов [2001], С. В. Туленков [2000], Г. А. Шишенко [1999], А. И. Чучалина [2001], А. А. Федоров [1998] және т. б. зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапқан.
Жүргізілген зерттеулер дене шынықтыру және спорт мамандарын спорт колледжі жағдайында кәсіби-педагогикалық дайындау мазмұны мен құрылымын толыққанды ашпайды, оның басты даму бағыттары, педагогикалық шарттары айқындалмаған күйде қалып отыр. Бұл мәселенің ұйымдастырылуында төменде көрсетілгендей сипатты бірқатар қарама-қайшылықтар туындайды: педагогикалық және спорттық-педагогикалық циклдің оқытылуында қажетті деңгейде бапкер-оқытушының кәсіби қызметінің мәні, оның жеке басылық дамуы, өзін-өзі жүзеге асыруы ескерілмеген; антропологиялық құндылықтардың оқыту-тәрбиелеу үдерісі көрсеткіштері және бағдарлары ретінде жүзеге асыру нұсқаулары есепке алынбаған; колледж оқушыларында педагогикалық іс-әрекеттер мен операциялардың жеткіліксіз деңгейде меңгерілуі анықталған, өзінің іс-әрекетін бүтін үдеріс ретінде қабылдауы мен онда педагогикалық заңдылықтардың айқындалуын көре алу мүмкіндігінің қалыптасуы қиындатылған.
Білім беруде, дене шынықтыру мен спортты дамытуда халықаралық спорттық тәжірибе сынағынан өткен заманауи даму бағыттарына сәйкес келетін кәсіби-педагогикалық дайындығының және кәсіби спорттық педагогты дайындауда жаңа тәсілдердің бүтін жүйесіне негізделу қажеттігі сезіледі.
Таңдап алынған тақырыптың өзектілігі бірқатар жайттармен, атап айтқанда: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жүзеге асуымен, Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру мен спортты дамыту мемлекеттік қағидасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауымен (2010 ж., 29 қаңтар) мамандандырылған спорт колледжі жағдайында бапкер-оқытушыны дайындау тиімділігін арттырумен, ғылыми-әдістемелік материалдардың жеткіліксіздігімен байланысты .
Зерттеу мәселесі - бапкер-оқытушыларды заманауи кәсіби-педагогикалық дайындау үдерісінде басты даму бағыттарын, қағидаларын және педагогикалық шарттарын түзу.
Зерттеу нысаны - спорт колледжі оқушыларының кәсіби-педагогикалық білім алу процесі.
Зерттеу пәні - спорт колледжі оқушыларын кәсіби-педагогикалық дайындаудың тұжырымдамалы негіздерін түзу.
Зерттеудің болжамы. Бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық жағынан дайындаудың тиімділігін бірқатар жағдайларда арттыруға болады, атап айтқанда: спорттық-педагогтық білім беру мазмұнының адами мүмкіндігінің өзектілігін арттыру; болашақ бапкер-оқытушының жалпы және кәсіби-педагогикалық мәдениетін дамыту; оқушы-спортшылардың бапкерлік қызметінің танымдылық үдерісін жүйелі ұйымдастыруды жүзеге асыру; кәсіби-педагогикалық дайындаудың мазмұны, әдістері және түрлері бапкер-оқытушының таңдап алған қызметінің арнайылық ерекшеліктеріне сай келу; үйрету және шынықтыру үдерісі барысында бапкер-оқытушының болашақ кәсіби қызметінің мазмұны мен құрылымының арнайылық қасиетін бейнелеу; оқушы-спортшылардың теориялық және тәжірибелік сабақтарды түрлендіріп өткізу қызметін ұйымдастыру; кәсіби өзіндік сананы, педагогикалық рефлексияны дамыту; бапкер-оқытушының шығармашылық жеке қасиеттерін дамыту үдерістерін келтіретін кәсіби-педагогикалық дайындықтың жекелей-бағытталған технологиясын жүзеге асыру.
Зерттеу мақсаты - бапкер-оқытушыларды спорт колледжі жағдайында кәсіби-педагогикалық дайындау.
Зерттеу міндеттері:
- бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындаудың орта спорттық-педагогтық білім беру жүйесіндегі теориялық-әдістемелік негізін құрайтын ережелері жиынтығының негіздемесін жасау;
- бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындаудың функционалды үлгісін түзу;
- бапкер-оқытушыны тиімді дайындаудың негізгі даму бағыттарын , қағидаларын және педагогикалық шарттарын тәжірибе жүзінде негіздеу;
- бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындауды қалыптастыру үдерісін сипаттайтын көрсеткіштер мен деңгейлерді бекіту;
- бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындаудың технологиялық негіздерін анықтау;
- бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындауды ұйымдастыру бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Алға қойылған міндеттерді шешу мен оның алғы шарттарын тексеру үшін зерттеу әдістерінің өзара бірін-бірі толықтырушы бірнеше жиынтығы қолданылды: ғылыми әдебиеттер сараптамасы және жалпылама қорытындысы (салыстырмалы-бейнелеу) ; анықтамалық (сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, сұрақ-жауап алу), бақылау (тікелей, жанама және енгізілген бақылау), праксиметриялық (қызмет сараптамасы, спорттық-педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау) әдістері; педагогикалық тәжірибе; тәжірибелік мәліметтер статистикалық өңдеуден өткізілді.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде мәселенің өзектілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, алғы шарты, зертеу әдістері, оның ғылыми жаңалығы, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы келтірілген.
1. Спорт колледжі жағдайында дене мәдениетіне тәрбиелеудің жолдары
1. 1. Спорт колледжі жағдайында балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеудің бағыттары
Біздің елімізде бала тәрбиесіне көп көңіл бөледі және бұл мемлекеттің маңызды міндеті болып табылады. Денені тәрбиелеу шаралары шыдамды, дені сау, еңбексүйгіш азаматты қалыптастыруға бағытталған. Баланың денесінің дұрыс дамуына қажетті шаралар жүйесіне олардың өмірінің гигиеналық талаптары және салауатты өмір салтын ұйымдастыруы жатады. Әрбір ата - ана баласына жақсы жағдай жасауға, аурулардан сақтауға тырысады. Сонымен қатар, баланың денсаулығына зиян келтірме, оның имунитетін, қабілетін жоғар-лату керек. Бұл кезде шынықтыру мақсатында қолданылатын табиғи күштер ауа, су, күн сәулесі маңызды рөл атқарады. Баланың толық дене дамуы үшін физикалық жаттығулар жасауы керек, қозғалмалы ойындар ойнауы керек.
Қозғалмалы ойындар, физикалық жаттығулар бірігіп әрекет етуіне шыдамдылығын, қозғалыс жылдамдығын, икемділігін дамытады.
Дене тәрбиелеуде бала денсаулығын нығайту жатады, ағзасын шы-нықтыру шаралары дұрыс таңдалған ойындармен дене жаттығуларына байланысты.
Ата - аналар мен тіндеттерінің маңыздылығы неғұрлым тереңіректүсінсе, соғұрлым олар отбасында және балаларды оқу - тәрбиелік мекемелеріндегі жалпы тәрбие беруі жеңілдетіледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібіне негізгі талаптар: мектеп жасына дейінгі балалық шақта жағымды дағдылар мен әдеттерді тәрбиелеу маңызды рөл атқарады. Ол кезеңде үлкен жарты ми шарында шартты рефлекстер пайда болып, және бұл рефлекстер әдет пен дағды түрінде адамның бүкіл өміріне қалады. Балаларды белгілі бір күн тәртібіне, гигиеналық талап-тарды орындауға үйрету арқылы ағза үшін жағымды дағдыларды қалыптасуға байланысты. Қатаң күн тәртібін сақтау - баланың қалыпты физикалық дамуына жағдайдар жасайды. Адам белгілі 1 уақытта тамақтанып, ұйықтап, жұмыс істеу-ге үйренсе, ол соған өмір бойы дағдыланатыны белгілі. [5. 24]
Күн тәртібінің негізгі талаптары - уақытты үнемдеу және әрекет түрлерін кезекпен ауыстыру, яғни баланың арнайы белгіленген уақытта қыдыруы, ұйықтауы, тамақтануы керек. Бұл уақыттар қатаң қадағалануы керек. Кейде ата - аналар балаларын аяп, кеш ұйықтауға, кеш тұруға кез - келген уақытта қыдыруғарұқсат береді. Күн тәртібіндегі бұндай бұзылушылықтар баланың көңіл - күйіне, тәртібіне, ұйқысына әсер етеді. Баланың мінез - құлқында өзгерістер пайда болуы, ол ашуланшақ және қықыр болып кетеді.
Күн тәртібі мезгілге және отбасы жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін. Алайда күн тәртібінің жалпы ережелерін әрдайым ұстану тиімді: ұйқыны, тамақтануды, серуендеуді ұйымдастыру.
Ұйқы: ұйқы кезінде ғана бала толық демалады. Ұйқының белгілі 1 уақыта болуы керек. 3 - 4 жастағы бала күніне - 14 сағат, 5-6 жастағы - 13 сағат, 7-8 жас - 18 сағат ұйықтау керек. Осы уақыттың ішінен, әсіресе мектеп жасына дейінгі балаларға күндіз -1, 5 сағат ұйықтауы керек. алайда баланың уақытында ұйықтауына да көп көңіл бөлген жөн. ХХІ ғасырдың І жартысынан бастап, ресей елінде үлкен потенциалды мәселелердің бірінші болып, қазіргі таңда - мектеп жасына дейінгі балалар жатады. Дәл соларға қоғамдағы қиын әлеуметтік - экономикалық, моральды - этикалық, ұлтты және т. б. мәселелерді, шешуге тура келеді. Ал бұл мәселелер қазіргі таңда Қазақ ғалымдарының ең басты мәселелердің бірі .
Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығының төмендеуі, физикалық және іс - қимыл әрекетінің төмендеуі - әдеттегі елеңдеуші мәселелерге айналып барады. Бұларға ең басты себеп, осы еліміздегі әлеу-меттік қозғалынбауы, өмір сүру деңгейінің төмендігі, қоршаған орта эконо-микасының ластануы, медициналық көмектің жеткіліксіздігі, қаржылық ағар-тушылық ұйымдардың жетіспеушілігі және тағы басқада көптеген мәселелер себепші болып отыр.
Бәрімізге белгілі, көптеген балаларға потологиялық жағдайда алдын - ала денесін тәрбиелеу және профилактикалық жұмыстар жүргізілуі керек. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеуде - негативті тенден-цияларын толығымен қамтылу қажеттігі туды. Тағы бір мектеп жасы-на дейінгі балаларды инновациялық бағытта тәрбиелеудегі - дене тәртібін мәдениеттендіру аспектісінде тәрбиелеу негізі болады. Бұның негізін шешуде 2 ғылыми - әдіснамалық тапсырмалардың бағыты ұсынылды:
а) Балаларға ақыл - ой мен байланысты дене тәрбиесі сабақтарын беру;
б) Баланың белгілі әлемге көзқарасын, дене тәрбиесі сабағына деген көзқарасын, оның құндылығын, оның мотивациясы қажеттілік сферасын дамыту. [59. 14]
Осыған байланысты біз балаларды тәрбиелеу мен білім беруде жаңа технологиялық схемасын жасап шығайық. Яғни, оның негізін мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық процестерінің дамуының ерекшеліктерін негізгі принципке алып отырмыз.
Бұл педагогикалық эксперименттер қортытындылары, 3-6 жастағы балалардың дене тәрбиесі пәндеріне қабілеттілігін дәлелдеуі. Сонымен қоса, балалардың дене тәрбиесіндегі және дағды мен қабілеттілігін, интеллектуалды қабілет-тілігін ашты. Адамның дене тәрбиесіндегі әлеуметтік - педагогикалық тапсыр-маларды шешудегі мынандай құрылымдық жүйеге әкеледі: дәлелділігі және дене тәрбие сабағын оқудың құндылығын, оған деген қарым - қатынас қажет-тілігінің жоғары екендігін аңғарамыз. Бұл зерттеулерде балалардың соның ішіндегі 3 жасар ұлдар мен қыздардың қозғалуы активтілігі, қызы-ғушылығы туды. Бірақ бұлардан үлкенірек балалардың қызығушылығының динамикасында ақырындап дифференция жүреді. Сонымен қоса дене тәрбие-сіне деген ұл балалардың қызығушылықтыры қыздарға қарағанда басымырақ болады.
- 5 жаста дене тәрбиесі пәні 2 жоспарда.
-6 жаста - 10 шақты тапсырма ішінен 4 - ші жоспарға ауысып отырады.
Жоғарыда айтылған факторлар бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды ден тәрбиесі сабақтарына итермелейтін өзіндік себептер мен мотивтер болады. Шынайы экспериментте мынадай 2 мәселеге баса назар аударылуы: баланың (3-6 жасар) - дене тәрбиесі тапсырмаларын әлеуметтік - психологиялық жағынан және интеллектуалды процестерді шешуде. Шынайы зерттеудегі 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың физикалық тұрғыда тәрбиеленуі мен интеллектуалды дамуы арасындағы екеуінің бір - бірімен байланысын анықтайды. Корреляциялық анализдердің қорытындысы бойынша, 5 - жастағы ұлдар мен 6 - жастағы қыздардың дене тәрбиесі сабағын меңгеру мен физикалық жаттығуларға қабілеттілік екеуінің арасында жағымды байланыс бар екенін анықтаған. Дәл қазіргі уақытта, көптеген атақты ғалымдардың зерттеулері бойынша, баланың дене тәрбиесіне - оның жекелік дамуына, адами қасиетінің қалыптасуына, оның қозғалыс қабілеттілігінің дамуына өз үлесін қосатыны дәлелденді.
Баланың жалпы дене тәрбиесінің структурасында басты рөлді - оның физикалық даму потенциялы, оның өмірлік білімі мен қабілеттілігі жатады. Ғылыми фактілер бойынша, 3-6 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі балаларда - жасерекшелік диапазоны болды. Физикалық тәрбиелеу барысында балаларда көптеген өзгерістерге ұшырайды. Мысалы: ұлдарда - күш пен жылдамдық, ал қыз балаларда - жылдамдық пайда болады. Ал 4-5 жас аралығындағы ұлдар мен қыздарда да бірдей күш куаты пайда болады. Ал ол күш олардың физикалық қозғалысының мотиві болып табылады.
Ұжымдық - әдістемелік ерекшелігі бойынша, мектеп жасына дейінгі балаларда физикалық дайындық мынадай топтарға бөлінеді:
- Бақылау тапсырмаларының кейбір техникасын қайта оқу қажеттілігі туындайды.
- Баланың тапсырмаларды орындаудағы жақсы нәтижеге қол жеткізу оның максималды және ұзақ мерзімді күш жұмсауымен байланысты.
- Мектеп жасына дейінгі балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеуде комплекстік тестті мақсатты түрде ұйымдастыруы қажеттігі.
Баланың дене тәрбиесіне тәрбиеленуі, оның психикалық процестердің дамуына, баланың есеюіне өз үлесін қосады. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелегенде, психикалық процестерінің дамуына өз үлесін қосады, яғни ол 3-4 жас 4-5 жас аралығында өте тиімді. Мектеп жасына дейінгі балаладың « өмірлік дағдыларын» қалыптастыру. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесін жүзеге асыру барысында кездесіп отыран басты қиындықтардың бірі - балаларды алған білімін заман талабына сай өмірде қолдана білуге үйрету дәрежесінің төмендігі болып отыр. Білім саласындағы жүргізілген зерттеулер мен аналитикалық шолулар жалпы білім бадарламалары аясында берілетін білім мазмұнын өмірмен ұштастырудың осалдығын, өзгермелі әлем жадайына сәйкес өз іс-әрекетін бейімдеп, ұйымдастыра алатын адамды қалыптастыру деңгейі жағынан заман талабына жауап бере алмай-тынын аңғартуда.
Осыған орай мектепке дейінгі кезеңнен бастап балаларға өмірге қажетті дағдыларды игеруге қолайлы жағдай туғызу міндетті туындайды. Бұл келе-шекте баланың жеке басының дамуы, дұрыс қарым - қатынас жасай білуі, кез келген жағдайға оңай бейімделіп, одан шығар жол таба білуі, әр уақытта саналы қадам мен оң шешім қабылдай алуы сияқты қасиеттердің алғышарты болады. Мектепке дейінгі ұйымдарда өмірлік дағды-ларды қалыптастыру тұрғысында білім беру процесін жобалау үшін олардың жас ерекшеліктеріне байланысты игеруге тиісті өмірлік дағдылар тізбесін анық-тау және негіздеу өзекті мәселе болып отыр.
«Өмірлік дағдылар» ұғымы белгілі бір ғылымның (медицина, психология немесе педагогика) категориясы емес нақты анықтамасы жоқ.
Өмірлік дағдыларға, кең мағынада айтар болса, адаматтарға өз қажеті мен сұранысына білім алуға, еңбек етуге, өмірдегі өзгермелі құбылыстарға бейім-делуге, денсаулық сақтауға, өз елінің қоғамдық және экономикалық өмірде бел-сенді араласуына мүмкіндік беретін дағдылар жатады.
Біздің зерттеу мәселемізге қатысты, нақты функционалдық мағынады қарастырар болсақ, бала өмірінің, тұрмысының алуан қырларына ( психо-физиологиялық, әлеуметтік және т. б. ) қатысты туындаған жай - жағдайларға бейімделу мен даму міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін іскерлік пен қабі-леттер жиынтығын айтуа болады.
Зерделенген әдебиеттер бойынша, жалпы өмірлік дағдылар былай жіктеледі:
- мақсат қоя білу және шешім қабылдай білу дағдысы;
- коммуникативтік дағдылар;
- сезім білдіру және оны басқара білу дағдысы;
- сыни тұрыда ойлау дағдысы;
- басқа адамның қысымын және жағымсыз ықпалын сезе білу, оған тосқауыл қоя білу дағдысы және т. б.
Жалпы мектеп жасына дейінгі балаларды «өмірлік дағдыларға» үйрету мәселесі басқа елдерде қалай қарастырылып жатқанына қысқаша шолу жасалық.
Осы уақытқа дейін отандық мектепке дейінгі педагогика саласында балалардың бойында демократиялық құндылықтар мен нормалар негізінде әлеуметтік мінез - құлықты қалыптаситыруға бағытталған білім беру бағдар-ламасы болған емес. Барлық мектепке дейінгі ұйымдарға арналған «Бала-бақшада оқыту мен тәрбиелеудің типтік бағдарламасының», «Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік түсініктерін қалыптастыру» бөлімі бойынша бала ерте сәби кезеңнен бастап - ақ топ ұжымның мүддесіне орай әрекет етуге үйренуі тиіс болды. Мұнда негізгі құралы ретінде балалардың шындық өміріне көп жанаса бермейтін, олардың жан-дүниесі мен қарым - қатынасын бейне-леуден алыс жатқан фольклорлық шығармалар мен адамгершілік - патриоттық қасиеттерге тұлғалық қасиеттерді ұсынылатын. Осындай жеке тұлғалық қасиет-терді дамытуға бағытталмаған тәрбие, балалар бойында сөз жүзінде қалай әре-кет ету қажеттігін білгенімен, үлкендердің бақылауынсыз қалған кезде оны орындамау сияқты екіжақты сипат алатын. Ал баланың өз сезімін, пікір-талабын, өзгелерге түсінікті етіп жеткізу, өзгенің орнына өзін қойып, санаса білуге үйрету, кез келген күрделі жағдайдан лайықты түрде шыға білуге үйрету міндеттері тіпті қойылмайтын. [53. 40]
Балабақша тәрбиешілері де, мектеп мұғалімдері де бала тәрбиесіндегі өз мақсат - міндеттерін айқын біледі, ол баларады ұжымда өз орнын табуға, өзінің жаны қалайтын іс-әрекеттері, бірге ойнайтын әріптесін таңдай білуге, белгілі бір міндеттерді атқара алуға, өзгелерге кедергі жсамай, өз талап тілегін қанағаттандырв алуға үйрету. Күнделікті жүргізілетін жұмыста ең алдымен әрбір баланы құрбылармен, үлкендермен жағымды да сыпайы қарым-қатынас орната білуге, өз қажеті мен тілегін сезіне және оған қол жеткізе білуге үйрету көзделген. Басқаша айтар болсақ, балабақша бала бойында дербестікті, жауапкершілікті, сын тұрғысынан ойлай білуді қалыптастыруға ықпал етеді, оны қоғам өміріне белсенді араласуға дайындайды. Баланың өз тәртібін, мінез-құлқын басқара білуге, кез-келген іс-әрекет, жай - жағдайларға сын көзбен қарап, баға беруге, өз тарапына айтылған сыни пікірді қабылдап, одан қорыта шығаруға үйренуі міндетті.
Әрбір мектепке дейінгі ұйымды бірлескен мәжілістерінде тәрбиешілер ауладағы, топ бөлмесіндегі балалардың іс - әрекеттерін ұйымдастыруда қандай ережені басшылыққа алу, нені балалардың өздерінің шешуіне мүмкіндік беру қажеттігін, өз қалаулары бойынша не істей алады, қай уақытта тәрбиешінің пікірене бағынуы тиістігі жөніндегі пікір алмасады. Егер баланың дербес әрекет ете білуін қалыптастыру қажет болса, онда тек оны киіне және шешіне білуге, өз орнын жинай білу, тамақтану құралдарын дайндай білуге ғана үйреніп қана қоймай, өз таңдауын сезіне және жауапкершілік ала отырып, тәрбиешінің тапсырмасын орындау жолын табуға үйренуі тиіс. Осылайша балалар өз қызығушылығына ненің сәйкес келетіндігін аңғаруға және өз шешімін өзгелердің тілегімен ұштастыра алуа үйретілуі көзделеді.
1. 2 Дене тәрбиесінің әлеуметтік - педагогикалық әсерлері
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz