Білім беру - бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті
Тақырып: Білім беру жүйесі әлеуметтік институт ретінде
Дайындаған: Маккамбаева Муниса
Тобы: 108-топ; 2 шет тілі
Қабылдаған:
Алматы 2021
Мазмұны
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Білім беру әлеуметтануы ұғымы, объектісі.
2. Білім берудің әлеуметтанулық мәселелері.
3. Білім әлеуметтік институт ретінде.
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиет
Кіріспе
Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, социология секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттейді. Білім беру социологиясы - білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән. Социологияның мұндай ерекше саласының бөлініп шығуы білімнің тарихи ауыспалы жүйесіне және шартты дербестігіне, оларды тудырушы қоғамдық қатынастар шеңберінде қоғамның дамуы мен қызмет етуіне белсенді әсер ете алу қабілеттілігіне негізделген.
Білім беру -- тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Білім беру - бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Атап айтқанда, білім - бұл жүйелік білімді беру жəне ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің болуын талап етеді. Білім беру - міндетті екі субъектісі - мұғалім жəне білім алушы, яғни оқытушы жəне оқушы бар, ұйымдастырылған процесс. Осы субъектілер болмаса білім беру процесі болмайды. Білім беру процесі əлеуметтік тəжірибе немесе өткен ұрпақтың қалдырған білімге, нақты материалдарға негізделген, мақсатқа бағытталған процесс.
Білім беру ол оқу процесі жəне осы мағынада қатысушылардың жаңа білімдерді игеруі. Білім берудің əр түрлі мақсаттары мен міндеттері болуы мүмкін. Бірақ, қазіргі əлемде, көбінесе, білім беру жүйесі туралы сөз қозғалады. Кəсіби білім берудің нақты іске немесе кəсіпке үйрету ретінде ежелгі тарихы бар. Сондықтан, кəсіби білім беру белгілі бір қолөнерге немесе мамандыққа оқыту болып табылады. Білім беру мен оқыту түсініктері арасында сондай ерекше айырмашылық жоқ, бірақ білім беру түсінігі көлемі бойынша оқыту түсінігіне қарағанда ауқымдырақ. Үйрету түсінігі қолданбалы сипаттағы белгілі бір нақты білімді игеруге бағытталған нақты мағынаға ие. Мысалы, бастапқы кəсіптік білім беру жүйесіне қатысушыларды слесарь, машинист, тігінші, электрик, оператор кəсіптеріне үйрету. Білім беру пайда болғанынан бастап, адамзаттың əлеуметтік құндылығына айналды. Ол қоғам дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Толық мағынада, білім берудің əлеуметтік институт ретіндегі пайда болуынан бастап қоғамның өзінің дамуы, оның экономикалық, əлеуметтік жəне рухани прогрестері білім беру деңгейіне тəуелді болып қалды. Білім интенсивті түрде дамып жатқан мемлекеттерде мектептер мен басқа да білім орталықтары пайда болып, халықтың сауаттылығы артып, өзінің дамуының қарқынын жоғарылатуда. Мысал ретінде Ежелгі Греция, Рим, Византия, Персия, Египет, Қытай, Үнді елдерін айтуға болады. Бұл елдерде білім беру жоғары қарқынға ие болып, аталған елдер сол дəуірлерде əлемнің басқа елдерімен салыстырғанда алға жылжып, жоғары дамыған болып табылды. Бүкіл Еуропа тарихы ғылым мен білім олардың экономикалық, техникалық жəне рухани қарқынды дамуында шешуші роль атқаратындығына дəлел бола алады. Əлемнің қазіргі дамыған елдері білімнің арқасында жоғары технологиялық жəне экономикалық дамуға қол жеткізген. Өз уақытында, XVIII ғасырдың басында Англия елі философы Ф. Бэконның "Білім -- күш" принципі арқасында ілгері жылжыды. Бұл принцип барлық Еуропа елдерінің бұдан арғы саясаты мен идеологиясына негіз болды. Сциентикалық бағыт ғылым мен білімнің қоғамдағы мəнін оларды қоғамдағы алғашқы құндылық ретінде анықтай отырып абсолюттендіреді. Бұл тұжырымдарда шындық бар, жоғарыда айтылғандай, ғылым мен білімнің арқасында Еуропа барлық елдерден үстем болып шықты. Бірақ, бұл принципте үстемелеу, яғни білім беру мен ғылымның ролін абсолюттендіру бар. Адамзаттық қоғамда, білім мен ғылымнан басқа, адамгершілік, дін, философия, саясат жəне құқық, мəдениеттің алар орындары ерекше. Білім беру мен ғылым адамзаттың тұрмыстық формаларымен өзара əрекеттесіп, олардың өздеріне əсерлерін сезініп, оларға өздері де əсер етеді. Сонымен бірге, білім көрсетілген формаларға əсер етіп қана қоймай, əлеуметтік мобильділік пен қоғамның əлеуметтік құрылымына да əсер етіп, жеке, күрделі, автономды жүйе болып қала береді.
Білімді социология ғылымында қарастыру ерекшелігіне көшсек, социология білімді əлеуметтік институт ретінде қарастырады. Əлеуметтік институт -- бұл өздерінің нормалары мен ережелері бар, белгілі бір қызметтер атқаратын, қоғамдық өмірдің жеке салаларындағы əлеуметтік қатынастарды реттеп отыратын институционалдық мекемелер немесе ассоциациялар (ұйымдар). С.С. Фроловтың айтуы бойынша, əлеуметтік институт -- бұл мəнді қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін, қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын байланыстар мен əлеуметтік нормалардың ұйымдастырылған жүйесі .
Осылайша, социологияда əлеуметтік институт түсінігіне көптеген анықтамалар беріледі, сөйтсе де олар мазмұндары бойынша жақын. Егер де əлеуметтік институттардың маңызды жақтарын айтатын болсақ, онда келесілерді көрсетуге болады:
* норма мен статус енгізілген еркін жүйе;
* əдет, дəстүр, іс-əрекет, жүріс-тұрыс ережелер жиынтығы;
* ресми жəне ресми емес ұйымдар;
* қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттеп отыратын нормалар мен мекемелер жиынтығы;
* əлеуметтік іс-əрекеттер кешені .
Білім -- ол əлеуметтік институт, өйткені ол өзінің тұрақты құрылымы, статусы, нормасы, ережесі, символдары бар, автономды түрде əрекет етеді. Əлеуметтік институтқа тəн, басқа да белгілері бар. Білім беруге байланысты адамдар əрекеттерін реттеуші жəне ұйымдастырушы нормалар жиынтығы білім берудің əлеуметтік институтт болып табылатынына куəлік етеді [3]. Ең алдымен, білім беру институциаландырылған, заңмен бекітіліп, мемлекет пен қоғаммен мойындалған. Білім əлеуметтік институт ретінде келесі құрылымнан тұрады:
* білім беруді басқару органдары;
* білім беру мекемелер тобы (мектептер, колледждер, гимназиялар, лицейлер, кəсіптік мектептер, университеттер мен академиялар т.б.);
* шығармашылық одақтар, кəсіптік ассоциациялар, қоғамдар, ғылыми жəне методологиялық кеңестер мен басқа да бірлестіктер;
* оқытушылар мен білім алушылар үшін шығарылған оқулықтар мен əдістемелік оқулықтар;
* білім беру бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік стандарттары;
* журналдар мен жылдық басылымдарды енгізетін кезеңдік басылымдар;
* білім беру мекемелері əлеуметтік жəне заңдық статусқа ие, өзінің жарғысы жəне басқа да құжаттары болады. Олар ғимараттарда орналасады, жер көлемі болады, материалдық құндылықтары мен қаржыларға ие. Білім беру субъектілері мыналар: 1) білім алушылар, 2) мұғалімдер. Сонымен бірге, білім беру субъектілері мыналар бола алады: білім беру мекемелері (ұйымдар) -- ішінде əлеуметтік қатынастар, нормалар, ережелер орын алатын кəсіптік белгілері бойынша біріккен адамдар топтары.
Білімнің кез келген деңгейде екі негізгі қызметі бар. Олар: 1) білім беру; 2) əлеуметтендіру, тəрбиелеу.
В.И. Добреньков жəне А.И. Кравченко білім берудің бірнеше қызметтерін бөліп көрсетеді:
* бір ұрпақтан екінші ұрпаққа білімді беру жəне мəдениетті тарату;
* қоғам мəдениетін сақтау жəне жетілдіру;
* тұлғаның əлеуметтенуі, əсіресе, жастардың жəне олардың қоғамда интеграциялануы;
* тұлғаның статусының анықталуы;
* əлеуметтік таңдау (селекция) қоғам мүшелерін дифференциациялау, бірінші кезекте жастарды, оның нəтижесінде қоғамның əлеуметтік құрылымы қайта өндіріледі жəне өзгереді, индивидуальды мобильділік;
* жастарды кəсіби бағыттауды жəне кəсіби таңдауды қамтамасыз ету;
* сатылы үзіліссіз білім беру үшін білім базаларын құру;
* əлеуметтік-мəдени новация, жаңа идеялар мен теорияларды, жаңалықтарды өңдеу жəне құру;
* əлеуметтік бақылау .
Қазіргі білім беру жүйелері ғылымға, ғылыми жетістіктерге негізделген жəне өзіндік күрделі əлеуметтік құбылыс болып табылады. Білім беру жүйелері ұлттық, аймақтық, континенталдық, жаһандық жəне əлемдік болуы мүмкін. Қазіргі білім беру жүйесі ұлттық-мемлекеттік, аймақтық болып бөлінеді. Əзірге əлемдік білім беру жүйесі жоқ, бірақ оған көптеген əлем елдері ұмтылуда. КСРО-дағы білім беру жүйесі аймақтық болып табылады. Кеңестік білім беру жүйесі немістік білім беру жүйесімен байланысты. Қазіргі əлемде англосаксондық, американдық білім беру жүйесі кеңінен таралған. Білім берудің еуропалық жүйесі де кеңінен таралып, дамыған өзгермелі жүйе болып табылады. Жапония, Қытай, Корея (оңтүстік) сияқты Азия елдерінде өзіндік ұлттық білім беру жүйесі бар. Олардың барлығы ұлттық білім беру жүйесі ретінде сипатталады. Əр елде əлемдік білім жетістіктеріне, ұлттық-мемлекеттік ерекшелігіне, халықтың менталитетіне сай білім беру жүйесі бар. Білім берудің ұлттық стандарттары ғылым жетістіктеріне, жоғарғы əдістемелерге, ұлттық мəдени ерекшелікке, дəстүрлерге, əлеуметтік-экономикалық даму деңгейлеріне негізделе оқытылады. Білім берудің ұлттық стандарттары мемлекеттік органдар арқылы жасақталады жəне біртұтас құжаттар кешені болып келеді. Білім беру стандартының негізі жалпы бұқара халық пен барлық білім беру мекемелерінің қатысуы арқылы жүргізілетін мемлекетпен қабылданатын білім беру реформалары табылады. Білім стандарттарының басты құжаты "Білім туралы Заң". Көптеген елдер қабылдаған түрлі өзгеріске ұшырап отыратын, аймақтық білім беру жүйесі де бар. Мысалы, Еуропалық білім беру жүйесі. Бірақ Еуропалық білім беру жүйесі толық қалыптаспаған деп айтуға болады. Еуропарламент жəне біріккен Еуропалық өзге ұйымдары осындай аймақтық, ұлттық білім беру жүйесін құруға кірісуде. Бұл туралы (1999 ж.) Лиссабон, (2004 ж.) Болондық декларациялар дəлел бола алады. Мəні бойынша ұлттық білім беру жүйелері бір-біріне жақын, əсіресе, жоғары білім жəне бұл елдерге ортақ білім беру жүйесінде қиындық тудырмайды. Америкалық білім жүйесі Еуропалықтан ерекшеленеді. Бірақ бұл жүйе негізінде осы жүйені қалыптастырушылар европалықтар болғандықтан, европалық (ағылшындық) құндылықтар жатады. Америкалық білім беру жүйесі, əсіресе, жоғары білім қазіргі кезде афро-азиаттық, европалық жүйеге əсер етуде жəне оның көптеген принциптері əлемнің бірқатар елдерінде енгізілуде.
Ресейдің өзіндік білім беру жүйесі бар. Бұл жүйе КСРО-дан мұра болып қалған, бірақ бұнда уақыт талабына сай келетін білім берудің жаңартылған жүйесін құруға бағытталған жаңа реформа басталды. Ресей европалық, америкалық немесе англосаксондық білім беру жүйесінің ең үздіктерін қабылдауда. Бірақ ол өзіндік ұлттық білім беру жүйесін құруға бағытталған.
Қазақстан Республикасында жаңа білім заңы 2007 жылы қабылданды. Білім беру ұзақ мерзімді Қазақстан - 2030 Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа əлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады.
Жаңа мақсаттарды шешу үшін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы техникалық жəне кəсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан балалары бағдарламасы секілді бірқатар бағдарламалық құжаттар мен нормативті актілер қабылданды.
Осы құжаттарда жəне басқа да Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында реформалар негіздері анықталған жəне республикадағы жаңа білім беру жүйесі нақтыланады. Бұл жаңа жүйе мектеп табалдырығынан бастап, ЖОО-дан кейінгі білім беру деңгейлеріне дейінгі барлық сатыларын қамтиды. "Бұл Бағдарламаның жасақталуы білім сапасын арттыруға, жаңа экономикалық жəне əлеуметтік-мəдени жағдайларда білім беру жүйесі алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешуге, сапасын арттыру бағытталған түбегейлі өзгерістер қажеттілігінен туындады" [3].
Жаңа реформа жағдайында Қазақстандық білім беру жүйесі американ-еуропалық стандартқа жақындап келеді. Бірақ аталған стандартпен толық сəйкес келуі мүмкін емес. Реформада Қазақстанның ұлттық ерекшеліктері мен тарихи тəжірибелері ескерілген.
Бірақ реформадағы бағыттардың көпшілігі жаңа деуге болады. Мысалы, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, бастауыш жəне орта кəсіби білім беру жүйесін жаңадан құру. Жоғары білім беру құрылымына да көптеген жаңалықтар енгізілуде. ЖОО-да бакалавриат, магистратура жұмыс істеуде. Бұдан арғы ЖОО-дағы жəне ЖОО-дан кейінгі білім беру бакалавриат-магистратура-докторанту ра моделі бойынша жүргізіледі. ЖОО-дан кейінгі білімге жəне ЖОО-ны бітірген мамандардың біліктілігін көтеру жүйесіне ерекше назар аударылған. Білім беру реформасының ортасында, жоғарыда айтқанымыздай, білім сапасы тұр. Білімнің басты мақсаты тұлғаның біртұтас əлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру, жоғары технологиялық өндірісте табысты жұмыс істей алатын, адамдарды басқара алатын, əлеуметтік, саяси процестерді халықтың, қоғамның қажеттілігіне қарай ұйымдастыра алатын кəсіби мамандарды даярлау болып табылады. Реформада білім сапасын бақылау мен тексеруге де көңіл бөлінген. Басты құжатта қазіргі Қазақстандағы білім беру жүйесіне талдау жасалынып, кемшіліктері мен олардың себептері көрсетіледі. Болашақта білім процесінде оқитындардың өздігінен білім алуына басты екпін қойылады. Реформада пəндік білімге негізделген ескірген əдістемелік базадан алшақтап, оқытудың жаңа əдістемелік базасын іздестіруді міндет етіп қояды. 2008 жылы Қазақстан Болон процесі деп аталатын еуропалық оқу жүйесі туралы құжатқа қол қойды жəне университеттердің хартиясына қол қоюға біраз Қазақстанның ЖОО-ы қатысуда. Сонымен біз еуропалық, америкалық стандартқа жақындай бастадық.
Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, әлеуметтану секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттейді. Білім беру әлеуметтануы - білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән. Әлеуметтанудың мұндай ерекше саласының бөлініп шығуы білімнің тарихи ауыспалы жүйесіне және шартты дербестігіне, оларды тудырушы қоғамдық қатынастар шеңберінде қоғамның дамуы мен қызмет етуіне белсенді әсер ете алу қабілеттілігіне негізделген.
Білім беру әлеуметтануының пәні әлеуметтік институт ретінде білім (оның қоғамдағы қызметі мен басқа институттармен өзара байланысы), әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері (мектеп, ЖОО, т.б.), сонымен қатар білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру әлеуметтануы, сондай-ақ білім жүйесінің әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және оның негізгі элементтерімен өзара әрекеттесулерін зерттейді: мысалы, қоғамдық өндіріс элементтері, экономикалық қатынастар элементтері, саяси жүйе элементтері, рухани өмір элементтері. Білім жүйесі мен оның жеке кіші жүйелер ішінде пайда болатын әлеуметтік мәселелерге (мектеп, кәсіби оқу орны), оқытушы мен оқушы арасындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz