Тәбеттің бұзылыстары
Қарағанды облыстық жоғары мейірбикелік колледжі
СӨЖО
Тақырып: Асқорыту бұзылыстарның этиологиясы мен патогенезі.Себептері мен салдары.
Тексерген: Несипова.А.А.
Пәні: Жалпыпатология
Дайындаған: ШегірӘ.Е.
Тобы: 1-А1
Қарағанды, 2021
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Ас қорыту бұзылыстарының себептері.
2.Тәбеттің бұзылыстары.
3. Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары.
4. Асқазанның қимылдық әрекеттерінің бұзылыстары.
5. Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema -- бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria -- асқорыту) -адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді -- ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді -- ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.
Негізгі бөлім
Ас қорытылуының жеткіліксіздігі деп организмге түскен тамақтың қорытылмауына әкелетін ас қорыту жолдарының жағдайларын айтады.Осының нәтижесінде организмде теріс азоттық баланс,витаминдер мен микроэлементтердің жеткіліксіздігі дамиды,организмнің қоздырғыштарга жауап қайтару қасиеті төмендейді,балалардың дамуы мен бойы өсуі баяулайды.
Ас қорыту бұзылыстарының себептері:
1.Қоректенудің бұзылыстары.Қоректенудің белгілі тәртібі бұзылуы,ұзақ уақыт аш жүру, сапасыз қоректену,құрғақ тамақ немесе тым ашты тамақ қабылдау ж.б.;
2.Ас қорыту жолдарына жұқпалы аурулардың қоздырғыштары(іш сүзегінің, дизентерияның, тырысқақтың,тағамдық уытты жұқпалардың ж.б.) түсуі.Асқазанның созылмалы қабынуларын қарын қақпашысының шырышты қабықтарындағы эпителий жасушыларында өсіп-өнетін He licobacter pylori туындататыны бүгінгі күні белгілі;
3. Химиялық заттардың(ауыр металлдардың.салицилаттардың,алкогө лдің,никотиннің ж.б.),өсімдік уаларының(саңырауқұлақ ж.б.) ас қорыту жолдарына түсуі;
4.Иондағыш сәулелердің әсерлері(сәулелік ауру);
5.Өспелердің дамуы;
6.Стресстік жағдайлар,ауыр жан-дүниелік күйзелістер,жағымсыз эмоциялар ж.б.;
7. Жас балаларда аллергиялық серпілістер мен ас қорыту жолдарының даму ақаулары.
Ас қорыту жолдарының аурулары жиі тәбеттің бұзылыстарына әкеледі.
Тәбеттің бұзылыстары
Тәбет қарын ашу сезімінен ерекше сезім.Ол адамның белгілі тамаққа аңсары аууы.Тәбет ашылуы тамақ қабылдаудың бірінші минөттерінде,әсіресе күткен тағамның иісіне, түріне, тамақ қабылдайтын қоршаған ортаның эстетикалық жағдайларына пайда болады.Тәбет ашылуы ас қорыту жолдарының сөл өндіру және қимылдық әрекеттерін сергітеді.
Тәбеттің бұзылыстары мына түрлерде болуы мүмкін:
1.Тәбеттің көтерілуін гиперорексия деп атайды(грек.hyper-жоғары,көтеріңкі, orexis-тәбет).Осыдан адам мен жануарлардың ашқарақтығы немесе полифагия(грек.poly-көп, phagein-жеу) пайда болады.Тәбеттің көтерілуінің ең ауыр түрін булемия(bus-өгіз, limos-аштық) немесе мешкейік деп атайды.Тәбеттің көтерілуі мидың,эндокриндік бездердің аурулары(невроздар,тиретоксикоз,қан тты диабет,инсулинома ж.б.)кездерінде,асқазанның кардиалдық бөлігін хирургиялық тәсілмен алып тастағанда байқалады.Тамақты көп қабылдаудың нәтижесінде дененің семіруі,осыдан қантты диабет,атеросклероз, зат алмасуларының бұзылыстары,артериялық гипертензия дамиды.
2.Тәбеттің азайуын немесе болмауын гипорексия немесе анорексия(грек.an-жоқ,жоққа шығару, orexis-тәбет)деп атайды.Тәбеттің азайуын немесе оның болмауы ас қорыту жолдарының қабынуларында,тәннің уыттануына және дене қызуы көтерілуіне әкелетін көптеген жұқпалы аурулар кездерінде,дене ағзаларына өспе дамығанда, кейбір эндокриндік бездердің ауруларында байқалады.Сонымен қатар ми қызметтерінің бұзылыстары,жағымсыз эмоциялар тәбеттің төмендеуін туындатады.Ұзақ уақыт тәбеттің болмауы адамның жүдеуіне,зат алмасуларының бұзылыстарына әкеледі.
3.Бұрмаланған тәбет-парорексия(грек.para-ауытқыға н, orexis-тәбет)делінеді.Бұл кезде адам жеуге жарамайтын заттарды(бор,топырақ,көмір т.с.с.)жейді, кейбір есі ауысқан адамдар,тәнінде темірдің тапшылығы бар жүкті әйелдер,жас балалар бор,үйдің әгін жейді.
АСҚАЗАНДАҒЫ АС ҚОРЫТЫЛУДЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Асқазанда қорытылудың бұзылыстары оның әдеттегі сөл бөлу, қимылдық, сіңірімділік, шығарымдық қызметтері бұзылғанда байқалады.
Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары.
Асқазанда тағам химиялық өңдеуден өтеді. Ол үшін асқазан құрамы күрделі сөл шығарады. Бұны секрециялық қызметі деп атайды. Қарын сөлі құрамында тұз қышқылы, протеолиздік ферменттер, ішкі антианемиялық (Касл) факторы, су, фосфаттар, сүлфаттар, хлоридтер, калий, натрий, кальций және шырыш бар.
Асқазан сөлі үш түрлі бездік жасушалармен (гландулоциттермен) өндіріледі:
1. негізгі гландулоциттер пепсиноген мен химозин;
2. мукоциттер-шырыш;
3. париеталдық (іргелік) гландулоциттер -- тұз қышқылын, ішкі антианемиялық факторды өндіреді.
Асқазан сөлінің шығуы нервтік рецепторлардың қозуымен және ас қорыту жолдарының гормондарымен реттелуі бойынша үш сатыда өтеді:
1. нейрогендік (кезбе нерв арқылы),
2. қарындық (гастриндік) және
3. ішектік сатылар.
Қалыпты жағдайда қарын тәулігіне 2 литр шамасында сөл шығарады.
Асқазанның көп сөл бөлуін гиперсекреция, аз сол бөлуін гипосекреция деп атайды. Сөл бөлуінің өзгерістері оның қышқылдығы мен ферменттік белсенділігінің өзгерістерімен қабаттасады. Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылауьш гиперацидтік жағдай немесе гиперхлоргидрия дейді. Бұл кезде асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 100 титрлік өлшемнен артық болады. Қышқылдықтың азайуын гипоацидтік жағдай немесе гипохлоргидрия, бос тұз қышқылының толық болмауын анацидтік жағдай немесе ахлоргидрия деп атайды.
Асқазан сөлінің қышқылдығы тым көп болса, сөлдің ферменттік қасиеті қатты көтеріліп кетеді. Бұл кезде ұлтабарға асқазаннан түскен тамақ қойыртпасы тым қышқыл болғандықтан онда оны бейтараптауға ұзақ уақыт қажет болады. Сондықтан қарынның пилорустық қысқышы ұзақ мерзім жабық тұрады. Осыдан асқазанда тамақ тұрып қалады да, оның ашуы ұлғайады. Асқазанның қышқыл өнімдері өңешке өтіп, төс астында қыжыл сезіміне, кейде құсуға әкеледі.
Бос тұз қышқылы жоқ асқазанның гипосекрециясы кезінде ас қорытудың қатты бүзылыстары байқалады. Бұл кезде пепсиннің белсенділігі төмен болғандықтан нәруыздардың ыдыратылуы болмайды. Тұз қышқылының аз өндірілуі асқазан жасушаларымен гастриннің өндірілмеуінен болғандықтан асқазанның кардиалдық қысқышы жабылмай, ашық тұрады. Сондықтан жүрек қыжылы, кекіру пайда болады. Тұз қышқылы болмағандықтан асқазанда бактериялардың өсіп-өнуі көбейіп кетеді. Осыдан тағамдық заттардың ашып кетуі, іріп-шіруі ұлғайады. Тағамдық заттар асқазанда ұсталмай, тез үлтабарға ауысады, ұйқы безінің сөлі аз бөлінеді, тағамдық заттар толығынан ыдыратылмай, аш ішекке түсіп, оның перисталтикасын күшейтеді, қатты іш ету байқалады. Осыдан витаминдердің жеткіліксіздігі, дененің сусыздануы, зат алмасуларының бүзылыстары, қан жүйесінде өзгерістер т. с. с. қүбылыстар пайда болады.
Ахлоргидрия жиі ахилиямен қабаттасады. Ахилия деп асқазан сөлінде ферменттердің болмауын айтады. Ахилия атрофиялық гастриттің соңғы сатысында, асқазан обырында, пернициоздық анемия кездерінде байқалады. Сонымен: бірге, дененің уыттанулары кездерінде, бауыр және эндокриндік бездердің ауруларында салдарлық ахилия дамуы мүмкін.
Асқазанның қимылдық әрекеттерінің бұзылыстары.
Асқазанның бүл әрекетінің бұзылуы перистальтикасының (грек. peristaltikos -- қуыс ағзалардың тегіс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz