Бекмаханов ісінің ұйымдастырылуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Адам құқықтарын шектеуге бағытталған қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі : Е.Б.Бекмахановтың К.Қасымұлы бастаған көтеріліс тарихын зеттеуі бойынша әділетсіз айыпталуы


Орындаған: Тансық Әмина
Қабылдаған: Жадраева Г
Топ: 1701-10

Шымкент 2021

Жоспар
1. Кіріспе .
ҰОС кейінгі жылдардағы республиканың қоғамдық - саяси өмірі .
1. Негізгі бөлім .
1. Ұлт зиялыларын қудалаудың жаңа толқыны.
2 . Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов.
3 . Бекмаханов ісінің ұйымдастырылуы . Е.Бекмахановты қудалау.
4 . Бекмаханов ісін қайта қарау . ІІ . Қорытынды .
Жеке басқа табынушылық және оның зардаптары . Хрущев жылымығы .

Кіріспе
ҰОС кейінгі жылдардағы республиканың қоғамдық - саяси өмірі Ұлы Отан соғысының әкелген адам мен материалдық шығыны қыруар еді . Қаншама дүние - мүліктің қирағанымен бірге Кеңес Одағы миллион адамын жоғалтты . Адам жаны түршігелік сан , әлемдік тарих мұндай алапат қырғынды бұрын көрмепті . Алайда адам шығынын Кеңес үкіметі ұзақ жылдар бойы жасырып келді . Партия комитеттері басты назарды соғыс кезіндегі И.В.Сталиннің жеңісті ұйымдастырудағы ұлы еңбегіне және Коммунистік партияның басқарушы әрі бағыт беруші рөліне аударып келді . Орталық органдардан түсетін нұсқауларды Қазақстанның мемлекеттік мекемелері де басшылыққа алып отырды . Сталиндік билік Кеңес Одағы халықтарының қанкүйлі соғыста жеткен жеңіске өздерінің елде кемеңгерлік басшылық жасай білуі мен байланыстырады . Көп ұзамай қырғи қабақ соғысдеген атқа ие болған халықаралық жағдайдағы ахуал ширыға түсті . Мұны ушықтыруға И.Сталин мен оның командасының кінәсі , батыс держевасы мемлекеттері лидерлерінің , атап айтқанда , Ұлыбританияның премьер министрі УЧирчилльден және АҚШ президенті ГТрумэннен бірде - бір кем есес - ті . Кеңес Одағы батыс елдерімен ұзақ бәсекеге түсетін деп , жанталаса қаруланға мәжбүр болып қана қойған жоқ , соғыс қажытқан кеңес еліне қажет несие алу мүмкіндігінен де айырылады . КСРО - ның көптеген аймақтарында , мысалы Қазақстанда 1945-1948 жылдары аштық қайтадан бел алды . Бұрын прогрессивті деп жарияланған патшалық билікке қарсы бүкіл ұлт азаттық қозғалыстың бәрі енді реакциялық " , ал шет аймақтарды отарлау - басқа халықтарға революциялық және жарқын болашаққа жол ашып беретін , достықты нығайту фактісі болып шыға келеді . Осы секілді бейғылыми тұжырымдардың қызылкөз уағыздаушылары , табанды большевиктер " дейтін партия функционерлері А.Жданов , А.Андреев және М.Суслов еді . Барлық партия ,Жоғары оқу орны , мектеп және басқа да қоғамдық бірлестіктер мен ұжымдар өз жұмыстарын қатаң түрде осы саясат шеңберінде құруға тиіс болды . Бұған қатаң бақылау орнатылды . Басқаша ойлаған кез келген ғалым немесе қарапайым адам , арнаулы органдар тарапынан бақылауға алынды , олардың тұтқындалып , сотталуы да ықтимал етеді Ішкі саясатта Сталиндік билік халықтың рухани өмірін бақылауды күшейтті . КСРО халықтарын қуғындау саясаты И.Сталиннің 1945 жылы 24 мамырда сөйлеген Жеңіс атымен деп аталатын сөзінде нақты айтылған еді . Жеңіс күні сөйлеген сөзінде И.Сталин кеңес халықтарын емес орыс халқын асыра мақтады . Ол орыс халқы Кеңес Одағының басқарушы күші соғыста шешуші рөл атқарғанын және де өзінің Кеңес Одағының құрамына кіретін ұлттардың ішіндегі ең ұлы ұлт мойындаған көсемі екенін ашық айтты . Сталиннің сөзі тегін емес - ті . Ол кеңестік жүйе орталығы тұжырымына қайта оралуды аңғартқан еді . Н. Верт айтқандай , 1930 жылдардағы секілді , елдің жаңа тарихын жасауға баса көктей әрі дөрекі түрде кірісті . 1946 жылы тарихқа жаңаша қарау жолдарын қарастыра алмағаны үшін Исторический журнал жабылды . Бұрынғының орнына ашылған Вопросы истории журналының өзі 1949 жылы қатаң тазартуға ұшырады . 1949 жылы қаңтарда КСРО ҒА сессиясы , партия комитеттерінің бақылауымен , батысқа бас июге қарсы күрестің өрістеуі барысында , орыс ғылымының тарихи артықшылығын дәлелдеді . Оған ешқандай негізсіз - ақ бірқатар жаңалықтар басымдығы телінді , олардың қатарында : радио , жоғары қуатты лампа , трансформатор , ұшақ , парашют , электр қуатын жеткізу бар еді . Шындық жайына қалып , батыс ғалымдары ашқан көптеген жаңалықтар айтылмады . Орыстың өткен тарихы тілге тиек етіле бастады . Орталықтандырылған билікті күшейту үшін Сталинге осындай қадам қажет болды . Барлық партия және мемлекеттік мекемелер өз жұмыстары осы қатаң саясат шеңберінде құруға тиіс болды . Басқаша ойлайтын кез келген ғалым немесе қарапайым адам арнаулы органдар тарапынан бақылауға алынды , олардың тұтқындалып , сотталуы да ықтимал еді . Негізгі бөлім Ұлт зиялыларын қудалаудың жаңа толқыны Кеңестік патриотизмнің сталиндік доктринасы Отанды өткен тарихымен бірге құрмет тұту және коммунизмді құру секілді екі құрылымнан тұрды . Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Сталин орыс халқына КСРО - дағы бірінші халық дәрежесін беруді ойлады , өйткені оның данышпандығы мен тарихын ұлықтау арқылы , тек осындай ұлттан ғана ленинизм - сталинизм тумақ деген ойды халық санасына сіңіруге болатын еді . Пролетариат тарихта тұңғыш рет нағыз өз Отанын тапты . Бұқара халық мемлекеттен өзінің тап жауының қаруын ғана емес , тағдырын өз қолына алған , халық Өкіметі органын да көре білді . Осындай жағдайда қоғам дамуының бұрынғы сатысына тән патриотизмнен принциптік тұрғыда әлдеқайда жоғары , жаңа құбылыс түрінде кеңестік социалистік патриотизм қалыптасты . Біздің патриотизмімізде туған халық пен елге деген адалдық , өз мемлекетіне , кеңестік қоғамдық - саяси құрылысқа шексіз берілу , оның негізін қалаушы көсемдеріміз Ленин мен Сталинге деген сүйіспеншілікпен ажырамас әрі түгелдей тоғысқан . Осы айтылғанға қарап , коммунистік идеал мен кеңес мемлекетінің саясатын жақтаған жан ғана өзін патриот санай алады деген қорытынды шығаруға болады . Тап осы ойдың астарында Қиядағыны қалт жібермейтін партиялық дүрбі принципі тұрмаса , патриоттық көзқарас тұрғысынан мұндай қорытындыны дұрысқа жатқызуға болар еді . Сол себепті жағдай халық жауларын , ұлтшылдарды , Отан сатқындарын іздеудің пайдасына шешілді . Ондай таңбамен марапатталғандар , социалистік қоғамның қайыршылары , Коммунизмге қарыштау ұранының жаулары түрінде қарастырыла бастады . Кеңестік қоғамдығы интеллигенцияның жағдайы бұрынғыша қайшылыққа толы болды . Интеллигенция өзінің оппозициялық немесе саяси белсенділік деңгейіне қарамастан , сталиндік билік , сондай - ақ тоталитаризм үшін түгелдей жау элемент саналды . Екінші жағынан , кеңестік тоталитарлық мемлекет интеллектуалды саладағы қызметкерлер тапшылығын кез келген басқа елдерден гөрі қатты сезінетін еді . Бұл аса маңызды үш себепкекеңестік үлгідегі тоталитарлық жүйенің таптық тұрғыда идеологияландырылуына , оның әлемдік көшбасшылыққа ұмтылушылығына және ғылым , білім мен тәрбие ісіне биліктің өктемдік етуіне байланысты болды . Сондықтан да тоталитаризмге , өзін бір тұтас күш деп сезінетін интеллигенция қажет емес , оған керегі интеллигенцияның бас шұлғитын бөлігі ғана еді . Қаулы соғыстан кейінгі Қазақстанда интеллигенцияға қарсы кең ауқымды шаралар жүргізуге жол ашып берді . Ұлы Отан соғысы жеңісінен кейін пайда болған тоқмейілсу , ендігі жерде жанды аман сақтау үрейі мен алаңдаушылыққа ауысты . Қоғам өмірінде күдік пен торығушылықтың тыныс тартылар атмосфрерасы қалыптасты . Соғыстың алдындағы жылдардағыдай саяси даурықпа жарнаманы бетке ұстаған түрлі ұрандарды пайдалана отырып , заң бұзушылық пен билікті асыра қолдану жалғаса берді . Өмір сүріп отырған саяси жүйе өздігінен дамуға мүлде дәрменсіз екенін көрсетті . 50 - жылдарға қарай Коммунистік партия түбегейлі түрде бұл жүйенің басшы күшіне айналды . Осы жүйенің барлық басқа буындары - мемлекеттік мекемелер , кәсіподақтар мен басқа да қоғамдық ұйымдар Компартияның бақылауымен жұмыс істеді . Қалыптасқан дәстүр бойынша , Коммунистік партияның бастаушы және бағыт беруші рөлі , партия ұйымдарының қоғам өмірінің алуан түрлі саласына , әкімшілік бұйрықпен тікелей араласуы түрінде қабылданды . Компартия мемлекеттік органдар Құзырындағы мәселелерді шешуді өз қолына алып , барша халықты өз алдына өмір сүру мүмкіндігінен айырды . Кеңестік қоғамның соғыстан кейінгі даму жоспары сталиндік антидемократиялық , тоталитарлық социализм моделімен ерекше қабысып жатты . 50 - жылдары қоғамдағы бейбіт өмірді қалыптастырумен байланысты құндылықты қайта бағалау көрінісі байқала бастады . Елімізде әлеуметтік бағдарламаға бет бұру мәселесі бұрынғыдан да айқындала түсті . Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған елді жаңғыртудың кешенді бағдарламасына өтуге кеңестік Қоғамның қасаң Әлеуметтік - саяси құрылымы кедергі келтірді . Оның үстіне , аса ауыр соғыстағы жеңіс , соғыстан кейін сол кездегі басшылық жасау жүйесін тиімді деп білуге негіз жасады , ал басшылардың көпшілігі әкімшілік басқару тәсілінің сара жол екендігіне сенді . 50 - жылдардың бас кезінде социализмнің сталиндік үлгі идеологиясы өзінің шырқау биігіне жетті . Міне , осындай күрделі жағдайда қоғамдық ғылымдар партия комитеттерінің қатаң бақылауымен дамыды . Әсіресе қоғамдық ғылымдардың мұнан әргі жағдайында БК ( б ) П ОК - нің 1946 жылғы 14 тамыздағы Зведа және Лениград журналдары туралы қаулысының зардабы қатты тиді . Бұл директивалық құжаттың қабылдануы интеллигенцияны , басқаша ойлайтын адамдарды қудалау мен соңына түсудің жаңа кезеңін өрістетті . Қазақстан партия комитеттері де өз жұмыстарын Орталық Комитет қаулысының шеңберінде жүргізді . Болашаққа жарқын жол және ондағы мемлекеттің рөлі жөнінде белең алған науқан аясында Ескі әлем идеологиялық түсінігі мен моралін Қоғамдық санадан ығыстыру мәселесі күн тәртібіне қойылды . Бұл проблема кеңес мемлекетінің негізгі проблемалары санатынан орын ала бастады . Елге буржуазиялық идея арқылы еніп отырған халық санасындағы ескілікпен күрес , табиғат пен қоғамға бейғылыми көзқарастан , ырымшылдықтан , ескі әдеттен арылу ендігі жерде кеңес азаматтарының санасын жоғары коммунистік деңгейге көтеру жолындағы күрес деп қаралды . Ондағы айтпағы большевиктік партия мен коммунизм мұратына адал болу еді . Партия мен мелекет ескінің сарқыншылығы және буржуазиялық идеяның әсерімен күресу мақсатында ендігі жерде мемлекеттік саясат деңгейіне жеткізілген кеңестік патриотизмге ден қойды . Сол кездегі ресми насихаттың тілімен айтқанда , бұл патриоттық тәрбие - кеңес халқына жат буржуазиялық космополитизмге құл болып , бас шұлғуға қарсы аяусыз күрес деп танылды . Ұлы Отан соғысы кезінде ерекше белең алған халықтың патриоттық сезімін одан әрі өз мақсатында пайдалану ресми идеологияның басты назарында болды . Онсыз да соғыс халықтың бүкіл материалдық және рухани күшін жұмылдыруды талап еткен еді . Кеңестік патриотизмнің сталиндік доктринасы Отанды өткен тарихымен бірге құрмет тұту және коммунизмді құру секілді екі құрылымнан тұрды . Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Сталин орыс халқына КСРО - дағы бірінші халық дәрежесін беруді ойлады , өйткені оның данышпандығы мен тарихын ұлықтау арқылы , тек осындай ұлттан ғана ленинизм - сталинизм тумақ деген ойды халық санасына сіңіруге болатын еді . Даңғаза саяси айдар тағылған патриотизм ұранын кеңестік билік өз қажетіне қолдана білді . Сталин дәуірі насихатының жаңа табысына айналған ол , өзінің күні таусылар қарсаңында , соғыстан кейінгі кезең идеологиялық жұмысында ерекше маңызға ие болды . Сірә осы бір мезгілді әсіресе патриотизмнің сталиндік құбылнамасының дүниеге келуіме байланыстыруға болатын секілді . Әсіресе оның айқын көрініс тапқан саласы гуманитарлық ғылымдар , нақты айтқанда тарих , тіл , әдебиет және өнер саласы еді . Қоғам қайраткерлері мен ғалымдарды саяси құдалау одақтас республикалардың гуманитарлық ғылымдарында да белең алды . Әсіресе Қазақстан , Украина , Башқұртстан секілді ірі республикаларда саяси құдалау көбейе бастады . Республиканың танымал тарихшысы Әлкей Марғұланның көзқарасы ғылымға жат деп жарияланды . 1952 жылы қарашада Қазақстан Компартиясы ОК Бюросы қабылдаған қаулы негізінде идеялық саяси қате жіберілген кітаптарды жою туралы шешім қабылдады . Кітапханалар мен сауда жүйесінен алынып көзін жойған кітаптар тізімінде Батырлар жыры , Айтыс , Қасым Аманжоловтың Өзім туралы , Мариям Жагорқызы және т.б. кітаптар болды . 40 - жылдардың аяғына қарай ҚазКП ОК бірнеше қаулы қабылдады . 1947 жылы 21 қаңтарда XX ғасырдың басындағы рухани мұраны зерттеуге тыйым салынды . 1947 жылғы 1 ақпанда ҚазКСР ҒА Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы қаулысы қабылданды . Бұл қаулыға іле - шала арнай тапсырмамен институттың бүкіл жұмысына топырақ шашқан жосықсыз мақалалар қаптап кетті . Соғыстан кейінгі қудалаудың айрықша белгісі саяси кінә тағу еді . Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов , көрнекті әдебиеттанушы ғалымдар Петр Галузо , Есмағамбет Ысмайылов , Қажым Жұмалиев , Әуелбек Қоңыратбаев , Бейсенбай Кенжебаев , Әмина Мәметова , Темірғали Нұртазин және т.б. феодалдық - рулық құрылымды дәріптегені үшін жұмыс орындарынан босатудан бастап сотқа тартуға дейінгі әртүрлі құдалауға ұшырады . Қазақстан ғылымы мен Мәдениетіне 1947 жылғы 1 ақпандағы қаулының тигізген зардабы зор еді . Оқулықтарды қайта жазу , ғылыми ережелерді таптық көзқарас тұрғысында түсіндіру тап содан басталған - ды . Қазақстан азаматтары тарихи - мәдени мұраны бұрмалаған , идеологиялық анайы қалыпта меңгеруге тиісті болды . Ленинград пен Мәскеуде қолдан жасалған Ленинград ісі , Дәрігерлер ісі жүріп жатқан кезде , Қазақстанда Бекмаханов ісі ұйымдастырылды . Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов тарихшы ғалым , тарих ғылымдарының докторы ( 1946 жылы ) , профессор , Қазақ Кеңестік Социалисттік Республикасының ғылым Академиясының корреспондент мүшесі ( 1962 жыл ) . Ермұхан Бекмаханов 1915 жылдың 14 ақпанында Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасындағы Төре ауылында дүниеге келген . Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов тарихшы ғалым , тарих ғылымдарының докторы ( 1946 жылы ) , профессор , Қазақ Кеңестік Социалисттік Республикасының ғылым Академиясының корреспондент мүшесі ( 1962 жыл ) . Ермұхан Бекмаханов 1915 жылдың 14 ақпанында Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасындағы Төре ауылында дүниеге келген . 1925-1931 жылдар аралығында Баянауылдағы мектепте оқиды . Жоғары оқуға түсу үшін Ермұқанның жеті жылдық мектебі жеткіліксіз еді . Алайда Ермұхан мектеп бітірген жылы туған ағасы Дінше қос өкпесіне суық тигізіп , қайтыс болады . Ағасының қайтыс болуы анасының Ермұханның оқуының жалғастыруына деген қарсылығын туғызды . Анасының қарсылығына қарамастан Ермұхан Семейдегі Жұмыс факультетіне түседі . Сол жылдары Қазақстанда күштеп ұжымдастыру салдарынан ашаршылық орын алып , Ермұханның анасы мен кішкентай қарындасы қайтыс болады . Бұл оқиға Ермұханның қатты қажытады . Бұған қоса , анасы мен қарындасының денесінің қай жерде екені , көмулі немесе көмусіз қалғаны белгісіз еді . Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен . Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту Комиссариатының басқарма бастығы болған . Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған . 1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих , археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары , 1947 жылдан бастап , өмірінің соңына дейін , ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік Гуниверситетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды . Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен , тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді . Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген " XIX ғасырдың 20 40 жылдарындағы Қазақстан " атты монографиясы болды . Бекмаханов ісінің ұйымдастырылуы . Е.Бекмахановты қудалау Қазақстан тарихы ғылымында Қазақстанның Ресейге қосылу проблемалары Кеңестік идеология тұрғысында зерттелінді . Ол түгелдей зиян , жартылай зиян және прогрессивті құбылыс деген сияқты үш қырынан танылды. Е.Бекмахановтың идеялық қарсыластарының бірі А.Ф.Якунин 1950 жылы Правда газетінде Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік - лениндік тұрғыда жазу үшін атты мақала жариялады . Ол мақаласында былай деп жазды : Тарихшы М.Н.Покровский және оның мектепсымағы орыс емес халықтардың Ресейге қосылуын түгелдей зиян деп жазғаны мәлім . Осыдан келіп , Ресейге қарсы келген кез келген ұлттық қозғалысты оның сипаты мен мақсатына мән берместен Покровскийдің мектебі оны ұлт - азаттық прогрессивті , тіпті революциялық деп санады . Жартылай зиян формуласы ғылыми тұрғыда дұрыс , алайда оны шебер пайдалана білген жөн . Осы формуланың ғылыми мәнін ревизиялауға ұмтылыстың қандайы болсын негізсіз әрі зиянды . Бұл арада 20-30 жылдардағы кетпес тарихшыларына марксистік емес тарихи тұжырымдауға қарсы тұру , бірбеткейлік , жөнсіз білгірлік тән болды . М.Н.Покровскийдің мектебі сол кездің өзінде қатал сынға ұшыраған болатын . Бұл дәстүр соғыстан кейінгі жылдарда біршама қарапайым нұсқада жалғасты . Осы айтылғандар арасында , Е.Б. Бекмахановтың ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан монографиясын КСРО ҒА Тарих институтында , ҚазКСР ҒА Тарих , археология және этнография институтында талқылануы назар аударарлық жайт . Бұл талқылаулар стенограммалы Қазақстан тәжірибесінде қолданылған тоталитаризм идеологиясының мазмұны мен ауқымын ашып көрсету тұрғысында назар аударарлық тарихи дерек көзі болып табылады Кенесары Қасымов бастаған 1837-1847 жалдардағы ұлт - азаттық көтеріліс және Кенесары ханның тарихтағы рөлі жайлы зерттеулер Қазақстанда қалыптасқан тоталитарлық режимнің идеологиялық мәнін айқын бейнеледі . Маркстік - лениндік - сталиндік ғылым жақтаушылар партиялық тазалығын жақтаушылар партиялық одан бері хэвлян , мемлекеттік басшылықтың әкімшіл бұйрық пайдаланды . Кенесары бастаған көтерілісті ұлт - азаттық оқиға деп қабылдаушыларға қарсы шыққандардың арасында Х.Г. Айдарова көзге түсті . Ол : Әлбетте , біз 1943 жылдан 1947 жылға дейін БК ( б ) П ОК - нің Башқұртстан , Татарстан , Украинадағы идеологиялық мәселелерге арналған , Звезда және Ленинград журналдары туралы , сондай - ақ Қазақстан Компартиясы ОК - нің ҚазКСР тарихының екінші басылымы туралы , Қазақ КСР ҒА Тіл және әдебиет институты жұмысындағы өрескел қателіктер туралы шешімі бар екенін , сонымен бірге Жданов жолдастың философиялық мәселелер жөніндегі пікірталаста сөйлеген сөзінде зерттеулер мен көпшілікке арналған жұмыстарда партиялық , жауынгерлік бағытты ұстану керектігін тағы қайтара еске салғанын жақсы білеміз . Қоғамдық ғылым саласында осы тұжырым және Ленин мен Сталин еңбектерін басшылыққа алу керек , - деп ұлттық сипаттағы зерттеулерді сынға алды . Осылайша бірқатар қазақстандық ғалымдарды қудалауға жол ашылды . 1950 жылы 26 желтоқсанда Правда гасінде Т.Шойынбаев , Х.Айдарова мен А.Якуниндердің бірлесіп жазған Қазақстан тарихын маркстік - лениндік тұрғыдан баяндайық атты мақаласы жарық көрді . Осы мақала кеңестік тарих , жалпы гуманитарлық ғылым тағдырында зұлматты рөл атқарды . Оған мақаланың екі тезисі дәлел бола алады . Онда : 1 ) Қазақстан тарихының маңызды кезеңдерінің бірін баянда ды қолға Бекмаханов оның мәніне бара алмаған , феодалдық- монархиялық ұлтшылдық төркінін түсінбеген және де мұрағаттық - әдеби мағұлматтарды қате пайдаланып , тарихты бұрмалаған . Автор маркстік - лениндік ғылыми ұстанымнан ауытқыған , тарихи оқиғаны буржуазиялық - ұлтшылдық көзқарас тұрғысынан ; 2 ) алған шынаны туралы ерттеулері керек . Бұл тарихи оқиғаға маркстік - лениндік көзқарас тұрғысынан келу деген сөз . Өкінішке қарай , ғылыми - зерттеу жұмыстардың бәрі бірдей осы талапқа сай келмей жатыр деп көрсетілді .Осы мақала 1951 жылы 21 ақпанда өткен КСРО ҒА
Тарих институты Ғылыми кеңесіліп , талқылау нысанына айналды . С.Л.Утченко мақаланың талқылау айтындығын , онда екі ұдай пікірдің жоқтығын айтты . Алайда ол А.М.Панкратова , Н.М.Дружинин , М.В.Аяткин сияқты ғалымдардың осы қозғалысқа қате , марксизмге кереғар баға бергенін атап көрсетті . Ғылыми кеңес өз қорытындысында Е.Бекмахановтың жұмысы марксизмге жаr ұлтшылдық көзқараста жазылған деген баға берді . А.М.Панкратова Е.Бекмахановтың еңбегін сәтті қадам деп бағалап , қорытындыға кол қоюдан бас тартты . Алайда Е.Бекмахановтың еңбегіне Ресейге қарсы ұлттық көтерілісті дәріптейтін , орыстарға қарсы кітап деген жала жабылды . 1951 жылы 16 сәуірде партия жиналысы болып онца Езекмахановты БК ( б ) П қатарынан шығару жөніндегі 13 сәуірдегі нәрсенімі бекітілді . Оны институттан шығару мәселесі қойылды . Сол жыл уірде Институт Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы шақырылып , онда Е.Бекмахановқа тарих ғылымдарының докторы атағын беру жөнінде шешімді алып тастау жөнінде Бүкілодақтық аттестациялық комитетке өтініш жасалды . Е.Ділмұхамедов ( 1937-1947 жылдардағы К.Қасымұлы бастаған қазақтар көтерілісі ) пен А.Жиреншин ( Абай және оның орыс достары ) қатаң сөгіспен жұмыстан шығарылып , тарих ғылы кандитаты дәрежесінен айырылды . 1951 жылы 10 сәун эде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті Правда газеин егі мақала туралы қаулы қабылдап , онда мақаланы дұрыс деп тапты ж . ахановтың буржуазиялық - ұлтшылдық көзқарасын айыптады . 1951 жыл сымда ҚазКСР ҒА Президумы мақалаға қайта оралып , 1951 жылғы 10 сәуірдегі ҚазКП ок Бюросы қаулысын жүзеге асыру шаралары
және олардың туралы қаулы қабылдады , онда ұлттық індет вирусынан тазару және түп тамырымен жою бағдарламалары қарастырылды . 1951 жылы БОАК Е.Бекмахановты ғылыми дәрежелері мен атағынан айырды . 1952 жылы 24 мамырда ҚазКСР ҒА Президумы отырысы Е.Бекмахагопты қызметінен босатты . Е.Бекмахановтың ұлтшылдығымен қатар , ағылшын - американ агентурасымен байланысы бар адам ретінде бар құқығынан айырылып қуғындалды . ҚазКСР Жоғары Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Е.Бекмахановты қылмыстық кодекстің 59-10 бабының 2 бөлім 2УК бөлімі 58-2 бап санкциясымен , түзету лагерінде 25 жыл қамауда ұстауға , 5 жыл конститутциялық құқығынан айыруға және дүние мүлкін тәркілеуге үкім шығарды . Судья Мамутов ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам құқықтарын шектеуге бағытталған қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі
Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы (ХХ ғ. 20–40 жж.)
1920-1930 жж Қазақстан мәдениеті
Тәуелсіз Қазақстанның мұрағаттар тарихы
Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты
Қазақстан тарихын орта мектепте оқыту
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Кіші жүз қазақтарының егіншілік және саудасының дамуы
Жәңгір хан кім
Төлеген Тәжібаевтың қоғамдық - саяси қызметі және ғылыми мұрасы
Пәндер