Бұтақтардың таралу бұрышы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Унверситеті
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
______Жеміс-көкөніс және жаңғақ шаруашылығы______ кафедрасы

СРС
Тақырыбы : Қарқынды бақтардың ағаш бөрікбасын қалыптастыру
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
жүйелері

Орындаған : Абаев Алимжан
Тобы : ПВ-311П
Қабылдаған: Мусакулова А.

2021жыл

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Қалыптастыру жүйесі
2.2. Бұтақтардың таралу бұрышы
2.3. Ағаш бөрікбастарының жасынды үлгілері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қарқынды бақ шаруашылығы көп еңбек талап етуі және шырпу жүйесінің күрделі болуына байланысты жоғары маман-дандырылуды талап етеді. Сондай-ақ, мол шығын керек ететін тіректік конструкцияларды құру қажет болғандықтан, өндірістік қолданысты көп таба алмай отыр.Классикалық бөрікбастарының негізгі түрлеріне жататындар: кордондар - қарапайым (көлденең немесе тіктеме) және күрделісі (V- тәрізді, U-тәрізді); пальметталар - еркін өсетін, қиғаш (косая), канделябрлі; ауқымды (көлемді) түрлері; пирамида - қарапайым, қанаттас, иірімді (веретено).
Ағаш бөрікбасын құру жүйесінде осындай міндеттерімен қатар, қай түрі болмасын төмендегідей жалпы тәртіпті сақтау қажет:
1. Негізгі бұтақтардың шығу бұрышының орнықтылығын қатаң сақтау (450- тан артық). Бұл тек қана орнықтылығын қатаң емес, сонымен қатар бұтақтардың табаны мен тарамындағы тканьдердің жақсы жетілуін де қамтамасыз етеді, ал бұл олардың төменгі температураларға төзімділігін жоғарлатады.
2. Басты бұтақтар өзара және жетекшіге (лидерге) бағынышты болуы керек.
3. Қаңқалық бұтақтарды сиретіп орналастыруға кеңінен жол беру керек. Алайда оларды қабаттап орналастыратын жағдайда, әрбір қабаттағы негізгі бұтақтардың саны жайылған бөрікбасты сорттарда - бестен, жинақы (тығыз) бөрікбастыларда - үштен аспауға тиіс.
4. Ағаш бөрікбасын аласа сидамды 40-60 см-де орналастырады. Бұл өнімді жинағанда еңбек өнімділігін арттыратын аласа бойлы ағаштарды қалыптастыруға мүмкіншілік береді.
5. Ағаш бөрібасы үлгілерінің бір-бірінен өзгешілігі негізгі бұтақтар-дың санына, олардың діңгек бойындағы орналасуына, орталық жетекшенің бар-жоқтығына, т.б. жағдайларға байланысты болады.

2.1. Қалыптастыру жүйесі

Қалыптастыру жүйесі - ағаш бөрікбасын белгілі бір үйлесімде шырпу немесе өсімдітердің өсуін реттейтін басқа да тәсілдері арқылы құрастыру.
Өсімдіктердің жер беті бөлігін қалыптастырудың басты міндеттері:
1. Шаруашылыққа тиімді ағаш бөрікбасының аумағы кіші, орнықты, мол өнім салмағын көтере алатындай, қалың емес үлгілерін құру.
2. Қалыптастыру жүйесі ағаштардың ерте жеміс салуын, жыл сайын жағарғы сападағы мол өнім беруін қамтамасыз етуі керек.
3. Еңбекті көп талап ететін жұмыстарды (өнімді жинау, аурулар және зиянкестермен күрес жүргізу, шырпу) механикаландыруға ыңғайлы ағаш бөрікбасын құру.
Ағаш бөрікбасын құру жүйесінде осындай міндеттерімен қатар, қай түрі болмасын төмендегідей жалпы тәртіпті сақтау қажет:
1. Негізгі бұтақтардың шығу бұрышының орнықтылығын қатаң сақтау (450- тан артық). Бұл тек қана орнықтылығын қатаң емес, сонымен қатар бұтақтардың табаны мен тарамындағы тканьдердің жақсы жетілуін де қамтамасыз етеді, ал бұл олардың төменгі температураларға төзімділігін жоғарлатады.
2. Басты бұтақтар өзара және жетекшіге (лидерге) бағынышты болуы керек.
3. Қаңқалық бұтақтарды сиретіп орналастыруға кеңінен жол беру керек. Алайда оларды қабаттап орналастыратын жағдайда, әрбір қабаттағы негізгі бұтақтардың саны жайылған бөрікбасты сорттарда - бестен, жинақы (тығыз) бөрікбастыларда - үштен аспауға тиіс.
4. Ағаш бөрікбасын аласа сидамды 40-60 см-де орналастырады. Бұл өнімді жинағанда еңбек өнімділігін арттыратын аласа бойлы ағаштарды қалыптастыруға мүмкіншілік береді.
5. Ағаш бөрібасы үлгілерінің бір-бірінен өзгешілігі негізгі бұтақтар-дың санына, олардың діңгек бойындағы орналасуына, орталық жетекшенің бар-жоқтығына, т.б. жағдайларға байланысты болады.
Сондықтан бөрікбасты қалыптастыру жүйесін меңгеруде келесі түсініктемелерді жақсы білу қажет болады.
Қабат (ярус) - басты (қаңқалық) бұтақтардың жақын топпен орналасуы.
Бұтақтардың шығу бұрышы - орталық жетекші мен бүйір бұтақтардың бойымен өтетін түзу сызықтардың қиысу нүктесінде пайда болған ішкі бұрыш (1 сурет).

1 сурет. Шығу бұрыштары үлкен (оң жақта) және сүйiр (сол жақта) болған жағдайлардағы жетекшi және жанама бұтақтардың бiрiгiп өсуi:ЖК-тiрi қабық; МК-өлi қабық. Сандармен ағаш сүректерiн қалыптастыру жылдарының ретi көрсетiлген
2.2. Бұтақтардың таралу бұрышы
Бұтақтардың таралу бұрышы - бір қабатта жақын орналасқан бұтақтардың бойынан өтетін түзу сызықтардың қиысу нүктесінде пайда болатын бұрыш.
Орталық жетекшінің бар-жоқтығына байланысты бөрікбастар төменгіше бөлінеді:
1. Жетекшелі (лидерлі) - ағаштың бар өмірі орталық жетекшінің толық тұлғасында болуы.
2. Аралықты-орталық жетекшіні бөрікбастың негізгі қанқасын құрастырып болғанға дейін уақытша сақтау.
3. Жетекшесіз - қалыптастырудың ең басында орталық жетекшінің алып тастайтын, ортасы ашық бөрікбас.
4. Ауыспалы жетекшелі бөрікбас - қаңқасы құралғаннан кейін 3-жылдан соң, жетекшені жанама, жақсы дамыған бұтаққа аударады.
Жеміс шаруашылығында бөрікбас үлгілерін шартты түрде 2 негізгі топқа бөледі: жетілдірілген-табиғилар (еркін өсетіндер) және жасандылар.
Табиғи формаларда (еркін өсетіндерде) ағаштардағы бұтақтардың қалыптасуына қарай түрлері сақталып, белгілі бір тұқымдардың, сорттардың өзіне тән табиғи қасиеттеріне жақын болады. Мұндай ағаш бөрікбастар (орталық жетекші діңгексіз) және аралық (ағаш бөрікбастарының орталық жетекші діңгегі ағаштар белгілі биіктікке жеткенде, әрі қажетті бұтақтар салып болғаннан кейін кесіп тасталады) болып бөлінеді. Бұтақтардың орналасуы жағынан бұл ағаш бөрікбастар қабатты (бұтақтардың орталық жетекші діңгекте қабатталып орналасуы), және қабатсыз болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде өнеркәсіптік және әуесқой бақ шаруашылықтарында ағаш бөрікбасының келесі табиғи формалары қолдау тапқан:
1. Сиретілген қабатты бөрікбас - 50-ші жылдардың бас кезінде П.С.Гельфандбейнмен құрастырылған. Бұл үлгі бірінші қатардағы 5-7 негізгі бұтақтардан тұрады. Қаңқалық бұтақтардың саны отырғызудың тығыздығына, ағаштың өсу күші мен бұтақталуына байланысты болады. Қаңқалық бұтақтарды діңгек бойына орналастырудың бірнеше нұсқалары қолданылады. Бірінші қабатта 2-3 бұтақ түйістіріле (көршілес) немесе сиректеу (екі бұтағы көршілес бүршіктен, үшіншісі - екінші бұтақтан 15-30 см қашықтықта) орналастырылады. Бірінші қабаттан жоғары орналасқан қабат екі бұтақтан және бір-екі дара бұтақтан немесе тек дара бұтақтан (3-4 дана) құралады (2.3.4сурет).

2 сурет. Сиретілген қабатты жүйенің төрт нұсқасы:
а) 3-2-1-1; б) 3-1-1-1; в) 2-2-1-1; г) 2-1-1-1.

3 сурет. Жетілдірілген сиретілген қабатты жүйенің нұсқалары:
а) 4-1-1; б) 3-1-1-1

4 cурет. Сиретілген қабатты бөрікбасты қалыптастыру:
а - қалыптастыруға дейінгі өсімдік; б - бірінші жылы шырпу; в - екінші жылы шырпу; г - үшінші жылы шырпу.

Қабат аралықтары биік өсетін ағаштарда 60-80 сантиметрден (жайылған кроналы дақылдар мен сорттарда) 80-100 см-ге дейін (жинақы бөрікбасты), ал аласа өсетін ағаштарда 40-50 см болады.
Дара бұтақтар біріншісінде 50-80 сантиметрден, екіншілерінде 30-40 см-ден кейін орналастырылады.
Ағаштың биіктігі 3,5-4 м аралықтағы 45-600 шамасындағы бұрышпен жантайған дара бұтаққа тежелінеді.
Артықшылығы - жоғары жарықталғандығы, бұтақтарының бекем біріккендігі, мол өнім беретіндігі. Кемшілігі - қалыптастырудың қиындығы, алғашқы жеміс салған жылдары өнімнің төмен болуы.
2. Күлте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трансформатордың параметрлерін есептеу
Жеміс ағаштарын қалыптастыру және шырпу
Жеміс ағаштарын ұластыру
Жеміс өсімдіктерінің өсу және жеміс салу заңдылықтары туралы
Жеміс ағаштарын күтіп баптау
Өнердегі фракталдық графика
ҚАРА ҚАРАҚАТ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Өркен және өркендер жүйесі жайында
Алма ағаштарын қалыптастыру
Ағаш өңдеу токарь станогын оқытудың әдістері мен формалары
Пәндер