Көнерген сөздерді шығармалармен байланыста оқыту
Мазмұны
Кіріспе
І Теориялық бөлім
Көнерген сөздерді шығармалармен байланыста оқыту
ІІ Практикалық бөлім
Сабақ жоспары
ІІІ Сараптама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Əдеби тіл - жалпыхалықтық тілдің құнды, дамыған, барлық халыққа түсінікті, стильдік жағынан сараланған түрі. Əдеби тіліміздің үнемі дамып отыруы қаламгерлеріміздің еңбектерінің əсеріне де тікелей байланысты. Көркем əдебиет тілі жекелеген қаламгерлердің сөз қолдану машығын талдау, таразылау бүгінгі күндегі жалғасын тауып келе жатқан маңызды мəселелер қатарын құрайды. Қазақ əдебиетінің түрлі кезеңдерінде халықтың рухани дамуына өз туындылары арқылы үлес қосқан сөз шеберлерінің тілін зерттеу, стильдік дəстүрлерін саралау, қорыту арқылы əдеби тілімізді молайтуға қосқан үлестерін ашып көрсетудің мəні зор.
Қазақ халқы өзінің көшпелі тұрмысында, небір қилы замандарды басынан кешсе де тілін жоғалтпай, тіл арқылы халықтың тұрмыс-салтын, өзіндік ерекшеліктерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырды. Қоғамның дамуына байланысты, ғылым мен техниканың дамуына орай, әдеби тіліміз толғып отырады, жаңарады, ал кейде кейбір сөздер қолданыстан қалып, мағынасы көмескіленеді. Бұл туралы академик Р.Сыздық: Сөз мағынасының эволюциясы тек дамудан, яғни жақсара түсу сипатында ілгері жылжудан тұрмайды, сонымен қатар сөз мағынасының күңгірттенуі не мүлде ұмытылуы, ауысуы, кеңеюі, тарылуы т.т. құбылыстар да сөз табиғатының қозғалысын танытады, - дейді. Кейбір жағдайларда мағынасы көмескі сөздердің мағынасы жаңарып, кеңейіп қолданысқа түсіп отырады. Байырғы қазақ сөздерінің көнеріп, мағынасы тек мәтін ішінде түсінетін жағдайлар тілімізде кездесіп жатады. Көнерген сөздер негізінен архаизмдер және историзмдер болып келеді.
Зерттеу өзектілігі. Тарихи жанрға жазылған шығармаларда негізгі информативтік және көркемдік (стильдік) қызмет атқаратын тілдік құралдардың бірі көнерген және тарихи сөздер болып табылады. Олар тарихи шындықты дәлірек беруде түрлі сипаттамалық (характерелогический) қызмет атқарады. Мұндай жағдайда көне сөздердің, әсіресе көркем образ тудырудағы, кейіпкерлерге тілдік мінездеме берудегі т.б. көркемдік қызметтері жүзеге асырылады. Сонда ғана өткен дәуірде өмір сүрген ата-бабаларымыздың тыныс-тіршілігі, ой ағымы, сөйлеуі, тілі айқын көрінеді. Өйткені, тарихи шығарма өңін келтірер стильдік құралдар - көнерген сөздер.
Зерттеу мақсаты. Көнерген сөздерді шығармалармен байланыста оқытуды сипаттау.
Зерттеу міндеттері:
oo Көнерген сөздер ұғымына түсінік беру;
oo Көркем шығармаларда көнерген сөздердің қолданысына сипаттама беру;
oo Ілияс Жансүгіровтың шығармаларында кездесетін көнерген сөздерге талдау жасау.
Құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Көнерген сөздер - күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. Көнерген сөздер көнелену дәрежесі мен себебі және қолданылу сипатына қарай өзіндік лексика жүйесін құрайды. Көнеру дәрежесі бойынша:
а) мағынасы түсініксіз сөздер (байыз - байыз табу, кежеге - кежегесін кейін тарту);
ә) мағынасы түсінікті, бірақ сирек қолданылатын сөздер (бәйбіше, қатын, мыстан, алдаспан) болып бөлінеді[1].
Көнерген сөздердің көнеру дәрежесі үш түрлі болады:
1. Әбден ұмытылып, қолданыстан біржола шыққан көнерген сөздер. Бұл тәрізді архаизмдердің мән-мағынасын белгілі деректерге сүйеніп, сұрап білу арқылы болмаса, қазіргі кезде мүлдем түсініксіз болады да, ешқандай туынды сөз жасауға қатыспайды.
Мысалы, Керекейді атпа, қонжығы жетім қалады (мақал). Асабасы жоқ асқа жарымас (мақал). Бірдің кесірі мыңға, мыңның кесірі түменге (мақал). Осындағы керекей - аюдың ұрғашысы, қонжық - аюдың күшігі, асаба - дастарқан ағасы, тамада, түмен - он мың деген ұғымды білдірсе керек. Бұл сөздердің мағыналары іздестіріп, сұрап-білу арқылы ғана анықталып отыр.
2. Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды сөздердің түбірінде сақталған, көнерген сөздер: бүлдіршіндей (бүлдіршін), баданадай (бадана), сүйріктей (сүйрік), алпамсадай (алпамыс), еңгезердей (еңгезер), бырдай (быр), дардай (дар), тығыршықтай (тығыршық), абажадай (абажа), добалдай (добал), қаршадай (қарша), зәредей (зәре), шырадай (шыра) т. б.
3. Жеке сөз ретінде қолданыстан шығып қалғанымен, мақал-мәтел мен фразеологиялық тіркестердің құрамында әлі де қолданыла беретін көнерген сөздер: торқа-жібек, жарақ-қару, қунау-сергу, қырым-алыс, сауға-араша, кентқала, жарлық-бұйрық, азар-өкпе, зейнет-рақат, түлен түртті-сор т.б. Архаизмдер жеке сөз түрінде де, сонымен бірге сөздің көнерген бір мағынасы ретінде де кездеседі[2].
Мәселен, Таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы (мақал) дегендегі тон деген сөз ертеде киім мағынасында жұмсалған болса, қазіргі кезде бұл сөз бұл мағынада мүлдем қолданылмайды. Сол сияқты, тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз тәрізді жан-жануарлардың аттары өздерінің заттық лексикалық мағынасының үстіне белгілі бір жылдың (әрбір 12 жылда бір рет қайталанатын) атауы ретінде де жұмсалып келген болса, бүгінгі күнде бұл сияқты қолданыстар (мағыналар) тілімізден шығып қалып, семантикалық архаизмге айналып кетті.
Сондай-ақ, күн бір жауса, терек екі жауады (мақал) дегендегі терек сөзі қазіргі әдеби тілдегі ағаштың бір түрі ретінде емес (тополь), жалпы ағаш деген ұғымды білдіріп тұр. Демек, терек деген сөздің де бастапқы мағынасы семантикалық архаизмге айналып кеткендігін көреміз. Терек сөзінің алғашқы мағынасы (жалпы ағаш деген ұғымды білдіруі) мақал-мәтелдер мен жергілікті халықтың сөйлеу тіліндегі ерекшелік ретінде кейбір облыстарда (Атырау) сақталған.
Сайып келгенде, архаизмге жататын сөздердің көнеруі ескі сөздерді күнделікті қолданыстан ығыстырып, оның орнына неғұрлым ыңғайлы, жаңа сөздердің келіп басуымен тығыз байланысты. Дәуірі өтіп, сол ескі заманның езімен қоса жоғалған сөздер историзмдер деп аталады. Историзмдердің көнеруі тарихи атаулардың құрып бітуімен, біржола жоғалуымен байланысты болады. Историзмдерді де бірнеше төмендегідей топқа бөлуге болады:
1. Әкімшілік басқарумен байланысты туған историзмдер: хан, ханша, ханым, ханзада, тақ, тәж, уәзір, бек, бекзада, патша, аға сұлтан, ауылнай, болыс, старшын, би, қазы, атшабар, шабарман, нөкер, құл, күң, орда, малай, бикеш, бәйбіше, тоқал, дуан,елубасы т.б.
2. Әскери атақ пен қару-жараққа қатысты историзмдер: садақ, жебе, қорамсақ, оқшантай, сауыт, қалқан, айбалта, найза, жасақ, қосын, шеру, сарбаз, дулыға, байрақ, адырна, қозыжауырын, ақберен, шарайна, наркескен, кіреуке, аламан, білтелі мылтық, шитімылтық, алдаспан т. б.
3. Кеңес тұсында пайда болған историзмдер: нарком, губком, совдеп, рабфак, алшылар комитеті, кедейлер комитеті, партия ұясы, қызыл әскер, қызыл отау, қосшы, өзара салық, БК(б)п, ұя қатшы, сауатсыздықты жою (саужай) т. б.[3]
Көнерген сөздер, әсіресе, историзмдер ауыспалы мағынада қолданылып, неше алуан экспрессивті мән тудырады. Мысалы: Балық - суында патша, жігіт - елінде патша (мақал); Ынтымақ - оқ өтсе сауыт, татулық - тамаша саулық (мақал); Ер азамат белгісі - түзде мырза, үйде құл (мақал); Қараша үйден ханша шығар (мақал); Шықсаң ұзақ сапарға, арымас ат - отарба (мақал). Историзмдердің кейбіреулерінің тура лексикалық мағыналары көнергенімен, ауыспалы мағыналары сол күйінде тілде сақталады.
Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер.
Аталмыш ғалымдар,көнерген сөздердің көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне қарай архаизмдер мен историзмдер болып екі салаға бөліп қарастырады[4].
Архаизмдер халықтың күн көріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпына, дүние танымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздерді жатқызады. Қазақ тілінде архаизмдердің мынадай түрлерін атап көрсеткен:
1. Мата-кездеме атауларына байланысты архаизмдер;
2. Салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты архаизмдер;
3. Киім-кешек, ыдыс-аяқ атауларына қатысты архаизмдер;
4. Діни ұғымға байланысты архаизмдер;
5. Үй тұрмысына, мал атауларына қатысты архаизмдер;
6. Әр түрлі ұғымға байланысты архаизмдер;
7. Жалпы түркі тілдеріне тән архаизмдер.
Тарихи сөздер қатарынадәуірі өтіп, сол ескі заманның өзімен қоса жоғалған сөздерді тарихи сөздер деп көрсетеді. Тарихи сөздерді бірнеше топқа бөліп қарастырады:
1. Әкімшілік, ел басқарумен байланысты туған тарихи сөздер (хан, ханша, ханзада, тақ, тәж, бек, бекзада, патша, аға сұлтан, болыс, старшын, би, қазы, құл, елубасы т.б);
2. Әскери атақ пен қару-жараққа байланысты тарихи сөздер (садақ, жақ, жебе, қорамсақ, оқшантай, сауыт, қалқан, айбалта, найза, дулыға, адырна, кіреуке т.б);
3. Кеңес тұсында пайда болған тарихи сөздер (нарком, губком, совдеп, рабфак, отарба, тоз, кедейлер комитеті, партия ұясы, қызыл әскер, қызыл отау, қосшы, өзара салық.
Қазақ тілінде кездесетін қару-жараққа байланысты көнерген сөздерді көбінесе халық ауыз әдебиетінен мол кездестіреміз. Әсіресе, эпостық жырлар тілінде садақ, жебе, қылыш, көбе, қорамсақ, шоқпар секілді қару-жарақ атаулар көптеп ұшырасады. Бұл аталмыш сөздер қазақ қоғамының тарихында басынан кешірген дәуірлерінің, басып өткен даму жолының, тілде қалған, санамызда сақталған ізінің куәгерлері[5].
Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың жойылуымен, сондай-ақ, әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен байланысты (болыс, сұлтан, барымта, ақ берен, айбалта). Архаизмдер халықтың күн көріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер (жаушы, дағара, ергенек, саптыаяқ, түмен, асадал, дүрия, патсайы, т.б.). Әйтсе де, қайсібір көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді сөздерге қосылуы мүмкін. Мысалы, жасақ - жасақшы, төре - төреші тәрізді сөздер қосымша жалғану арқылы қайтадан күнделікті қолданысқа ие болды. Көнерген сөздер тарихи өзгеріп отыратын лексика-семантикалық құбылысКонец формы
Ғалым С.Исаев көнерген сөздерге анықтаманы анық та, нақты береді: Тіл-тілде көнерген сөздердің историзмдер мен архаизмдер деп аталатын екі түрі бар. Кейбір заттар мен құбылыстар күнделікті өмірден шығып қалып, сол ұғымдарды білдіретін олардың атаулары - сөздер де көнеріп, тілде қолданбайды. Мысалы, сұлтан, атшабар, ояз, барымта, дуанбасы, дүре, малай, күң, бай, болыс т.б. Мұндай сөздерді историзмдер дейді.
Бұрынғы атаулары ескіріп, кейін басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстар бар. Мысалы, жасақ немесе қол - әскер, қолбасы - әскер басы, почтабай - хат тасушы, жатақ - отырқшы, серіктік - бірлесу, қосын - ұйым, желек - орамал т.б.
Қазірде осындай басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстардың бұрынғы атаулары архаизмдер деп аталады[6]
Көнерген сөздер ара-тұра сөйлеу стилінен де кездесіп отырады, әсіресе өткен дәуірдегі оқиғаны суреттейтін, тарихи шығармада жиі ұшырайды. Мысалы, исі, игі, селебе, келе, би, болыс, елу басы, он басы, ауылнай, старшын, тоқал, бәйбіше және осы сияқтылар әдеби шығарма стилінде белгілі бір көркемдік мақсат үшін жұмсалады. Халықтың бұрынғы өмірі, тұрмыс жағдайы ту-ралы шығарма жазуда автор сол кезгі сөз үлгілеріне, сол уақытқа тән әр түрлі атауларға зер салып, сол өзі суреттеп отырған уақыт-тың тілімен сөйлетеді. Көркем әдебиет стилінде қолданылатын көне сөздердің мағынасы қазіргі оқушыға, әсіресе жастарға көбінесе түсініксіз болып келеді. Мысалы келе сөзі қазақ тілінде ағайын ауқымы, елі-жұрты, ортасы, сөзге, қатарға деген ұғымда да, жол-жора, рет-жөні, айтыс, талқы деген мәнде де жұмсалады. Тентегі үшін келесі қарыздар болмаса. Осы елге, өз келеңе келгенде осы отырған бэрімізге салық. Мына Тобықтының ағайын келесі сендерге бір сөзді сынатқалы отырмыз. Олар сойыл соғар. Бірак, келеге әсте кірген емес. Ас келесі солай ғой. Жұрт келесіне салармыз. Ел келесінен қалыспайтын пысық сөзуар, өзі мыс-қылшыл Абралы отыр[7].
Бағы, тауарық сөздеріне келсек, бұлар осы күнде жиі айтылатын, әркімге әбден түсінікті баяғы, тарих есімдерінің көне формасы. Мұндай сөздер көркем әдебиет стилінде, мысалы тарихи тақы-рыпқа, бұрынғы өмір жайлы жазылған шығармаларға, жазушының өз баяндауына көбірек жарасымды. Сондай-ақ тіліміздегі арсы, дабыл, шың -- бұлар да көне сөздер. Соңғы екеуі көбінесе эпостық шығармаларда жиі ұшырайды. Арсы -- арман, тілек мағынасын білдіретін сөз. Жоғарыда аталған келе, арсы, дабыл, шың, бағы, тауарық сөзі ескілікті оқуы бар қарт адамдардың сөйлеу тілінде, көркем әдебиетте және ғылыми стильде кездеседі. Ғылыми еңбек тілінде ілгеріде аталған көне сөздердің бәрі бірдей кездесе бермейді, оқулықтарда және бір атау түрінде келген, нақтылы мағыналы көне сөздер ғана қолданылады. Мысалы: дабыл, шың, сауыт, елу басы, старшын, тоқал, әмеңгер тәрізділер. Ал онда исі, игі, келе, селебе, арсы, бағы сияқты көне сөздер негізінен қолданылмайды. Бұлар ресми, кеңсе, іс қағаздары стилінде жалпы сирек ұшырасады. Сөйлеу тілінде, публицистикалық және көркем әдебиет стилінде олардың бәрі (нақтылы мағыналы атау түріндегі көне сөздер де, абстракт мағыналы көне сөздер де -- қай-қайсысы да) кездесіп отырады. Дабыл, сауыт, шың сияқты көне сөздер эпостық жырларда жиі болады.
XIX ғасырдағы әкімшілік атауларының ішінде әсіресе болыс және би есімдері ерекше көңіл аударады. Өйткені осы сөздерге байланысты әр алуан терминдік сөз қолданыстар қалыптасты. Мысалы: болыс, болыстық сайлау, болыстық старшын, болыс кеңсесі, төбе би, "тіретей" би, "тіретей" билер, долынжы би, урядник, стражник, аға сұлтан, кандидат, атшабар, елу басы, он басы, почтабай, ояз, ол тұста сондай-ақ кұн, барымта, дуан, дуан басы, қол, қол басы, жатақ, бас жатак,, орта жатақ, аяқ жатақ, жасауыл, дүре, майыр, приказдың бастығы, үкілі почта, "еңбекшерік", "кәсіп-шерік", қарашырын, недоимка сияқты көне сөздер де айтылды. Көпшілігі историзм, біразы -- архаизм. Қазір қай-қайсысы да негізінен көркем әдебиет стилінде (онда да тарихи шығармаларда), ғылыми стильде (тарих оқулықтарында және осы тақырыпты зерт-теу жұмысының тілінде) ғана қолданылады. Оқта-текте ресми және сөйлеу стилінде (баяндама, лекцияда) жұмсалады. Архаизмдер ресми-кеңсе стилінде өте аз кездеседі. Олардың ең көп қолданылатын жері -- көркем әдебиет стилі. Оны мына бір үзінділерден айқын көруге болады.
Сыбан, Тобықты, Қерей, Уақ, болыстары, кандидаттары, долынжы билері қастарына тілмаштарын алыпты[8].
Соңғы сөйлемдегі қосын көне сөзі тарихи тақырыпқа жазылған публицистикалық еңбектерде де қолданылады. Публицистикалық стильде, сондай-ақ, өзге де кейбір көне сөздер кездеседі. Мысалы серіктік қосшы ұйымы, қосшы одағы (союз қосшы), ортақшыл жастар, астыц салғырты, азыц-түлік салрырты, тұтыну салғырты
Ғани бастаған жігерлі, жас қосын тірі. Бұл жағдай болмайынша нағыз пролетарлың саясатты жүргізуге де, астық салғыртындұрыс бөлуге, оныц өндірісін ұлғайтуға, т. б. болмайды.
Бұлар тұтыну салғыртына қатысты. Міне бұл сасық сарқын кейін ортақшыл, жастар ұйымына да өзінің дағын салды[9].
Түркістан советтерінің халық ағарту комитеті президиумының жиылысында қощы одағы, жастар ұйымы жөндерінен қандай мәселелер қаралса да... (сонда). Коммуналар, серіктіктер және артельдерөкілдерініқ жалпы. жиналысы мұны талқылап, мұндай әдісті қолдану шынында да коммунар мен серіктіктерді ныгайту ірінде зор құрал болатынын түсінеді.
Ғылым мен техниканың, өнеркәсіптің даму барысында да кейбір атаулар көне сөзге айналады. Мысалы, бодия, атбарабан, қайла, бу (шахтадағы), жезл, суфляж, жарты казарма, толкач пионер (темір жолдағы), жылу мөлшері, жылу беру, жылу алмасу, жылу сыйымдылық (физикадағы) қазір жалпы пайдаланылмайды.
Халықтың әлеуметтік, экономикалық, саяси-мәдени өміріне, адамдардың өндірістік қызметіне қатысты туындайтын өзгерістердің бәрі ең бірінші сөздік құрамға келіп өз әсерін тигізеді. Қоғамның даму үдерісінде болған өзгерістер лексикада өзіндік ізін қалдырып отырады. Сонау ерте кезден қолданылған заттар мен құбылыстар, ұғымдар мен түсініктер көне заманнан қазірге дейін белгілі және әлі күнге дейін қолданыста[10].
Ал біраз заттар мен құбылыстардың ұғымдардың ескіріп, қолданыстан кетуіне байланысты сол ұғымды білдіретін сөздер көнеріп сирек қолданысқа түседі. Қазақ ғалымдары Ғ.Қалиев пен Ә.Болғанбаев өздерінің бірлесе жазған еңбектерінде көнерген сөздердің көнеру процесі кенет бірден бола қалатын құбылыс емес, әуелі қолдану жиілігін бәсеңдетіп, пассив сөзге ауысады да, соңынан жаңа ұрпақтың біреуіне жеткенмен кейінгілерге емін-еркін жете алмай, түсініксіз болып ұмытыла бастайтынын айтады.
2 Практикалық бөлім
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер.
Сабақтың мақсаты :
1.Білімділік мақсаты :
Оқушыларға көнерген сөздер туралы мәлімет беру.
2.Дамыту мақсаты:
Көнерген сөздердің түрлерін айтып , сөздік қорын ,білімін байыту.
3.Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарын қәдірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:суреттер,плакаттар,букл ет,ұлттық киімдер.
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,түсіндіру
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен сәлемдесу , түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сабаққа назарын аудару.
Оқушыларды тақтаға шығарып шеңбер болып тұрғызып бір-біріне ізгі - тілектер айтқызу.
Оқушыларды екі топқа бөлу.Оқушылар қоржыннан асықтар алады . Тақ сан алған оқушылар бір топқа ,жұп сан алған оқушылар екіші топ болады.
Үй тапсырмасын сүрау:
"Кім болсам екен? " атты жазуға берілген шығармаларын оқыту.
Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою:
1.топ.1.Сөздің көп мағыналылығы дегеніміз не?
2. Синоним сөздер дегеніміз не?
3 .Эвфемизм дегеніміз не ?
4 .Мақал дегеніміз не ?
5 .Қазақ тілінде буынның неше түрі бар ?
2топ.1.Омоним сөздер дегеніміз не ?
2.Антоним сөздер дегеніміз не ?
3.Дисфемизм дегеніміз не?
4.Мәтел дегеніміз не ?
5.Қазақ тілінде неше септік бар ?
2. Оқушыларға кеспе қағаздар тарқатылады, кеспе қағаздағы мақалдар жалғастырылады , жазылған мақалдың тақырыптары да жазылады.
Дұрыс жауап берген топ жұлдыздармен бағаланып барылады.
Жаңа сабақ.
Қоғам дамуына байланысты қолданыстан шығып қалған сөздерді көнерген сөздер дейміз. Көнерген сөздерді біз тек қана тарихи тақырыпта жазылған шығармалардан көруімізге болады. Көнерген сөздер мағынасына қарай екіге бөлінеді.
1. Архаизм
2.Историзм
Архаизм грек тілінен алынып ежелгі деген мағынаны білдіреді. Архаизм -ертеректе күнделікті өмірде жиі қолданылғанмен ,қазіргі кезде басқа сөзбен алмастырылған сөздер.
Мысалы: Мата атаулары:торқа, биұасап, дүрия, патсайы т.б Үй тұрмысы , киім кешек, ыдыс -аяқ атаулары : лашық, жаппа, сәукеле, күбі, адалбақан, торсық, кесеқап.
Историзм -латын тілінен алынып,көнерген ,ескірген деген сөз.
Белгілі бір дәуірдегі қоғамдық ұғымға байланысты туып, қазір қолданудан шығып қалған сөздер.
Мысалы: хан, сұлтан, би, болыс, садақ, сауыт, айбалта, найза т.б
Көнерген сөздер қазіргі уақытта көркем шығармаларда кездеседі. Мысалы::тарихи атаулар: Ақмола, Шаш, Фараб, Ақмешіт т.б
Кітаппен жұмыс.
1-топқа 157-жаттығу.
Жаттығудан ұлттық киімдердің атауларын теріп жазу.
Шәйі көйлек, масатыдан бешпет, құндыз бөрік, бір уыс үкі, күмістен шашбау,алқа, сақина, білезік.
2-топқа 151-жаттығу.
Көнерген сөздерді теріп жазу.
Асаба, ханша, ат-отаоба,мырза, құл, сауыт, патша.
Сабақты бекіту, қорыту.
1.Көнерген сөздер дегеніміз не?
2.Көнерген сөздер мағынасына қарай нешеге бөлінеді ?
3.Архаизм дегеніміз не ?
4.Историзм дегеніміз не ?
5.Біз бүгін сабақта не үйрендік ? Оқушыларға жемістер тарқатылады, оқушылар сабақта бүгін не үйренгендерін жазып ағашқа іледі.
Үйге тапсырма.
Көнерген сөздер қатысқан 5мақал жазып келу.
Мыс: Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Бағалау:
Екі топтың жинаған жұлдыздарын санап ,жеңімпаз топты мадақтап бағалау.
3 Сараптама
Мəтін, оның ішінде көркем мəтін -- мағынасы көмескіленген көнерген сөздерді өмірге қайта əкеліп, қайта тілдік қолданысқа шығаратын тұтас бір лексика-семантикалық бірлік. Кейде тіпті мəтіннің өзінде көнерген тұлғаның мағынасын тек сөздік арқылы ғана түсінетін жайттар болады. Сондықтан көркем тілдегі көнерген тұлғалардың этнолингвистикалық сипатын талдап, танудың маңызы зор.
Ілияс Жансүгіров шығармалары XX ғасырдың 20 - 30 жылдары жазылғандықтан әрі эпикалық шығармаларына XVIII - XIX ғ. оқиғалары арқау болғандықтан, сол қоғамдағы, сол замандағы тіл фактілері мен үлгілері жиі кездеседі: Кім дейсіңдер мынау? Керек сайыс, лау. Мен бүгінгі құдайың, біліп қойғын пақыр-ау. (Елге шыққанда...не айтады?) Сол үшін тау пәлені басына үйген, тартқан ол тауқыметті болыс, биден.(Құлагер)[11]
Шумақтарда кездесетін лау, болыс, би - көнерген сөздер. Лау - архаизм сөз, мағынасы - тығыз қызмет бабымен жүрген адамдарды бір ауылдан екінші ауылға жеткізіп салуға әзірлеп қойған көлік; болыс, би - тарихи сөздер. Болыс - жанжалға бітім айтып, төрелік жасаушы, ел ішіндегі әділ қазы, қазіргіше судья. Сәлем айт Әлімқұлдай датқа - бекке! Болмаған арашашы мұндай итке. Аруағы Абылайдың болды разы. Әлімқұл өзі қылған бұл билікке. Білемін аруағымды сыйлағанын, аулын Кене ханның қимағанын от жақпай арасына хан - қараның. (Күйші)
Датқа - Қоқан мен Бұхара хандықтарындағы полковник дәрежесіне тең лауазым, атақ; бек - феодалдық қоғамдағы ру басы, ел билеушісі; хан - феодалдық дәуірдегі кейбір түрік және моңғол халықтарында болған Елбасы; қара - бұқара халық. Мысалдардағы көнерген сөздер шығарма оқиғасының шынайылығын арттыра түскен.
І.Жансүгіров шығармаларында қазіргі тіл тұрғысынан көнерген сөздер деп танылып отырған элементтер өз заманында актив лексика болғанымен, әлеуметтік - қоғамдық жағдайларға байланысты пассив лексикаға айналған. Ақын көнерген сөздерді шығармаларының тарихилығын арттырып, заман шындығын нанымды көрсету мақсатында арнайы қолданады. Ақынның 1915 - 1916 жылдары жазылған алғашқы өлеңдерінің бірі Қазақ үйдің тұрмысы атты өлеңінен көнерген сөздер мен кірме сөздерді молынан кездестіруге болады.
І.Жансүгіров шығармаларында көнерген сөздер, оның ішінде архаизмдер қатарына жататын жоғарыдағы тақырыптық түрлерінің біршамасы кездеседі. Мәселен, мата-кездеме атауларымен байланысты архаизмдер: Ілініп ханның байлау, матауына, Азат бас айналды оңай ата құлға. Күйшіні ертіп келіп есік ашты, Мақпал бау, манат ойған отауына. (Күйші) Мақпал - тығыз тоқылған, түкті,жұмсақ,қалың мата, барқыт; манат - барқыт тәрізді сырткиімдік бағалы шұға. Салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты архаизмдер: Қойшыға мен мінгізіп қояр едім, Семіртіп мен соғымға сояр едім. Кемпірдің азасына әкеп салып. Бата оқып, ет, қымызға тояр едім.[12]
І.Жансүгіровтың шығармаларындағы тарихи сөздерді де бірнеше топқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz