Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
Экология және табиғатты пайдалану кафедрасы
Курстық жұмыс
Атмосфераны қорғайтын техникалар мен технологиялар пән бойынша
Тақырып: Атмосфералық ауаға зиянды заттектер шығарындыларын, зиянды физикалық әсерді және олардың көздердің инвентаризациясы.
Орындаған студент
Топ Бжзо-31 курс 3-ші курс
Тексерді
Жұмысты кафедраға тіркеген күні __
Жұмысты қорғау күні __________
Баға
Орал 2020
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Өндірістік объект сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1. Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2. Өндірістегі зиянды заттармен күресу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 9
II. Атмосфералық ауа сапасын реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1 Атмосфераға шығатын зиянды заттарды анықтау методикасы, құралдары ... ... ... 15
2.2. Атмосфера ластануының деңгейіне метеорологиялық факторлардың әсері
... ... ... ... ... ... ... ..20
2.3. Атмосфераның негізгі ластаушы көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
III. Атмосфераны қорғайтын техникалар мен технологиялар ... ... ... ...29
3.1 Атмосфералық ауаға зиянды заттектер шығарындыларын, зиянды физикалық әсерді және олардың көздердің инвентаризациясы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
Кіріспе
Атмосфера деген гректің екі сөзінен: atmos - ауа және sphaira - шар, алынған. Көбіне өзіміздің тіршілігімізде қолданатын ауаны біз атмосфера деп атай береміз. Бірақ та, бұл ұғым дұрыс емес, себебі ауа атмосфераның негізгі бір бөлігінің бірі ғана.
Атмосфера Жер бетінен жоғары қарай 3000 км-ге созылады. Жоғарылаған сайын атмосфераның химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері өзгереді. Температураның өзгеруіне байланысты атмосфера бірнеше қабаттарға (сфераларға) бөлінеді.
Жер бетіне ең жақын орналасқан қабатты тропосфера деп атайды. Бұл қабат жер белдеулерінен 7-10 км-ден (полярлық ендіктерде) 16-18 км (экватор үстінде) биіктікке созылады. Тропосферада ауа әртүрлі бағытта жылдамдықпен үнемі тәптіпсіз қозғалып, өзгеріп отырады. Қозғалыс нәтижесінде жылы ауа мен салқын ауамен алмасып тұрады.
Жер бетіндегі ауа-райы тропосфераға байланысты. Жер бетінен 20-50 км биіктікте орналасқан келесі қабат - стратосфера. Ауаның қалған бөлігі осы қабатта болады. 25 км биіктіктен кейін бұл қабаттың жоғары бөлігінде әр шақырымға көтерілген сайын температура орта есеппен 6 0С-ге жоғарылап отырады.
Атмосфераның 55-80 км биікігінде орналасқан қабат - мезосфера. Бұл қабатта әр шақырымға жоғары көтерілген сайын температура 2-3 0С-ге төмендеп отырады.
Жоғарыда қаралған қабаттардың үстінде атмосфера қабатында газ молекулаларының иондарға ыдырау қабілеті өте жоғары болғандықтан, оған ионосфера деген атау қолданылады.
Атмосфераның ластануы - тіршілік ортасына қолайсыз әсер ететін немесе материалдық құндылықтарға зиян келтіретін физикалық агенттердің, химиялық заттардың немесе ағзалардың ауаға енуі немесе онда пайда болуы.
Атмосфераның ластануы екі ласт аушы көзден пайда болады: табиғи және антропогенді. Табиғи - өсімдіктердің, вулкан, космостық шаң, туман, орман және дала өрт түтіні, биологиялық заттектердің булануы.
Антропогенді ластану - ластаушылардың әртүрлілігімен және санымен ерекшеленеді. Машина жасау өндірісі, энергетикалық құралдар, автотранспорт, ауылшаруашылық, металлургия, қазба байлықтарды өндіру саласы.
Табиғаты бойынша ҚО ластанудын классификациясы:
Механикалық - механикалық әсері бар ортаның агенттермен ластануы қалдықтар.
Химиялық - технологиялық құралдарға және экожүйелерге жағымсыз әсер тигізетің ортаның химиялық қасиеттерінің өзгеруі.
Физикалық - ортаның физикалық параметрлердің өзгеруі: температуралық энергетикалық жылулық, термальды, толқынды жарық, шу, электо өріс, радиациялық, Жылулық - өндіріс шығарындыларды, газдарды, жылы суды ортаға тастаудың нәтижесінде орта температураның артуы;
Жарықтық - сәүленің жасанды көздерінің әсерінен аймақтын табиғи жарықтың бұзылуы, өсімдіктердің және жануарлардың тіршілігінде аномальды құбылыстар пайда болу мүмкін;
Шу - шудың интенсивтілігінің табиғи деңгейден артуы. Норма 60 дБ. Электромагнитті өріс- ортаның электромагнитті қасиеттерінің өзгеруі ЛЭП, радио, теледидар глобальды және жергілікті географиялық және биологиялық жүйелерде аномалияларға соқтыру мүмкін.
Радиациялық - ортада радиоактивті заттектердің табиғи деңгейден артуы.
Биологиялық - технологиялық құралдырға және экожүйелерге тән емес өсімдіктердің және жануарлардын еңуі. Биотикалық, микробиологиялық.
Атмосфералық ауаны, қорғау - атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға және оның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер етуiн болғызбауға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi.
Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдардың мынадай талаптары бұзылған жағдайларда:
-- атмосфералық ауаға лас заттар шығарудың жол берілу шегінің нормативтерінен асып кеткені;
-- атмосфералық ауаға зиянды физикалық ықпалдың жол берілу шегінің нормативінен асып кеткені;
-- атмосфераға шығарылатын заттарды тазалау және бақылау үшін орнатылған құрылыстарды, жабдықтарды, аппаратураларды пайдалану ережесін бұзғаны, сондай-ақ оларды пайдаланғаны;
-- атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды қанағаттандырмайтын жаңадан салынған және қайта құрылған кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа объектілерді пайдалануға қосқаны;
-- шығаратын заттарында лас заттардың құрамын белгіленген нормативтерден, мәселен, автомобильдер, ұшақтар, кемелер және басқа қозғалыс құралдары мен қондырғыларын артық өндіріп, оларды пайдаланғаны үшін;
-- өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою, өсімдік қорғау құралдарын, өсімдіктің өсуін шапшаңдататын заттарды, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да аппараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерін бұзғаны, атмосфералық ауаны ластағаны немесе ластайтын қатер төндіргені;
-- мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы органдардың атмосфералық ауаның қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауларын орындамағаны үшін кінәлы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, материалдық және басқадай жауапқа тартылады.
I Өндірістік объект сипаттамасы
Қашаған - Каспий теңізінің қазақстандық белігінде орналасқан әлемдегі ipi мұнай және газ кен орны. Ол Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан. Қашаган 75 км х 45 км аумақты алып жатыр. Қашаған соңғы 40 жылда табылған әлемдегі ең ipi кен орны болды. Кен орнының коллекторы Каспий теңізінің солтүстік белігінде теңіз түбінен 4200 метрдей тереңдікте жатыр.
Соңғы зерттеу деректеріне сейкес, кен орынның мұнай қоры 9-13 миллиард баррель мұнайды құрайды. Мұнай кен орны шетелдік компаниялардан құралған North Caspian Operating Company (NCOC) халықаралық консорциумы өнімді бөлісу туралы келісім арқылы игерілуде. Консорциумға Eni (16,81%), ҚазМұнайГаз (16,87%), Total (16,81%), Royal Dutch Shell (16,81 %), ExxonMobil (16,81%), CNPC (8,33%), INPEX (7,56%) компаниялары Kipеді.
Кен орнына XIX ғасырда Маңғыстау облысында дүниеге келген казактың әйгілі жырауы Қашаған Күржіманұлының eciмi берілген.
Қашаған кен орны Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Ол Каспий аймағы мұнай кен провинциясына жатады. Қашаған - Солтүстік Каспийдегі Қаратон-Теңіз кен орнының жалғасы болып саналады. Ол негізгі үш массивке бөлінеді: Шығыс Қашаған, Батыс және Оңтүстік-Батыс
Қашаған. Өндірілетін мұнай қоры 1,5-10,5 млрд тонна аралығында болса, ал жалпы геологиялық мұнай қоры - 38 млрд баррель құрайды (6 млрд т)
Шығыс Қашағанның қоры 1,1-8 млрд тонна, Батыс - 2,5 млрд тоннаға дейін ал Оңтүстік-Батыс Қашағанда - 150 млн тонна. Қашағанның геологиялык қоры қазақстандық мамандардың eceбi бойынша шамамен 4,8 млрд тонна деп жоспарлануда. Сонымен катар Қашағанда табиғи газдың да ipi қоры бар -1 трлн м[3] асады.
Қашаған кен орнынан бөлек консорциум қосымша он бip блокті игеруде. Олар Ақтоты, Қайран жене Қаламқас. Мұнайды өндіру жасанды аралдар арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күнге төрт жасанды арал құрастырылып, шамамен 37 ұңғыма бұрғыланған.
Мұнай мен газды кешенді дайындау мақсатында Атырау қаласынан 32 шақырым қашқщтықта Болашак станциясы тұрғызылды. Аталған станция тәулігіне 300 мың баррель мұнай дайындай алады және кейін оны 450 мың баррельге дейін ұлғайтуға болады.
Өндірістік операцияларды Қолдау мақсатында Маңғыстау облысында Баутино базасы арқылы асырылады. Сонымен қатар мұнда мұнай төгілуге қарсы күрес орталығы да қызмет етеді.
Солтүтік Каспий жобасындағы Қашаған кен орны
Солтүстік Каспий жобасы Қазақстандағы теңіз мұнай-газ кен орындарын игеру бойынша алғашқы ipi жоба болып табылады. Оның құрамына Қашаған, Қаламқас-теңіз, Қайраң, Ақтоты жене Оңтүстік- батыс Қашаған атты бес кен орны Kipeді.
Қашаған алып кен орны соңғы он жылдықтар ішінде ашылған ең ipi мұнай кен орындарының бipi болып табылады; оның өндірілетін қорлары шамамен 9-13 миллиард баррель (1-2 миллиард тонна) мұнайды құрайды. Қашаған теңіз кен орнының коллекторы Атырау қаласынан 80 км қашықтықта, су астындагы 3-4 метр тереңдікте және теңіз түбінен 4 км-ден астам (4 200 м) тереңдікте жатыр.
Биыл Солтүстік Каспий жобасы Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі Солтүстік Каспий жобасы оның ауқымы мен техникалық күрделігін ескере отырып, кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. Біріншісі - Қашаған кен орнын игерудің I Кезеңі болып табылады, оған жұмсалған қаржы шамамен 55 млрд АҚШ долларын құрайды. Коммерциялык өндіру 2016 жылы басталды.
Қашаған кен орнын игерудің I Кезеңі теңіздегі өндірістік қауіпсіздік, жобалау, логистика саласындағы қиындықтар мен қатаң экологиялық жағдайларға байланысты қазіргі уақытта сала бойынша әлемдегі ең ipi және анағұрлым күрделi жобалардың бipi болып отыр.
Жоба жумыстары теңіздегі ауа температурасы қыстыгүні -40°С-ден темен болатын және жазда +40°С шамасына дейін кетерілетін қатаң климаттық жағдайларда бірегей жене күрделі техникалық мәселелерді шешумен жене жабдықтау жүйесін үйлестірумен ұштасып жатыр.
Еділ өзенінен тұщы судың құйылуы салдарынан тұздылығының төмен болуына қоса су деңгейі таяз (3-4 метр) және субарктикалық климат болуына байланысты Каспий теңізінің солтүстік бөлігі жылына бес ай бойы мұз құрсауында болады. Мұздың ығуы жене мұз қозғалысынан теңіз түбінің зақымдануы құрылыс жұмыстарын, өндірістік операцияларды және логистиканы біршама шектейді жене инновациялық техникалық шешімдердің қабылдануын қажет етеді Қашағанның өнімді қойнауқаттары теңіз түбінен төмен 4 200 метр терендікте, өте жоғары қысым ықпалында жатыр. Кен орнындағы мұнай жеңіл, құрамында күкіртсутегі (H2S) мен көмірқышқыл газдың (СО2) мөлшері көп. Бұл қиыншылықтар сақтық шараларын сақтауды жене қауіпсіздікке байланысты қатерлерді басқару үшін едәуір инвестицияларды талап ететін күрделі жұмыс жағдайларын тудырады.
1.1 Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар
Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар адам организіміне тыныс алу арқылы, адам терісі арқылы, ас қорыту жүйелері арқылы енеді. Ішіндегі ең қауіптісі тыныс алу арқылы енетін улы заттар. Егер адам организіміндегі зиянды заттар белгілі шектен асып кетсе (ПДК - предельно допустимые дозы) уланады.
Зиянды заттардың шекті көлемі дегеніміз - 8 сағат жұмыс істеу уақытында немесе 41 сағаттың апталық жұмыс уақытысында ауру туғызбайтын зиянды зат мөлшері.
Зиянды заттардан қорғануға қарсы құрал - жабдықтардың түрлері: противогаз, респираторлар, арнай киімдер.
Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар көбінесе адамның денсаулығын төмендетеді. Сондықтан, зиянды заттарды адам өміріне қауіп туғызатын аймақ дейді.
Зиянды заттар 4 топқа бөлінеді:
Физикалық - шаң-тозаң, ауаның қысымы, ылғалдылығы, жарықтың жетіспеуі немесе тым жоғары деңгейде болуы, жабдықтардың шуы, дірілі, бояулардың контрасттық түрі - түсінің жетіспеушілік кемшіліктердің әсері;
Химический - улы заттармен, шаң тозаңдармен адамның тыныс алуы арқылы зияндылығы;
Биологический - бактерия және вирустардың кері әсері;
Психофизиологический - нерв жүйелері арқылы әсер етеді.
1.2 Өндірістегі зиянды заттармен күресу
Өндірістік жұмыстың нәтижесінде алатын түрлі зиянды заттардың адам басына және қоршаған ортаға әсерінің дәрежесі, олардың қауіптілік классымен анықталады - барлығы төрт класс болады, және олар 3 кестеде келтірілген нормалар мен көрсеткіштерден байланысты белгіленеді.
Шоғырланумен шектеліп жіберілетін (ШШЖ) ауадағы зиянды заттарды шоғырлану деп атайды, ол кезде сегізсағаттық жұмыс күнінің (демалыстан басқа) немесе одан да ұзақ уақыт, бірақ аптасына 40 сағаттан аспайтындай жұмысшы күн сайын болған кезде жұмыс стажының барлық уақытында денсаулық күйінің ауруларын немесе кемшіліктерін болдырмайды.
Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың құрамын - қауіптіліктің 1-ші класты заттар үшін үздіксіз және басқа класты заттар үшін кезеңдеп бақылаған жөн. ШШЖ барлық жұмыс орындарда (бөлмелерде, ашық алаңшаларда және т.б.) тарала береді.
Зиянды заттардан жұмысшыларды қорғау үшін, егер өндірістік бөлмелердің ауасына зиянды заттардың түсуін толығымен жоюға болмайтын жағдайда, өндірістік бөлмеде ұйымдастырылған және тұрақты ауаалмасуды, жайлы метеорологиялық жағдайларды, сондай-ақ ауа ортасын құрамының жайлығын құруды қамтамасыз ететін - желдетуді пайдаланады. Ауаның ауысуын шақыратын күштен байланысты табиғи және жасанды (механикалық) желдету болады.
Табиғи желдетуде ауа алмасуы бөлмедегі ауа температурасынан және сырттағы жылудың режімінен, әрі желдің әсерінен іске асырылады. Ол ұйымдастырылмаған (инфильтрация) және ұйымдастырылған (аэрация) болып бөлінеді. Инфильтрация бөлмедегі саңылаулар немесе ғимараттың құралымдық тығызсыздығы арқылы кіретін, сондай-ақ желдің әсерінен ауаның алмасуын білдіреді. Аэрация терезе, форточкалар, желдеткіш арналар, дефлекторлар арқылы іске асырылады, табиғи желдету қарапайым және пайдалануда үнемді болады, бірақ оның кемшілігі - келетін ауа бөлменің температурасын, ылғалдылығын және сондағы қосымша шаңдардың құрамын өзгертпейді.
Механикалық желдетуде ауаның алмасуы ауа арнасы жүйесі арқылы желдеткіштің көмегімен іске асырылады. Қызметінің қағидасы бойынша ол кірме ағындық желдету, сыртқа тарта желдету, кірме ағындық-сыртқа тарта желдетулер болуы мүмкін. Осы жағдайда ауа параметрлері мақсатты (бір бағытта) өзгеріп және реттеле алады.
Микроклиматтың оңтайлы параметрлері құрудың көзқарасынан ең дұрысы ауабаптағыш қондырғыларды пайдалану болып табылады. Ауаны баптау - өндірістік бөлмелердің жұмыстық аумағында тұрақты немесе автоматты іске асырылатын ауа ортасының берілген программасы бойынша өзгеріп отыратын ауаның параметрлерін құру және ұстап отыру болады.
Қолайсыз микроклимат болған жағдайда жеке қорғаныс құралы (ЖҚҚ) ретінде өндірістік киімдер - халат, комбинизон, резеңкелі алжапқыштар, шалбарды қолданады. Қолды улы заттардың, майдың, судың тері арқылы өтуіне кедергі жасайтын крем немесе пастаның көмегімен қорғайды. Тыныс органдарын қорғау үшін сүзгілейтін және оқшаулайтын аспаптар - респираторлар, сондай-ақ ауаны тазартатын шлангті противогаздарды пайдаланады.
Егер бөлменің көлемі бір жұмысшыға 20м3 кем болса, санитарлық нормаға сәйкес әр жұмысшыға 20м3сағ және 30м3сағ кем емес таза ауа беріліп отыру керек. Зиянды заттар жоқ болған кезде бір жұмысшыға 40м3 астам көлемді бөлмелерге берілетін ауаның саны есептелмейді.
Жұмыстық аумақтың ауасындағы зиянды заттардың құрамын әртүрлі тәсілдер арқылы жүйелі бақыланып отырады.
Өндірісте жұмыс процестері бөлмелерде, жұмыс орындарында жалпы санитарлық - гигиеналық талаптарға сай ауаның температурасын, ылғалдылығын және тазалығын микроклиматтық ГОСТ бойынша қабылдайды.
Метрологиялық талаптар бойынша әр өндірістің (мал және құс өндірістерінің, ұн, астық сақтау қоймаларының, мұздатқыш орындарының т.б. өндірістердің) талаптарға сай өз нормалары болады. Тек қана далада, таулардағы аймақтарда, жер асты жүргізілетін жұмыстардың стандартқа сай микроклиматы есептелінбейді.
Өндіріс аймағының ауасы әр мезгілге (сезонға) байланысты, жұмыстың түрлеріне байланысты қабылданады. Ол жердегі ауаның тазалығына, жұмыс баптарына, бөлмелердің жылылығына мән беріледі.
Өндірістегі 50-1002 жердің көлемі бойынша жұмыстың түрі жеңіл болса 120С, 100С - ауырлау жұмысқа, 80С - өте ауырлау жұмыстардың түрлеріне стандарттағы норма бойынша қабылданады. Әр мекемелерде, өндірістерде, цехтарда жұмыс атқарушы қызметкерлер және жұмысшылар адам организіміне кері әсерін тигізетін қандай зиянды заттардың болатынымен алдын-ала танысу керек. Бөлмеде зиянды, улы заттар басым болса, қорғаныс құрал-бұйымдарын талап етуге құқұлы.
II Атмосфералық ауа сапасын реттеу
Қоршаған ортаның сапасы деп адамның өмір сүру ортасына өзінің қажеттілігінің сай келуі дәрежесін айтады. Адамды қоршаған ортаға табиғи жағдайлар, жұмыс жасайтын жердегі жағдайы және тұрғын үй жағдайы жатады. Олардың сапасына байланысты денсаулығы, өмірінің ұзақтылығы, тұрғындардың ауыру деңгейлері және т.б. жатады. Осыған байланысты қоршаған ортаның сапасын қалыпта ұстау нормалары қарастырылған.
Атмосфералық ауаның сапасын реттеу ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар Министрлігі құзырлығында. Атмосфералық ауан қорғау туралы заңның іске қосылғаны біршама уақыт болды және бұл заң кеңестік дәуірдегі бұрынғы заңмен салыстырғанда біраз өзгерістер енгізілген. Атмосфералық ауа бассейнінің сапасын нормативті-құқықтық реттеудің мақсаты оның компоненттерінің сапасын жақсарту болып табылады, сондай-ақ қалаларда, бірыңғай ауа коридорларында, өндірістік орталықтарда және еліміздің барлық аймақтарында зиянды ластағыш заттардың әсерін және көлемін азайту, болдырмау және атмосфералық ауаны қорғау. Бұл нормативті-құқықтық құжаттар бойынша әрбір кәсіпорын атмосфералық ауа үшін шектік рауалды концентрация (ШРК) лимитін енгізуге міндетті. Осы лимиттік белгі арнайы табиғатты пайдалану кезінде төлемдерді орнату (штрафтар да кіреді) және есептеулерге, қоршаған ортаны лақтырылыстармен ластауға рұқсат алуға негіз болып табылады. Мұндай рұқсатт қағаздар қоршаған ортаны қорғау бойынша Мемлекеттік комитетте экспертизадан өткеннен соң және сәйкесінше қоршаған ортаны қорғау бойынша органдар бекіткен соң күшіне енеді.
Қоршаған ортаның сапасын нормалау деп көрсеткіштер мен шектеулер қою, алайда бұл көрсеткіштердің өзгеруі болуы мүмкін. Нормалаудың мақсаты - қоршаған ортаға адамның әсерінің шекті рауалды мөлшерін орнату. Экологиялық нормативтерді бұзбау тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамның, өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық қорын сақтауға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға және шығаруға мүмкіндік береді. Атмосфералық ауаның сапасын нормалау бойынша мемлекеттік стандарттар екі шама түрінде жасалады:
- ластаушы заттардың максималды-бірреттік концентрациясы (МБК), яғни атмосфераның жерге жақын қабатында бір мезетте барлық көздерден жіберілетін лақтырылыс мөлшері;
- құрамында газ тәрізді және қатты (күл және шаң) ластаушы заттардың орташа тәуліктік мәні.
Максималды-бірреттік концентрациясы мәні 20 минуттық уақыт ішіндегі ауа үлгісі үшін анықталады. Мұндай үлгі алғыштар 200 л ауаны жинауға және талдауға мүмкіндік береді. МБК орташа тәуліктік концентрациялары ұзақ уақыт өлшеулер қатарына жатады, олардың мәнін орташа айлық және ортша жылдық концентрациялар мәнімен салыстырады. Қазақстандық МБК - ны есептеу әдістемесіне сәйкес алдын-ала белгіленген көздерде күніне 3 немесе 4 рет сағ 01:00-де, 07:00-де, 13:00-де және 19:00-де 20 минуттық сынама алу арқылы жүргізіледі. Зиянды заттардың орташа тәуліктік концентрациясы сәйкесінше осы алынған сынама бойынша анықталады.
Алғаш рет ластаушы заттардың шектік рауалды концентрациясы кеңістік дәуір кезінде белгіленген, атмосфералық ауа үшін -1949 жылы, ал су үшін ШРК - 1950 жылы енгізілген.
Шектік рауалды концентрация (ШРК) - 8 сағаттық жұмыс барысында жұмысшылардың денсаулығына зиян келмейтіндей зиянды заттардың жұмыс аймағындағы мөлшері. Қазіргі кезде 1381 заттың ШРК - сы анықталған.
ШРК - ауадағы зиянды заттардың орташа тәуліктік концентрациясы, тәулік бойына жұтылғанымен тікелей, жанама, зиянды әсер етпейді.
ШРК - ауадағы зиянды заттардың жоғары бір жолғы концентрациясы, адам организмінде рефлекторлық әсер қалдырмайды .
Тұрғындар тұратын елді мекендердегі ластаушы заттардың шектік рауалды концентрациялары
Коды
Ластаушы заттар атауы
Максималды бірреттік концентрация мгм3
Орташа тәуліктік көрсеткіш, мгм3
Қауіптілік класы
Марганец қосылыстары
0,01
0,001
Қалайы қосылыстары
0,002
Натрий гидроксиді
Натрий гидрокарбонаты
Оксид олова
Күкірт қосылыстары
0,001
0,0003
Азот диоксиді
0,085
0,04
Азот оксиді
0,4
0,06
Хлорлы сутегі
0,2
0,2
Күкірт қышқылы буы
0,3
0,1
Кремний диоксиді
Күл
0,15
0,05
Күкірт диоксиді
0,5
0,05
Қарапайым күкірт
Күкіртсутегі
0,008
Күкірткөмртек
0,03
0,005
Көміртек оксиді
Фторлы сутек
0,02
0,005
Фтор қосылыстары
0,2
0,03
Көміртек күкіртоксиді
Көміртегілер (C6-C10)
Көміртегілер(C1-C5) метан бойынша
Бензол
1,5
0,1
Ксилол
0,2
0,2
Толуол
0,6
0,6
Бенз(a)пирен
0,000001
Метилді спирт
2-этоксиэтанол
Бутилацетат
0,1
0,1
Акролеин
0,03
0,03
Формальдегид
Диметилдисульфид
0,7
Меркаптандар
0,00005
Моноэтаноламин
Диэтаноламин
Бензин
1,5
Керосин
Минерал майлары
Көміртегілер(C12-C19)
Қалқымалы заттар
0,5
Органикалық шаңдар (кремнезем 70%)
0,15
0,05
Органикалық емес шаңдар (20% кремнезем 70%)
0,3
0,1
Дәнекерлеу аэрозолдары
0,5
0,15
Аэрозоль ЛКМ
0,5
0,15
Ластаушы заттардың шекті-жіберілімді мөлшері, сондай-ақ оларды анықтау әдістері уақытша болып табылады және де халықаралық стандарттарға сәйкес техника мен ғылымның дамуына байланысты өзгеруі де мүмкін.
2.1 Атмосфераға шығатын зиянды заттарды анықтау методикасы, құралдары
Атмосфераға шығарылатын шығарындыларды анықтау үшін ережеге сай шығарынды көздерді инвентаризациялау қажет. Инвентаризацияны арнайы мамандандырылған мекемелер жүргізеді. Әрбір шығарынды көздің өзінің нөмірімен, зиянды заттар тізілімі бар. Инвентаризация жүргізілгеннен кейін ластаушы заттардың ШРШ-сы норматив жобасы құрастырылады. Шығарынды көздерді инвентаризациялау және ШРШ нормаларын қарау 5 жылда 1 рет жүргізіледі.
2-ТП типті статистикалық есеп берудің формаларын толтыру жылына 1 рет жүргізіледі.
Шығарынды көздегі жоспарлы өлшеу жыл ішінде (3 айда 1 рет) периодты түрде жүргізіледі. Сонымен қатар ластаушы заттардың ШРШ нормаларына сай болуын бақылайды.
Санитарлы-қорғау аймағындағы бақылау жобада анықталынатын аймақ шегіндегі бақылау нүктелерінің орналасу сұлбасы бойынша жүргізіледі.
Бақылаудың ақпараттық жүйесі (мониторинг)
Орта сапасын реттеу
Болжанатын жағдайды бағалау
Жағдайды болжау
Іс жүзіндегі жағдайды бағалау
Анализ және бақылау
Тура байланыс Кері байланыс
Сурет - Мониторинг жүйесінің блок-схемасы
Бақылау. Бақылауды ұйымдастырудың басты тапсырмасы: атмосфералық ауа жағдайын бақылайтын орынды таңдау. Бұл кезде ластаушы зат түрімен мөлшері, эпизодты алдын-алу бақылау және концентрацияны есептеу, жел раушанының қайталануы, өндірістік кәсіпорын аумағының дамуының бас жоспары.
Бақылау орнын таңдау үшін ластаушы заттардың швғарылымының көлемін алдын-ала өлшеу;химиялық құрам анализін; газдардың, аэрозольдердің және қатты заттардың концентрациясын анықтау керек. Ұқсас концентрациялар шығарынды көзінен щығарынды құраушылары кездеспейтін орынға дейінгі ара қашықтық жел раушаны бағыты бойынша анықталады.
Алынған ақпарат бойынша ластаушы заттар таралуының статистикалық радиусын анықтайды.Алғашында радиус (алдын-ала баға беру үшін) метеожағдай, ластаушы зат қасиетімен және шығарынды көзінің биіктігімен есептеу жолымен анықталады.
Содан кейін бақылау үрдісінде нақтыланады. Бұл радиус орнатылғаннан кейін концентрацияның көп жылдық кинетикалық өзгеруін бақылау мақсатында ауа сынамасын алудың әдістік жағдайлары жобаланатын бақылау орындары орнатылады.
Түрі бойынша бақылау орындарының 3 түрі бар: стационарлық, маршруттық және жылжымалы.
Ауа бассейнінің ластануын өлшеу үшін ауадан сынама алуға және атмосферадағы зиянды қоспалардың мөлшерін үздіксіз тіркеуге арналған аппаратуралармен метеорологиялық параметрлерді анықтайтын құралдармен жабдықталған жылжымалы бақылау орындарының топтары ұйымдастырылады. Бұл бақылау орындары шығарынды көзде орнатылады, ал олардағы ақпарат шығарынды көздің жанында орналасқан орталық бақылау орындарына беріледі. Жылжымалы бақылау орындарының бақылау нүктелері шығарынды көздің биіктігіне байланысты. Шығарынды көздің биіктігі 10-20 метр болғанда сынаманы алу 20-30 минут ішінде жерден 1,5 метр биіктікте орындалуы керек.
Екінші өлшеуіш жүйе бұл-шаңдар мен газдардың максималды ауысу радиусының шегі жел раушаны бойынша орналастырылатын стационарлы қадағалау посты.
Стационарлы посттардағы бақылау 4 бағдарлама бойынша жүргізіледі: толық (автоматты құрылғылармен тоқтаусыз жүргізіледі) толық емес (бір ретті концентрациялар туралы ақпарат күнделікті тәулігіне 3 ретберіледі) қысқартылған (бір ретті концентрация күніне 2 рет) және тәуліктік (тәулігіне 1 рет).
Бағыныштық (маршрутные) посттар, ластасталу көздерінің болуымен, жергілікті жердің метеожағдайымен рельефінің есебін алдын-ала таңдалынады. Әрбір нүктедегі сынама таңдауының уақыты есепке алына отырып бағыттың картасы құрастырылады.Бағыт реті ай сайын бекітіледі.
Атмосфералық ауа күйін бақылаудағы келесі қадам ол жоспар-графиктерді құрастыру болып табылады.Онда көрсетілген периодтықпен құралдар тікелей өлшеулер өткізіледі және кейінгі анализ үшін сынама таңдалынады.
Байыту фабрикалары орналасқан аудандардың бақылаудың соңғы сатысы бақылау орнының түрін таңдау және оны комбинирлеу болып табылады.
Бақылау нәтижесінің талдауы. Атмосфералық ауаның жағдайымен ластану дәрежесі бойынша объективті ақпарат алу үшін талдаудың сенімді тәсілдерімен қамтылу керек. Кез-келген тәсілдің тиімділігі, селективтілік, анықтау дәлдігі, алынған нәтижелер қайталанымдылығы, анықтау сезімталдығы, элементті анықтау шегі мен талдау орындалуының экспресстілігі сияқты көрсеткіштер жиынтығымен бағаланады. Сонымен қатар, талдаудың элементтердің концентрациясының кең интервалында өткізілуін қамтамасыз ету керек. Бағалану тәсілдерінен құралдарын таңдауда есептелу тиіс.
Атмосфера құрамындағы қоспаларды анализдеу үшін әртүрлі құралдар қолданылады-газды анализатор. Талдауларды жүргізу үшін әртүрлі әдістер фотометрия, фотокалориметрия, спектрофотометрия, полярография, хромотография және т.б қолданылады.
Атмосфералық ауаны стационарлық және алау асты бақылау орны арқылы бақылау нәтижесіндегі мәліметтер газды шаңдар лабораториясына анализ жасау және бақылау үшін жүргізіледі.
Нәтижелері арнайы атмосфералық ластануды бақылау таблицасына жазылады. Бұл таблица 4 түрге бөлінеді:
ТЗА-1 - бір қаладағы не өнеркәсіптік орталықтарда күнделікті жұмыс жасайтын стационарлық және маршруттық бақылау орындарының атмосфералық ауаның ластануын бақылау, сонымен қатар метеорологиялық және аэрологиялық бақылау нәтижелері.
ТЗА-2 - алау асты бақылаулар нәтижесі.
ТЗА-3 - газ тәріздес қоспалардың тәуліктік шаңның түсуіне және концентрациясына бақылау жасауы.
Таблица құрғаннан кейін келесі түрде тігіледі белгілі уақытта бақылауларда пост нөмерлері өсу ретімен болу керек, кейін осы мәліметтер компьютерге орнатылады, қолдануға және сақтауға мүмкіндік болу үшін.[2]
Анализді бағалауға қорытынды бақылау ластану деңгейін өлшеу үшін қорытынды бақылауды әртүрлі өндірістегі характеристика диапазонын өлшеу немесе ауа сапасы критериясымен салыстыру арқылы табамыз.
Атмосфера ауасының ластануын бағалау ПДК арқылы жүреді.Осыған байланысты таблица жасайтын болсақ, бұған кіреді ластайтын заттар мәліметін, қауіп класын және ПДКм.р, ПДКс.с (мгм3) мәліметін, және де атмосфера ауасындағы фактикалық қауіпті заттардың мәліметін енгізеді.
Атмосфералық ауаның ластануының келесі бағалануы ПДВ арқылы, гс, ол барлық өндіріске байланысты формула:
ПДВ = (ПДК - Сф)*Н2*√Q*∆T(А*F*m*n) (5.1)
Мұндағы ПДК - шекті рауалы концентрация, мгм3
Сф - қауіпті заттың фондық концентрациясы, , мгм3
Н - төбедегі шығарылым көзінің биіктігі, м
Q - таз қоспасы шығынының көлемі, , м3с
∆T - жіберілетін газ бен ауаның айырмашылық температурасы,оС
А - атмосфералық градиенттік t-дан тәуелді және зиянды заттардың горизонталь бойынша коэффициент таралуын вертикаль шартты бойынша анықтау
F - ауадағы зиянды заттардың жылдамдығының коэффициенті
m и n - газды қоспаның шығу көзінен шығатын шартты коэффициент
n - жергілікті рельефті есептейтін коэффициент
Атмосфераның ластануын мінездемесін салыстыру үшін, атмосфераның ластану индексі қолданылады (ИЗА), оны есептейміз формуламен:
ИЗА=i=1m(qi∗Ai)Ci
Мұндағы:
Ai - i - затының қауіп коэффициенті
qi - ауадағы зиянды заттардың орташа жылдық коэффициент
Ci - заттардың қауіптілік классына тәуелді, коэффициент жеке постты қарау үшін берілген өңдеуді шығарады.
Анализдің бағалау нәтижесін келесі форма бойынша қарастырылады:
-графикалық. Атмосферадағы ауаның ластануын уақытша жүру графигі бойынша қойылады, метеорологиялық мәліметтер бойынша ауаның ластану мінездемесі графикке байланысты.
-картографиялық модель түрінде Раушанның ластануы, схеманың картасы қарастырылады.
-таблицалық форма [ ]
Анализдік нәтижені бағалауын, болжауын қарастыру қолайсыз метеорологиялық жағдайларда зиянды заттардың таралуынан атмосфералық ауаны жоғары сатылы ластанудан қорғау үшін міндетті түрде есептеп, болғау керек.
Ластағыш заттардың қоршаған ортаға мүмкіншілік әсері болып табылады.
Қоршаған ортаның болжау нәтижелеріне ұзақ мерзімді, орташа мерзімді және қысқа мерзімді болып табылады. Қоршаған ортаның жағдайын болжауының ерекше әлбетті болып нақты уақыт аралығында жасалынған болжамдар емес, болашақта әсер ететін жағдайлар болып табылады.
Болжаудың үш әдісі бар: эксперттік баға, экстраполяциялық және модельді тура болжам әдісінің дұрыс шешіміне байланысты.
Метеорологиялық өзгерістеріне байланысты атмосфералық ауаға зиянды заттардың концентрациясының өзгеруін анықтайтын қазіргі заманда факторлар бекітілген.
Әдетте көздің негізгі үш түрі ерекшеленеді: ыстық шығарылыммен жоғары, сұйық шығарылымдармен жоғары және төменгі. Ыстық шығарылымды жоғарғы көздердің мінездеме биіктігі 500 м кем емес.
Бірақ көздің эффективті биіктігінен жоғары көздің биіктігіндегі желдің жылдамдығы қауіпті жел жылдамдығына жақын, желдің жылдамдығы 2 мс көп.
Жоғары суық шығындылар көздері - бұл тұман мен штильдің болуы, ал төменгі шығарындылар көздері - жылы ауа суық жерге түскен кездегі штильмен жер беті инверсиясының бірігуі болып табылады.
Қоспаларды тығыз құрылысты ауданға орын ауыстырғанда немесе қиын рельеф шарттарында концентрация бірнеше есеге артуы мүмкін.
Өндірістік кәсіпорынның орналасқан аудандағы атмосфералық ауа құрамындағы зиянды заттар концентрациясының мүмкін болатын өсуінің болжау методикасы атмосфера жай-күйіне көп жылдық бақылау жасау тәжірибесі негізінде әр аймақ үшін құрылатын зиянды ауаның схемасын қолданумен анықталады.
Болжалдық схеманың құрылысының жалпы принциптері:
-жағымсыз метеорологиялық шарттар периодында атмосфералық ауадағы зиянды заттар шығарындыларының аз уақыт ішінде азайту мақсатында атмосфералық ауаның ластануына жедел болжау жүргізіледі.
-әдетте атмосфералық ауа ластануының болжауының 2 түрі жүргізіледі: алдын-ала (1 тәулік бұрын) және нақтыланған (6-8 сағат бұрын сонымен қатар сол күні - таңертен, күндіз және кешке және түнде).
Өндірістік орындарда болжау жасау үшін бақылау анализінің бағалануының мәліметтері қоршаған ортаны қорғау инженеріне берілуі тиіс.Олар өз кезегінде алынған нәтижелер бойынша күнделіктік бақылау, алынған нәтижелерді алдындағы нәтижелермен салыстырып, ластанудың азаюы немесе өсуінің тенденцияларын бақылайды және атмосфералық ауа ластануын алдын ала болжамын, керек жағдайда нақтыланған (6-8 сағ) болжам мониторингін жүргізеді.
Алдын-ала ескерту әрекеттерін жүргізу үшін болжам мәліметтері өндірістік орынның басшысына беріледі. Егер болжам қауіпті болса онда мәліметтер ескерту түрінде өндірістік орын жұмысшылары мен жақын орналасқан тұрғылықты орындарға алдын-ала хабарландыру берілуі тиіс.
Ескерту жүргізу уақытында метеопараметрлерді, атмосфералық ауа ластануының және шығарылым көздерін бақылауының жағдайын бақылаушы органдармен жедел бақылау жүргізеді.
Қауіпті жағдай жоғалғанға дейін мынадай метеопараметрлер: жер беті және атмосфераның томенгі қабатының 500 м дейінгі жел бағыты, жылдамдығы, әртүрлі деңгейдегі температураның тік таралуы, инверсия қабатының даму мінездемесі жедел бақыланады.

Атмосфера ластануының деңгейі жерге жақын ауа қабатындағы (жер бетінен, 5-2,0 м) қосындылардың концентрациясымен анықталады және технологиялық және метеорологиялық факторларға байланысты болады.
Технологиялық факторларға газауа қосындыларының шығыны, оның температурасықалдықтардағы қосылыстардың концентрациясы, көздердің биіктігі және т.б.
Қосындылардың жер бетіндегі концентрациясының көлемін анықтайтын метеорологиялық факторларға қалдық немесе шығарынды көздерінің орналасуын, желдің бағытын, оның жылдамдығын, атмосфералық ауаның температурасы мен ылғалдылығын, инверсие, тұман, жауын-шашынның болуын және т.б жатқызуға болады.
Ластағыш көздердің орналасуы жердің ұзындығымен еніне байланысты географиялық орналасу жағдайымен анықталады, сонымен қатар, теңіз деңгейінен биіктігі және жер рельефіне байланысты аймақтылықпен анықталады.
Атмосфераның жерге жақын қабатында желдің жылдамдығы мен бағыты Жердің күнді айналуымен, жер рельефі, атмосфералық қысым және температуралық градиентпен қалыптасады. Соның нәтижесінде Жердің солтүстік жарты шары үшін оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жел, ал оңтүстік жарты шар үшін солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жел тән.
Желдің жылдамдығы атмосфералық қысымның төмендеуінің жоғарлауымен көтеріледі (өседі). Европаның көптеген бөлігінде желдің күші күздің аяғында және қыс мезгілінің басында бәсеңдейді. Ауа ағысының жылдамдығы жердің бетінде 500-1000 м биіктікпен салыстырғанда әлдеқайда төмен, оның себебі ауа массасының үйкелісінде. Жел жылдамдығының профилі тәулік аралығында өзгереді. Күндіз жел, жылулық конвекциялық ағыстармен жоғары ығысса, ал түнде конвекция күндізгіге қарағанда әлсіз болады, сондықтан жер бетінде желдің жылдамдығы күндіз жоғары болады да, ал түнде-биіктікте болады.
Атмосфера термодинамикалық жүйе болып табылады, онда белгілі жағдайда ауа массасының көлденең ығысуы адиабатикалық процесс түрінде қарастырылуы мүмкін, яғни жылу алмасуы (жылуды алмайды немесе бермейді) жүрмейтін процесс. Осындай жағдайда жоғары көтерілетін ауа -суытылады, ал төмен түсетін ауа- жылынады. Оның себебі, ауа жоғары көтерілгенде оның көлемі атмосфералық қысымның төмендеуінің нәтижесінде жоғарылауы мүмкін, ал температура төмендейді. Ал төмен түскенде керісінше, көлем азаяды, ал температура - жоғарылайды. Онда, ауаның тік бағанындағы әрбір 100 м температура шамамен 0,6 - 1°С өзгеріске ұшырайды. Бұл жағдайдағы атмосфераның жағдайын бейтарапты деп атайды. Ол ашық құрғақ ауа-райына тән.
Егер ауа температурасы биіктеген сайын төмендесе, төменнен қозғалатын ауа көлемі жылдамдай түседі. Жылынған конвекциялық ағымдар жоғары көтеріледі, ал төмен қарай ауаның суық ағысы алмасады. Ондай жағдайды тұрақсыз конвекция деп атайды.
Егер ауаның көлденең температулық градиенті нөлге жақын немесе теріс (жоғарылаған сайын температура жоғарылайды) болса, онда тігінен көтерілетін ауа көлемі қоршаған массадан суығырақ болады және оның қозғалысы бәсеңдейді. Ондай жағдайды тұрақты инверсиялық деп атайды.
Температура инверсиясы жер бетінен немесе біраз биіктікте басталуы мүмкін .осындай немесе басқа да жағдайларда олар ауа алмасуына кедергі жасайды және жердің беткі қабатында қосылыстардың (ауадағы ылғал конденсациясының өнімдері, тұманның түзілуі және т.б) жиналуына себеп болады. Сонымен, инверсиядағы ауа ластануының қауіпті деңгейі үнемі тұманмен және түтінмен жалғасуы мүмкін.
1 суретте инверсия түріне және шығарындылардың сипатына байланысты атмосферадағы қосылыстардың таралу жобасы көрсетілген. Төмен орналасқан (труба) суық шығарынды шығаратын көздерде қосындылардың көп концентрациясы жер бетіндегі қабаттарда желдің жоқтығында немесе әлсіз желде түзіледі. Ондай жағдайда ауаның максималды ластануы сол шығарынды көздерде байқалады. Жылы шығарындылар шығаратын биік көздерден максималды ластану жоғары көтеріңкі инверсияда байқалады. Трубаның астында инверсиялық температура қабаты төмен болған сайын, жер қабатындағы ауаның ластануы күштірек болады.
а - жердегі инверсиядағы; б - көтеріңкі инвер - сиядағы; в- атмосфераның инверсиясыз жағдайында
1 Сурет - атмосферадағы зиянды қосылыстардың шығарынды көздерден таралу жобасы
Атмосфераның тұрақтылық жағдайын сандық көрстеу үшін тік температуралық градиентпен желдің жылдамдығының қатынасын қолданады, оны атмосфераның стратификация критериі деп атайды. Бұл критерий атмосферадағы қосындалардың таралуын есептейтін барлық әдістерде қолданылады.
Атмосфера тұрақтылығы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz