Сыртқы экономикалық қызметті валюталық реттеу


Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Институт Сорбонна-Казахстан
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сыртқы экономикалық қызметті валюталық реттеу
Орындаған: Асқарұлы С.
Тексерген: Жұмаш Г. Т.
Алматы 2020
Мазмұны
- Сыртқы экономикалық қызмет түсінігі
- Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері
- Сыртқы экономикалық қызметті валюталық реттеу
Сыртқы экономикалық қызмет түсінігі
Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайларында кәсіпкерлік қызмет ішкі нарықпен шектеліп қала алмайды. Тауарларды сатып алу және сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету үшін кәсіпкерлер халықаралық нарыққа шығады, яғни сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады.
« Сыртқы экономикалық қызмет » термині алғаш рет Қазақ КСР-інің 1990 ж. желтоқсанның 15-гі №408-ХІІ «Қазақ КСР сыртқы экономикалық қызметінің негізгі принциптері» деген Заңымен еңгізілді. Аталған Заңның 1-бабына сәйкес, «Қазақ КСР-гі сыртқы экономикалық қызмет» болып «заңды тұлғалардың және азаматтардың шетелдік заңды тұлғалар және азаматтармен экономикалық, сауда-саттық, валюта, ғылыми-техникалық, мәдени және басқадай қатынастарын қамтитын қызметі» саналады. Заң шығарушы тұрғысынан алғанда, «сыртқы экономикалық қызмет» - бұл экспорт, қайта экспорт, импорт, қайта импорт және өнім тасымалдау бойынша жүргізілетін қызмет. Заң әдебиетінде « сыртқы экономикалық қызмет » - ол субъектілердің тауарлар (қызметтер) экспорты, импорты, шетелдік инвестициялар, сақтандыру, республиканың нарықтық экономикасын құру және қалыптастыру мақсатында материалдық және басқадай өндіріс саласында бірлескен кәсіпкерлік қызметі, республиканың әлемдік экономикаға ену, ал, ең бастысы, республика халқының қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелері бойынша жүргізілетін қызмет деп түсініктеме берілген. Мұндай қызмет коммерциялық сипатта немесе коммерциялық емес сипатта болуы мүмкін. Сыртқы экономикалық кәсіпкерлік қызметтің бір түрі сыртқы сауда қызметі болып табылады.
Сыртқы сауда қызметі - бұл тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерін халықаралық айырбастау саласындағы кәсіпкерлік қызмет. Сыртқы сауда қызметі қызметтің басқа түрлерінен мынандай белгілері арқылы ерекшеленеді:
1. Бұл - кәсіпкерлік қызмет түрі;
2. Ол тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және т. б. айырбастау саласында жүзеге асырылады.
3. Тиісті мәміле нысанын кеден аумағынан тыс шығару (экспорт кезінде) және тиісінше, оны осы аумаққа енгізу (импорт кезінде) орын алады. Кәсіпкерлік қызмет түрі ретіндегі сыртқы экономикалық қызмет кеден шеқарасы арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) және мүлікті басқадай түрлерін шетелдік мемлекет аумағына өткізуге байланысты қызмет болып табылады. Жеке тұлғалардың сыртқы экономикалық қызметінің құқықтық нысандары ретінде кәсіпкерлік шарттың өзгеше бір түрі болып табылатын сыртқы экономикалық шарттар қолданылады.
Сыртқы экономикалық қызметтің негізгі екі түрін бөліп айтуға болады:
1. мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі (яғни мемлекеттің сауда, экономика, туризм, және т. б. салаларда басқа мемлекеттермен ыңтымақтастықты дамыту бойынша жүргізілетін қызметі) ;
2. заңды және жеке тұлғалардың сыртқы экономикалық қызметі.
Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері
«Экспорттық бақылау туралы» (18. 06. 1996 ж. ) Заңның 1 бабына сәйкес, экспорт, қайта экспорт, импорт, қайта импорт және өнім тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыратын ҚР заңды және жеке тұлғалары, шетелдік заңды және жеке тұлғалар сыртқы экономикалық қызмет субъектілері бола алады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы және шетелдік мемлекеттер де сыртқы экономикалық қызмет субъектілері болып санала алады. Алайда, негізінен, сыртқы экономикалық қызмет субъектісі - заңды тұлға болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері ретіндегі заңды тұлғаларды үлкен екі топқа:
1. ҚР заңды тұлғалары;
2. Шетелдік заңды тұлғалар деп бөлуге болады.
Өз кезегінде, ҚР заңды тұлғалары сыртқы экономикалық қызмет субъектілері ретінде тағы екі топқа бөліне алады:
1. ҚР шетелдік капитал қатыспайтын заңды тұлғалары (мұнда қатысудың бар үлесі немесе акциялар пакеті түгелдей ҚР азаматтарына, ҚР заңды тұлғаларына немесе мемлекетке тиесілі) ;
2. Шетелдіктер қатысатын заңды тұлғалар.
Шетелдік кәсіпорындардың қабылдаушы мемлекет аумағындағы кәсіпкерлік қызметі, негізінен, келесідей нысандарда жүзеге асырылады:
1. кәсіпкерлік шарттар жасасу, мемлекеттік бағалы қағаздар және т. б. сатып алу) ;
2. заңды тұлға құру (оның ішінде бірлескен кәсіпорындар, толығымен шетелдік қатысушыға жататын кәсіпорындар, еншілес кәсіпорындар) ;
3. шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілеттіктерін құру. Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына байланысты ҚР заңдарында тағы «резидент» және «резидент емес» деген түсініктер қолданылады («Валюталық реттеу туралы» Заңның 1 б. 15 т. Және 10 т. ) .
Сыртқы экономикалық қызметті валюталық реттеу
ҚР сыртқы экономикалық қызметті валюталық реттеудің құқықтық негіздерін валюталық реттеу туралы заң және басқа нормативтік құқықтық актілер құрайды.
Валюталық реттеуді орнықты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты қолдау мақсатында ҚР Ұлттық банкі, сондай-ақ жалпы құзыретті органдар жүзеге асырады.
«Валюталық реттеу туралы» Заңның 13 бабына сәйкес, резиденттер арасындағы валюта операцияларына тыйым салынады, ал тыйым салынбайтын операциялар төмендегідей:
- тараптардың біреуі ҚР Ұлттық Банкі және ҚР Қаржы министрілігі болып табылатын операциялар;
- қызметкерлерді ҚР аумағынан тыс жерлерге іссапарларға жіберуге байланысты шығындарды төлеу;
- жеке тұлғалардың басқа жеке тұлғалар пайдасына банк салымдарын салуы;
- ҚР заң актілерінде қарастырылған жағдайларда салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге байланысты операциялар.
Резиденттер төмендегілерді орындауға:
- ҚР валюта заңына сәйкес, тараптардың келісімі бойынша резидент еместермен ұлттық және шетелдік валютада мәмілелер жасасуға;
- Резидент еместермен жасалатын операциялар бойынша шетелдік валютамен вексельдер шығаруға құқылы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz