Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру жолдары


АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ЖАРКЕНТ ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
МӘТІНДІ ҚАБЫЛДАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
(Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі, каллиграфия пәнінен курстық жұмыс)
Мамандығы: 0105000-Бастауыш мектептегі ана тілі
Біліктілігі: 0105023-Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі
Тобы: 411
Орындаған: Таңат Г.
Жетекші: Нурбекова А.
Жаркент 2020
МАЗМҰНЫ
Пікір . . . 2
- КІРІСПЕ . . . 3-7
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру жолдары . . . 3
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. 8-26
2. 1 Оқудың түрлері мен сапалары . . . 8
2. 2 Мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар . . . 15
2. 3 Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы . . . 18
2. 4 Бастауыш сыныпта өлеңді оқыту . . . 24
- ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
- ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29
V. ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР . . . 30
ПІКІР
Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушысын мәтін түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, мәтінді әңгімелегенде сөйлемдердің мағыналық байланысына қарай ретімен әңгімелеу дағдыларын қалыптастыра отырып, олардың сөйлеу, әңгімелесу дағдысын жетілдіру, мәнерлеп сөйлеуге баулу жұмыстары олардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттерін дамытады.
Студент өзінің курстық жұмысында зерттеудің мақсаты мен міндеттерін нақты көрсетіп, әдебиеттер мен әдістемелік құралдарды барынша толық пайдалануға тырысқан.
Зерттеу барысында студент бастауыш сынып оқушыларының сөйлесу, әңгімелесу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге баулу, бастауыш сынып оқушыларына берілетін материалдар жүйесін орындау деңгейіне бақылау жасады.
Курстық жұмыс комиссия мүшелерінің шешімі бойынша «5 (өте жақсы) » деп бағаланды
Пікір жазған
Бастауыш мектептегі ана тілі
пәнінің оқытушысы А. Нұрбекова
- КІРІСПЕ
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын
қалыптастыру жолдары
Мен сыйлар деп дүние, келдім міне,
Бір жас деп есігіңнен ендім міне.
Мен азатпын, мен ақпын, мен өсемін,
Не қылсаң да басымды бердім міне! - деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала психологиясының іргетасын қалап, күнделікті білім беруді шеберлікпен ұйымдастыра алу - әрбір бастауыш сынып мұғаліміне үлкен жауапкершілік, үлкен міндет.
Курстық жұмысымның мақсаты: Мәтін түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, мәтінді әңгімелегенде сөйлемдердің мағыналық байланысына қарай ретімен әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың сөйлеу, әңгімелесу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге баулу.
Жұмысымның өзектілігі: Бастауыш сынып оқушылардың сөйлеу, әңгімелесу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге баулу.
«Бастауыш сыныптағы ана тілі сабақтарында мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар» атты курстық жұмысты орындау барысында бастауыш сынып оқушыларына берілетін материалдар жүйесін орындау деңгейін бақылау жасалып, нәтижесінде төменде ұсынылатын жұмыстардың тиімділігі анықталды.
Бастауыш сыныптағы «Сауат ашу», «Қазақ тілі», «әдебиеттік оқу» пәндерінің мақсаты - бастауыш сынып білім алушыларын білім, білік және дағдыларымен қатар, олардың көркем жазу, әдеби сауатын ашу, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, ұлтжандылық сана-сезімін дамыту, сөз өнерін шығармашылықпен игеруіне жағдай туғызу болса, алдымызда оны шешудің үлкен міндеттері тұр. Көзделген міндеттерді іске асыру үшін балалардағы оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру қажет.
Жазу дағдыларын қалыптастыру- олардың өміріндегі күрделі үрдіс болып табылады. Оқушылардың жазу шеберлігі мен сөйлеу шешендігі қалыптасады. Ана тілі сабағында оқушы мәтіннің мазмұнын терең түсініп, көркемдік мәнін ұғады, әдебиеттану түсініктері қалыптасады. Бұл курстық жұмыстың мақсаты-оқушыларға мәтінді барынша қабілеттілігі, қажеттілігі, таным және даму мүмкіндіктері деңгейінде қабылдаттыруды саралап көру.
Мәтінді қабылдаттыру үшін жүргізілетін жұмыстарда оқушының жас ерекшелігі, сауаттылық деңгейлері, танымдық, логикалық, ой-өрістерінің даму дәрежесі де ескеріледі.
Оқу сабақтарында білім мен тәрбие алу үшін қажетті әртүрлі оқу дағдылары қалыптасады. Оқу дағдысын қалыптастыру әдеби, жазба тілі және сөйлеу тілімен байланысып жатады. Оқушылармен жүргізілетін түрлі жаттығулар, тілдік заңдылықтар және ережелер меңгертілгенде ғана оқу дағдысын қалыптастыруға болады. Сонымен бірге грамматиканың жеке бір ережелері, тыныс белгілер ережелері қажетті болып табылады.
Оқу дағдысын қалыптастыру оқытылатын мәтіндердің тәрбиелік мәнін ашу мен танымдық сапа деңгейлерін, түрлі қабілеттерін ашуға пайдалы үрдіс болып табылады. Ол мынадай міндеттерді жүктейді:
- Бастауыш сынып оқушыларының әр сынып көлемінде дұрыс, саналы түрде түсынып оқу және мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыруда оқушы жіберетін қателерді анықтау, талдау, топтау.
- Қайталап оқуды ұйымдастыруға қажетті жұмыс түрі мен тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау, түрлендіру жолдары.
- Әр сыныпта оқу дағдысының әр түрін қалыптастыру, т. б.
- Дұрыс оқу, түсініп оқу, шапшаң және мәнерлеп оқуды бірлестікте қарау.
- Білім, құзірет, тәрбие - оқу дағдысын қалыптастырудағы басты мәселе.
Бастауыш мектептегі оқу сабағының сапасы әр сабақтың қаншалықты дәрежеде ойланып құрылғанына қолданатын әдіс-тәсілдердің сапасына және сабақтың дұрыс ұйымдастырылуына тікелей байланысты болады.
Оқу дағдысының қалыптасуы балаларға ұсынылатын материалдың түсініктілігіне, жеңілдігіне және қызықтылығына байланысты екендігі әрбір мұғалімге аян. Баланы дұрыс, түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқуға үйрету мәтін бойынша жұмыс дұрыс жүргізілгенде ғана сабақ өзінің оң нәтижесін береді, тиімділігі артады, оқу сапасы жақсарады.
Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті - балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сонымен қатар, сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой -өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады. Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады.
Бастауыш сыныптарында ана тілі пәні - балалардың негізгі құралы. Ол оқуға үйрету сауат ашу кезеңінен басталады.
Жеке оқушылардан дыбыс, буын сөз, сөйлемдерді саналы дұрыс, анық, дауыстап оқуы талап етіледі. Сондай-ақ мәтінді оқу кезінде сөз мәніне, мағынасына назар аудару, сөйлемдер арасындағы байланысты түсіну, сол арқылы мәтін мағынысын түсініп, айтып беруге үйрену, сөйтіп түсініктерін біртіндеп күрделену бағытында мәнерлеп оқуды жетілдіру мақсаты көзделеді.
Оқуға үйретуге қойылатын негізгі талап - дауыстап, мәнерлеп және іштен оқуды меңгерту.
Педагогика ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағартушы ұзтаз Ж. Аймауытовтың ана тіл пәнінің алдына мақсаты оқушының оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру керектігін алға тартады.
Дәстүрлі түрмен мұғалімдермен тексерілетін оқушылардың оқу жылдамдылықтары оқушылардың бойында берілген мәтінді 1 минут ішінде неғұрлым көп оқып шығу деген ұғым қалыптасып қалған. Ал мұғалімнің сен «жақсы оқисың» немесе «жаман оқисың» деген сөзі оқу деңгейін білдіретін ұғыммен сай келеді. Сөйтіп, оқушылар жақсы оқу үшін өздерінің алдына мәтінді белгілі бір уақыттың ішінде тез суылдатып оқып шығу мақсатын қойып, мәтіннің не тіліне, не мазмұнына, не кейіпкерлер бейнесі мен шығарманың идеясына мән бермейді. Осылайша оқылған шығарманың мазмұны ашылмай оқушыларда түсініксіздік, жалықтыру сезімін тудырады. Көркем шығармаларды ерекше дауыс ырғағына, екпініне қарай мәнерлеп оқып, негізгі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, көңіл-күйін дәл бейнелейтін сөздер мен сөз тізбектерін даралап оқу өкінішке орай жүзеге аспайды.
Оқу машығын қалыптастырудың мақсаты - баланың өзі оқыған сөйлемін, мәтінін толық түсінуі және сонда қолданылған сөздердің мағынасын меңгеруіне қол жеткізу. Мұны орындау үшін оқытушы баланың әрбір сөзді дұрыс анық оқуын үнемі қадағалап отыруы шарт. Әрбір сөзді дұрыс анық етіп оқыған бала сөзді түсінеді. Шапшаң оқудың алғы шарты орындалады. Осыдан шапшаң оқудың дұрыс оқумен, түсініп оқумен өте тығыз байланыстылығы көрініп тұрады. Оның үстіне сөзді дұрыс және түсініп оқу үшін мәтінді белгілі бір қарқынмен оқу қажет. Олай етпеген жағдайда мәтінді оқушы да, оны тыңдаушы да ештеңе түсінбейді.
Оқу жылдамдығын қалыптастыру бастауыш сыныптан басталады. Осы кезеңде баланың дұрыс оқуы, әрі жылдам, әрі мазмұнды түсіне оқи білу - үлкен еңбектің жемісі. Сондықтан жылдам оқу - оқушы үлгерімінің негізгі фокторы. Әдетте кімдер тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса, көп біледі. Оқу жылдамдығы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Кітап оқудың басты пайдасы қанша кітап оқығанында емес, керісінше, оқыған кітаптарының қаншасын түсінгенінде.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Оқудың түрлері мен сапалары
Бұрынғы өткен ұлы данышпан адамдардың көбісі тез оқу әдісін терең меңгерген, өз заманының озығы болған. Жай асықпай оқитын адамдарға қарағанда, әр түрлі зерттеулердің қорытындысына байланысты, тез оқи білетін адамдардың жүйке жұмысының өте белсенді күшті дамығанын және қарапайым өмірде де осы белсенділігінің арқасында көп жетістіктерге жететіндігі дәлелденген.
Тез оқу әдістемесі немесе техникасы дегеніміз не және не үшін қажет? Жалпы оқу сапасын арттыру үшін жай оқу керек па, әлде шапшаң оқу керек па? Жеделтетіп тез оқу әдісі неге маңызды және қай жерде пайдалы? Қарапайым өмірде адамдар тақырыпты жай, асықпай оқу пайдалы әлі түсініктірек деп қате пайым жасайды. Расында тез оқу дегеніміз тез игеру, тез түсіну, тез ұғыну ұғымдарымен тығыз байланысты. Оқымысты, жан-жақты адам дегеніміздің өзі - жеделдете тез оқи алатын, әртүрлі ақпараттарды тез игере алатын адам деген сөз.
Шапшаң оқуға балаларды 1сыныптан бастап баулу керек. Себебі, оқу жылдамдығы төмен бала өз сыныптастарына қарағанда үй тапсырмаларын орындау барысында оқып-түсіну үшін көп уақыт жұмсайды, шаршайды, оқуға деген ықыласы төмендеп, өзіне сенуден қалады. Нәтижесінде баланың оқу көрсеткіштері нашарлап, эмоционалдық күйзеліске ұшырап, оқуға мүлдем құлқы болмайды.
Сондықтан баланы алғашқы сабақтардан бастап әр түрлі әдістемелері арқылы тез оқу әдісіне машықтандырып, көп еңбек етіп, қызығушылығын тудыру керек. Тез оқу әдісіне қандай факторлар кедергі келтіруі мүмкін:
1) тақырыпты оқып шықаннан кейін, не туралы оқығанын түсінбеуі
2) сөздің астарын, мағынасын тусінбеуі
3) регрессия - көздің оқу кезінде қозғалу жылдамдығы, 1 сыныпта
4) көру аймағының аздығы, бұл дегеніміз бала көзінің қозғалтпай отырған кездегі, көзге жақын көрініп тұрған аумақ немесе кітап бөлігі
5) артикуляция, яғни жай ежіктеп оқу барысында, дауысын шығарып, оқу процесіне есту аппаратының (құлағының) қосарланып қатысып отыруы.
Міне осы факторлардың бәрін ескере отырып ең бірінші баланың көруі арқылы есте сақтау қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлу керек
Ол үшін сабақтарда:
1) түрлі суреттер топтамасын пайдаланып, көрсетіп, балалардан 1секунд ішінде жаттап алған нәрселерін сұрау
2) екі бағанға сөздер жазып, балаларға көрсетіп, оқытып қайталап сұрау
3) мағынасы қарама-қарсы сөздерді айтқызып жарыстыру
4) өткен тақырыптарды қайталап сұрап тұру
5) тақырыптың кез келген сұрақ қойып, жауабын тез тауып айтуға жаттықтыру
6) жаңылтпаштар оқыту
7) оқу жылдамдығын салыстырып, жиі жарыстыру, көрсеткіштерін күнделікке жазу
8) таныс тақырыпты оқытып, тез басқа таныс емес тақырыпқа көшу
9) тіркес немесе біріккен сөздерді жазғызып олардың қандай сөздерден құралғанын сұрау
10) берілген әріптерден сөз құрастыру; кім көп сөз, әрі кім тез?
Осындай әр түрлі жаттығулардан кейін, баланың оқуға деген құлшынысы артып оқуға белсене қатысып, өзінің оқуға тез бейімделе бастағанын байқамай қалады.
Баланы тез оқи білуге үйрету, бұл бүкіл білім беру ісінің негізгі фундаменті болып табылады. Өйткені бала әрі қарай осы оқу әдісін меңгеруіне байланысты әр түрлі пәндерді тез оқып, үйреніп, игеріп кетеді.
Оқу сапаларына оқу түрлері жатады. Оқудың алғашқы кезеңінен дұрыс оқудың негізі басталады. Осы кезде жеке сөзді әріптеп оқытпай (а-ғ-а-ш, б-а-л-ы-қ) буындап буындарды жалғастырып оқуды ( а-ғаш, ба-лық ) меңгерту қажет. Буындармен ойын ұйымдастыру, оқушыға күн сайын бірнеше буындарды тізбекпен көрсете отырып оқыту пайдалы болмақ. Кейде оқушы әріп, буын, сөз қалдырып кетсе, кейде екі рет қайталайды, буынды жұтып қояды, әріптерді алмастырып айтады. Қате оқыған сөзді таптыру, талдау жасатып, сол сөзге мағынасы жуық сөздер таптырту, қайта оқыту, тыңдап отырған оқушыларға түзеттіру тәрізді жаттығу түрлері орындалады. «Түсініп оқу- оқушының оқыған мәтінінің мазмұнын анық, терең ұғынуы» деп түсінсек, түсініп оқуды жүзеге асыруда алғашқы кезде өздеріне түсінікті, қызықтыратын, ішінде қиындық тудыратын сөздері өте аз сюжетті мәтіндерді таңдаған дұрыс.
Мысалы: Тиін.
Мынау-тиін(суреті) . Оның үйі- ағаш қуысы (суреті) . Ол жаңғақ(суреті) пен саңырауқұлақты(суреті) жақсы көреді. Адамдар тиінге тиіспейді. Балалар оны жақсы көреді.
Мұғалім түсініп оқуға жаттықтыруды балаға таныс: жануар, аң, тағам, жеміс, киім-кешек, құс жайлы жазылған жеңіл мәтіндерден бастау керек. Мұндай мәтіндерде заттың аты, сипаты, әрекеті және оқушыны адамгершілікке тәрбиелейтін сөйлемдер болғаны дұрыс.
2, 3, 4 сыныптарда мәтін мазмұны мен ұйымдастырылатын жұмыс түрі қиындайды. 2 сыныпта өтетін Ыбырай Алтынсариннің «Ата-әжеме хат» мәтіні бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізуге болады:
1. Интерактивті тақта немесе мазмұнды суреттер арқылы пошта мекемесі, пошташы, хат түрлері, мекен-жайына қарай топталған хаттар көрсетіліп, ауызша талданады. Не білесің? Қалай аталады? Қандай қызмет атқарады? Қызметі . . . Пайдасы . . . Айырмашылығы . . . (білімдерін көрсету)
2. Шығарманың түрін, жанрын анықтау. Жазушы хатын кімге арнаған? Қандай сөйлемдер қолданған? Әр бөлікте не туралы жазылған? Аяқталған ойды тауып, ат қою. Атасы қандай ақыл берген? Тірек сөздерді, кейіпкерді табу, оған мінездеме беру, автордың негізгі ойын анықтау үшін ауызша талдау арқылы түсінуіне жағдай жасалады. Сөздік жұмыс ұйымдастырылады. (мұғалімнің көмегімен түсінуі тиіс)
3. Хатты қолданып көрдің бе? Адамдар не үшін қолданады? Хат жазу арқылы оның түрлері мен ерекшеліктерін байқату. Ол тиімді ме екен ? Неліктен? Электронды поштаны естідің бе? Қайсысында жазылған хат жылдам жетеді деп ойлайсың? деп ізденіске түсіріп, ойларын дәлелдетіп, өмірмен байланысы анықталады.
4. Сипаттау, суреттеу, жалғастыру, электронды пошта мен жай поштаның ортақ белгілерін табу арқылы білімдері жинақталады.
Оқудың екі түрі бар: дауыстап оқу, іштен оқу. Оқудың бұл екі түрі де бастауыш сыныпта қолданылып, дамытылады.
Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу жүзеге асырылады, өйткені балаларға іштен оқытсақ, оның оқу деңгейін тексере алмаймыз. Дауыстап оқыту арқылы оқуға енді төселіп отырған оқушылардың оқу сапасын дұрыс, яғни түсініп, мәнерлеп оқуын, оқуға шапшаңдығын байқауға болады.
Әліппеден кейінгі кезең материалдарын оқыту кезеңінде іштен оқуға дағдыландыра бастаймыз. Іштен оқуға үйретудің маңызы зор. Тек дауыстап оқуға үйренген бала мектептің негізгі білім жүйесіне көшкен кезде көп қиыншылыққа кездеседі. Біріншіден, оқушы сабаққа дайындалу үшін жеке өзі ғана болуы керек. Дауыстап оқып отырса, қалған оқушыларға зияны тиеді. Оқу залдарында сабаққа дайындалу қиынға түседі. Екіншіден, оқу шапшаңдығы дамымайды. Дауыстап оқығаннан гөрі іштей оқу жылдамдығы артады. Мысалы: 2-сыныпта дауыстап оқығанда, оқу шапшаңдығы минутына 35-50 сөз болса, іштен оқығанда, оқу шапшаңдығы 45-60 сөз болады. 3-сыныпта дауыстап оқығанда, минутына 60-75 сөз болса, іштей оқығанда 80-100 болады. 2, 3, 4 сыныптарда оқудың екі түрі де қабаттаса жүргізіледі. 3, 4 сыныпта дауыстап оқудан гөрі іштей оқуға баса назар аударған жөн. Оқушыларға жаңа материалды өздігінен іштей оқып түсіну қиын. Сондықтан мәтінді іштен оқуға тапсырмас бұрын саналы, түсініп оқуға дайындық жұмыстары жүргізіледі. Жаңа тексті алдымен дауыстап оқытып, содан соң ғана іштен оқуға нұсқау беруге болады.
Оқушының іштен оқуға қаншалықты төселгенін байқау үшін, түсінуге жеңіл материалдарды іштен оқуға беріп, оқып шыққан соң, әр түрлі әдіс-тәсілмен түсінгенін байқау жұмыстарын жүргізген дұрыс. Мұғалім оқудың бұл екі түрін де іске асыру кезінде оқу сапаларына назар аударуы керек. Оқу сапаларына жататындар: дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу.
Мәтінді дұрыс оқу жеке сөйлемді дұрыс оқудан тұрады. Дұрыс оқу үшін оқушылар төмендегідей талаптарды орындауы керек:
1. Сөзді оқығанда әріптеп оқымай, буындап, буындарды жалғастырып оқу, ша-на-лар, то-қу.
2. Оқып тұрған сөздің алдынан не артынан, не ортасына артық дыбыс қоспай, не түсірмей оқу, ұқсас дыбыспен ауыстырмай оқу.
3. Бір дыбысты не буынды ұзақ созып, не екі рет айтпау а-на, баа-ла, а-на-на, ба-ба-ла, т. б.
4. Бір сөз орнына екінші бір сөзді, мағынасына сәйкес келетін айтпау, сөйлем соңындағы сөзді, буынды жұтып қоймау.
5. Ұсақ дыбыстарды, тілі келмейтін дыбыстарды ауыстырмау.
Сауат ашу кезеңінде оқушылар бұл талаптарды орындамай, оқу кезінде көптеген қателер жібереді. Сондықтан мұғалім оқудың қалған сапаларын жүзеге асырып, оқу дағдысын жетілдіру үшін, оқу сапасының негізі болып табылатын дұрыс оқу түріне баса назар аудару керек. Егер бала оқуға үйрету кезінде қате оқыса, мұғалім дереу дұрыс оқуға үйрету керек. Бұл жұмыстарды төмендегіше топтап көрсетуге
болады.
1. Әр оқушының оқу дағдысын мұғалімнің жеке есепке алып, сол бойынша жұмыс жүргізуі.
2. Қате оқыған сөзін оқыту, сөзді дұрыс оқымағанына көз жеткізу. Мысалы, тон деген сөзді оңн деп оқыса, сан мен сандық ұғымды қарапайым тілмен түсіндіріп, кеспе әріп, буынмен жұмыс жасату /ба-бал-ала, доп-топ, ас-аш/.
3. Сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіндіру арқылы дұрыс оқуға үйрету. 4. Ұқсас дыбыстарды артикуляциялық жаттығулар арқылы дұрыс дыбыстауға үйрету. Мысалы, ш дыбысы тіл алдынан жасалса, с дыбысы тістін бір-біріне тиюінен жасалады.
5. Жаңылтпаштар айтқызып, тілін сындыру.
6. Орфоэпиялық талаптарға сай оқыту.
7. Оқушының өзіндік ерекшеліктерімен санасу, /көзі нашар, құлағы нашар еститін, қабылдауы төмен/ олармен жеке жұмыс түрін ойластыру. 8. Мәтіндегі сөздің мағынасына қарай лайықты дауыс ырғағын, интонациясын сақтап оқуға үйрету. Дұрыс оқымаса, мұғалім дұрыс оқып беріп, оқушыға қайталаттырады немесе жақсы оқитын оқушыға оқыттырады.
Оқудың сапалық қасиетінің екінші бір түрі - түсініп оқу. Түсініп оқу дегеніміз - оқушыға оқыған сөз не сөйлемнің мағынасын, ондағы айтылған ойды дұрыс түсініп, оны екінші бөлімдегі айтылған оймен байланыстыруы. Сондай-ақ, тұтас мәтіндегі негізгі ойды айырып, оған өзінің көзқарасын білдіру.
Түсініп оқу дұрыс оқу сапасы арқылы іске асады. Егер бала оқыған материалын дұрыс оқымаса, онда айтылғалы тұрған ойды аңғармай, сөйлемдер арасындағы логикалық, психологиялық байланысты дұрыс қабылдай алмайды.
Егер оқушы оқыған материалдарының мазмұнын саналы түрде меңгермесе, оқушыда белгілі бір икемділік, өмір, зат, құбылыс табиғат, адам, олардың іс-әрекеті туралы өзіндік көзқарасы болмайды. Мұндай жағдайда оқу сабағы өзінің алдында тұрған негізгі мақсат-міндетін де шешпейді, сондықтан, бастауыш сынып мұғалімі дұрыс оқыта отырып, оқығанын түсіну, саналы меңгерту жұмыстарына да ерекше мән беруі керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz