Республикасының рухани идеологиялық жағдайы


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Қазақстан Республикасының рухани идеологиялық жағдайы
Орындаған:Жумагельдинова Эльнара
Тексерген: Күлмесханова С. С.
АЛМАТЫ 2021
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазахстан Республикасындағы идеологияның қалыптасуы
2. Мемлекеттегі рухани идеология
3. Қазақстан Республикасындағы рухани идеологиялық үрдістер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының өзіне тән мемлекеттік идеологиясын қалыптастыру, оны бұқара арасында жаю, сол арқылы қазақ қауымын, қала берді елімізді мекендеуші ұлт пен ұлыстарды ортақ іске мемлекетті нығайту ісіне жұмылдыру үлкен жұмысқа айналып отыр. Кешегі коммунистік идеологиядан мезі болған Ресей жұрты ешқандай да идеологияның қажеті жоқ, мемлекеттің құдіретін адам құқығын сақтауға бағыттап, белгілі бір реттеушілік қызметтерді атқарумен шектеу керек деп жатқанда, біз Қазақтанда өз идеологиямызды қалыптастыруды қолға алғанымыз қалай деген заңды сұрақ көкейге оралары сөзсіз. Мұның өзі Ресей мен Қазақстанның қазіргі өміріндегі айырмашылықтардан - еліміздің демографиялық, геосаяси ерекшеліктерінен - туындап отыр. Ұлтаралық келісім, олардың белгілі бір дүниетанымдық идеялар төңірегінде топтасуы - біздің мемлекетіміздің негізгі кепілі. Тәуелсіздік жолына жаңа түсіп, өзінің көп ұлтты еліне, бай да кең байтақ жеріне, басқа да ерекшеліктеріне орай және демокартиялық жолымен тез дамуды көздеп отырған Қазақстан Республикасы болса, дәп қазір өз мақсатына қызмет ететін идеологияны керек етіп отырғаны күмәнсіз. Қазақстан елінің қазір өткен мен болашақ ортасындағы өпелі кезеңде тұрағндығы белгілі. Ондай қоғамның ішінара да, түбегейлі өзгерістерге де көп ұшырап жатуы ықтимал. Демек, теориялық пайымдауда да қалыптаса бастаған қағидаларды оқтын-оқтын қайта қарауға тура келетін тұстар да болуы мүмкін. Оның ешқандай айыбы жоқ. Қайта қасандыққа ұрынбауға, бұрыстыққа жол бермеуге оң ықпал тигізері сөзсіз. Мәселен қоғамның бір сападан екінші сапаға өтуін революциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен қамтасыз етуге баса мән беруде жатыр. Ол тек әлеуметтік жарастық жағдайында ғана мүмкін болды. Ендеше қоғамдағы ынтымақ - жас тәуелсіз мемлекет үшін ең басты саяси құндылық болып табылады. Мелекет тоталитаризм дд түсіп, бір идеологияны ұстанса, көп өмір сүре алмайды. Нацизмді ту етіп көтерген Германия, марксизмді теория емес, идеология деп таныған КСРО соның айқын айғағы. Енді халықтың көзі ашылып, дүниеге, өзін қоршаған ортаға байыпты да парасатты қарайтын болды. Ал тәуелсіз Қазақстан үшін қолайлы даңғыл жол - демократиялық мемлекетке жету мүмкіндігі туды. Ондай мемлекеттің артықшылығы адамдар бір идеология, бір сүрлеулі жол үшін жанын пида етпейді, өзгеріске, жаңалыққа мол мүмкіндік қалдырады. Жалпы бір идеология жолында адам құрбан болмауға тиісті. Керісінше, бұл адамға қызмет етпейтін идеология. Болашақтан үміті бар мемлекет ғылымға, бар күшін шынайы өзгерістерді, реформаларды ғылымға және философиялық тұрғыдан негіздейтін модельді, үлгі, сүлбіні жасауға және халықтың санасына құюға жұмсау керек. Біздегі мемлекеттік идеология - ұлттық мұраттардан туындай отыра жалпы қазақстандық мақсаттарға ұласатын идеялар мен көзқарастар жүйесі.
Идеология дегеніміз қоғамдағы экономикалық қатынастарды белгілі әлеуметтік таптың тұрғысынан бейнелейтін идеялар мен теориялардың жүйесі. Идеологияға саяси ілімдер, құқықтық көзқарастар, адамгершілік принциптері, эстетикалық және философиялық көзқарастар, діни идеялар жатады. Идеологияның ерекшелігі - ол қоғамдық таптар мен әлеуметтік топтар мүдделерінің бір жүйеге келтірілген және теориялық жағынан қорытылғанбейнесі болып табылады. Сондықтан ол стихиялық түрде өздігінше қалыптаса алмайды, оны сол таптың идеологтары жасап шығарады.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында идеология жөнінде қоғамдық бірлестіктердің идеологиясы мемлекеттік идеология депмойындалмайды, деген бір жол бар. Мұндай тұжырым нақты да, негіздірек болыптабылады. Өйткені идеология әлдебір абстрактілі нәрсе емес. Ол белгілі бір адамдар тобының көзқарасы мен идеясын білдіріп қана қоймай, түрлі идеологиялық бағыттағы тиісті ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне арқау болады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы идеологияжөнінде Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр алуандық мойындалады делінген. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының екі Конституциясы да мемлекеттік идеологияның болу мүмкіндігін жоққа шығармай, тек бәз бір идеологияның ғана мемлекеттік деп танылмайтынын ескертеді. Мемлекеттік идеология түрлі идеологиялардың жиынтық қоспасын қамтып көрсетуі де мүмкін, тек олар Қазақстан мемлекетінің табиғаты мен түпкі мәніне қайшы келмесе болғаны. Н. Ә. Назарбаев былай деп жазады: Әңгіме арныға түскен бір идеологиядан бас тартуда болып отыр. Мұның өзі - конституциялық принцип. Бүгінде бәз ьір біртұтас әрі қатал идеологияны қайта түрлету қажеттігі туралы сөз қылғанда ойды ірікпей ақырына дейін айту керек. Демек, жазалайшы саяси цензура енгізу керек екен, онда бұқаралық ақпарат құралдарының өркендеуін тоқтату қажет, яғни бұл - суреткердің үстінен саяси қарауыл қайта шыға келді деген сөз. Ғасыр тарихында біздің мемлекет тұңғыш рет шығармашылық үрдіске қысым жасаудың кез келген түрінен бас тартып отыр Мемлекеттік идеология мәселесі қазіргі таңда өзекті болып табылады, оны Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптастқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: « . . . жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың табысының негізі болып табылады және мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты» - деп атап өтуімен байланыстыруға болады. Сондықтан, мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын көтеру үшін қабылданған ұлттық бағдарламаларды сәтті іске асыру үшін халқымыздың барлық күш-жігерін осы арнаға жұмылдыратын, біріктіретін мемлекеттік идеология қажет деп санаймыз. Біздіңше, мемлекеттік идеология деген ұғымды сенім деген ұғыммен синоним ретінде қарастырған жөн. Егерде, қоғамның мемлекет жүргізіп отырған саясатына сенімі болса, онда басқару жүйесінің де өмір сүру ғұмыры ұзақ болады. Біздіңше, мемлекеттік идеологияның атқаратын негізгі қызметтерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады: регулятивті, коммуникативті, біріктіруші, әлеуметтеуші. Енді, осы аталған қызметтердің ішіндегі иедологияның біріктіруші қызметін Қазақстан қоғамына байланыстырып қарастыру жөн сияқты. Қазақстан қоғамы үшін дамудың қай кезеңін алсақ та мемлекеттік идеологияның біріктіруші қызметі ел дамуының айқындаушы факторының бірі болып табылады. Идеологиялық көзқарастар қақтығысы заманында ел бірлігін сақтап, оны әрі қарай дамыту - мемлекеттік биліктің басты мақсаты. Жалпы, алғанда әлем елдерінің көпшілігінде өздерінің мәдени құндылықтарына негізделіп қалыптасқан өзіндік идеологиясы барын көруге болады. Мемлекеттік
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz