Міндеттеменің жүзеге асуы
Жоспар:
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Міндеттеменің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Азаматтық құқық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Азаматтық кодекс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2. Міндеттеменің жүзеге асуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
2.1 Міндеттеменің пайда болу негіздері мен түрлері ... ... ... ... ... ... ...1 3
2.2 Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... 17
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе
Азаматтық құқық -- құқықтың тауарлық-ақшалай қатынастарды және қатысушылардың мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген, сондай-ақ мүліктікпен байланысты, жеке мүліктік емес басқа да қатынастарды реттейтін саласы, нормалардың жиынтығы. Азаматтық заңдылықтармен реттелуші қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады.(1,54C)
Азаматтық құқықтың негізгі бастауы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады, ол 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Жалпы бөлімнен және 1999 жылғы 1 шілдедегі Ерекше бөлімнен тұрады. Азаматтық құқық нормалары сондай-ақ арнаулы заңдарда және заңға қарасты актілерде мазмұндалған, олар Азаматтық кодексте белгіленген ережелерді толықтырады, реттейді, нақтылайды. Мұндай нормативтік актілерге төмендегідей заңдар жатады: 1997 жылғы 14 шілдедегі "Шаруашылық серіктестіктері туралы", 1998 жылғы 10 шілдедегі "Акционерлік қоғамдар туралы", 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы", 1997 жылғы 19 маусымдағы "Жеке кәсіпкерлік туралы", т.б.
Азаматтық кодекс 62 тарауға топтастырылған 1124 баптан тұрады. Жалпы бөлім мынадай бөлімдерден тұрады: жалпы ережелер, меншік құқығы және басқа да заттық құқықтар, міндеттемелік құқық. Ерекше бөлім мынадай бөлімдерден құралған: міндеттемелердің жекелеген түрлері, интеллектуалдық меншік құқығы, мүрагерлік құқығы, халықаралық жеке құқық.(2,13C)
Негізгі бөлім:
Міндеттеменің ұғымы мен түрлері
Азаматтық кодекстің 268-бабында: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т,б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті"1, - деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап ету мен міндеттеме несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін екіжақты құқықтық қатынасқа жатады. Екіжақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда -- міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.
Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар сияқты, міндеттеменің де өзіндік құрамдас бөліктері болады: олар -- субъект, мазмұн және объект. Міндеттеменің субъектілері туралы Азаматтық кодекстің тағы да сол 268-бабында тайға таңба басқандай: "Міндеттеменің субъектілері: борышқор мен несие беруші"2, - деп жазылған. Осы екі субъектіге нақтылы анықтама беретін болсақ, борышқор белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға міндетті, немесе, одан түрлі себептерге байланысты бас тарта тұратын жақ; несие беруші борышқордан мойнындағы міндеттемесін орындауды талап ететін жақ.
Егер заң құжаттарында басқаша көрсетілмесе, бұлар -- азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекеттің міндеттеме тараптары деген сияқты өзіндік атауларымен нұсқаланады.
1.Міндеттеме құрылымы:
Азаматтық кодекстің 269-бабына сәйкес, несие беруші немесе борышқор ретінде міндеттемеге бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мұның аты көп тұлғалармен жасалған міндеттеме. Мұндай жағдайда, Азаматтық кодекстің 286-288-баптарында көрсетілгендей, үлесті, ортақтасқан немесе субсидиялық (жәрдем берушілік) міндеттеме пайда болады.(2,70C)
Бұл секілді міндеттемелермен, негізінен алғанда, бірнеше жеке тұлға өздерінің ортақ меншік құқығындағы мүлікті сатқанда, бірнеше жеке тұлға бірлесіп қарыз бергенде, бірнеше азамат кепілдеме жасағанда, бірнеше кісі басқа біреуге зиян келтіргенде және т.б. осыған ұксас жағдайларда жолығамыз. Қайсысы болмасын, аталған жағдайлардың бәрінде де сол мәмілеге кіріскен адамдар немесе басқа біреуге бірлесіп зиян келтіргендер заңды түрде пайда болған міндеттемелік құқық қатынастарына түгелімен не борышқор, не болмаса, несие беруші ретінде қатысады.
Егер міндеттемеде бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса, міндеттемені орындау жауапкершілігі құжатқа сәйкес, үлесіне қарай немесе ортақ (бірлескен) болуы мүмкін.
Үлестік міндеттеме борышқордың әрқайсысы тек өзі үшін жауап береді, ал несие берушілердің әрқайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті талап етуге құқылы. Міндеттеме өзінің үлесіне сәйкес қарызын толық өтеген борышқор үшін тоқтатылады да, өтемеген басқа борышқорлар үшін күшінде қала береді.
Азаматтық құқық
1.1 Несие берушілердің әрқайсысы, Азаматтық кодекстің 287-бабына сәйкес, борышқорлардан міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы оны толық атқаруға міндетті. Осындай көп жақ қатысатын міндеттемені -- ортақтасқан міндеттеме деп атайды.(1,55C)
Ортақтасқан міндеттеменің үш түрі болады:
1) бір несие беруші мен бірнеше борышқорлар қатысқаны ортақтасқан міндеттеме;
2) бір борышқор мен бірнеше несие берушілер қатысқаны ортақтасқан талап етуші;
3) бірнеше несие берушілер мен бірнеше борышқорлар қатысқаны -- аралас ортақтасу делінеді.
Егер шарттарда бұлар көзделмесе немесе заң құжаттарында нақтылы көрсетілмесе, сонымен бірге, міндеттеменің мәні бөле-жарып анық нұсқаланбаса - ортақтасқан міндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады.
Кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттеме бойынша бірнеше борышқордың міндеттері, сол сияқты бірнеше несие берушінің талаптары, егер заң құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, ортақтасқан міндет болып табылады.
Несие беруші ортақтасқан міндетті барлық борышқорлардан да, жеке-жеке алғанда олардың кез келгенінен де, сондай-ақ, түгелдей де, бөлшектеп те борышты талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың біріне толық қанағаттанбаған несие беруші алымдарын олардың қалғандарынан талап етуге де құқығы бар.
Ортақтас борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті болып қала береді.
Борышқорлардың бірінің ортақтас міндетті толық орындауы қалғандарын несие беруші алдындағы міндеттерінен босатады.
Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушілердің кез келгені борышқорларға толық көлемінде талап қоюға құқылы.
Ортақтас несие берушілердің біреуіне міндеттемені толық орыңдау борышқорды өзге несие берушілерге оны орындаудан босатады.
Ортақтасқан міндет болған ретте борышқордың несие берушінің талаптарына қарсы басқа борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие берушіге осындай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруге құқығы жоқ.
Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортақтас несие берушілердің біреуінің талабына қарсы осы несие беруші қатыспайтын борышқордың басқа ортақтас несие берушімен осындай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруіне құқығы жоқ.
Міндеттеме жүзеге асуы кезінде оның субъектілерінің құрамында өзгерістер болуы мүмкін. Яғни құқықтық қатынасқа бұрынғы несие берушінің орнына жаңа қатысушы келе алады, сондай-ақ бұрынғы борышқордың орнын кейінгісі басады. Бұл жағдай жалпы құқық қабылдаушылық (әмбебап) негізінде жүзеге асады. Мысалы, заңды тұлғаны қайта құрғанда, мүлік мұрагерлікпен ауысқанда мұндай мәселе көрініс береді. Құқық қабылдау кезінде бұрынғы тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттері кейінгісіне ауысады, сондықтан да сондай құқықтарының біріне нақты міндеттемесі де кіреді.
Азаматтық кодекс
1.2 Заң міндеттемедегі тұлғаны ауыстыруға жеке құқық қабылдаушылық жағдайында рұқсат береді, яғни белгілі бір адамнан екіншісіне қандай да бір міндет өткен кезде беретін тұлғаның басқа қалған мүлкі сақталады. Міндеттемедегі тұлғаның ауысуы мұндай жағдайда арнайы мәміле негізінде жүзеге асады, бұл талап етуді беру шарттары мен борыштың ауысуы деп аталады (АК-тің 339-347 және 348-баптары).(2,83-84C)
Несие берушіге талап етуді басқа адамға беруіне жол беріледі. Несие берушілер арасында борышқорға талап ету құқығы келісім шарт арқылы жүзеге асады. Мысалы, қарыз беруші өзі бір жаққа ұзақ уақытқа кеткенде інісіне қарыз алушыдан алған қарызды қайтаруды талап ету құқығын қалдырады. Талап етуді біреуге беру (мұны цессия деп атайды) басқа шарттар сияқты жасалады, оның күші, тәртібі және т.б. белгіленеді. Сонымен бірге талап етуді беруді жүзеге асыру тәртібіне қатысты арнайы ереже болады. Несие берушінің жеке басына қатысты талап қоюы цессияның аясына кірмейді. Несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда, алимент жөніндегі және азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді (АК-тің 340-бабы).
Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқордың келісімі талап етілмейді.
Дей тұрғанмен талап етуді беру шарты жасалғанда бұл еске салынуы тиіс. Егер несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысқаны жөнінде борышқорға жазбаша түрде хабарланбаса, жаңа несие беруші осыдан туындайтын өзіне қолайсыз салдарға тәуекел етеді. Бұл жағдайда бастапқы несие берушіге міндеттемені орындағаны тиісті несие берушіге орындағаны болып танылады.
Егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие берушінің құқығы жаңа несие берушіге құқықтың ауысуы кезінде болған көлемде және сондай жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушіге міндеттемені орындауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ басқа да құқықты, соның ішінде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты құқықтар ауысады. Борышқор талаптардың осы адамға ауысқанына дәлелдемелерді өзіне табыс еткенше жаңа несие берушіге міндеттемелерді орындамауға құқылы.
Талап етуді басқа адамға берген несие беруші оған талап ету құқықтарын куәландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшін маңызы бар мәліметтерді хабарлауға міндетті.
Борышқор міндеттеме жөніндегі құқықтардың жаңа несие берушіге ауысқаны туралы хабарды алар кезінде бастапқы несие берушіге қоймақшы болған қарсылықтарын жаңа несие берушінің талаптарына қарсы қоюға құқылы.
Азаматтық кодекстің 344-бабына сәйкес, міндеттеме жөніндегі несие берушінің құқықтары заң құжаттары және соларда көрсетілген мынадай жағдайлардың болуы негізінде:
1) несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесінде;
2) заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкіндігі көзделсе, несие беруші құқықтарының басқаға ауысуы туралы сот шешімі бойынша;
3) міндеттемені оның кепіл болушысы, тапсырушы немесе осы міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын кепілге зат берушінің орындауы нәтижесінде;
4) сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие берушінің құқықтарын алып берген кезде;
5) заң құжаттарында көзделген өзге жағдайдарда басқа адамға ауысады.
Несие дегеніміз не?
ҚР Азаматтық кодексi
51-бап. Несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру
1. Банкроттық жағдайларын қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде оның кредиторларының талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылады:
1) бiрiншi кезекте - жалақыдан және (немесе) өзге де кiрiстен ұсталған алименттерді төлеу жөнiндегi талаптар, сондай-ақ таратылатын заңды тұлға өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн алдында жауаптылықта болатын азаматтардың талаптары тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырылады;
2) екінші кезекте - Қазақстан Республикасының банкроттық мәселелерін реттейтін заңнамалық актісіне сәйкес талаптар сомаларының бір бөлігі бесінші кезекте қанағаттандырылатын жағдайларды қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбегіне ақы төлеу және өтемақылар төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті төлеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп айырысулар жүргізіледі;
3) үшінші кезекте - ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтарының кепілімен (ипотекалық куәліктер кепілін қоса алғанда) қамтамасыз етілген ипотекалық облигацияларды ұстаушыларда оларға меншік құқығы туындаған немесе оларға мәмілелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша ауысқан жағдайларда, кредиторлардың - көрсетілген облигацияларды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын ұстаушылардың талаптарын, сондай-ақ кредиторлардың осы Кодекстің 50-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне немесе 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қанағаттандырылған талаптарын қоспағанда, кредиторлардың таратылатын банкрот мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелері жөніндегі талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде қанағаттандырылады;
4) төртiншi кезекте салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi берешек өтеледi;
5) бесiншi кезекте - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес басқа кредиторлармен, сондай-ақ осы Кодекстің 50-бабы 5-тармағының үшінші бөлігінде және 6-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайларда кепілді кредиторлармен есеп айырысу жүргізіледі.
2. Әр кезектiң талаптары оның алдындағы кезек талаптары толық қанағаттандырылып болғаннан кейiн қанағаттандырылады.
3. Таратылған заңды тұлғаның мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда, егер заңда өзгеше белгiленбесе, ол несие берушiлер арасында тиiстi кезекпен қанағаттандырылуға жататын талаптардың сомаларына қарай бөлiнедi.
4. Тарату комиссиясы несие берушiнiң талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан не оларды қараудан жалтарған жағдайда, несие берушi заңды тұлғаның тарату балансы бекiтiлгенге дейiн тарату комиссиясына талап қойып сотқа жүгiнуге құқылы. Соттың шешiмi бойынша несие берушiнiң талаптары таратылған заңды тұлғаның қалған мүлкi есебiнен қанағаттандырылуы мүмкiн.
5. Заңды тұлғаның несие берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлкi, егер заңдарда немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, оның бұл мүлiкке заттық құқықтары бар немесе заңды тұлға жөнiнде мiндеттемелiк құқықтары бар меншiк иесiне немесе құрылтайшыларына (қатысушыларына) берiледi.
6. Таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң жеткiлiксiз болуына байланысты несие берушiлердiң қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекiткенге дейiн мәлiмделмеген талаптары өтелген деп есептеледi.
Егер несие берушi талап қойып сотқа жүгiнбесе, несие берушiлердiң тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да, сот шешiмiмен несие берушiге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледi.
Борыштың ауысуы дегенді былай түсінген жөн несие беруші, борышқор және үшінші тұлға арасындағы соңғысының борышты өз мойнына алу жөніндегі келісімшарты. Борышқордың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие берушінің келісімімен ғана жол беріледі (АК-тің 348-бабы). Бұл түсінікті де, өйткені, несие берушіге борышқорының кім екендігін білу маңызды ғой. Сондай-ақ борышқорының тындырымды әрі төлем төлей алатын қабілеті болғанын қалайды.
Оның үстіне бұрынғы борышқордың міндеті жаңасына айна қатесіз ауысуы шарт, жаңа борышқор несие берушімен бастапқы борышқордың арасындағы қатынастарға негізделген қарсылықтарын несие берушінің талабына қарсы қоюға құқылы (АК-тің 348-бабының 2-тармағы). Борыштың ауысуымен бірге үшінші жақтың тағайындаған кепілімен кепіл болушылық өзінің күшін тоқтатады. Ол тек кепілдік беруші немесе кепіл беруші жаңа борышқор үшін жауап беруге келісілген жағдайда ғана күшін жоймайды.
Ақшаны аудару жөніндегі мәміленің нысаны жөніндегі мәселе талап етуді беру нысанына сәйкес келуге тиіс (АК-тің 348-бабының 1 және 2 тармақтары).
Міндеттемелік құқық қатынастарында регрестік (шегерме) міндеттеме ерекше орын алады. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол адамға кері талап қоюға құқылы, осыны регрестік міндеттеме деп атайды.
Азаматтық кодекстің 289-бабына сәйкес, үшінші адамның әрекеттері салдарынан міндеттемені орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын өтеуді талап етуге құқылы. Ортақтасқан міндеттемені орындаған борышқор қалған борышқорлардың әрқайсысына оның өзіне тиесілі үлесін шегеріп, тең үлеспен кері талап қоюға құқылы. Борышқорлардың бірі ортақтасқан міндетті орындаған борышқорға төлемегені осы борышқорларға және қалған борышқорларға тең үлесте түседі.
Міндеттеменің жүзеге асуы
2.Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға ақша төлеуге және тағы осылар сияқты әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар. Тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Міндеттемеде оның әр тарабы - несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады, яғни үлесті, ынтымақты немесе жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады.
Міндеттеме қабылдаудың мақсаты - борышкерді өз міндетін уақтылы және сапалы орындауға тарту. Міндеттеме көбінесе оның орындалуымен аяқталады, ал орындалмаған жағдайда қарызды қарызбен жабады, екі жақ келіседі, заңды тұлғаларды жояды.
Міндеттемелердің пайда болу негіздері. Міндеттемелер әртүрлі негізде туындайды. Бұл негіздер заңда көрсетілген, сондай-ақ заңда көрсетілмесе де, азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарды және міндеттерді тудыратын әрекеттерінен пайда болады.
Пайда болу негіздері: заңда көрсетілген негіздер; заңда көрсетілмесе де, бірақ оған қайшы келмейтін келісімдер; әкімшілік актілер; жаңалықтар ашу, өнер табыстар, ұтымды ұсыныстар жасау, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасау нәтижесінде; басқа адамға зиян келтіру салдары, сондай-ақ жеткілікті негіздер болмаса да, адамның қаржысы есебінен мүлік иелену немесе жинау салдары; заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
Міндеттемені орындамау не тиісті дәрежеде орындамау (мезгілінде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау оның бұзылуы деп есептелінеді. Орындау мүмкін болмаған жағдайда тараптар бір-біріне шұғыл хабарлауға міндетті. Міндеттемені орындамағаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талап етуі бойынша жүргізіледі.
Міндеттемені бұзған борышкер несие берушіге оның бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырып беруге міндетті. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсініледі. Мұнымен қоса, міндеттеменің бұзылуынан келтірілген моральдық нұқсан да өтелуі мүмкін.
Мәміленің тарабы ақша міндеттемесін орындамаудың салдарынан, біреудің ақша қаражатын заңсыз пайдаланғаны немесе оларды төлеу мерзімін өткізіп жібергені, не оларды негізсіз алғаны немесе басқа адамның есебінде сақтағаны үшін осы құжаттардың сомасында пайыздар төленуге тиіс.
Борышқордың орындағанын қабылдаған ортақтас несие беруші басқа несие берушілерге, егер олардың арасындағы қатынастардан өзгеше дау туындамаса, оларға тиесілі үлестерін өтеуге міндетті.
Азаматтық кодекстің 268-бабына сәйкес міндеттеменің объектілері мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға байланысты келеді (немесе белгілі бір әрекет жасаудан тартынуды да айтуға болады). Міндеттеменің пәні ретінде әрекет заңдық мүддені білдіреді немесе міндеттеме құқық аясында өзіндік маңызға ие болады. Сөйтіп, міндеттеменің негізінде заттық, айрықша немесе өзіндік құқық жатуы тиіс.
Міндеттеменің мазмұнын оған қатысушы -- несие беруші мен борышқордың субъективтік құқықтары мен міндеттері құрайды.
Сонымен міндеттеменің мазмұны қатысушылардың құқығы арқылы, сондай-ақ, міндеті арқылы айқындала алады. Борышқордың міндеті әдетте белгілі бір әрекетті жасауға келіп тіреледі (мүлікті беру, ақша төлеу, жұмысты орындау және т.б.). Азаматтық кодекстің 268-бабында көрсетілген тізімнен соны көруге болады. Борышқордың міндеті басқа әрекетті жүзеге асырудан да білінеді, мысалы, несие берушінің тапсырмасымен шарт жасайды. Кейбір міндеттемеге сәйкес несие беруші борышқордан белгілі бір әрекеттерге бармауын талап ете алады. Айталық, мүлікті қорғайтын адамнан сол мүлікті пайдаланбауын талап етуге құқылы. Мүлікті жалға алушы (борышқор) оны басқа бір адамға жалға бермеуге міндеттенеді.
Кейде міндеттемелік құқыққа мүліктік емес сипаттағы әрекеттер де жатады. Мысалы, театр драмалық шығарманың авторымен жасаған шартқа сәйкес жарнамада автордың аты-жөнін көрсетеді. Мұндай мүліктік емес құқық пен міндет мүліктік әрекетке байланысты болатын міндеттеме мазмұнында қосалқы рөл атқарады.
Міндеттемелер айқындалған, факультативтік және баламалық мазмұнымен ерскшеленеді. Айқындалған мазмұндағы міндеттемеде борышқордың жасайтын әрекеттерінің сипаты біржақты бекітіледі. Мұндай әрекеттерді басқасымен ауыстыру әр жақтың келісімімен ғана мүмкін болады, әйтпесе міндеттемені борышқордың бұзғаны деп бағаланады. Несие беруші атқарылуға тиісті нәрсенің бұрмалануымен келісе алмайды, нәтижесінде міндетін бұрмалағаны үшін санкция қолданылады.
Факультативтік мазмұндағы міндеттемеде борыщқордың белгілі бір әрекеттерді жасау міндеті бекітіледі, ал мұның өзі мүмкін болмаған жағдайда басқа әрекет қолға алынады. Мысалы, мердігерге жиһаз жасауға материал бөлінсе, оны дайыңдауды міндеттейді, егер әлгі материалдар жоқ болса, онда ғимараттың қабырғасына құрастырмалы нәрсені жасауды тапсырады. Факультативтік міндеттеменің бір ерекшелігі бастапқы ойға алған нәрсе жүзеге аспаса, әрекет тоқтатылмайды, қайта жаңа мазмұндағы іс жалғасын табады. Демек міндеттеменің тек мазмұнына ғана өзгеріс енгізіледі.
Балама мазмұндағы міндеттемеде борышқордың екі немесе одан да көп әрекеттерді тең дәрежеде жүзеге асыру мүмкіндігі белгіленеді. Балама міндеттеме уәкілетті тұлғаның қай әрекетті таңдауына тәуелді келеді, яғни таңдап алынған нұсқа міндеттеменің нақты мазмұнына айналады.
Екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борышқорға, егер заңдардан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы беріледі (АК-тің 285-бабын қараңыз). Мысалы, сатып алушы дүкенге келіп қасында жоқ баласына екі заттың бірін сатып алады, бұл жағдайда оның қалағанын алуға ерік беріледі. Ал қалған жағдайда тандау құқығы балама міндеттемеде борышқордың еншісіне тиеді.
Құқықтық қатынастарға сәйкес міндеттеме заңмен қорғалады. Борышқор өз міндетін орындамаған жағдайда оған мемлекет тарапынан мәжбүр ету шарасы қолданыла алады. Сол арқылы міндеттемені талапқа сай орындауы қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде -- несие берушінің бұзылған мүддесі қалпына келтіріледі. Міндеттемені бұзған кезде қолданылатын мәжбүрлеу шарасына санкция жатады, сол арқылы міндеттемеге қажетті толықтыру енгізіледі. Бұл мәжбүрлеу шарасының түп қазығы болып табылады. Ол тек міндеттеме бұзылған жағдайда ғана жүзеге асады. Санкция қолдану нәтижесінде борышқордың міндеттемені бұзуына жол берілмейді немесе орын алған кемшіліктің жойылуына жағдай жасалады, ал несие беруші кеткен ағаттықтан болған залалдың орнын жабады. Бірақ та, санкцияның әр түрі бұл міндеттерді әрқалай шешеді.
Санкцияның екінші тобына борышқордан қосымша мүліктік залалды өндіртіп алу және несие берушінің міндеттемесін орыңдамауға байланысты болған залалға өтемақы төлеу жатады. Бұлар мынадай мүліктік санкциялар: міндеттеменің бұзылуынан пайда болған залалды қалпына келтіру, айып төлеу.
Кейбір санкцияларда мүліктік төлем төлету элементтері мен оперативтік сипаттағы шаралар кездеседі. Оларды оперативтік-мүліктік деп атайды. Оған, мәселен, борышқордың өз кінәсін мойындап, ақауы бар затты сапалы затпен алмастыруын айтуға болады.
Санкцияның ерекше түрі деп міндеттемені тоқтатуды айтар едік (АК-тің 367-377 баптары).
Бірқатар жағдайда міндеттеменің бұзылуы санкциялардың бірнеше түрін біріктіруді қолдануды қажетсінеді. Азаматтық кодекстің 9-бабында құқық қорғаудың қажетті санкциялары келтірілген.
Міндеттеменің пайда болу негіздері мен түрлері
2.1 Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты және сол негізден көрінеді, мұның өзі Азаматтық кодекстің 7-бабында көрініс тапқан. Азаматтық кодекстің 271-бабы осы Кодекстің 7-бабында көрсетілген тұжырымға сүйене отырып, міндеттемелердің қалай пайда болатынын айқындай түседі. Яғни міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден пайда болады.
Азаматтық кодекстің 7-бабы әртүрлі құқықтық қатынастардың мүмкін болу негіздерін тізбелеп келтірген. Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа да міндеттемемен байланысты бірқатар негіздер бар.
Бұл ең алдымен, әкімшілік құжаттары, әрине, біз бұл арада азаматтық құқықтық қатынасқа қатыстысын айтып отырмыз. Әкімшілік құжатының заңды күші бағынышты органға міндетті түрде өкімін жүргізетіндігінен көрінеді. Сондықтан да барлық жағдайда да әкімшілік құжат органдар, яғни құжатты шығарушы, атқарушы, оның орындалуын бақылаушы органдар және т.б. арасында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz