Сауда және тауар алмасу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚТАН УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ:Ұлы жібек жолы

ОРЫНДАҒАН: Қалмахан А
ГРУППА: ЕП-20-3к5
ҚАБЫЛДЫҒАН: Тумашбай Т

ЖОСПАР
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек Жолы

Сауда және тауар алмасу

Мәдениеттердің өзара әсері

Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек Жолы

Жібек Жолы (Ұлы Жібек Жолы) -- Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасыры ұсынған.
Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау б. з. б. I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік пен тота тапты. Матаның мезгілі -- б. з. б. 2750 100 жж. Отан жасалғтан талдау сол кезге қарай-ақ, яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан шықанын дәлелдейді. Б. з. б. VI -- V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, соның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. Алтайдаты Пазырық патшалық обаларының б. з. б. V ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде феникс кестеленген жібек көрпе табылды. Оңтүстік және Батыс Еуропа аудандарында б. з. б. VI -- V ғасырлардаты қабірлерден жүннен жасалтан бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар шықты.
Қымбат тұратын жібектердің таралуына сақтар мен скифтердің көошпелі тайпалары қатысқан, сол кездегі ғажайып тауар Орталық Азиямен Жерорта теңізі өңіріне солар арқылы жеткен. Алайда VI -- IV ғасырлардағы Жібек жолы туралы айтуға бола қоймас, қымбат тауарлар дала өңірі арқылы жеткізілген, ол 40-параллель маңынан өткен және Хуанхэ өзенінің үлкен иіндерінен басталып, Алтайдың шығыс және солтүстік сілемдерін, Қазақстан мен Қара теңіз өңірі далаларын кесіп өткен де, гректер мен этрускілер жеріне жеткен деп шамалау дұрысырақ болады.
Жібек Үндістанға сол кезде барған, сина патто -- кытай жібегі деген сөз дәлелдейді. Б. з. б. I ғасырдың ортасында ғана Жібек жолы тұрақты дишгоматиялық және сауда жолы ретінде пайдаланыла бастайды. Ал бәрі 138 жылы, император Уди Батыстың беймәлім елдеріне жіберген Чжан-Цзянға ерген елші керуені Хань астанасынан шыққан кезде басталтан еді. Чжан-Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол қазіргі Ауғанстан аудандарына дейін жетіп, Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға бірінші болып тура жолмен жүріп өтті. Осының ізінше Батысқа -- жібек артқан керуендер аттанып, ал Қытайта Жерорта теңізі жағасынан, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар әкеліне бастады.
Көп кешікпей халықаралық сауда Орта Азиядаты Зеравшан және Қашқадария аңғарларында орналасқан ел -- Соғдыдан шыққан саудагерлердің қолына көшті. Соғдылардың Шығыс Түркістандағы Тохарлық қалаларда және Қытайдың Ланчжоу, Дунхуан, Чаньан сияқты қалаларында сауда колониялары болды. Мысалы, Дунхуанда мыңға тарта соғдылар тұрған. Соғдылар Жапонияға өткен, жібек жолы жапондықтардың ертедегі астанасы Нараға жетіп аяқталған. Осындағы бір ғибадатханада соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы. Қазақстанның батысын Қиыр Шығыспен, Амур бойымен керуен жолдары байланыстырып жатты. Бұлғын жолы дейтін жол белгілі, ол арқылы Византияның, Иранның, Түрік қағанаттары мен соғды князьдіктерінің Бохай мемлекеттерімен және Жапониямен байланыстары жүзеге асырылған. VI ғасырда Бұлғын жолының теңіздегі бөлігі Жапонияға баратын жол деп аталған. II - V ғасырларда Жібек жолы, егер Шығыстан бастасақ, Чаньаннан басталып, Ланчжоу ауданында Хуанхэ арқылы өтетін өткелге, одан әрі Нань-Шанның солтүстік сілемдерін жағалап, Ұлы Қытай қорғанының батыс шеті мен Яшма қақпалары бекетіне беттеген. Осы арада бір жол айырылып, Такла-Макан шөлінің солтүстігі мен оңтүстігін жағалап кеткен. Солтүстік жол Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо жазиралары арқылы Іле өзенінің аңғарына; ортаңғы жол Чаочаннан Қашкарға, Аксуға және Бедел асуы арқылы Ыстыккөлдің оңтүстік жағасына; оңтүстік жол Дунхуан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, Үндістан мен Жерорта теңізіне шыққан, бұл -- оңтүстік жел деп аталатын жол; солтүстік жол Қашғардан Ферғанаға және одан әрі Самарқан, Бұхара, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға барған.
VI -- VII ғасырларда, Ферғана арқылы өтетін бұрынғы жол төте және қолайлы болғанымен, Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол мейлінше жандана түседі. Жолдың ауыстырылуын мынадай себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда түрік қағандарының ордалары болды, Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын солар бақылап отырды. Екіншіден, Ферғана арқылы өтетін жол өзара қырқыс салдарынан VII ғасырда қауіпті болды. Үшіншіден, түріктердін бай қағандары мен олардың төңірегіндегілер теңіздің арғы жағының тауарларын ірі мөлшерде тұтынушылар болатын. Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б. з. дейінгі III -- ІІ-мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі.
Б. з. дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген агрипейлер еліне келетін Дала жолы жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен жиек, ұлпандар мен терілер, иран кілемдері, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.

VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді.
Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді. Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды.
Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар.
VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды.

Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары да қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін тансық болған бұл тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жеткен.
Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастаған. Міне сонау ықылым замандарда адамзаттың араласуына, етене танысуына көп септігі тиген ұлы сүрлеу әлі де ұмытыла қойған жоқ. Тіпті осы жолдың бойындағы кез келген елде Жібек жолы деген атауларды кездестіретініңіз айқын.
Ұлы Жібек жолының тарихын біліп, тағылым алу біздер үшін маңызы зор іс.
Сауда және тауар алмасу
Жібек жолы бастапқыда қытай жібегін Батыс елдеріне шытаруға қызмет етті. Өз кезегінде, онымен Римнен, Византиядан, Үндістаннан, Ираннан, Араб халифатынан, ал кейініректе Еуропа мен Русьтен осы елдерде өңдірілетін тауарлар тасылды. Бұл тажайып, таңсық тауарлардың тізімі таусылмайды. Бұлар -- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси байланыстар
НАРЫҚТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. Нарықтың мәні мен пайда болу жағдайлары
Əлемдік бағалар
Халықаралық маркетинктегі коммуникациялық саясат. Шетелдік нарықтардағы классикалық жарнама
Тауар биржасы
ПР және маркетингтік коммуникация
Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы мәлімет
Маркетингтік коммуникация құралдары
Ақшаның пайда болу негіздері
Пәндер