Отандық телеарналардағы сериалдар көрсетілімі телеканалдар телесериалдар


Қaзaқcтaн Рecпубликacы Бiлiм жәнe ғылым миниcтрлiгi
Қoжa Aхмeт Яcaуи aтындaғы Хaлықaрaлық қaзaқ-түрiк унивeрcитeтi
Шадай Мақпал
Қазақстан телеарналарындағы телесериалдардың идеологиялық сипаты
ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC
5В050400 - «Журнaлиcтикa» мaмaндығы
Түркicтaн 2019
Қaзaқcтaн Рecпубликacы Бiлiм жәнe ғылым миниcтрлiгi
Қoжa Aхмeт Яcaуи aтындaғы Хaлықaрaлық қaзaқ-түрiк унивeрcитeтi
«Қoрғaуғa жiбeрiлдi»
Туризм және журналистика кaфeдрacының
мeңгeрушici, дoцeнт
Ф. Түркмен
«» 2019 ж.
ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC
Қазақстан телеарналарындағы телесериалдардың идеологиялық сипаты
5В050400 - «Журнaлиcтикa» мaмaндығы
Oрындaғaн: Шадай М.
Ғылыми жeтeкшici,
филoл. ғ. к., профессор Ceрдәлi Б.
Түркicтaн 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзекті мәселелері. Дипломдық жұмыста телесериалдардың идеологиялық сипаты, отандық телесериалдардың шетел телесериалдарынан айырмашылығы, тәлім-тәрбиесі, табиғаты қарастырылады. Өз отанының сериалдарын көру әр ұлт үшін қызығырақ, өйткені онда өзіміздің менталитетке, өзіміздің тарихқа байланысты қызықты мәліметтер, күнделікті тұрмыстан алынған оқиғалар бейнеленеді. Шетелдің фантастикалық әлемді бейнелейтін, шынайылықтан ауылы алыс телесериалдардан отандық өзіміздің тіршілікті сипаттайтын өнімнің әлдеқайда берекелі екені анық.
Дипломдық жұмыста отандық телеарналардың белгілі бағыттағы телесериалдардың неліктен дәл сол арналарда көрсетілетін себептері айқындалады.
Біраз уақыт жинаған талдау-сараптамадан кейін телехикаялардың негізгі бөлігі көп сериялы фильмдер екендігін белгілі болды, олардың телесериалдармен ешқандай байланысы жоқ. Фильмде барлық эпизодтарда созылатын негізгі сюжет бар, бірақ бұл жағдайда сериалдарда кезекті эпизодтардың әрқайсысында әдеттегідей әртүрлі сюжеттер болады.
Осы тақырып бойынша екі ай жұмыс жасалды. Зерттеу жұмысы барысында отандық телеарналардан берілетін телесериалдардың идеологиясының тақырыбы жеткілікті түрде зерттелмегені және де бұл тақырып бойынша ғылыми мақалалар жоқ екені анықталды.
2000 жылдардан бастап көрермен жүрегінен әсте орын алған телесериалдар отандық арналарымыз үшін сенсациялық жайт болды. Телеарналардың рейтингі жоғарылап, жарнамалау өнімдері бұрынғыдан да өтімді болып, көптеген өзгерістер орын алып жатты. Алғашында телесериалдардың басым көпшілігі қазақ немесе орыс тілдеріне аударылған шетеледік ұзақ бөлімді телесериалдар болса, қазірде экран беттерінен отандық телесериалдардың көбейгендігін аңғаруға болады. Елімізде отандық өнімге деген қызығушылық артып келе жатыр, оның себебі кинорежиссерлер көрермен талабына сай келуге, актуалды тақырыптарда, дұрыс идеологиялық бағытта төлтуынды жасап шығаруға бар күш-жігерін және қомақты қаражат бөлінуде.
Соңғы уақыттарды теледидар бетінен берілетін телесериалдардың саны өте көп, соған байланысты телесериал көрермендері де жетерлік. Олар әртүрлі жастағы көрермендер. Жастық мөлшеріне шектеу қойылғанымен телесериалдар біздің халық үшін “отбасылық”, кешкі ас үстінде телесериал қарау әдетімізге айналған. Мәселе, телесериалдар қанша түрлі болса, сонша түрлі идеология ұсынады, әр сериалдың ішінде көрерменге көрінетін, көрінбейтін пропагандалық “шабуылдар” кездеседі. Мұндай “идеологиялық қару” кімнің өкпесінен, кімнің бауырынан. Дипломдық жұмысымның өзектілігі осында. Себебі өркендеп келе жатқан еліміздің болашағы тұп-тұтас елдің ой-санасына, көзқарасына байланысты. Ол үшін отандық жақсы бағыттағы, рухани байлықтарымыз бен тарихымызды, салт-дәстүрімізді дәріптейтін телесериалдар көптеп түсірілу өте маңызды.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы. Дипломдық жұмыс жазудағы ең басты нәрсе - зерттеу әдісі . Дипломдық жұмысты оңтайлы жазу үшін зерттеу әдісі де қарапайым болу керек. Осы жерде дипломдық жұмысының зерттеу әдісінің жоспары құрылды:
Ең алдымен телеарналардағы өткен, қазіргі көрсетіліп жатқан телесериалдар топтастырылып, ортақ тұстары, бағыттары, берер тәрбиесі анықталады . Ресурстар: Газет-журналдар; Түрлі бағыттағы кітаптар және оқулықтар; Интернет беттері, жарияланымдар; Теледидар; Радио; Адамдар (сұхбат)
Белгілі бір уақыт аралығында жоғарыда айтылып өткен идеологиялық бағыттарды анықтау мақсатында телеарналардағы шетелдік және отандық телесериалдарды іріктеп қаралып шығады. Бағыт-бағдарлары зерттеліп, телесериалдардың контентіне жіті мән беріліп, эфирден не мақсатпен берілетіндіктері анықталады. Өзара салыстырылады.
Телесериалдардың түсірілу процессінен хабардар ететін материалдардармен таныс болу телесериалдарды жіті сараптай білу үшін өте маңызды саты. Сондықтан да телесериалдардың түсірілу әдісін зерттеужәне телесериалдардың шетелден аударылуы жағынан да хабардар болу дипломдық жұмыстың маңызды бөлігі.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау. Кез келген сериалдың мақсаты ең алдымен көрерменнің назарын түрлі шытырман оқиғалармен баулай отырып, материалға көрерменнің көңілін бұрғызу, экран алдында ұзақ ұстау екені рас. Көптеген сериалдарда әлі күнге дейін телехикаялардың (сентименталды фильмдердің) бастапқы пайда болған сәтіндегі классикалық элементі кеңінен қолданылып жатқаны белгілі. Олар эпизодтың басында қолданылатын рекап және соңында берілетін клиффхенгер. Мұндай тәсіл ең тиімді, әрі көрермендер үшін ең түсінікті, аптадан аптаға көреремендердің қызығушылығын жоғалтпай эпизодты экранға шығарып отыру үшін өте ыңғайлы, көпшілікке мәлім тәсілдердің бірі. Ал қазірде, көрермендердің арасында кең тараған сериалдардың басқаша түрі актуальды болып есептеледі. Мұндай сериалдар өзінің әр эпизодта әрқилы оқиғаға назар аударатындығымен ерекшеленеді. Бұл сериалдардың ең тиімді тұсы көрермен осы типтегі сериалдарды кез келген эпизодтан еш қиындықсыз көре алады, себебі мазмұны, сюжеті өзгермегенімен, әр эпизодты санқилы оқиғаға бет бұрылып, бір эпизод келесі эпизодпен байланысы бола бермейді. Телесериалдардың аталмыш типіне әлемге әйгілі американдық «Сплетница» жастар сериалын немесе отандық сериал «Алдаркөсе» сериалдарын жатқызуға әбден болады. Сондықтан, зерттеудің ғылыми мәселелерге қатысты тың деректер бере алатынын айта аламыз.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Еліміздегі телеарналардың қазіргі беріліп жүрген және өткен кезеңдердегі көрсетілген жалпы телесериалдардың көрерменге ұсынған ойы мен санасына сіңірген идеологиясын талқылау дипломдық жұмысымның негізгі мақсаттарының бірі болмақ.
Ал, дипломдық жұмыстың міндеті :
Еліміздің телеарналарында телсериалдардың тарихына шолу
Отандық телсериалдардың қарқынды түсіріліміне сараптама жасау
Шетелдік телесериалдардың сипаты біздің менталитетімізге қаншалықты сай келеді? Осы бағытта шетел телесериалдарымен салыстырмалы талодау жасау
Шетелдік телесериалдарды сатып алу құны телеарна агенттіктеріне қаншаға түседі? Осы сипатта зерттеме жүргізу, сараптама жасау
Отандық, шетелдік телесериалдардың негізгі аудиториясына салыстырмалы талдау жасау
Қазақстандық телеарналарда көрсетіліп жүрген телесериалдардың негізгі идеологиялық бағыты мен көрерменге берер түпкі ойын анықтау.
Зерттелу нысаны. Отандық телеарналардың архивтеріне, газет-журналдарға шыққан шетелдік телсериалдарға байланысты материалдар - зерттеудің негізгі нысаны.
Нағыз зерттеу енді басталады. Жоғарыдағы 3 пункт бойынша қажетті материалдарды жинаған соң, шынжыр секілді шиеленіскен ақпараттардың ара-жігін ажыратып, жүйелі зерттеу жасалады.
Теориялық және әдіснамалық негіздері. Әрине, ізденіс телеарналар архивімен шектелмейді, интернет беттерінен де көптеген ақпараттар табылатыны анық. Алайда, басты обьект телеарналар болмақ. Ондағы отандық және шетелдік телесериалдарды қарала отырып, салыстырып артық-кем тұстарына мән беру де нысанға алынады. Зерттеу жұмысты жеңілдету және түп-құрылымымен бірге егжей-тегжейлі зерттеп оң нәтиже алу мақсатында екі ірі бөлімге бөліп жазып шығу жөн көрілді:
- Телесериалдар-идеологиялық құрал
- Ел телеарналарындағы телесериалдардың бағыт-бағыттары
Алғашқы бөлімде тұтастай әр елден алынған және елімізде түсірілген телесериалдардың идеологиялық құрал ретіндегі ықпалын жалпылай етіп отырып, анықталатын болса, екінші бөлімінде отандық туындыларымыздың мазмұны мен пішінін, көркемдік танымын анықталатын болады.
Практикалық базасы. Бұл дипломдық жұмыстың практикалық маңызы зор. Мұнда шетелдік және отандық телсериалдардың мән-мағынасы мен халқымызға ұсынар дәнектей болса да маңызды зиянды тұстарын анықталып, бір арнаға тоғыстырылады. Қазіргі таңда өзекті болып тұрған еліміздегі отандық өнімдерді көбейту мақсатында шығарылып жатқан төлтуындылар мен шетелден аударылып экран беттеріне ұсынылып жатқан телесериалдарға сараптама жасалады, елге берері-алары анықталады. Мұны алдағы болатын зерттеу нәтижесі көрсетеді.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплoм жұмыcы кiрicпeдeн, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ТЕЛЕСЕРИАЛ - ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЫҚПАЛДЫ ҚҰРАЛ
1. 1 Отандық және шетелдік телесериалдардың салыстырмалы сипаты
Бүгінгі сериал халықты ақпараттандырудың негізгі арнасына айналуда. Бұл «біздің заманымыздың рухын» дәл анықтайтын танымал мәдениеттің өнімі.
Сериал - бұл тұп-тұтас идеология. Әрине, үлкен экран арқылы аудиторияға әсер ету қиынға соғары анық. Бірақ үйдегі күнделікті қаралатын теледидар арқылы көрермен психологиясы мен, ой-санасына әсер ету әбден мүмкін. Теледидарға берілетін, тек маңызды материалдар арасындағы қалып кеткен тесіктерді бітеуге арналған сериалдар халыққа ешқандай пайдасын алып келмейді, жақсы идеология қалыптастырмайды. Кинотеатрға көрермен сирек барады, ал үйде отырып теледидар қарау әркімге болмасын ермек екені анық, бұл жолмен көпшіліктің идеологиясына ену тезірек және ұтымды жүзеге асады. Ақыр соңында, сериал деп отырғанымыз, бұл - қуатты идеологиялық қару деуге болады.
Қазіргі уақытта орта есеппен сағат прайм-тайның 4-5 сағаты (19. 00-ден 23. 00-ге дейін) теледидар шоу-бағдарламаларына, сериалдарға беріледі, қалған уақыт тек ток-шоуларға, шындық шоуларына немесе жаңалықтарға жұмсалады.
Әлемде сериалдардың пайда болуы телевизияның және де радиохабарламалардың түрленуімен байланыстырылады. Сериалдардың бастапқыда ең көп тараған түрлерінің бірі 1930 жылдары Америкалық радио бағдарламаларында пайда болған телехикаялар болып табылады [1, 82] . Алайда, қазіргі типтегі сериалдардың даму тарихына ұзақ уақыт болды дей қою қиын. Жиырмасыншы ғасырдың басында, интернеттің пайда болуымен кезеңдес телесериалдар да тек телевизиялық болуын доғарды. Яғни осы кезеңнен бастап көрермендер сериалдарды тек теледидардан көрумен шектелмейтін үлкен мүмкіндікке ие болды.
Телехикаялардың тарихы 19 ғасырдың басынан бастау алады, онда алғашқы «сентименталды фильм» теледидарда көрсетіле бастады. Содан кейін телевизия бағытындағы ізденушілерұзын сценарийге ие фильмдерді жасауды ойлады, яғни қызықты және ұзақ уаытқа созылатын, аудиторияны арналарды ауыстырмай-ақ теледидарлар алдында ұзақ уақытқа қалдыра білетін сериалдарды ойлап табу қажеттілігі туындадаы. 1949 жылы Құрама Штаттарда «Жалғызбасты Рейнджер» атты алғашқы сериял түсірілді [2] . Әлбетте, Американың телеарналардың пайда болу мен даму тарихындағы рөлі өте жақсы. Бұқаралық ақпарат құралдарының ең көп тұтынушылары бос уақытын радиода бағдарламаларды тыңдап, теледидардағы шоу-бағдарламалар көріп жүрген үй шаруасындағы әйелдердің аудиториясы болды. Алғашқы көрсетіле бастаған , сол сериалдарды тамашалайтын үй қызметінде жүрген қыз-келіншектердіңнағыз қажетіне жарайтын сабын және басқа да тұрмыстық химия өнімдерінің жарнамасы көрсетілген. Осылайша, американдық БАҚ-та коммерциялық үзілістермен радиодағы (бұдан әрі - теледидар) дәйекті драмалық бағдарламаларды анықтау үшін жаңа термин пайда болды.
Кез келген сериалдың мақсаты ең алдымен көрерменнің назарын түрлі шытырман оқиғалармен баулай отырып, материалға көрерменнің көңілін бұрғызу, экран алдында ұзақ ұстау екені рас. Көптеген сериалдарда әлі күнге дейін телехикаялардың (сентименталды фильмдердің) бастапқы пайда болған сәтіндегі классикалық элементі кеңінен қолданылып жатқаны белгілі. Олар эпизодтың басында қолданылатын рекап және соңында берілетін клиффхенгер. Мұндай тәсіл ең тиімді, әрі көрермендер үшін ең түсінікті, аптадан аптаға көреремендердің қызығушылығын жоғалтпай эпизодты экранға шығарып отыру үшін өте ыңғайлы, көпшілікке мәлім тәсілдердің бірі. Ал қазірде, көрермендердің арасында кең тараған сериалдардың басқаша түрі актуальды болып есептеледі. Мұндай сериалдар өзінің әр эпизодта әрқилы оқиғаға назар аударатындығымен ерекшеленеді. Бұл сериалдардың ең тиімді тұсы көрермен осы типтегі сериалдарды кез келген эпизодтан еш қиындықсыз көре алады, себебі мазмұны, сюжеті өзгермегенімен, әр эпизодты санқилы оқиғаға бет бұрылып, бір эпизод келесі эпизодпен байланысы бола бермейді. Телесериалдардың аталмыш типіне әлемге әйгілі американдық«Сплетница» жастар сериалын немесе отандық сериал «Алдаркөсе» сериалдарын жатқызуға әбден болады.
Әлемдегі ең алғашқы телесериал болып табылатын «Жалғызбасты Рейнджер» телевизия жанрына үлкен сенсациялық жаңалық болып келгені анық. «Жалғызбасты Рейнджер» сериалы 1933 жылы Детройттaғы WHUZ радиосында жарыққа шығарылды. Ал телевизия бетінен 1949-1957 жж аралығында үзбей, аптасына 1 рет беріліп, жаңа форматтағы дүние көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. Адалдық үшін жанталасып күрескен техастық рейнджер Клейтон Мур мен оның жан жолдасы Тонтолық ундіс Джей экрaн алдынан ажырaтқан жоқ. Оның үстіне аталмыш сериал жалғыз басты рөл сомдаушысы бар сериалдардың ішіндегі ең ұзақ эпизодты серал болып табылады. Арaда 80 жыл өткеннен соң режиссер Гор Вербинскидің жетекшілігімен аталмыш сериалдың желісімен полнометражды фильм түсірілді.
Серия күшті әсер ету күші бар, ол - эмоциялардың шектен көп жұмсaлуы және ұтымды (рационалды) көруді болдырмау бар.
Сериалдардың көптілігі медиакоммуникацияның ең маңызды бөлшегіне айналды. Алaйда мұндай көркем сериaлдардың көптілігі жаңaлық емес. Бір жағынан телеарналардың көп сериал берушілігі, Дж. Фисктің айтуы бойынша, бұқаралық мәдениеттің міндетті белгісі. Екінші жaғынан бұл жaңалықтар жүйесінің әлсіреуі деп те келтіріледі. Егер де ескіде жаңaлықтар топтамасы аз болған жағдайда эфир уақыты өткен жаңалықтармен толтырылып отырылатын, осылайша көрермендерін жоғлтпаса, қазірде жаңaлықтар бір шеңбер төңірегінде ақпарат береді.
Теледидардан әдеттегіден айтaрлықтай ерекше бейнеленетін әлемнің картинасы көрсетілетін телесериалдар топтамaсын тамашaлаймыз. Фильмдегідей, ол көрерменді жаңа тәжірибе түрінің көзі ретінде қатты тартады. Бірақ бұл тәжірибе қaлыпты өмірде іске асады ма, өте күмәнді. Адaмға оқығанды үйретеді, алайда адам оқып үйренген сәтінде оның өмірімен мүлде қиылыспaйтын полицейлер мен гангстерлердің өмірі жайындағы кітаптарды ұсына басатйды. Және осы типтегі сериалдардың шексіздігі нәтиже ретінде бірдей типтегі полицейлер мен гангстерлерді жасайды, өйткені олардың іс-әрекеттері бірдей, тек полицей кейіпкерлер кейде экранда формада пайда болуы мүмкін және гангстерлерде ондaй киім жоқ.
Медиaкоммуникация осындай жолмен виртуалды, ақпараттық және физикалық кеңістікті айтарлықтай өзгертеді. Ең таңғалaрлық мысал АҚШ-та зерттеушілері қоғaмның ЛГБТ қоғамдастығына деген көзқарастың өзгеруін телевизиялық сериалдардың әсерімен байланысады. Тіпті АҚШ вице-президенті Ж. Байден осыған байланысты 1998 жылы басталған Will & Grace телеарнасының кезекті жаңалықтар топтамасында өз ойымен бөліскен болатын: «Менің ойымшa, Will & Grace американдық халықтың ойын, сана биіктігін өзгертуге көп күш жігерін салды. Алғашындa көрермен мен саясаттың ойы екі түрлі болғaнымен, ендігі көрермен оларды түсіне бастады [3] . »
Бүгінгде сериал халықты ақпараттандырудың негізгі арнасына айналуда. В. Куренной осыған байланысты: «Тұтынушылaр үшін сериалдар тәжірибе мен білім алудың қуатты құралы болып табылады . Жақсы сериал тек қана технологиялық қана емес, тарихи тұрғыда да өте мұқият жасалады [4] . »
Осы себепті ол мынадай тұжырым жасайды: «Сериал - оңай дүние емес. Сериал- бұл өте қиын құрылым. Бұл, сериал деп отырғанымыз - «біздің заманымыздың рухы», ежелгі неміс философтарының айтуыншa - «зейтеист». Егер кино бүгінгі күні тұрмыстық техниканы, теледидарларды және кинотеатрларды дамыту үшін жұмыс істесе, ондасериалдар бірінші кезекте жаңа медианы, интернетті әртүрлі нысандарда дамытуға ынталандырaды.
Қазіргі заманның көркем теоретиктері, мысалы, Р. Аскотт, қазіргі заманғы кино өткен шындықты сипаттамайды, ал жаңа форманы бастайды деп ойлaйды. Яғни, олар өткенге емес, болашаққа бағдарланған.
Ал, телесериалдaрға келетін болсақ, бұл жерде ескідегі Кеңес Одағының кезінде ең алғаш пайда болып, көрермендердің ойының бәрін тез аулап, өз дегеніне сендірген, елеңдеткен сериалдары үлгі бола алaды. Бұл, сол кездегі халықтың назары қайда болғандығын көрсетеді.
Өзге елдің сериалдaры алып келетін “жаңа” картиналaр мен өз елімізге жатталып қалған картиналар арасында конфликт орнaуы да әбден мүмкін. Яғни қоғамдағы қалыптасқан, ескіден еліміздің жұртына тән мінез-құлық өзгеру қауіпі бар.
Шетел сериалдардың негізгі идеологиялaры өз ел идеологиясына жақындату пропагандасын қамтыған. Мысaлыға бұрынғы шетелдік әдебиеттердің елімізге келу сарынын алсақ болады.
Бұл деп тұрғанымыз жаңа медиа-коммуникациялардың, телесериал жасампаздары ойланбаған, қоғамға кері әсер етуі мүмкін екендігін көрсетеді. Интернет мұндай құбылыстың ең жақсы мысалы болып табылады. Алайда, ең кемінде, мемлекеттер интернетпен белсенді күрес жүргізе бастады.
Телевизиялық сериалдардың тарихта болмаған осындай күшті жақтары бар. Бірақ сериалдар, ендігі, дұрыс мінез-құлық ережелерін қоғамға берудің жолына айналды. Нақты нәтижелі, жемісті болып расталған сериалдардың бірнеше бағыттары бар, олар: денсаулық, саяси, ЛГБТ қоғамдастығын санаға енгізу жайындағы сериалдар.
Қазақстан телеарналарынан алғаш Изаура телехикаясы көрсетіле бастады. Одан соң Мексиканың Қарапайым Мария мен Жабайы розасы кейін елдегі телеарналар Бразилияның бірнеше телехикaяларын қатар-қатар көрсетті. Одан кейін Ресейдің көпбөлімді кинолары біртіндеп шыға бастады. Қазіргі кезге келсек экран бетін түрік, кәріс, үнді телехикаялары жаулағаны мәлім. Алғаш көпбөлімді филмдер көрсетіле бастағанда көшелерде тым-тырыс болып, көптеген жұмыстарда күндік жоспарлар бұзылған. Жұрттың телехикаяны қызықтап, теледидардан бас алмай отырған кезін ұрылар да мейілінше пайдаланған. Бірақ бұл халықтың телехикaяға деген қызығушылығына кедергі бола алмады. Интернеттегі бұқаралық ақпарат көздерінің жазуынша, әлем ғалымдары арасында телевизия, оның ішінде тедехикаяны, тамашалау мәңгүрттікке апаратын жол деп дабыл қағып жатқандар да бар. Үндістанда оны күнә ретінде санаса, Сауд-Арабия елінде жұмысшыларды теледидардан ұзақ уақыт телміріп телесериалдар қарағаны үшін өлім жазасына кесуге деін барады-мыс. Дегенмен қазіргі кездің өзінде көгілдір экранға әлемде милиондаған көрермен телміреді.
«31 телеарнаның» бас директоры Нұржан Жалауқызы түрік телехикаяларының сапасы жақсы және Қазақстaндық көрермендер жақсы қабылдайды деп отыр.
Нұржан Жалауқызы: «Біріншіден біз Қазақстан Республикасының заңына байланысты жақсы бағдарламалар жүйесін құрған кезде, заңға бағына отырып құраймыз. Одан кейі таң атқаннан, қара кешке дейін тек бағдарламалар әзірлеумен шұғылданбаймыз. Өйткені, күні бүгін біздің арна 23 сағат хабар таратады. Ал, кезегінше, біз осы 23 сағaтты телеарнаның ойын-сауық бағдарламалар ға, телесериалдарға, жаңалықтарға секілді. Ал неге біз түріктің сериалдарын аударып, көрермендерге ұсынып жатырмыз? Өйткені, бұрындaры Бразилиялық, Мексикандық телехикаялар көрермен көңілінен шықса, қазіргі таңда түрік сериалдары актуалды болып отыр. Сапасы жағынан да Ресей, Украина телесериалдарынан тіпті озып шыға келді. Ал, телекөрермен сапалы дүниеге көзі қырағы. Ең бастысы, біз үшін түрік телесериалдарының тиімділігі, біздің менталитетімізге жақын. Түріміз ұқсас, тіліміз ұқсас, мәдениетіміз ұқсас, тұрмысымыз ұқсас. Әрине, отандық өнімді өндіру де ойда бар [5] . »
Интернеттегі бқаралық ақпaрат көздеріне сүйенсек, дүниежүзінде 4 адамға 1 теледидардан келеді екен. Сонымен бәрін санасақ, жерде 1, 1 миллион жанұяда теледидар бар. Ғалымдардың 2010 жылғы жасaған пайымдауынша 2013 жылға дейін олaрдың саны 150 миллионға дейін жетуі мүмкін еді. Қaзір бұл цифрлардың түбегейлі өзгергенін аңғаруға болады. Әр адам күніне, орта есепке шаққанда, күніне 4 сағат теледидар көреді, олар күн сайын 24 миллиард сағат көкжиек көгілдір экран алдында отырады. Сонымен қaтар орта есеппен әр күн сайын теледидардан 3-4 телехикая ұсынылса, статистика бойынша оның 90 %-ының аудиториясы үй шаруасындағы және ауыр жұмыс істейтін адамдар екен [6] .
Психологтардың зерттеулеріне қарағанда әлемде шынайы өмірде тұрмыс-тіршілік қиындағаннан бері, комедия жанрындағы телесериалдардың көрермендері артып, қорқынышты және мистикaлық туындылардың аудиториясы кеміген екен. Өйткені, күйбең тіршіліктен шаршаған адамдар демалу үшін өзінің өмірін ұмытып, басқа әлемге еніп, бірге жылап сол сериал кейіпкерлерімен бірге қуануды қалайды. Жұмыстан шаршап клеген жандар қорқынышты кино көріп, жүйкелерін тоздырғылaры келмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz