Абайдың қара сөздеріне мультипликация


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Атырау қаласындағы Хиуаз Доспанова атындағы

жалпы білім беретін орта мектеп

Тақырыбы: Абайдың қара сөздеріне мультипликация

Бағыты: математика-информатика

Аты-жөні: Сарсенова Руфаида

Сыныбы: 4 «Б»

Ғылыми кеңесші: Майлыбаева Айман Джадгереевна

Физика-математика ғылымдарының кандидаты

Жетекшісі: Амангелдиева Гүлзина Амангелдіқызы

Магистр, информатика пәні мұғалімі

2020 - 2021 оқу жылы

Мазмұны

Түйіндеме . . . 3

Кіріспе . . . 4

Негізгі бөлім . . . 5

Абайдың қара сөздері туралы қысқаша мағлұмат . . . 5

Сауалнама жүргізу . . . 7

SCRATCH бағдарламасы туралы . . . 9

Командалар . . . 11

Спрайттар . . . 12

Бағдарламалау және жобаның орындалу барысы . . . 14

Қорытынды(тұжырымдамалар, ұсыныстар) . . . 18

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 19

Түйіндеме

Бұл жобада SCRATCH бағдарламасы арқылы Абай Құнанбайұлының қара сөздеріне мультипликация құрастыру зерттеледі және нәтижесінде атамыздың қара сөздерінің ішінен бала тәрбиесіне қатыстылары таңдалынып, аталған бағдарламада жоба жасақталынды. Оның ішінде бағдарлама қалай құрастырылады, қандай әдебиеттер көмегімен бағдарлама құруға болатындығы жөнінде толық мағлұмат берілген. Бұл жұмыс алдын-ала мектеп жасына дейінгі балалардың және бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын зерттеу мақсатында жүргізілген сауалнамаға негізделе отырып жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының бірі. Бұл зерттеу жұмысында Абай атамыздың тәлім-тәрбиесі мол қара сөздеріне мультипликация құрастыру арқылы, қалайша балалардың бойына жақсы қасиеттерді дарытуға болатындығы қарастырылған.

Кіріспе

Жұмыстың тақырыбы: Абайдың қара сөздеріне мультипликация

Жұмыстың өзектілігі: Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен SCRATCH бағдарламасында мультипликация құрастырып, мектеп жасына дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына (мектепалды даярлық, 1-2 сынып) ұлы жазушының шығармаларын дәріптеу.

Жұмыстың мақсаты:

-Мектеп жасына дейінгі балалардың және бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын зерттеу;

-Абай Құнанбайұлының қара сөздеріне шолу және импровизация жасау;

- SCRATCH бағдарламасын зерттеу;

-Анимация құру және бағдарламада орындау

Жұмыстың міндеттері:

- Мектеп жасына дейінгі балалардың және бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын зерттеуге арналған сауалнама жүргізу;

- Абай Құнанбайұлының қара сөздерін оқу;

- SCRATCH бағдарламасымен танысу және спрайт, командалармен жұмыс жүргізу;

-Спрайт үшін керек суреттерді жинақтау;

-Анимацияға керекті әуендерді іздеу және жазу;

- SCRATCH бағдарламасында программа құру.

Күтілетін нәтиже : Абай атамыздың тәлім-тәрбиесі мол қара сөздеріне мультипликация құрастыру арқылы, балалардың бойына жақсы қасиеттерді дарыту.

Негізгі бөлім

Абай атамыздың көркемдік, әлеуметтік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері . Қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның әдебиет әлеміндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық сауатын ерекшелеп көрсететін шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері мазмұны жағынан бір бағытта жазылмаған, әр түрлі. Оның алты-жетеуі қысқа болса, кейбіреуі мазмұн, тақырып жағынан ауқымды болып келеді. Абай атамыз өзінің қара сөздерінде шығарманың көркемдігіне ғана емес, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.

Ұлы ақынның «Қара сөз» дегенінің мағынасын белгілі ғалым жəне саясаткер өз шығармасында Ғ. Есім: « . . . Абай ойына келген нəрселерін еркін айту үшін, өзі арнайы жанр ойлап тапқан. Ол - сөз жанры. Ақынның қара сөздері - нағыз еркін ойдың жанры. Мұнда ешқандай бір дəстүрге, тəсілге бағынушылық жоқ. Ой еркін айтылған, мазмұн өзіне лайықты форма тапқан. Көптеген философтар ойларын формаға бағындырып немесе жүйе құрып əуре болғанын білеміз. Абай болса, ондай істермен айналыспаған, өзінің айтқысы келген ойларын еркін білдірген . . . » [1], - деп сараптама жасап, талдап берген.

Жұмыстың зерттеу әдістері ретінде салыстыру, бақылау, суреттеу, талдау, жинақтау, қорыту, балалардың жас ерекшеліктеріне сай тәжірибе жасау әдістері қолданылды. Сондай-ақ зерттеудің негізі ретінде отандық әдебиетші, мәдениеттанушы, шығыстанушы ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа алынды.

Абайдың Ғақлиясы қазақ әдебиетінің тарихында осыған дейін кездеспеген, өзектілігі ерекше сала. Абайтанудың негізін қалаушы ғалым, халқымыздың бір туар азаматы, жазушы, этнограф Мұхтар Әуезов «Абай жайын зерттеушілерге» деп аталатын мақаласында «Тегінде Абай шығармасының аздығынан кенде болып жүрген жоқпыз, барын барша, бажайына барғыза алмаудан кендеміз» деген болатын [2] .

Халқымыздың көптеген ғалымдары Абайдың қара сөздерін түсіндіру үшін көптеген еңбектер жазды. Алғашқы Ахмет Байтұрсынұлы бастаған М. Дулатов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, А. Нұрқатов, Р. Бердібаев, Ә. Байтанаев, М. Мырзахметұлы, Р. Нұрғали, Т. Жұртбаев т. б. жүздеген ғалымдар мен зерттеушілер еңбектерінде ұлы Абай атамыздың мұрасын жан-жақты зерттеп жазды да. Ал бұл зерттеуде біз Абай шығармаларындағы тәрбие, ізгілік, баланың тұлға болып қалыптасуына әсер ететін қазақ халқының мінез-ерекшелігін, қазақ ұлтының әдет-ғұрып, салт - дәстүр, жастардың адал еңбек етуі жөніндегі жазылған қара сөздеріне талдау жасап, айшықтап, мультипликация, яғни анимация арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына (мектепалды даярлық, 1-2 сынып) анықтап көрсетеміз. Бұл зерттеу неге қажет деген сұрақ туындауы мүмкін. Дана Абай өз ұлтының қазақ халқының болашағын ойлап, кейінгі ұрпақтың саналы болуын өз шығармаларына арқау еткен адам. Абай атамыз қазақ халқының тағдырында өзінен кейін де өзі секілді көкірегі ояу жастардың дүниеге келетініне сенді. Міне, сол жастарға өзі бітіре алмаған ісін жалғастыруы үшін және оларға тағы да көмек ретінде осы қара сөздерін жазып кеткен еді. Абайдың қара сөздерінің тақырыптық ерекшеліктерін мектеп жасына дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына (мектепалды даярлық, 1-2 сынып) қызығушылықтарын ескере отырып, дәріптеу мақсатында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Абайдың қара сөздеріне мультипликация» деп атадық.

Мультипликация жасау үшін Scratch ойын бағдарламалау ортасы қолданылды. Себебі, Scratch - өте қарапайым, түсінікті және балаларға қызықты бағдарламалау тілі болып табылады. Scratch тілінде күрделі кодтар жоқ. Ең керегі - оқи алу және санауды білу. Scratch онлайн платформасымен танысу және онда жұмыс жасап, бағдарлама құру логикалық және креативті қабілеттерді дамытады. Ал бағдарламалау барысында: жобаны әзірлеу, мәселелерді шешу стратегияларын қалай қолдану керектігін біле аламыз.

Scrath (Скретч) - бастауыш сынып пен орта буын оқушыларына арналған визуалды нысанды-бағытталған программалау ортасы. Scratch программалау ортасы Лого тілінің және Лего конструкторының жалғасы ретінде жасалған. Scratch-те программалар графикалық блоктардан тұрады.

Бұл программалау ортасы аздап оқи алатын және тышқан құрылғысымен жұмыс істей алатын балаларға да қолжетімді.

Программаның негізін құрайтындар - бірнеше топтарға бөлінген блоктар: қозғалыс, сырт бейнесі, дыбыс, қаламұш, бақылаушы, сенсорлар, операторлар, айнымалылар. «Сурет салушы» (рисовалка) нысаны қажетті нысанды салуға мүмкіндік берсе, блоктар (оларды тышқанмен ауыстырып отырып қою керек) әрекеттер программасын беруге мүмкіндік береді. Бұл жерде шартты және циклдық операторларды да қолдануға болады.

Әрине, Scratch ортасында басқа нақты программалау тілдеріндегідей көптеген функциялар болмаса да, айтарлықтай күрделі программалар мен ойындарды жазуға жетерлік арнайы өзінің бұйрықтар блогы мен функциялары бар.

Scratch ортасының пайда болғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Бірақ болашақта танымал бағдарламалардың бірі болары сөзсіз.

Бұл бағдарлама негізінен 8-16 жас аралығындағы оқушыларға арналып жасалған, бірақ одан да ерте жастағы балалар ата-аналарының, аға-әпкелерінің көмегімен Scratch -те жобалар жасай алады.

Зерттеу жұмысын бастау кезінде ең алдымен, мектеп жасына дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына (мектепалды даярлық, 1-2 сынып) сауалнама жүргізу арқылы зерттеу тақырыбы аясында қызығушылық деңгейлерін айқындап алдық. Өйткені, жобаның алдағы уақытта қолданысқа енгізілу мүмкіндігін анықтағымыз келді. \

Сауалнама Google Forms платформасында (1-сурет) құрылды. Төмендегі сілтеме оқушылар мен балабақша тәрбиешілеріне ұсынылды (2-сурет) .

https://docs. google. com/forms/d/-XnbwvHghTp8b5NA/edit?usp=sharing

1-сурет

2-сурет

Сауалнама қорытындысы бойынша үшінші негізгі сұраққа («Тәрбиелік мәні бар мультфильмдер сізді қызықтыра ма?») барлық қатысушылар 100% «Иә» деп жауап берген (3-сурет) .

3-сурет

Бұдан шығатын қорытынды, Абайдың қара сөздеріне негізделген тәрбиелік мәні бар мультипликация құрастыру өзекті және маңызды екені көрінеді.

Ары қарай бағдарламалауға көшейік. Scratch арқылы ең алғашқы бағдарлама жазу тәжірибесін жасай аламыз.
«Бағдарламалаудың» не екенін түсінуге оңай әртүрлі операторлар бар. Солардың көмегімен интерактивті түрде үйрететін кішігірім бағдарлама жазып бастадық.

Бағдарлама оны басып, жазып шығарудың орнына кодтың блоктарын біріктіру жолымен жасалады. Scratchті қолдану оңай және жеңіл, сонымен қатар басқа бағдарламалау тілдерінің қолданысқа қажетті негізгі идеяларын сізге үйретеді.

Scratch -мультимедиалық жүйе. Тілдің операторларының көп бөлігі анимациялық және бейне эффектілер құруға, дыбыс пен графикамен жұмыс жасауға бағытталған. Ол бас кезінде 8-16 жас аралығындағы оқушылар үшін ойластырылған болатын, бірақ қазіргі таңда программалау ортасы әртүрлі жас аралығындағы пайдаланушылар үшін қолжетімді әрі қызықты. Жобадағы кейіпкерлердің суретін салу, оны қозғалысқа келтіру, дыбыс қосу тіпті кішкентай бүлдіршіндер мен ата-аналардың өзін еліктірері сөзсіз. Көптеген жоғары оқу орындарының студенттері Scratch программалау ортасын компьютерлік сыныптарда қандай да бір объектінің моделін жасау барысында дәрісте қолдану үстінде. Бұл программалау ортасын http://info. scratch. mit. edu сайтынан жылдам әрі тегін жүктеп алуға болады.

Ол әлемнің 150 мемлекетінде қолданылып, 40 тілге аударылған. Программалау ортасы барлық деңгейде (бастауыш буыннан жоғары буын оқушылары) және кез келген оқу пәндерінде (математика, информатика, тілдер, қоғамдық т. б. ) ұтымды пайдаланылуда. Пайдаланушылар мен мұғалімдер http://scratch. mit. edu сайтында бір-бірімен тығыз байланыс жасап, әртүрлі мысалдармен, ресурстармен және жобалармен алмаса алады.

Программаның жасалуын тереңірек ұғындыру үшін қазіргі өмірден мысал келтірген жөн. Оған айқын мысал ретінде әр түрлі кубиктерден фигуралар мен конструкциялар жиналатын Лего конструкторын алуға болады. Кубиктерді дұрыс қиюластырмаса қажетті фигура немесе конструкциямызды ала алмаймыз. Сол сияқты Scratch программалау ортасында да программаның алгоритмі дұрыс құралмаса қажетті анимациялық эффектіге қол жеткізе алмаймыз. Айта кететіні Лего конструкторын құру барысында фигуралар жоғары қарай көтеріліп өссе, ал Scratch-те скриптілер жинау арқылы төмен түседі.

Scraсth ортасын алғаш іске қосқанда экранда төмендегідей терезе интерфейсі пайда болады (4-сурет) :

Интерфейс.png

4-сурет

Бұл бағдарламалау ортасында өз кейіпкерлерімізді қозғалысқа келтіріп, сурет салып, түрлі дыбыстармен жұмыс жасап, өз ойынымызды да жасай аламыз. Scratch терезесін визуальды түрде үш бөлік ке бөлуге болады (5-сурет) :

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/2/28/%D2%AE%D1%88_%D0%B1%D3%A9%D0%BB%D1%96%D0%BA.png/120px-%D2%AE%D1%88_%D0%B1%D3%A9%D0%BB%D1%96%D0%BA.png

5-сурет

Бөліктері

  1. - бөлік:Скриптілерді таңдау бөлігі,
  2. - бөлік:Скриптілер облысы,
  3. - бөлік:Негізгі жұмыс алаңы

Әр бөлік екі ұяшықтан : жоғарғы және төменгі бөлімдерден тұрады. Бірінші бағанның жоғарғы ұяшығы түрлі-түсті 8 скрипт таңдау батырмаларынан тұрады:движение, контроль, внешность, сенсоры, звук, операторы, переменные.
Бір батырманы белсенді еткенде, қалған батырмалары өшіріледі. Қосулы батырма сәйкес түске боялады. Осы кезде бағанның төменгі ұяшығында батырмаға байланысты командалар көрінеді (6-сурет) .

Баған.png

6-сурет

Scratch бағдарламасының терезесі бірнеше блоктардан тұрады.

Командалар блогы

Терезенің тура ортасында орналасқан. Арнайы ұяшықтарда командалар бар. Командалар блогында әр команданың түсі әр түрлі. Мысалы, қозғалыс (движение) команда батырмасының түсі көк, ол кезде командалар блогындағы операторлар көк түсте көрінеді.

Блог аты
Қолданылуы
Блог аты: Бағдарлама блогы
Қолданылуы: Бұл блокта бағдарламаның коды жазылады. Ол жиі қолданылады.
Блог аты: Іске қосу/ажырату блогы.
Қолданылуы: Дайын болған жобаны іске қосады немесе тоқтатады.
Блог аты: Іс-әрекет блогы немесе сахна.
Қолданылуы: Онда бағдарламада жазылған іс-әрекеттер көрінеді.
Блог аты: Атқарушылар блогы.
Қолданылуы: Онда кейіпкерлер орналасқан. Бағдарламада қатысатын қандай кейіпкерлер бар екенін көруге болады.

1-кесте

Спрайттар

Спрайттар Scratch-тің негiзгi құраушылары болып табылады. Scratch бағдарламасы оларды басқаратын әрбір спрайттар мен скриптерден тұрады.

Спрайттар не істей алады?

Спрайттар - бұл сахнадағы бейнелер. Скриптер оларды бірнәрсені жасату мақсатымен жазылады. Басқа спрайттарға және бағдарламаны қолданушыға әсер ету туралы спрайттарға нұсқаулар беріледі.
Спрайттар:

  • сахнада қозғалады;
  • олар бірнәрсеге тиіп кеткен кезде әрекет етеді;
  • қолданушымен басқарылады;
  • келбетін өзгертеді;
  • мәтiндiк бұлттар арқылы сөйлейді;
  • дыбыстар шығарады және музыка ойнатып береді;

Әрбір жобада бірнеше спрайттар бар және әрқайсысының өз скриптері болуы мүмкін. Скриптерді дұрыс спрайттармен біріктіру өте маңызды және оларды өзара ауыстырып жүктеудің тәртібін білу қажет (2-кесте) :

Спрайттарды құру және өзгерту
Оларда спрайттар көп болса, бір-біріне соғылып, жалтарып және сахнада бірін-бірі қуатын ойындар әлдеқайда қызықты болады. Спрайттарды құру, көшірмесін жасау және оны жою өте жеңіл.
Спрайттарды құру және өзгерту: Спрайтты құрастыру
Оларда спрайттар көп болса, бір-біріне соғылып, жалтарып және сахнада бірін-бірі қуатын ойындар әлдеқайда қызықты болады. Спрайттарды құру, көшірмесін жасау және оны жою өте жеңіл.: Сіздің бағдарламаңызға спрайтты жүктеу немесе құрастыру үшін спрайттар тізімін пайдаланыңыз.
Спрайттарды құру және өзгерту: Спрайтты көшіру және жою
Оларда спрайттар көп болса, бір-біріне соғылып, жалтарып және сахнада бірін-бірі қуатын ойындар әлдеқайда қызықты болады. Спрайттарды құру, көшірмесін жасау және оны жою өте жеңіл.: Спрайттың және оның скриптерінің көшірмесін алу үшін спрайттар тізіміне барып, тышқанның оң жақ батырмасын басып, «duplicate/түпнұсқаны қосарлау»-ды таңдаңыз
Спрайттарды құру және өзгерту: Спрайттың аталуы
Оларда спрайттар көп болса, бір-біріне соғылып, жалтарып және сахнада бірін-бірі қуатын ойындар әлдеқайда қызықты болады. Спрайттарды құру, көшірмесін жасау және оны жою өте жеңіл.: Сіз Scratch-те жаңа бағдарламаны жаза бастағанда мысық-спрайттың аталымы “Спрайт1” болсын. Егер сіз өз спрайттарыңызға түсінікті аталым берсеңіз, бағдарламаларды жазу әлдеқайда жеңіл болады. Бұл сондай-ақ скриптерді түсінуді және басқаруды жеңілдетеді.
Спрайттарды құру және өзгерту:

Спрайтты таңдау

Аталуын өзгерту

Оларда спрайттар көп болса, бір-біріне соғылып, жалтарып және сахнада бірін-бірі қуатын ойындар әлдеқайда қызықты болады. Спрайттарды құру, көшірмесін жасау және оны жою өте жеңіл.:

Спрайттар тізімінен спрайтты таңдаңыз, сонан соң бұрыштағы “i” көгілдір батырманы басыңыз.

Ақпараттық тақта ашылғанда мәтiндiк алаңға басыңыз және спрайттың аталымын өзгерту үшiн пернетақтаны пайдаланыңыз.

Спрайттарды құру және өзгерту: Спрайттың атын өзгерту
Оларда спрайттар көп болса, бір-біріне соғылып, жалтарып және сахнада бірін-бірі қуатын ойындар әлдеқайда қызықты болады. Спрайттарды құру, көшірмесін жасау және оны жою өте жеңіл.: Ақпараттық тақтаны жабу үшін спрайттың сол жағындағы көгілдір батырманы басыңыз, спрайттың жаңа аталымын осында жазыңыз

2-кесте

Scratch туралы жоғарыда келтірілген мәліметтер әдебиеттер тізіміндегі үшінші баспадан алынған[3] .

Өз жұмысымда мен, ең алғаш басты бетті мынадай түрде көркемдедім (7-сурет) :

Екінші спрайт

Бірінші спрайт

7-сурет

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың ақиқат әлемі
Мультипликациялық фильмдер және оның ерекшеліктері
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАРИЯЛАНУ ТАРИХЫ
Абай шығармаларындағы кірме сөздердің қолдану ерекшеліктері
Абай публицистикасындағы философиялық сарындар
Ақын қара сөздеріндегі адам мәселесі
Абайдың қара сөздері туралы
АБАЙДЫҢ ҚАРАСӨЗДЕРІНІҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
АБАЙДЫ БІЛМЕК ПАРЫЗ - ОЙЛЫ ЖАСҚА
Абайдың экономикаға көзқарасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz