Туризм бағдарламасындағы туристік жерлер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік жұмыс және Туризм
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
« » 2020 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Қазіргі кезеңде ҚР-дағы туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру»
5В090200 «Туризм»
Ғылыми жетекшісі
Ғылыми аты, ғылыми дәрежесі
.
(қолы)
Нормобақылау
Ғылыми аты, ғылыми дәрежесі
.
(қолы)
Нұр-Сұлтан қаласы
2020
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
А. Тегі
« » 20__ ж.
факультеті
кафедрасы
ББ/мамандығы
Cтудент
Студентің А. Ә. Т.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА ТАПСЫРМА
Дипломдық жұмыстың тақырыбы
Университет бойынша 20__ жылғы «___» бұйрықпен бекітілген.
Біткен жұмысты тапсыру мерзімі « » 20__ ж.
Жұмысқа бастапқы деректер
Дипломдық жұмыста зерттелуге тиіс түсініктер тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны:
а)
ә)
б)
Графикалық материалдар тізімі (міндетті түрде болуы керек сызбалары нақты көрсетілген)
Тапсырма берілген күн « » 20 ж.
Кафедра меңгерушісі
(қолы) Т. А. Ә.
Жұмыстың жетекшісі
(қолы) Т. А. Ә.
Тапсырманы орындауға қабыл алдым
Студент
(қолы) Т. А. Ә.
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1 Қазақстандық туризмді дамытудың алғышарттары . . . 6
1. 1 Туризм саласының теориялық негіздері . . . 6
1. 2 Қазақстан туризмінің қалыптасу және даму этаптары . . . 11
2 Қазақстанның ішкі туризмінің дамуының тенденциясы . . . 15
2. 1 Қазақстанданның қазіргі туристік нарығы . . . 15
2. 2 Мемлекеттік туризм дамыту бағдарламасының орындалу жолдары.
Мақсаты мен міндеттер мазмұны . . . 22
2. 3 Бағдарламаның орындалу механизмі. SWOT талдау . . . 27
3 Туризм бағдарламасындағы туристік жерлер . . . 30
3. 1 Туризм саласының проблемалық құрылымы . . . 30
3. 2 Туристік модель және оның ішкі туризмдегі орны . . . 33
Қорытынды . . . 37
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 39
Қосымшалар . . . 41
Кіріспе
Туризм - жалпы сөзбен айтқанда, қандай да бір елдің жарнамасы. Осы жаранаманы тиімді де сауатты тұрда пайдаланған елдер - экономикалық тұрғыдан ел қоржынына қомақты қаржыны түсіруде. Қазіргі таңда, ең қарқынды дамып келе жатқан сала. Туризм тұрақты түрде үлкен сомада ақша салуды қажет етпейді, алайда, инвесторлар салған салымдар тез уақытта өзін бірнеше еседе қайтарады. Заман өзгерісіне қарай, қазіргі таңда туризмге деген туристердің де талаптары көбейді. Сонымен қатар, қазір туризм де тек қана табиғатты зерделеп, тарихи археологиялық қазбалардың, иа болмаса, мәдени өркениет мұралары немесе ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштің тартымдылығына ғана тәнті болумен шектелмейді. Уақыт өзгере, адамдар да өзгерді, сәйкесінше, олардың талғамдары да, тілектері де өзгерді, ал ол өз кезегінде туризмнің дамуына үлкен ықпал етті. Қазір туристер өз қызығушылына байланысты әлемнің түкпір-түкпіріне саяхаттай алады, алайда дестинациялары әр түрлі болғанымен, олардың барлығын - саяхат кезінде жаңа сезімдерге бөліну құмарлылығы біріктіреді. Әлемнің барлық мемлекетінде, тіпті бүкіл жерінде, өзіне ғана тән тарихы, археологиясы, артефактісі, табиғаты, салт - дәстүрі, қызықты оқиға орындары, әр аумақтың өзіндік ертегілері мен мифологиясы бар. Осы атап кеткендердің дәл осы тәрізді туристік нысандар біздің жерімізде, өзіне ғана тән гаухарланған жерлерде бар. Бар нәрсені тиімді қолнада отыра, елімізді туристік шаңыраққа айналдыра аламыз және де бұл әбден мүмкін деген болжаумен мен туризм мамандығын таңдап, дипломдық жұмысымды жазып, материалдарды жинау үшін диплом алды тәжірибиемді «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясында өттім. Айта кетсек, елімізде Туризм Министрлігінің жоқ екенін білеміз, сол себепті, өткен жылы қабылданған 2025 жылға дейін туризм бағдарламасын іске асырушы құзіретті орган - «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы.
Қазіргі ғасырда, ғалам тор мен әлеуметтік желілердің өмірге тигізетін әсері айтпасақ та түсінікті. Бұл туризм саласына да зор әсер етеді. Туристердің 99% дерлік, саяхаттайтын елі былай тұрсын, тіпті қонатын әуежаймен, орналасатын отельмен, тартымды жерлермен ең бірінші ғалам тор арқылы танысады. Осы орайда, атап өтетін жайт - интернет беттерінде Қазақстанның барлық туристік жерлерімен танысатын ақпарат өте аз, тіпті жоқтың қасы. Шынын айтсақ, туристік жерлер туралы ақпарат ғалам тор былай тұрсын, жай білім ретінде де жоқ, оның зерттелмеуіне бірнеше себептер бар шығар, алайда, менің ойымша, ең бастысы - қаражаттың дұрыс бөлінбеуі және тиянақты есептің болмауы. Ақыры, бұл қазіргі таңда көптеген мәселелерді бастауы болып тұр. Шетелдік емес, тіпті жергілікті аудитория қызығушылық тудыратындай көрікті аумақтар туралы айтылмағандықтан, жазылмағандықтан еліміздің әсем жерлері туралы білмейді, білсе де, ол жаққа бауы қиын-ақ. Нәтижесінде, қазіргі кездегі ішкі туризміміз мақтанып айтарлық дәреже де емес. Сол себепті, Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі - туризм болғандықтан, елімізді барша әлемге жарнамалайтын Ұлттық компанияда жеті апта бойы тәжірибеден өтіп, компанияның жаңа бағдарламаны іске асыру қыр-сырымен таныстым, нәтижесінде зерттеу бағытына өзгерістер жасауға тура келді.
Қазақстанда сан алуан тарихи-рекреациялық ресурстар, әлемдік, мәдени, тарихи, археологиялық мұра объектілеріне өте бай, атрактивті табиғаттың алуан түрлілігіне ие бола отырып, жаңа туристік маршруттарды қалыптастыруда. Туризм сферасының дамуына қажетті алғышарттарға және қолайлы жағдайларға ие. Осының барлығына қарамастан, қазіргі уақытта туризм саласының дамуы - қазақстандық ғалымдардың айтуынша, төменгі деңгейде, және де ұлттық экономикадағы әлеуметтік-экономикалық әсері мардымсыз. Елімізге кіретін туристер санын, сырттан келетін туристерді тарту, оған қоса, ішкі туризмді жетілдіру мақсатында түрлі кедергілерді азайту және стратегиялық жоспарлау арқылы оның әлеуетін дамыту жолдары - 2019 жылы қабылданған мемлекеттік бағдарлама арқылы жүзеге аспақ. Әрине, бағдарламаны қағаз жүзінде әдемілеп ғана қоймай, оны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау керек. Көптеген әлем мемлекеттері туризмге зор назар бөліп, инвестиция салу арқылы, туристердің қызығушылығын арттыра ықпал етеді. Алайда, әлемде соңғы бес айда болып жатқан карантиндік жағдай, басқа салаларға қарағанда туризмге үлкен күйзеліс тоқырау алып келді. Мемлекеттердің шекаралары жабылды, ауа, темір және тас жолдарындағы байланыстар тоқтап, адамдар үйлеріне қамалды. Бұл - сыртқы факторлардың туризмге деген әсері өте үлкен екенін көрсетті. Бірақ, біраз уақыттан соң, барлығы өз жөніне түскен соң, туризм қайта жанданады және де жаңа әлемдегі туристерді өз елімізге тарту бұрынғыдан да қиынға соғады. Бұдан біз туризмнің сыртқы фактірлерге осал сала екенін көріп отырмыз.
Туристік саланы дамытуға арналған 2019-2025 жыл аралығында іске асырылу керек мемлекеттік бағдарламаны Қазақстан Республикасының Үкіметі 2019 жылдың 31 мамырдағы №360 қаулысы ретінде қабылдады, яғни бұл соңғы жылдардағы ірі мәселенің біріне айналып отыр. Жаңа бағдарлама ойдағыдай іске асса, мемлекетіміздегі туристік потенциал мен туристік қызымет нарығын арттыра аламыз. Бағдарлама туристер қызығатын орындарды зерттеу, дамыту және еңбек ресурстарын туризм саласына жаппай тартуды, сыртқы және ішкі туристтер санын түбегейлі өсіру көздейді. Елде қолайлы туристік ахуал құру арқылы, туристік салаға салынатын инвестицияларды ұлғайта отырып, ішкі және халықаралық нарықтарда Қазақстанның туристік әлеуетін таныту жоспарланған. Туристік саланы институттандырсақ, туристік қызметтер мен турөнімдердің қолжетімділігін, сапасын, жалпы халықтың өмір сапасының деңгейін арттыруға болатындығын ескере өтуіміз керек. Бағдарламаны іске асырудың бастапқы кезеңіндегі мемлекеттің белсенді рөлі ─ бәсекеге қабілеттілікті, одан әрі дамыту және арттыру үшін сала субъектілеріне қажетті қолдауды қажет етеді. Қабылданған жаңа бағдарлама - отандық туристік саланың тиімді дамуы үшін қолайлы жағдай жасап, 2025 жылы ЖІӨ құрылымында 8%-дық үлеске қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жағдайды талдау және мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу барысында саланың негізгі проблемалары айқындау керек. Осы мемлекеттік бағдарлама арқылы шешілуі тиіс басты міндеттер анықталмақ. Оған қазіргі жағдай басқа көзқараспен қарау керектігін дәлелдеп отыр.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - дәл қазіргі кезеңдегі туризмді аймақтық және жергілікті деңгейде дамыту және басқару жүйесінің тиімділігінің аз екендігін айқындайды. Егеменді елімізде экономикалық әлеуметтік жағдайдың жақсаруы қазір сұранысқа ие болып отырған туризмге тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, туризм мен демалыс индустриясын дамытуға мүмкіндік беретін бұрын соңды қабылданған мемлекеттік бағдарламалар оларға шолу жасаған. Қазақстанның туризм сферасы кешенді және кластерлік жүйемен дамуына, оған қоса, ҚР-ның орасан зор туристік мүмкіндігі бәсекеге қабілетті, ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие туристік салаға айналдыратын аймақ ретінде қарастыру қажет.
Зерттеу мақсаты. «Қазіргі кезеңде ҚР-дағы туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру» яғни, ҚР Үкіметінің 2019 жылдың 31 мамырында қабылдаған бағдарлама туралы. Мемлекеттік бағдарламада көрсетілген келесі міндеттерді талдау зерттеу мақсатына кіреді:
- теориялық тұрғыда туризм дамуының алғышарттарын зерттеу;
- ҚР туризмінің даму кезеңдеріне шолу жасау;
- Мемлекеттің туристік нарығын және туризмді дамытудағы мемлекеттік бағдарламаны талдау;
- туристік саланы басқару жүйесін жетілдіріп, жан-жақты жұмыс жасайтын «Kazakh Tourism» мекемесінің туризм дамыту бағдарламасына қатысты жұмыстары туралы қорытынды жасау және оларға ұсыныстар беру.
Сол себепті, дипломдық жұмысыма көмек беретін ақпараттарды жинау үшін, ұлттық компанияның жұмыс істеу механизмімен танысу үшін және де мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда қаншалықты қиындықтар мен кейбір орын алатын ньюанстарды бақылау үшін диплом алды тәжірибиемді «Kazakh Tourism» Ұлттық Компания» АҚ-да өттім.
Дипломдық жұмысты жазу кезінде монографиялар, оқулықтар, мерзімді басылымдар, интернет-ресурстар пайдаланылды.
Зерттеу пәні . Зерттеу пәні ретінде ҚР заңнамалық құжаттары алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөліктен (3 бөлімнен және параграфтардан), қорытындыдан, 3 суреттен, 3 кестеден, берілген қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 Қазақстандық Туризмді дамытудың АЛҒЫШАРТТАР
1. 1 Туризм саласының теориялық негіздері
Мемлекетіміздің экономикасы қазір кластерлік бағытта дамуда. Оның ішінде туристік кластер ─ Республикамыздың ең перспективті және басым кластерлерінің бірі болып саналады. Экономикалық-әлеуметтік тұрғыдан қарастырсақ, туризмді дамыту - жетекші шаруашылық тауарларды өндіріп, туристік қызметтердің тұтыну сұранысының жаңа нысанын қанықтау, яғни, шаруашылық қызметтің түрлі салаларын: аралас және қосалқы салаларын қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау өте маңызды. Еліміздің экономикасын дамытуға, оған қоса, ортақ міндеттерді айқындау мақсатында мемлекеттік бағдарламалардың туризм саласын дамытуға деген көзқарасы іргетасы болып табылады. Алайда, міндетті түрде атап өтетін жайт - инвестициялық мүмкіндіктер мен индустриялық-инновациялық саясатты қалыптастыру бағытындағы нормативті құқықтық құжаттарда туристік сала нашар қарастырылған. ҚР-ның тіпті халық шаруашылығының нарықтық экономикадағы жағдайы мардымсыз. Туристік кластерді жасауын жасады, бірақ орындалу механизмі өте нашар. Қазақстандағы туризм индустриясын немесе туристік сфераны реттеуі мен жетілдіруі перспективасы бар салаларының бірі. Туризм XXI ғасырдың негізгі танымал секторы. Еуропа елдерінде туризмнің жалпы ішкі өнімдегі үлесі жоғары, оларда ЖІӨ-нің жалпы көлемінің 1/5 және 1/6 арасында тұр. Дүниежүзілік валюта қорының статистикасына сүйенсек, 2018-2019 жылдар аралығында туристік индустрия автотранспорт өндірушілердің, яғни, экспорттаушы салаларды басып озғанын көре аламыз. Туризм бұрын соңды болмаған жоғары көрсеткіштерге және де үлкен табысқа жетті. БҰ ДТҰ болжамына сәйкес 2025 жылға дейін бүкіл әлем бойынша саяхат бірнеше есе өседі. Мысалы, Еуропа-54, 8%, Америка-22, 5%, ал Азия-Тынық мұхиты аймағында - 17, 2%. Алайда, бұл тек қана болжам екенін ескеруіміз қажет, әсіресе әлемдегі соңғы жайттарға сүйенсек [1] .
Туризм нарығының индикаторына келесі факторлар әсер етеді: 1) әлеуметтік-демографиялық, 2) табиғи-географиялық және 3) ғылыми-техникалық. Сонымен қатар, әлемдегі ең маңызды экономикалық қатынаста, яғни, тауар-ақша қатынастарында туризм басқа да экономиканың салаларымен бірлесе әртүрлі функцияларды орындайды. Мысалға, бір елдің белгілі бір бөлігінің экономикалық-әлеуметтік құрылымын жедел дамыту үшін, немесе еңбек ресурстарын қолдану аясын кеңейту бағытында және де адамдардың демалуына байланысты аралас салаларда және рекреациялық қызметтер есебінен жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтылуын ұлғайтуға болады. Бұл дегеніміз - елдің аумағындағы туристік-рекреациялық аймақтардан түскен пайда халықтың ақша теңгерімінің құрылымына оң әсерін тигізуі, шетел валютасының ел ішіне кіруі, шетел туризмінің және де халықаралық туризмді жандандыру.
Дүниежүзі мемлекеттерінің экономикасына туризм әлем нарығында қарқынды дамып келе жатқан секторларының бірі бола, экономикасына жағымды түрде ықпал етуде. Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) мен БҰ ДТҰ туризм кеңесінің деректеріне сүйенсек, қазіргі кезеңде туризм әлемдегі жалпы ішкі өнімнің оныншы бөлігін, халықаралық инвестициялардың он бір пайызын, әлемдік өндірістегі әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді екен. Туризм ел экономиканың отыз екіден астам секторының дамуына тікелей немесе жанама әсер етсе, онда инфра-құрылымдыда дамытуға ықпал етеді деген сөз. Туристік индустрия саласы халықаралық қызмет саудасының табысты және серпінді дамып келе жатқан сегменттерінің біріне жатады. Мұнай өнімдері мен автокөліктер экспорттаудан түскен табыстардан соң, туризмнен түскен табыстар ылғыйда үшінші орында көрініп жүргені бәрімізге мәлім. Туризм тұтастай алғанда ел экономикасына оң әсерін тигізеді, бұл туризм бойынша мамандандырылған халықаралық ұйымдардың айтуынша және де ДСҰ зерттеулеріне сай алынған деректер. Туризм елге шетел валютасының, оның ішінде нарықта өзінің құндылығын дәлелдеген, доллардың келуін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, төлем балансы мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң әсер ететіні белгілі. Ең маңыздысы - ел аймақтарындағы инфрақұрылымның дамытуына және де халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға өз ықпалын тигізеді, не дегенменде, туризм дамуында адами ресурс өте үлкен үлес қосады [2] .
Ең басында туризм - сыртқа серуендеу немесе тынығу мақсатында болған. Француз тілінен аударғандағы мағынасы: тур, серуендеу, сапарлар, бос уақыт, ашық іс-шаралар өткізудің бір түрі ретінде қарастырылды. Ал қазіргі мағынасы тек кейінгі он тоғызыншы ғасырдың соңында және жиырмасыншы ғасырда туризм теориясы - әлемнің әлеуметтік-экономикалық феномені ретінде қалыптасты. Туризмнің зерттеу объектісі жан жақты сипатқа көшті, ол келесілерді қамтыды: туристік орталықтар мен туристік индустрия аудандары, табиғи және мәдени-тарихи кешендері, сондай-ақ туристік ұйымдар мен сервистік кәсіпорындарды қамтыды. Ал зерттеу және іздену тақырыптары туристік өнімге, яғни, туристік нарықтағы тәуелсіз өнімде енгізілген туристік қызметтер мен рекреациялық іс-шараларға, туристік дестинацияға, жарнамалық бағыттарға көшті.
Туризм қазіргі таңда географ, экономистердің және тағы да басқа мамандардың зерттеу нысаны болып отыр, оның ішінде ғылыми қолданбалы бағыт ерекше басым. Себебі, бұл туристік саланың әлемдік экономиканың маңыздылығын ескере отырып, оны серпінді дамытуға және нақты әлемдік экономикадағы рөлін жақсартуға бағытталған. Осы зерттеулер теориялық және тәжірибелік тұрғыда, аталған туризм саласын шетелдік және отандық мамандардың теориялық және ғылыми дамуы туралы түрлі тақырыптарын қарастыруға алып келді.
Басқа салалардағыдай, туризмді де зерттеу үшін әртүрлі ғылыми әдістердің көмегіне жүгінеді. Бұның нәтижесі зерттеу нысандары туралы мамандар арасында бір ауыздылық жоқтығына алып келіп отыр. Осыған орай, тіпті туризмның анықтамасы да шашыранқы түрде беріліп жүр. Туризмді зерттеу әдістерін зерттеуде беделді ғалымдардың ұсыныстары әртүрлі және қызықты [3] .
Аталған сала бойынша көптеген оқу құралдары пайда болды (Ердаулетов С. Р., Мазбаев. О. Б., Никитинский Е. С., Вуколов В. Н. ) олар шетелдік тәжірибеге негізделе отырып, туристік қызметтің түрлі аспектілерін зерделеді. Шындығында да шет елдердің оң және озық тәжірибесі ескерілу керек, себебі, бұл жерде ынтымақтастық зор рөл атқарады, яғни, екінші рет велосипедті ойлап табудың қажеті жоқ, оған қоса, бұндай ынтымақтастық қаржы ресурсын, адами ресурсты және ең маңыздысы уақытты үнемдейді. Менің ойымша, туризм саласындағы зерттеулер ТМД елдері мен отандық мамандардың тәжірибесіне ғана негізделгені дұрыс емес. Мысалы, өткен ғасыр ортасында кеңестік география ғылымдарының докторы В. С. Мироненко бастаған топ жетпісінші жылдары аумақтық рекреациялық жүйені зерттеді. Біртоп ғалымдар тобы, атап айтсақ: Преображенский (1975), кейінірек С. Мироненко және И. Т. Твердохлебовтар (1981), екі мыңыншы жылдары Б. Биржаков, И. В. Зорин және В. А. Квартальновтар араласты [4] .
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі отыз жылда ҚР экономикасында туризмнің маңызды және перспективалық салалары, өкінішке орай, қалыптаса алмады. Терең саяси, экономикалық-әлеуметтік қайта құрулар жүзеге асырылғанына қарамастан, олар туризм іс-әрекетіне тікелей әсер ете алмады. Бірақ та, бұл мемлекетімізде тым болмаса туристік іс әрекеттерді, оған қоса қызмет түрлерін дамыту мен оларды реттеудің, халықтың тарихи-мәдени мұрасын, салт дәстүрін жаңғыртудың негізін сала алды. Осы орайда атап кететін ерекше жайт, Қазақстан туризмінің қалыптасуына ықпал еткен "Қазақстан-2030" бағдарламасы болатын. Онда да туризм экономика дамуының басым бағыттарының бірі деп көрсетілген еді. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" заң және "Қазақстан Республикасында туризмді дамыту Тұжырымдамасы" бұл іске өзіндік үлесін қосты. Бір жақсысы уақытында әзірленді, қабылданды да, бірақ қаржылай демеу жоқтығынан, толықтай не жартылай іске аса алмады. Кейін, Үкімет "Туристік имиджді қалыптастыру жөніндегі шаралар пакеті" туралы қаулыны да қабылдады. Қазақстандық Туристік қауымдастық (ҚТҚ) құрылды, бірақ ол деректі ықпал бермеді. Мың тоғыз жүз тоқсан үшінші жылы Республикамыз Дүниежүзілік Туристік Ұйымына (ДТҰ) кіріп, оның құқылы мүшесі болып тағайындалды[5] .
Елімізде көптеген туризм саласына әсерін тигізетін құжаттардың қабылданған еді, олардың негізгі мақсаты - жергілікті және шетелдік азаматтардың түрлі туристік қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктер беріп ғана қоймай, қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру еді. Сонымен қатар, туризм саласының жай-күйі мен дамуы туралы іс-шараларды жүзеге асыру үшін экономикалық және құқықтық тетіктер әзірлеу еді. Тек болашақта, аталған сала көптеген аспектілерде дұрыс бағытталған жағдайда ғана нарықтық қатынастарды қалыптастыруда көшбасшы бола алады. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, аталмыш сала қысқа мерзімде экономиканың неғұрлым тиімді салаларының бірі болуы әбден мүмкін. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика туристік қызметті дамыту үшін неғұрлым қолайлы болыып табылады. Ол экономикалық орта болып басқа шаруашылық салаларымен бірлесе де алады. Қазірде ҚР-ның рекреациялық туристік әлеуеті халыққа қызмет көрсетудің кешенді, күрделі дамып келе жатқан саласы болып табылады.
Туризм сферасы басқа салалардан өзіндік айырмашылығын атап айтсақ, демалыс пен туризм үшін экологиялық тұрғыда салыстырмалы түрде таза өндіріс, қызымет болып табылады. Туризм аз материалдық залалды қамтитын жеке сұранысқа негізделген. Оған қоса, аталмыш индустрия табиғи, мәдени және тарихи ескерткіштерді сақтауға керемет ықпал етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz