Әскери қызметкерлердің агрессивтілік деңгейін теориялық талдау


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 5
1 Әскери қызметкерлердің агрессивтілік деңгейін теориялық талдау . . .
1. 1 Әскери қызметкерлердің агрессивтілік деңгейін ғылыми-теориялық аспектілері . . .
1. 2 Әскери қызметкерлердің агрессиялық деңгейін зерттеудің әдіснамалық негіздері . . .
1. 3 Агрессияның пайда болуының психологиялық ерекшеліктері . . .
2 Әскери қызметкерлердің агрессивтілік деңгейін тәжірибелік эксперименттік зерттеу . . .
2. 1 Әскери қызметкерлердің агрессиясының зерттеуге қолданылатын әдістемелер сипаттамасы . . .
2. 2 Әскери қызметкерлердің мінез-құлқындағы ауытқулардың пайда болуын эксперименттік зерттеуді талдау . . .
2. 3 Әлеуметтік-психологиялық тренинг әдісі арқылы агрессивтіліктің алдын алу және ескерту . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Бұрыннан агрессия түсінігі психологияның әртүрлі саласындағы мамандарды қызықтырып жүрген тақырыптардың бірі, агрессивті іс-әрекет -адам табиғатындағы ортақ мәселе болып табылады. Қазіргі көзқараспен қарағанда газеттегі немесе теледидардағы жаңалықтар сансыз хабарлар, қазіргі уақытта зорлық-зомбылық жаңа теңдесіз биіктерге жетуде. Дәлірек айтқанда мысалы тонау, қинау. Осыған орай агрессивті іс-әрекетті бақылау және басқару мүмкіндігіне үлкен бір сұрақ туынайды. Психологтардың көзқарасы бойынша адам қарым-қатынасында агрессия шарасыз қалмайды, керісінше тиісті жағдайларда оны бақылауға және алдын алуға болады. Алайда, айта кеткенде психологиялық әдебиет зерттеулерінде агрессивтілік әрекеттің өріс алуының ерекше әдістемелермен және әдістердің болмауын дәлелдейді. Қоғамдағы агрессияның өсу үрдісі, әскери қызметкерлердің арасындағы агрессивтіліктің жоғарылауын туындатады. Офицерлердің жұмысы әскери қызметшілердегі агрессивті көріністерді бейтараптандыруға мамандықтар бойынша бөлу кезінде агрессивтілік дәрежесін есепке алуға бағытталуы тиіс. Джордж К. Сайман[1] бойынша әскери қызметкерлердің агрессиясын ашық және жасырын деп бөлуге болады. Агрессия мәселесін қарастырған Ресейлік зерттеушілерге: Ананьев Б. Г[2], Ратинов В. С[3], Александрова Р. И[4], Денисов В. В[5], Осинцкий А. К[6], Ратинова Д. А[7], ал шетелдік зерттеушілер: З. Фрейд [8], А. Адлер[9], К. Лоренц [10], Р. Ардри [11], Миллер[12], Дж. Доллард[13], Джонсон[14], Р. Вольф[15] . Әскери қызметкерлердің қызметімен және келісімшарт бойынша қызметін өтеп жүрген, әскери тәртіптің психологиялық негіздерін зерттеген ғалым Э. П. Утлик [16], ал әскери ұжымдық жан-жалдың мәселесін А. Я. Анцупов [17] зерттеген.
Әскери қызметкерлердің агрессивтілік мінез-құлықтарын екі тұрғыдан қарастыру керек:
1. Жауды жеңу үшін, жауыңды жақсы жағынан бағалай білу керек.
2. Күнделікті, бейбітшілік кездегі әскери қызмет борыштарын өтеу кезінде, ыңғайлы адами және кәсіби-әскери қарым-қатынастар орнату үшін, теріс іс-әрекеттерге бару.
«Әскери қызметкерлердің агрессивтілік деңгейін» зерттеу тақырыбын таңдауға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: Әскери қызметкерлердің агрессивтілік деңгейінің ықпал ететін факторларды анықтау.
Зерттеу пәні: Әскери қызметкерлердің қызмет барысындағы агрессияның туындауына әсер ететін факторлар болып табылады
Зерттеу нысаны: Әскери қызметкерлердің агрессивтілік деңгейінің анықтау үрдісі болып табылады.
Зерттеудің болжамы: егер агрессияның туындауына ықпал ететін факторлар анықталса , арнайы құрылым ретінде, теориялық негізделсе онда әскери қызметкерлердің агрессиялық деңгейі төмендейді, өйткені бұл қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастың дұрыс жолға қойылуына ықпал етеді.
Мақсатына, пәніне, нысаны мен ұсынылған болжамға сәйкес төмендегідей зерттеудің міндеттері анықталды:
1. Әскери қызметкерлердің агрессивтілік деңгейінің ғылыми-психологиялық аспектілерін негіздеу.
2. Әскери қызметкерлердің агрессиялық деңгейін зерттеудің әдіснамалық негіздерін талдау
3. Әскери қызметкерлердің агрессивтілік деңгейін тәжірибелік эксперименттік зерттеудің психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы төмендегілерден тұрады:
Әскери қызметкерлерің тұлғалық қасиеттерін зерттеуге алғанда баса назар аударылды;
Зерттеудің тәжірибелік мәні: әскери қызметкерлердің агрессивтілік деңгейін зерттеу арқылы олардың қарым-қатынасындағы агрессияның деңгейін анықтап, агрессияға итермелейтін түрткілерді анықтау және оның алдын алу.
Зерттеу әдістері: Зерттеу әдістеріне әскери қызметкерлердің агрессивтілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін Л. С Почебут, Е. П. Ильин мен П. А. Ковалев және А. Ассингер әдістемелері алынды.
Ұйымдастыру және зерттеу кезеңдері: Нұр-Сұлтан қаласындағы 5573 әскери бөлімі. Зерттеуге әскери қызметкерлер қатысты.
Алғашқы кезеңде: тақырып анықталды, психологиялық жұмыс әскери қызметкерлердің шетелдік және отандық арнайы әдебиеттерге теориялық зерттеу жүргізілді, зерттеудің мақсаты, міндеттері және негізгі бағыттары анықталып, тұжырымдалды. Осы жұмыстардың нәтижесінде зерттеудің бастапқы параметрлері, оның нысаны, пәні, болжамы, әдістемесі, түсініктік-категориялық аппараты негізделді.
Негізгі кезеңде: тақырып эксперимент (психологиялық- педагогикалық пәндерден білім беру негізінде әскери қызметкерлердің қарым-қатынасындағы агрессияның деңгейін анықтап, дигностикалық жұмыстар жүргізілді.
Бітіру кезеңінде: психологиялық білімдерге сүйене отырып, әскери қызметкерлердің агрессивтілік деңгейінің зерттеу жұмыстарына тұжырымдамалармен қорытындылар жасалынды.
Зерттеу базасы: Нұр-Сұлтан қаласындағы 5573 әскери бөлімі. Зерттеуге қанша әскери қызметкерлер қатысты.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдaн, пaйдаланылған әдебиеттер тізімінен және қocымшалардан тұрады.
1 Әскери қызметкерлердің агрессивтілік деңгейін теориялық талдау
1. 1 Әскери қызметкерлердің агрессивтілік деңгейін ғылыми-теориялық аспектілері
Агрессия - бұл күрделі, көп деңгейлі ерекшелік, ол үшін ортақ қабылданған пікір қалыптаспаған: оған әртүрлі мақсатпен, механизмдері, әдістері және нәтижелерінің индивидуалды және топтық адамдардың әрекеттесуін білдіреді. Сол себепті қазіргі заманғы зерттеулер агрессияның кешенді әртүрлі деңгейін және құрылымдарын үйренуге бағытталған.
Қазіргі қоғамдағы болып жатқан өзгерістер тек үлкендерге ғана емес, балаларға да әсерілерін тигізіп жатыр. Өмірге әлі қалыптаспағандықтан, олар болып жатқан өзгерістерді конструктивті түрде байқай алмайды, сондықтан оларды бейімсіздікке, икемсіздікке алып келеді. Осы себептерден, біз олардың арасында жиі негативизмді, агрессияны байқаймыз. Зерттеушілерді толғандырып, қызықтырып отырған жағдай, бұл ауытқушылық мінез-құлықтардың пайда болу себептерін және факторларын тауып, оның алдын алу шараларын іздестіру.
Осы жасөспірімдер кезеңінде айқын байқалатын негативті сипаттағы көріністерді ескерер болсақ, олардың оқу-әрекеттері барысында, кәсіби бағыттарында орын алу мүмкіншіліктерінде көруге болады. Осы орайда жас сарбаздардың жас шамасын есепке алсақ, жасөспірімдер кезеңімен сәйкес келеді. Сондықтан жасөспірім кезеңінде байқалатын девиантты мінез-құлық, агрессивтілік, деструктивті сипаттағы мінез-қылықтары жас сарбаздарда да көріну ықтималдылығы арта түседі.
Педагогикалық-психологиялық зерттеулер бойынша жеке адамның жасөспірімдік шақта қалыптасатын ерекше маңызды белгісі - өзін-өзі сыйлау, яғни өзін-өзі бағалау, өзін жеке адам ретінде қабылдау немесе қабылдамау дәрежесі. Өзін-өзі барынша сыйлау оның өзгелерге менменсуімен немесе сын тұрғысынан қарамау емес. Мұның мәнісі адам өзін өзгелерден нашармын не төменмін деп санамайды, өзін жақсы көреді деуге болады. Керісінше, өзін-өзі сыйлаудың төменгі деңгейін - үнемі көңіл толмаушылықты, өзін жек көруді, өз күшіне сенбеуді көрсетеді. Өзін-өзі реттеудің дұрыс жүзеге асырылуына кішкене кезінде-ақ көптеген себептер әсер етеді (ата-аналарының көзқарасы, құрдастарының арасындағы жағдай т. б. ) . Жасөспірім кезде бұрынғы ұғымдар жүйесінің бұзылуына және өзінің жеке қасиеттерін жаңадан ұғынуға байланысты өзінің жеке басы туралы түсінік қайтадан қаралады. Жасөспірімдер көбіне көтерінкі, болмысқа сай келмейтін талаптар қояды, өз қабілеттерін, ұжымдағы алатын орнын т. б. асыра бағалауы мүмкін және керісінше. Өзіне деген осындай негізсіз сенімділік көбіне айналасындағыларды мезі етіп, көптеген тартыстар мен түсінбеушіліктер туғызады. Жас жеткіншек өзінің нақты мүмкіндіктерінің шамасын көптеген сынаулар мен қателесулерден кейін барып, әдетте мектепті аяқтағаннан кейін біліп жатады. Тәлімгер-тәрбиешілердің ескеріп жүретін жағдайлардың бірі - жасөспірімнің өзіне деген сенімі қаншалықты жағымсыз болғанымен, психологиялық тұрғыдан өзін-өзі сыйлаудың кемдігі бұдан анағұрлым қауіптірек. Себебі, мұның өзі адамның өзі туралы түсінігін қарама-қарсы қайшылықтарға ұшыратады әрі орынсыз етеді. Өзін-өзі сыйлауы төмен жас жігіттер мен қыздар қарым-қатынаста қиыншылықты көп көреді, жалған бет-перде жасап алып, қоршаған әлеуметтік ортадан аулақ жүруге тырысады. Олардың басқа рөлде көріну қажеттігі ішкі қарбаластықты күшейтеді. Мұндай кезде олар сынағанды, күлгенді, жазғырғанды өте ауыр алады, басқалардың өзі туралы не ойлайтынына мазасызданады. Жеке адамның өзін-өзі сыйлауы неғұрлым төмен болса, оның бөлектенуі, жалғызсырап қиналуы соғұрлым көбірек болады. Өзін-өзі сыйлаудың төмендігінен барып адамдардың әлеуметтік талаптарының деңгейі барынша төмен болады, оны жасыру - адам бар іс-әрекет атаулысынан тартыншақ етеді. Мұндай адамдар көбіне өз күштеріне сенбегендіктен алға қойған мақсаттарына жетуден бас тартады. Ал мұның өзі олардың өзін-өзі төмен бағалауын нығайта түседі. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби жаман мінез-құлық рухани кесел, егер адам өз бойындағы жоқ нәрселерді өзіне таға беретін болса, онда ол адамда көлгірсушілік пайда болады[21] .
Жоғарыда көрсетілгендей, «Меннің» бейнелері күрделі, әрі бір мағынада болмайды. Тіпті толық қалыптасқан жеке адамның өзін-өзі ұғынуы да қарама-қайшылықсыз болмайды және өзін-өзі бағалаудың бірі деп түсініп жатпайды.
Психологияда «агрессия» термині әртүрлі қарастырылған. Көп ғалымдар агрессивтілікті зерттей отырып, оған жағымсыз баға береді, бірақ сонымен қатар жағымды жағынан да қарастыруға болады. Сондықтан агрессияның сипаты мен шығу тегі туралы үш негізгі теорияны атап көрсететін болсақ:
1) З. Фрейд [8], Р. Вильдер [18] - агрессия-инстинкті әрекет де қарастырған.
2) Миллер[12], Доллард [13], Берковиц [20, б. 22], Зильман [21] ойларынша, агрессия- ынталандыру көрінісі деген.
3) А. Бандура [22] - агрессия әлеуметтік мінез-құлықтан алынған деген.
Джонсон [14], Ричардсон [23], Вольф [15], В. Денисов [24] М. Крук [25], А. И. Шипилов [26], Е. Г. Баранов [27], И. Е. Ломанов [28] .
Агрессияның пайда болуымен сипатын түсіну ол әскери қызметкерлердің агрессиясының көрінуіне мүмкіндік береді. Агрессияның әскери ортадағы нақты әлеуметтік анықтауларына:
1. Фрустрация
2. Вербалды және денелік шабуыл, арандатушылық
3. Жәбірленушілермен агрессия объектілерінің сипаттамасы
4. Басқалары арқылы айдап салушылық
Әскери өмірдің әрекетіне әсер ететін ол: температураның жоғары болуы жағымсыз аффектіні күшейтеді; шу, қозудың арттуы, агрессияның өсуіне әкеледі.
Агрессияның тұлға аралық феномен ретіндегі анықтамасын Дж. Доллард[13] берді. Ол агрессияны басқа субъектке тікелей зиян келтіруді мақсат етіп қоятын, мінез-құлықтық әрекеттердің реті ретінде түсіндіреді. Басқа зерттеушілер бұл түсінікті жеткіліксіз деп санайды, себебі ол жерде басқа мақсатқа ие болғанына қарамастан, агрессивті әрекет ретінде қарастыруға болатын әрекет түрлері қамтылмаған.
А. Бандура [22, б. 17, 18] әр агрессивті әрекетте өшпенділік және инструменталдық агрессия механизмдері бар екендігін, сонымен қатар агрессивті әрекеттердің түрлері күтілетін нәтиже бойынша әртүрлі болады.
Дж. Тедеши [29] басқа позицияны ұсынады. Ол агрессия - мәжбүрлеуші әрекеттердің жекелеген жағдайы (басқа субъект әрекетін шектейтін) деп санайды. Бұл құбылыс өзіндік феномен ретінде тек басқаның әрекетін бағалаушы, бақылаушы көзінде ғана солай болатындығын атап өтеді. Әрекетті агрессивті деп бағалау үшін, ең бастысы:
А) әрекет етушіде зардап тигізу ниетінің болуы;
Б) әрекеттің жалпыға ортақ нормаларға қайшы ретінде бағалануы қажет (бұл жағдайда әрекет мәжбүрлеу формасы болмауы да мүмкін) .
Рогов Е. И [30] агрессивті әрекет көріністерін негізгі екі түрге бөледі: бірінші - өзіндік құндылық ретіндегі мотивациялық агрессия, екіншісі - құрал ретінде инструменталды, бұлардың екеуі де сана бақылауында және одан тыс орын алуы мүмкін және эмоционалдық сезімдермен байланысты болуы ықтимал ( ашу, өшпенділік) .
Мотивациялық агрессия - тұлғаға тән деструктивті беталыстарды іске асырудағы тікелей көрініс табуы, ашық мотивациялық агрессияның пайда болу мүмкіндігін болжауға болады.
Миллер[12] аралас агрессия - яғни индивидуумдар агрессияны фрустрация жасаушыларға қатысты емес, басқа адамдарға бағыттайтын көріністі түсіндіретін ерекше модельді ұсынды. Автор мұндай жағдайда агрессордың өз құрбанын таңдауы негізгі үш факторға байланысты: 1) агрессияға итермелеу күші, 2) аталған әрекетті тежеуші факторлар күшін және 3) фрустрация жасаушы фактормен потенциалды құрбанының стимулдық ұқсастықтары. Сонымен қатар, біз кейінірек талқылайтын себептерге байланысты, Миллер агрессияны тежеуші кедергілер, фрустрация жасаушы агентпен ұқсастықтар артуына қарай, мұндай әрекетке итермелеуге қарағанда тез жоғалып кетеді деп болжады. Осылайша, модель аралас агрессия тежеу күші әлсіз және фрустрация жасаушымен стимулдық ұқсастықтары жоғары нысанаға бағытталатынын болжайды.
Жеке тұлғаның қабылдауға, бағалауға, барлық өзімен байланысты обьектілерді жағдайларды бағамдап, оларға қарсы деструктивті іс-әрекеттер жасауға дайын болуы, яғни бұзуға, қиратуға. Теориялық сараптамалардың қорытындысы бойынша адам бойында әлемге, әртүрлі нысандарға және жағдайларға, деструктивтің белгілері болады. Әртүрлі пікірлерді талдай отырып, оның пайда болуын қарастырайық:
1. агрессия.
2. қатыгездік.
3. жауыздық.
4. өмір сүріп жатқан ортадағы тәртіптің бұзылуы.
5. материальдық және моралдық шығын келтіру.
6. адамның өз басына не айналасындағыларға түскен ауыртпалыққа күйзелісі.
7. нысандары, істеп тұрған жүйелерді бұзу.
8. өзіне және өзгенің өміріне қауып келтіру.
9. сезімнің не бір мезгілдік солуы.
Фрустрация-агрессия теориясының пайда болуы үлкен назар аудартты. Және Берковиц [20, б. 31] фрустрация - агрессивті әрекетке итермелейтін, агрессивті әрекетке дайындайтын, әртүрлі агрессивті стимулдардың бірі дейді. Мұндай әрекет агрессияға алғышарттар болған жағдайда ғана пайда болады - орталық стимулдар, ашу немесе агрессия тудыратын факторлар.
Аверсивті стимул Агрессивтт
(мысалы, фрустрация, әрекетке алғышарттар
ауру, қолайсыздық дайындық
+
Әрекет
Агрессия әлеуметтік вакуумде пайда болмайды. Агрессивті әрекетке әлеуметтік ортадағы басқа адамдардың болуы әсер етеді. Айналадағы адамдар күш көрсету әрекеттеріне мәжбүрлеп және итермелеуі мүмкін. Басқа адамдардың жай ғана болуының өзі де агрессивті әрекеттердің пайда болуына әсер етуі мүмкін.
Выготский [31] Мәскеу психологиялық мектебінің өкілі Петровский А. [32] агрессия мәселесін үш түрде қарастырады:
- Реактивті (компульсивті, импрессивті және эспессивті болуы мүмкін) .
- Аутоагрессия, яғни өзіндік «Меніне» бағытталған.
- Инструменталдық агрессия, мұндай мақсат бейтарап позицияға ие, ал агрессияның өзі мақсатқа жету құралы ретінде қолданылады [32. 36 б] .
Әскери қызметкерлердің агрессияға төзімділігі, оның ерекшеліктері, әскери-кәсіби қызметі тікелей немесе жанама түрде ерекшелігіне байланысты мәліметтер А. В. Барабанщикова, О. М. Гайдукова, Н. Н. Исаева, Д. В. Пестрикова, М. В. Кибакина, В. А. Кучера, А. А. Маркаряна, Г. В. Самойлова, Е. В. Сергеева, М. Б. Фомина, Е. Ю. Устинова және басқа да ғалымдардың зерттеулерінде қозғалады. Әскери қызметкерлердің моральдық-психологиялық тәрбиелеуде А. В. Суворов, М. И. Кутузов, Г. К. Жуковтан кейінгі А. В. Барабанщикова өз еңбегінде үлесін қосты [4] .
Ал, Ресейлік әскерилердің психологиялық жүйесін зерттеген А. А. Кучер өзінің кітабында әскери жеке құрамның психологиялық төзімділігін арттырудың, қалпына келтірудің жолдарын көрсеткен.
Алайда, бастапқы әскери бөлімнің әскери қызметкерлерінің агрессияға төзімділігін қалыптастыру мәселесі тәрбиелік ортада арнайы зерттелмеген.
Орталыққа үйрету мақсатында жүргізілетін тәсіл Е. В. Бондаревская, Ю. С. Мануйлов, А. В. Мудрик, Г. Г. Шек, Н. Е. Щуркова [39, 285б. ] және басқа да ғалымдардың зертеулерінде толыққанды тәрбиелік ортаның тұрақты, үздіксіз процесі, жеке тұлғаға ұзақ, тұрақты әсерді қамтамасыз «тұлғалық өсуін» шешуге қабілетіне әсерін қарастырады.
Әскери бөлімдегі әскери қызметкерлердің агрессияға төзімділігін қалыптастыруға негіздеудің психологиялық аспектілері неғұрлым нәтижелі болуы мүмкін, егер де:
- Әскери бөлімдегі әскери қызметкерлерді жалпы тәрбиелеу және оқыту жүйесінде құрылған мүмкіндіктерді пайдалану;
- Олардың кәсіби дайындық құрылымында әскери қызметкерлерді тәрбиелеуде және оқытуда негізгі міндеттердің бірі ретінде төзімділікті қалыптастырудың психологиялық аспектілеріне әсерін дамытуды қатамасыз ету;
- Жеке тұлғаның нормативтік, когнитивтік, эмоциялық және мінез-құлық компоненттерінің тұтас жиынтығы білдіретін интегративті сапасы ретінде төзімділікті қалыптастыруды жүзеге асыруға мақсатты психологиялық әсері.
Ішкі әскерлердің әскери қызметкерлерінің психологиялық үйлесімділігінің ерекшеліктері, мәні, үйлесімділік құрылымы: оңтайлы үйлесімі үшін маңызды тұлғааралық өзара іс-қимыл жеке-психологиялық қасиеттеріне негізделген әскери қызметкерлердің бірін-бірі қарым-қатынас жасау және бірлескен қызметте психологиялық үйлесімділікпен өзара қабылдауы түсініледі; әскери қызметкерлердің психологиялық үйлесімділігінің ерекшеліктері ішкі әскерлердің кәсіби іріктеу және қызметінің ерекшелігімен анықталады: қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша тұрақты жауынгерлік дайындығы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметтің шиеленісті режиміне (демалыспен және жауынгерлік кезекшілікті атқаруға байланысты міндеттерді орындауды дайындаумен, оқытуға және тәрбиелеуге жеке құрамның байланысы, қару-жарақ пен техниканы қызмет көрсетумен, қарауылда және нарядта қызмет өткеруі арасындағы кезеңде), шектелген кеңістік, әрқашан жеткіліксіз ұйқы, ақпарат, қарым-қатынас жасау және жүріп-тұру еркіндігі, сала қызметі және тұрмыстық және төтенше жағдайларында жауынгерлік тапсырмаларды орындаудың сәйкестігі; үйлесімділік құрылымы бірқатар өзара байланысты деңгейлерін қамтиды: әлеуметтік-идеологиялық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық, психофизиологиялық, физиологиялық [41, 135б. ] .
И. А. Бабин атап өткендей, басқа ұлттармен өзара іс-қимыл бұл процестің ерікті ұстамдылығы қатысушылардың әрқайсысын алмағанда мүмкін емес. Міне, әскери қызметкерлердің кәсіби дайындығының құрылымына қосылуы тиіс, біздің ойымызша, жаңа мазмұндағы сипаты - төзімділік болып табылады [5, 189 б. ] .
Әскери қызметкерлерді тәрбиелеуде, олардың бойында әскери педагогтар мен психологтар зерттеулері енгізген қажетті қасиеттерді, дағдылар қалыптастыру мәселесінің дамуына елеулі үлес қосқан А. В. Барабанщиков, С. С. Муцынов, П. Ф. Беспоясов, Л. Т. Бородавко, В. И. Вдовюк, В. Н. Герасимов, В. П. Сальников, А. Т. Иваницк болды.
Агрессия әлеуметтік вакуумде пайда болмайды. Агрессивті әрекетке әлеуметтік ортадағы басқа адамдардың болуы әсер етеді. Айналадағы адамдар күш көрсету әрекеттеріне мәжбүрлеп және итермелеуі мүмкін. Басқа адамдардың жай ғана болуының өзі де агрессивті әрекеттердің пайда болуына әсер етуі мүмкін.
Қарым-қатынас барысында агрессияның туындауы жайлы К. Изард [33, б. 4] былай дейді: агресссия-қатыгездікке толы әрекет және мінез-құлық. Бұл кей кездері түрлі эмоцияларда көрінуі мүмкін ол бірден шығатын әркетке және қатыгездіктің құрам бөлігі болып табылады. Ол біреуге нұқсан келтіруге, қорқыныш, үрей тудыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметкерлерінің жер үсті қызметтерінің әскери еңбектің маңызды ерекшеліктері гиподинамия, бір қалыпта ұзақ уақыт болу, сенсорлық кернеу, жүйке-психикалық жүктемелер болып табылады. Осы күшке төзімділік оқу-жауынгерлік іс-әрекеттің жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындығы және әскери бөлімдердегі әскери қызметкерлердің негізін тиімді қамтамасыз ететін жетекші физикалық сапасы болып табылады [6] .
Әскери қызметкерлердің шынықтыру, дене тәрбиесі мен спорт дәрістері олардың ағзасының қоршаған ортаның физикалық факторының түрлі күрт өзгерістеріне, әскери қызметтің ерекшеліктеріне және жауынгерлік тапсырмаларды орындауға байланысты жағдайларға төзімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.
Моральдік-психологиялық дайындық - белгілі бір мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағдарланған жұмыс. «Психологиялық дайындық» ұғымы өзіне жеке құрамды психологиялық төзімділікті қалыптастыруды қосады. Демек, мұндай психологиялық қасиеттер тосыннан болған факторларға және өмір сүру үшін әкеліп соғатын қауіпті, күрделі жағдайларда жауынгерлік міндеттер орындауға мүмкіндік береді.
Сондықтан моральдық-психологиялық дайындықтың негізгі міндеттері болып табылады: Отанға, әскери борышына, антқа, отан сүйгіштік, әскери кәсіпке деген махаббатқа, мамандық және т. б. берілгендік әскери қызметкерлердің осындай моральдық-адамгершілік қасиеттерін дамыту арқылы кәсіби қызметке деген моральдық қабілеттерін қалыптастыру. Кәсіби қызметте психологиялық дайындықты психикалық процестер, қасиеттер, күйлер, моральдық-психологиялық ынталандыруды қамтамасыз ету және әскери қызметкерлердің көңіл-күйімен табысты әскери-кәсіби қызметті дамыту арқылы қалыптастыру.
Моральдық-психологиялық дайындықтың психологиялық аспектісі өз көңіл-күйін басқару дағдыларын қалыптастыруға байланысты, қоян-қолтық ұрыс кезінде әрекеттер жүргізуге табысты сенімділік, ұмтылуға белсенділігін, шабуыл жасауда және қорғауда агрессивтілік, біріккен қоян-қолтық ұрыстың әсерлі кезінде ауырсыну тұрақтылығын арттырумен тұжырымдалады [33, 54б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz