Ұлт тілі тарихының деректері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Біздің мақсатымыз - қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қадірлей білу, оның қоғам қажетіне қызмет етуін дағдыға айналдыру, яғни қазақ тілінің қоғамдық қызметі дегенде оның нарық тіліне айналуын, ғылым мен өркениет тілі болуын қамтамасыз ету. Қазақ тіл білімінің теориялық негіздерімен толық танысумен бірге тәжірибеде қолдануға төселу, қарым­қатынас тілі ретіндегі ерекшеліктерін үйренудің өзіндік сипаттары бар. Сөйлеу тілі мен жазба тілдегі қолданыстардың бірқатар ерекшеліктеріне көңіл қойып, баса назар салатын тұстарды айқындау. Тілді үйрену - өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу - ұлт ділін, қасиетін, мінезін, ой, жан дүниесін, сырын білу, халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту

Жоспар:
I Кіріспе
а) Ұлт тілі тарихының деректері
II Негізгі бөлім
а) Қоғамдық қатынастағы ұлттық тілдің мәні
ә) Сөз қолдану мәдениеті
б) Әдеби тіл нормасы
III Қорытынды:
Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы
Пайдаланған әдебиеттер

Жобаның мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: Тіл мәдениеті,тіл тарихы,тілдік норма,әдеби тіл,ұлттық тіл,тіл білімі.
Жұмыстың нысаны:Қазақ тіл мәдениетінің тарихы мен ұлт тілінің негізінің жасалу жолы,тіл мәдениетінің зерттелу тарихы мен оларға қатысты көзқарастар.
Жобаны зерттеудің міндеттері:Қазақ тіл білімінің бір саласы болып қалыптасқан ұлттық тіл мәдениетінің тарихын ойшыл ғалымдар,философтар, әдебиетшілер,тіл жанашырларының мерзімді баспасөз бетінде жарияланған ғылыми мақалаларымен ой пікірлерінен бастау алатындығын қазақ тіл мәдениетінің әдебиеттер тізімінің жылнама тізбесін жасай отырып дәлелдеу.
Күтілетін нәтиже: Зерттеу барысында алынған нәтижелер бойынша ғылыми мақалалар дайындалып, конференцияларда баяндамалар жасалып, тақырыптың өзектілігі апробациядан өтеді.
Нәтижеге жету жолдары:Тақырыпқа қатысты ғылыми әдебиеттердің көшірмелерін алу.Алынған еңбектерді мазмұнына қарай топтастыру.Осы жоба бойынша отандық ғалымдармен байланыс орнату арқылы кеңестер алу.
Жоба нәтижелерін тұтынушылар кімдер: Тіл мамандары,студенттер,магистранттар. ЖОО-да өтілетін қазақ тіл білімінің грамматикасы,тарихи фонетика, тарихи лексикология, әдеби тілдің тарихы пәндері бойынша көмекші құрал ретінде оқу процесінде пайдалануға ұсынылады.

КІРІСПЕ
Ұлт тұтастығы-егеменді ел мен тәуелсіз мемлекеттің түп қазығы,ыдырамас бірлігі. Ұлт тұтастығының негізі мемлекеттік тіл.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Ал айрандай ұйыған ынтымақ пен бірліктің кілті де,қаруы да қазақ тілі мәдениеті болу керек.
Халықтың ғасырлар бойы келе жатқан тіл мәдениетіне,оның дәстүрлі нормаларына сүйене отырып,ұлы суреткерлер,мәдениет,ғылым,қоғам қайраткерлері қазақтың ұлттық әдеби тіл нормаларының жетіліп,дамып,саралана түсуіне,оның бейнелілігі мен оралымдылығының арта беруіне зор үлес қосты.
Әдеби тіл мәдениетінің ауызша және жазбаша қатар дамып,қоғам өміріндегі қызметінің өрістей түсуі үшін оны түрлі ауытқулардан арылтып отыру,қоғамның тілдік ұжым мүшелерінің тіл мәдениетін көтеру тіл мәдениеті деген ғылыми-теориялық пәннің алдында тұрған жауапкершілігі мол игі іс.Тіл мәдениеті қазақ әдеби тілінің тарихымен тығыз байланысты. Тіл мәдениетін зерттеу нысаны ретінде ғалымдар Р. Сыздық, Т. Қордабаев М. Балақаев, Н. Уәли еңбектерінде кеңінен зерттелді. Бұның бастауында қазақ халқының сөз өнеріне өзгеше жауапкершілікпен қарайтын талабы да бар. Абайдың Өлең - сөздің патшасы өлеңіндегі Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы немесе: Іші - алтын, сырты күміс сөз жақсысын, Қазақтың келістірер қай баласы? - дейтін жолдарынан бастап кейінгі сөз зергерлерінің тілді өнер ретінде сақтаудың басты шарты оның алғашқы ұлттық қалпын сақтау, халықтық өзегін үзбеу тіл білімі мен әдебиеттегі негізгі ұстанымдары екені белгілі. Тілдік қарым-қатынастағы ізеттілік, сауаттылық, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік заңдылықтарды дұрыс қолдану - тілдің мәдениетін сақтау ғана емес, ұлттық танымды қадірлеу.Осы тұрғыда ғалым Н.Уәли өзінің Сөз мәдениеті атты еңбегінде: сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық, - деген пікір білдіреді. Ғалым Р. Сыздық сөздің лексикалық, синтаксистік, морфологиялық, орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтарын сақтаумен бірге лингвостилистикалық нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру қажеттігін айтады.

а) Ұлт тілі тарихының деректері
Қазақ тілі түркі тілінің қыпшақ­ноғай тобынан тарайды. Түркі тілдеріне қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар, құмық, башқұрт, т.б. тілдері жатады. Түркі тілдерінде ортақ әдеби, мәдени, мұра - қазіргі қазақ халқының да рухани құндылықтары. Қазіргі қазақ тіліне негіз болған түркілік жазба ескерткіштері аз емес. Түркі жазу нұсқаларын көне, орта және араб жазуымен жазылған ескерткіштер деп бөлінеді. Орхон­Енисей, Ж. Баласағұн Құтты білік, Ко­ декс куманикус, М. Қашқари Түркі сөздерінің жинағы - түркі мәдениетінің ескерткіштері
Көне жазба мұралар (ХІV - ХV ғасырларға дейінгі)
Көне түркі кезеңі
1.ІV­ІХ ғ.ғ. Орхон­Енисей, Талас ескерткіштері, Қорқыт ата кітабы, Оғызнама т.б.
2 Ислам дәуірі Х­ХІІ ғ.ғ.
Әл­Фараби (Музыканың ұлы кітабы, Аргонон, Логика т.б.), М. Қашқари (Түркі сөздерінің жинағы, Ж. Баласағұни (Құтты білік) А. Иассауи (Даналық кітабы), А. Иүгінеки (Ақиқат сыйы) т.б.
3.Алтын Орда - Қыпшақ дәуірі
ХІІІ - ХІV ғ.ғ Кодекс куманикус, Рабғузи (Рабғузи қиссалары), Құтып (Хұсрау­ Шырын), Хорезми (Махаббатнама) т.б.
Халық өз тарихын ертеден есте қалдырып, ұрпақтан­ұрпаққа мұра етіп отырған. Соның үздік үлгілерінің бірі - әр ата, әр ру, әр жүз шежіресі мен аңыз­әңгімелері. Қазақ тілінің де тарихы тереңнен тамыр тартады. Есте жоқ ескі замандар ізін халық тілінен табамыз. Ендеше қазақ ұлты да өзінің бай қазынасы сақталған халық тілінің сыр­сазын танып, оны арғы, бергі, бүгінгі мұрамен, әдебиет, дәстүр, мәдениет, өнермен, сабақтастыра алғанда ғана әлемнің рухани құндылықтары қатарында өз қолтаңбамыз қалады. Тіл халықтың қазынасы.Халықтың тұрмыс-тіршілігі,әдет-ғұрпы,салт-дә стүрі, өнері,танымы бәрі де тілде таңбаланады,ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өз жалғастығын табады.Демек ұлт мұраты,атадан балаға қалған аманаты ана тілінде.Ғылым салаларының өзіне тән дүниеге келу, бірте-бірте даму тарихы болады. Сондай тарих тіл туралы ғылымда да бар. Ғылым тарихы өткенді білу үшін ғана емес, оның қазіргі күйін дәл, дұрыс танып, болашағын қатесіз бағдарлау үшін де қажет. Ғылым, соның ішінде тіл туралы ғылым да бірден жетілмейді, біртіндеп дамиды, кейінгісі алдыңғының негізінде туып, соның өзгерген, жаңа сатыға көтерілген табиғи жалғасы ретінде желі болып тартыла береді.Тіл білімі тарихының тәрбиелік те, танымдық та мәні зор. Өйткені ол қоғамдық ой-сананың, мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Тіл туралы ғылым белгілі шамада болса да жазу тілі, жазба ескерткіштері бар жерде ғана туып, қалыптаса алады. Көне заманнан біздің дәуірге жеткен зерттеулер тіл туралы алғашқы толғаныстардың жазба ескерткіштерді филологиялық тұрғыдан қарау, оның тілін сөйлеу тілімен салыстыру нәтижесінде туғандығын байқатады. Қазақ тілі - тамыры терең тіл. Ол күні кеше ғана пайда болып, жеке ұлттың ортақ тіліне бірден айнала қойған жоқ. Қалыптасу кезеңін (ІІІ,V-VІІІ ғ.ғ.) Талас, Орхон-Енисей ескерткіштерінен Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегін, Мойыншор сияқты жазба жәдігер мұраларынан бастайды. Қазақ тілі Орта түркі дәуірінде (Х-ХІІ ғ.ғ.) да қолданылған, уақыт өте келе сөздік қорда архаизмдерімен, неологизм, терминдерімен толысып отырған көне тілдердің бірі. Оның тарихының тереңде жатқандығына Ж.Баласағұнның Құтты білік, М.Қашқаридың Түрік сөзінің жинағы, А.Югнакидың Ақиқат сыйы, А.Ясауидың Даналық кітабы атты шығармалары толық дәлел бола алады. Алтын Орда тұсындағы жазба ақындар Саиф Сарайдың Гүлистан бит-туркиі, Құтбтың Хұсрау-Шырыны, Хорезмидің Мұхаббатнамесі, көне қазақ жазба әдебиетінің өкілдері Қадырғали би Жалаиридың Жамиғ-ат тауарих, Әбілғазы Баһадүрдің Шежіре түрки естеліктері, ХІХ ғ.ғ. ақиық ақын М.Өтемісұлының жырлары, ХVІІІ ғ.ғ. Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың Ресей патшасы Елизаветаға жолдаған дипломатиялық жазбалары, Шоқан Уәлихановтың зерттеу еңбектерінің тілі.Барлық құқықтар сақталған.Тіл білімі тарихын зерттеуші совет лингвистерінің басшылыққа алатын, адастырмайтын жарық жұлдызы -- марксистік методологияның историзм принципі. Бұл принцип бойынша, әр дәуірде қалыптасқан, өмір сүрген алуан түрлі лингвистикалық мектептер, концепциялар сол өз дәуірі түрғысынан бағаланып, олардан бұрын не бар еді, бұлар оған не қосты, кейінгілердің өздерінен бұрынғылардан артықшылығы несінде деген тұрғыда қаралуы керек.

II Негізгі бөлім
Тіл білімінің ұзақ тарихы бұралаңсыз, тартыс-талассыз болған емес, екі түрлі философиялық бағыт -- материалистік және идеалистік түсінік мұнда да болды, қазір де бар. Лингвистика діни нанымдардың шырмауында, басқа ғылымдардың шылауында болған балаң, әлсіз, тоқырау, гүлдену кезеңдерін де басынан өткізді.Әдетте, тіл білімінің басқа ғылымдардан бөлініп, жеке ғылым болып қалыптасу тарихын XIX ғасырдың бас кезінен бастайды. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі тұрғысынан алғанда оның тарихын өткен ғасырдан бастау, әрине, шындыққа жуықтайды. Бірақ бұдан XIX ғасырға дейін тіл мәселесі сөз болмады деген ұғым тумайды. Дыбыс тілінің өзіндік сырын білуге адам баласы ғылымға дейінгі дәуірлердің өзінде де талпынған. Адам қоғамының балаң кездерінен сақталған алуан түрлі мифологиялық, діни түсініктерді былай қойғанның езінде өте ертеден басталатын әр түрлі жазу-сызуларда тілдік заң-ережелер ескерілмеді деуге болмайды. Біздің жыл санауымыздан 5 -- 6 мың жылдар бұрынғы египеттіктердің, шумерлердің т. б. Шығыс халықтарының жоғары мәдениетті болғандығын, әр түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл білімінің көне ғылымдардың бірі екендігін байқауға болады. Бірақ египеттіктердің, шумерлердің тілге байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған, біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үнді, Ежелгі Греция елдеріне тән.Әр ұлттың жаңа әлемдегі рухани байлығының ең асылы тілдерінің қоғаммен бірге дамып, өз халқы үшін қызмет етіп, жаһандық өркендеуге өз құндылықтарымен жауап беруі ұлттың сақталуының кепілі екені белгілі. Тарихы тым тереңнен бастау алатын тіліміздің сонау есте жоқ ескі замандардан-ақ саясат, шаруашылық, тұрмыс, рухани құндылықтар тілі болғанын дәлелдер деректер де жеткілікті. Тіл - халық тарихының, әдет-дәстүрінің, әдебиетінің, мәдениетінің, таным-түсінігінің көрсеткіші десек, ұлттық сипатты анықтар салт пен әдетті, халықтық тағлым-танымды, рухани қазынасын сақтаушы да - ана тілі. Қазақ тілінің бай ауызекі сөйлеу үлгілері көркем де бай болса, жазба нұсқалары әр кезеңіндегі ұлттық тілдің әдеби негізін танытар белгілер. Біздің мақсатымыз - ата-баба аманат еткен тілді қадірлей білу, көркемдігі мен байлығын сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу ғана болып қоймай, оның қоғам қажетіне қызмет етуін дағдыға айналдыру. Осы тұста қазақ тілінің қоғамдық қызметі дегенде оның нарық тіліне айналуын, ғылым мен өркениет тілі болуын қамтамасыз ету. Бұның басты шарты - тілдің сөздік қорын барынша пайдаланып, сөйлеу мен жазу тілінде ұлттық қалыпты сақтау мен дамыту.
а) Қоғамдық қатынастағы ұлттық тілдің мәні
Тілді қоғамдық құбылыстардың қатарына жатқызуға негіз болатын басты белгі оның қоғамға қызмет ету белгісі екендігі жоғарыда айтылды. Бірақ, тілдің қоғамға қызмет етуі басқа қоғамдық құбылыстардың, мысалы, базис пен қондырманың, қоғамға қызмет етуінен өзгеше болады. Базис қоғамға экономикалық жағынан қызмет етсе, қондырма қоғамға саяси, заңдық, эстетикалық және басқа идеялар арқылы қызмет етеді, қоғам үшін тиісті көзқарастардың нормаларын жасап береді. Демек, тілден басқа қоғамдық құбылыстар, мысалы, базис пен қондырма, қоғамға белгілі бір салада қызмет етеді. Ал тілдің басқа қоғамдық құбылыстардан айырмасын көрсететін айрықша ерекшелігі мынада: тіл қоғамға қызмет еткенде , адамдардың қатынас құралы, пікір алысу құралы, бірін-бірі түсінісу құралы ретінде адамдардың ісі мен әрекетінің барлық саласында: өндіріс пен экономикалық қатынастар саласында да, саясат пен мәдениет саласында да, қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста да бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді.Демек, тіл адамның ісі мен әрекетінің барлық саласын қамтиды, осыған орай, оның қимыл өрісі өте кең және әр жақты болады. Тілдің ерекшелігі оның ең басты қызметі - қатынас құралы болуынан келіп туады. Қоғам мүшелерінің өз ара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді.Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. "Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шындығы"(К.Маркс). Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл - пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы. Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас мүмкін болмаған болар еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері ойлауда сәулеленетін объективті дүниенің элементерінің сигналдары ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының нәтижелері орнығып бекітіледі, ал осы нәтижелердің өзі ары қарай танып білуге негіз болады. Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы, инструменті ретінде,ал тіл мен ойлаудың байланысы бірлік ретінде сипатталады. Тіл мәдениетпен байланысты, бірақ онымен тепе-тең емес. Тілді қондырмамен теңестіру, бірдей деп есептеу қаншалықты қате болса , тілді мәдениетпен теңестіру, бірдей деп есептеу соншалықты қате болмақ. Мәдениет идеологиялық, яғни қондырмалық құбылыстың қатарына енеді, осыған орай, ол буржуазиялық та, социалистік те болуы мүмкін.Ал тіл қатынас құралы ретінде әрқашан жалпыхалықтық сипатта болып, буржуазиялық мәдениетке де, социалистік мәдениетке де бірдей қызмет етеді алады.Жас ерекшелігіне қарай, ел-жұрт алдындағы беделі мен қызметіне, сіңірген еңбегіне қарай әркімнің айтар сөзі, сөз қолданар орны болады. Топ алдында елге арнала айтылар сөзді жасы үлкен аңсақал, қариялар, ел сыйлайтын азаматтар бастаған. Жасы кіші солардың рұқсатымен немесе сұрауымен ғана сөйлеген. Бұның бір жағы ортаны сыйлау, елді, үлкенді, дәстүрді құрметтеу болса, екінші жағы -- тілдің тәрбиелеуші қоғамдық қызметінің көрінісі. Қоғамдық қатынастағы тілді іскерлік қатынаста және әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста қолданылатын сөздер деп бөлуге болады. Тарихи қалыпта алар болсақ, билер сөз жарысы, ел мен жер дауына қатысты сөз қағыстары, пікірлесу, сұхбаттасу, мәміле, келісім сияқты сөз қолданыстарын қазіргі қазақ тіліндегі іскерлік қатынастағы сөздердің бастауы деуге негіз береді.

ә) Сөз қолдану мәдениеті
Әркімнің сөз қолдану ерекшеліктері әр түрлі болады. Көселіп сөйлейтін көсем де, таңдайынан бал тамған, тыңдаушысын тамсандыратын шешендер де сөйлегенде сөзді сұрыптап қолданады, сол арқылы ойын дәл де әсерлі жеткізеді. Адамның сезіміне әсер етуі үшін сөздер бейнелі мағынада, астарлы түрде, көркем мәнде қолданылады. Көркем сөз несімен көркем ?Алдымен, сөзді орнымен қолданып , сөйлемді ықшамдап құрғандықтан.Екіншіден, сөзді кестелі, бейнелі етіп құрғандықтан, көркем. Өнер алді - қызыл тілдеген бекер айтып қалған жоқ Сөз сүйектен өтеді ,таяқ еттен өтеді,Ердің құны екі ауыз сөзден шешіледі,Сөз тапқанға қолқа жоқ ...дегендер де бар. Мұның барі, әрине, тәжірибенің арқасында мың-мың тексеріліп барып айтылған нақыл сөздер.Адам белгілі бір қоғамда өмір сүреді, сол қоғамның материалдық және рухани байлығын жасаушысы болып табылады. Сол себепті, адамдар үнемі қарым - қатынас жағдайында тіршілік етеді. Адамдардың өмір сүруінің, тұрмыс - тіршілігі жүзеге асыруының құралы - тіл. Тіл - жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, натижесі. Сондықтан да тіл - қоғамдық құбылыс. Адамзат қоғамы даму, жетілу үстінде болады. Осы өзгерістердің бәрі тіл арқылы көрінеді, тіл арқылы басқаға жетеді.Бірақ күнделікті өмірде көпшіліктің сөйлеуінде тіл мәдениетіне нұқсан келтіретін кемшіліктер, кісі тосырқап қарайтындай ерсіліктер кездесіп қалып отырады. Ана тілін, шұбарлап, бөгде тілдің сөздерін араластырып сөйлейтіндерді жиі байқаймыз. Көптеген жастар тұрпайы сөйлеуді. Тіліміздің лексикалық, фонитикалық, грамматикалық нормалары мен заңдылықтарын ескермейді, қазақ тілінен алған теориялық білімдерін пайдалана алмайды, сөйлегенде тыңдаушы өзінің ойын ұғып, сезіп тұр ма, жоқ па, онымен санаспайды. Басқа тілдің сөзіне араластырып, өз тілдің құтын қашырып сөйлеу мәдениетсіздік екенін аңғармайды. Сөздің таза дұрыс , анық, дәл айтылуының үстіне , лебіз көрнекті, көркем болуы да керек. Көркем сөз - көрікті ойдың көрінісі. Шығарма тілі екі түрлі болады, - дейді А. Байтұрсунов 1. Анық тілі. 2. Әншейін тіл. Анық тілі - айрықша өң беріліп айтылған сөз. Анық тілімен сөйлегенде, сөзге айрықша өң берілгендіктен, лебіз көрнекті болып шығады. Әншейін тілмен сөйлегенде сөзге өзгеше өң берілмегендіктен, лебіз сида, жалаңаш болып шығады. Әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтығын, тазалығын, дәлдігін тағайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлділігінің үстіне көрнекі, әуезді болу жағын да толғайды . ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сана
Қазіргі лингвистиканың бағыттары мен салалары
Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдегі көрінісі
Шежірелердің Қазақстан тарихындағы деректік орнын көрсету
Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)
Қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойлары
Қазақ тарихы және тероия-методология мәселесі
Қазақ баспасөзiнiң дерекнамасы мен тарихнамасы
Түркілердің мәдени мұрасы қазақ мәдениетінің қалыптасуына әсер ететін фактор ретінде. Ортағасырдағы Қазақстандағы түркі мәдениеті және оның еуропалық және исламдық мәдениетке әсері
Тарихқа дейінгі адам эволюциясы
Пәндер